Қазақ халқының жазу тарихы


Ғылыми жоба тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу - рухани тәуелсіздікке бастаған қадам»
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Латын әліпбиі - әлемдік кеңістікке енудің жолы
- Түркі тілдес елдермен рухани жақындастық
- Болашаққа болжам
- Ел пікірі
- Фотосуреттер
- Ой
Қорытынды
Аңдатпа
Расында да, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ендігі міндет ұлтымыздың тарихында елеулі орын алатын, ел болашағы үшін қабылданған жаңа алфавитке қолдау көрсетіп, одан әрі дами түсуіне жол салу.
Латын әліпбиі - әлем елдерімен терезесі тең, рухани күші біріккен түркі әлемін өркендету үшін қолымыздағы кілт іспеттес. Келешекте толықтай жаңа әліпбиге көшсек дүниежүзіндегі 15 миллион қазақтың жазуын бірізділікке келтіріп, басын біріктірер едік.
Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болғаны айқындалады. Егер де, Мәңгі ел боламыз десек, онда біз мәңгі қалатын тілімізді, әліпбиімізді жасандырып, одан әрі көркейте түсуіміз қажет.
Аннотация
Действительно, наша страна вступила в новую эру истории. Теперь задача состоит в том, чтобы поддержать развитие нового алфавита, который занимает значительное место в истории нашей нации и принят для будущего нашей страны.
Латинский алфавит является ключом к пониманию и объединению тюркского мира. В будущем переход на новый алфавит объединит миллионы казахов во всем мире.
Оглядываясь на историю Великой Степи, первое богатство - земля, второе - язык, третье - государство и его история. Если мы говорим, что мы вечны, то нам нужно создать и улучшить наш язык, наш алфавит навсегда.
Annotation
Indeed, our country has entered a new era of history. Now the challenge is to support the development of a new alphabet, which occupies a significant place in the history of our nation and is adopted for the future of our country.
The Latin alphabet is the key to understanding and uniting the Turkic world. In the future, the transition to a new alphabet will unite millions of Kazakhs around the world.
Looking back on the history of the Great Steppe, the first wealth is the land, the second is the language, the third is the state and its history. If we say that we are eternal, then we need to create and improve our language, our alphabet forever.
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - қазақ әліпбиінің тарихына және осы латын алфавитін қабылдаған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, әліпбиіміздің дәуірлеу кезеңінде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Заман, өмір көшінен қалмай жаңа ұрпақ, жас буын өсіп келеді. Жаңа технологияны игерген буынның жаңалықты игеруі де, алып кетуі де тез. Осы мүмкіндікті дұрыс, ұтымды пайдалана алсақ, латын әліпбиіне көшудің кедергілері болмасы анық.
Ортақ мәдени, рухани, ғылыми, тарихи, экономикалық байланыстар арқылы түркі әлемінің бірлігін нығайтамыз.
Зерттеу кезеңдері:
- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасымыздың мақаласын негізге ала отырып, айтпақ ойын саралау.
- Қазақ халқының жазу тарихын талдау.
- Жаңа әліпбидің еліміздің сыртқы және ішкі байланыстарына тигізер әсері мен артықшылықтарын анықтау.
- Түркі тілдес елдермен байланыстың жаңаша жаңғыруын көрсету.
Кіріспе
ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.
VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қолданылды.
Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.
Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.
2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.
Елбасының 2017 жылдың 12 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласынан үзінді.
Расында да, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Алда әлі ел тағдырымен қоса ұлт тағдырына байланысты ұлы шешімдер қабылдау міндеті тұр.
Жалпы, жеке адам үшін де, тұтас халық үшін де құндылық атаулы материалдық және рухани болып екіге бөлінетіні айқын. «Алдымен, экономика содан кейін саясат» деп Елбасымыз үнемі айтып келеді. Ол алдымен, халықтың көңіл күйі дұрыс болуы керек дегенге саятын әңгіме. Мақала рухани байлықты нығайту жөнінде болды. Рухани байлықтың кемел, күшті болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, жеке азаматтардан жасақталған еліміз үшін де өте маңызды. Ақыл-ойы толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны анық. Осынау құндылықтарды қалай игеретініміз және ол арқылы қайда жететініміз жан-жақты талданған.
Сонымен қатар таяу жылдардағы міндеттердің ішінде латын әліпбиіне көшуіміз де жан-жақты талдап айтылған. Бұл - ғаламдық ақыл-ойға, ғылымға жақын, бәсекеге қабілетті болуға бастайтын үлкен қадамның бірі.
Еуразия жүрегінде орналасқан алып еліміз 2025 жылға дейін біртіндеп жаңа әліпбиге толықтай көшіп үлгеруі қажет. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар бүкір саланы қамтып, жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, жас-кәріміз атсалысатын жалпыхалықтық сипат алып отыр. Сол себептен елімізде орын алып жатқан үлкен өзгерістердің бір бөлшегі болып, өз көзқарасымды ұсыну мені қызықтырды.
Негізігі бөлім
Қазақ халқының жазу тарихы
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданған болатынбыз.
«Sotsijaldƅ Qazaƣƅstan» (Социалды Қазақстан) газетінің 1937 жылғы сандарының бірі. (Қазақ КСР Конституциясына арналған төтенше саны) .
Латын әліпбиі - әлемдік кеңістікке енудің жолы
Рухани жаңғыруымыздың темірқазығына айналған латын әліпбиіне өту шешімін тапты.
Латын графикасына көшудің бірден-бір себебі әлемдік кеңістікке енудің жолы болып табылады. Интернетте желісінде кириллицада жүз мыңдаған материал болса, латын графикасында миллиондап кездеседі, ал бұл ақпараттар негізінен ағылшын тілінде. Осылайша, латын тіліне көшу ағылшын тілін тез үйренуге және көптілділікті дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - негізі патриотизм болып табылатын ұлттық мәдени-генетикалық кодыңды сақтай білу екенін атап көрсетті.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін рухани байыту, сақтау және дәріптеу, табиғатқа және қоршаған ортаға айрықша іңкәрлікпен ат салысу арқылы жоғары адамгершілікті қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.
Мемлекет басшысы 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды, 2011 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламалар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - халықаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілін жаһандық экономикаға сәтті бірігу тілі ретінде үйренуге бағытталған.
ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне кірудің заманауи тәжірибесі, ең алдымен, халықаралық маңызы бар және латын әліпбиі негізіндегі жазу реформасын игеруге байланысты екенін көрсетіп отыр.
Латын әліпбиі ресми түрде 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қолданылды. Мемлекет латын әліпбиіне бірте-берте көшуді ұсынады, бейімделу кезеңінің ұзақтығы - сегіз жыл.
Латын әліпбиіне көшу қандай да бір тілді немесе оның жазылуын теріске шығару болып табылмайды, ол ең алдымен қазақ әліпбиін және оның жазылу емлелерінің ережелерін реформалауға бағытталған.
Түркі тілдес елдермен рухани жақындастық
Түркілердің ұлы қайраткері Исмаил Гаспаралы: «Тілде, пікірде, істе бірлік», - керек деген болатын. Әлбетте, бұл ойдың өзі, бауырлас халықтар арасында ортақ мәдени, рухани, ғылыми, тарихи, экономикалық байланыстар орнату арқылы түркі әлемінің бірлігін нығайтамыз деген идеяны насихаттап тұрғандай.
ХХ ғасыр басындағы жаңашыл, пантүрікшіл идеяның негізін қалаған Гаспаралы құндылықтарын Әлихан Бөкейхан бастаған озық ойлы қазақ зиялылары да қолдады. Бұл - қазақтың тарихи зердесіндегі ұлт зиялыларының отарлық езгіге түскен халықтың бостандығы мен ұлттық рухын қалпына келтіруге тырысқан қоғамдық-саяси іс-әрекеттері болатын. Түркі бірлігі мен оның рухани құндылықтарын дәріптеу алаш арыстарында бей-жай қалдырмады. Олар бұл мәселе төңірегінде жалпыға ортақ тіл қалыптастыруды аса маңызды мәселе ретінде қарады.
Қазіргі қазақ халқының ұлттық рухани даму үрдісіндегі үлкен бір жолайрықтың бірі - ұлттық мәдениетімізді дамыту бағыты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі еткеннен гөрі, түркі тектестерді тұтастыратын тура жолды таңдауымыз қажет. Жаһандану бағытына бүтіндей бейімделе отыра, оның ауыр талаптарына шартсыз мойынсұна, дербес рухани ұлт ретінде өмір сүруіміз қажет. Ендеше осы орайда үлкен күрдеулі мәселенің бірі тіл мәселесі.
Тіл мәселесі - аса күрделі, аса жауапты мәселе. Тіл мәселесін тілге тиек етерде түркі әлемін, түркі рухани дүниесін санамыздан ұмыт шығармау қажет.
Біз түркі әлемін ортақтастыру үшін, алдымен түркі елдерінің тілдерін латын графикасына толықтай бірізділік пен енгізгеніміз жөн. Сонда әлем елдерінің алдында барлық орыс, ағылшын, испан тілдерінің алдына шыға аламыз.
Көрнекті жазушы М. Мағауин өзінің «Мен» атты роман-эссесінде: «Қазіргі әлемдегі ең дамыған жұрттар тілінің өзі біздің түркі текті ана тіліміздей әрі бай, әрі айқын, және осыншалық ұзақ тарих кешуін өткермеген . . . Қазір бүкіл әлемге тараған ағылшын тілінің де, жарты дүние тұтынып тұрған испан тілінің де, өткен ғасырда ұлы әдеиет жасаған орыс тілінің де тарихи ғұмыр жасы біздің жарым жолда ғана», - деген болатын.
Алып империя құрған Түркі дүниесінің әдебиеті мен тілі ерте ғасырдан қалыптасып, бүгінгі күнге дейін мәңгі өлмей жасалып келеді. V-VIII ғасырлардағы тасқа қашалған руна жазуы түркі мұрасының алтын қазығы. Жүсіп Баласұғұн, Махмуд Қашғари, Қожа Ахмед Иассауи, Сайф Сарай, Әлішер Науаи, Әбу Насыр әл-Фараби, сынды түркі саңлақтарының әдеби мұрасы, «Манас», «Алпамыс», «Қобыланды», «Қожанасыр» жырлары мен әңгімелерін жасаған біздің түркі халықтарымыз болатын. Енді осы Түркі одағының алып кеңістігіне кіретін елдің бірі - біздің қазақ халқы.
Болашаққа болжам
Қазіргі кезде Түркияда жүрген қазақтарымыз латынша, шетелдегі қырықтан астам мемлекетте тұратын қазақтарымыз латынша, Қытайдағы қазақтарымыз төте (араб) жазуында, Моңғолиядағы қазақтар кириллица, бізде кириллица. «Латынша көшсек» дегендегі мақсаттың бірі де осылардың бәрінің басын қосу, бір текті ету болатын. Осы орайда түркі руханиятын жақындастыру үшін латын графикасына көшер болсақ, төмендегі жағдайлардың біразына қол ұшын созған болар едік.
Біріншіден, ортақ әдебиет пен өнерді жақындастыру. Мәселен Қытайдағы қазақтар біздің кириллицамен жазылған шығармаларды төте жазуға айналдырып, біздер ондағы мұраларды кириллицаға аударып, том-том кітаптарды шығару үстіндеміз. Мұның барлығы айналып келгенде қаншама, бәленбай қаржыны ысырап етеді. Осылардың барлығы бір жүйеге түссе жаман ба? Түркі әдебиетін, мәдениетін, өнерін барынша зерттеумен зерделеуге жол ашылады.
Екіншіден, Байкалдан Балқарға дейінгі аралықты алып жатқан түркі әлемінің тарихын, мәдениетін, руханиятын жақындыра түсу үшін, ғалымдарымыздың түркі дүниесіне ортақ мәселелерді бірлесе зерттеуі үшін латын графикасы маңызды рөл атқарады (Бұл мәселе аясында Халықаралық Түрік академиясының жұмысы маңызды екенін көрсетіп отыр) .
Үшіншіден, болашақта ғылым мен техника, компьютер мен роботтар, тіпті әлеуметтік желі тілдері ортақ жүйелі тілге енуі мүмкін. Осы тұрғыда өзімізді латын графикасына үйретер болсақ, ол қиындықтардың алдын алып, тосқауыл қоя аламыз. Мәселен сол ғылым тілінің қазақша баламаларын бірізділікке түсіріп, жалпы аудармалық атауын береміз. Төртіншіден, графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарының сай келуін бірізділікке түсіреміз. Яғни әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптары.
Бесіншіден, жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны ақиқат. Барлық медициналық атаулар, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер - барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz