Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

АБИЛОВА АЙША ЕЛЕУСІНҚЫЗЫ

Батыс-Қазақстан облысындағы би-шешендер мұрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В020500 - Филология: қазақ тілі мамандығы

Нұр-Cұлтан 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі
С.А.Қасқабасов _________
________________2019 ж.

5В020500 - Филология: қазақ тілі мамандығы бойынша

Батыс-Қазақстан облысындағы би-шешендер мұрасы тақырыбындағы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Орындаған: А.Е.Абилова

Ғылыми жетекші
ф.ғ.д., профессор С.Н.Негимов

Нұр-Cұлтан 2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

___________________________________ ______________________факультеті
___________________________________ ______________________кафедрасы
___________________________________ ________мамандық коды және атауы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі:______
________________20__ ж.

___________________________________ ______________________студентке
(тегі, аты, әкесінің аты)

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған

Т А П С Ы Р М А

1. Жобаның (жұмысының) тақырыбы _______________________________ ___________________________________ ____________________________
университет бойынша 20__ ж. __________ берілген № _____бұйрықпен бекітілген.
2. Студент аяқтаған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі _______________
3. Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері _________________________ ___________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________
4. Есептеу-түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)
___________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ___________________________________________

5. Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген)
___________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _____________________________________

6. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер

Бөлім

Кеңесші,
Кафедра
Қолы, уақыты
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Тапсырма алдым
Тапсырма бердім

7. Тапсырманың берілген уақыты ____________________________

Жетекші____________________________ __
(қолы)

Тапсырманы орындауға алдым ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
І бөлім Қазақтың би-шешендерінің асыл мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...8
0.1 Билер сөзінің бейнелілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
0.2 Шешендік талант ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ бөлім Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.1 Шешендік дау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Шешендік арнау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3 Шешендік толғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шешендік өнер - қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Шешендік өнердің туып - қалыптасуы, дамуы жайындағы пікірлер өте көп. Сол сан алуан пікірлерді түзету бір арнаға топтастырып, бір жүйеге келтіру керек. Соның ішінде шешендік сөздерді зерттеген кезде би - шешендерімізді аймақтардан ізденіп зерттегендер өте аз, тек ру - шежірелерде және сол аймақта тұратын халықтар ғана аңыз әңгіме түрінде сақтап айтып келе жатыр. Бұл дипломдық жұмыста тек шешендер ғана емес сонымен қатар өз заманында от ауызды орақ тілді билеріміз де сөз етілген. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпқа диплом жұмысын жазудың маңыздылығы, өзектілігі сөзсіз. Бұл дипломдық жұмыста би мен шешендеріміздің мұраларын іздестіріп, жинақтап қана қоймай жанрлық түрге топтастырылған. Осы уақытқа дейін елі үшін еңіреген, халқы үшін қынжылған билеріміз бен шешендерімізді біле тұра ауызға алмадық. Халқымыздың бірлігінің, құдіретінің арқасында, сол мұралар ауыздан - ауызға аңыз болып жетті.
Зерттеу жұмысының нысаны. Батыс - Қазақстан облысындағы яғни Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау би-шешендерінің мұраларын жанрлық ерекшеліктеріне қарай жіктеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ халқы жалпы табиғи шешендік өнері бар адамдамға ерекше құрметпен қарағаны рас. Батыс - Қазақстан облысында да аразбен татуластырып, елді бітістіріп, әділдікпен туралыққа нұқсан келтірмеген билеріміз бен суырып салма табиғи дарыны бар шешендерімізде өткен. Бірақ та, аймақтық шешендік өнердің зерттелуі кемшін түскеннен кейін осы бағытта ізденіп би - шешендеріміздің мұраларын зерттеп, оларды жанрлық ерекшеліктерге бөлу зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Батыс - Қазақстан облысынағы би - шешендер мұрасын сөз ету мақсатында жұмыстың алдына мынадай міндеттер қоямыз:
Билер сөзінің бейнелілігі
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігін анықтау
Шешендік дау
Шешендік арнау
Шешендік толғауға топтастыру
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Шешендік өнердің жанрлық ерекшелігін анықтау, жанрлық ерекшелікке байланысты ғалымдардың теориялық пікірін басшылыққа ала отырып топтастырып, шешендік сөздердің көркемдік ерекшелігін ашып, осы бағытта теориялық ізденіс жасау.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуімізде би - шешендеріміздің өмірімен жүріп өткен жолдары туралы мағұлмат беретін ол Б.Ы. Қорқытовтың Кіші жүздің билерi мен сұлтандары еңбегі, ру - шежірелері М.Неталиевтің Кіші жүз шежіресі және А.Мендалиевтің Адай шежіресі еңбектер басшылыққа алынды. Ал жанрлық жіктелімге келгенде ең басты бөлініс ол Б. Адамбаевтың шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік арнау - деп бөлген жіктелімі басшылыққа алынды. С.А. Қасқабасовтың теорияларына мән берілді. Билер шешендігін зерттеп, зерделеген олардың мәнді белгілерін анық талдаған С.Сейфуллин және Т. Кәкішев. А.С. Бұлдыбай Шешендік өнер оқу құралы. Ж. Дәдебаев Шешендік өнер теориясының негіздері монография зерттеулері жетекшілікке алынды.
Зерттеу материалдары. Ру шежірелері Адай шежіресі, Беріш шежіресі, Кіші жүз шежіре атты еңбектер.
Зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдіс-тәсілдер. Зерттеу жұмысын жазу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, өрістік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

1 ҚАЗАҚТЫҢ БИ-ШЕШЕНДЕРІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ

1.1 БИЛЕР СӨЗІНІҢ БЕЙНЕЛІЛІГІ

Өнер алды - қызыл тіл - деп ұғынған халқымыз байырғы заманнан - ақ сөз өнерін құрметтеген, қадір тұтқан. Бізге жеткен мұраларымыздың ішіндегі ең асылы, ең қымбаты - сөз өнері деп білген. Қазақ халқы, асыл сөздің, киелі сөздің құдретіне бас иген. Сөз өнерінен басқа өнер жоқ деген тұжырымға келген. Өйткені сөз өнері - халықтың айнасы, халықтың абыройы, ақыл - ойы. Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған ол өнердің ұшар биігі де - қоңыр жайсаңы да - қазіргі өміріміз деп білемін - деп айтқан болатын. [1, 15]. Жоғары да айтылғандай өнердің өзі бірнеше бөлікке тармақталады мысалы, сөз өнері, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, сәулет өнері осы бөліктердің өздерінің атқаратын қызметтері бар. Соның ішіндегі шоқтығы биік асыл өнердің құзар биігінде тұрған ол сөз өнері. Сөз өнерінің өзі іштей - ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті болып екіге жіктеледі. Сөз өнері яғни шешендік сөздер - ежелден тәрбие беру мақсатында қолданылған қасиетті де, қадірлі дүние. Сөз өнері ең алдымен ауызша айтылып, халық арасына ауызша таралған кейіннен ғалымдарымыздың, жазушыларымыз жазбаша түрге келтірген болатын. Шешендік өнер - дархан да ұлы даламыздың тіршілігімен бірге дүниеге келген халықтық табиғи туынды. Бағзы заманнан әлі халықпен бірге жасап келе жатқан осынау өнер түрін халықтар ертедегі өнер падишасы деп аса жоғары бағалаған болатын. Сонымен қатар облыс аймақтарында би - шешендеріміздің мұралары зерттелуі кемшін түсіп жатқаны рас. Сол себепті осы дипломдық тақырыбымда билермен шешендер мұрасын зерттеуге ден қойылды. Би мен шешен сөзі қатарласып айтылғанымен екеуінің көтеретін жүктері әртүрлі. Кең байтақ қазақ даласында шешендік өнер туралы мектеп және де пән болмаса да қазақ даласында ертеден көптеген билеріміз бен шешендеріміз болған. Бұл жағдайды біз табиғи дарын деп алмасақ болмайды. Би мен шешен сөзінің беретін мағынасы ар алуан.
Би - жас ерекшелігіне бағынбайтын, ру - шежіреден хабары бар, салт - дәстүрді жетік білетін, от ауызды, орақ тілді, айналасына беделді, сыйлы, ел ақсақалдардың шешімі бойынша қойылатын қызмет. Би - араздасқанды татауластырып, дау - жанжалға билік айтқан. Сонымен қатар билік шығарып, соның орындалуына тең дәрежеде кесім айта білген салт - дәстүрді жетік білетін, ел ішінде сыйлы адам. Бергі кеңес үкіметіне дейін халық ішінде билер соты жүріп отырған. Билер сотының қазақ даласында құқықтық, саяси - әлеуметтік, мәдени - рухани, ұлттық құндылықтары айырықша ерекше. Билер сотының басты мақсаты - ел ішіндегі тыныштықты сақтау, елді жерді қорғау, тәртіпке бағыну болатын. Тек бір ғана ұстаным болатын ол барлық түйткілді дүниелерді тең дәрежеде әділдікпен шешу. Ол жөнінде Томан би өзінің бір шумақ өлеңінде әдемілеп жеткізді. Қазақ халқының маңдайына біткен асыл билері білімділікпен, терең ойлылықпен әділетті кесім айта білді. Солардың бірі аймақтық билер яғни айтқанда Батыс - Қазақстан облысындағы билер. Ғалымдардың пікірнше билер қазіргі замандағы сот ісін атқарушылар: Қазақ елінде ежелгі салт дәстүрлерді жетік білетін, сөзге шешен, заңгер, істің шешімін айтатын сот [2,332]. Билерді қазақ қоғамында жеке бас тұлғасына, қара қылды қақ жаратын әділеттілігіне баса назар аударған. Халық алдында абыройы жоқ, нақты әділ шешім қабылдай алмаған тұлға би титулын иелене алмаған. Ел, халық әділ би деп таныған адам ешқашан өтірікке, әділетсіздікке жол бермеген адам болған. Би болу ол кез - келген жанның қолынан келе бермейтін билік. Оны өз заманында хакім Абайымыздың өзі көп оқып, көп ізденген адам ғана әділеттен таймаған би болады. Тек қана салт - дәстүр жақсы білетін адамдар ғана емес сонымен қатар Абай айтқандай қазақ даласында шығарылған заңдар жинағын білуі керек деп айтып кеткен болатын. Бұл талаптарды қарап отырып білімді болумен қатар, әлеуметтік теңдікті сақтайтын тұлға болуы қажет. Абай атамыздың тағы би жайында айтқан қағидаттары бар еді ол би көп болса, дау да көбейеді дегенді алға тартқысы келген жоқ, тек билердің санын көбейтпей әр болыстан 3 адам сайланса деген ұтымды пікір айтқан болатын. Ол билік шешімді қабылдауға қатысатын билер көп болғанынан аз болғанын қалады. Ол бұл ойын отыз бірінші қара сөзінде айтқан болатын.
Қазақ даласында әділетті би болуға әділетсіз шешім қабылдамауға ант беретін болған оның дәлелі ретінде біз Едіге бидің бір билік үстінде бір ауыз өтірік айтып қойып оны естіп отырған жұрт наразылық танытқан екен. Сонда ол өмірімде өтірік айтып көрген жан емес едім, мына ақсақал бір кесімді бір ауыз айтпады деп айтама деп едім, енді көптің алдына шықпаймын деп сол күні бақи дүниеге аттанған болатын. Анттан, серттен тайған Едіге би пайда ойламай, арын ойлап әділеттен тайған адам қандай болатынына үлгі болды. Ұлт көсем Әлихан атамызда би әділ болмаса халықта оңбайды, сонымен қатар айтқан закон - ел болсын жұрт болсын бәріне бірдей бұл бәрінің мойынына ілінген ноқта іспетті дейді. Сонымен қатар Әлихан атамыз қоғамдағы болып жатқан дүниелермен билік жайын көріп отырып сот жүйесіндегі қателіктерді айтып кетеді. Ғалым Шоқан Уәлиханов өзінің сот реформасы туралы жазғанында ел алдында жауапты, заңға жүйрік, шешендік қабілеті бар адамды біз би деп айтаймыз дейді.
Ұлы дала төсінде билер сөзі маңызды, билер соты өте жоғары бағаланғаны сөзсіз. Батыс - Қазақстан облысынан шыққан XVIII ғасырда өмір сүрген Әйтеке бабамыз билер сотының көрнекті өкілі. Әйтеке Байбекұлы дүниеге келген, дүниеден өткен жылдары белгісіз, әр ғалым әр түрлі жазады. Бірақ нақтысы 17 ғасырдың аяғында Ақтөбе өңірінде дүниеге келіп, 18 ғасырдың басында дүниеден өткен. Әйтеке қазағымыздың тарихында барлық ру мен ұлыстың басын біріктірген, әрқашан туралығымен, шешендігімен көзге түсен, Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі де бірегейі. Ұлы жүзде - Төле, орта жүзде - Қазбек, кіші жүзде әлімнен Әйтеке, қырғызда Көкім би, қарақалпақта Сасық би деген болатын [3,29]. Бірақ Әйтекенің қызметі кіші жүзді басқарумен шектелмейді. Ол қазақтың әдет - ғұрып заңдарын жинақталған жеті жарғы кодексін жасауға атсалысты. Әйтеке өзінің шешендігімен бірге ел басқарды. Қазақ мемлекетін құруға, оның мемлекет болып нығаюуына үлкен үлес қосты. Әйтекенің өмірі туралы деректер өте аз. Әйтеке, Төле, Қазыбек Айыртау деген жерде билік еткен болатын. Әйтеке би кіші жүзге би атанғанда небәрі 25 жаста еді. Қазыбек екеуі дос болған. Қазыбек қайтыс болғаннан кейін Қазыбектің өтініші бойынша асын Әйтеке басқарған. Әйтеке Қазыбектен кейін 84 жасында қайтыс болған. Олар өздерінің жасап шығарған әдеп заңын орындалуын қадағалады. Үш би жасаған әдет заңын бұзғандардың шешімі сотта қаралған. Әдет сотында қаралатын мәселелер ол жер, жесір,құн, мал дауынан бастап біреуге орынсыз сөйлеу, біреуді ғайбаттау секілді әркеттер сотта қаралып шешеімі табылған. Сол замандағы ата - бабаларымыз сөздің нарқын түсінетіндіктен, билер өз биліктерін халық алдында ашық жүргізетін болған. Билер сотында барлығы ауызша түрде жүргізілген бұл билеріміздің кемеңгер ақыл иелері ғана емес сонымен қатар ауызы дуалы шешен екендігін де көреміз.
Адамның әдемілігі тәннің емес, сөздің құдертімен әдеміленеді. Сол әдемі бейнелі сөзбен нақ шешім шығарып, халықты бітістіру қиынның қиыны. Қазақ топырағына неше алуан билеріміз өткен олардың мақсаты бір халықты бірлікке жұмылдырып, мемлекетті нығайту болатын. Билеріміздің қандай тұлға болғанын тарихымыздың сол заманнан бері жеткен ауыздан - ауызға айтылып келе жатқан аңыз әңгімелері айтып тұрғандай. Олардың сол кезде қызмет бабын өздерінен жоғары қойғандығы және де жақыны болса да оған оң шешімді бермей алыстағы адам деп теріс шешім беріп алалаған кездер болмаған. Олар тура биде туған жоқ деген позициядан таймаған [4,305].
Билер сөзінде ұлттық болмыстағы және де үгіт - насихат түріндегі сөздер молынан ұшырасады. Сөзде сұлулықта, тазалық та, жігер де, суырып салмалық шеберлікте болуы керек. Сөйлеу мәдениетінің ең бір көркем ерекшелігі ол - ойды дәл жеткізу. Қазақ топырағында туған әр шешеннің, бидің бойында бар қасиет ол ойын дәл, нақты жеткізу. Өз ойын айнымай, нақ жауап берген билер деп Жиенбет биімізді мысалға келтірсек болады. Жиенбет жырау, би шешен, жырау. Жиенбеттің туған қайтыс болған жылдары белгісіз. Бірақ та соңғы деректерде 1570 жылы дүниеге келіп, 1643 дүниеден өткен екендігі айтылады. Жиенбет - Есім ханның әскербасы батырларының бірі де бірегейі [2,70]. Ата тегі он екі ата Байұлынан тараған - тана. Ұрпақтары: Масай, Жобалай, Нүрке. Оның жастық шағы Батыс Қазақстан облысы Индер, Арал , Жемде өтеді. Ерте жасынан хандардың, шешендерден арасында жүріп, шешендігінің арқасында билікке ерте араласады. Тәуекел ханмен аралас жүріп, оның көзіне түседі. Тәуекел ханның әдемі де ақылды Есенбике атты қызы болыпты. Сол қызды Жиенбет ұнатып қалып сырттай аңдып жүрген екен. Қыздармен гүл теруге шыққан Есенбикені Жиенбет аңдып отырып, жолығып, сол кезден бастап араласа бастайды. Бір күні Есенбике әкесінің алдына барып мән жайды айтады. Сол кезде әкесі ол кім, аты кім, - дейді. Сонда қыз оның қасында бір жүрген батыр әрі шешен Жиенбет екеніні айтады. Тәуекел хан Жиенбетті шақырып не болғанын сұрайды. Жиенбет жастықтың буымен, түзетілмес іс істегенін айтып, басымды кессеңіз, міне - деп иіледі. Сонда жігіттің батырлығына риза болған Тәукел батасын беріп, отауын тіктіріпті. Осынау сөздерден сол замандағы билеріміздің бір сөзді екендігің тағы бір дәлелі.
Сәкен Сейфуллинде да қазақтың би - шешендері туралы зерттеп, жүйелеп, талдаған болатын. Билерге қатысты көптеген терминдік атау берді. Жас кезінен ескі сөз білетін қарияларды көріп оларды көп тыңдап, соны іс - тәжірибе түрінде пайдаланатын, әдет ғұрып заңдарын әдемілеп оқитын, әнші, күйші, сыншы, көріпкел, ғұлама бір сөзбен тұжырымдағанда әмбебап қызмет екенін баса айтып өтеді. Қазақ халқының бастаушысы болып жүрген билер өздері шығарған әдет заңын бәрінен талап етіп сол жолда хандарға да, батырға да, байға да бірдей көзқараста болып заңды бұзушылыққа жол бермеген. Оған дәлел ретінде Сырымның Мөңке биге айтқанын мысалға алуымызға болады. Билер мен шешендер қоғамда ұлттық идеологияның жарқын насихатшысы бола білген. Билеріміз сол замандағы байлардың озбыр іс - әрекеттеріне тосқауыл бола білген. Ұлт болашағының дамуына билерімізбен шешендеріміздің қосқан үлесі өте зор. Қазақ халқының өнер айдыныда шешендік өнер қоғамдық даңққа ие екенін Сәкен атамыз айтқан болатын. Күрделі, ауқымды дауларда әділ төрелік ету ол қиынның қиыны. Бұл өнер қоғам қажеттілігінен туындаған, ал шешендік өнер болмаса түйінді мәселелердің шешілуі екі талай еді.
Орыс ғалымы Гродеков өз еңбегінде қазақ даласындағы заңдар жинағы туралы мәлімттер береді. Және бұл заңдарды жасаушы билер екенін жазған болатын. Сонымен қатар осы еңбегінде олардың жақсыларымен жайсаңдары жыл сайын Мартөбенің басына жиналатыны және онда кеңес өткізілетіні айтылған. Онда талқылайтын мәселелер жайлау, қыстау, халық ішіндегі даулар және де басқа да тақырыптар ортаға салынып шешеім қабылданатын болған. Бұл мәліметтерді көріп отырып мұндай жиындар тек қана Тәуке ханның тұсында болмағынын оның бұрыннан бері солай кеңес құрылып шешелетіндігін көруге болады. Оның тағы бір дәлелі ғұн мемелекетінің жыл сайын ақсақалдарының кеңесі өтіп онда құрбандық шалатыны дәлел. Осындай кеңесте маңызды мәселелерді талқылау ғұн дәуірі кезінен жалғасып келе жатқан дәстүр секілді, бұл дәстүр қазіргі заманның кеңестерімен үндесіп тұрғандай. Би әдет заңында бас тұлға ретінде саналады. Би болып заң шығарып және де кесімді пікір айту ол кез - келген жанның қолынан келе бермейтін іс. Биге тән қасиеттерді халық білгеннен кейін өзі оған мойынсұнып барған. Сол кездегі биді би деп мойындау үшін бірнеше талаптарға жауап берген:
* Халықтың ежелден келе жатқан дәстүрін білсе, тарихын;
* Халықтың тұрмыс - тіршілігін;
* Қазақ даласының заңдар жинағын;
* Шешендік;
* Өнерлі;
* Халық алдында беделі;
* Әділетті ;
Осынау талаптарға сай келсе ғана би атанып, билік айтқан, заң шығарған. Қазақ елінің маңдайына біткен асыл билеріміздің бойында осы қасиеттердің барлығы табылған. Бұл билерге ел болып халық болып, дауласушы тараптар, әділетке жете алмай жүрген жандар барып жүгінген. Билер де бұл жауапкершілікті толығымен сезініп, алдына келген қандай болмасын дауларды шешіп, тең дәрежеде екі тарапты да риза қылып қайтарған. Бірде Есентемір ауылының отыз жылқысын көршілес отырған жігеттер барымталап кеткен екен. Сонда халқы қатты қиналып Бөкен бидің көмегіне жүгініп келген екен сонда халқы болған жайды түсіндіреді. Бөкен ауырып жатырмын халім жоқ бара алмаймын деп қайтарады. Мұны естушілер Бөкеннің көңілін сұрап келушілер көбейеді. Барлық көршілес ауыл болып жағдайын сұрап келеді. Сонда жылқыларын барымталап кеткен ауылдың биі келіп халін сұрайды. Сонда Бөкен жануардың еті - сенде, дерті менде болып тұр деген сөзін түсінген би есентемір ауылына отыз жылқысын қайтарып береді. Біз бұдан айлакерлік емес тапқырлықты ұғынамыз. Билеріміздің мұралары, айтқан ойлары тұжырымдары барлығы халықтың ауыздан - ауызға айтып жеткізіп келе жатқан асыл мұрасы, рухани қазынасы. Билеріміздің асыл қасиетінің бірі және бірегейі ол халық туралығын сұрағанда бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ деген мақалды алға тартып оны дереу шешіп беруінде. Шешендік өнер кез - келген жерлерде айтыла беретін дүние болмаған оны көбі жиындарда, ойын - тойларда айтылады деп ойлайды. Ерте кезде жас балаларға арналған ұшқырлыққа, тапқырлыққа байланысты шешендік өнерге байланысты көптеген жарыстар екен. Ділмәрлық жарысқа түскеннен соң қазақ тілінің байлығын кеңінен зерттеп зерделейді. Радлов өзі қазақ халқына таң қалғаны соншалық бастысы сөзді лезде табатын тапқырлығына кейін ерекше ырғақпен сөйлегеніне сүйсінеді [, 17]. Тағы да орыс ғалымы М.П. Мелиоранскийда қазақ тілінің сондай мөлдірлігін, тазалығын айтып түркі халықтарының ішіндегі ең бай тіл деп атаған болатын. Қазағымның ұлы даласы ән салып тұрғандай тұрады екен себебі мқндағы халықтардың барлығы да шешен сөйлеген. Еңбектеген жас сәбиден еңкейген қарияларымызға дейін осы бір тамаша табиғи дарынды бойларына сіңірген. Қазақ даласында билер біршама зерттеу еңбектері бар. Ділмәрлық сөздерді зерттеген ғалымдарымыз шешендік өнермен билер сөзін бір арнада қарастырды. Би титулы қазақ даласында ежелгі заманнан келе жатқан атау екенін білеміз. Халықымыздың жүріп өткен жолында билердің атқарған қызметі зор. Себебі олар елдің тыныштығымен, ру және тайпаларды бір тудың астына жинай білді. Ділмәрлық сөздердің саяси мәнін билердің шешендік сөздерімен байланыстырғанда көрінеді. Би титулы қалың халық ұғымында мұрагерлікпен беріледі екен деген ойға келеді, бірақ ой ол мүлдем қате. Себебі би титулы мұрагерліктен атадан балаға берілмейді бұл жөнінде бірнеше ғалымдардың ойынша әкесі би болып тұрып сол билік баласына берілгендер аз. Би сөзінің шығу тегіне келетін болсақ ғалымдардың пайымдауынша үйсіндердің көсембасылары күнби аталғанын және де би атауы осы атаудан шыққанын айтады. Оның мағынасы жердегі әмірші деген мағынаға саяды. Қаңлы мемлекетінде де мемлекеттің басшысын би деп атағандарын айтады.

1.2 ШЕШЕНДІК ШЕБЕРЛІК

Қазақ халқы бағзы заманнан сөздің құдіретін айырықша түсінетін халық екені белгілі. Еліміздегі шешендік өнер шығармашылығы кеңес дәуірі кезінде қадір қасиеті мен маңыздылығы жойыла бастаған еді. Шешендеріміздің шығармашылығы тек дидактикалық құрал ретінде пайдаланылды. Оның мәнісін ашуға мүмкіндік берілмеді. Шешеннің ең басты талабы ол халықты өз сөзіне иландырып қана қоймай сендіріп баурап алу. Шешеннің шеберлігіне қойылатын талаптар:
* Әділдік;
* Иландыру
* Мақсатқа жету;
* Тыңдармандарын баурап, рахатқа бөлеу;
Осынау қасиеттерді бойын сіңірген өнер иесі нағыз шешен атағына ие болады. Шешендік өнер мына жүйеге бағынады яғни бірінші шешендік сөздің тақырыбы бірінші дүниеге келеді. Тақырып белгісіз болған жағдайда шешен өзінің ойын нақты түрде бір жүйеге теліндіріп айта алмайды. Шешендік сөздің тақырыбы пайда болған кезден бастап соған байланысты материалдар жинақтап, зерттеп, сараптайды, саралайды. Орыс ғалымы М.В. Ломоносов шешендік өнерді өзінше жіктеп ұсынған болатын. Ол тақырыпты түсіну, әдемілеу, бір қалыпқа түсіру, содан кейін соларды жинақтап айту. Ғалым бұл сөздердің әрбіреуіне сипатта жасап берген болатын. Ділмәр сөздің қосымша сатыларын, кезеңдерін М.Т. Цицерон нақты әрі толымды шешен сөйлеу табиғатын ашуда пайдалы. Шешендік өнер сурет салатын жандар, ақындар секілді табиғи дарыны бар адамдар ғана болады. Шешендерге де билер сияқты талаптар қойылады олар көсіліп сөйлеу үшін ең алдымен қазақ елінің тарихын, салт - дәстүрін, ідеп заңын, билер шығарған заңдарды жетік білуі керек. Қоғамда болып жатқан даулы мәселелерді шешуін бір ауыз сөзбен беру ол жақсы сөйлеймін дегендердің қолынан келмеген. Кіші жүздің би шешендерінің шешендігін алған кезде әрине біз бастауын Әйтеке би бабамыздан бастаймыз. Кейін Есет Көкіұлы, Түрке би, Атақозы секілді билерімізді жалғасытырып айтып кетпесек болмайды. Атақозы Айтқұлұлы өзінің суырып салмалығымен емес елінің жерінің қамын жеген асыл билеріміздің бірі. Күндердің бір күнінде Алаша Байсал мал беріп, Сырымның қызын алғысы келеді. Бірақ та Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтынын айтады сөйтіп ол кері малын қайырғысы келетінін айтады. Бірақ малын бергісі келмеген Сырым қызды ал қызды алмасаң, малың берілмейді деп шарт қояды. Екеуі Атақозы биді шақырып алады. Үйінің алдына барып тұрған Атақозыға Байсал ар - ожданына тиіп, жүдеп - жадаған түрін, дене бітімін сынай бастайды. Сонда Атақозы би өткір тілімен керісінше оның халықты қанап халықтың несібесін жеп отырғанын сынап айтады. Сөзден ұтылған бай үйіне кіргізіп құрметтеген екен.

2 ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ЖАНРЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БӨЛУ

2.1 ШЕШЕНДІК ДАУ

Шешендік сөздерді барынша саралау мақсатында оның теориясы мен тарихына назар аударуымыз қажет. Талдау барысында аталмыш қағидаттарға сүйену арқылы біз келесі мәселелердің тереңіне жетеміз:
oo шешендік сөздердің даму ерекшеліктері айқындалады;
oo олардың жанрлық қалыптасу тұстары анықтала түседі;
oo жанрлық ерекшеліктердің шешендердің толғауларына әсер ету дәрежесі саралана түседі;
oo әдебиет теориясы саласында еңбек еткен ғалымдардың ғылыми пікірлеріне жыр мен толғаулармен өзара астастыра аламыз;
oo әдебиет тарихы бағытындағы концепцияларды жырлардың контекстінен анықтай аламыз.
Ендігі кезекте, шешендк сөздердік жанрлық ерекшеліктеріне тоқтала келе, біз, әрине, олардың дау, толғау, және арнау атты түрлеріне назар аударамыз. Ең алдымен, осы жанрларға жеке-жеке тоқталмас бұрын, біз жалпы аталмыш жанрдағы шығармады не себепті осындай типтегі жіктеліске түскендігін айқындап алумыз қажет. Аталмыш мақсатқа жету барысында біз келесі мәселелерді айқындап аламыз:
oo шешендік сөздердік даму барысында тақырыптық ерекшеліктердің бөлініске қатысы;
oo шығармалардағы тілдік ерекшеліктерің жанрарлық тұстары;
oo автордың дербес сөз стилінің мәтін бойынан көрініс табуы;
oo бір жанр шеңберіндегі бірнеше шешеннің шығармаларын өзара аналогиялықтарға саралау жұмысын жүргізу;
oo бір жанр шеңберіндегі бір тарихи аймақтағы ақындардың шешендік сөздер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар;
oo бір жанр шеңберіндегі әр түрлі тарихи аймақтардағы ақындардың шешендік сөздері контекстіндегі ерекшеліктер;
oo бірнеше жанр арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Осындай мәселелерді жеке-жеке саралап, барлығының идеяларын бір арнаға тоғыстыра арқылы, біз дипломдық жұмыстың бұл тарауының ғылыми-зерттеу жұмыстарын барынша толық атқара аламыз.
Жалпы шешендік сөздердік жанрлық бөлінісіне келетін болсақ, біз оның әрқайсысының дербес ерекшеліктері менен олардың өзара қандай байланыста бола алатынын айқындай аламыз.
1. шешендік дау;
2. шешендік арнау;
3. шешендік толғау; [1, 39].
Жоғарыдағы бөлініс - әдебиеттану ғылымындағы бекітілген негізгі жіктелістердің бірі. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігін зерттеген ғалымдарға С.Негимов, М.Кемел, Б.Адамбаев, Г.Қосымова. т.б. сынды зерттеушілерді жатқызамыз. Сонымен бірге аталмыш жанр тек қана әдебиеттанау тұрғысынан емес, сонымен бірге поэтика, яки, көркем сөз жүйесі бойынша және тілдік, біздің жағдайда стилистикалық тұрғыда зерттелген болатын. Сол себепті де бұл тарауда неғұрлым нақты нәтижелерге жету мақсатында біз бірінші кезекте жалпы жанрлық бөлініске түскен шешендік сөздердік даму ерекшеліктеріне тоқталамыз. Сонымен бірге аталмыш ғылыми бағытта еңбек еткен ғалымдардың пікірлерін жан-жақты саралауға тырысамыз.
Жалпы кез - кез келген шығарманы жанрға бөлу үшін оның тек пішіні мен мазмұнына назар аудармайтынымыз айдан анық. Әдебиеттанушы ғалым, академик және жазушы З.Қабдоловтың ғылыми пікірлеріне сүйене отырып, белгілі бір көркем дүниенің жанрға бөлінуі сонымен белгілі тарихи заңдылықтарға, эстетикалық және поэткалық категориялардың ерекшеліктеріне, автор, уақыт пен кеңістік, субъект пен объект - барлығы біртұтас үрдістің бір - бірінен ажырамайтын детальдар екендігіне күмән келтірмейміз [2, 56].
Cондықтан да жанрлық бөлініске жіктелудің толыққанды әлеуетін анықтау үшін, біз, келесі ғылыми талдау алгоритміне сүйенуіміз қажет:
oo ғылыми деректерді жинаудағы ғылымдардың зерттелу тарихына көңіл бөлу;
oo жанрлық ерекшеліктерге қатысты ғалымдардың айтқан тұжырымдамаларды барынша саралау;
oo шешендік сөздер түрлері - дау, толғау, арнау - барлығына жеке-жеке тоқталу;
oo Батыс Қазақстанның тарихи аймағының шешендері мен ақындарына тоқталу;
oo аталмыш авторлардың өздеріне ғана ерекшеліктерді анықтауға тырысу;
oo оларды өзара ұқсастықтарға талдау жұмысын жүргізу.
Жанрлық ерекшеліктерге тоқталмас бұрын, ең алдымен, олардың қандай сипатта жиналғанына назар аударуымыз қажет.
Шешендік сөздер фольклорлық шығарма болмағанмен, олардың зерттелу үрдісі аталмыш жанрдағы шығармаларға ұқсас деген қорытындыға келуге болады. Біріншіден, олардың авторлары болғанына қарамастан, шешендік сөздер ауыздан ауызға тарап, олардың қағаз бетіне түсуі де бір уақытта жүзеге асқан үрдіс емес. Екіншіден, олардың зерттелу үрдісі тек бірнеше тарихи және ғылыми-зерттеу кезңдерінен өткен болатын.
Тарихилық тұрғысына келетін болсақ, бұнда аталмыш үрдістің жалпы бағытына көңіл бөлеміз. Осы тұрғыда біз оларды келесі түрде қарастыра аламыз:
oo ХІХ ғасырдағы шешендік өнердің зерттелуінің жалпы ғылыми сипатта болуы;
oo ХХ ғасырдың басындағы аталмыш жанрдағы туыныдылардың ұлттық контекстіде зерттеле басталуы;
oo ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі шығармалардың кеңестік иедологида қарастырылуы;
oo ХХ ғасырдың екінші жартысында шешендік сөздердің әдебиет теориясы тұрғысынан талдана түсуі;
oo тәуелсіздік заманындағы шешендік сөздер туралы идеялардың жаңа, либералды көзқарас сипатында талдануы.
Ал ғылыми-зерттеу сипатындағы жұмыстардың эволюциялық дамуына назар аударатын болсақ, онда біз негізгі мәнді әдіснама, идеология және ғылыми қағидаттар деген ұғымдарға назар аударуымыз қажет. Біріншіден, әдіснамаға назар аудару арқылы шешендік сөздердің тарихылығы мен жалпы ғылыми зерттеулердегі орны анықталады, Екіншіден, идеология бұл тұрғыда оларды тек қана ғылыми тұрғыда емес, сонымен бірге ұлттық мұра сипаты жағынан қарастыруға өзінің ыпалын береді. Үшіншіден, ғылыми қағидаттар тікелей тұрғыда ғылым салалардың әдістемесімен байланысты екендігін ойымыздан шығармаймыз. Енді осы жүйе тұжырымдамаларды теория тұрғысымен саралауға тырысайық.
Неғұрлым толық талдау жасау мақсатында С.А.Қасқабасовтың ғылыми теорияларына мән беруге тырысайық.
Автордың пікірінше, көшпенді халықтардың ауыз әдебиетін ғана емес, сонымен бірге өзге де ертедегі тарихи шығармалардың зерттеленуі келесі ғылыми фазалардан тұрады екен:
1. туындылардың ғылыми зерттеу нысаны ретінде емес, тек қана мәдени және этнографиялық ақпарат алу жинала бастауы;
2. қазақ жерін отарлау барысында патша мемлекетінен келген миссионерлер мен поптарды есеп берудегі деректер типі ретінде қолданылды;
3. тілдік ақпарат ретінде: сөздіктен мен тарихи, географиялық карта жасалану үшін қолданылды [3, 137].
Алғашқы үш фазаға назар аударайық. Қазақ әдебиеті контекстіндегі шешендік сөздердің зерттелуі жоғарыдағы барлық үрдістерден өткеніне күмән келтірмейміз. Мысал ретінде ХІХ ғасырда аталмыш жанрдағы туындылар туралы құнды деректерді Ш.Уалиханов қалдырған. Жоғарыдағы жүйеге назар аударатын болсақ, бұнда ғалым автор тарихи және мәдени сипаттағы зерттеуге негізделіп, туындыларды этнографиялық мақсатта талдаған болатын.
Бұнда ескеретін детальдардың бірін ретінде ғалымның шешендік сөздерге, біріншіден, тек жалпы сипатта қарастырғанында. Неге десек, автор ол кезде әдебиеттанудағы теориялық аспектілерді терең зерттемегенінде. Екіншіден, автор оларды фольклорлық шығармалар: лиро-эпостық жырлар, эпостық жырлар, өтірік өлеңдер, мақал-мәтелдер, т.б. қарастырғандай деңгейде зерттеген болатын. [4, 58].
Бұл тұрғыда жалпы ақпарат алу мақсатында қазақ жерінде кішігірім салыстырмалы зерттеу жүргізген Р.Радлов, Н.Ильминский, Г.Потанин, В.Мелиоранский, т.б. сияқты ғалымдарды айтуға болады. Олардың еңбектері негізінен статистикалық деректер мен жалпы таныстырушылық қызметке ие деген қорытындыға келе аламыз.
Кейін, уақыт өте келе, Х.Досмұхамбетов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар шешендік сөздерді неғұрлым терең зерттеу үшін олардың жанрлық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, бұл салада көптеген жетістіктерге жете бастады.
Әдебиеттанушы ғалымдар бұл тұста тарихи қағидаттарға сүйенсе де, мәтінтану жағына да ерекше мән беріп, талдау жұмыстарын көптеген салалармен байланыстыра білген. Олар осы салада тұжырымдамалар жасамас бұрын, ХІХ ғасырдағы ғалымдардың ізденістеріне сүйенген болатын. Сол себепті де, ең алдымен, соларға назар аударайық.
Мысал ретінде Ш.Уалихановтың зерттеулеріне назар аударсақ, тарихи зерттеу қағидаттарына сүйнегенін байқаймыз. Ғалым негізгі мәнді қазақ халқы контекстідегі би және шешен түсініктерінің табиғаты мен ұлт діліндегі орнына берген болатын. Қазақ халқында бұл атақтарды алу үшін екі нәрсе шарт болған. Біріншісі - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан заңдарын жетік білу болса, екіншісі - қазақтың көркем де жалпақ тілін шебер қолдануында. Сол себепті де ғалыми әр тарихи кезеңдердегі би-шешендердің бұл қабілеттерін тек қана көркемдік жағынан емес, сонымен әлеуметтік-қоғамда маңызды орын алатын феномен ретінде қарастырған болатын.
Мысал ретінде ғалым бұл тұста шешендердің қандай субьектілермен жырларымен байланысты болғанын анықтауға тырысты. Нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы, ХVІІ- ХVІІІ ғасырдағы билердің қызметтерін саралауға салған. Сол тарихи дәуірдегі Төле би, т.б. шешендік өнер иелері тек қана туындыларын жалпы халыққа емес, сонымен бірге хандардың өздеріне арнаған [5, 85]. Осы айтылғандардың барлығын бір арнаға тоғыстыратын болсақ, келесі тұжырымаларыдың шешендік сөздердің жанрларға тұрғыдағы бөлініске қатысты екендігіне көз жеткіземіз:
oo шешендік сөздердің қазақ даласындағы Қасым, Есім және Тәуке хандардың заңдарын жетік біліп, би қызметінде оларды халық арасында қолдана білуі - жұрт арасындағы түрлі қоғамдық мәселелерді шешуге өз қызметін атқарған болатын;
oo қоғамда байлар, сұлтандар мен батырлар қуатты ықпалға ие болғандықтан, билер мен шешендер оларға арнап шығармалар жазған болатын;
oo оларды зан сайлағандықтан, маңызды жұмыстардың бірі ретінде хан мен билеушілерге оз ақылы мен даналығын айту болды;
oo шешендер көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болғандықтан, өз артында көптеген өмірге қажетті туындыларын қалдырған болатын.
Ендігі кезекте осы айтылғандарды жанрлық ерекшеліктермен өзара астастыруға тырысайық. Егер де бірінші тұжырымдама шешендік даудың сипатына тән болса, екінші және үшінші идеялар шешендік арнаудың қырларын анық көрсетіп тұр. Үшінші ғылыми пікір шешендік толғауға тән екендігіне көзіміз жетеді. Демек, жанрлық бөлініс тарихи тұрғыда қалайша қалыптасатынына көзіміз жетіп тұр. Сол себепті аталмыш идеяларға негізделіп, біз бұл дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып отырған Батыс Қазақстанның тума би-шешендерінің ешендік дау, арнау және толғау түрлерін талдай аламыз. Ең алдымен, шешендік дау түріне тоқтала кетейік. Бұл түрін неғұрлым терең талдау мақсатында келесі міндеттерді орындауға тырысамыз:
1. аталмыш жанрдың табиғатын әдебиет теориясы тұрғысынан саралау;
2. бұл түрге жататын шешендік сөздерді кімдерге байланысты туындағанын анықтау;
3. ғалымдар пен зерттеушілердің еңбектеріне көңіл бөлу;
4. аталмыш жанрға тән шығармаларды әдебиет тұрғысынан талдау;
5. шығармаларды поэтика тұрғысынан талдау;
6. шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты саралау;
7. Батыс Қазақстанның тума шешендерін өзара ұқсастықтар мен айырмашлықтарға талдау;
8. Аталмыш жердің би-шешендерін мұрасын елдік басқа аймақтарындағы ақындардың шығармаларымен салыстыру.
- - Ең алдымен, аталмыш жанрдың өзіне тоқталу үшін келесі мәселелерді айқындап кетейік:
oo шешендік даудың әлеуметтік факторлар негізінде қалыптасуы;
oo шешендік даудың қоғамда атқарар маңызы және пайдасы.
Аталмыш жанрдың қазақ қоғамындағы рөліне келетін болсақ, оның қазақ халқының дәстүрімен, ата-бабалар мұра еткен мәдени құндылықтар мен қоғамдағы орын алып жатқан жағдайлармен тығыз байланысты. Шешендік дау да арнау және толғау деген түрлері секілді өзінің мазмұндық қағидаттарға негізделген түрлері бар. Соларға келесілерін жатқызамыз:
1. жер дауы;
2. жесір дауы;
3. құн дауы;
4. ар дауы;
5. мал дауы [6, 45].
Бұлардың барлығы қазақ халқы өмірінде маңызды орынға ие болғанына күмән келтірмейміз. Демек, қандай туынды қандай жанрға тән болмасын, оларлдың әрқайсысы қоғамдық мүддеге сай қолданып, әлеуметік, яки, күллі халықтың өкілдері қажеттіліктері негізінде туындағанына көзіміз жетеді.
Жоғарыдағы әрбір пунктіге назар аудара отырсақ көптеген тарихи маңыздылыққа ие фактілерге көз жеткіземіз. Аталмыш жанрдағы шешендік сөздер қазақ сахарасындағы заң мен әділеттілікті қалыптастыратын институт іспеттес. Қарапайым тарихтан белілі Қасым, Есім және Тәуке хандардың жарлықтары би-шешендердің бейне бір әліппесі іспеттес болды. Олар солардың негізінде ел арасындағы дау-жанжалдарды тек қана қызыл тілмен емес, нақты фактілер, ережелер мен заңдарға негізделіп отыратын. Мысал ретінде тарихтан күллі халықа мәлім бұрындағы Қасқакөлдің дауын алайық.
Бұнда негізгі би-шешендер ұлы жүздің Төле биі, орта жүздің Орманбет биі мен біздің зерттеу нысанымызға қажет кіші жүз (Батыс Қазақстан билерінің бірі) шешендік өнердің майталманы Әйтеке би.
Бұндағы мысалға мән берсек, үш бидің тапқырлығын тек сөз өрнегінен емес, сонымен бірге ой тереңдігі менен логикалық саралау қабілетінен байқай аламыз. Сол себепті де даудың мазмұнына тоқталып кетейік.
Бірініші болып Төле би сөйлейді. Ол Орманбетке қазіргі күнде қарт болса да, бірақ өлмегендігін, тіпті оның қанша рет сәлем беруге мүмкіндігі болса да, жағдайын сұрап, келмегендігін бетіне басып, өзінің ренішін айтады. Дауға тән элемент ретінде Төле би оның әлі жастығын, басар тауы, бағындырар шыңы әлі де көп болатынын, ілгері баратынын, қарттардың бұл дүниеден ерте ме, кеш пе: бір күні кететінін айтып, Қасқакөлді оларға берсін деп даудың шешімін қысқа да нұсқа да қайырғысы келеді.
Бұл тұста Батыс Қазақстанның биі - Әйтеке би өзінің бұл дауға қатысты пікірін дайындап тұрады. Оның мағынасы келесідей:
Егер де байлығың болса, жұртқа көмегін болсын
Батырлығың тасыса, ел жауына найзаң жаусын.
Батыр болып, дұшпанға қаруың тимесе,
Бай бола тұра, елге қызметін келмесе
Өзіңдікінен басқа бөтен үйің күйсін [7, 89].
Міне, осы тұстан біз Әйтеке бидің тек қана дауға қатысты емес, күллі философиялық сарынға толы туындысын байқай аламыз. Ендігі кезекте Батыс Қазақстанның би-шешендеріне көшпес бұрын, шешендік күллі философиясын көрсететін Бұқар жыраудың келесі шешендік сөзіне назар аударайық:
Көш бастау қиын емес,-
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын [8, 89].
Осыдан-ақ біз шешендік даудың тек қана екі жақтың арасындағы жанжалды шешетін сот қызметі емес екендігін, сонымен ру мен руды, отбасы мен отбасыны, адам мен адамды бітістіруші инстутут екендігіне көз жеткіземіз. Бұнда шешуі фактор кестелі сөз өрнегі емес, сонымен бірге логика мен әділеттілкке құрылған шешім маңызды рөл атқарады. Аталмыш пікірді біз келесі Сырымның сөзінен де байқай аламыз:
Сөзді бастау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік сөздер
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік өнердің тарихы
Публицистикалық стиль
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Пәндер