Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
5
Кіріспе: 1 Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың тиімді әдіс - тәсілдердің теориялық негіздері
5:
Кіріспе: 1. 1 Кіріктіре оқытудың қалыптасудағы ғылыми - педагогикалық және психологиялық алғышарттары
5: 10
Кіріспе: 1. 2 Тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың маңыздылығы мен әдіс - тәсілдері
5: 21
Кіріспе: 2 Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудағы тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану әдістемесі
5:
Кіріспе: 2. 1 Кіріктіре оқыту бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру
5: 45
Кіріспе: 2. 2 Бастауыш сыныпта кіріктіре оқыту бойынша өткізілген сабақтардың үлгі жоспарларын өңдеу және енгізу
5: 50
Кіріспе: 2. 3 кезеңі бойынша алынған нәтижелер
5: 60
Кіріспе: Қорытынды
5: 64
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5: 68
Кіріспе: Қосымша А
5: 71
Кіріспе: Қосымша Ә
5: 72
Кіріспе: Қосымша Б
5: 73
Кіріспе: Қосымша В
5: 74

Кіріспе

Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесінеде тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы » Заңында : « Білім беру жүйесінің басты мақсаты -ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор[1] .

Бүгінде барша ұстаздар қауымы қасиетті де киелі міндетін атқара отырып, білім беру ісін одан әрі жандандыру, бәсекелестікке қабілетті, жаһандану үрдісіне бейімделген үш тілді меңгерген мәдениетті, білімдар жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған заманауи әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды жасау сияқты жаңа талаптарға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруға түбегейлі бет бұрып отыр. Білім беру ісін сапаға жетелейтін, оны жеткілікті деңгейде меңгеруге ықпал ететін, қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті.
Заман талаптарына сай білім беру жүйесі жетіліп, жаңа қырларынан жан-жақты көрініс беріп, білім берудің мазмұны да күн өткен сайын жаңартылып әрі күрделеніп келеді. Бұл жаңашыл көзқарас білім беру мазмұнын толықтырып, білім беру жүйесін қазіргі заман талабына сай дамыта оқытуды ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін түрлендіре алып отыруды қажет етеді. Бәсекелестікке қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі де бірегейі жаңашыл көзқарасқа бағытталған кіріктіре оқыту мен жаңартылған бағдарлама бойынша білім алу болып отыр[2] .

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген беделді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі - ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі», -деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы - жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.

Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған [5] .

Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс-тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ. Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді.

Бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру

Бағдарламаның міндеттері:

  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен танысу;
  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
  • Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
  • Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру

Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері - білімді тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру; (спиральді қағидатпен берілуі) ;

-бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

-оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде жоспарлау болып табылады [6] .

2011 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында « Өмір бойы білім алу » әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»- деп көрсетуіне байланысты білім саласының барлық деңгейінің мамандары кезең-кезеңімен біліктілігін арттыру, жаңа инновациялық технологияларды меңгеру курстарына жіберіліп келеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Кіріктіре оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әр түрлі негізде жасауға Н. В. Малахов, И. А. Лошкарёва, В. Н. Максимова, Н. Я. Виленкин тағы басқалар зор үлес қосты. Казақстандық педагогика да жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б. Т. Набиева, А. Ерімбетова, А. А. Әбдиева тағы басқалар сипаттады. Кіріктіру - бөліктерді бүтін шығатындай біріктіру, оларды бір тұтас болатындай етіп қосу. Осы тұрғыдан қарастырғанда, кейбір пәндерге қатысы бар материалдарды белгілі бір пән ауқымында жеке өткеннен гөрі, оның мазмұны кең қамтылатындай етіп, интеграцияланып оқытылғаны тиімді. Кіріктіру - материалды жан-жақты игерту, оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірлік практикада қолдануда тиімді әдіс. Сонымен бірге оқушының саналық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарын ұштауда, тиімді пайдалануда, оқу-тәрбие процесін басқаруда пайдасы зор [7] .

Кіріктіріп оқыту (CLIL) дегенде ең алдымен сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Егер дәстүрлі сабақ оқушыларды білім мен қаруландыруға және негізінен түсіндіру-көрнекілік жұмыстарын жүргізу арқылы құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар тіл мен әдебиеттің көптеген міндеттерін шешуге ықпал етеді.

Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дерек көздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқа да техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері кеңінен қолданылады. Бұндай сабақтарда танымдық міндеттер жүзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп мүмкіндік беріліп, жағдай жасалады[3] .

Жалпы, тіл мен пәнді үйлестіре отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту когнитивтік дамуды жүзеге асыруға көп жағдай жасайды. Ал үйренушінің білімді меңгеруге ұмтылудың алғашқы қадамы танымдық қабылетін қалыптастырудан бастау алады. Оқыту үрдісіне кіріктіре оқытуды енгізу-ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. Пәндерді кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға болады. Сонымен бұл әдіс оқушылардың тіларалық қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасап қана қоймай, бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді[4] .

Ocы aйтылғaндaрдың бaрлығы aлынып oтырғaн тaқырыптың күрдeлiлiгiнiң, ғылыми жәнe тәрбиeлiк жaғынaн мaңыздылығының, көкeйтecтiлiгiнiң дәлeлi бoлa aлaды.

Coндықтaн бұл диплoмдық жұмыcтың тaқырыбы «Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»дeп aлынып, ғылыми тұрғыдaн зeрттeу жұмыcы жүргізілді.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып oқушылaрының оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәнi: бастауыш сыныптағы тіл мен әдебиетті кіріктірудегі мaзмұны, әдіc-тәcілдeрі, жoлдaры.

Зeрттeу бoлжaмы: егер тіл мен әдебиетті оқыту барысында тиімді әдістерді іріктеп, оны бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізсе, онда оқушылардың танымдық қызығушылықтары артады.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып oқушылaрының екі пәнді кіріктіре оқыту арқылы зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • бастауыш сыныптағы тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытуға қатысты теориялық сараптау, тақырыпқа қажетті термин мағыналарын анықтау;
  • «Кіріктіре оқыту» мағынасын ашып, тиімді жақтарын қарастыру;
  • бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктірудің әдістемесі теориялық тұрғыда негіздеу арқылы, байқаулардан өткізу;
  • пeдaгoгикaлық экcпeримeнт aрқылы бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, сабақ жоспарларына енгізу.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауыш сыныптағы даму, кіріктіре оқытуға байланысты әдістемелік құралдар мен құжаттар (стандарт, бағдарламалар, оқу-құралдары, оқулық және т. б. ) .

Зерттеу әдiстерi: зерттеудің көкейкесті бойынша ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың іс-тәжірибесі; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама жәнет. б. ) танысу, мектеп жұмысы нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, бастауыш мектепте өзіндік жұмыстар өткізілген іс-тәжірибелерді саралау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің теориялық негіздеріне шолу жасап, тақырыпқа қажетті термин мағыналары анықталды;
  • «Кіріктіре оқыту» мағынасының мазмұнын пайдалану іс-әрекетінде іріктеу амалдарын енгізу, тиісті тәсілдері айқындалды;
  • бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктірудің әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, байқаулардан өткізілді
  • пeдaгoгикaлық экcпeримeнт aрқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудағы әдіс-тәсілдерінің жұмыcтағы тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу базасы: №2 жалпа ортa білім беру мектебі.

Диплом құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытыдыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Бастауыш сыныпта тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытудың тиімді әдіс - тісілдерінің теориялық негіздері

1. 1 Кіріктіре оқытудың қалыптасудағы ғылыми-педагогикалық және психологиялық алғышарттары

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында « Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Бастауыш мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Бастауыш мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр » деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен [8] . Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:

  • оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;
  • өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру қажет;
  • оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;
  • сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Жалпыға жаппай бастауыш білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.

Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі - олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.

В. А. Сухомлинский “ Сабақ - бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениеті, оның интеллектуалдық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің көрсеткіші » яғни, сабақ сан қырлы болған жағдайда ғана оқушылар үшін, мұғалімдер үшін де қызықты болады. Заманауи сабақты дайындау және өткізу үшін бізге кіріктіру көмек береді [9] .

Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.

Оқытудың жаңа технологиясы - оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:

- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Осы арқылы бір дидактикалық мақсатқа негізделген оқу бағдарламаларын жасауға болады. Пәнаралық байланыс құрамдық функционалдық талдау әдісіне сүйенеді, ол әдіс белгілі бір құбылысты тұтастай құрылымдық-бөлшектеу арқылы зерттейді, осы арқылы әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған екі (одан көп) пәннің құрылымдық элементтері анықталады (мөлшері, тақырыбы, бөлімі, дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т. б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы құрылады [8] .

Кіріктіру - ХХІ ғасыр талабы. Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я. А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В. Я. Стахарин, Н. Ф. Бунаков, В. И. Водовозов, т. б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды .

Кіріктірілу - бұл бір оқу мазмұнының әртүрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой- өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту: ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға; сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға; жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге; оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға; білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға; сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға; сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге; оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Этимологиялық мағынасы («интеграция» - лат. untegratio) «қалпына келтіру», «толықтыруды» білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады: кіріктіру - оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс:

  • кіріктіру - мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда «шекаралық білімді» үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;
  • кіріктірудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылар сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді.

Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін жоғарылату, тұтастай алғанда, оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру өзекті мәселеге айналуда . Оқу кезінде бұның барлығы ұғым мағынасының меңгеруі мен анықтауына деген оқушы ойының қозғалысында, жоспардың, қорытындылардың, түйіндемелердің құруында, топтастыратын және жүйелендіретін сызбалар мен кестелердің жасауында көрінетін болады. Кіріктірілген сабақтар барысында біріктіру үрдісі мұғалімнің белсенді басқаруымен іске асырылады, ол зерттелгенді біріктіру дағдысын үйрететін, психологиялық терминология бойынша біріктіру әрекетін қорыту әрекеттеріне оқушыларды үйретеді [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Кіріктірілген оқыту принциптері
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz