Тұқымды себу мерзімі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Сейдалі Айдана Есқалиқызы

Тақырыбы: ШҚО - ның шаруа қожалықтарында егіс алқаптарын күздік жəне жаздық арпа өсіру арқылы тиімді пайдалану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Мамандық 5В080100 - Агрономия

Семей қ
2019ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
__________________кафедра
меңгерушісі Джаманова Г.И

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: ШҚО - ның шаруа қожалықтарында егіс алқаптарын күздік жəне жаздық арпа өсіру арқылы тиімді пайдалану



Мамандық (шифр): 5В080100 - Агрономия

Орындаған Сейдалі А. Е
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Сарсембаев Б. С

Семей қ
2019ж

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

МЕСТ 2-102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері жиынтғы.
МЕСТ 2.104-68 ЕСКД. негізгі жазулар.
МЕСТ 2.201-80 ЕСКД.Құрастырушы құжаттардың белгілері МЕСТ 2.301-68 ЕСКД. Форматтар.
МЕСТ 2.601-95 ЕСКД. Экспуатациялық құжааттар
МЕСТ 2.304-81 ЕСКД.Сызудың шрифты
МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары.Сапа туралы құжат.
МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары Терминдер.Анықтаулар.
МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттары және егістік сапа.
МЕСТ 2. 105-79 Конструкторлық Құжаттарды бірдей жүйелеу

АНЫҚТАМАЛАР

Топырақ - жер бетіндегі өсімдіктердің өніп - өсуінде мал азығымен қатар су, ауамен қамтамасыз ететін бірден - бір табиғи зат.
Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шарушалық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.
Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.
Селекция - ( латын тілінен аударғанда selection - сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сұрыптар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.
Температура - (лат.temperatura - араластырылуға тиісті, өлшемдес болу,қалыпты күй) - макроскопикалық жүйеніңтермодинамикалық тепе-теңдіккүйін сипаттайтын физикалық шама.
Климат - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оныңбір ізбен өзгеріп отыруы.
Жергілікті сорт - селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды атайды.
Тұқымның егістік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуатты, ылғалдылығы, 1000 тұқымының салмағы мен аурулар мен зиянкестер мен зақымдану дәрежесімен сипатталады.
Сорттың сапасы- сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.
Делянка - тәжірибе жұмысын жүргізілуле арналған шағын көлемді жер.
Сортты ауыстыру - ескі сорттарды өнімді және сапалы жоғары сорттармен ауыстыру.
Стандарт - жаңа сорттарды салыстыруға арналған пайдалануға рұқсат етілген сорттар ішіндегі ең жақсы сорт.
Сорт жаңаруы - ұрықтарды жаңарту, ескі тұқымды сол сорттың жаңартылған ұрықтарымен ауыстыру.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
АШМ - Ауыл шаруашылық мекеме
ММ - мемелекеттік мекеме
МЕСТ - Мемлекеттік стандарт
АШҒЗИ - Ауыл шаруашылық ғылми- зерттеу иниституты
ҒЗИ - ғылыми - зерттеу иниституты
Ц га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
См - сантиметр
Ц - центнер
С - температура
гa- гектaр
ж.ж - жылдары
кг - килoгрaмм
кггa - гектaрғa килoгрaмм
м - метр
м2 - шaршы метр
м3 - текше метр
м3гa - гектaрғa текше метр
мг - миллигрaмм
мм - миллиметр
cм - caнтиметр
т - тoннa
тгa - гектaрғa тoннa
% - пайыз
Р - фосфор
N - азот
ә.е.з - әсер етуші зат
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының географиялық орналасуына қарай әр түрлі ауа - райы және топырақ климат жағдайымен ерекшеленеді. Республикамыздың облыстарында арпаны азықтық және мал азығына арнап өсіріп-өндіреді. Арпа, бидай секілді ертеден өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл. Бидайға қарағанда, арпа ыстыққа да, суыққа да және құрғақшылыққа да төзімді келеді. Арпаның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі рөлі, арпаның дәнді дақылдар құрамындағы үлес салмағы жөніндегі пікірталас ертеден жалғасуда, дегенмен дамыған елдерде бұл дақылдың көлемі азайған жоқ, керісінше артып жатыр. Қазақстанда арпа дәнінің қос қатарлы және көп қатарлы екі түрі өсіріледі. Қос қатарлы арпаның дәні масағының ортасында болады, ол сыра қайнатуда пайдаланылады. Ал дәні көп қатарлы арпа спирт өндірісінде , азық - түлік және мал азығы түрінде қолданылады. Арпаның бұлардан басқа күздік және жаздық түрлері Қазақстанның барлық облыстарында егіледі. Сыра дайындауға арналған арпа сорттары негізінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында егіледі. Әр аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай арпа дәнінің пайдалану бағыттарының талаптарына сай келетін сорттар мен тізбектерді сұрыптау көптеген мәселелердің шешімі. Қазақстанның Әлемдік Сауда ұйымына ену үшін жоспар мен бағдарлама аясында өндірушілердің алдына бәсекеге қабілетті және арзан өнім шығару міндеті қойылған.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы егістіктің көлемі 2016 жылғы көрсеткіштер бойынша 16785,2 мың га. жерді құраса, ал астық тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13208,7 мың га. оның 2,0 миллионға жуық гектар жері арпа дақылына тиесілі. Бұл жерлердің 10 пайыздан астамына күздік арпа сорттары егілсе, ал қалғанына жаздық арпа сорттары егілуде.
Шығыс Қазақстан облысындағы арпаның егістегі көлемі 81,0 мың га немесе астық тұқымдастарының 17,2% алады. Шығыс Қазақстан обылысында арпа өнімділігі бидаймен салыстырғанда 1,5 есе жоғары келеді. Бірақ шаруашылықтар өнімді басқа аймақтармен салыстырғанда 2-3цга - өнімді кем алады. Қазіргі экономкалық жағдайда жергілікті тауар өндірушілер Солтүстік және Орталық Қазақстанмен толық бәсекеге түсе алмады. Аталмыш, қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы ол өнімділікті жоғарлату.
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жоғары сапалы тұқым алуға мүмкіндік бар. Бірақ, арпа өнімділігін төмендететін факторлар жетерлік. Ол аймақтың агроклиматтық жағдайы (тәуліктік ауа температурасының вегетациялық кезеңдерде күрт ауытқуы, климаттың құрғақтығы) және өсімдіктің саңырауқұлақты ауруларға шалдығуы.
Қазіргі кездегі қалыптасқан экологияның өзгеруі салдарынан жылдан жылға ауа райының өзгеруі жаздық арпаны егудің оптималды мерзімін белгілеу қиынға соғуда, ауа райының құбылмалдылығы, ылғалдың жеткіліксіздігі, желді күндердің көбеюі және т. б. факторлар бар.
Осы мәселені оңтайландыру үшін дипломдық жұмыстың мақсаты - ЖШС Тұрсын шаруа қожалығы жағдайында егіс алқаптарын күздік және жаздық арпа өсіру арқылы тиімді пайдалану.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Күздік және жаздық арпа дақылының өнімділігін арттыру және сапасын жаңарту, ізденіс шараларын зерттеу;
- Күздік және жаздық арпа сорттарын дән өнімділігі бойынша бағалау;
- Cебу мерзіміне қарай арпаның алынған өнімін анықтау
- Зерттеу нәтижелерінің экономикалық тиімділігін есептеу.
Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтін ретінде терілді. Кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім (ғылыми әдебиеттерге шолу, шаруашылыққа сипаттама, зерттеу әдістемесі және зерттеу құрылымы, экономикалық тиімділігі, еңбек қорғау), қорытынды, тұжырымдама, қолданлыған әдебиеттер, қосымша бөлімі қарастырылды. Қолдан терілген материалдар 69 - бет, 7- кесте, қолданылған әдебиеттер саны - 61, сурет - 4 .
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Арпа - маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл. Жалпы Қазақстанда негізгі дәнді жемшеп дақылдарына жатады, олардың егіс көлемі соңғы жылдары 3,4 млн. га құрады. Бір гектардан 15-30 центнер өнім береді. Нәрілік тұрғысынан да бидайға қарағанда, арпада қаныққан майлар қышқылының мөлшері біршама артық, өзектер 40% -ға, тиамин 68% -ға, лизин 38% -ға көп. Бидай аллергия туғызса, арпа аллергия тудырмайды.
Арпа астығы халықаралық саудада да сұранысқа ие. Қазақстанның арпа экспортының 70%-дан астамы ТМД елдеріне шығарылады. Шығыс Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді дақылдардың ішінде арпа барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1,2-1,3 азық-тық өлшемімен 100 г дейін сіңімді протеин бар[1].
Арпа дәнінен (негізінен жалаңаш дәнді сорттарынан) арпа жармасын дайындайды, нан өндірісіне жарамды формалары анықталды. Құрамында ақуызы аз арпа негізінен сыра қайнату өндірісінде маңызды шиқізат болып табылады.
Қазақстан Республикасында 5,6 млн. га астам жерге арпа себіледі. Жаздық бидай мен сұлыға қарағанда арпаның түсімі жоғары әрі 10-15 күн ерте піседі. Қазақстанда арпаның Нутанс - 970, Бәйшешек, Сәуле, Қарағанды - 4, Оңтүстік Қазақстан - 43, Күздік сорттары аудандастырылып, өсіріледі. [2].
Мәдени арпа Ногdeum saltivum L. туысы 50 астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплоидты, тетраплоидты және гексаплоидты арпалар бар. Біржылдық және көпжылдық формалары белгілі. Барлық мәдени арпалар диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі Ногdeum vulgare. Бұл жаздық және күздік формада дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ сабақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай олар үш түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі[3].
Арпа шашақты тамыр жүйесінен тұрады, ол бастапқы және екінші тамырларды біріктіреді: бастапқы тамырлар соңына дейін жұмыс істейді, екінші тамырлар топырақ бетіне таяу орналасқан сабақтың жер асты түйіндерінен шығады. Арпа үш-сегіз, ал кейде он ұрықтық тамыршалармен өнеді. Екінші тамырлар көктегеннен кейін 10-12 күннен соң пайда болады, бұл уақытта бастапқы тамырлар топыраққа 25-30, тіпті 50 смтереңдікке дейін бойлап кетеді. Бастапқы тамыр бидай мен сұлыға қарағанда алғашқы кезде тезірек өседі. Бастапқы тамырлардың топыраққа кіруі - 100-120 см[4].
Өсімдіктердің қоректенуінде олар қуаңшылық жағдайда ерекше маңызға ие болады. Қуаңшылыққа төзімді сорттарында бастапқы тамырлар саны айтарлықтай кеп болады, оның үстіне көпқатарлы арпада ол аздау, ал екі қатарлы арпада көптеу. Екінші тамырлардың қалыптасуы, дамуы және топыраққа бойлау енуі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы мен түптену қарқындылығына байланысты. Қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде 3-5 түптену өркені пайда болады. Сорт сынау учаскелерінің деректеріне қарағанда арпаның өнімді түптенуі 1,5-2,5 тең[5].
Сабақ, жапырақ қынабы, жапырақ және масақ әртүрлі қарқындағы уызды түктермен, әсіресе қуаңшылықты жағдайларда, көмкерілген. Сабағы сабан, жағдайларға байланысты 40-160 см биіктікке дейін өседі. Ол бидай сабағынан әлсіз. Бүкіл одақтық өсімдік шаруашылығы институтының деректері бойынша, жапырылып қалмауға төзімді сорттарының сынауға қарсылығы 700-900, ал бидайдың интенсивті сорттарында бұл көрсеткіш 2000-3500 тең, немесе 2,9-3,5 есе жоғары. Сондыктан арпаның жапырылып қалмауға төмен. Арпа паясының топырақ қорғау рөлі, әсіресе арпа аңызын ауыспалы егістің соңғы дақылы ретінде парға қалдырылғанда, айтарлықтай емес[6].
Гүл шоғыры - масақ, бірақ соңғы жеміс беретін масақшасы жоқ. Әрбір масақшасы жалғыз гүлді, бір дән түзеді. Алты қатарлы арпада әдетте әрбір масақ кемерінде үш жемісті масақша арналасқан, қосқатарлыда бір масақша дамып дән береді де, қалған шеттегі екеуі жеміссіз қалады[7].
Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1 - 2° жылылықта өне бастайды, көгінің пайда болуына қажетті ең қолайлы температура +15 - 20°С. Өсіп-өну кезеңінде шаруашылыққа жарамды астық алуға қажетті белсенді Температура жиынтығы орта мерзімде пісетін сорттарға 1300°С және кеш пісетін сорттарға - 1400°С. Егін көгін +4 - 5°С температурада алуға болады, түтікке шығу - масақтану кезеңіндегі ең қолайлы ауа температурасы +20-22°С, ал дәннің пісуі кезіндегі 23-24°С. Арпа көктегенде - 6 - 8°С бозқырауды зиянсыз көтереді, гүлдену кезеңінде - 1 - 2°С, сүттене піскенде -2 - 4° С бозқырауды көтереді.
Арпа жоғары температураларға өте төзімді. 38-40°С температураның үздіксіз әсерінен саңылаулар сал ауруына тек қана 30-35 сағаттан соң ұшырайды. Оны әділ түрде ыстыққа төзімді өсімдіктер қатарына қосады.
Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарында арпа жоғары астық өнімін береді. Арпа бидай мен сұлыға қарағанда қуаңшылыққа төзімдірек[8].
Арпаның ылғалға қажетсінуі жоғары емес. Ылғалға шамалы талабы өне бастағаннан бүкіл өсіп-жетілу кезеңдерінде көрініс табады. Дегенмен бүкіл кезеңдерінде арпа өсімдіктері ылғалды біркелкі талап етпейді. Көктеу-масақтану кезеңдеріндегі ылғал жетімсіздігі өсімдіктердің өсуін тежейді. Түптенуді, масақшалар мен дән санын төмендетеді. Масақтану - пісу кезеңіндегі құрғақшылық пен жоғары температура 1000 дәннің массасы мен олардың толысуын азайтады.
Оның транспирация коэффициенті 300 - 450. 1 ц астыққа жұмсалатын су шығыны, яғни су пайдалану коэффициенті 90 - 15.0 м3, мал азығына өсіргенде 1 ц құрғақ затқа - 40 - 80 м3. Арпаның ылғалға максимум қажетсінуі түтікке шығу - масақтану кезеңіне дәл келеді[9].
Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының тәжірибелерінде пардан кейін үшінші дақыл ретінде орналастырғанда орта есеппен 9 жылда бидайдың өнімі 12 цга, арпаның өнімі 16,6 цга болды, ал таза парға орналастырылған бидайдың өнімі 15,9 цга болғанның өзінде арпаның үшінші дақыл ретіндегі өнімі бидайдың пардағы өнімінен жоғары болды. Барлық ылғалдың 50 - 60% арпа түтікке шығудан масақтануға дейінгі уақытта шығындайды[10].
Арпа топырақ құнарлылығына айтарлықтай жоғары талап қояды. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпаның тамыржүйесі біршама әлсіз дамиды: 1 гектарға арпа 2 т тамыр қалдықтары, сұлы - 3,7, күздік бидай 3,4, қара бидай 5,9 т қалыптастырады екен. Арпа тамырының сіңіру қабілеті де әлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (рН 6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортаға айтарлықтай төзімділігінің нәтижесінде сортаңдау топырақтарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді[11].
Арпа өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ айқас тозаңдануы да кездесіп қалып жүр. Гүлдену мен ұрықтану жиі түрде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалды.
Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Далалық 4-5 танапты дәнді парлық мал азықтық ауыспалы егісте арпа 3 - 4 дақыл ретінде орналастырылады. Мал азықтық дәнді-отамалы, дәнді-отамалы-шөпті ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері - бір жылдық шөптер-арпа. Арпа есірудегі топырақ өңдеу жүйесі негізінен жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөптен қатты ластанғанда, әсіресе ылғал мол түскен жылдары, қосымша аралық культивация жасалады.
Астыққа да мал азығында да ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы маусымның басы, мүның өзі арамшөптерден арылып жазда түскен ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мал азығы дақылдарының егістігін арамшөптен қорғау агротехникалық және химиялық күресу жолдарға қарастырады[12].
Арамшөпке қарсы күрес дақылдары ауыспалы егісте орналастыра отырып агротехникалық шаралар жүйесін іске асырғанда ғана тиімді болады және осыған сәйкес арамшөп өсімдіктерін құртуды қамтитын топырақты өңдеу, тұқымды арамшөптен тазарту, себу мерзімі, егістікті күтіп баптап тағы басқа шараларды жузеге асыру қажет.
Дәнді жемшөп дақылдары егістігінде арамшөпке қарсы күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде себу мерзімі айтарлықтай маңызға ие болады. Солтүстік Қазақстанда арпа мен сұлының ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы маусымның басы, бұл мерзімге денін өскен арамшептерді толық құрту мүмқіндігі туады. Арамшөппен жоғары дәрежеде ластанған алқаптарда себу мерзімін кешеуілдетеді[13].
Дақылдардың бұл тобы қатардағы әдіспен себіледі, жоғары қарқынмен өседі, сондықтан арамшөпке қарсы күрес себу жұмысына дейін агротехникалық шаралармен жүзеге асады, алайда жекелеген жағдайларда химиялық күрес әдісі де қолданылады, оның ішнде ең көп тарағаны 2,4-Д және 2М-4Х препараттары. Препараттарды қолданудың ең қолайлы мезгілі -түптену кезеңі, алайда бұл кезеңде мәдени өсімдіктердің 2,4-Д туындыларына төзімділігі әртүрлі ауруларға нашар, ал күздік қара бидай жақсы төзеді[14].
Аз жылдық арамшөппен күресте 2М-4Х-тің енгізу нормасы 1,2 кгга, амин тұзы (2,4-Д) - 0,7 кгга, бутил эфирі (2,4-Д) - 0,25 - 0,3 кгга. Егістікте көпжылдық атпатамырлы арамшөбі болса 2,4-Д-нің амин тұзының енгізу нормасы 0,8-1,0 кгга, бутил эфирі 0,40-0,5 кгга дейін арттырылады. Азот тыңайтқышы-ның судағы ерітіндісіне (4-5 кгга ә. е. з) араластырғанда 2,4-Д және 2М-4Х препараттарының тиімділігі артады. Ауаның температурасы +20-24°С болғанда және егістікті өңдегеннен кейінгі алғашқы күндерде ылғал түспеген жағдайда гербицидтердің ең жоғары уыттылығы мен тиімділігі байқалады.
Аталған гербицидтерді пайдалану ала бұта, егістік ярутка, жұмыршақ, жабайы шомыр сияқты арамшөпті құртуға мүмкіндік береді, оларға сезімталдығы шамалы арамшөпке кәдімгі қышабас, далалық қалуен мен пикульниктердің әр түрлі, ал төзімділеріне барлық астық тұқымдас арамшөп, далалық торица, подмаренник және бірқатар басқалары жатады[15].
2,4-Д және 2М-4Х гербицидтеріне тезімді қос жарнақты арамшөптерге қарсы отаңдық түйдектелген диален 40%, диамет 44,6%, банлен 27% препараттарын қолданған жөн, дәнді жемшөп дақылдары егістігінде қара сұлыға қарсы триаллат препаратын қолдануға болады. Ол үшін себуге дейін топыраққа - 2-5 см тереңдікке 0,8-1,6 кгга эмульсия концентратын енгізеді. Күзде алғы дақылды жинап алғаннан кейін және көктемде себуге дейін 1,0-3,5 кгга түйіршіктелген триллат препараттарын қолданады. Арпа егістігінде қара сұлы 2-3 жапырақ қалыптастырғанда оған қарсы 0,4-0,6 кгга карбинмен бүріксе, жоғары тиімділікке қол жетеді[16].
Далалық қалуен мен бодякты құрту үшін 2,4-Д амин тұзына араластырылған 0,2 кгга лонтрел қолданылады, арпанын түптену кезеңінде лонтрел 416 (2М-4Х пен бақылау қоспасының 1,6-2,1 кгга нормасы) қолдануға болады.
Астыққа өсірілгенде 2,5 - 4,0 млнга өнгіш тұқым (110-140 кгга) себіледі, мұның езі ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты қуаңшылық аудандарында төменгі, ал ылғалды аудандарда жоғары шегі қолданылады.
БАШҒЗИ тәжірибелері жоғары агротехника дәрежесінде себу нормасын 15-20% төмендетуге, мал азығына өсіргенде астыққа есіруге қарағанда 0,5 млнга өнгіш тұқымға арттыруға болатындығын көрсетті, суармалы жерлерде 4,0-5,0 млнга енгіш тұқым себіледі [17].
Арпа дәнінде орта есеппен 60% крахмал, 12-13% ақуыз, 2%-дан астам май, 3%-ға таяу күл, 5-7% клетчатка, көп мөлшерде дәрумендер бар. Арпа астығының химиялық құрамының өзгеруі өсіру жағдайларымен, сорттық ерекшеліктері тікелей байланысты[18].
Арпа астығының малазықтық құндылығы ақуыз мөлшерінің көптігінен және қабықтылығынаң төмендігінен сұлыға қарағанда жоғары.
Сұлының 1 кг-да 1 азықтық өлшем болса, арпада орта есепен -1,21 а.ө. Бар. Арпа астығы - тамаша құнарландырылған жемазық. Әсіресе оның құндылығы шошқаны беконды және жартылай майлы етке семірткенде арта түседі. Арпамен азықтандырғанда құстардың жұмыртқалағыштығы мен еттілігі артады[19].
Арпаның сабаны мен мекені де жақсы ірі сабақты мал азығы, бағалығы жөнінен ол тары сабанына ғана жол береді
Арпаның агротехникалық маңыздылығы:
- арпа егістігі көктемде танаптарды арамшөптерден толық тазартуға мүмкіндік жасайды, өйткені оның себу мерзімін мамырдың соңы - маусымның басына қарай жылжытуға болады;
- ол айтарлықтай ерте жиналатындықтан күзгі топырақ өңдеу жүйесіне ерте жүргізуге болады және осының нәтижесінде арамшөптерге жеткілікті қысым жасалады, жоюға мүмкіндік молаяды;
- арпаның көпжылдық шөптерге жақсы бүркемелі, жамылғы дақыл ретінде де рөлі белгілі: шөптер жамылғыдан ерте босайды да жаздың соңы мен күзде жақсы дамиды[20].
Өсімдіктің өсіп өнуінің биологиялық негізі.
Дәнді дақылдардың ішінде ерте пісетін дақыл - арпа. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы сұрыптың биологиялық ерекшелігі мен өсіп жетілетін орнына байланысты. Сұрыптық қасиетіне байланысты ерте пісетін, орташа пісетін және кеш пісетін болып бөлінеді. Ауа райы жағдайы арпаның дәннің пісіуіне тікелей әсер етеді. Көктем мен жаз мезгіліндегі жылы ауа райы мен ылғал жеткіліксіз жағдайда ерте піседі, ал жоғары ылғалдылық пен бірқалыпты ауа райында пісу кеш жүреді.
Топырақтың қоңыр салыстырғанда торфты батпақты топырақта арпаның вегетациялық кезеңі ұзағырақ болады[21].
Көктеу. Жылдам және бірқалыпты шыққан көктіктер жоғары өнім алудың негізгі кепілі. Тұқымды себуден алғашқы көктіктердің пайда болу ұзақтығы 5-7 күн.
Көктіктердің жылдам және бірқалыпты пайда болуына әсер етуші фактор-топырақтың ылғалдылығы. Арпаның тұқымы өніп шығуы үшін қажетті топырақтағы ылғал мөлшері тұқымның құрғақ салмағының 48-76% құрау қажет. Көктіктердің көктеп шығуына сонымен қатар топырақ температурасы да тікелей әсер етеді[22].
Топырақ себу уақытына дейін 5-7[0] С дейін қызу керек. Себуден кейінгі күннің суы көктіктердің пайда болуын тежейді.
Арпаны терең себу мен жаңбырдан соң пайда болған топырақ жамылғасы тұқымға ауа жетіспеушілігіне әкеледі, салдарынан көктіктердің пайда болуын тежейді.
Тұқым өнгенде алғаш негізгі тамыр пайда болады, артынша алғашқы тамыршалар. Арпада тамыршалар 4-8 болады. Тұқым өнген уақытта тұқым бойында көптеген биохимиялық және физиологиялық өзгерістер жүреді.
Тамыршалардан соң бойы мен конустың өсуі басталады. Алғашқы жапырақ жұқа түссіз қақпақпен жабылған, ол топырақтан жердің бетіне өткен кезде жарақаттанудан қорғайды. Жер бетіне шыққан соң қақпақтың өсуі тоқтайды да, жапырақтың өсуі жалғасады, қақпақты жарып шығады. Осы уақытта өсімдікте фотосинтез процесі басталады. Арпада үш жапырақ пайда болған соң түптену фазасы басталады[23].
Түптену. Түптену фазасы сабақтың пайда болуы. Бір өсімдіктегі сабақ саны мен түптің саны есептеледі.
Барлық сабақтар дердік масақ қалыптасады, бірақ жалпы түптер және өнімді түптер болып жіктеледі. Жалпы түптілік сабақтар саны, ал өнімді түптер сабақтағы колос санымен есептеледі. Көктенуден түптенуге дейін екі үш апта кетеді.
Бір өсімдіктегі сабақ саны дерново подзолистый топырақта 2-3, ал торфты батпақта 15-20 дананы құрайды.
Арпаның түптенуіне топырақ құнарлығы үлкен әсер етеді. Құнарлығы төмен топырақта арпа мүлдем түптенбейді деуге болады. Түптілікті жоғарлатудың жолы минералды тыңайтқыштарды енгізу[24].
Дақылдың түптілігі тұқымның себу қасиетіне, абсолютті салмағы мен өнгіштігіне байланысты.
Тұқым ірі болса, өнімді сабақтар соншалық көп болады, егер агротехникалық шаралар уақытылы жүрггізілсе. Арпаның түптенуіне себу мерзімінің ертелігі мен егін себу алдындағы жоғары сапалы топырақ өңдеу жұмысы да әсерін тигізеді.
Түптену сұрыптарда әртүрлі түптенеді, мысалы, көпқатарлы арпа екіқатарлыда қарағанда аз түптенеді.
Ескерен жағдай, жоғары түптілік егісті жатып қалуға әкеледі. Мысалы, торфты батпақты топырақта жоғары агротехникалық фонда арпа жоғары дәрежеде түптенеді, сондықтан оның себу нормасын азайтады[25].
Арпаның түтіктенуі көктіктер пайда болғанннан кейін 3-4 аптадан кейін басталады. Сыртқы белгісі бойынша фаза кезінде негізгі сабақтан бүйр бөлектеніп шығады, ұстаған кезде қолға байқалады. Түптенуден түтіктенуге арпа минералды қоректердің жеңіл элементтерін бойына белсенді сіңіретіні дәлелденген. Сондықтан көктем мезгілінде егісті себу алдында топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізген дұрыс. Үстеп қоректендіру ретінде енгізілген тыңайтқыштар дақылдың өнімділігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Шетелде түптену мен түтіктену фаза аралығында минералды тыңвйтқыштардың бір бөлігін енгізеді, себебі, азот тыңайтқышы дәндегі ақуыз мөлшерін арттырады және оның малазықтық сапасын жақсартады. Масақтану арпада соңғы жапырақта остеу пайда болған сәттен тіркеледі. Ол орташа есеппен көктеуден кейін 50-54 күннен кейін басталады. Осы уақытта арпаның жақсы қалыптасқан масағы болады. Жылы және құрғақ ауа райы масақтануды жылдамдатса, ал салқын және жаңбырлы ауа райы керісінше бұл процесті ұзарта түседі. Екінші жағдайда масақша көп дәнді болып қалыптасады, олардың көлемі де солай пісіп жетіледі. Нәтижесінде арпаның өнімділіг артады[26].
Гүлдеу мен ұрықтану фазасы арпада масақшалану кезінде жүреді, масақ соңғы жапырақта болғанда. Сондықтан арпада өздігінен тозаңдана алады. Масақшаның гүлдері сыртқа шыққанда байлану болады. Арпа қатты құрғақшылық жылдары толық масақтанбайды, масақша жапырақ қынабында қала береді.
Осы кезеңдегі ауа температурасының жоғары болу, ал ылғалдың жеткіліксіздігі дәнге кері әсерін тигізеді, олар толық салмақты болмай қалады.
Пісу. Арпа дәнінің пісуі үш фазадан өтеді: сүтті, балауызды және толық.
Сүтті пісу масақтанудан кейін 15-17 күннен кейін жүреді. Бұл фазада өсімдік өзінің жасыл түсін сақтайды, тек ең төмен орналасқан жапырақтары сарғайып, өле бастайды. Сүтті пісу кезінде эндоспермде минералды және органикалық заттар белсенді түрде жиналады. Сүтті пісу кезеңінің соңында дән максималды үлкен формаға ежетеді, оның ылғалдылығы 40-60% тең. Артынша ол кеуіп, көлемі кірірейе бастайды.
Балауызды пісу фазасында өсімдік сарғая бастайды, дән сұрыпқа тән түске бояла бастайды. Оның ылғалдылығы 20-25% дейін төмендейді. Осы уақытта арпаны бөлшектеп оріға кірісуге болады. Толық пісуге көшекенде дән қатаяды, ылғалдылығы құрғақ ауа райында 14-16% дейін төмендейді. Өсімдіктің вегетациялық мүшелері кеуіп, өледі. Осы кезеңде арпаны комбайнмен ору басталады.
Себу мерзімі. Уақытында жүргізілген көктемдік тұқым себу жұмыстары өсімдік өсіп жетілуіне қажет қолайлы жағдайды тудырады және аталған факторларды пайдалана отырып арпа дәнінің жоғары өнімі жиналады. Еуропа елдерінде жүргізілген көптеген зерттеулер мен өндірістік практика нәтижесінде арпаны ерте мерзімде еккен дұрыс екені дәлелденген[27].
Қатты ылғалданған және қатты құрғақ аудандарда арпаны кеш егу өнімнің түсіміне әкеледі.
Казань мен Горьков атындағы ауыл шаруашылық институтының мәліметтерінде арпа егісін 6 күнге кеш егілуі өнімділікті 2,4-3,9 цга түсуіне әкелсе, ал оңтүстікте Эростовский мен Кировоградский сортсынау станциясында - 4,1-6ц. Ал Донец облысындағы АШМ СС бойынша арпаны кеш егу оның танаптық өнгіштік қасиетін төмендетеді, ол өнімділікке тура әсер етеді[28].

Кесте 1
Арпаның Донецский 650 тұқым сортының танаптық өнгіштігі мен оның тұқым өнімділігінің себу мерзімімен байланысы

Тұқымды себу мерзімі
Танаптық өнгіштігі, %
Астық өнімділігі, цга

1966ж
1967 ж
1968 ж
орташа
1966 ж
1967 ж
1968
5 мамыр
15 мамыр
25 мамыр
92,5
92,3
88,3
94,3
93,3
90,1
89,0
88,6
84,5
91,9
88,6
84,5
34,9
32,9
31,2
32,4
31,3
29,4
26,5
24,5
24,6

Себу мерзімі кешігіп жүргізілген сайын, соншалық танаптық өнгіштігі мен дәннің өнімділігі төмендеген. Ал Винницкий ауыл шаруашылық сортсынау станциясында оптималды мерзімде арпанын Ганна Лоосдорфская, Ильинецкий 5 пен Ильинецский 43 сорттарын еккенде өнімділік 3 жылда орташа есеппен 34,3; 34,5; пен 40,2 құрады, ал тұқым себу мерзімі 4 және 8 күнге кешіктірілгенде өнімділік келесідей 0,2; 3,9; 5,4; пен 5,3; 9,1; 10,9 болып төмендеген. Сәйкесінше, барлық сорттар себу мерзіміне әртүрлі әсер етеді.
Көктемдік тұқым себу мерзімін 10 күнге шегеру Пермский мен Горьковский атындағы ауыл шаруашылық институты мен Орлов сортсынау станциясының тәжірибесінде арпа дәнінің өнімділігі әр гектардан 5,6-6,4 ц ғана болған. Ал Богородицкий ауыл шаруашылық техникумы-8,6 ц, Кенел станциясы Койшыбай ауданындағы -12,1 ц. Кеш егілген кезде жоғары ауа температурасынан арпада тамыр жүйесі нашар нашар қалыптасады, түптену кезінде тамыршаларға ылғал жетіспей қалады, осыған байланысты өнімділік төмендейді[29].
Дұрыс дамымаған тамыр жүйесіне байланысты ол жоғары өнімділік қалыптастыру үшін ылғал мен қоректік заттарды қажет мөлшерде сіңіре алмайды.
Арпаны көктемдік себу жұмыстары кешіктірілсе, ылғалдылық пен жылудың артық жағдайында дамуға тура келеді де, ұсақ масақтың қалыптасуына әкеледі. Пермский ауыл шаруашылық институтының тәжірибесінде арпаны ерте еккенде масақта 16 дән, ал екінші және үшінші мерзімде (6 және 12 күннен кейін) масақ саны 14 және 13 болған. Полтавский мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясында 1000 дәннің салмағы алғашқы себуде 42,7 г болса, екінші және үшінші мерзімде 40,6 және 38,2 грамм тартқан. Донецский тәжірибе станциясында кеш егілген егіннің бір масақшадағы дән ерте егіспен салыстырғанда 8 мен 7 дәнге аз, ал 1000 дән салимағы 4,8 гр төмен. Эрастовский тәжірибелік станциясында 1955 жылы арпаның көктіктері 29 сәуір пайда болғанда , масақшадағы орташа 37 дән қалыптасса, ал көктіктер 7 мамырда пайда болғанда 16 дәнді құраған.
Егін кеш егілгенде өсімдік зиянкестермен көп залалданады. Мысалы, А. Корлякова Перский ауыл шаруашылық инстиутында жүргізген тәжірибесі бойынша арпаның сабағы швед шыбынымен заладанады, ерте егісте 6%, ал кеш егісте 39%.[30].
Солтүстік-батыс аудандарында, тары мен бидаймен салыстырғанда арпа ұзартылған себіу жұмыстарына төзімді келген. Литва, Эстония, Вологодский аудандарының жағдайында жүргізілген тәжірибе арпаны егу жұмысы ерте егістен кейін егілген 6-7 күнге кешіктірілген егіс өнімнің түсіміне әсер етпеді. СЗАШҒЗИИ Ленинград облысы 1968-1971 жж. арпаның Пиркка сорты мамыр айының алғашқы декадасында егілгенде орташа өнім 29,3 ц, ал мамырдың екінші декадасында 28,3 ц құраған 1гектарына.
Арпаны ерте егуді оның биологиялы ерекешіктерімен байланыстырады, яғни төмен температурада өсуі мен көктемгі үсіктерге төзімділігі.
Бірақ, арпаны себу мерзімін ыңғайлауда тек температуралық режимге қарамау қажет, әсіресе Солтүстік Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында. Онда ұзақ суық көктем болады, мамыр-маусым құрғақ, шілдеде көп мөлшердегі жауын-шашын. Өте ерте егілген жағдай өсімдік алғашында жылудың жеткіліксіздігінен өте баяу дамиды да нәзік болады, ең жауапты түтіктену мен масақтану кезінде қатты ыстықтан әлсірейді де шілде айындағы жауын-шашынды пайдала алмай қалады. Сондықтан арпаның өнімділгі ерте себуден төмендейді, оптималды мерзім мамыр айының соңы[31].
Осы аудандарда арпаның жақсы өнімін мамыр айының соңы-маусым айының басында егілген жағдайда алынған. Бүкілодақтық ғылыми дәнді дақылдар шаруашылығын зерттеу институтының мәліметтерінде арпадан жақсы өнім 30 мамырда еккенде алынған. Сонымен, 8 жылда орташа есеппен 30 мамыр егілген егістен бір гектардан 14,2 ц, 5 маусымда -12,6 ц, 10 маусым -10,9 ц құраған.
Шығыс Қазақстанда 4 жылда орташа есеппен ең жақсы арпа өнімі 18,2-18,4 цга алынды, себу мерзімі-20-26 мамыр; 30-31 мамыр-16,6-16,8 цга; 5-6 маусым-12,4-12,5цга; 10-11 маусым-9,1-9,2 цга құраған. [32].
Алтай жағдайында мамыр айының соңы мен маусым айының басы орташа 5 жылда 1 гектардан 17,8 ц , ерте мерзімнен сәуір айының соңы мен мамырдың басынан 2,2 ц көп өнім. Шығыс Қазақстанның құрғақ дала зонасында 1969-1971 жж. орташа арпаның жақсы өнім-11,6-12,1 ц , егіс 8-13 мамырда; ал 23,28 сәуір мен 3 мамырда еккенде өнімділік 8,1; 9,1 мен 9,9 ц құрады.
Егісті кеш егу алғашқы пайда болған арамшөптердің көзін культивациялаумен жоюға мүмкіндік береді, ал аралас фазалардың дамуы ауа райын қолдана отырып жағдайды өнім қалыптсатыруға жұмсайды.
Зерттеу көрсеткендей қыстық себуде тұқымды себу қолмен жүргізілген жағдайға қарамай арпаның тапантық өнгіштігі көктеммен салыстырғанда әлде қашан төмен. 1959 ж. қыстық себу кезінде танаптық өнгіштік 9-19,5%, көктемдік 77,5-86,5%. Дәл осындай нәтижені өте ерте көктемде егілген арпаны Алматы облысы жағдайында В. И. Коваленко мен А. И. Титов 1965 жылы алған болатын[33].
100% көктік алудағы күрес бұл егістік материалын үнемдеу ғана емес, сонымен, өсімдіктің күшті, оптимальды қалыңдық пен сау болып шығуы. Қыстық егісте сабақ саны көктемдік егістен көп болғанмен, өнімділіг төмен.
Эрастовский тәжірибелік станциясының қыстық егіске 3 жылда орташа 1м2 жалпы салмағы 86-133г, соның ішінде дән 30-43г, көктемгі егісте 579-762г мен 238-299 г құрады[34].
Барлық жылдары арпа егісін сәуірдің екінші және үшінші декадасында егу кеш деп есептеген дұрыс емес. Кей жылдары көктем кеш келеді сондықтан ерте егісті тек сәуір айының екінші декадасында жүргізілген, өнімді де айтарлықтай жоғары жиналған.
Қазіргі заманауи техникамен қамтамасыз етілгенде және жұмысты ұйымдастыра білу арқасында мемлекеттің барлық аймақтарында арпаны себу қысқа оптимальды мерзімде жүргізуге мүмкіндік бар. Себудің тиімді агротехникалық уақытына сыншылықпен қарай отырып, нақты жағдайды бағалау қажет. Алдымен топырақтың дайындығын, одан кейін тұқым себудің тереңдігі дұрыс таңдалған дұрыс[35].
Тұқымды себу тереңдігі оптимальды деп аталған топырақ климаттық жағдайда уақыты, бірыңғай, толық көктіктер аталады. Тұқым себу тереңдігі таяз болса, әсіресе, құрғақшылық жағдайда топырақ қабатындағы ылғалдық жеткіліксіздігінен тұқым нашар өнеді, көктіктердің пайда болуы ұзарады, нәтижесінде тамыр жүйесі әлсіз дамиды. Бұл өсімдіктің өнімділігі мен өнімнің жиналмауына әкеледі.
Ал тұқымды тереңдігі терең болса, дәл солай көктіктердің пайда болуы ұзарады және толық емес, әлсіз келеді. арпа тұқымының өскен өркені топырақ бетіне жете алмайды, егер колеоптила ұзындығы беткі қабат қалыңдығына байланысты. Колеоптила алғашқы нағыз жапырақты топырақ бетіне жеткізуші, ол оны түрлі механикалық жараққатрдан қорғайды. Эндоспермадағы қоректер тамыр мен толық қанды көктіктердің қалыптасуына жеткіліксіз болуы мүмкін, топырақтағы ылғалдың жеткілікті мөлшеріне қарамастан, себебі, тұқымның өнуі мен көктіктердің қалыптасуына қажетті оттегі жетіспеуі мүмкін[36].
Тұқым өнген кезде қоректік заттардың айтарлықтай бөлігін жұмсайды, олардың тотығуы үшін осынша мөлшерде оттегі қажет. Бұл процесс кезінде тұқым өз салмағының 20% жұмсайды, ал көктіктердің пайда болуы кезінде топырақ қабатына қажетті оттегі алмасу қаншалықты көлемде қажет.
Топырақтағы газалмасу кезінде оттегінің маңызы үлкен, И. П. Гречин, М. В. Курлыкова Мәскеу облысының дерново подзолистой топырақ жағдайында оттегі концентрациясы 10-20% газдық қоспа арпа тұқымының өнуіне жақсы жағдай қалыптастырады, ал концентрация 2,5-5% арпа тұқымы өнбейді.
Сонымен қатар, Аллереп, Омура Хауэлл судың тұқым қабығының оттегі өткізгіштігін төмендейтінін дәлелдеген. Тұқым себу тереңдігінің ұлғаюы кезінде тұқымның танаптық өнгіштігінің төмендеуі ылғал мөлшерінің топырақ қабатындағы көптігі мен оттегінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі[37].
Тұқым өте тереңге себілгенде көктіктер әлсіз келеді, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына төзімсіз келеді, өсімдіктің жас жасушаларының тыныс алу мен басқа да физиологиялық үдерістердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан тұқым себудің тереңдігін шектен тыс арттыру қажет емес. Ылғал жеткілікті аудандарда тұқым себу тереңдігі ұсақ келеді. Ал құрғақ дала жағдайында, топырақтың себу қабаты тез кеуіп кететін жерлерде, тұқым себу тереңдігін ұлғайтқан дұрыс[38].
Оптимальды себу тереңдігін анықтау үшін біріншіден, топырақ ерекшелігін, оның ылғалдылығын және тұқым сапасын ескерген дұрыс. Эстон топырақтану ғылыми зерттеу институтының мәліметінше, жақсы ылғалданған жағдайда арпаның Домен сортын 3 см тереңдікте орташа 3 жылда танаптық өнгіштігі 89,8-92,8%, 6 см - 75,8-87,4%, 9 см - 54,8-74,8% және 12 см тереңдікте 36,8-56,2% тең болған. Ол сәйкесінше өнімділікке де әсер етті.
Шаруашлықта жылда арпа егілген жағдайда тұқымды себу тереңдігін анықтауда топырақ ылғалдылығын ескерген жөн. Бұл әсіресе құрғақ дала зонасында ескерген жөн. Эрастовский тәжірибе станциясында қаратопырақта топырақ қабығы 0-15 см өнімді ылғалдылық 20 мм, ал арпаны 7-8 см тереңдікке еккенде танаптық өнгіштік 87,7-94,7%, ал тұқым себу терңдігі 4-5см 75,4-83,6%, ал ылғалдылық 30 мм жоғары болғанда себу тереңдігі 4-5 см тұқымның танаптық өнгіштігі 81,0-95,2% болған. Ал қабықта 0-15 см өнімді ылғалдылық 25-28 мм болғанда, тұқым себу тереңдігі 4-5 мен 7-8 см танаптық өнгіштігі екі вариантта да 81,0-98,3 пен 81,1-98,7% тең[39].
Тұқым себудің оптимальды тереңдігін орнату құрғақшылық жылдары үлкен маңызға ие. 1952 жылы құрғақшылық жағдайында себу тереңдігі 7-8 см арпа дәнінің өнімдігі гектарына 22 ц, бұл ылғалды жылмен салыстығанда 5,7ц артық, 1955 жылы себу тереңдігі 5 см өнімділік 31,8 тең.
Қара топырақты дала зонасында ылғал мөлшері топырақ қабында аз болған жағдайда себу тереңлігін 8 см-ге дейін ұлғайтқан жөн. Ал тұқым себу тереңдігін 9-10 см-ге дейін ұлғайту тапантық өнгіштікті төмендетіп, сабақтардық сиректену мен дәннің өнңмдңлңг төмендетеді[40].
Зерттеу нәтижелерін негізге ала мынадай қорытынды шығаруға болады: ылғал жеткілікті танаптарда арпа тұқымын 5-6 см тереңдікте еккен дұрыс; ауыр топырақта себу тереңдігі 4 см егу ұсынылады. Жеңіл топырақта құрғақшылық жағдайда, топырақ қабаты тез кеуіп кететін аймақтарда, себу тереңдігін 6-8см дейін арттыру ұсынылған.
Тұқымды біркелкі және бірыңғай тереңдікте егу өте маңызды. Тұқым 1-2 см тереңдікке егу қарастырлмаған. Сондықтан, егіс жұмысын бастамас бұрын тұқым сепкіштің барлық соншник пен дискінің себу тереңдіктерін реттеп шығу қажет[41].
Себу тәсілі өсімдіктің танапта орналасу орны мен ауамен тыныс алу мен топырақ жағдайын аңықтауға мүмкіндік береді. Арпаны қатарлап, жіңішке қатарлап және перекрестный тәсілдерімен егеді. Қатарлар себу кезінде ылғал мөлшерінің жеткіліксіздігі қатардағы өсімдіктердің қалыңдығымен түсіндіріледі. Бұл жағдайды шешу мақсатында қатараралықтарын тарлату арқылы өсімдік қалыңдығын төмендетуге келген[42].
Бұл ойды кейінірек зерттеу тәжірибесі негізінде жіңішке қатарлың пайдасын шатиловский тәжірибелік станциясы дәлелдеп берген.
Ленинград облысында бірқалыпты танапта өсімдікті орналастыру қатарлап себумен салыстырғанда өсімдік арасындағы ауа ылғалына жеткіліксіздігінің азайғаны, жарықтың көбеюі байқалған, аталмыш фактордың арқасында өсімдіктің өнімділігі жоғарылаған.
Арпаны жіңішке қатарлап себу Перский ауыл шаруашылық институтында өнімділікті 1-3,5ц ; Горьковский ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясында 1,8ц артқан. Жіңішке қатарлап себу тәсілі қатарлап себумен салыстырғанда жиын терін уақытына дейін өнімді сабақтар мен өсімдіктер жақсы сақталады, екі жағдайда да тұқымныңсебу нормасы 6 млн. дәнді құраған болатын.
Ал КСРО солтүстік-батыс зонасында жіңішке қатарла және перекресный себу тәсілі арқылы өндірістік тәжірибеде 1965 ж. арпаның өнімділігін гектарына 5,3 және 5,4 ц артуына мүмкіндік берді.[43].
Қиылыстырып себу тәсілі арқылы Орловский ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясында арпаның өнімділігі 2 ц, Ильинецский селекциялық станциясында 1,9 ц, Ровенский тәжірибелік станциясында 1,2 ц артқан. Перекрестый және жіңішке қатарлап себу тәсілі солтүстіктің үлкен алқаптары мен ылғалданған аудандарда жүргізіледі[44].
Құрғақ дала зонасының жағдайында Бүкіл Одақтық селекциялық-генетикалық институттың мақсатты түрде жүргізген перекрестый тәсілімен тұқымды себу тәжірибесі нәтижесіз болды. Арпаны қатарлап егуде 3 жылда алынған өнім: себу нормасы гектарына 80 кг, алынған өнім 27ц, 120 кг-27,1ц, 160 кг-28,8 ц; ал перекрестый себу (тұқым себу нормасы 12-16% артылған) сәйкесінше 1 га 24,4; 25,6 және 25,6 ц құраған. Бұл қиылысу кезінде топырақ бетінің тапталуымен түсіндірілген.
Қиылыстырып себу тәсілінде тұқымның танаптық өнгіштігі 5,7% төмендеген қатарлап себумен салыстырғанда. Одан бөлек, перекрестный тәсілінде сепкіш агрегаттың өнімділігін төмендетеді, себу уақытын ұзартады, бұл далалық аудандарға келмейтін жағдай.
Тұқымды себу тәсілдерін таңдауда ескеретін жағдай солтүстік аудандарда өсімдік жарықты жақсы пайдалану керектігін, ал шығыста бірінші орында топырақ ылғалдылығын тиімді пайдалану мәсілесі ескерілуі қажет.
Егіс қалыңдығы себу нормасының тұқымның жоғары кондициясымен анықталады. Өсімдік қалыңдығының оптимальды болуы жоғары өнім кепілі. Қалың егісте өсімдік өзінің потенциальды қабілетін пайдалана алмайды, салдарынан өнімділік төмендейді. Бұл жағдайда тұқым ысырабымен, топырақ ылғалдылығы өсімдіктің қалыптасуына жұмсалады, егістің қалың болуынан сабақтар түсе бастайды, нәтижесінде өнімділік тағы төмендейді. Ал егіс сирек болғанда күн энергиясы фотосинтез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Ноқат өсімдігінің сорттары
Орманды отырғызу
Қарақұмық қарақұмықтар тұқымдастығына жататын біржылдық өсімдіктер
Сүрі жерді өңдеу
Тұқым және оны егістікке пайдалану
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Жаздық бидай
Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны
Пәндер