LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті

Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Қолданбалы математика және информатика кафедрасы

LINQ технологиясының қолданылуы

Орындаған: МКМ-213 тобының студенті
Тойлыбаева С.Ж.
Қабылдаған: оқытушы Каменова Ш.К

Қарағанды 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 LINQ технологиясы 5
1.1 LINQ технологиясының тарихы 5
1.2 LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы 7
2 Coreldraw редакторы туралы жалпы түсінік 9
2.1 Сoreldraw редакторының интерфрейсі 9
2.2 Объектілерді басқару 12
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 25

Кіріспе

XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпараттық қоғамға өтумен сипатталады. Ал ақпараттарды игеру үшін қазіргі уақытта адамның іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатыны белгілі және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Компьютерді қолдану үшін негізгі талап - программалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Қолданбалы жабдықтардың кең тараған түрлері өте көп. Соның ішінде мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қосымшаның рөлі айтарлықтай маңызды. C# тілі - .NET Framework қосымшасын құруға арналған программалау тілі екені белгілі.
Бүгінде .NET Framework платформасына арналған қосымшаларды өңдеу ортасы ретіндегі Microsoft Visual Studio-ның маңызы зор. Net платформасында С# тілінде программалау технологиясының ерекшелігі - кез келген программаны, яғни Windows-қосымша, Web-қосымша және мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қосымшаларды құруға болатындықтан қарапайым программалардан бастап мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған кәсіби қосымшаларға дейін құруға мүмкіндік беретіні мәлім. Ал, C# тілінің пайда болуы программалау тілі дамуындағы ең ірі жаңалық екендігі мәлім. Microsoft компаниясында жарыққа шыққаннан бастап үлкен қолдауға ие болып келеді.
Тілдің әрбір жаңа нұсқасы жаңа мүмкіндіктермен толықтырылып, жаңартылуда. Мысалы, C# 3.0 нұсқасының пайда болуына орай Microsoft корпорациясы бірқатар жаңалықтарды енгізді. Олар: лямбда - өрнектер, интегралданған сұранымдар тілі (LINQ), кеңейме әдiстерi және айқын емес типтелген айнымалылар. интегралданған сұранымдар тілі (LINQ) мен лямбда-өрнектер C# программалау тілін жетілдіруге жаңа екпін берді және программалау тілдерінің дамуында жетекші рөл атқарып келеді және практикалық және теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді.
LINQ .NET Framework платформасының программалау тiлдерiндегі SQL-ді еске түсiретiн сұранымдар тiлінiң синтаксисiне қосылған Microsoft жобасы. Осы технологиялар ерекшеліктерін ескере отырып қосымша құру мәселесі Microsoft Visual Studio ортасында мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын технологияның бірі LINQ технологиясына негізделді. Интернет-аукцион жүйесін жүзеге асыру кезінде компания мамандары контекстіге интеграцияланған барлық циклдардың, шартты операторлардың және процедуралардың құрылымдық сұранымдар тілі LINQ (Language Integrated Query) тілін қолданған. Егер SQL- реляциялық мәліметтер қорындағы құрылымдық сұранымдар тілі болса, онда LINQ - программаларда басқарылатын кез-келген массивтер мен объектілер топтамаларының құрылымдық сұранымдар тілі.

1. LINQ технологиясы

1.1. LINQ технологиясының тарихы

Бүгінде .NET Framework платформасына арналған қосымшаларды өңдеу ортасы ретіндегі Microsoft Visual Studio-ның маңызы зор. Net платформасында С# тілінде программалау технологиясының ерекшелігі - кез келген программаны, яғни Windows - қосымша, Web - қосымша және мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қосымшаларды құруға болатындықтан қарапайым программалардан бастап мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған кәсіби қосымшаларға дейін құруға мүмкіндік беретіні мәлім. Ал, C# тілінің пайда болуы программалау тілі дамуындағы ең ірі жаңалық екендігі мәлім. Microsoft компаниясында жарыққа шыққаннан бастап үлкен қолдауға ие болып келеді. Тілдің әрбір жаңа нұсқасы жаңа мүмкіндіктермен толықтырылып, жаңартылуда.
Ақпараттарды игеру үшін қазіргі уақытта адамның іс - әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатыны белгілі және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Компьютерді қолдану үшін негізгі талап - программалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. Қолданбалы жабдықтардың кең тараған түрлері өте көп. Соның ішінде мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қосымшаның рөлі айтарлықтай маңызды. C# тілі - .NET Framework қосымшасын құруға арналған программалау тілі екені белгілі. Мысалы, C# 3.0 нұсқасының пайда болуына орай Microsoft корпорациясы бірқатар жаңалықтарды енгізді. Олар: лямбда-өрнектер, интегралданған сұранымдар тілі (LINQ), кеңейме әдiстерi және айқын емес типтелген айнымалылар. Әрине, бұл жаңа мүмкiндiктердің барлығы да өте маңызды, сондықтан олар осы тілдің дамуына ықпалын тигізді, соның ішінде алғашқы екеуін ерекше атап көрсетуге болады. Бұлар, яғни интегралданған сұранымдар тілі (LINQ) мен лямбда-өрнектер C# программалау тілін жетілдіруге жаңа екпін берді және программалау тілдерінің дамуында жетекші рөл атқарып келеді және практикалық және теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді.
Entity Framework, ASP.NET Dynamic Data және LINQ технологиялар өте танымал және де ерекшеліктерге толы болып келеді. Аталған технологияларға жеке-жеке тоқталып өтсек: ASP.NET веб-қосымшаларды құруға арналған технология. ASP.NET платформасы толыққанды объектілі модельді қамтамасыз етеді. Entity.Framework өңдеушiлерге қосымшаның концептуальді моделімен жұмыс iстейтiн мәліметтеріне енуге мүмкiндiк беретін қосымшаларды құруға арналған технология. LINQ - .NET Framework платформасының программалау тiлдерiндегі SQL-ді еске түсiретiн сұранымдар тiлінiң синтаксисiне қосылған Microsoft жобасы. Осы технологиялар ерекшеліктерін ескере отырып қосымша құру мәселесі Microsoft Visual Studio ортасында мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын технологияның бірі LINQ технологиясына негізделді. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында тақырыпқа сәйкес төмендегідей теориялық тұжырымдар жасауға болады: Программалық қамтаманы өңдеуші-компания (ПНН компаниясы) Киевте орналасқан. ПНН компаниясы инновациялық ИТ-шешімдерді, консалтингті және күрделі программалық жүйелерді өңдеуге маманданып жатыр.
Тапсырыс берушілердің арасында Еуропа, АҚШ, Ресей және Украина елдерінің ірі және орта компаниялары бар. Компания мамандары жаңа технологиялардың дамуын тұрақты қадағалап отырады. Олар әр түрлі күрделілік деңгейіндегі жобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа әдістер мен технологияларды қолданады және оңтайлы нәтиже алу үшін тапсырыс берушінің талаптарын мұқият зерттеуге лайық құралдарды таңдап алады. Қазіргі уақытта ПНН компаниясының өңдеушілері әр түрлі мультимедиалық өнімдерді делдалсыз немесе дүкеннің нақты уақыт режимінде әлемнің кез-келген бұрышындағы қолданушыны сату-сатып алумен қамтамасыз ететін интернет-аукцион құрумен шұғылдануда.
* Компания өңдеушілері кейбір жобаларды жүзеге асыру кезінде төмендегідей екі (немесе одан көбірек) программалау тілін қолданған:
* бизнес-логика және көрсету деңгейлеріне арналған жоғары деңгейлі тіл (мысалы, C# немесе Visual Basic);
* мәліметтер қорымен өзара әрекеттестікке арналған сұранымдар тілі (Transact-SQL сияқты).
* Интернет - аукцион жүйесін жүзеге асыру кезінде компания мамандары контекстіге интеграцияланған барлық циклдардың, шартты операторлардың және процедуралардың құрылымдық сұранымдар тілі LINQ (Language Integrated Query) тілін қолданған. Егер SQL - реляциялық мәліметтер қорындағы құрылымдық сұранымдар тілі болса, онда LINQ - программаларда басқарылатын кез-келген массивтер мен объектілер топтамаларының құрылымдық сұранымдар тілі.
* Msdn magazine өңдеушілерге арналған журналында Ансон Хортонның LINQ кеңеймесінің дамуы және оның C# ықпалы (әсері) атты мақаласы жарияланған.
Ансон Хортон (Anson Horton) - Microsoft тобында программмалардың менеждері. Оны құру сәтінен бастап C# тобында, ал оған дейін С++ тобында жұмыс істеді. Ансон Хортонның мақаласы "Orcas" кодтық атауымен Visual Studio ортасының алдынғы нұсқасына негізделген. Мақалада LINQ және C# технологиясының қолданылуы, LINQ технологиясының эволюциялық дамуы, программалық тәсілмен SQL-сұранымдарды құру мүмкіндіктері талқыланған. Тинг Лианг және Кит Джорджтың Msdn magazine өңдеушілерге арналған журналында "Visual Studio" Orcas"-та сұранымдарды қолдау" тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

1.2. LINQ технологиясының ерекшеліктері мен қолданылуы

Тинг Лианг (Tinq Liang )- Microsoft Visual Basic Compiler тобында программалық қамтаманы жобалаушы - инженер. Visual Basic-те LINQ жобаны жүзеге асырумен және прототиптерді құрумен белсенді түрде шұғылданды.
Кит Джордж (Kit George) - Microsoft Visual Basic тобында программмалардың менеждері. Visual Basic-те LINQ құралдарын өңдеуге және оны шығаруға көмектесті. Олар жариялаған мақала "Orcas" кодтық атауымен Visual Studio ортасының алдыңғы нұсқасына негізделген. Мұнда LINQ және Visual Basic технологиясының қолданылуы, LINQ синтаксисі, Visual Basic-ке сұранымдарды интерграциялау, Select блогы, Where блогы көмегімен електен өткізу, Order By блогы көмегімен сұрыптау және сұраным нәтижелерін қолдану секілді сұрақтар қарастырылған.
Microsoft мамандары LINQ технологиясы негізінде өнімдерді құрып жатыр, бірақ әзірге олардың атаулары мен тағайындалуын құпия түрде ұстап отыр. Алайда LINQ спецификациясы 80-100 беттік орын алуда. Енді осы мақаланың өзегі - C# программалау тіліне .Net Framework 3.5 нұсқасынан бастап қосылған, мәліметтердiң жиынтықтарымен жұмысты едәуiр ықшамдайтын LINQ технологиясын зерттеу нәтижелеріне толығырақ тоқталсақ:
LINQ (Language Integrated Query, интегралданған сұранымдар тілі) - өңдеушілерге, негізгі жиынтықта, сұранымдар тілін қолданбай сұранымдарды тікелей программалық кодта жазуға мүмкіндік беретін технология. Visual Studio ортасына кіріктірілген сұранымдар программалау тілін қолданатын программистерге синтаксисін тексеру тиімділігін, компиляциялау кезінде типтердің сәйкестігін және Intellisense технологиясының мүмкіндіктерін толық пайдалану жеңілдігімен ерекшеленеді. Бұл функциялар қателерді іздеу және сұранымдарды өңдеуде ресурстар шығынын азайтады. LINQ сұранымдарын мәліметтер құрылымы жадында сақталған әр түрлі дереккөздер үшін жазуға болады. LINQ дереккөздерінің бес түрі бар:
* LINQ to Object - мәліметтердің жиынтығында болатын массивтерге сұранымдарды орындауға мүмкiндiк бередi. Сұранымдардың стандартты операциялары - LINQ to Objects сұранымдарын құру үшiн қолданылатын System.Linq. Enumatable класының статикалық әдiстері.
* LINQ to XML - XML-құжаттармен жұмыс жасауға арналған. Microsoft LINQ жұмыс үшін тек қажетті XML кітапханаларын қосқан жоқ. Сонымен қатар, XML-құжаттарының жұмысын жеңілдетіп, XML DOM стандартты моделдерінің кемшіліктерін толықтырды.
* LINQ to DataSet - соңғы кезде қосымшалардың жиынтығында Dataset негiзіндегі деректерге қол жеткiзу мүмкіндігі жасалды. Linq to Dataset технологиясы типтелген Dataset үшін қолданылған, Dataset объектiсi арқылы сұранымдарды құруға және қосымшаларды модификациялауға кеңінен оңтайландырылған мүмкiндiктерiн береді.
* LINQ to SQl - Microsoft SQL Server мәліметтер қорымен жұмыс LINQ сұранымдары арқылы жүзеге асырылады. LINQ to SQl технологиясы SQL Server мәліметтер қорының желісін тікелей сұрауға мүмкіндік береді.
* LINQ to Entities - мәліметтер қорындағы объектiлер секілді реляциялық мәліметтер қосымшасымен өзара әрекеттесуге мүмкiндiк бередi .
LINQ технологиясы тiлдiң кейбiр жаңа ерекшеліктерiн қолдана отырып, SQL-синтаксисіне ұқсас жазылған программаның кодын тiкелей пайдалануға мүмкiндiк бередi. Мысалы, C# тiлінде:
* анонимді типтер;
* кеңейме әдістері;
* лямбда - есептеулер;
* өрнектер ағашы;
* сұранымдар тілінің стандартты операторлары.
LINQ әр түрлi дереккөз түрлеріне және әр түрлі форматтағы мәліметтермен жұмыс істеу үшін келісілген модель ұсынады. Сұраным кезінде LINQ жұмысы әрќашан объектілермен іске асады. Сұранымдарға және LINQ жабдықтаушысына қолжетімді мәліметтерді XML-құжаттарға, SQL мәліметтер қорларына, ADO.NET мәліметтер жиынтықтарына, .NET топтамаларына және кез-келген басқа форматтарға түрлендіруге арналған кодтаудың бірдей негізгі шаблондары қолданылады.
LINQ-тің барлық сұраным операциялары әр түрлі үш әрекеттерден құралады.
1.Дереккөздерден алу.
2.Сұранымдарды құру.
3.Сұранымдарды орындау.
LINQ сұранымдарының негізгі операциялары: дереккөздерден алу, електен өткізу, ретке келтiру (упорядочение), топтау, қосу және таңдау (проецирование). Формасы бойынша LINQ тiлінің синтаксисi SQL сұранымдар тiлiне өте ұқсас.
LINQ мәліметтерді енізу-шығарумен бірге мәліметтерді түрлендіруге арналған қуатты құрал:
* бірнеше кіріс тізбектерді бір шығысқа ќосу;
* әрбір негізгі элементтен ішкі жиынды таңдау ;
* жадыда орналасқан XML объектілерді түрлендіру;
* негізгі элементтермен операцияларды орындау .
С# программалау тілінде МҚБЖ-сін құру мәселелерін толыққанды зерттеу мақсаты жолға қойылған. Сонымен қатар, LINQ сұранымдарын әр түрлі дереккөздер үшін анықталған қосымшаны құру арқылы мысалдар негізінде зерттеуді практикалық тұрғыда негіздеуге көңіл бөліп отырмыз. Осыған орай, Visual Studio 2010 платформасында практикалық мысалдар қарастыруылуда.

2. Microsoft Visual Studio

2.1. Microsoft Visual Studio тарихы

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын - арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.
Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы - ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.
Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын. Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан.
І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC(Electronic Numerical Integrator and Computer - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын.
Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған EDVAC машинасы туралы алдын-алабаяндамасында электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC ( Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы - онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы - МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары - БЭСМ ( Большая электронная счетная машина ) пайда болды.
Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең қуатты компьютерлердің қатарында болатын. Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандықтан программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын.
ІІ кезең (1955-1965 жылдар) Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл компьютерлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік ленталар қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап Фортран, Алгол секілді алғашқы программалау тілдері пайда болып, программалау тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады.
ІІІ кезең (1965-1980 жылдар) 1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары), оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақсатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б жерлерде қолданыла бастады. Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәрежелі программалау тілдері осы кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру мекемелерінде кеңінен оқытыла бастады. Алғашқы мәліметтер базасы, жасанды интеллект жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б. пайда болды.
IV кезең (1980 жылдан бері қарай) Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі - микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді. Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple -1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.

0.2. Microsoft Visual Studio құрылымы

21 ғасырдағы программалық платформаларды және прогаммалауды автоматтандырудың құрал-жабдықтарын қолдану ақпараттық жүйенің программалық қамтамасыздандыруын құрудың ажырамас талабы болып табылады. Microsoft компаниясының .NET платформасы көптеген программалық жүйе құрастырушыларының тәжірибесі шоғырланған жаңа құрастыру жүйесі болып табылады. Арнайы .NET платформасы үшін Microsoft компаниясы C# - толық функционалды объекті-бағдарланған программалау тілін құрастырып шығарды. Бұл тіл C++, Java тілдерінің ең жақсы сапаларын өзіне алды. Қуатты функционалдығына қарамастан, C# тілі қарапайым, сенімді және қауіпсіз тіл болып табылады.
C# тілін мақсатты түрде Windows-қолданбаларын, сонымен қатар, Web-қолданбаларын құруға қолданады. C# тілі (1998-2001ж. С# тілі бойынша жұмыс істейді, 1.0 - 2002ж., 2.0 - 2005ж., 3.0 - 2008ж., 4.0 - 2010ж.) программалау тілі облысында ең ірі жаңалық болып табылады. Бұл программалау тілі 21-ғасырда құрылған. Microsoft қойнауында жарыққа шығып, ол өзінің бірінші қадамында-ақ күшті қолдауға ие болды. Бұл тілді халықаралық қауымдастық мойындаған. C# тілі жаңа тіл және интенсивті түрде дамып жатыр. Тілдің әрбір жаңа нұсқасында жаңа қасиеттер қосылып отырады. C# тілін құрған топтың жетекшісі Microsoft қызметкері Андерс Хейлсберг. Ол программалаушылар әлеміне Microsoft-ке келмей тұрып белгілі болған. Хейлсберг ең атақты құрастыру ортасының бірі - Delphi-дің жетекші құрастырушыларының қатарында болды. Microsoft-та ол Java - J++ тілдерінің нұсқаларын құруға қатысты. Андерс Хейлсбергтің өзі айтып кеткендей, C# компонентті программалау тілі ретінде құрылды, бұл тілдің басты қасиеті, яғни құрылған компонентті қайталап қолдану мүмкіндігін береді. Компилятор арқылы құрылған компоненттер өзі құжатталатын, сондай-ақ программалық кодтан өзге құрамында компонентті сипаттайтын метаақпарат бар, сондықтан әртүрлі платформада орындалуы да мүмкін.
Басқа маңызды факторлардан келесілерді атап өтсек болады:
* C# .NET Framework каркасы мен параллель құрылды және бірге дамып жатыр, яғни толық түрде оның барлық мүмкіндіктерін ескереді;
* C# толығымен объекті-бағдарланған тіл болып табылады;
* C# мұрагерлік және әмбебаптану мүмкіндігі бар қуатты объектілік тіл болып табылады;
* C# C++ тілінің мұрагері болып табылады. Тілдің жалпы синтаксисі және оның жалпы операторлары С++-тан C#-қа ауысуды жеңілдетеді;
* өзінің ата-анасының негізгі қасиеттерін сақтай отырып, тіл қарапайым және сенімді болды;
* операциялық жүйеге қондырма болып келген .NET Framework каркасының арқасын-да, C# программалаушылары виртуалдық машинамен жұмыс істеудің артықшылықтарын алады;
* .NET Framework C# -та қолданбаның алуан түрлілік типін қолдайды;
* сенімді және тиімді кодты құруды жүзеге асыруда C#-тың жетістігіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.
C# тілі қандай бағытта дамып жатыр? 3.0. нұсқасында пайда болған жаңалықтарды атап өтейік. Бірінші орында - C#-та сапалы түрде жаңа типті жобалардың құрылу мүмкіндігі. Әрине, жобалардың жаңа типтерін тілдің жаңалықтарына қатыстыруға болмайды. Бұл мүмкіндіктерді .NET Framework 3.5 каркасы мен Visual Studio 2008 береді. Бірақ, тіл, құрастыру ортасы, каркас ортасы тығыз байланысты болғандықтан, C#-та программалаушы-ның көзқарасы бойынша, C#-т лі - Visual Studio 2008-бен бірге 2007 жылы қарашаның соңында шықты) атауына ие болған жаңа сайманның пайда болуы. Бүгінгі таңда C#-та бірде-бір маңызды жоба сыртқы мәліметтер көздерімен алмасусыз жүрмейді, олар а программалық жобаларды құру мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейген. Екінші орында - LINQ (Language Integrated Query, Интегралданған сұраныс ті -- мәліметтер базасы, Интернет және өзге де қойма көздерімен. Мұндай жағдайларда арнайы объектілер (ADO.NET немесе оның алдыңғы нұсқалары) қолдануға тура келді. ADO (ағыл., ActiveX Data Objects - ActiveX мәліметтерінің объектілері) - ActiveX компонентінің технологиясына негізделген және Microsoft компаниясы (MS Access, MS SQL Server) құрастырған мәліметтерге қол жетімділік үшін арналған қолданбаны программалау интерфейсі. ADO әр түрлі үлгідегі көздерден мәліметтерді (реляционды мәліметтер базасы, мәтіндік файлдар және т.б.) объекті-бағдарланған түрде ұсынуға мүмкіндік береді. ADO мен жұмыс кезінде SQL (Structured Query Language, Құрылымдалған сұраныстар тілі) - сұраныстың арнайы тілін қолдану керек болатын. LINQ арқасында сұраныстар тілі C# программалау тілінің бөлігі болып тұр. Сонымен программалаушылардың бұрынғы арманы жүзеге асты, яғни программалау тіліне тиісті жабдықтарды қолдану арқылы, өзге жабдық пен тілдің көмегінсіз түрлі сыртқы көздерде орналасқан мәліметтермен жұмыс жасау. Программалаудың функционалды стиліне тән лямбда-өрнегі, анонимді типтер және функциялармен жұмыс істеу мүмкіндігі.
Андерс Хейлсберг программалаудың императивті және функционалды стилін араластыру құрастырушылардың міндетін жеңілдетеді, себебі функционалды стиль құрастырушыға не істеу керек екенін айтады. С# тілінің 4.0 нұсқасы Visual Studio-ның жаңа нұсқасымен бірге, 2010 жылы сәуір айында шықты. C# 5.0. нұсқасымен жұмыс жалғасуда. Тілдің дамуындағы үш негізгі тенденцияны атап өтуге болады: - декларативтілік, динамикалық және параллелділік. Құрастырушылар C# тіліне процедуралық тілдің дәстүрлі мүмкіндіктерін кеңейтетін қасиет беруге тырысып жатыр. Visual Studio 2010 жаңа нұсқасында программалаудың жаңа динамикалық тілдері шықты: темір жылан - Iron Python және Iron Ruby. C# 4.0-те динамикалық айнымалылар беру мүмкіндігі енгізілген. Параллелді есептеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Java - аса бай бағдарламалау тілі
Объектіге бағытталған программалаудың принциптері
Файлдық жүйені ұйымдастыру
Кестелерге мәліметтер қосу
Сандық сұйық шығынөлшегіш үшін ақпараттық интерфейс құру
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі
Ақпараттық iздеу және ақпаратты iздеу жүйесi түсiнiктерi, олардың сұлбасы және жiктелуi
Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау
Деректер базасының құрылымдық элементтер
Деректер базасына қойылатын талаптар
Пәндер