Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
АБИЛОВА АЙША ЕЛЕУСІНҚЫЗЫ
Батыс-Қазақстан облысындағы би-шешендер мұрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығы
Нұр-Cұлтан 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент
А. Б. Бейсенбай
«___»2019 ж.
5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша
Батыс-Қазақстан облысындағы би-шешендер
мұрасы тақырыбындағы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Орындаған: А. Е. Абилова
Ғылыми жетекші
ф. ғ. д., профессор С. Н. Негимов
Нұр-Cұлтан 2019
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
факультеті
кафедрасы
мамандық коды және атауы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі:
«___»20__ ж.
студентке
(тегі, аты, әкесінің аты)
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған
Т А П С Ы Р М А
1. Жобаның (жұмысының) тақырыбы
университет бойынша 20__ ж. «__» берілген № бұйрықпен бекітілген.
2. Студент аяқтаған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі
3. Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері
4. Есептеу-түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)
5. Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген)
6. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер
Кеңесші,
кафедра
7. Тапсырманың берілген уақыты
Жетекші
(қолы)
Тапсырманы орындауға алдым
(қолы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Концепті семантикалық категория ретінде . . . 8
- Тіл біліміндегі концептінің түсіндірмесі мен жіктелімі . . . 8
- «Сұлулық» концептісінің тілдегі көрінісі . . . 17
- І. Есенберлин шығармаларындағы «сұлулық» концептісінің тілдік көрінісі . . . 24«Сұлулық» концептосферасының өзегін құрайтын бірліктер қолданысы . . . 24
2. 2 «Сұлулық» концептісі құрылымындағы көркемдегіш құралдар сипаты . . . 42
Қорытынды . . . 52
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 54
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Когнитивті лингвистика - тіл білімінде антропоөзектік парадигма шеңберінде пайда болған жаңа бағыт. Когнитивті лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны - адам танымында қалыптасқан ақпараттарды тіл арқылы зерделеу. Лингвистика ғылымында соңғы жылдары «тіл-ұлт-таным» тұрғысынан зерттеу кең өріс алды. Тілді халықтың ментальдық жүйесі тұрғысынан, ұлттың мәдени өмірімен қатарластыра зерттеу оның мүмкіндігі мен бай сөздік қорын айқындауға, ұлт танымында жасырынған ақпараттарды айқындауға мүмкіндік береді. Адам баласы ғалам мен этностың әлемдегі орнына түсіну арқылы өзін ментальдық танымдардың аясында зерделей алады. Сол секілді «сұлулық» концептісі қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақталған тілдік қолданыстар негізінде халықтың тұрмыс-тіршілігенен, таным-түсінігінен, сыртқы дүние заттарын, құбылыстарды бағалауынан хабар береді. Эстетикалық категория саналатын «сұлулық» ұғымы құрамындағы тілдік бірліктердің сипатын ашу арқылы қазақ халқы үшін «әсемдіктің» алар орны мен ассоциациалық деңгейін танимыз.
Когнитивті лингвистика тұрғысынан тілді зерттеу ұлттық таным мен ұлттық санада жасырынған халықтың мәдени, рухани құндылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Тілде белгілі бір ұлттық код жасырынған десек, жекелеген концептілерді зерттеу арқылы сол ұғымның ұлт үшін маңызын айқындауға болады. Қазақ танымындағы «сұлулық» ұғымын танытатын тілдік бірліктерді жинақтап талдау қазақ халқының әсемдік, әдемілік турасындағы танымын ашуға көмектеседі. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі «сұлулық» концептілік өрісіндегі тілдік бірліктер.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - қазақ танымындағы «сұлулық» концептісін ашу. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Тіл біліміндегі концептінің түсіндірмесі мен жіктелімін анықтау;
- «Сұлулық» концептісінің тілдегі көрінісін айқындау;
- «Сұлулық» концептісінің микроконцептілерін анықтау;
- «Сұлулық» концептісінің семантикалық өрісіндегі базалық қабат пен қосымша қабаттардың сипатын ашу;
- І. Есенберлин шығармаларындағы «сұлулық» концептісінің тілдегі бейнесін тану;
- «Сұлулық» концептосферасының өзегін құрайтын бірліктер қолданысын айқындау;
- «Сұлулық» концептісі құрылымындағы көркемдегіш құралдардың сипатын анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының мазмұны бойынша төмендегідей жаңалықтарға қол жеткіздік:
- «Сұлулық» концептісінің қазақ тіліндегі көрінісі айқындалды;
- Қазақ тіліндегі «сұлулық» концептілік өрісін құрайтын тілдік құралдар және олардың сипаты анықталды;
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуімізде «концептінің» табиғатын ашуда когнитивті лингвистика бағытында жазылған Б. И. Нұрдәулетованың «Когнитивті лингвистика» еңбегі, орыс ғалымдары Ю. Е. Прохоровтың «В поисках концепта», В. А. Маслованың «Введение в когнитивную лингвистику», З. Д. Попова мен И. А. Стерниннің «Когнитивная лингвистика» еңбектер басшылыққа алынды. Ал «сұлулық» концептісінің семантикалық құрылымын анықтауда И. О. Окуневаның «Концепт «красота» в русском и английском языках с точки зрения рецептивный и продуктивной деятельности», Е. А. Черкашинаның «Концепт «крастота» в русском языке» мақалалары мен Г. Н. Смағұлованың «Құндылықтар әлеміндегі «сұлулық» концептісі», А. Байғұтованың «Қазақ әйелі» концептісінің этономәдени сипаты» зерттеулері жетекшілікке алынды.
Зерттеу материалдары. І. Есенберлиннің «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс» атты романдары. +
Зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдіс-тәсілдер. Зерттеу жұмысын жазу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, өрістік талдау әдістері қолданылды. +
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді. +
1 КОНЦЕПТ СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1. 1 ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОНЦЕПТ ТҮСІНДІРМЕСІ МЕН ЖІКТЕЛІМІ
Кез келген халықтың өзіне ғана тән, өздеріне ғана мәлім мәдени құндылықтары, санасында қалыптасқан ұғымдары болады. Бұл сол ұлттың тілінде ғана жасырынған және сол ұлттың мүшесіне ғана түсінікті белгілі бір ұғымдар мен түсініктердің жиынтығынан тұрады. ХХІ ғасыр барлық зерттеулер адамды қазық, негіз етіп алатын антропоөзектік парадигма шеңберіне ойысты. Тіл білімінде де жаңа парадигманың пайда болуымен бірнеше бағыттар, тармақтар бөлініп шықты. Солардың бірі - когнитивті лингвистика. Когнитивті лингвистика тілдің танымдағы көрінісін зерттейді. Аталған лингвистиканың жаңа бағытының басты ұғымы - концепт. Бұл термин негізінен тіл біліміне философия ғылымынан ауысқан. Ю. Прохоров тіл мен сөйлеудің аражігі ажыратыла бастағанда «концепт» терминін философ Абеляр ғылымға енгізгендігін айтады [1, 30] . Ал Б. Молдағали концептінің адамзат өмірінде алғаш пайда болуын діндар-философ Ансельммен (1033-1109) байланыстырады. Бұл терминнің латын тілінде «1) байланыс, жиынтық жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем» деген мағыналары барын да айтады [2, 235] . Концепт термині біршама ғылым салаларына ортақ түсінік. Ол лингвистикаға ғана емес, сонымен қатар, психология, философия, нейрофизиология, компьютерлік жабдықтау салаларына да тән ұғым саналады. Былайша айтқанда, концепті «ұлттық тетік» десек те болады. Мысалы, бір ұғымның белгілі бір халық үшін маңызы қаншалықты екенін білгіміз келсе, сол тетікке бассаңыз, ұлттық сипаттағы ақпараттар ағыны толассыз туындап жатады. Немесе керісінше ешқандай ақпараттар қорын бермей, процесс іске аспай қалуы мүмкін. Концептінің адам санасында қазықталуы оның ойлау, есте сақтау, қабылдау, түйсіну, түсіну сынды психологиялық процестерімен қатар жүреді. Сондықтан да когнитивті лингвистика ғылымы психология ғылымымен тікелей байланысты. Адамның сөйлеу әрекеті де, сөйлеу әрекетіне сай тілдік біріліктерді таңдап қолдануы да психологиясынан хабар береді. Демек психология мен лингвистиканың байланысы анағұрлым мықты. Таным процестерінің барлығы психологияға да, лингвистикаға да тиесілі. Психология ғылымында концепті ақпараттардың адам жадында қалай сақталғаны, оған ойлау прооцесінің әсері зерттелсе, лингвистикада ол сол ақпараттың тіл арқылы жеткізілуі, тіл арқылы танымға енуі қарастырылады. Кез келген ұғым бірден концептіге айналып кете алмайды. Ол ұзақ тарихи процесс негізінде қалыптасады. Белгілі бір әлеуметтік орта үшін маңызды болған, тұрмыс-тіршілігінде үлкен мәнге ие болған атаулар уақыт өте келе адам жадында сақталып, ақпараттар қоры сана механизмінен орын теуіп, танымға айналған кезде ғана тұрақталып, көрініс табады.
Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистиканы жан-жақты зерттеп жүрген А. Ю. Маслова тіл білімінде «концепт» турасында үш түрлі көзқарастың қалыптасқандығын айтады. Ғалымның көрсетуінше, бірінші көзқарас иелері Ю. С. Степанов, В. Н. Телия сынды ғалымдар концептіні адамның менталды жүйесіндегі негізгі мәдени ұяшық ретінде қарайды. Яғни концепт ұғымына қатысты тіл тек көмекшілік қана қызмет атқарады делініп, ойлаумен тығыз байланыстырылады. Ал екінші көзқарасты жақтаушылар Н. Д. Арутюнова, Т. В. Булыгина, А. Д. Шмелев тілдегі семантикалық мағынаны концептіні айқындаудың негізгі көрсеткіші деп қарайтындығын айтады. Үшінші көзқарас иелері Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова концепт сөздің мағынасынан туындайды және сөз мағынасы адамның жеке және халықтық тәжірибесінің түйісуінен пайда болады деп есептейтіндер екендігін айқындайды [3, 41-43] . Демек «концепт» ұғымы адамның ойлау жүйесі мен халықтық болмыс-бітіміне, мәдени құндылықтарына тікелей байланысты.
Концепт ұғымымен қатар «әлемнің тілдік бейнесі», «әлем бейнесі» сынды ұғымдар қолданылады. Әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз - жаратылыстың, әлемдегі барлық құбылыстар мен үдерістердің, заттар мен нәрселердің тілде көрініс табуы. Әр ұлттың әлемді түйсіну, қабылдауларының тілдегі сақталған ақпараттарына байланысты әркелкі болуы мүмкін. Сондықтан да әлемнің тілдік бейнесі әр ұлтқа жекелей тиесілі. Концепт, Б. Нұрдәулетованың сөзімен айтар болсақ:
1) тұрақты, өзгермейтін сөз-аталымға тән мағына, белгілі бір уақыттар ішінде көмескіленуі, өзектілігінен айырылуы мүмкін, бірақ сананың терең құрылымында сақталады;
2) адам санасында ұйғарылған дүние бейнесінің оперативті мазмұндық бірлігі, концепт категориясы дүние бейнесінің адам психикасында сәулелену механизмін түсінуге мүмкіндік береді;
3) концептіге ұғым кіреді, бірақ концепт ұғыммен ғана шектелмейді, ол сонымен бірге белгілі бір мәдениетті ұстанушылардың сөздің түрлі ассоциативті байланыстылығындағы сипаты туралы білімін, түсінігін қамтиды;
4) ақпараттың негізгі бөлігі адамға тіл арқылы беріледі, сондықтан адам өзі жасаған сан түрлі концептілер ортасында өмір сүреді [4, 51-52] .
Келтірілген пайымдаулардан концептінің адам санасындағы белгілі бір құбылысқа, болмаса белгілі бір затқа, ұғымға қатысты қалыптасқан, жинақталған ақпараттардың жиынтығы екенін түсінуге болады. Адам танымындағы, санасындағы қалыптасқан ұғым индивидтің жеке өзіне қатысты немесе тұтас ұлтқа тиесілі де болуы мүмкін. Яғни бір тілде сөйлейтін ұлттың ойлау жүйесіндегі, таным көкжиегіндегі жылдар бойы қазықталған ұғымдар жеке-жеке концептілерге бөлінеді. Алайда кез келген сөздің концептіге айнала алмайтындығын есте сақтаған абзал. Концептілік дәрежеге жеткен сөз белгілі бір әлеуметтік топ үшін не ұлт үшін маңызы бар білімдер мен ұғымдардың жиынынан тұруы керек. Адамзат дамуының барысында халықтың бастан кешірген өмірлік тәжірибелері мен санасында сақталған ақпараттары нәтижесінде барып ұғым концептіге айнала алады.
Кез келген тілді тұтынушы белгілі бір концептуалды жүйені иеленуші болып саналады. Концептінің астарында адамның менталды болмысы, адам үшін маңызды ақпараттар мен қоршаған орта туралы жинаған білімі мен көзқарасы жатады. А. Ю. Маслова концепт турасындағы барлық анықтамаларды жинақтай отырып, концепт ұғымын былайша түсіндіреді: «Концепт - белгілі бір этномәдениет тұтынушыларын сипаттайтын, лингвомәдени ерекшелігімен белгіленген семантикалық жасалым» [3, 47] . Яғни концепт ұлттық, халықтық, мәдени таным көкжиегіндегі адам санасындағы ақпараттар қорын құрайды. Белгілі бір концепт бір ұлт үшін бірнеше ақпараттар тізбегін берсе, енді бірі үшін ол жай ғана сөз есебінде қалуы мүмкін. Өйткені ол ұғым келесі бір халықтың жадында, санасында басқаша бейнеленген. Осыдан келіп ғалымдар сөз еткен «әлемнің тілдік бейнесінің» әр халықтың танымында әр түрлі екендігін байқаймыз. Концепт өзінің табиғаты жағынан бірнеше топтарға жіктеле алады. Тақырыптық жағынан эмоционалды, жасампаз, мәтіндік және т. б. концептосфераларын түзеді. Тілді тұтынушы тұрғысынан жіктесек, жекелік, көпшілік, шағын топтық, ұлттық, жалпы адамзаттық концептосфераларын атауға болады [3, 50] . Концептілердің жиынтығы, тізбегі белгілі бір концептосфераны құрайды. А. Ю. Маслова өзінің «Когнитивті лингвистикаға кіріспе» еңбегінде адамдар танымында қалыптасқан барлық концептілерді былайша бөліп көресетеді:
1) әлем - кеңістік, уақыт, сан, атамекен, тұманды таң, қысқы кеш; табиғат - су, өрт, ағаш, гүл;
2) адам туралы түсінік - интеллигент, ақымақ, данышпан, дуана, жиһанкез:
3) адамгершілік ұстанымдары бойынша концептілер - ар, ұят, күнә, шындық, шынайылық;
4) әлеуметтік түсініктер мен қарым-қатынастар - еркіндік, ерік, достық, соғыс;
5) эмоционалды концептілер - бақыт, қуаныш;
6) артефактілер әлемі - ғибадатхана, үй, геральдика, т. б. » [3, 75] .
Концептілерді жіктеп, оларды бір топқа топтастыруда З. Попова мен И. Стернин материалдық-заттық аспект (салмағы, ұзындығы, көлемі, түсі, беріктігі, т. б. ) ; биологиялық аспект (денсаулық, тағамды қажет етуі, биологиялық жай-күйі, т. б. ) ; мезгілдік аспект (белгілі бір уақыт сипаттамасы, объект өміршеңдігінің ұзақтығы, т. б. ) ; кеңістік аспекті (нысанның қолданылу орны, объектті дайындау орны, объекттің орналасу орны, т. б. ) ; құрылымдық аспект (объекттің кемелденуі, сыйымдылығы, күрделілігі, қарапайым құрылымдық элементтер, т. б. ) ; әлеуметтік-психологиялық аспект (білім деңгейі, кәсіби деңгейі, мәдени деңгейі, өмірлік тәжірибесі, т. б. ) ; қолданыс-қызметтік аспект (жылдамдық, күш, қуаты, икемділігі, белсенділігі, өнімділігі, т. б. ) ; тәжірибелік аспект (күнделікті қажеттілік, қоғамға пайда келтіру, адам ағзасына әсер ету, т. б. ) ; қоғамдық мән аспектісі (сәнділік, танымалдылық, материалды қамтамасыз етілуі, т. б. ) ; әлеуметтік-мәдени аспект (объектті қолданатын тұлғалар категориясы, объектте көрініс беретін қоғам дамуының материалды деңгейі, т. б. ) тұрғысынан қарайды [5, 137-141] . Яғни ғалымдардың айтуынша, белгілі бір концептілерді жіктеп, оларды категорияға бөлуде жоғарыда келтіріліп өткен аспектілерді негізге алып отыру керек. Әр халықта өзінің тұрмыс-салтына, наным-сеніміне, күнделікті өмір сүру дағдысына байланысты түрлі концептілер пайда болып, олар белгілі бір концептосфераны түзіп отырады. Демек, әр ұлттың, халықтың танымында, санасында жасырынған ақпараттар мен біліміне байланысты концептілердің бірнеше түрі болады.
Концептілер ұлттың жеке құндылығын, мәдени мұрасын білдіретін ұғымдардың жиынтығынан тұрады. Санада қалыптасқан ұғымдар шоғырын бір концепті аясына тоғыстыру, яғни концептілеудің (концептуализация) бірнеше факторлары болады. Ол туралы Н. Н. Болдыревтің «Типология концептов и языковая интерпретация» еңбегінде айтылады. Ғалым концептілерді жіктеудің құрылымдық типологиясын, мазмұндық типологиясын, тақырыптық және жүйелік типологияларын атап өтеді. Ол концептілерді жіктеудің, оларды типтендірудің бірізді болмайтындығын айтады. Өйткені заман ағымына сай және әр ұлттың танымына байланысты концептілер тарамдалып, жік-жікке бөлініп кете береді [6, 18-20] . Тіл үнемі динамикада болатындығы белгілі. Бұрын тілде актив қолданылған сөздер заман талабына сай пассив қабатқа ауысып кетуі мүмкін. Соған сай бұрын халық үшін өзекті болған концепт уақыт өте келе өз сипатын жоғалтып алуы да мүмкін немесе керісінше концепт жаңа ақпараттармен толығып отыруы да ықтимал. Өйткені тілді қоғамнан, қоғамдағы орын алып жататын өзгерістер мен оқиғалардан бөліп алып қарай алмаймыз.
Концепт ұғымын сөз және мағына ұғымдарымен байланыстыра отырып зерттейміз. Алайда концептіні сөздің өзі деуге болмайды. Өйткені концепті жекелген сөздер арқылы бейнелене алғанымен, концептіні ажырату барысында өзге де тілдік құралдардың қатысатынын аңғарылады. Демек, концепті мен сөз арасына теңдік белгісін қоюға болмайды Адамның миында жасырынған ұғымдар, ақпараттар, түсініктер, деректер тілде тек лексемалар арқылы жарыққа шықпайды, басқа тілдік бірліктер (мақал-мәтел, фразеологиялық тіркес, образды тіркестер, т. б. ) арқылы да беріледі.
Сөз концептуалды білімге жол ашатын құрал болып саналады. Сөз арқылы осы мүмкіндікке қол жеткізе отырып адамның ойлау қызметін және өзге де концептуалды белгілерді іске қоса аламыз. Тілдік аталым - былайша айтқанда, адамға концептіні ашуға және оны ойлау жүйесінде қолдануға мүмкіндік беретін кілт. Яғни сөз біздің санамызға концепіні «енгізеді» де ойлау процесіне кіріктіріп, белсенділігін арттырады. Енді концептінің мағынамен байланысына келер болсақ. Адам санасы миға сүйене отырып объективті және субъективті болмысты бейнелейді.
Конгнитивті лингвистика ғылымы психология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдарымен байланысады. Өйткені адамның тіл арқылы қарым-қатынас жасауы оның психологиясына, ойлау жүйесіне, өмірді түсініп-қабылдауына, қоғам өміріне араласуына, қоғаммен бірлесе өмір сүру барысында қалыптасқан мәдениетіне тікелей байланысты. Демек ұғымдар мен сөздердің жинақталып концептіні түзуі экстарлингвистикалық факторлардың әсерінен де орын ала отырып, тілде қазықталады. Концепті мен мағына да шынайы болмысты бейнелеуші қызмет атқарады. Екі ұғым да қоршаған ортадағы ақпараттарды адам санасына шоғырландырып, сәулелендірумен байланысты. Алайда концепт адамның когнитивті ойлауы нәтижесінде туындаған өнім болса, мағына - тілдік сананың өнімі. Мағына концептімен тең түсе алмайды, тек концептінің бір бөлшегі ретінде құрамында өмір сүреді. Өйткені концепт адам санасында тілдік және тілдік емес ақпараттардың үлкен жиынын қамтитын күрделі құрылым болып саналады.
Концептілердің типін анықтауда ғалымдар арасында пікір алшақтығы байқалады. З. Д. Попова мен И. А. Стерниннің «Когнитивті лингвистика» еңбегінде көрсетілгендей, «А. П. Бабушкин концептілерді гиперонимдер, фреймдер, сценарийлер, калейдоскоптық концептілер деп жіктейді. Н. Н. Болдырев концептінің схемалар, ұғымдар, прототиптер, пропозициялар, фреймдер, сценарийлер немесе скриптер, гештальттар деген типтерін көрсетеді. Г. Г. Слышкин концептілерді біріншілік, екіншілік және метаконцепті, сондай-ақ, пропорционалды, құрамдасқан деген түрлерге бөледі. Ал В. И. Карасик концетінің параметрлік және параметрлік емес деген түрлерін көрсетеді. М. В. Пименова концептінің құрамына бейне, идея ұғымдарын қоса отырып, мәдениет концептісін туғызатын бірнеше концептілерді атайды. Мәдениеттің әмбебап категориялары: уақыт, кеңістік, қозғалыс, өзгеріс, себеп, сапа, көлем. Әлеуметтік-мәдени категориялары: еркіндік, әділдік, еңбек, байлық. Ұлттық құндылықтар категориясына рух, жан, ерік, бірлік; этикалық категорияға мейірімділік, зұлымдық, қарыз, шындық, ақиқат; мифологиялық категорияға құдай, періштелер, әруақтарды жатқызады» [5, 116] . Концептілерді табиғатына сай түрліше жіктей беруге болады. З. Д. Попова мен А. И. Стерниннің айтуы бойынша, концептілерді шынайы болмысты бейнелеуіне сай жіктеу маңызды. Соған сай ғалымдар концептінің типтеріне мыналарды жатқызады: елестету (представление) ; схема; ұғым (пониятие) ; фрейм; сценарий (скрипт) ; (гештальт) [5, 119] .
Б. Нұрдәулетова концептілерге қатысты тірек концептілер, макроконцепт, микроконцепт ұғымдарының қатарластыра қолданылып жүргенін айтады. Тірек концептілер белгілі бір ұлттың дүниетанымын танытуға негіз болатын концепті болса, макроконцепті концепілердің ауқымды түрі, ал микроконцепті сол макроконцептінің іштей мазмұндық жағынан тарамдалуына жол ашады [4, 67] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz