Қазақстан Үлкен террор жылдарында
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Үлкен террор жылдарында
Орындаған: Манат Розагүл Т-31
Қабылдаған: Кушенова Г.И.
Нұр-Сұлтан, 2019
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
1. Сталиндік Үлкен террордың басталуы мен жүргізілу cебептері
1.1. Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.2. Қазақстандағы Сталиндік Үлкен террордың негізгі толқындары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 -11
2. Қазақстандағы 1937-1938 жылғы репрессия және тарихи салдарлары
2.1. Қазақстандағы 1937-1938 жылғы репрессияның жүргізілуі, барысы және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-16
2.2. Репрессияның саяси, әлеуметтік және мәдени зардаптары ... ... ... .17-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...21-22
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның XX ғасыр тарихы қайғысы мол, қасіреті ауыр кезеңдерге толы болды. Билікке келген жаңа тоталитарлық үкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, одақ құрамындағы халық тағдырына үлкен қиыншылықтарды алып келді. Бұл КСРО аумағын толық жайлаған Сталиндік Үлкен террор саяси репрессиялар толқыны болатын.
Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы. Себебі, тарих тағылымы жарқын болашақтың негізі. Небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдары, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қара ниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді - деп көрсетеді [27,2]. Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930 жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріліп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдары үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды. Ұлы Отан соғысы жылдарыннан кейін Қазақстанда 1940-1950 жылдардағы репрессияның жаңа толқыны басталды. 1953 жылғы 5 наурыздағы Сталиннің өлімі бұл репрессиялық толқынды толығымен тоқтата алмады. Лагерлер бас басқармасы өз қызметін жалғастырып, қазақ интеллигенциясымен күрес әлі де жүргізді. Тек 1956 жылғы XX cъездегі КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.Хрущевтің Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары баяндамасында ғана Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкереледі. Осыдан кейін ғана ГУЛАГ жүйесі жабылып, көптеген кеңес азаматтары ақталды.
Жоғарыда айтып өтілгендей, тарих ғылымында Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдерін, соның ішінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялық шараларды қайта қарау маңызды болып табылады. Кең ауқымды репрессиялау шаралары тоталитарлық жүйенің билігін күшейтуге арналған өз халқына қарсы жүргізген саясаты болды. Сондықтан да репрессия ауқымы мен жүргізілу шараларын зерттеу тарихты жаңаша зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттелу деңгейі. Коммунистік идеология үстемдік құрған кезінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шаралары зерттелінбеді. Яғни, саяси қуғын-сүргінді тарихи тұрғыда зерттеу және оған объективті ғылыми баға беру қолға алынбады. Халыққа қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін арқылы мемлекет қоғам өмірінің барлық саласын толықтай бақылады. Р.Конквест өзінің Большой террор деген еңбегінде КСРО-дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір таластардың бастамасын жасады. Р.Конквестің пікірінше, Кеңестік тарихшылар дәлелдерге, фактілерге қолы жетпегендіктен ақиқатты жаза алмады. Сондықтан да шетелдік зерттеуші ғана КСРО-дағы репрессия жөніндегі шындықты көрсете алатын еді.
1980 жылдардың ортасындағы қайта құру бағытына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында сталинизмнің мәні туралы көптеген мақалалар жарық көрді. Осыған орай 1988-1991 жылдары Кеңестік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін мен Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіпті терең зерттелуіне жол ашылды. Осы кезеңде жаппай қуғын-сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар және мақалалар жинағы көп жарияланды [29,512].
Қазақстан тарихнамасында 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында 1917 ж. мен 1950 ж. басына дейінгі кезеңдегі республикадағы саяси қуғын-сүргін тарихы ақырындап жазыла бастады [19,106-109]. Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың басынан кешірген оқиғаларын жазған естеліктері мерзімді басылымдарда шыға бастады. 1998 жылы кәсіби журнал Отан тарихы - Отечественная история жарық көрді. Соның ең елеулі оқиғаларының бірі - Азалы кітап - Книга скорби екінші басылыммен Жамбыл, Талдықорған, Алматы облыстары бойынша шықты. Кейіннен Қазақстанның қалған облыстары бойынша да шықты.Азалы кітапқа енгізілген әрбір адамның қысқаша өмірбаяндық дерегі: туған жері мен ұлты, кәсібі, жұмыс орны мен сол кездегі қызметі, тұтқындалған күні, ең жоғарғы жазаға үкім шығарған органның аты, үкім шығарылған және атылған күндері, ақтау жөнінде шешім қабылдаған органның аты мен құжаттың күні көрсетілген [25,6].
М.Қозыбаев соңғы жылдары репрессияның проблемасы, болмысы мен Қазақстандағы тоталитаризмнің орнығуы туралы зерттеді. Сталиндік тәжіибелер атты тақырыпта Қазақстандағы КСРО халықтарының депортациялануы туралы мәселермен Ж.Б.Абылхожин, С.Алдажұманов, М.Ж.Хасанаев айналысты. Алаш партиясының көшбасшылары мен қатардағы мүшелері қызметіне қарсы жүргізілген репрессия туралы ғылыми талдауды К.Н.Нұрпейісов, М.Қ.Қойгелдиев, Т.О.Омарбеков жасады. Т.О.Омарбеков өз монографиясында ұжымдастыру кезеңіндегі жүргізілген 1929-1931 жылдары репрессия саясатының әлі ашылмаған құнды материалдарынан келтірген. Сондай-ақ, Қазақстан тарихының өзекті мәселелері атты көмекші құралында 1937-1938 жылдардағы оқиғаға арнайы тоқталған.
1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақтан Республикасы заңында жаппай репрессияға ұшырағандарды ақтау және тарихи есімдерін қайта қалыптастыру заңы қабылданған. Ең алғашқы есептеу бойынша репрессияға ұшыраған адамдардың саны 103 мың болса, соның 92 мыңы ақталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық келісім мен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы болып аталынды [25,5].
Курстық жұмыс мақсаты. Үлкен террор жыдарындағы орталықта жүргізілген саяси репрессия тарихын зерделей отырып, оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері мен көрінісін, зардаптарының мән-мағынасын тереңірек ашып көрсету болып табылады.
Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Саяси қуғын-сүргіннің Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне тигізген зардаптарын, құқық қорғау органдарының жазықсыз жазалау саясатын жүзеге асару барысындағы қызметін көрсету;
- атақты отандық тарихшылардың ғылыми еңбектері мен зерттеулері қарастыру және меңгеру;
- репрессия ауқымы мен саясаттың Қазақстанда жүргізілу әдіс-тәсілдерін талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу себептері
Репрессиялық саясаттың негізі сонау 1920 жылдары қаланса, ол мемлекеттегі биліктегілердің жеке саясаттарының негізінде өзгере келіп, 1937-1938 жылдары өз шыңына жетті. Репрессия шараларының жүргізілу әдіс-тәсілдерінің сипатына байланысты КСРО-да, оның жекеленген аймақтарында жүргізілуінің өз ішкі логикасы мен реті болды деп айтуға болады. [23,160].
30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалуға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды [13,334].
Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған жаппай репрессиялау шаралары бірқатар факторлардың салдарынан туған. Соның ішіндегі ең жетекші фактор - ол белгілі әлеуметтік-саяси күштердің билік үшін күресі. Бұл күресте Сталиннің жеке билікке жетудегі өз бағыты басым түсті. Сондықтан да саяси репрессияның басты себептерінің бірі осы екенін баса айту өте маңызды. Елде тоталитарлық мемлекетке тән қалыптасқан құрылым пайда болды. Тоталитарлық жүйеге сәйкес ең алдымен мемлекет қоғам мен жеке тұлғаларға үстемдік жүргізіп, қоғамның барлық саласына араласты. Осы ретте авторитарлық-тоталитарлық қоғамдық құрылысқа саяси репрессия шаралары бірден-бір нығайту құралы ретінде қызмет етті [8,4].
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген репрессиялық саясаттың тағы бір себебі орталық басшылық, оның Қазақстандағы өкілі есебінде болған большевиктер партиясының Өлкелік Комитеті осы аталған тарихи мезгілде тікелей өздерінің нұсқалары бойынша жүргізілген экономикалық, саяси және басқа реформалық шаралардың сәтсіздікке ұшырау себептерін саяси оппозицияға, тіптен жоғарғы республикалық басшылықта жүріп-ақ қате бағытқа жігерлі де табанды қарсылық көрсеткен қызметкерлерге аударуы. Елдегі дағдарысқа кінәлілерді табуға байланысты халық арасынан халық жауларын, зиянкестерді, ұйымдар мен антикеңестік элементтерді іздей бастады. Орталықтың көшірмесі ретінде Қазақстан да ұлттық сипатта осындай қылмыстыларды іздей бастады. Шахталар мен кәсіпорындардағы кездейсоқ апаттарды, колхоздар мен совхоздардағы мал жұты, өрт пен басқа да табиғи апаттар сол жаулардың әрекетімен түсіндірілді және соған сәйкес қылмыстық істер қарастырылды [24,154].
Репрессия саясатының кең ауқымдылығын түсіну үшін Үлкен террор кезіндегі 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумында келтірілген баяндамаға назар аудару керек. Онда басқа державалардың ішінде КСРО жалғыз социализм құрылысындағы мемлекет, шетелдік мемлекеттер, оның ішінде Финляндия, Балтық елдері, Польша, Румыния, Түркия, Жапония елдері Франция және Ұлыбритания елдерінің көмегімен КСРО-дағы социализм құрылысына тосқауыл болуы үшін шпиондар мен диверсант әскерлерін КСРО-ға енгізеді деген оймен басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау ісі жүргізіледі делінген. Сондықтан басқа әлеммен байланыста болған шпиондарды қудалау науқаны басталды. [29,203].
Осыған байланысты саяси репрессияның іске асуы үшін жаппай қуғын-сүргінді жүргізуші ерекше механизм қажет болды. Осы орайда ең алдымен кеңестік тоталитарлық тәртіптің халықты идеологиялық өңдеуде өзіне ыңғайлы жүйе құрып, өзіне жат келетін күштерді жою жолдары қарастырылды.
Жазалаушы органдар кең ауқымды репрессиялық іс-шараларды жүргізуге әлеуметтік-психологиялық дайындықты алдын-ала және мұқият ойластырған болатын. Қоғамды жаппай идеологиялық насихаттау әрекеті екі мақсатты көздеді: 1.Елдің әрбір қарапайым азаматының санасына экономикадағы сәтсіздіктерге халық жауы кінәлі екенін жеткізу; 2.Террордың күнделікті өмірде көңілге қонымдылығы мен қажеттілігі туралы ой туғызу. Мәскеуде бірқатар саяси процесстер жүргізілгенде, 1936 жылдың жазында Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдардары троцистік-зиновьевтік антикеңестік ұйымға қарсы сот процесстерін бастаған болатын. 29 шілдеде БК(б)П ОК Ішкі Істер Халық Комиссариатының жаңа материалдары негізінде 1936 жылы Зиновьев пен Каменев тек үкімет басшыларына қарсы террористік қылмыстарды ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар С.М.Кировты өлтіруге ұйымдастырылған топтың жетекшісі және бірінші кезекте, Сталин жолдастың өміріне қатер төндірушілер деген дәлелді келтіре отырып, құпия циркуляр жібереді. Осы іс бойынша 16 адам ату жазасына кесілді [21,71]. Бұл халық ішінен контрреволюциялық зиновьевтік-троцкистік ұйымдарды қырағылықпен іздестіру науқанын бастап берді. Бірінші Мәскеу процесі халық санасына әртүрлі зиянкес ұйымдардың бар екенін көрсетіп, халықтың идеологиялық насихатқа сенгені соншалық, сатқындар және Сталинге қастандық жасаушылар деген ұрандармен балағаттап митингтер мен жиналыстар өткізген [6,102].
Н.И.Ежов Ішкі Істер Халық Комиссариатына келісімен қоғамда күрделі кезең басталды. Сондықтан да 1937-1938 жылдар ежовтық кезең деп аталады. 1937-1938 жылдардағы репрессивті заң халық жауларын іздестіру жағдайында қалыптасып, заң жасаушылардың қолымен жасалған әрбір жаңа құжат тек жекеленген тұлғаларға емес, жалпы бірнеше тұлғаларды қаралайтын әмбебап құжат ретінде жасалды. Антикеңестік саяси партия ретінде айыпталғандар мен сотталғандарды алашордашылар, эсерлер, меньшевиктер, сионистер, дашнактар, анархистер тағы басқа боямалармен сипаттады [21,76].
Ал Қазақстан жағдайында, ҚазКСР-да Қазақстан территориясындағы барлық ұйымдардың қызметінен мәлімет беріп отыратын ерекше бюро құрылды. Оның негізгі қызметіне Алашорда қайраткерлері, қазақ ұлттық ұйымдарын бақылау кірді. Большевиктер осы органдар арқылы партиялық зиялы қауымның қызметін бақылап, кеңес органдарының сайлау науқандарына қатысу деңгейі туралы мәлімет жинап отырды. Бұларды кейін заңсыз құрылған орындар деп тапқан [1,56]. Облыстық, аудандық үштіктер, облыстық аудындық партия, Кеңес Атқару Комитеттерінің хатшылары мен төрағалары, сол деңгейдегі Ішкі Істер Халық Комиссариаты бастықтарынан тұратын болған. Үштіктер төрағасы болып жоғарғы органдардың белгілеуі бойынша облыстық және аудандық Ішкі Істер Халық Комиссариаты бастықтары тағайындалған. Осы жазалау орындары қылмысты істерді тізім бойынша, 15 минут ішінде бір айыптының ісін қарап, алдын-ала дайындалған үкімді оқып берумен ғана тынған. Мәселен, 1938 жылы 14 ақпанда Жүргенов Темірбектің ісін бұрынғы КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының көшпелі Мәслихаты 15 сағат 15 минутта бастап, 15 сағат 30 минутта аяқтаған. Аталған орынның бір мәжілісінде 30-дан 50-ге дейінгі аралықтағы адамдардың қылмысты істері бір отырыста қаралып атылу жазасына кесіліп отырған [5,20].
РКФСР Қылмыстық Кодекс 58 бап негізінде әр түрлі мерзімге бас бастандығынан айырудан ату жазасына дейінгі жазалар қолданылды. Осындай жазалау шараларының басталу шарттары, түптамыры неде дегенге келер болсақ, Кеңес үкіметі құрылған күннен бастап өз саясатын қуғын-сүргін шараларымен бастады. 1918 жылы 21 ақпанда РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі Социалистік Отанға қауіп төнуде деген лениндік декретті қабылдады. Оның 8-бөлімінде Неприятельские агенты, спекулянты, громилы, хулиганы, конрреволюционные агитаторы, германские шпионы расстреливаются на месте приступления - деген жолдар жазылды. 1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-НКВД халық арасынан кеңестерге қарсы мәліметтерде жүйелі түрде жинаған. Жак Россидің айтуынша, 1920 жылдың басынан бастап-ақ, контрреволюциялық немесе кеңестерге қарсы іс-әрекеті үшін айыпталғандарға 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, ал 1930 жылы РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 % құраған. Бірақ 1937 жылы 2 қазанда КСРО ОАК адамдарды 10 жылдан 25 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын енгізді [23,56].
1.2. Қазақстандағы Сталиндік Үлкен террордың негізгі толқындары
Қазақстандағы репрессиялау шаралары 1920 жылдардан басталды және ол толқынды сипатта болды. Орталықта жүргізілген репрессиялау саясаттары өз кезеңдерінде Қазақстанды тыс қалдырмады. Қазақстандағы 1917 жылдан кейінгі репрессия тарихын алғаш рет кезеңдеген Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі К.Н. Нұрпейісов болды: 1-кезең: Лениннің тірі кезінде-ақ, 1918 жылдың екінші жартысы мен 20-жылдарда болды. Бұл уақытта ХІХ ғасырдың IV ширегі мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ зиялыларының өкілдеріне қарсы жаппай қуғындау болды. 2-кезең: 1929 жылдың басы мен 30-жылдар. Сталиндік тоталитарлық жүйе қалыптаса бастаған кезең. Бұл жылдар сталиндік модельдегі ұжымдастыру кезеңіндегі байларды тәркілеу кезеңі болды. Шындығында, қазақ кедейлері зор апатқа ұшыраған кезең. 3-кезең: 1937-1938 жылдар - сталиндік жүйенің орныққан дәуірі. Сталиншілдіктің кеңес халқына қатысты жүргізілген үлкен террор жылдары. 4-кезең: Ұлы Отан соғысы қарсаңы және соғыс жылдарындағы жаппай репрессия, Солтүстік Кавказ, Қырым, Жайық халықтарының Қазақстанға депортациялану жылдары. 5-кезең: 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басы бұл кезеңде буржуазиялық ұлтшылдар және космополиттер деген айыппен жүргізілген үлкен қуғындау жүргізілді [11,7].
Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары ұлтшылдықпен шектелмеді. Қуғындау кезеңінің екінші дәуірін 1925-1933 арасындағы Голощекиндік - Кіші Қазан заманы бастап берді. Бірқатар шаруашылық реформалардың жүргізілуі салдарынан туындаған келеңсіз және орынсыз әр түрлі үштіктер мен бестіктердің көп жағдайда күнәсіз адамдарды ұлтшылдыққа тағы басқаларға айыптап, оларды соттау әрекеттерімен басталды.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай-сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әртүрлі Ф.Голощекиннің қазақ зиялыларына сәдуақасовшылдық,қожановшылды қ,рысқұловшылдық,сейфуллинш ілдік аттарын туғыздырды. Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптауы Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты басталды деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, Қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ, әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С.Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар троцкистік оппозицияның төңірегінде топтасқан негізгі ядро ретінде айыпталды [17,176].
Кеңес үкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920-жылдардың аяғы мен 1930-жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталатын болсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәрбиелеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ зиялыларын айыптап оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және тағы басқа барлығы 44 адам қуғындалып тұтқындалды [23,183]. 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлттық зиялыларының екінші бір тобы , құрамында Х.Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов , М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдер бар тұтқындалды.
Жаппай үшінші репрессия толқыны Қазақстанды түгел қамтыды. Ол шетелдік тарихшы Роберт Конквесттің айтуы бойынша Үлкен террор деп аталса, ал оның әріптестері М.Геллер мен Александр Некрич көрсетілген кезеңдегі қырғын өзінің көлемі жөнінен 1930-1934 жылдардағы шаруаларға қарсы геноцид көлемінен төмен екендігін ескеріп, кәдімгі террор деп сипаттады. Қалай десек те, осы уақытта Қазақстандықтардың 44 мыңының түрмелерге түсіп, 22 мыңының атылып кеткені белгілі [21,8].
Төртінші кезең, 1940 - 1945 жылдар мен 50-ші жылдардың аралығын қамтиды. 50-ші жылдары одақта космополитизмге батыс мәдениетін дәріптеушілікке қарсы күрес дегенді бетке ұстап, баспасөзде зиялылардың көптеген зиялының жекелегеннің еңбектеріне қатаң беріліп, ұлттық тарихи мәдениетіміздің өркендеуіне кері әсерін тигізді. ХХ ғасырдың 20-жылдарының басынан басталып, 50-ші жылдардың бас шамасында аяқталған 30 жылдық төтенше төнген нәубет, халық тұрмысымен, психологиясымен санаспай отыра басшылық етудің, қуғын-сүргінге ұшыратудың нәтижесінде 4 миллион 175 мың қазақ жамағаты құрбан болды, жер аударылды [5,19]. Осы кезең тарихымыздағы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан да асып түсті.
Бірақ осы аталған репрессия толқындары ішінде сталиндік қуғын-сүргін көлемінің әлі де нақты анықтала қоймағандығын ескере отырып, қазіргі қолда бар деректерге көңіл аударсақ, осының өзінен-ақ, сталинизмнің осы 1937-1938 жылдардығы қазақ халқына қарсы жасаған қылмыс ауқымының аса ауыр болғанын байқаймыз. Егер 1920 жылдан 1950 жылға дейін саяси қудаланғандар саны республикада 103 мың адам болса, КСРО КГБ 1990 жылғы мәліметтері бойынша 1921-1953 жылдарға контрреволюциялық және мемлекеттік қылмыскерлер деген жаламен жазаланғандардың ең көп саны 1937-1938 жылдарға келеді, пайыздық үлесі -87 % [21,4]. Бірақ соңғы кезеңде М.Қ.Қозыбаев 1999 жылы сәуірде шығарған Книга скорби - Азалы кітаптың екінші шығарылымында бұл сан 116 мың адамды қамтыды. Соның ішінде 1937-1938 жылдары халық жауларымен күресте, жазаланғандар шамамен жалпы санының жартысына жуығын қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағаттары көрсетіп берген мәліметтері бойынша Алматы облысы бойынша ғана 1936 жылдың қазан айының бірінші күнінен 1938 жылдың шілде айының біріне дейінгі аралықта 29 әр түрлі контрреволюциялық ұйымдасулар мен шетел барлау өкілдері құрамында 3700 адамы бар қылмыстық істерді қарау ұйымдастырылған [21,5]. Ал 1938 жылдың 25-28 ақпан үш күнінде ҚазКСР Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясының жылжымалы сессиясы 100-ден аса іс қарап, бірнеше ондаған адамды атуға бұйырған. 1937 жылдың 5-30 тамыз аралығындағы операция бойынша 22 804 адам репрессияға ұшыраған. Ал соның ішінде 1936 жылдың 1 қыркүйек пен 1938 жыл аралығында Қазақстанның 60 қаласы бойынша 30 154 адам атуға, 5642 адам түрмеге отыруға бұйырғаны жөнінде В.Ульрих Лаврентий Берийге берген есебінде баяндаған.
Әрине, одақ көлеміндегі қасіретпен салыстырғанда Қазақстан мемлекетінің көрсеткіші көп төмен болып көрінуі заңды. Мысалы, Роберт Конквест 1937 жылы қаңтарда кеңес сталиндік қуғын-сүргіннен қамалғандар 5 миллион адам болса, 1938 жылдың желтоқсанына дейін тағы да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz