Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын метафорасы және оның аудармасы

Жоспар

Кіріспе 3
1. Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Метафора және оның қызметі мен түрлері 5
1.2.Қазіргі ағылшын тілі лингвистикасындағы метафоралар түсінігі 7
Тарау 2. Ағылшын тіліндегі метафоралық бірліктерді аударудың әдіс-тәсілдері мен аудармадағы кездесетін қиындықтар 10
2.1.Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері 10
2.2. Метафора аударма бірлігі ретіндегі маңызы 13
2.3.Ағылшын тіліндегі метафораларды аударуда кездесетін қиындықтар 19
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе

Әрбір жекелеген ұлт түсінігінде әлем әр түрлі көрініс табады. Бұл, әсіресе, тілде айқын байқалады. Яғни тілдегі әлем бейнесі адамның әлемді тануының негізі. Бұған Б.Уорф пен Э.Сепирдің көзқарастары тұрғысынан қарасақ, әр түрлі ұлт осы ғаламды өзінше танып, өзінше пайымдайды. Демек, тіл біздің ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін" қалпына келтіруімізге мүмкіндік жасайды, тіл арқылы біз ата-бабаларымыздың "ғалам бейнесін" елестетеміз. Адам дүниетанымының басты элементі деп - ғалам бейнесін айта аламыз. Онда адамның дүниені тануының негізгі көріністері жинақталған.
Дүниенің тілдік бейнесіндегі метафоралардың алатын орны өте қызықты да ауқымды мәселе. Метафоралар әлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып табылады.
Метафоралық дүние бейнесінің түп негізінде белгілі бір этномәдени ұжымның сан ғасырлар бойы қоршаған ортаны меңгеруі, игеруі және өзгертуі процесінде қалыптасатын дүниені бейнелі, көрнекі етіп көруі және тануы жатады.
Метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның тілдегі қызметі, тіл, сана, таныммен байланысты сан алуан ғылым салаларындағы термин жасау, жаңа білімді қалыптастыру қызметі, түрлері, мән - маңызы мен қолданылу аясы жөнінде қарастырылып келеді. Көптеген ғалымдар метафораны әлем туралы ойлаудың вербальды әдісі немесе ойлау әрекеті деген тұжырымға тоқталды. Осы мәселемен айналысқан лингвистердің қатарында А.Хили, Р.Харрис, А.Ортони, Р.Рейнолде, Ф.Ницше, П.Риккер, М.Влэн, А.Ричардс, А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, В.К.Харченко және т.б. бар. Олардың жұмыстары 1990ж жарық көрген Теория метафоры жинағында жарық көрген. Ал, қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Г.Зайсанбаева, А.Сыбанбаева, Б.Қасым т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі метафоралық теңеулер.
Метафоралардың басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді.
Ағылшын тіліндегі метафорлар халықтың ұлттық дүниетанымы мен дәстүрінен хабар беруде ерекше қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір ұлт тілінің жасалуына сол халықтың танымы мен түсінігіндегі ақпараттар әсер етеді, яғни кез-келген нәрсені таңбалаушы тілдік бірлік жайындағы ұғымы әр ұлтта әртүрлі дей аламыз.Сонымен қатар, метафоралар күрделі тілдік бірлік болып табылады, оларға едәуір ақпараттық әлеует тән.
Курс жұмысының мақсаты-ағылшын метафорасы және оның аудармасына теориялық және практикалық сипатамма жасау.
Курс жұмысының міндеттері-
-Метафора және оның қызметі мен түрлеріне тоқталу;
-Қазіргі ағылшын тілі лингвистикасынlағы метафоралар түсінігін сипаттау;
-Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдеріне тоқталу;
-Метафора аударма бірлігі ретіндегі маңызын ашу;
-Ағылшын тіліндегі метафораларды аударуда кездесетін қиындықтарға теориялық сипаттама жасау.

Тарау 1. Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар

1.1.Метафора және оның қызметі мен түрлері

Метафораның ең басты мәселелерінің бірі - бұл метафора түсінігінің екі мәнділігінде. Бір жағынан метафора-тіл құралы, тіл бірілігі болып табылса, екінші жағынан сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Метафораның зерттелу тарихына қысқаша шолу жасасақ метафора ХХ ғасырға дейін ақындықтың негізгі құралы ретінде ғана есептелінді, ал осыдан 100 жылдай шамасында ғана метафораның тілдік және көркемдік мәндері бірте-бірте ажыратыла бастады. Қазіргі таңда метафораны екі топқа ажыратады, ол
1. Тілдік метафоралар;
2. Көркемдік метафоралар.
Отандық лингвистикада метафора терминімен қатар: көркемдік метафоралар, ақындық, жеке, жеке-авторлық, шығармашылық, шығармашылық-авторлық, тілдік, стильді метафоралар деп ажыратулар жиі кездеседі. Метафоралар көркемдік бастауларының болуымен ғана сипаталады. Метафораларда артистизмнің сарқыттары да кездеседі. Артистизмсіз метафоралардың болуы мүмкін емес.
Ғалымдар метафоралардың жіктелуіне байланысты бір ортақтыққа әлі күнге дейін келген жоқ қазір біз әрбір ғалымның жеке-жеке жіктеу үлгілеріне тоқтала кетейік. О. С. Ахманова метафораларды 5 типке ажыратады, олар:
-гиперболалы метафора;
-лексикалық метафора;
-нәтижелі метафора;
-нәтижесіз метафора;
-ақындық метафора етіп 5 типке ажыратты.
Б.Н. Томашевский метафораларды 2 - ге ажыратты, олар: стилистикалық және тілдік меафоралар. А.В. Бельский метафораларды ақындық және риторикалық етіп жіктейді. Ю.С. Язикова метафораларды екі ірі топқа ажаратады, олар: тіл метафоралары және стиль метафоралары, тілдік метафоралардың өзін генетикалық (орындықтың арқасы, қаламсаптың басы және т.б.) және ауыспалы мағыналы метафораларға (алтын мінез, алтын қолдар және т.б.) жіктеді. А.В. Бельский екінші типтегі метафораларға риторикалық метафолар деп атады. Осы ғалымдардың ішіндегі А. В.Калининаның метафора жіктеуін көптеген ғалымдар қолданады. Өйткені, бұл зерттеуші фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, тілдік мүмкіндіктерді ескеру арқылы отырып метафораларды жіктейді.
А.В. Калинина метафораларды қолдану дәрежесіне байланысты 3 топқа ажаратады, олар:
-метафора-бір сөздің орнына екінші сөзбен орын ауыстыруын айтамыз. Мысалы мұрыныңның ұшындағыны білмейсің.
-жалпы тілдік метафоралар. Мысалы, қап-қап әңгіме. Мұндай метафораларды сөздіктерден табуға болады, бұл метафораларды ауыспалы деп те атауға болады.
-автордың жеке стиліне байланысты жасалынған метафоралар. Бұл образды метафоралар белгілі бір ақынның жаңадан тапқан метафоларын айтамыз. Мысалы орыс тілінде мына сөздерді аайтуымызға болады: "ситец неба", "кровинки ягод", vehicle of his daily business life.
Аударма барысында метафоралар көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер тілдің және аударылып жатқан тілдің этимологиялық және лексикалық өзгешеліктеріне байланысты туындайды.
Сонымен метафора (гр.ауысу)-сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасын-дағы, атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр. Осы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармаларына ден қойып, ондағы метафоралық құбылыстардың сипатын ұлттық болмыстан, ұлттық нақыштан іздеу және әлемдік метафораны салыстыра қарастыру біршама зерттеу нысанына айналып келеді.
Қазіргі тіл біліміндегі ғалымдардың еңбектерінде метафораның лингвистикалық табиғаты кеңінен түсіндіріліп, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетілген. Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп, оған құрылымдық сипаттама жасалған. Сондай-ақ, жеке суреткер-ақындардың шығармаларындағы өзіндік сарын, өмірдегі құбылыстар дүниелерді суреттеуін жеке-жеке жүйелеп талдаған (Г.Н. Зайсанбаева, А. Есқараева, Э.Р. Когай, А. Сыбанбаева т.б.).
Әрбір ғалым, әрбір ұлттың ғалымы бұл мәселені зерттеуде өзінің сипаттау аспектісін таңдап, өзіндік зерттеу пәнінің негізін қалыптастырады. Бұл метафораның терең сырлы табиғатын айқындап, оның пайда болу үрдісін білу, метафора теориясының қалыптасуы үшін аса маңызды болды.
Метафора - ұлттық тілдегі өзіндік күрделілігі бар, әр түрлі ұлттық бояуға қаныққан категория. Метафораның тамыры ұлттың дамуы, қалыптасуы, сонымен қатар, оның өзіндік мәдениетінің, тарихының, халықтың менталитетінің қалыптасуында жатыр. Метафора қоғам мен тілдің тікелей сабақтастығының әсерінен ұлт дамыған сайын әр түрлі сипатта көрініп отыратын бірлік.
Метафора - жалпы әмбебаптық сипаты бар құбылыс, сонымен қатар ол ұлттық дүниетанымға, сол тілді қолданушы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, қоршаған ортасына тән, бір сөзбен айтқанда, мәдениеттің тілдегі көрінісі. Метафораның дамуынан, оның жеке авторлық қолданыс аясынан ұлттың дамуын, тілдің даму көрінісі аңғарылады. Себебі, тілдегі ұлттық сурет, әлемдік сурет, адам интеллектуалы үнемі, шексіз, қарқынды дамуда болады.
Автор туындысында кездесетін метафоралардың белгілі бір және әр түрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағанын байқадық.
Ал енді метафоралардың жасалу ерекшеліктеріне байланысты ажыратылған 5 түріне жеке-жеке сипаттама берейік.
Құрылысы жағынан алғанда, қазақ әдебиетінде метафораның бес түрі бар, яғни, бес түрлі жолмен жасалынады:
-бірінші, метафораның жай түрі;
-екінші, жалғаулар арқылы жасалынатын метафора;
-үшінші, көмекші етістік арқылы жасалынатын түрі;
-төртінші, күрделі метафора немесе метафораның ұлғайған түрі;
-бесінші, метафораның бейне бір, тең деген сөздердің көмегімен жасалатын түрі.

1.2.Қазіргі ағылшын тілі лингвистикасындағы метафоралар түсінігі

XX ғасырда тіл білімі саласында метафораны зерттеудің жаңа бағыттары пайда бола бастады. Аталған бағыттар метафораны танымдық тұрғыдан зерделеумен сипатталады. Метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның тілдегі қызметі, тіл, сана, таныммен байланысты сан алуан ғылым салаларындағы термин жасау, жаңа білімді қалыптастыру қызметі, түрлері, мән - маңызы мен қолданылу аясы жөнінде қарастырылып келеді. Көптеген ғалымдар метафораны әлем туралы ойлаудың вербальды әдісі немесе ойлау әрекеті деген тұжырымға тоқталды. Осы мәселемен айналысқан лингвистердің қатарында А.Хили, Р.Харрис, А.Ортони, Р.Рейнолде, Ф.Ницше, П.Риккер, М.Влэн, А.Ричардс, А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, В.К.Харченко және т.б. бар. Олардың жұмыстары 1990ж жарық көрген Теория метафоры жинағында жарық көрген. Ал, қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Г.Зайсанбаева, А.Сыбанбаева, Б.Қасым т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі метафоралық теңеулер.
Метафоралардың басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді.
Белгілі бір мағына екі түрлі ұлт тілінде әр басқа ұғымдармен коннотацияланып, өзіне ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс табады. Мысалы, ағылшындарда hare жылдам қимылдайтын, бірнәрсені тез істейтін адам жайында жағымды ассоциативті образ ретінде қолданылса, қазақтарда қоян зоонимі қорқақ адам жайында жағымсыз мәнде қолданылады. Егер ағылшынар біреуді bear десе, онда ол ебедейсіз, дөрекі адам жайында айтылғаны.
Ағылшындардың танымында жағымсыз құпияны сипаттау үшін ұйықтап жатқан иттің образы алынса (а sleeping dog), ал қауіп - қатер үндемей жатқан итпен (a silent dog) ассоциацияланады. Бұл жерде let sleeping dog lie тәрізді нақыл қазақ тіліндегі тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа деген мақалмен, beware of a silent dog & still water нақылы қазақ тіліндегі үндемегеннен үйдей бәле шығады тәрізді көзқараспен астарласады. Ал, үріп жатқан иттің (barking dog) образы, керісінше көңілдегі қорқынышты сейілтеді: barking dogs seldom bite (сөзбе - сөз: үріп жатқан ит анда - санда тістейді).
Help a lame dog over a stile (сөзбе- сөз: ақсақ итке кедергіден шығуға көмектесу) тұрақты тіркесі біреуге қиыншылықта, басына іс түскенде көмек беру, біреуді қиыншылықтан алып шығу мағынасында қолданылады. Бұл жерде қиыншылыққа ұшыраған адамның образы ақсақ итпен (a lame dog) астарласқан. Мысалы: ″He would always help a lame dog over the stile, that was his boast.″ (F. Hardy).
Ит қазақтардың танымында жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі мүшел жылдың біріне кіреді. Ит жеті қазынаның бірі, - дей тұра халқымыз оны жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Қазақтардың тілдік қауымдастығында біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынатыны белгілі. Оған: иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған, ит адам, ит жыны келу т.б. мысал бола алады. Сондай - ақ, біреудің тұнығын лайлап, адалын арамдап жүрген тоғышар адамдар сүтке тиген ұры итпен ассоциацияланады.
Мінезі нашар адамның прототиптік образы ретінде ит алынып, ит мінезді аталса, әлсізге әлімжеттік қылатын адам туралы да ит (таз) ашуын тырнадан алады дейді. Сол сияқты, бет - аузын, басын, шашын қайта - қайта сипап, сәнденіп әлекке түсетін сәнқойлардың қылығы жарасын жалаған итпен салыстырылады. Ал, өзінің мықты тірегіне, күшті туыстарына сеніп, шүйкедей бойына қарамай, түйедей адамдарға жұдырық жұмсайтын оспадар мінезді, шолақ ақылды тентек адамның қылық - әрекеті түйеге жармасқан иттің әрекетімен ассоциацияланады . Оған қоса, итке тұмар жараспас деп оны келемеждеп де отырған.

Тарау 2. Ағылшын тіліндегі метафоралық бірліктерді аударудың әдіс-тәсілдері мен аудармадағы кездесетін қиындықтар

2.1.Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері

Аудармашы бір қарағанда бастапқы мәтінде аз көрінетін көркем сөздермен жиі кездесіп, оларды аударуы қажет болуы мүмкін. Іс жүзінде әрбір мәтін стилистикалық жағынан тілдік бірліктердің ерекше қызметін атқаратын көркем сөзді жеткізуші троптар, басқа да тіл құралдарынан тұрады. Бір тілден екінші тілге әртүрлі стилистикалық қызметті атқарушы құралдарды аудару бастапқы эмоционалды-эстетикалық ақпаратты сақтауға немесе қайта құруға көмегі тиетін ерекше түр өзгерісін талап етеді.
Аударма барысында көп кездесетін стилистикалық бірлік метафора болып табылады. Бағзы заманнан адамзат әлемнің бар кереметін бейнелеуде сөзді қолданған. Көптеген тілдерде қоршаған ортаны ұғындыратын ежелгі антропоморфты формалар кездеседі. Мәселен, барлық заттарды белгілеріне сәйкес ер немесе әйел заты деп бөлу еді. Қазақ тілінде заттарды мужской, женский және средний род деп ағылшын, неміс немесе орыс тіліндегідей бөлмейді. Бұрынғыны бейнелеу тәсілі мәдени жағынан ақпарат басқа болса да, оны түрлі тілде әртүрлі етіп жеткізеді. Қазіргі кезде бұл жағдайлар тілдік бірліктердің үйлесімділігіне сәйкес келмегендіктен өзгеше, яғни метафоралық бірлік ретінде қарастырылады.
Мәселен, ағылшын тілінің ескі түрінен енген жануарларға қатысты метафораларға өзгеше белгілер тән. Жануарлар мен құстар атауларының көптеген бөлігі ағылшынның мәдени-тілдік ұғымдарында һе, яғни мужской родтағы бейнені бейнелеу ұғымымен байланысты болады. Қазіргі таңда ол грамматикалық жүйе бойынша іt, яғни средний родқа жатады. Не метафоралық негізі әдетте ағылшын тілінде Frog, Fish, Caterpillar, Tortoise сөздеріне тән болса, салыстырмалы түрде бұл атаулар орыс тілінде әйел затын білдіріп, грамматикалық жағынан женский родқа жатады. Стилистикалық тәсілдермен мәтіндегі сөздердің морфологиялық белгілерін функционалдық ауыстыру арқылы ауыстырғанда мәтін мазмұны өзгермейді. Мысалы:
`When we were little,' the Mock Turtle went on at last, more calmly, `we went to school in the sea. The master was an old Turtle - we used to call him Tortoise.'
Таңғажайып Әлеміндегі Алиса ертегісінен алынған бұл мысалда тас бақа атауы ер бейнесін сэр, ол, мұғалім деген сөздер арқылы берілген. Аударма жасау барысында аудармашы ер бейнесін анық көрсету үшін атай сөзін контекстке сай қосады:
Кейін Тас бақа сәл тынышталып, терең демалып, сөйлей жөнелді: Кішкене кезімізде біздер теңіз астындағы мектепке баратынбыз. Бізге теңіз тас бақасы сабақ берді. Біз оны Спрут атай деп атайтынбыз.
Жануарларға қатысты метафораларды аударудағы келесі мәселе метафоралық жағынан эмоционалды-бағалау бейнесімен байланысты болып келеді. Тағы бір ерекшелік - метафоралық мағынаны бейнелеуші синонимдік сөздердің бар болуы немесе болмауымен байланысты. Мәселен, қазақ тілінде метафоралық жағынан шошқа сөзін қолданғанда, ол екі мағынада беріле алады: біріншіден, кір, лас, арам, екіншіден, семіз, майлы. Бұл бағалаулар сәйкес келмейтіндіктен қазақ тілінде ол контестке сай түсіндірілсе, ал ағылшын тілінде олар әртүрлі метафоралық бірліктерді талап етеді. Ол нағыз шошқа сөйлемін аударуда сөйлемді екі түрлі беруге болады:
1. He is a pig.
Ол шошқадай семіз.
2. He is a swine.
Ол шошқадай арам.
Бұл жерде ағылшын тілінде балағаттау сөзінің қазақ тілінен айрықша келетіндігін байқауға болады. Ағылшынның баласын Piggy деп семіздігіне қарай лақап атпен атауы Шошқа деп қазақ тіліне жағымсыз жақта аударылады. Дегенмен, ағылшын мәдениетінде бұл ат тек бейнелік-метафоралық, келемеждеу атауын білдіреді. Сонымен, бұл метафораның түрі қосымша категория ішілік түр өзгерісін талап етеді. Мысалы, бұл сөзді аударма барысында Торай деп беруге болады. Егерде, Қой атауы болса, Қошақан деуге болады.
Көп жағдайда ашық метафора бастапқы мәтіндегі сөздермен бірге грамматикалық жағынан да өзгерісті талап ететін құрылымдық өзгерісті талап етеді. Мәселен:
I woke early to see the kiss of the sunrise summoning a rosy flush to the western cliffs, which sight never fails to raise my spirits.
Мен ертерек тұрып мені айнымастан шабыттандырушы көрініс - таң атқанда күн сәулесінен батыстағы жартастың алаулай жөнелгенін көрдім.
Мұндағы бастапқы стилистикалық бірліктің құрылымдық өзгерісі ағылшын және қазақ тіліндегі грамматикалық суреттеу мәдениетіндегі ерекшелікке байланысты. Егерде берілген құрылымды сөзбе сөз аударса, аударма жасанды кейіпте болады: шыққан күннің сүйгенін батыс жартастарында қызғылт алауды көру, ешқашан көңіл-күйімді түсірмейтін көрініс.
Қазақ тілінде халықтың тұрмыс - тіршілігіне орай метафоралар мен фразеологизмдер құрамында төрт түлік атауларының көптеп кездескендігін айта кетуіміз керек (қой, ешкі, жылқы, түйе, сиыр). Ал, ағылшын тілінде қоршаған ортасына қатысты жануарлар атауларының барлығы дерлік қатысқан. Олардың басым бөлігін жабайы жануарлар атаулары (dog, horse, cat, fish, lion, cock, monkey, bird, pig, hog, goose, wolf, hare). Осындай ерекшеліктеріне байланысты, екі тілдегі жан - жануарлар атауларының қолданыс жиілігі әр түрлі деген қорытындыға келуге болады. Жалпы адамзат баласы үшін жануарлардың пайдасы мен зияны, қасиеті мен құдіреті айтарлықтай әсер қалдырған. Соның негізінде әрбір зоонимнің белгілі бір ұғымның символына айнала алатыны мәлім. Адамның мінез-құлқын, көңіл-күйін сипаттауда екі тілде де ит пен мысықтың тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің ішінде көптеп кездескендігін айта кетуіміз керек.
Екі тілдегі Адам тақырыбына кіретін фразеологизмдер мен мақал - мәтелдерді мынадай топтарға бөліп қарастырдық:
1) мінез- құлық
2) адамның көңіл-күйі
3) адамның күш- қайраты, дене бітімі
4) адамның тұрмыс - тіршілігі, өмір сүру ортасы
5) адамның іс - әрекеті
6) адамның өзін қоршаған ортамен қарым қатынасы. Осындай топтарға бөле отырып, әр топқа жеке-жеке тоқталып, екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға тырыстық.
Ағылшын және қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тәлім - тәрбиесі, наным-сенімі мен өмір тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, ақиқат дүниенің бөлігі болып табылатын дүниенің тілдік бейнесінде өзгешіліктер болатындығына көз жеткіздік. Сонымен қатар, метафоралар, зоофразеологизмдер мен зоонимдік компоненті бар мақал-мәтелдерге талдау жасау дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты ашуға мүмкіндік береді.
Метафоралар, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердегі дүние бейнесінде адамды бағалау мен сипаттау құбылыстары образды-экспрессивтік, субъективтік бағалау арқылы жүзеге асатын болғандықан, олардың дүниенің тілдік бейнесін сомдауда атқаратын маңызы ерекше.
Түрлі ұлт өкілінің өзіндік дүниетанымы, яғни ақиқат дүниенi түсiнуі, оны бағалауының принциптерi, білімдері мен ақпараттарының негізінде пайда болған көзқарастары мен құндылықтарының әр алуан болатыны белгілі. Сондықтан, жұмыста тілдік ұжым мүшелерінің бітім- болмысын, мінез- құлқын, олар өмір сүретін табиғи ортасы мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін тілдік бірліктердің мазмұнынан іздей отырып, тіл этномәдени ұжымның тарихи, саяси дамуымен, салт-дәстүрімен, танымдық-тағылымдық құндылықтар жүйесімен, рухани және заттық мәдениетінің жәдігерлерімен тығыз байланыста зерделенді, ондағы адам факторы мәселесіне аса мән берілді. Зерттеу барысында түйген тұжырымдар мен қорытындылар мысалдармен нақтыланды.
Мәдениет адами қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі болғандықтан, метафоралардың мазмұнындағы аксиология-лық ерекшеліктерді анықтау лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасына тереңірек үңілуге әсер етеді.
Метафоралар астарындағы танымдық ақпараттар лингвомәдени қауымдастық мүшелерінің ойлау жүйесімен тығыз байланыста қарастырылады. Олай болатын себебі, дүниенің тілдік бейнесі, ұлттық болмыс, төл мәдениет төңірегіндегі ерекшеліктер танымдық ақпараттар мен аялық білімдер мазмұнында эксплицитті не имплицитті түрде көрініс табады.

2.2. Метафора аударма бірлігі ретіндегі маңызы

Тілдің даму жолында транспозициялық құбылысгар мен ауыспалы жағдайының кейбір стереотип қырлары қалыптасты (мысалы, жалқы және жалпы есімдер транспозициясы);
4) транспозицияны басқа лексикалық деривация процесінен, оппозициялық шарттарға сай тілдік бірліктерді бейтараптандыруда шектеледі;
5) транспозициялық құбылыстарды синхрондық және диахрондық тұрғыдан қарастыруға болады. Бұл тілдік бірліктер транспозициясын бақылауға мүмкіндік береді;
6) транспозицияланған тілдік бірлік жаңа қызмет ортасына кіріп, жаңа сапаға бейімделеді;
7) транспозицияға бір-бірімен тығыз байланысты бірінші және екінші қызметтің жүзеге асу негізіндегі тілдік бірліктердің екіжақты өзара қатынасы мен өзара енуі себеп болады;
8) транспозиция-тілдегі функционалдық, прагматикалық және синтагматикалық қатынастардың бір-бірімен араласуы.
Шынайы коммуникация бірлігі ретінде кез келген тілдік бірліктің оның элементтер мен қасиеттерге бөлінуін емес, керісінше, коммуникациялық қызметтің бірегей мәнін ашуға негізделген интегралдық анықтама беруді қажет етеді. Қай халық болсын өз ой-танымын айшықты, көркем беруге тырысады. Халық атау беруде тіршіліктің кілті саналатын заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін белгі және бағалау ретінде алады. Соның бір белгісі, таңбасы - метафора, яғни метафораның транспозициясы. Өйткені ол тілге жаңа ұғым, жаңа мағына үстейді.
Көркем шығарманың эстетикалық әсері автордың өзіндік қолтаңбасын стильдік ерекшеліктерінен, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік мәдени факторларды баяндаудағы тілдік қордың байлығын қаншалықты жүзеге асырғандығынан, өрнекті сөз табиғатын танып біліп, жұмсай алғандығынан да байқалады.
Мәтіндегі сөздің дәлме-дәл баламасын емес, мағынасы жуық, сөздің стильдік қызметін нақтылайтын, экспрессивті бояуын бере алатын басқа созбен (тіркеспен, фразамен) ауыстыруға болады. Аудармашылардың сөз саптаулары мен метафораның аудармадағы транспозициясы осындай формада беріліп түр. Мұндағы транспозиция амалы екі мәтіннің коммуникативті-функционалдық теңбе-теңдігіне қол жеткізу үшін сөздік ұсынатын тілдік параллельдерден мақсатты түрде ауытқып, басқа баламамен беріп тұр
Әрбір ұлттың өзіне ғана тән ұлттық сипаттағы ұғымдарды аудару қиындық туғызады. Кез келген тілдің көп сөздері көпмағыналы болып келеді. Осыған байланысты оларды контексте мағыналық жағынан аудару керек. Әрқайсысын жеке алсақ, мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін. Ал контексте бір-біріне сәйкесіп, үйлесімін тауып, сөз өз мағынасын аша түседі. Мұндай құбылыс метафоралық тәсілдерге де тән.
Метафораның объектісі қосымша объектіге жасырулы болғандықтан, оқу барысында ол әр түрлі мағынада түсініледі. Бірақ оның екеуі де соңында бір қоспаға түсіп, жаңа мағынаға ие болады. Метафора жалғандық ұстанымынан бастау алады. Егер бұл ұстаным атаудың ішкі тұлғасында ескерілмесе, онда ол тіршілігін жояды.
Мұнда екі қаламгердің де шеберлігінің желісімен есімшеден, етістікті сөз оралымдарынан жасалған метафоралық қолданыс дәл, нақты түрде берілген. Яғни түпнұсқа авторының және аудармашының дүниеге деген көзқарасының ұқсас екенін осы метафоралық қолданыстан көруімізге болады.
Жалпыхалықтық тілдегі бейнелілік пен көркем сөздегі бейнелілік бірдей болмайды: жалпытілдік образдар - жалпының дүниесі, ол дүниелер - қолданыла-қолданыла келе, жұртшьшықтың меншігіне айналғандар, ал көркем сөздегі образдар-жеке қаламгердің табысы, олардың беретін мағынасы контексте ашылып айқындалады. Жеке жазушының тілін зерттеуде мағына ауыстыру, яғни метафора және оның тіларалық транспозициясы, түпнұсқадағы метафораны жандандыру, мүлдем жойып тастау, солғындату, басқа құбылыстарға ауыстыру орын алып жатады.
Мұнда сөйлемдегі сын есімді сөз иірімінен жасалған метафора екі нұсқада да нақты дәлдікпен берілген. Метафора әлемдік тілде эмоциональды-экспрессивті сөздердің қатарына жататындықтан, адамның ішкі құбылысын метафоралық қолданысты есітіп немесе көріп отырып сезінеміз.
Жалпыхалықтық тілдегі бейнелілік пен көркем сөздегі бейнелілік бірдей болмайды: жалпытілдік образдар - жалпының дүниесі, ол дүниелер - қолданыла-қолданыла келе, жұртшьшықтың меншігіне айналғандар, ал көркем сөздегі образдар - жеке қаламгердің табысы, олардың беретін мағынасы контексте ( ашылып айқындалады. Жеке жазушының тілін зерттеуде мағына ауыстыру, яғни метафора және оның тіларалық транспозициясы, түпнұсқадағы метафораны жандандыру, мүлдем жойып тастау, солғындату, басқа құбылыстарға ауыстыру орын алып жатады.
Мұнда сөйлемдегі сын есімді сөз иірімінен жасалған метафора екі нұсқада да нақты дәлдікпен берілген. Метафора әлемдік тілде эмоциональды-экспрессивті сөздердің қатарына жататындықтан, адамның ішкі құбылысын метафоралық қолданысты есітіп немесе көріп отырып сезінеміз.
Ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздер - қазақ өлеңдерінде де басқа әдебиеттердегі поэтик тілдермен негізі бір. Метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, символ-бәрі жөнінде де осыны айтуға болады.
Бірақ мазмұны жағында өзгешелік болмаса да, қазақ өлеңдеріндегі метафораларды орыс тіліндегі метафоралармен салыстырғанда, жасалуы жағынан өзінше кейбір ерекшеліктері де жоқ емес.
Аударма жағынан алып қарағанда ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарының айырмашылықтары аударма мәселелерінің екі категориясымен беріледі: тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттері-нің ұқсастығы жағдайындағы аударма мәселелері және бастапқы және аударма тілдеріндегі тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің әртүрлілігі жағдайындағы аударма мәселелері. Сонымен бірге, ерекше қиындықтар дара грамматикалық бірліктер (сөз формалары негізіндегі морфологиялық қайта құру) мен біріккен грамматикалық бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем және фразадан тыс бірліктер негізіндегі синтаксистік қайта құру) қайта құрумен байланысты болады.
Объектілерді бір бірімен салыстыра үйлестіру мақсатына негізделген метафорамен салыстырғанда, метонимияны қай тілде болмасын қолдану - объектінің басты бір қасиетін анықтап даралау және оны басқа атпен атау арқылы басты орынға шығаруға бағытталады. Метонимияға тән қасиет - оның салыстырмалы түрде эпитетке оңай айналуы.
Two men, one with thin black hair and the other with luxurious red mop, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тіліндегі метафоралық зерттеулер
Лингвистикалық ғылымдағы метафора
Қазіргі қазіқ тіліндегі антонимдердің лексика-семантикалық тұрғыдан қарастыру
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
Абайдың түпнұсқада келтірген метафорасының орыс, ағылшын тілдеріндегі баламаларын талдап, аудармашылар шеберлігін, шығармашылық даралығы мен көркемдік-эстетикалық танымының берілуін, көрінуін зерттеу
Метафора эквиваленттілігі
Пәндер