Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Суендикова Гульназ
Қазақ телевизиясындағы медиа-мәдениет және эстетика мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В0050400 - Журналистика мамандығы үшін
Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Журналистика кафедрасының меңгерушісі
ф. ғ. к., доцент Рамазанова Ж. С
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ телевизиясындағы медиа-мәдениет және эстетика мәселелері
5В0050400 - «Журналистика» мамандығы
Орындаған:
ҚЖ - 41 тобының студенті Суендикова Г. А
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. к., доцент Рамазанова Ж. С
Қарағанды 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Қазақ телевизиясының даму тенденциясы мен бағыты
1. 1 Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал . . . 9
1. 2 Телебағдарламалар мен радиобағдарламалардың функциясы мен редакциялаудың әдіс-тәсілі . . . 18
2 Қазақ телевизиясында тәрбиелік функциясы: медиа-мәдениет және эстетика бағытындағы бағдарламалар ерекшеліктері
2. 1 Ұлттық арналардағы бағдарламалардың тәрбиелік сипаты . . . 30
2. 2 Шетел телевизиясындағы бағдарламалардың ерекшеліктер . . . 38
2. 3 Отандық және Шетел бағдарламаларының ортақ сипаты мен ерекшеліктері . . . 44
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Жүрдек уaқыттың уысынaн шығы, алғa ұмтылған өнер түрлернiң ішінде көгілдір экранның қоғамдaғы орны тым бөлек. Қазірге кезде жұртты арбап, алдына байлап қоятын көгілдір экран мен қазіргі заман талабына сай компьютер, әр адамның қолында жүрген ұялы телефонсыз жұртшылықты елестету мүмкін емес. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Aндре Делижан айтып өткендей «Ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Көгілдір экранның құдірет қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлде қайда артық. »[1] Қазақ ұлттының болашағы оның тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен тарихының сақталуына және олардың жүйелі түрде өсіп, өркендеуіне байланысты. Қазіргі жастардың болашағы үшін, саналы да сауатты, елін ет жүрегі езіле сүйген отаншыл болып қалыптасуына көгілдір экранның, оның ішінде қазіргі танда таратылып жатқан ел шошырлық жаңалықтар мен түрлі ойға қонымсыз бағдарламалардың жастардың ой өрісін төмендетуде. Кезінде Францияда алғаш коммерциялық телевидение ашылады деген кезде президент Жорж Помпиду: «Бiзде коммерциялық телевидения болашақ ұрпақтарымызды рухани азғандату болмақ», -деген екен. [2] Ал Германия концилері Шмитд болса Германияда коммерциялық телевидениеге рұқсат беру-елімізде атом бомбасын жару деген сөз, - деп шошынған. [3] Ал қазір Қазақстанда коммерциялық телевидение ұлттық телевидениеден бірнеше есе артық. Олардың қалай жұмыс істесе де өз еріктерінде . . .
Тақырыптың өзектілігі
Экранды ойлы әрі мазмұнды көркем туындылардың көрерменге берер эстетикалық ляззаттaн бөлек, оның тәрбиелiк және танымдық мәні де орасан. Телевидениедегі айтар ой, салиқалы мазмұны, ғибрат аларлық компазициялық шешімдері шеберлікпен қоюласқан тілі көркем туындылар экран ажарын ашады, оның нәрін келтіреді. Осы айтылған қасиеттер қазақ телевидениясында да жоқ емес. Дәл қазіргі кезде ұлттық болмысымыз бен бітімімізді жоғарғы деңгейде көтеруде сәл aқсап тұрғанымыз айқын. Қоғамда болып жатқан оқиға, нақты тақырып пен түйiнді ой, сұрақ-жауап, пiкір талас арқылы өрбейтін жан-жақты қарастыру, зерттеп-зерделеу, сабақтас арналарды таным елегінен өткізу, диплом жұмысының өзектілігінің бір қыры болып қалыптасқан. Сондай-ақ сөз мәдениеті сипаттарына баға беру, телевизияның өзекті мәселесін зерттеу көкейкесті жұмыс болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Диплом тaқырыбын қазaқ телевизиясының эститика мәселесіне арнауымыз тегiн емес. Кейінгі жылдaры этика, яғни кәсiптік әдеп туралы сөз баспасөз беттерінде сирек те болса айтылып жүр.
Журналистің кәсіптік әдебін терең біліп, оны зерттеу - Қазақстан журналистикасы үшін зәру мәселелердің бірі. Өйткені, бұл - соңғы жылдар көлемінде ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгерілмеген тың да күрделі мәселе. Алғаш қоғамдағы моральдық қарым-қатынастарды жан-жақты зерттеп, әр түрлі пікірлерді жинақтаған Aристотель деп айтуға болады. Оның «Никомаховa этика» атты еңбегін зерттеушілер этика ғылымының бастауы деп біледі. Ал, ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтaн оның этика жөнiндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
Журналистің кәсіби этикасы - ғылымның ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы соңғы жиырма жылдан бастау алады. Оған дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа шықпауын атап көрсетуге болады. Ал, педагогикалық мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық ғылымға көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р. Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатын, кәсіби этика мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші В. А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В. М. Теплюк журналистің әлеуметтік мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г. В. Лазутина мен Д. С. Аврaaмов журналистiң кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар мен көзқарастар негізінде қарастырса, ғалым М. А. Федотов журналист этикасын БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен байланыстыра отырып зерттейді. Ал, бүгінгі журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта журналист этикасы туралы мәселелерді жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі өмірден туындап отыр.
Диплом жұмысының нысаны
Мен осы жұмысымды жазу барысында телевизияның қатаң заңдылығын ескере отырып, теледидардағы бағдарламалардың жүргiзуін әдiс-тәсілдерін үйрендiм, үйреніп қана қоймай, оның кемшін тұстарын да байқап өз тарапымнан ұсыныстар жазып шықтым. Қарап отырсақ телевизияның мәдениеті мен эстетика мәселелері төмендеп бара жатыр. Эфирде сөз мәдениетін дұрыс
қолдана білу білікті журналистың ғана қолынан келе алады деп ойлаймын.
Жұмысты зерттеу әдістері
Диплом жұмысында отандық телевизия мен орыс телевизиясын салыстырмалы түрде алдым. Олардың тарихын және бүгінгі таңдағы эстетика мәселесін сараптадым. Зерттеудің дереккөзі
Осы күнге дейін телевизиялық жанрлар туралы жазылған еңбектерді қарастырып, солардан өзіндік қортыңды шығару. Диплом жұмысын жазарда ғаламтордан және университет кітапханасынан телевизия мәдениетіне байланысты тақырыптарды іздеп, керекті мағлұматтарды оқып өз ойыммен жазуға тырыстым.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ телевизиясының даму тенденциясы мен бағыты
1. 1 Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмалы сипаты
Этикa кәсіби моральдың құрылымын зерттейін ғылым десек, телевизияда моральдық нормаларды ұстану - ең бір қажетті қасиет. Телевизияда жаңалықтардың немесе бағдарламаларды дайындаған еңбектері, ең бастысы одан шыққан қортындылары көптеген бұқара халықтың мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Телевизияда әр адамға қойылатын талаптардың ең қиындығы жоқ, тек берілген тапсырманы дұрыс пайдаланып, көрерменге түсінікті қарапайым жеткізу шарт.
Телевизия мәдениеті мен этикасы - қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар aрасында қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан телевизияның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі телевизиядағы әрбір жұмыскерлердің моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді.
Жер жүзіндегі медиа-кеңістік, соның ішінде телевизия жаңа ғасыр басталғалы бері, әсіресе соңғы он жыл беделінде күрт өзгерді. Әлбетте, технологияның кешеуілдеп жетуі және басқа да объективті, субъективті себептерге байланысты Қазақстанда бұл өзгеріс кейінгі бес-алты жылда ғана байқалды.
Ең әуелі, спутниктік және кабельдік жүйенің жедел дамуы көрерменнің таңдау мүмкіндігін мейілінше кеңейтіп, көбейтіп жіберді. Қазір Қазақстанның (дамыған Батыс елдерін айтпай-ақ та қоялық) көптеген елді мекендерінде (ірі, орташа, шағын қала, кенттерде, қалаға жақын ауылдарда) кем дегенде отыз шақты телеарна көруге болады.
Екіншіден тез тарап жатқан интернет пен арзан («қол жетімді» деп жүрміз) смартфондар ақпарат алудың жаңа «тұма-бастауларын»: әлеуметтік желілер, әр қилы сайттар, youtube, online фильмдер (бұл фильмдердің барлығы дерлік «пираттық» жолмен жүктеледі) қарау, т. с. с. ашып берді.
Ендігі жердегі бәсеке айналдырған екі-үш, тіпті бес-алты арна арасындағы «жаяу жарыс» емес, өте қиын және уақыт озған сайын шарты қатая беретін аламан бәйгеге айналды. Яғни, белгілі ағылшын журналист - зерттеушісі Марк Тангейттің сөзімен айтқанда: «Қазіргі БАҚ нарығы мыңдаған саудагер өз бұйымын өткізуге жанталасып, өңеш жыртқан құжынаған алып, шулы базарға ұқсайды. » [4]
Технологиядағы шұғыл бетбұрыс әлемдік телевизия кеңістігіне тақырыптық, жанрлық телеарналар мен интерактивті телеарналарды енгізді. Бұл құбылыс қазақ көрерменінің басым бөлігі үшін тілі түсінікті, ұғымдық стереотиптері етене Ресейде де басталып кетті. Қазір Ресейде шетелдің MTV, Euronews, Eurosport, Discovery, Fox, Animal, Planet, Nation Geografik, Nicelodeon, т. б. арналары орыс тілінде хабар таратады, сонымен қатар балаларға, бөбектерге, бизнеске, спортқа, музыкаға, географияға, тіпті аңшылық пен балықшылыққа арналған төл арналары бар. Бізде бұл үрдіс бастала беріп, тоқтап қалды.
Әрине, адам саны салыстырмалы түрде аз, алып территорияда халқы шашырай орналасқан, экономикалық әлеуеті де жоғарғы деңгейге жете қоймаған республикада әр текті көрермен мүддесін түгендеп, жас ерекшелігі, кәсіби, әлеуметтік қызығушылығын ескеріп, сала-сала боп диверсификацияланған телехабар тарату жүйесін қалыптастыру - дәл бүгінгі уақыт үшін орындалмас талап.
Енді бірер жыл шамасында Қазақстандағы ақпарат тарату жүйесі түгелдей цифрлық жүйеге көшеді. Бұл - әрбір жиілікте (частота) бірнеше арнаны қатар көрсетуге болады деген сөз. Ондай жағдайда «Қазақстан», «Хабар», «ОРТ-Евразия» сияқты телеарналар өзінің басты артықшылығынан (сигналы ең үлкен аумақты қамтитын) айырылады. Және демографиялық өзгерістерге орай қазақ тілінде ақпарат тарату саласы да кеңейе беретінін ескерсек, алдағы уақытта бәсеке күшейе түспек.
Өзгерту, өзіндік бет-бейне жасау туралы сөз қозғамас бұрын, қазіргі отандық телеарналардың жалпы сипатын бажайлап алу керек деп білеміз. Бұл ретте көзге бірден түсетін ортақ сипат - кабельдік жүйедегі бірді-екілі арнаны (музыкалық «Гәкку», «HIT TV», діни «Асыл арна») санамағанда, еліміздегі телеарналар бір ғана тип - универсалдық («әмбебап» деген балама «универсалдық» мағынасын толық ашпайды) бітім-үлгі бойынша құрылған. Яғни, кез-келген отандық телеарна әрі ақпараттық, әрі ойын-сауықтық, әрі ғылыми-танымдық функцияларды қатар алып жүруге тырысып отыр. (Өзіндік базасы, хабар тарату саясаты қалыптаспаған, негізгі арнаның арзанқол қосымшасы сияқты ғана әсер қалдыратын «Қазспорт», «Балапан», сияқты арналар - бөлек тақырып) . Дәл осы «универсализм принципі» арналардың баршасына тән бірқатар белгілерді туындатады. Тәптіштеп, талдап, сөзді көпке созбасақ, негізгі нышандарды былай санамалауға болады.
- Ақпараттық бірізділік. Яғни, тұтастай алғанда жаңалық топтамаларының тақырыптық, стильдік ұқсастығы.
- Ақпараттық жұтаңдық. Отандық бір де бір арна (24 kz. қоса айтқанда) шын мәніндегі ақпараттық желіге айналған жоқ. Ақпарат ағынын, негізінен, ресми жиындар туралы хабарлар құрап отыр.
- Аналитикалық дәрменсіздік. Яғни, қоғамда болып жатқан оқиғалардың себеп-салдарын, төркінін талдап беретін бағдарламалардың үстірттігі, кәсіби аналитика деңгейіне жетпеуі.
- Ақпараттық, оқиғалық жобалардың дамымай қалуы. Отандық арналарда журналистік зерттеу, оқиғалық («ақпараттық») сериал жанрлары сирек ұшырасады.
- Talk show формасындағы бағдарламалардың сапасыздығы. Қоғамдық пікір қалыптастыратын, әлеуметтік-саяси өткір көзқарастарды реттеп отыратын медиа-тұлғалардың қалыптаспауы.
- Ойын-сауық бағдарламаларына орынсыз басымдылық берілуі. Және солардың көпшілігінің шетел эфиріндегі бағдарламалардың жүдеу көшірме-имитаторы сипатында болуы.
- Қазақстанның бірегей, мәдени, тарихи, географиялық келбетін танытатын, формасы, берілу тәсілі соңы, қазіргі тез зеріккіш көрермен ықыласын аударуға қауқары бар жобалардың жоқтығы.
Шұқшия зерттеген адам отандық телевизия кеңістігінен басқа да толып жатқан кінарат табары сөзсіз. Бірақ, мәселе мін тағу, кемістік іздеп тіміскілеуде емес, Отандық телеарналарды жаңа өріске бастайтын бағдар қарастырудағы жақсы ниет болса керек-ті. Осындай ниетке сайып, Отандық, әсіресе ресми мемлекеттік телеарналардың болашақ беталысына қатысты кейбір ұсыныстарымызды ортаға салып отырмыз.
XX ғасырдың соңына қарай әбден айқындалып, біржола қалыптасқан үрдіс - ақпарат ағыны (оқиғалар, жаңалықтар) әлемнің дамыған елдерінде ең басты медиа өнімге айналды. Бүкіл жер жүзіне тарайтын трансұлттық алып арналар қоғамдық өмірдің құрамдас бөлігі болып алды. Басқасын айтпағанда, CNN international, BBC World, Euronews сияқты алыптарсыз қазір әлемдік ақпарат кеңістігін елестете алмайсыз.
Қазіргі уақытты «ақпарат дәуірі» деп жүр. Технология тұрғысынан ғана айтылса керек. Әйтпесе ақпарат қай заманда да адамның басты қажеттіліктерінің бірі болған. Бұл ретте мың - мың жарым жыл бұрынғы жаршы, жазушы мен қазіргі БАҚ-тың табиғаты туыс. Бағзының жаршысы да, қазіргінің тілшісі де өз тұсындағы адамның табиғи сұранысын өтеп тұр. Басқаша түйіндесек, ақпарат - адам санасы мен зердесінің айнымас, ажырамас бөлігі: Аристотельдің атақты ғақлиясын сәл өзгертіп айтсақ: «Адам баласы - тумысынан ақпараттық жануар». [5]
Кең мағынасында, жаңалықтар да, өсек-аяң да, әңгіме, өлең-жыр, кино - бәрі ақпарат. Біз бұл арада ақпараттың жеделхабар-ошарлық сипатына және сол хабарларды қорыту, талдау мәселесіне тоқталмақпыз.
Жаңалықты білмекке құмарлық адамның болмысына хас ерекшелік екенің мойындасақ, ақпарат (жаңалықтар, оқиғалар) желісі- телеарнаның хабар тарату кестесі үшін ұстын, бейнелеп айтқанда, жұлын-омыртқаға айналуы тиіс. Яғни, телеарнаның ұзақ күнгі қызметін ұстап тұратын арқау- ең әуелі ақпарат.
Ұлттық телеарнаның жедел ақпарат қызметі қалай өзгеруге тиіс дегенде, жоғарыда аталған принципті қаперде ұстай отырып ұсынған ұсыныстарымыздың ұзын - ырғасы төмендегідей:
Қазіргі мемлекеттік БАҚ ақпаратына қатысты ең күрделі мәселе - «сенім дағдарысы». Яғни, көрерменде жаңалықтардың объективтілігіне, шыншылдығына деген күмән қалыптасқан. Ең әуелі көрермен мен екі арадағы осы кедергіден өту керек. Бұл үшін жаңалықтардың мейлінше бейтарап болуын қатаң қадағалау қажет. Яғни, жаңалықтарда ешқандай да баға берушілік, журналистің, телеарнаның көзқарасы тұрғысынан пікір айтушылық болмасқа керек. Басқаша айтқанда, оқиғаның жағымды немесе жағымсыз жақтарын парықтау көрерменнің өз еркіне қалдырылады. 80 - ші жылдардың басында 25-ақ адамдық ұжыммен CNN жұмысын бастаған Тед Тернер «қазіргі жаңалықтар тым бір жақты, әлемдегі барлық көрермен жаңалықтардың бейтарап, объективті болуына зәру» деген көзқараста болыпты. [6] «CNN. Жаңалық атаулыны алдымен бізден білесіз» деген қағидамен жұмыстанған бір кездегі шағын арна қазір әлемдегі ең қуатты медиажеліге айналғаны баршаға аян.
Яғни, «N елді мекеніне ауыз су құбыры тартылып, тұрғындар қуанышқа бөленді», «Ислам принциптерін теріс түсініп, адасқан топ әскери бөлімшеге шабуыл жасады» тәрізді комментарийлер айтылмауға тиіс. Қандай да болмасын оқиға бейтарап баяндалуы тиіс. Ресми арна «Халқымыздың төл мерекесі Наурызды N қаласының тұрғындары шат-шадыман көңіл-күймен қарсы алды» деп желпінбеуге тиіс. Бір сөзбен қайырғанда, жаңалық - насихат емес, жаңалықтың тек өзі деп қабылданғанда ғана көрермен сенімі пайда болады.
«Насихатшыл жаңалықтардың» ең өрескел үлгісі ретінде Ресей телеарналарының жаңалықтар топтамасын атар едік. Сол себепті де көрші елдің жаңалықтар стилін контр үлгі ретінде пайдалануға болады. Отандық арналар туралы айтқанда алдымен бүкіл арналар бауырынан өрбіген «Қазақстан» ұлттық арнасына қарайлайды. Үлгі тұтады. Бірақ, бүгінгі таңда үлкен арнада жүріп жатқан реформалар алаңдатады. «Қазақстан» арнасының басшылары тағы ауысты. Жаңа жылдан бері ұлттық арна экраны сынақ алаңына айналды. Бірнеше таныс, бейтаныс тележүргізушілер шығып жалт етіп, жоқ болды. Бұл тәжірибелер адами, кәсіптік, әріптестік, журналистік әдепке жата ма? Бұл қалай? Ұжымдағы қызметкерлер бағдарламалардың сапасынан гөрі «ертеңгі күнім не болады?» деп уайым жейтіні аян. Жұмыссыз қалғандар қайтпек?
1994 жылдан бері талай аласапыранды басынан өткізіп келе жатқан елдің басты арнасы, қазақ телевизиясының мұрагері «Қазақстан» ұлттық арнасында тағы басшы ауысты. Жаңа басшы өзіне қолайлы адамдарды қызметке шақырады. Рас, бұл - заңдылық. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ, шын мәнінде жаңа басшы «жерге қаратпайтын» шынайы кәсіби мамандарды таңдай ма? Арна жүзден-жүйрік таланттарды іріктеп, оларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыра ала ма? Отандық телеөндірістің деңгейі мен дәрежесін, бағасын өлшейтін құрал бар ма? Қазақ теледидарының дәстүрлі телемектебін қайта жаңғырта ала ма? Телевизиялық маркетинг қызметі қандай дәрежеде? Арнада тележүргізушілер неге өзгере береді? Аптаның маңызды оқиғаларын сараптайтын «Апта kz» апталық шолудың жүргізушілері неге жиі ауысады? Жүргізушілер ауысқан сайын олар жасара береді. Әлемнің алпауыт телеарналары елі үшін аса маңызды саяси сараптамалар мен ток-шоуларды жүргізуді «жігіт ағасы» жастағы, шешендік өнерді меңгерген кәсіби әккі білгірлерге тапсырады. Олар биліктің олқылықтары мен әлемдегі саясаттың бағытын түбегейлі сараптап, зерделеуге қауқарлы. Олармен мемлекет басшылары да, халық та санасады. Отандық арналардағы апталық шолулар мен жаңалықтар қызметінің тілшілері мемлекеттің мінсіз атқарылған жетістіктер хронологиясын баяндауда лексиконындағы «тәуелсіздік арқасында» деген сияқты ғажайып астананы дәріптейтін сан рет қайталанатын мадақ сөздер көрерменнің көкірегінен итереді. Апталық шолушылар шешендік өнерді меңгерген астарлап сөйлейтін кәсіби деңгейі жоғары болуы тиіс. Бірақ, бұл қасиеттер адамның бойында жиырма бес, отыз жасында да қалыптаса қоймайды. Қырықтан асқанда адамның айтары болады, оның өмірден түйгені, көргені, тұжырымы бар. Әрі теледидар өнері - тәжірибемен келетін, жүйкеге салмақ салатын ой еңбегі ауыр кәсіп. «Жігіт ағасы» жастағыларды таңдау әлемдік алпауыт телекомпаниялардың тәжірибесінде ежелден бар. ТД-дың абырой, беделі саяси сараптамалық бағдарламалармен өлшенеді.
Қазақта білікті, деңгейі биік, саясат пен экономикадан хабары бар кәнігі кәсіби журналистер жоқ емес. Көрермен қауым «Бетпе-бет» хабарын жүргізген Нұртілеу Иманғалиұлын, шолушылар Иманбай Жұбай, Бақыт Шойбекова, тележурналист Серік Әбікенді, «77 күн»-нің авторы Серік Абас-Шахты, «Апта кz»-ті жүргізген Айдаболсын Есболатты, Нұрлан Оқаұлы, экономика тақырыбын зерттеп жазатын Дина Төлекованы көпшілік әлі ұмытқан жоқ.
Көрермен арналарды жаулаған арзанқол үнді, түрік сериалдарынан мезі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz