ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Тұрмахан Гүлнәр Әділханқызы
«ТӘУЕЛСІЗДІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІГІ («МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА)
Магистрант:Г. Ә. Тұрмахан
Алматы, 2019 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
I КОНЦЕПТ - ЛИНГВИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Ұлттық код идеясының құндылығы . . . 8
1. 2 «Қазақ» этнонимінің танымдық ерекшеліктері . . . 17
Тұжырым . . .
II ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
2. 1 Азаттық, еркіндік, бостандық ұғымдарының лексика - семантикалық ерекшелігі . . . 27
2. 2 Күлтегін, жыраулар поэзиясындағы «Мәңгілік Ел» идеясының құндылығы . . . 50
Тұжырым . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . .
РЕФЕРАТ
Магистрлік диссертация көлемі-
Қолданылған әдебиеттер саны-
Кілт сөздер: тәуелсіздік, «мәңгілік ел»идеясы, ұлттық код, этномәдениет, көк түріктер, «қазақ» этнонимі.
Зерттеу нысаны: «Тәуелсіздік» концептісі мен «Мәңгілік ел» идеясының ежелгі түркілік танымдағы концептуалды сипатын айқындау.
Зерттеу пәні: этномәдениет, лингвомәденеттану.
Зерттеудің мақсаты :«Тәуелсіздік» концептісінің этномәдени әрі лингвистикалық ерекшелігін талдау. «Тәуелсіздік» концептісін лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде көптеген ғалым-лингвисттердің еңбектерінде көрсетілген тәуелсіздік сөзінің мағынасының универсалды- семантикалық элементтерінің ерекшелігін анықтау. Бір-бірімен тығыз байланыстағы тәуелсіздік, азаттық, бостандық, егемендік, теңдік, т. б., ұғымдарының лексика-семантикалық өрістеріне жататын бірліктерді іріктеу.
Аталған мақсатты орындауда алға қойылған міндеттер :
- Лингвистика шеңберінде концепт теориясы мен оның құрылымына қатысты теориялық зерттеулер деректеріне талдау жасау;
- Концептінің құрылымы мен мазмұнын зерттеуде негізгі методологиялық бағыттарды анықтау;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика -семантикалық өрістеріне жататын бірліктерді іріктеу;
- Іріктелген бірліктерге компонентті талдау жасау;
- Талдау негізінде лексика -семантикалық өрістерге талдау жасау;
- Концептінің лингво-мәдени ерекшелігін қарастыру;
- Үйлесімін тапқан лексика -семантикалық өрістерде бейнеленген тәуелсіздік құбылыстарының мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін табу.
- «Мәңгілік Ел» идеясының Күлтегін жазбаларындағы құндылықтарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- «Тәуелсіздік» концептісінің танымдық үлгісі лингвомәдениеттану және тарихи деректер негізінде көпаспектілі құбылыс ретінде ұсынылды;
- «Тәуелсіздік» концептісі аспектілерінің компоненттері теориялық тұрғыдан тұжырымдалып, жүйелі түрде талданды;
- «Тәуелсіздік» концептісінің унверсиалды компоненттері менталдық дүниетанымдық құбылыс ретінде айқындалды.
Зерттеу әдістері: теориялық (зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттерді талдау), эмпирикалық (сауалнама, бақылау, педагогикалық эксперимент), нәтижелерді талдаудың статистикалық әдістері (салыстыру, қорытындылау, бірыңғай сұрыптау әдісі, талдау, өңдеу) . Зерттеу нәтижелері: диссертация тақырыбы саласында басылым көрген отандық және шетел зерттеушілерінің еңбектеріне, ҚР білім және ғылым министрлігінің білім беру жүйесі бойынша жариялым көрген ресми және нормативтік құжаттарына (бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) мерзімді баспа материалдарына талдау жасалды. З ерттеудің өзектілігі: «Тәуелсіздік» концептісі бірнеше рет лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде қарастырылды: « тәуелсіздік» сөзі мағынасының түрлі тілдердегі универсалды элементтері ерекшеленіп алынды, тәуелсіздік-азаттық синонимдік жұп сөздеріне зерттеу жүргізілді, «тәуелсіздік» концептісінің диахрондық аспектісі, сонымен қатар «тәуелсіздік» мағынасын көрсету эволюциясы қарастырылды, аталмыш концептісі ұғымы «ел - азаттықтың нормативті аумағы» құрылымы арқылы түсіндірілді. Алайда, «тәуелсіздік» концептісінің кейбір аспектілері әлі де зерттеуді қажет етеді. Мысалы, аталмыш концептінің тілдер концептосферасындағы когнитивті мазмұны кешенді және көпаспектілі зерттеуде әлі де анық көрсетілген жоқ. Осыған қоса, «тәуелсіздік» концептісінің әлеуметтік жіне саяси шарттарының қызмет етуі оның мазмұны құрылымында этноспецификалық ерекшеліктерді туындатады. Қазіргі таңда қарастырылып отырған концепті универсалды және тұлғалық деңгейде аса маңызды роль атқарады. Аталмыш магистрлік диссертацияның өзектілігі «тәуелсіздік» концептісінің этномәдени маңыздылығымен нақтыланады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жастардың, келер ұрапақтың ел бірлігі, елдің тыныштығы - елдің тұрақтылығы мен Мәңгілік Тәуелсіз боларын бойларына сіңірсек және оларға Отанды сүю - елдің алдындағы борышы екенін ұғындырсақ, онда жастардан бәсекеге қабілетті, отансүйгіш, ата-баба өсиетіне, құндылықтарымызға берік болып, дамытатын ұрпақ қалыптастыратын едік, себебі жас ұрпақ - тамыры терең Мәңгілік елді қалыптастырушы, олар тәуелсіздігімізді мәңгі ете алады. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жұмыс когнитивтік, әлеуметтік, функционалдық зерттеулердің дамуына үлес қосқан социолингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және тарихи деректердегі тұжырымдарға сүйеніп дәйектелді. Концепт теориясы мен өріс ұғымдарына қатысты тұжырымдамаларының барлығы Ю. С. Степанов, Е. С. Кубрякова [13, 110], С. Аскольдов-Алексеев, сынды шетелдік зерттеушілерге, сонымен қатар, Ш. Жалмаханов, А. Ислам секілді отандық ғалымдардың тұжырымдарымен сабақтасады. «Тәуелсіздік» концептсінің семантикалық өрісіне жататын «Еркіндік» концептісіне қатысты тұжырымдамалар М. Минский, А. Солохина тәрізді шетелдік ғалымдар еңбектерінің негізінде берілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- «Мәңгілік Ел» идеясын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырудың тиімділігі тілдік деректер арқылы бағамдалды; теориялық бағыттан дәлелденді;
- Орхон ескерткіштеріндегі тасқа қашалып жазылған өсиетнамалардың мән-мағынасы, түпкі ойы анықталып берілді;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика - семантикалық ерекшелігі «ұлттық код» аясында айқындалды;
- «Тәуелсіздік» концептісінің лексика-семантикалық өрісі айқындалды;
Зерттеудің практикалық құндылығы: Диссертация нәтижесінде алынған теориялық және эмпирикалық материалдар қоғамдық пәндерді оқытуда, «Қазақтану» оқу курстарында пайдалануға болады. Зерттеудің сарапталып сыннан өтуі: зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылары бойынша отандық ғылыми басылымдарда 3 ғылыми еңбек жарияланды. Соның ішінде 1 мақала «Білім Айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық журналында, «Тәуелсіздік таңы - Мәңгілік!» атты мақала жарияланды. Алматы, 2017. 2-мақала Білім Times Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналында «XI Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары - Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында «Мәңгілік ел» идеясының лингвистикалық ерекшелігі» атты мақала жарық көрді. Алматы, 2018. 3-мақала «Ұлттық код - ұрпақ құндылығы» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хабаршы» журналының №3 санында (баспада)
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: зерттеу кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
КІРІСПЕ
Тәуелсіздікке қол жеткізген Түркі мемлекеттерінің басты идеясы - тәуелсіздікті баянды ету болатын. Осы орайда, барлық елдің көкейтесті идеялары - сырттағы ірі мемлекеттердің тегеурінді тепкісіне ұшырамай, экономикалық қал-ахуалын көтеріп, ұлттық рухты көтеру болатын. Сонымен қатар, халықты іргелі елдердің қатарына жатқызып, ел іргесін бекітумен қатар терезесін Евразия елдерімен теңестіру идеясы басты мақсатқа айналған болатын. Осы ұлттық идеяның негізінде ұлттық сана қалыптасты. Мұндай идеялардың қалыптасуынан бұрын әр Түркі мемлекеттері түрлі ауыртпалықтарды басынан кешірген. Соның ішінде біздің қазақ халқының елдік, бостандық, отаншылдық, ұлттық сана және тәуелсіздік идеясы бір ғасырдан астам уақытта жоңғарларға қарсы жүргізілген азаттық күрес кезінде туындаған. Қазақ елі ел тәуелсіздігі үшін байқағанымыздай, қаншама ғасыр өз азаттығы үшін алысты, өз мемлекеттік болмысы үшін, жалпы халықтық тұтастығы үшін сыртқы жаумен арпалысып өтті. Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 1990 жылдары Қазақ Елінің ішкі, және сыртқы саяси ахуалы қандай күйде болғаны белгілі. 300 жыл бойы басқаның боданында болып, ұлттық экономикасы мен шарушылығы ғана емес, рухани байлығы мен қатар ұлт ретінде жойылып кетудің шақ алдында тұрған едік. Тәуелсіздіктің алғашы жылдары қаншама ауыр болса да, елдің тыныштығын сақтауға қазақстандықтар жұмыла күш салған еді. Биліктегілер елдің көзін ашып, ұлт екенін, халық екенін ұғындырып, мойындатып, еңсе көтеру үшін де біраз жұмыс жасау қажет болған-ды. Осындай жас мемлекеттің саяси жүйесін жаңадан қалыптастырып, мәдениетін, ұлттың тарихын, рухани құндылықтарын көтеру; экономика мен шарушылықты нығайтып, халықтың қал-ахуалын жақсартып тәуелсіздік мүддесіне үйлестіру өте қиын шақ болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңде Қазақстан билігі- біліктілігі мен төзімділігін, халық-парасаттылығын көрсете білді. Билік ең әуелі елдің бірлігін сақтауға, ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге білек сыбана кірісті. Сонымен қатар билік өзге де халықтарға бар мүмкіншілік те жасап берді. Олардың өз тілінде білім алуларымен қатар, ұлттық құндылықтарын дамытып, жетілдіруге мүмкіндік берді. Елбасымыз Н. Назарбаев 2014 жылы Қазақ халқын «Тәуелсіздік мерекесі»күнгі салтанатты жыйында құттықтауында: «Бұл күніміз тарихи әділет салтанат құрған, бабаларымыздың азаттық үшін күресіп, сол орайда өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас ұлы күн. Сырдария мен Есілдің, Алтай мен Атыраудың арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған ең ардақты күн. Тәуелсіздік - біздің меншігіміз немесе тарихтың сый емес. Тәуелсіздік - кешегі ата-бабаларымыздың қасиетті борышы және алдындағы зор жауапкершілік. Біз дербес, тәуелсіз мемлекет құруға ие болған ие болған 193 мемлекеттің біріміз. Тәуелсіздікті берік ұстап тұру - тәуелсіздікке жетуден де қиын іс. Елімізде тұрақтылық пен татулық ұйып тұрса ғана біз Мәңгілік Тәуелсіз ел боламыз. Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы», - дейді[1] . Осындағы жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясына Елбасының 2014 жылғы 11 қараша күні Қазақстан халқына арнаған жаңа «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тәуелсіздігіміздің даму даңғылындағы басты бағдар ретінде тағы да айрықша мән берілді. Тарихы тереңде жатқан «Мәңгілік Ел» идесы хақында 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Мәңгілік Ел - күллі Түркі жұртының мұраты» деген өсиет қалдырған. Байқасаңыз, біздің жалпыұлттық идеямыз - мемлекеттігіміздің тамыры. «Мәңгілік Ел» идеясын өміршең ететін - елдің, ұлттың бірлігі. Осы ұлттың бірлігі мен берекесі - Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған ең биік белестерінің діңгегі. Сондай-ақ, біздің келешек ұрпаққа аманат етер басты байлығымыз - осы ел бірлігі болып табылады. Елдің бірлігі мен берекесін сақтау үшін біздің жастарымыз бен келешек ұрпақтарымыз Отанды сүюі керек. Яғни, Отанды сүю дегеніміздің өзі - кешегі бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы мұраларымызды қадірлеу, оларды көзіміздің қарашығындай сақтау, өз үлесімізді қоса отырып, дамыту, кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. «Мәңгілік Ел» - жаңа Қазақстандық патриотизм. Өткен тарихымызға деген тағзым, бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен бақытымызға мақтаныш, келешектің гүлденеріне деген сенім осы құдіретті ұғымға сыйып тұр. Жоғарыда атап өткенімдей, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - елдің біріктіруші күші, ешқашанда таусылмайтын қуат көзі. Бұл идея «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеннің өзі - Мәңгілік Ел! Және де барша қазақ жұртының құндылығы. Иә, осынау жалпыұлттық құндылықты әрбір азаматтың, келер ұрпақтың бойына сіңіруге тиістіміз, - деп Елбасымыз жолдауында атап өтті [2] .
І КОНЦЕПТ - ЛИНГВИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Ұлттық код идеясының құндылығы
Қоршаған ортадағы құбылыстарды тілдік жүйеде бейнелеу мәселелерін зерттеу құбылысы арқылы тіл білімінде «концепт» термині пайда болған. «Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С. А. Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады: «Шығу тегі бірдей сандаған заттарға қатысты ой процесінің орнын басатын ойдағы түсінік» [45, 12] . Осымен сабақтастырып, В. З. Демьянков, Ю. С. Степанов (1-кестеде) ұғым мен концептінің аражігін ажырата қарастырады. Концепт терминін зерттеуші ғалымдардың әрқайсысы әр түрлі қарастырады. Мысалы, В. Н. Телия «Концепт» дегеніміз - белгілі бір обьект туралы барлық мағлұмат жиынтығы деген анықтама берсе [9, 17], ал, ғалым В. А. Маслова концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құрайтын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылатынын дәлелдеген [8, 26] . Ғалым А. Вежбицкая болса, концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды да, «концепт - бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін «идеалды әлемнің объектісі», - деген ой қалыптастырады. [15, 7-8] . «Концепт» терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев [15, 3, 9], Е. С. Кубрякова, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич А. Вежбицкая т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, олардың «концепт» жайлы ой-тұжырымдары концептіні құрылымына енетін сөздердің мағыналық жақтан өзара үйлесе келіп, негізгі өзек - тірек сөздің аясына шоғырлануынан туындайтындығын дәлелдейді. Қазақ тіл білімінде «концепт» термині С. Жапақов[12, 28], М. Күштаева, Ш. Елемесова [18, 27], А. Ислам, т. б. зерттеушілердің еңбектерінде әр қырынан зерттеледі. М. Т. Күштаева: «Концепт пен ішкі форма» термидерінің мәнін ажырату қиын. Бұл терминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени тілдік құбылыстың ерекшелігін түсіндірудің кілті болып табылады. Олардың айырмашылықтары сақталуы мен қызметінде. Сөздің ішкі формасы жоғалып кете алады, ал концеп әрқашан сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан, концепт қатары тұрақты», - дейді[34, 24] .
Кесте 1 - Концептінің лингвистикадағы бағыттары:
Қазіргі лингвистикада концептіні түсіндірудің үш негізгі бағыты бар:
Бірінші бағыт
(өкілі Степанов) концептіні қарастыруда үлкен назарды культуралогиялық аспектіге аударады, мұнда барлық мәдениет концептілер мен олардың қатынастарының жиынтығы ретінде түсініледі. Концептіні осылайша түсіну тіл рөлін тек көмекші құрал ретінде екінші орынға қоюмен байланысты [20, 43] .
Екінші бағыт (Н. Д. Арутюнова және оның мектебі, Т. В. Булыгина, А. Д. Шмелев т. б. ) концепт мағынасының қалыптасуының жалғыз құралы деп тілдік таңбаның семантикасын санайды [11, 31] .
Үшінші бағыт
(Д. С. Лихачев [15, 3-9], Е. С. Кубрякова т. б. ) . Концепт сөз мағынасынан тікелей пайда болмайды, сөз мағынасының адамның жеке және халықтық тәжірибесімен ұштасуының нәтижесі, яғни концепт сөз бен шындықтың арасындағы делдал [14, 110] .
«Концепт» латын тілінде де бірнеше мағынаға ие: «сonceptio» - 1) жиынтық, жүйе, байланыс, қойма, заң актілерін тұжырымдау; 2) ұрық қабылдау; 3) сөйлем және с. с., т. б. мәнге негізделген [13, 113] . «Концепт - адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [74, 267] . Концепт - бұл кез-келген ұғым емес, бұл адамның әлемдік көзқарасы мен әлемнің концептуалды бейнесінің маңызды әрі күрделі элементі. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған қазақ тіл білімінде ҚазХҚжӘТУ университетінің шетел тілдері педагогикалық факультетінің деканы, ф. ғ. д. Айбарша Исламның пікірінше: «Концепт дегеніміз - ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік [48, 439-445] . Тіл - табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құрал. Әлемде өмір сүре отырып адам тек тілмен белгілі бір «құрал» ретінде қамтамасыз етілмеген, «бірақ адам үшін жалпы әлем не екені осы тілде негізделген және онда сипатталады». Тіл бізге әлемді тануға мүмкіндік береді, «мұнда әр жеке адамның санасынан жоғары тұратын көзге көрінерліктей болады». Лингвистиканың негізгі категориясы - концепт бірнеше түрге бөлінеді. 1. Жеке тұлғалық концептілер дегеніміз - белгілі бір тұлғаның немесе автордың жеке қолтаңбасына тән тірек мағыналар. 2. Ал адамдардың жас ерекшеліктеріне тән концептілер тобы сол адам санасының жасына қарай дамуын, сол арқылы әлемді, қоршаған ортаны қабылдауын көрсетеді. 3. Жалпыұлттық концептілер сол ұлттың танымын, талғамын, өмірлік тәжірибесін, парасат-пайымын, ұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын сөздер тобын құрайды. Сонымен қатар әрбір концепт адам санасының даму ерекшелігіне байланысты, қоғамның өзгеріп, өркендеуіне байланысты бірнеше қабаттардан тұрады. Сонымен қатар концептілердің негізгі қабаты жалпыұлттық сипатты қамтып, қосымша қабаты - семантикалық өріс шеңберіндегі концептілерді құрайды [16, 80] . Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін саралай келе, концептінің ұғымнан басты айырмашылығы- ұғымда энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие. «Ұғым» ғылыми білімнің нәтижесін берсе, концепттің сөздіктегі мағынасымен қатар, алғашқы этимологиясы, басты тарихи белгілерін ғана қалдырып қоймаған, оның қазіргі заман ассоциациясын, бағалауын жинақтаған көп қабатты құрылым. Демек концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді . Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай келіп, біздің ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы деп түсінуге болатын сияқты. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді. Бірқатар зерттеушілер тіл - мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл - ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады. Ономаст-ғалым А. Жартыбаев: «Бүгінгі таңда тіл білімінің дамуы түрлі бағыттармен ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше бағыттағы лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным арқылы өрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін, лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын, көрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым өкілімен қатысты қарастыру қазіргі тіл танымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық», - деп жазады [21, 6-7] . Мемлекеттік саяси жүйені жаңғырту үдерістері, яғни рухани жаңғырту бағдарламасы арқылы қазақ қоғамындағы ескі құндылықтар мен жаңа құндылықтарды енгізуде. Елбасымыздың мақаласы қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлттық идеологиялық бірлестікті жетілдіру бағытын қамтиды [82, 2] . Елбасымыз сұхбатында: «Қазақтың қазақтығының басты белгісі - қазақша сөйлеу. Үйде де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де. Бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады . . . Осы 17 жылдың ішінде орыс тілді қазақтар өзінің ана тілін үйренуге міндетті еді. Бұл талап ешқандай да адам құқығына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс. Бұл - парыз. Перзенттік парыз. Адамдық парыз» [86, 5], - деп әрбір қазақ азаматына ұлттың алдындағы азаматтық парызын айқындап берген. Орыс тілділеніп кеткен кейбір қазақ азаматтарының санасына бұл сөздерден артық сөз жоқ деп білем. Күнделікті өмірде де, әлеуметтік желілерде де қазақ азаматтары орыс тілділерді ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеп келеді. Бірақ, бұл мәселеге ой толғап, мән беріп жүргендер бірең - сараң. Одан әрі Елбасымыз: «Менің елбасшы ретінде де, қазақ ретінде де парызым - қазақ тілін өсіріп-өркендету . . . Қазақ елі барда, қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзімді тағы қайталағым келеді. Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым», - деген болатын. Бұл - Елбасымыздың жүрекжарды сөзі, мәңгілік ұстанымы, азаматтық көзқарасы [84] .
Үш жүз жыл бойы қазақ халқы Ресейдің отары болды. Сондағы империя тілінің әсері мен қуаты осы уақытқа дейін сақталуда.
- Қазақ халқының 40%- ы орыс тілінде сөйлейді.
- Қазақстан Республикасы халқының 26 %-ы орыстар.
- Қазақстандағы басқа ұлттардың диаспоралары орыс тілінде сөйлейді.
- Орыс тілі біз үшін ғылым мен техника тілі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz