Қазақстан ормандары және оларды қорғау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Ормандардың табиғаттағы маңызы
2. Қазақстан ормандарының таралу сипаты
3. Омандардың экологиялық жағдайы және қорғау шаралары
ІІІ. Қорытынды
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан
1.Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2.«Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
3.«Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
4. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
6.Қазақ энциклопедиясы VII-том, Асқаров І.Ж., Байзақов С.Б., Қазақстан орман алқаптары. Табиғат ел байлығы (жинақ

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Ормандардың табиғаттағы маңызы
2. Қазақстан ормандарының таралу сипаты
3. Омандардың экологиялық жағдайы және қорғау шаралары
ІІІ. Қорытынды

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының
басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше
түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды,
ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ
жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі.
Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына,
өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты
болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б.
әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен
көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар
атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан
астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш,
бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және
субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы
өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы
жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған.
Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман
зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында
өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және
тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-
өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда
сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде)
жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл
ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе
жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр
топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис,
гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің
өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары
ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы
үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп
шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы
оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп
шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030
стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын
алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең
ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола,
Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс
тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі
тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері
көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы
біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман шаруашылығының мәліметі
бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп
ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен
170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының
ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман
қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман
аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды.
Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер
асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы
нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз
бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса
бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп
тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек
кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара
ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы
ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы
өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу
процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және
кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық
және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге
ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға
егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман
алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық
ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік
қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек
күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана
жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді
пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары,
Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-
қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен
сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды
жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес
анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс
Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл
жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Қоршаған ортаны қорғау жайлы
Республикамыздың орман қоры туралы
Орман шаруашылығы
Таза табиғат – халық байлығы
Ормандарды өрттен қорғау
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Пәндер