Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазір біздің елімізде бизнестің дамудың бұрын - соңды боллмаған қолайлы ахуалы туып отыр. Бұған аталмыш салаға айрықша көңіл бөліп отыруы сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға қоюы тікелей мұрындық болуда. Былай болатыны, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте жақсы біледі. Ал бұл тектес кәсіпорындар өз ретінде орасан зор ақша айналымы мен жұмыс орындарын жасап қана қоймайды, сонымен қатар өндіріске жаңа технологияны бірінші енгізіп, бизнесті жүргізудің соңғы тәсілдеріне батыл қол создырады.
«Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол. Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда да қаржыландырады. Яғни еңбек әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көегімен сүйене алады. Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Үкіметтің шағын және орта кәсіпрындардың қолдауға бағытталған саясатты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындрдың ары қарай дамуын қалайды». Бизнестің шағын және орта түрлері бар.
Шағын бизнес - ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Кәсіпкерлер табы - нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Шағын бизнесті дамыту.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. «Қазақстан Республикасында қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамытуға, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Кез-келген елдің экономикасы қанағаттанарлық деңгейде дамып отырса да, шағын кәсіпорындардың дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Кәсіпкерлер Конгресінде мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндірілетіндігін, елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайызы құрайтындығын, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбегі ететіндігін айтып өтті». Бірақ, бұл мәліметтер дамыған елдермен салыстырғанда, әлдеқайда аз шаманы құрайтындығы белгілі. Сондықтан, алдағы уақытта шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету мәселесіне ерекше мән әсер ететін негізгі факторлар анықталып, оң шешімін табуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсат: Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың Зерттеу пәні ҚР - дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай - ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар.
Зерттеудің әдістері: тақырыптың өзектілігіне орай жинақтау, талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 9 кесте, 8 сурет бар. Жұмыс 68 беттен тұрады.
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДІРІ
1. 1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер “кәсіпкерлік” терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
1723ж. :Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған;
1725ж. : Р. Контильон : кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж. : Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж. : К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж. : Ж. Б. Сей, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж. : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж. :И. Шумпетер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж. : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж. :А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға
(қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді, идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты - олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің обьектісі - ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:
- жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
- бизнес-жоспарды құру;
- қажетті ресурстарды іздеу;
- құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір -бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі - шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты - барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара - қатнасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі - ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т. б. бөлу.
1. 2 Шағын және орта бизнес түсінігі
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».
Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері
бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес » бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
1. 3 Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5-6 жыл қажет. Екіншіден, көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz