Қазақ спорты газеті туралы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тәуелсіздігімізді алып еңсемізді көтергелі де біраз жыл өтті. Енд, і әр саланың осыған дейін атқарып келген еңбегін бағалайтын уақыт жетті. Қортынды шығарып, кемшін түсіп жатқан жерлерімізден сабақ шығару қажет. Сол сияқты еліміздің спорт саласы, соның ішінде спорт журналистикасы да жиырма сегіз жылдың ішінде қарқынды, қарыштап, қанат жая дамып кетпесе де, әлемдік тенденциядан, үдерістен көшін қалдырмады. Бұл әрине, біздің теле, интернет журналистикасына тиесілі сөздер. Ал қазақтың спорт баспасөзі сонау 1959 жылдан бері дамыл таппай, ел игілігіне қызмет атқаруда. Дегенмен, бүгінгі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мерзімді, мерзімсіз басылымдарға уақыт көшіне ілесу қиынға соқты. Әсіресе, спорт тақырыбында қалам тартып жүрген журналистерге оңай емес. Себебі, газет аптасына бірақ рет жарық көрсе, интернет беттерінде жер шарының екінші бөлігінде орын алған кезкелген жарыс сол сәтте әлемге тарап жатыр. Әрине, таяқтың қос ұшы болады. Мұндай жағдайға тек интернет пен дамыған заман ғана емес, мазмұны мен саралануы үйлесім таппай, оқырманға ақпаратты дұрыс тарата алмай жатқан басылымдардың өздері де кінәлі. Осы тұста, мен мәселелердің анық қанығына жету мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қазақстандағы спорт журналистикасының сараптамалық бағыты» деп алдым.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Тәуелсіз елдің әнұраны өзге елде тек екі жағдайда ғана шырқалады. Біріншісі, өзге мемлекетке сол елдің президенті барған кезде және халықаралық егемен елдің атынан сынға түскен спортшы жеңіске жеткен жағдайда. Осыдан ақ спорттың халықаралық аренада еліміздің абыройын қаншалықты асқақтататыны байқалып тұр.

БАҚ. Түрлі халықаралық бәсекелерде еліміздің төл спортшылары бақ жарып жатқанын бұқара халыққа дер кезінде, сапалы, мазмұнды жеткізе білсе жас ұрпақтың бойында қызығушылық, еліктеушілік, ең бастысы патриоттық сезім оянады. Осы тұрғыдан алғанда, спорт ақпараттарын тарататын БАҚ өкілдеріне жүк түсіп тұратыны белгілі. Тек қана жеңіске жеткен спортшының есімін ғана айта салмай, өзге елден келіп, біздің елдің атынан қатысып жатқан келімсек спортшыны асыра мақтай беруге болмайды. Мәселенің екінші жағын ойлауы қажет. Тыңдап, естіп, оқып ақапрат алып жатқан аудиторияға журналистің берген ақпараты қалай әсер ететінін де ойлап, болашақты ойлағаны абзал. Сол себепті, мен ұзақ уақыт бойы қандай да бір жарыс туралы, оның қортындысы туралы отандық түрлі БАҚ өкілдерінің ақпаратты қалай тарататынын байқадым. Бір жарыс, бір чемпион жайлы әңгімені әр телеарна, әр газет, әр радио және журнал әр түрлі береді. Яғни бұрмаланған, жалған ақпарат та таралып жатады. Сол себепті, ақпараттың толыққанды әрі шынайы болуы маңызды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Спорттық ақпараттар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарын зерттей келе, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, кәсіби тұрғыдан баға беру. Спорттағы саңлақтарымыздың ерліктері арқылы жас ұрпақ бойына елдік, отансүйгіштік қасиеттерін БАҚ күшімен қалыптастырудың ғылыми теориялық жақтарын айқындау. Сападан гөрі санға, рухани өнімнен гөрі тауарға қызмет етіп жатқан кейбір БАҚ өкілдерінің қателіктерін ашып көрсету. Спорт журналистикасындағы сараптамалық бағыттың қолданылуын айқындап, даму деңгейін анықтау. Мақала тақырыбы, мәтін мазмұны және тақырыпашар суреті үйлеспей жататын баспасөз құралдарының кемшіліктеріне кеңінен тоқтала отырып, сапа деңгейін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Дипломдық жұмыс барысында спорт басылымдарының, сайттарының, телебағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктеріне кешенді талдау жасау. Соның ішінде сараптамалық бағдарламаларды талдау. Спорт тақырыбында жарық көрген кітаптардың мазмұндық жағын зерттей келе, оның жас ұрпақ бойына беретін үлгі өнегесін ғылыми тұрғыда айқындау.

Спорт журналистерінің шеберлік деңгейін анықтап, сол арқылы тілші қызмет ететін баспасөз құралына, өзге ақпарат құралдарына сыни тұрғыдан бағасын беру. Түрлі жарыстарда жеңіліп я болмаса төменгі орын алып қалып жатқан спортшыларымыздың шама-шарқын ескере отырып, объективті болмаған тілшілерге сыни пікір айту. Спорт кітаптарына енген, ұмытылып бара жатқан саңлақтарымыз жайлы деректерді зерттей келе, оның шындықпен қаншалықты жанасатынын ғылыми тұрғыдан қарастыру.

Тақырыптың зерттелуі . Белгілі спорт журналисі, жазушылар одағының мүшесі Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз өз заманында спорт тақырыбын біраз зерттеп, спортқа тың қазақша терминдер енгізген болатын. Ал бүгінгі таңда Ғалым Сүлеймен, Темірхан Досмұхамедов сынды ағаларымыз көбіне көп спорт тақырыбында әдеби тұрғыдан қалам тартып жүр. Дегенмен олардың еңбектері белгілі бір спортшыға, атақты жарыстарға арналады да, нақты бүгінгі таңдағы спорт журналистикасының жай күйі сөз болмайды. Сол себепті, менің дипломдық жұмысым бүгінгі спорт ақпарат құралдарының ара жігін ашып, мазмұнын талдауға арналғандықтан соны дүние деп қарастырған жөн.

Зерттеу жұмысымның материалдық көздері:

1. Cұлтанғали Қаратаев. «Репортажды бұлай жүргізбейді» «Спорт айдыны», 09. 02. 2009 ж.

2. Cұлтанғали Қаратаев. «Әлі ештеңе өзгермеген». «Спорт айдыны». 22. 03. 2007 ж.

3. Қ. Әбдуов. «Комментаторлардың қателеріне тойдық». « Дала мен Қала». 25. 08. 2004 ж.

4. Е. Досымбай «Спорт журналистері неге аз?». «Дала мен Қала» . 12. 07. 2006 ж.

5. Е. Байтілес. «Қисық сөзге семірдік». «Алматы ақшамы» 25. 08. 2003 ж.

6. С. Қаратаев. «Жібі түзу спорт комментаторына қашан жаримыз?» «Спорт айдыны». 25. 07. 2005 ж.

7. Н. Сұлтанбек. «Сұлтанғали Қаратаев: «Біздің кезімізде қателіктер көп болған». «Дала мен қала». 06. 11. 2008 ж.

8. А. Шәріп «Комментаторлардың қателіктері» «Жас Алаш» 14. 09. 2006 ж.

9. Қ. Байдәулетова. «Тұнғыш спорт комментаторы» «Айқын» 5. 02. 2009 ж

10. Н. Сасаев. «Амангелді Сейітхан: «Намысты ұлдар тумай, спорт журналистикасы дамымайды». «Айқын» 14. 10. 2008 ж.

11. Н. Жүнісбайұлы. «Эфирдегі қателіктер еңсеміздің түсіруде» . «Жас Қазақ». 31. 03. 2006 ж.

12. Б. Абаған. «Мейрам Базарұлы: Ең үлкен мектебім - қазақ телевизиясы». «Айқын». 21. 03. 2008 ж.

13. Б. Омаров. «Спорт комментаторларының мектебі қашан қалыптасады?». «Ана тілі». 27. 05. 2008 ж.

14. Бақыт Сәтбаев. «Жеребенің жолдасы бар ма еді?». «Айқын». 09. 09. 2008 ж.

15. М. Кенжебай «Эфирдегі сараң сөздер». «Олимпиаданы да дұрыс көре алмадық». «Ана тілі» 20. 08. 2004 ж.

16. Женіс Байғожа « По ту сторону экрана» «Sports ks» 30. 03. 2010 ж

17. Женіс Байғожа « По ту сторону экрана-2» «Sports ks» 06. 04. 2010 ж

Зерттеу жұмысының әдістері: Спорт тақырыбында жарық көретін барлық ақпарат құралдарына газет, журнал, кітап, радио, теледидар арналарына талдау жасау, зерттеу, танысып шығу, саралау, салыстыру, айқындау, анықтау, тұжырымдау, қорыту әдістері қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Кейбір сайттардың мақала мазмұны мен тақырыпашар суреті үйлеспей жататыны анықталды. Орыс тілді тілшілердің материал сұранысқа ие болуы үшін болмашы жәйтті желеу еткен мақаланың тақырыбын айғайлатып қоятындары анықталды. Кейбір тілшілердің түрлі спорт түрлері мен спортшыларға обьективті көзбен қарамай, содан барып, оқырман қауымға жалған ақпарат тарататыны анықталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сілтемелерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының материалдық көздері, әдістері теориялық негіздері туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалады.

Қазақстандағы спорт журналистикасын кешегісі мен бүгінгі жаңалықтары туралы бірінші бөлімімде айтылады. Бірінші бөлім екі тараудан тұрады. «Қазақстандық спорттық бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстандық спорт саласының майталмандары».

Екінші бөлімде спорт журналистикасының сараптамалық бағыты туралы талқылаймын. Ол екі тараудан тұрады. Спорт журналистикасының сараптамалық бағытының қалыптасуы және қазіргі кездегі сараптамалық бағыттың даму деңгейі.

Қортынды бөлімінде жалпы тұжырымдамалар жасалады. Спорттың сараптамалық бағыттың қаншалықты қолданып жүргені баяндалады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы спорттық материалдардың сапасы жақсы болса сол арқылы бұқаралық спортты дамыту жайлы ұсыныс айтылады.

1 Қазақ спорт журналистикасы: кеше, бүгін, ертең

1. 1 Қазақстандық спорттық бұқаралық ақпарат құралдары

Біз журналистика негізін Орхон Енесей жазбаларымен байланыстырамыз. Себебі, ол жазбаларда әдебиет те, публицистика да кездесіп жатады. Мысалға жұрт коментарий тарихын Аристотель мен Юрий Цезардан бастау алған дейді. Өйткені олар Эллада елінде өз кәсібінің білгірлері болған. Аристотель сол заманның озық философы әрі алғашқы ұстазы десек, біздің Әл фараби бабамыз екінші ұстаз саналады. Осы негіздерге сүйенсек, қазақ спорт журналистикасының бастауын да сонау батырлар жырымен байланыстыруға болады. Мысалға, « . . . Жаяу сүйреп көкпарды, Не қылғаның, қарағым?. . » / «Батырлар жыры», 237-б, І том, Алматы - 2000/ . Бұл жырдан қазіргі ұлттық спортымыздың басты ойындарының бірі көкпарды көреміз. Сонымен қатар, осы кездегі садақ тарту, теңге ілу, нысанаға дәл тигізу деген терминдерді батырлар жырынан да байқаймыз.

Жалпы спорт журналистикасы ақырындап дами бастаған уақытта термин ретінде қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі, яғни, ертегілер мен батырлар жырындағы сөздер қайта жаңғырып қолданысқа енді. Мысалға: садақ, найза. Демек, алысқа бармай, атауды жер көктен іздемей, терминдерге баламаны халық ауыз әдебиетіне бай еліміздің фалькрорлық шығармаларынан қарастырған тиімді болмақ. Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс. Ертегілер мен батырлар жырынан басқа да спорт түрлерінің сипаттамсын кездестіре аламыз. Мәселен, белдесу, жамбы ату, аударыспақ, күш сынасу және ат жарыстыру сияқты тағы өзге көп түрлері әңгімеленіп жатады. Ол тек жырланып қана қоймай, өте керемет үлгіде әспеттеліп әсерлі сиатталады.

Спорт түрлерінің көбеюі мен дамуы жылқы жануарының алғаш қазақ даласында қолға үйретілуімен де байланысты. Сол заманда жылқыны қолға үйреткен ата бабаларымыз ұлы далада үстемдікке ие болған. Жылқы қолға үйретілгеннен кейін шауып бара жатқан аттың үстінен садақ тарту жетіліп, садақтың құрылымы да өзгеріп, қуаттылығы артып, ыңғайлы бола түскен.

Қылыш пен найзаны да ең алғаш түркі халқы ойлап тапқанын ескерсек, бүгінде кейбір спорт түрлерінің қалыптасуына түркі тайпалары ықпал еткен деуге толық негіз бар. Сонымен бірге, алты мың жыл бұрын жылқы мінген қазақ елін, Қазақстанды ат спортының отаны деп мақтана аламыз. Бұның бәрі сол кездің спортының қалыптасу кезеңі, терең тарихы депқарастырамыз. Яғни, қазіргінің өзін тарихпен ұштастыру деуге болады. Бұл әлі де болса зерттеуді қажет ететін ғалымдардың болжамдары, тұжырымдары.

Енді негізгі мақсат қазақ спорт журналистикасының газет журналдарда пайда болуын баяндасақ. Қазақ жерінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында газет журналдар шығарыла бастады. Осы газет журналдарда қазақтың ұлттық ойындары туралы көлемі шағын болса да материалдар жарияланып отырған. Бұл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды. Рас, арасында телекомментаторларға байланысты фактілердің болғанынан хабарымыз бар. Белгілі спорт журналисі, бүгінде марқұм Өмірзақ Жолымбетов «алғашқы спорт комментаторы кім?» деген сұраққа қатысты Айтбай Хангелдиннің есімін ұлықтауға тырысады. Ол сол кездегі Түркомолдың тұңғыш және соңғы жетекшісі Ғани Мұратбаев 1928-1929 жылдары Ташкенде «Қазақ» футбол командасын құрып, Айтбай сол командада ойнағанын, ара-тұра радиоға жүгіріп келіп, репортаж жүргізіп кететінін айтады. Бұл - қазақ спорт комментаторлығының да жасын ұзартатын фактілердің бірі.

Ал спорт журналистикасы 1959 жылдардан бастау алады. Сол кездегі спорт баспасөзі жақсы дамыды. Мысалы «Қазақ спорты» газеті. Бұл республикалық апталық спорт газеті 2009 жылдың 30 желтоқсанынан бастап шығады. 2009 жылдың 15 желтоқсанында министірлікте тіркелген. Газет аптасына бір рет, 1000 данамен жарық көрді. Онда әртүрлі айдарлармен спорттық материалдар жарияланды. Мақалаарға қойылған тақырыптар да ерекше болған. Айдарлары толықтай болмаса да өзгеріп отырды. «Аймағы мықты ел -айбынды ел», «Бесқұрлықтағы бәсекелер», «Жарыс көрігі - намыс» тағы сол сияқты айдарлар қойылған. «Аймағы мықты ел- Айбынды ел» айдарында отандық спортшылардың жетістігі, футболдан ел біріншілігі, спорт басқармаларында болған жаңалықтар беріледі. Осы сияқты баспасөз құралдары саласында өзіндік орны бар, тамыры сонау тың игеру жылдарынан бастау алатын тағы бір спорт басылымы «Sport» газеті. 1959 жылдан бері жарық көретін газетті бұл күнде белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы басқарады. Бұл күнде қазақ спортына жанашырлық танытып жүрген жоғарыда аталған «Қазақ спорты» мен «Sport» апталықтарын салыстырсақ, әр басылымның өзіндік ерекшеліктері, ұқсастықтары мен өз айдарлары бар. «Қазақ спорты» газетінде әр санында өзгермей жарық көріп отыратын мақалалардың тақырыптары да, мазмұны да мәнді болатын. Газетте мықты спортшылармен және олардың бапкерлерімен жүргізілген сұхбаттар да жиі жарияланып тұратын.

«Спорт» газетінің тарихына толығырақ тоқталсақ. 1959 жылы қаңтарда екі тілде басылатын «Спорт» газеті жарық көрді. Бұл Қазақстандағы тұңғыш спорттық кәсіби басылым. Қазақ спорт журналистикасының даму жолына түсіп, жалауы желбіреген кезең осы жылдардан басталады. Газет алғашқы жылдары бас редакторсыз шығарылады. Дегенмен, бұл қазақ спорт журналистикасы үшін ең елеулі құбылыстардың бірі. Ұмытылмас тарихи оқиға. Сол газет ұжымы осы күнге дейін «қазақша спорт басылымдарының қара шаңырағы» саналады.

Дегенмен, «Спорт» газеті оқырман арасында бірден танымал басылым болып кете алмады. Себебі, 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» газетінде Сейдахмет Бердіқұлов редакторлық етіп, осы газеттің дәуірі жүріп тұрған кезең болатын. «Лениншіл жас» газетінің «Сейсенбілік спорт беті» еркін жазылатын талдамалық мақалаларымен ерекшеленетін. Газеттің беделі жастар және зиялылар арасында да жоғары еді. Газетте әбден зерттеуден өткен, әсерлі әрі жанды материалдар жарияланатын. Себебі, ол кезде «Лениншіл жастың» спорт бөлімінде білікті журналистер қызмет етті. Мысалға: Орысбай Әбілдаев, Қыдырбек Рысбеков, Қалдарбек Найманбаев, Несіп Жүнісбаев, Жарылқап Бейсенбаев сияқты мықты журналистер қатары болды. Бірақ, Спорт газеті де қалыс қалмады. Жеке газет болғандығымен ерекшеленетін Спорт газетінде де білікті мамандар аз емес еді. Мұнда да өз ісінің білгірлері, талантты спорт журналистері жұмыс істеді. Олар: Дендербай Егізов, Сматбек Төребеков, Жүсіп Хисымов, Ғалым Сүлейменов, Бейсен Құранбеков, Сайын Тұрсынов, Амангелді Сейтханов. Газет нағыз қызу жұмысқа кірісіп, тасы өрге домалаған кезең Несіп Жүнісбаевтың бас редакторлыққа келуімен байланысты. Несіп Жүнісбайұлы қазақ спорт журналистикасының атасы атанған Сейдахмет Бердіқұловтың шәкірті еді. Осы ретте не себепті Сейдахмет Бердіқұлов қазақ спорт журналистикасының атасы атанды? Сонда осыған дейін спорт тақырыбында қалам тербеген жазушылар мүлдем болмаған ба деген сұрақ туындауы мүмкін. Болған, әрине болған. Дәлел ретінде Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», Сәбит Мұқановтың «Балуан шолақ», Сәкен Сейфулиннің «Бандынықуған хамит» әңгімелерін келтірсек болады. Алайда, бұл туындылармен қазақ спорт журналистикасы кәсіби биік деңгейге көтеріле алған жоқ. Ал, Сейдахмет Бердіқұлов болса, қазақ спорт әдебиеті мен қазақ спорт журналистикасында елеулі еңбектер жазып, кәсіби тұрғыда қазақ спорт журналистикасының негізін қалады. Тек қалап қана қоймай, оны жоғары дәрежеге жеткізуге зор үлес қосты. Міне, сондықтан да Бердіқұлов қазақ спорт журналистикасының атасы саналады.

Бір Бердіқұлов бешпетінен шыққан журналистер тек спорт саласында ғана емес, жалпы журналистикада мыңдап саналады. Сондықтан болар, спорт тақырыбын жазатын үздік журналистерге тағайындалған жүлде де С. Бердіқұлов атында. «Жұмыр жерде теңбіл доп» (А., «Жазушы» (1968), «Аспаннан шұға жауған күн» (А., «Жазушы» (1975), «Арбаған мені бір сиқыр» (А., «Жалын», 1987) тағы басқа кітаптарының атауларының өзі бүгінде газеттерде, телерадио арналарында айдарға айналып, жұрт аузында мысал болып қалыптасып кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті: қазақ киносы, театры, ғылым-білімі, сәулет өнері, қолөнері, спорт жетістіктері
Қазақ спорты - республикалық апталық спорт газеті
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
АСТАНА ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Көкпардың жалпы ережелері
«қазақтың спорт комметаторлары»
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz