Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МКҚК
Филология бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Орындаған: 0111000 Негізгі орта білім беру мамандығы
0111083Шетел тілі мұғалімі
біліктілігі бойынша оқитын
4 курс 4 ая студенті Ж. Серикова
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы А. К. Ибраева
Нұр - Сұлтан 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 3
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. . . . . .. . . .. . . . . . . . . . . . .. .. . . .. . . .. . . .. . . . .. .. ... . 9
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . . . . . . . 15
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі.. . . . . . . . . . . .. . . .. . . . . . . . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21-22
ҚОСЫМША . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..22- 30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлы Шешендіктің екі басты мәселесі: ақылға ақыл қосу, жүректі тербеу дегеніндей, шешендік сөзден біз сөзге сақ, ақылды сөйлеу керектігін ұғамыз. Аузымыздан шыққан сөз тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болу тиіс.
Қоғам өмірінде тілдің, тіл мәдениетінде шешендік өнердің алатын орны, атқаратын қызметі ерекше. Шешендік сөз - халық даналығы, ақыл-ойдың қоймасы, әдеби тілдің бастауы деп тегін айтпаса керек. Шешендік сөз ақыл-парасатқа негізделіп, өзінің мазмұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Аристотель айтқан айқындылық пен түсініктілік - шешендік сөздің сапалары. Осы белгілерді сақтаған кез келген сөйлеушінің сөзі шешендік болып табылады. Біз шешендік сөздерді оқып, үйрене жүріп, жан-жақты, терең білім алумен, үздіксіз сөйлеп жаттығумен шешен бола аламыз деп ойлаймын.
Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Бүгінгі әдеби тіліміз ғылыми терминдерге өте бай. Тіл тазалығына сөзіңді басқа тілдің сөзімен шұбарламай, әдеби тіл нормасын барынша пайдалануымыз қажет. Сондай-ақ халық даналығынан туған қиыннан қиыстырып, жауырды жаба тоқып, әліпті таяқ деп білмей, халық айтса, қалпы айтпайды тәрізді толып жатқан тұрақты тіркестерді қалпын бұзбай орнымен жұмсай білсек, қандай тақырыптағы шешендікте болмасын, айтайын деген ойды тап басып, дәл жеткізеріміз сөзсіз.
Елдің тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін ала келді. Сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасауда тіліміздің мүмкіндігі шексіз. Осыны шешен сөйлеуге талпынған әрбір жас ұмытпағаны абзал. Қазіргі таңда жастарды шешендікке қалай баулуға болады деген мәселелер төңірегінде ойлағанда, шешендік сөз өнері адам санасының үш негізіне - ақылға, қиялға, көңілге байланысты екенін жадынан шығармағаны абзал. Өйткені шешендік сөз - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру арқылы оларды шешендік өнерге баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету;
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
2. 2-сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
3. Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәні
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабағында шешендік сөздерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жаңа теориялық тұрғыдан негізделіп, дәлелденсе, онда шешендік сөздерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері білімді берік, саналы, жеңіл меңгеруге негіз болады.
Зерттеудің әдістері: Салыстыру, талдау, бақылау, сараптау, тәжірибелік, қорыту, жүйелеу.
Зерттеу көздері: №18 орта мектеп, 2 ә, 2 б сыныбы
Зерттеу базасы: Бастауыш білім беру процесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруда шешендік сөздерді қолданудың теориялық негізі.
1.1 Қазақ тілі сабағында шешендік сөздерді оқытудың негіздері.
Жалпы, ғылыми жағынан алғанда шешендік өнер (риторика) ежелгі гректердің қалыптастырған мектебінен бастау алады: ол заманда, тарихтан белгілі, шешендер арнайы мектептерде оқып, сөзуарлыққа дайындық кезеңдерін бастарынан кешірген, білім қорларын байытып, содан кейін шешен дәрежесін иемденіп, елінің игілігіне қызмет жасаған. Ал қазақ халқының шешендік өнері тарихына көз салсақ, мүлдем басқаша қалыптасып, дамыған.
Қазақ шешендерінің сөз майталманы ретінде қалыптасуы, өнерін өсіріп, шешендіктерін шыңдауы арнаулы оқу орнында, шешендік өнер мектебінде, ұстаз алдында емес, сахаралық тұрмыс-салт жағдайында өткен. Арнаулы мектеп, үйретуден жалықпаған арнаулы ұстаз жоқ сайын даланың төсінен шыққан алуан шешендердің, билердің сөздері бүгінде қазақтың өзін де, өзімен өзектес басқа жұртты да таңқалдырмай қоймайды.
Шешен сөзі, біріншіден, сөзге ағып тұрған, қызыл тілді, тілге жүйрік адам, екіншіден, лат. orator шаршы топ алдында тапқырлық танытып, нанымды, шебер сөйлеуші адам, үшіншіден, би, ділмар деген мағынаны білдіреді. Ал этимологиясына үңілетін болсақ, башқұрт тілінің сэсэн сөзі бүгінде қазақ тілінде шешен, қырғыз тілінде чечен формасында қолданылып жүр және орыс тіліне аударғанда умный, мудрый деген мағынаны білдіреді.
Шешендікті танытатын, дарытатын - шешен. Тілімізде шешен ұғымы шежіре, ділмар, майталман, тілді, тілуар, сөзгер, самар (кітаб.), ділмар (сөйл.) деген сөздермен мағыналас. Тілі мірдің оғындай, мәселені дөп басып, сөздің майын тамызып, әдемі әрі әсерлі етіп айта білу екінің бірінің қолынан келе бермейтін, тек ерекше интеллект иелері - шешендердің ғана құзырында болса керек.
Шешендік өнер - қазақтың жаратылысына тән, ұлттық өнері. ХІХ ғасырда тіліміз бен әдебиетімізді меңгеріп, зерттеу жүргізген В.В. Радлов өз жазбаларында: ...Мені бұған итермелеген (қазақ халқының әдебиет үлгілерін молынан жинау - А.Р.) тағы бір жай қазақтардың басқа тайпаларынан суырып салып айтуға ұста, тамаша шешендігімен ерекшеленетіндігі болды деген пікір қалдырған.
1-сыныптың ана тілі оқулығы интегративті оқулық болғандықтан, қазақ тіліне байланысты Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздер деген тақырыпта Н.Оразалиннің Үш Би өлеңі берілген. Осы сабақтың барысында мақал-мәтел шешендік өнердің қайнар көзі болғандықтан, сан есімдерді қайталау жұмыстарына мынадай ұсыналар қолдануға болады.
Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер.
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Еңбек - адамның екінші анасы
2 сынып оқулығында шешендік сөздер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз, ертегілермен ұжымдастырып берілген. Мысалы: Төле бидің Ана арқасы, Жақсы жігіт белгісі сияқты туындылары, Қазыбектің Төле бимен кездесуі, Әйтеке бидің Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауына найзан тисін, Қазыбек бидің Не қымбат? өлеңі оқушыларға жаттығу жұмысын орындауға берілген.
3 сыныптың оқулығында шешендік сөздер Сарқылмас қазына деп аталатын үлкен бөлімге еңгізілген. Бұл жолы шешендік сөздер қазақ халқының ұмытылмас асыл мұрасы айтыс және аңыз әңгімелерімен байланыстырылып берілген. 3 сыныпта шешендік өнер саз пәнімен пәнаралық байланыста беріліп, балаларды ән күй сабақтарында поэзиялық шығармалармен (жыр, терме айтыс) таныстыру барысында оқушылар шығармашылықтың бір-бірінен ажырамас біртұтас дүние екені жөнінде түсінік алады. Сондай ақ, кейбір тақырыптар айтыс өнеріне арналған.
ъ
4 сыныпта шешендік сөздер кең ауқымды, күрделі түрде берілген. Олар 1-3 сыныптағы шешендік сөздерді толық қайталап өтеді. Мұндағы негізгі мақсат оқушыларға қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім ғана емес, ұсынылған шығарманың тәрбиелік мәнімен танымдық жағына көңіл бөліп, халықтың поэтикалық шығармасы, толғау, айтыс, күй тартыс өнері тәрізді тәрбиелік мәні зор дүниелер туралы түсінік беру. Бұл туындылар баланың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін дамытып, рухын көтереді.
1.2 Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабағында шешендік сөздерді оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар
Жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын меңгерту.
Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайданылатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де.
Баланың сөздік қоры ең алдымен, сол класта жүргізілетін пән оқулықтары, пайдаланылатын көрнекі құралдар және кластан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен анықталады.
Балалар жаңа сөздермен тек класта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасын көру нәтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады. Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше игерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануы да мұғалімнің міндеті. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді.
Сөз - тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар, адамның сезімі мен ниеті - сөз арқылы білдіреді.
Сөздік - қоғамның, ұлттың даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылымы мен мәдениетінің дамуына қарай сөздікте дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.
Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Сөздік жұмыстары барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.
Мектептегі сөздік жұмыстарының басты бағыттары;
әр сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін барлық пән сабақтары арқылы оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі артып, кеңеюінің нәтижесінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту;
жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру;
грамматиканың салаларын оқытуға байланысты, заттар мен құбылыстарды классификациялауға , топтарға арналған жаттығулар жүргізу;
лексикалық жаттығулар сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын, слинонимді, омонимді, антонимді игертуге арналған жаттығулар;
көркем әдеби шығармаларды талдау және мазмұндама, шығарма жаздыру.
Мектеп балаларының сөздіктерін анықтау мақсатында тәжірибе жүргіздік.
1 тапсырма. Сыныпта 23 оқушы болды. Оларға мынадай тапсырмалар берілді:
үш өлеңді жатқа айтып беру;
екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп айту (қазір теледидардан
3- 4 жастағы балалар да ертегі айтып жүр);
3. берілген сөздерге сөйлем құрау.
Нәтижесінде, бірінші тапсырманы орындаған оқушылар саны - 6. Олардың оқыған сөздердің жалпы саны 75- 80 болды.Ал кейін қайталап айтқызып саралағанымызда, бұл сөздердің төрттен біріне жуығының мағынасын оқушы түсінбейтін болып шықты. Мысалы;
Шекарада - күзете,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте
Біз - алаңсыз балалар, -
деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.
2 тапсырма бойынша балалардың өздері білетін ертегілерін әңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз 45 - 55 сөздің шамасында. Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.
Осы тапсырма бойынша бір-екі өлең, бір-екі ертегі білетін, бірақ білгендерін толық айтып бере алмайтын оқушылар саны - 12. Бұл балалардың тіліндегі негізгі кемшіліктер - сөздік қорларындағы жиі қолданылатын сөздердің мүлде аздығы, ауызекі сөйлеу мен үй ішіндегі жергілікті сөздердің кездесетіндігі.
Енді өлең-ертегілер білмейтін және айтуға тырыспайтын оқушылар санын сараптасақ, бұл оқушылар саны - 7. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптаспаған, бойларында белсенділік жетіспейді. Олардың сөздік қорының мөлшерін жеке әңгімелесу кезінде анықтадық.
3 тапсырма. Балаларға сөз беріп сөйлем құрату (қарағай, өмір, шағала, дос, керемет, кітап). Балалардың берген жауаптары төмендегідей;
1. Берілген алты сөзге де сөйлем құраған, яғни 10-15 сөз қолдана отырып, әр сөзге 3-4 сөйлем құрастырған оқушы саны - 4.
2. 8-10 сөз қолданып, 4-5 сөзге сөйлем құрастырған оқушының
саны - 11.
5-7 сөз қолданып, 3-4 сөзге сөйлем құраған оқушы саны - 8.
3-6 сөз қолданып, 2-3 сөзге сөйлем құрастырған оқушы саны - 5.
Мұндағы басты себеп оқулықтардағы берілген материалдардың бірқатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалардың тожлық түсінбеуінде. Бұл әрине мұғалімдер мен әдіскерлерді ойландыруға тиіс.
Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуі тиіс.
Сөздік қорды байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма.Оқулықтардағы мәтіндер балаларға, бір жағынан, бірнеше жаңа сөздер үйрету; екінші жағынан, сөз тіркестерін үйрету; үшінші жағынан, сол сөздер мен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу т.с.с. мақсаттарды көздей отырып, таңдалған. Осыған орай, авторлар, мүмкіндігінше, ұлы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Торайғыров т.б. сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы - ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып, икемдеп болса да, үзінділер беруге тырысқан. Соның арқасында оқушылар ана тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.
Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді, ондағы жаңа сөздерді дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы шаңырақ, ақ алтын, көкжиек сөздерін дұрыс түсінбесе, дұрыс қабылдай алмайды,оларда елес тумайды.
Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:
Мәтінді оқуға дайындық кезеңі;
Мәтінді оқу барысында;
Оқып шыққаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезеңі;
Мәтінді оқу барысында
Оқып шыққаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай - шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деген сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады ( мысалы, лашық - кішкентай үй немесе отаршылар - қанаушылар, т.с.с.). Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу - оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бір қатары онан әрі оқылатын материалды тыңдамайды. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің өзін алсақ, отаршылар - қанаушылар дегенде, балалардың бұрыннан дайындығы болмаса, қанаушының өзіне түсінбей қалуы мүмкін. Ендеше оны біреудің еңбегін пайдаланушы сияқты көбірек сөзбен дайындық кезеңінде түсіндіруге тура келеді.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді (онда сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болған соң жүргізіледі). Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөздік жұмысы мәтін оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі.
Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруде, мысалы, батырақ сөзін қалай түсінетініндерін білу үшін, Батырақ деген не? деп сұрап, өте шығуға болмайды. Мұғалім мәтінде кездесетін мұндай сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішінде, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтарының ішіне кірістіріп отыруға тиіс.
Cөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай - сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуы бойынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап - сөз бен балалар санасындағы бейнелі түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгертудің тәжірибеде сыналған мынадай тәсілдері бар:
Бастауыш сынып оқушыларына жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым тәсілдердің бірі - сол сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың өзін көрсету.
Зат не құбылыстың суретін, макетін, қатырылған сұлбасын көрсету тәсілі.
Берілген сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтау тәсілі. Жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға айқын танытудың тиімді тәсілдерінің бірі - мағынасы түсініксіз сөзді оның синонимдерімен ашу және салыстыру. Мұғалімнің көмегімен оқушылар бейтаныс сөздің мағынасын өздеріне бұрыннан таныс сөздер арқылы анықтайды. Мысалы: (2-сынып ана тілі). Әкесіне тартқан қағілез, ақсұр бала (Б.Соқпақбаев). Бұл сөйлемдегі қағілез сөзінің мағынасын нәзік, жұқа, тілалғыш, пысық деген синонимдер арқылы танытуға болады.
Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында қолданылатын бұл әдістің есте ұстайтын тағы бір ерекшелігі бар. Синонимдік қатарда кез келген сөздің өзіне тән реңкі болатыны белгілі. Демек олардың мағыналары қанша жақын болғанымен, бір-бірін дәл қайталай алмайды. Сондықтан кездескен жаңа сөздің мағынасын оның синонимдері арқылы түсіндіргенде, мұғалімнің қосымша анықтама бере кетуіне де тура келеді. Мұндай анықтама беру кезінде мұғалім мағынасы түсіндіріліп отырған сөздің мағыналық бояуына, көркемдік қолданысына оқушылардың назарын аударып өткен жөн.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын пән оқулықтарында тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Сабақ барысында мұндай фразеологизмдерді де синоним сөздер арқылы түсіндіріліп, конттекстік мағынасын игерту мақсатында сөйлемдер құралады. Мысалы, көзді ашып жұмғанша - тез, лезде; көзі ілінді - ұйықтады; өлейін деп тұрмын - қатты шаршау; су жүрек - қорқақ; жүрек жұтқан - батыр,ер т.б. Тұрақты сөз тіркестерін парафразамен де түсіндіруге, мағынасын ашуға болады. Мысалы, Астана - әсем қала, Қазақстан Республикасының астанасы - әсем қала. Тоқтар Әубәкіровпен мектеп оқушылары кездесу өткізді. Қазақтың тұңғыш ғарышкерімен мектеп оқушылары кездесу өткізді.
Сөздің морфологиялық құрамын талдау тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын талдау арқылы түсіндіруге де болады. Бұл тәсілдің артықшылығы морфологиялық талдау арқылы оқушы жаңа сөз жасау жолдарына қаныға түседі.
Оқушылардың жаңа сөз мағынасын меңгертудің тағы бір тәсілі - логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар негізгі және негізгі емес белгілерден тұрады. Қай нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық қасиеттерін санап көрсету не қамту деген сөз емес. Сондықтан заттарға не құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады.
Мысалы, адам екі аяқты, екі қолды, тік жүретін деп анықтама берсек дұрыс болмас еді. Ал адамның негізгі белгісі оның саналылығы мен бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайтындығында. Бұларсыз адамға толыққанды анықтама беру жеткіліксіз.Мұғалім белгілі бір сөзге (ұғымға) логикалық анықтама бергенде осы мәселені естен шығармағаны дұрыс. Мысалы, схна, саябақ, еңбекақы, шаңырақ т.б. Мұғалім бұл сөздерге логикалық анықтаманы былайша беруіне болады. Сахна - әртістер мен әншілердің өнер көрсететін орны. Шаңырақ - уықтар бекітілетін киіз үйдің дөңгелек шеңберлі төбесі. Жаңа сөзді сөйлем ішінде пайдалану тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасы сөйлем ішінде пайдалану арқылы да түсіндіріледі. Сөз мағынасын олардың антонимдерімен түсіндіру тәсілі. Жаңа сөздің мағынасын түсіндіру тәсілдерінің бірі - сөздерді антонимдерімен салыстыру. Түсіндіргелі отырған жаңа сөздің антонимі оқушыларға бұрыннан белгілі сөздер болуы тиіс.Сөздердің мағынасын антонимдері арқылы түсіндіру әлдеқайда тиімді. Мысалы, ирек-түзу, баяу-тез, жылдам; кішіпейіл-менмен, дөрекі, қатігез-мейірімді, қоян жүрек-батыр. Сөздерді антонимдерімен салыстырып қана қою жеткіліксіз, сонымен бірге бұл сөздермен сөйлем құрап түсіндірілсе, оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Абстракт мағыналы сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіру тәсілі. Мысалы, батыр, батыл, ержүрек сөздерінің мағынасын М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы сияқты аға ұрпақтың ерлік істері арқылы ашу.
ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
Көркем мәтіндегі сөздер мен олардың тіркестері ауыспалы мағынада қолданылып, бала санасында айқын бейне жасайды;олар тілдің бейнелік құралдары болып табылады. Мұндағы ауыспалы мағынада қолданылатын сөз немесе тіркес троп деп аталады.Тілдің бейнелік құралдары қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздіктерін жетілдіре түсетін қызмет атқарады.
Троптың ең қарапайым түрі - теңеу болып табылады. Теңеу өлеңде де, қара сөзде де кездеседі. Мысалы, (2-сынып, 42-б.)Ананың тікенекті арқасыда балаға мамықтай жұмсақ, - депті Төле би.Мұнда балаға ананың қымбат екенін таныту.Немесе кедейдің жерінің өте кішкентай екенін көрсету үшін Ұлтарақтай жеріне егін егіп, - дейді.
Теңеу бастауыш сынып оқулықтарында жиі кездеседі.
Теңеу сөздермен жұмыс тек логикалық жағынан ғана жүргізілмей, оқушы қиялында сурет, бейне туғызатындай тапсырмалар болуы қажет. Мысалы, Көз алдарыңа елестетіңдерші, айнала опадай оппа қар. Оған топырласа, шулап, күп берген балалар ... Айтып көріңдерші? Сендер солай ойнайсыңдар ма? Ондай қарды кім көрді, ол қандай қар?. Балалар қарға үлпілдек, түбіттей жұмсақ, мақтадай аппақ, жұмсақ... деген сияқты теңеулер табады. Оқушылар көпшілік жағдайда қарапайым, жай теңеумен сөйлейді.
Эпитет - заттар мен құбылыстардың мән-мағынасы және оларды автордың бағалауы туралы санада айқын бейне жасайтын көркем анықтама.
Эпитетпен жұмыс жүргізгенде Бұл зат неге осылай бейнеленген, басқаша айтуға болар ма еді? сияқты сұрақтардан басталады. Кітап та алма ағашы, жемісін біздер теретін (М.Әлімбаев, 2-сынып).
Бейнелеп сөйлеу жағынан ең күштісі - метафора. Метафорада бір құбылыс екінші бір ұқсас құбылыспен жалғасып, айқын, әдемі сурет жасайды. Метафора - троп ішіндегі ең әсерлісі ең көп қолданылатын түрі. Метафораның кең айтылған түрі аллегория болады. Аллегорияда сюжетке қатысқан кейіпкерлер де, мәтіннің тілі де тура айтылмай, астарлап, басқа мағынада айтылады.
Метафора, аллегориямен айтылған шығармаларды оқығанда, Өмірде ондай болмайды деп, балаларға шындығын айтудың қажеті жоқ. Балалар алуан түрлі мультфильмдерді көргенде немесе өздері түрлі ойындар ойнағанда, сол әрекеттер арқылы айналадағы шындықты таниды.
Метафораны түсіндіру 1-сыныптан басталады. Мысалы,
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан,-
деген Абай өлеңінде толып тұрған метафора. Ақын балаларға айтқысы келген ойын мұғалім; Қызықай болып, анаған да, мынаған да жүгіре берме, өз мүмкіндігіңді шамалай біл, дүниеде өз орныңды таба біл, адамдардың арасында бір жетпей тұрған жерге, қажетті жерге қызмет ет деген сияқты сөздермен түсіндіріп, жеткізуді талап етеді.
Ахмет Байтұрсынұлы: Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйуін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын, - деген. Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Етістік тақырыбын оқытуда сын тұрғысына ойлау технологиясын қолдану аталмыш мәселерге көңіл аударады. Оның нәтижелілігін былай қарастыруға болады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz