Конституциялық бақылаудың мәртебесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Құқық» кафедра меңгерушісі, з. ғ. к.,

Дулатов Ғ. С.

«__» 2019ж., хаттама №___

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау институты»

мамандық «5В050100 - Құқықтану»

Орындағандар:

«5В050100 Құқықтану» мамандығының IV курс студенттері

Қамаридин Жұлдызай

Сапиев Ержігіт

Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ……… . . . 6

1. 1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - констиуциялық бақылау органы ретінде: құрылуы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі орны . . . 6

1. 2 Құқықтық қорғауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік билік органдары . . . 17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 22

2. 1Конституциялық өндіріс және оның принциптері . . . 22

2. 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзіреті . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

АҢДАТПА

Жобаның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау институты».

Жобаның мақсаты: Конституциялық бақылау институтын, жеке мемлекеттік билік қызметі ретінде қарастыру;

- Конституцияны қорғауды жүзеге асырудағы Конституциялық Кеңестің рөлі мен орнын анықтау, елде конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету бойынша Конституциялық Кеңестің өзге мемлекеттік билік органдарымен өзара қатынасының құқықтық механизмін анықтау;

- Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау органдарының құрылу мен қалыптасу кезеңдерін сипаттау және оның дамуына себепші болған факторларды зерттеуге алу;

- Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың элементтері мен құқықтық сипаттамасын зерттеу.

Зерттеу жұмысы: Мемлекеттік бақылаудың мәртебесін, шығу нысандарына тоқталу. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Конституциялық Кеңесіне толығымен талдау жасау.

Тақырыпты дамыту: Жұмысты дамыту Конституциялық Кеңестің құрылымы мен атқаратын қызметін көрсеттік.

Түйін сөздер: Мемлекеттік бақылау, Конституциялық құқық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Контитуциялық Кеңес.

Жобаны орындаушылар туралы ақпарат :

«5В030100 - Құқықтану» мамандығы бойынша 4 курс студенттері -Қамаридин Жұлдызай, Сәпиев Ержігіт.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : «Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау институты» мемлекеттің конституциялық бақылауының аса жоғары мәртебелі және лауазымды органы болып табылады. Қазақстан Республикасына ықпалы зор, билік көзі. Халықтың бостандығы мен еркіндігі, мемлекеттің қызметінің дұрыс жұмыс атқарылуын қамтамасыз ететін қағидаларға сай қызмет етуін қамтамасыз етіп ықпалын да тигізеді.

Конституциялық кеңестің бастапқы құрылысы және оның қызмет атқаруы Қазақстан Республикасының елбасы Жарлығына сәйкес, конституциялық күші бар 1995 жылы 29 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» деп аталатын заңмен реттеліп қаралады. Мемлекетіміздің 1995 жылы қабылданған Конституциясында конституциялық кеңеске арналған арнайы бөлім бар. Конституциялық кеңестің басты қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы және елбасының «Конституциялық кеңес туралы» бекіткен жарлығы болып табылады. Жоғарыда аталған екі акт Конституциялық кеңестің мәртебесін, құрылымын және тәртібін, қойылатын талаптарын барлығын дерлік конституциялық іс жүргізу айқындайды. Конституциялық кеңес жеті мүшеден тұрады. Оның ішіне төраға кіреді. Мемлекеттің бұрынғы елбасы өмірінің соңына дейін Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Аталмыш кеңестің төрағасын президент бекітеді және де елбасы қызметінен босатады.

Конституциялық Кеңестің мүшелерін - Мемлекетіміздің Президенті, екі мүшені - Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін - Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық кеңес мүшесінің өкілеттілігі 6 жыл. Аталып отырған кеңестің мүшелері әр үш жыл сайын ауысып отырады.

Тақырыптың даму дәрежесі: Конституциялық Кеңес тақырыбын ашу барысында, 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясына және өзгертулерге тоқталдық. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің ресми сайтының деректеріне сүйендік. Конституцияның VI бөлімі яғни Конституциялық кеңеске арналған бөліммен таныстық.

Диплом жобасын зерттеу барысында: жалпылама мемлекеттік бақылауға тоқтала кету, қазіргі таңдағы конституциялық кеңестің маңыздылығын көрсету, Кеңес жайлы толығырақ ашу және де конституциялық кеңестің қазіргі жағдайы, оның принцптері мен мәртебесін көрсету, Конституциялық кеңестің жүзеге асырылуы мен қызметі конституциялық заңдарға көзделіп жасалатындығын талдау сияқты міндеттемелер орындалды.

Мемлектіміздің Конституциялық Кеңес аппараты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес қызметін іске асыру үшін құрылды. Қазақстан Республикасының Конституциялық аппараты ұйымдық, ғылыми құқықтық және де басқа Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес қызметін жүргізумен айналысады.

Конституциялық Кеңес құрылымдық бөлімшелерден тұрады: ғылыми құқықтық бөлім; ақпарттық талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы шаруашылық бөлімі. Жобаны зерттеуде негізінен мына мәселелер қаралды:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылауы;
  • Конституциялық бақылаудың мәртебесі;
  • ҚР Конституциялық кеңесінің құрылымы;
  • Конституциялық кеңес принциптері;

Қолданылған әдебиет көздеріне сүйене отырып, осы жоғарыда көрсетілгендерге тоқталып, кеңінен тақырыпты ашатын боламыз.

Диплом жобасы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1. 1 Қазақстан Республикасының Конституциялық

Кеңесі - констиуциялық бақылау органы ретінде: құрылуы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық жүйесіндегі орны.

Мемлекеттің бақылау мақсатында, саясатта айрықша орынға мемлекеттік қызметтің маңызды саласы аяққы жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайындағы өзгерістерді қатаң бақылауға алып, олардың жоғары дәрежеде қызмет көрсетуін бақылау жүйесін іске асырады. Бақылаудың маңыздылығы, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген Конституциялық құрылымның яғни: азаматтардың құқығын, демократиялық қағидаларды, өкілдерді, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етілуіне байланысты қызметін күшін арттырып келеді. Мемлекеттің бақылаудың алатын орнын арттыру мақсатында, біріншіден конституциялық принциптерге негізделе отырып, мемлекеттік бақылаудың бірегей саясатын жүргізу талап етіледі. Нарықтық экономикада түрлі нысандармен халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайына мониторинг жүргізу өте маңызды.

Бақылау функцияларын дамыту барысында атқарушы билік органдары конституциялық құқық органдарынан, өзекті мәселелерді талдай отырып, ретімен негізгі теориялық және құқықтық нормаларды анықтап алу қажет. Жалпы басқару ерекше әрі күрделі ұғым болғандықтан күрделі аспектілерден тұрады.

Oxford Concise English Dictionary ұғымы бойынша бақылау сөзі:

  • Тексеру, бақылауды реттеу.
  • Есеп беру.

Сан қилы мағыналарға ие, американдық сөздік бойынша.

  • Әкімшілік.
  • Басымдылық.
  • Шектеу деген ұғымдарға ие.

Бақылаудың мемлекеттік түрі билікті мемлекет тарапынан ұйымдастыру, құқықтық нысанды, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді заңда көрсетілген бойынша жүзеге асыру. Ережелердің, тәртіптің бұзылуын алдын алу. Заңдардың дұрыс қаралуын, күшінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бақылаудың негізгі ерекшелігіне мыналар кіреді:

  • Жүзеге асыратын қызмет түріне, міндеттеріне қарамастан, мемлекеттік бақылау барлық жағдайда жүзеге асырылады;
  • Бақылау-мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін мемлекеттің маңызды ұйымы болып табылатын, маңызды, күрделі құрылым;
  • Бақылау органдарының анықтау обьектісіне қатысты кемшіліктерін жою жөнінде, міндетті нұсқаулықтарды реттеу;
  • Бақылау мемлекеттік шешімдердің орындалуына, бақылау ісімен айналысуда, аппараттың жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
  • Бақылау органы құқық бұзылушылықты анықтайтын тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелерді көтеруде сондай-ақ мәжбүрлеу шараларын тікелей қолдану.

Басқару функциясы басты функция болып табылмайтын мемлекеттік органның құрамына кіргенімен, барлық бақылау функциялары мемлекеттік бақылаудың мәні бойынша анықталған жалпы белгілерге ие:

  1. Барлық бақылау органдары заңда көрсетілген түрде биліктің ерекше атқаратын функциясы болып табылады;
  2. Мемлекеттік бақылау функциясы тек мемлекеттің билік органдарына және де әкімшілікке тиеслі, басқа да коммерциялық мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік бақылау функциясын атқара алмайды.
  3. Мемлекеттік бақылау функциясының құралы ретінде бақылау жүзеге асырылады.
  4. Біркелкі, тұтастай мемлекеттің атынан жүзеге асырылатын ол мемлекеттік бақылау. Сондықтан да, мемлекеттік органдарға қарамастан олар жалпы ұлттық сипатқа ие емес.
  5. Иеарархиялық принципті басқару органдарының жүйесі ретінде мемлекеттік аппарат көрсетеді. Ол өзі де иерархиялық деңгейде құрылған. Мұндай құрылым мемлекеттің бақылауын автономды жүйесін қалыптастыруға әкелмеуі қажет. Мемлекеттік бақылаудың негізгі нысандарына даму тұрақтылығын және де мемлекеттік бақылаудың жалпы ерекшелігінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етіледі. [1]

Мемлекеттік аудит қызметі кез келген дерлік бақылау қызметін көрсетілген нормадан және стандарттардан ауытқуын байқайды. Нақты көрсетілген көрсеткіштерді алдын-ала белгіленген мәндермен салыстыру арқылы; алынған ақпараттарға талдау жасап, салыстыру; мемлекеттік құқықтық бақылаудың тәуелсіз бақылау түріне, методикалық принциптеріне, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жатқызуға болады. Басқарудың барлық сатыларын, деңгейлерін, нормативтік құқық актілерін және олардың мемлеккеттік органның жүзеге асыруын тікелей қамтамасыз етуден тұрады. Бұл әдіс Конституцияда көрсетілген қағидаларды жүйелі түрде жүргізіліп отыруға арналған.

Қадағалау және бақылау функциялары мемлекттік басқару нүктесінің айырылмас бөлігі болып табылады. Мемлекеттегі аталмыш өзгерістердің динамикасы, демократиялық жағдайлардың дамуы, заңның күші мен қоғамның қалыптасу жағдайын көрсететін бірден-бір бақылауға байланысты.

Бақылау органдары жоғары билікпен кәсіпқойлықтың сапасына ие болмаған жағдайда, олардың құқықтық мәртебелері құқықтық актілерді жеткілікті жағдайда сипатталмаса ол дегеніміз мемлекеттік бақылаудың тиімділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Аталмыш бақылау қадағалау функциялары тиімділігінің болмауы деп отырғанымыз, қоғамдағы жағдайларды реттеудегі күш жігерін жояды [2] .

Мемлекеттік бақылаудың түйіндемесін және сипаттамаларын көрсету бойынша ұсыныстың сан түрлілігіне байланысты, оның мәнін әр түрлі формада көрсететін боламыз.

Әдебиеттерде бақылау ауқымды және ықшамды мағынада қарастырылады. Ауқымды мағынада қоғамның және мемлекеттің байланысын, тұрақтылығын, тәртібін сақтау. Саяси, экономикалық және идеологиялық әдістермен байланыстыру. Ықшамды ұғымда бақылау жоғарыдағы ұйымдардың шешімдерінің орындалуын тексеру, техникалық, экономикалық, ұйымдастыру стандарттарын сақтау, жоспарланған іс шараларды орындау, еңбек тәртібін сақтау және құқықтық нормалар болып табылады. Аталмыш бақылау басқару циклына тән және бірқатар басқару функцияяларында қарастырылады.

Заңды әдебиет мемлекеттік бақылаудың мазмұндық, пәндік және заңдылықты қамтамасыз етумен қатар мемлекеттік реттеумен тығыз байланысты функция ретінде толық ашып көрсетеді. Сан түрлі көзқарастарды ескере отырып, бақылаудың да әртүрлі және көп жақты тұжырымдамада екендігіне көз жеткіземіз. Құқық негізінде бақылаудың тұжырымдамасы басқарудың ғылымдары, оның ішінде экономикалық процестерді бассқару және адамдардың еңбек қызметі арқылы дамыды. Өзін бақылау заңға тән, өйткені оның негізгі мақсаты әлеуметтік қатынастарды реттеу болып табылады. Бақылау заңды түрде көрсетіледі және уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады. Бақылау субьектісінің құзіретінің нақты құрамы мен құзіреті заңмен белгіленіп, ол бақылау процесінің субьектісі болуы мүмкін, ол не істеу және оның өзінің ресми функцияларын жүзеге асыруға міндетті. Бақылаудың көрсеткен нәтижелері бойынша бақылаушы құзіреттер өздерінің мәртебелерін қолдана отырып, бағынышты құқықтық реттеудің нысаны болып табылады. Бақылау күшті ұйымдастырушылық ықпал етуі арқылы белгілі бір шешімдерін қабылдап, белгілі бір қатынастар орнатып, осы аталған қатынастардың өзгертіп мақсаттарына қарай сәйкес көздеп өзгерту енгізіп отырады. Құқықтық бағалау кезінде заңға қайшы келетін әрекеттер байқалатын болса, олар құқық қорғау шараларын белсендіреді. Құқық саласындағы үстемді принцип ретінде Конституциялың артықшылығы басым. Жер бетіндегі барлық елдер арасында негізгі заңның үстемдігі қамтамасыз ету бағытталған, конституциялық құқық қорғау жүйесі деп аталатын бір тұтас жүйе бар, ол жүйеде негізгі заңның басымдылығын жүзеге асырып, негізгі рөл атқаруға конституциялық нормаларға басқарушылық беріледі [3] .

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын конституциялық бақылаудың еліміздегі аталған негізгі азаңдарға сәйкес актілерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Біріншіден Конституциялық бақылаудың негізгі функциялары конституциялық ережелердің шынайылығын қамтамасыз ету. Конституциялық заңдылықты тоқтату, бұзылған конституциялық ережелерді қалпына келтіру немесе жаңарту және конституциялық заңның бұзылуының алдын-алу болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің бақылау функциялары конституциялығын қамтамсыз етумен қатар, негізгі заңдардың орындалуын, олардың ешқандай қайшылықсыз тура орындалуын қамтамасыз етумен айналысады.

Саяси бақылау қоғам мен мемлекет арасында аса маңызды рөл атқарады. Жоғарғы биліктің өкілеттілігін жүзеге асыруда, дамытуда осы органдар жүзеге асырады. Саяси бақылау қоғам мен мемлекеттік қызметті дамытуда аса маңызды рөл атқарып, жүргізеді. Саяси мемлекеттік жүйеге байланысты бұл: парламент, өкілетті сайлаған органдар, танымал саяси партиялар. Осы істерді іске асырудың маңызды органы болып Қазақстан Республикасының парламенті табылады. Парламент палаталары бақылаудың мазмұнынан тұратын державаларды құрайды. Парламенттік бақылаудың функциясын мемелекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органынан бірінші мақсаты ретінде қаралады: Парламенттік бақылаудың, бұл оның өмір сүруінің себебі болып табылатын парламенттің бірінші функциясы. Парламенттік бақылау мемлекеттік қаржылық ресурстарды жинақтау мен оны бөлу мен пайдалану саласындағы заңдылықтардың тиімділігін арттыруда, қадағалауда әлемдік тәжірибеде бақылаудың басым түрлері болып келеді. Қазіргі таңдағы ғылыми құқықтық әдебиеттерге қарасақ, қазіргі парламенттің дәстүрлі өкілеттіліктері туралы идеялары туралы өзіндік идеялары бар. Осы саладағы зерттеушілердің ойынша, «демократиялық конституцияларға сәйкес» парламент жоғарғы заң шығарушы орган болып табылып, бекітіледі. Шындығында, оның өкілеттілігі әр түрлі. Өкілдік ететін функциялар мен заң шығарушы қызметімен қатар парламенттің қадағалау күші үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. Парламенттік бақылаудың тек қана мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың қызметін заңдылықты түрде бақылау мен шектелмеген, оның үстіне мемлекеттік құзіретті органдардың тұлғалардың қызметіне жарамдылығы туралы парламент қадағалайды деп көрсетіледі. Парламентке тән бақылау функциясы маңызды рөл атқарады, заңда көрсетілген сипаттама бойынша жүргізіледі және кейбір аспектілер қолданыстағы тексерістер мен тепе-еңдік жүйесін көрсетеді. Тағы да айта кететін жағдай, парламент тарихында жоғарғы жақтың билігін заңдық шектеуге кіргізу, сонымен қатар, оған бақылау жасау керектігін туралы ой пайда болады. Парламентаризмнің дүние жүзілік жасалып жатқан тәжірибесінен негізгі парламент, азаматтық қоғамның басқару тұрғысындағы өзара іс-қимылдың бірден бір принциптері болып табылады. Аталып отырған парламенттің бақылауы атқарушы биліктің қызметін, жұмысын тексеруді және түзетуді іске асыратындықтан, парламентке берілген өкілеттіліктер аумағында мемлекет басшысы, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өздерінің заңдылықтарын анықтау мақсатында атқарушы органдардың және оның мәртебелелі қызметі болып табылады. Өкілетті органдардың заңнамада көрсетілген бойынша қадағалау өкілеттілігінің көлемі кем, дегенмен де мемелекеттің бақылау функциясы жүзеге асыруға атаулы үлес қоса алады. Жүзеге асырушы биліктің парламенттік бақылауы, биліктің өкілеттілігімен алмастырмаса және белгілі бір партияның мүдделерін іске асыруда кедергі болмаса, соғұрлым дұрыс болады[4] . Қазақстан Республикасының ішінде парламенттік бақылау мәселесі деген көзқарас біріне-бірі ұқсас болып келеді. Заң саласында атқарушы және сот органдарының бақылауы жеткілікті түрде қаралған болса, онда Қазақстан Республикасының парламенттік бақылауы тиісті назарға ие бола алмайды, себебі парламенттің бақылау функциясы мелекеттің негізгі заң шығару органы Конституцияның дараланған баптары және консституциялық заңда көрсетілген. Аталғандарға байланысты, еліміздің парламенттік бақылау институты мүлдем жоқ деп есептеледі. Бұл парламенттің конституция жекелеген нормаларында айқындалған өзінің бақылау функциясының тиімді жүзеге асырмайтындығын көрсетеді. Парламенттік бақылаудың әлемдік тәжірибесі бойынша парламентке тән негізгі формалармен көрсетеліп және нақты парламенттік рәсім айналасында жүзеге асырылады. Үкімет жайлы ойлар, пікірталас, сұрақ, сауалнама, үкіметтің жалпы саяси әрекеті жайлы пікірталас, сонымен қатар, белгілі бір өзекті мәселелер бойынша сенімсіздік туралы мәселені көтеру немесе үкіметке сөгіс беру, парламенттік тыңдау және тергеу, мемлекттік жоғарғы қызметтегілерге, жүзеге асырушы биліктің қызметке тағайындау жайлы есептер тыңдалады, республикалық органдардың басшыларына қызметке тағайындауға қатысад [5] .

Мемлекеттiк бақылаудың маңызды саласы - мемлекеттiк қаржылық бақылау деп аталатын, республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитеті бар. Қазақстан Республикасының Есеп комитеті Президент құрған және оған есеп беретін тұрақты мемлекеттік қаржылық бақылау органы болып табылады. Есеп комитеті халықаралық стандарттарға және әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және жариялылық қағидаттары негізінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады. Есеп комитеті өз міндеттерін іске асыру барысында бақылау және аудит, сараптамалық-аналитикалық, ақпараттық және өзге де қызметті жүзеге асырады, бюджеттің атқарылуын бақылаудың бірыңғай жүйесін ұсынады. Сонымен қатар, Есеп комитетінің бақылау саласы жергілікті билік органдарына, кәсіпорындарға, ұйымдарға, банктерге, сақтандыру компанияларына және басқа да қаржы институттарына, олардың кәсіподақтарына, қауымдастықтарына және басқа да қауымдастықтарына меншік түрлері мен нысандарына қарамастан, трансферт, республикалық бюджеттен қаражат алу немесе мүлікті пайдалану немесе оны басқару, сондай-ақ салықтық, кедендік және өзге де артықшылықтарға ие болады артықшылықтар. Бұл бағытта парламенттік бақылау Парламенттің Республикалық бюджеттің орындалуы туралы Есеп комитетінің есебін бекіту процесінде жүзеге асырылады [6]

Өкілдік органдары мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен процесін, оның өтуін бақылайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға байланысты мәселелерді реттейді. Атқарушы биліктің парламенттік бақылауы атқарушы биліктің өкілеттігін алмастырмаса және белгілі бір партияның мүдделерін іске асыруға кедергі болмаса, неғұрлым тиімді болады. Атқарушы органның белгілі бір мәселелер бойынша өкілді билікке есеп беру міндеттемесі атқарушы органның сипатынан заңды жүзеге асыратын орган ретінде туындайды. Дегенмен, заң шығару органдарының өкілеттіктерін шексіз кеңейту, оның ішінде бақылау нысандарын анықтауда қолайсыз болып табылады, өйткені бұл өкілеттіктерді бөлу принципіне сәйкес келмейді. Біздің елде биліктің қазіргі кездегі таралуы, сондай-ақ, президенттік басқару институттарының, парламенттік, үкіметтік және бақылаушы-аудиторлық құрылымдардың бір мезгілде және параллель болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бақылау функцияларын тиісті саралауды көздейді. Мемлекеттік бақылаудың бір түрі - атқарушы билік органдары жүзеге асыратын және әкімшілік деп аталатын бақылау. Әкімшілік бақылауды барлық деңгейдегі атқарушы органдар жүзеге асырады. Ол жоғары тұрған лауазымды тұлғаларды бағыныштылардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтиды, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын сараптайтын инспекциялық және қадағалау органдарын құруды көздейді, әкімшілік қызметтің тиімділігі мен сапасын тексереді. Атқарушы биліктің нысаны ретінде оның әмбебап, материалдық және ұйымдық сипатын ескере отырып, ауқымды жүйе ретінде жұмыс жасайды және шартты түрде жалпы, мамандандырылған және ведомствоаралық түрлерге бөлінуі мүмкін [7]

Атқарушы биліктің тән ерекшелігі оларды мәжбүрлеу шараларын қолдануға және басқару үдерісінің барлық кезеңдерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атқарушы биліктің бұл басқару элементтері - бақылау және мәжбүрлеу - атқарушы билікті басқа билік тармақтарынан айырады.

Қолданыстағы әкімшілік заңнама 4 топқа бөлінуі мүмкін атқарушы биліктің өкілеттігін белгілейді: а) заңдарды, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдарының және қадағалау объектілерінің жұмысын үйлестірудің нормалары мен ережелерін орындау үшін қосымша заңнама әзірлеу; бақылау, в) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, г) мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Атқарушы билік жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың сипаты, сондай-ақ, тіркеу, лицензиялау, аттестаттау, сертификаттау және аккредиттеу болып табылатын атқарушы билік органдарының мемлекеттік бақылаудың арнайы нысандарында көрініс табады.

Атқарушы билік органдары жүзеге асыратын бақылау, ақпараттық-аналитикалық, экономикалық, үйлестіруші, құқық қорғаушы, түзету, профилактикалық, білім беру, өтемақылық болып табылатын көптеген функцияларды орындауға арналған. Құқықтық саясат тұжырымдамасында «прокурорлық қадағалаумен қатар, әкімшілік заңмен реттелетін облыстарда заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында субъектілерге - субъектілерге және ұйымдарға қатысты әкімшілік қадағалауды уәкілетті атқарушы лауазымды тұлғалар жүзеге асырады» деп атап өтті. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы істер. Осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесіндегі кері байланыс нысаны болып табылатын әлеуметтік бақылаудың ролін күшейту қажеттілігі туралы айту керек. Бұл мемлекеттің демократиясының ең жарқын көрінісі, оның азаматтық қоғам институттары тарапынан бақылауы. Әлеуметтік бақылаудың іргелі қағидаты - бұл қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарында, хаттарда, шағымдарда, азаматтардың өтініштерінде көрініс табатын халықтың қызметі. Әлеуметтік және әкімшілік бақылаудың сындарлы өзара әрекеттесуіне байланысты, Мемлекет басшысының Қазақстан халықына «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу» бағыты бойынша, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеріне есік ашты [8]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Шет елдердің конституциялары, конституциялар түсінігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Ресей Федерациясының конституциялық соты
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Конституциялық құқықтың жүйесі
Парламент құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz