Қалған ұлттар диаспора


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Еліміздің тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру - қазақстандық дамудың басты бағыттарына айналды.
Осыған орай Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жасау және қабылдау туралы сөз болған «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына арнаған кезекті Жолдауындағы шешімдерін баспасөз беттерінде халыққа түсіндіру, насихаттау, және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету мақсатында «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» сынды басылымдар атсалысып келеді.
Себебі Елбасының Жолдауын халыққа, бұқараға мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін, жоспарларын түсіндіретін әуелі журналистер, яғни бұқаралық ақпарат құралары. Жолдауда мәңгілікті мұрат еткен Қазақ елі үшін келешек жаңа дәуірдің кемел келбеті айқындалған. Бұл әзірге біздің мұратымыз ғана болғанымен, оны жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктері елімізде бар екендігін баспасөз беттерінде түсіндіру журналистердің парызы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» және Ұлттық код атты ұлт идеялары жарияланғаны белгілі. «Мәңгілік ел» мен «Ұлттық код» идеялары - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идеялар. Осы идеялардың басты мақсат-мүддесі туралы баспасөз беттерінде бүгінде терең түсініп, әрбір азамат өмір жолдарының басты кредосы ретінде ұстанғаны ләзім. Бұл идеялар оларды жарқын болашақтарға жетелеп, бойларында отаншылдық сезімдерінің берік орнығуына ықпал ететіні сөзсіз.
Жалпы, Мәңгілік ел» ұлттық идеясы - Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея. Ел болу мәселесі, ұлтты ұлықтау, жерді, туған атамекенді сақтау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Ал бүгінгідей еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік туын тұғырына берік орнықтырған тұрлаулы кезеңде ұлттық идеяларды қалың бұқара арасында кеңінен насихаттаудың мән-маңызы тіпті ерекше екендігі өз-өзінен түсінікті болса керек.
Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық ұстындарды насихаттау бағытындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, азаматтық қоғам құрылымдарымен бірлесе әрекет жасау, құқықтық жалпы білімді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, Ар-намыс кодексін әр шенеунік үшін бұлжымас заңға айналдыру мәселелеріне де ерекше ден қойылған. Яғни, баспасөздің араласуымен бұл бағыттағы жұмыстың ширай түскені байқалады.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері:
- баспасөз арқылы мемлекеттік идеологияны, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және ұлтаралық келісімін насихаттауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ, мемлекеттік егемендікті, қоғамның топтастыруын нығайту, демократия мен азаматтық қоғамды дамыту;
- елімізде беделді «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын ондағы «Мәңгілік ел» мен «Ұлттық код» идеяларының негізгі басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау, қоғамның демократиялық институттарын жетілдіруге қатысу;
- ішкі саясат мәселелеріне, қоғамдық-саяси салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бағдарламаларын іске асыру;
- еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;
- азаматтардың электоралдық күйін, мемлекеттік органдардың жұмысын және Қазақстанда болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайды талдау, қорытындылау, жан-жақты зерттеу;
- аймақтық деңгейде мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру;
- ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және насихаттау;
- қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді талқыға салу;
- мемлекеттік жастар саясатын және отбасы істері мен гендерлік саясаты насихаттау;
- саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың, діни бірлестіктердің қызметін ашық жариялау;
- қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің, кәсіптік одақтардың жұмысын көрсету болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Біздің мемлекетімізде «Мәңгілік ел» мен «Ұлттық код» идеяларын насихаттау өте қажет. Бірақ мұны бұрыннан қалыптасқан, өзгелерді ақылынан алжастыру бағытындағы идеологиямен шатастырмауымыз керек. Кезінде марксизм-ленинизм бізге идеологияны нақ осылайша қабылдауды үйреткені құпия емес. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасындағы нақты басым бағыттарын баспасөзде насихаттау бүгінгі баспасөздің міндеті. Себебі, бұл біздің ата-бабамыз аңсап кеткен басты мұраттарымыздың бірі. Еліміздің кемел келбетін қалыптастыру үшін бәріміз ат салуға тиісті парызымыз.
Қазақ елінің бүгінгі өміршең бастамаларына қарап, оның болашағына үлкен сенім артуға болады. Қазақ даналығы айтқандай, істі қалай аяқтағанына емес, қалай бастағанына қара демекші, ұлы мұраттарды, асқақ армандарды жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктері жасалып отырғанда мемлекет саясатын қолдау - біздің асыл мұраттарымыздың бірі болуы керек. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып өте өзекті деп есептеймін.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Қандай да бір қоғам, қандай да бір ел нендей мұрат-мақсаттарды жүзеге асырғысы келсе, алдына белгілі іс-жоспар қоятындығы түсінікті. Өз жұртының бойынан келешекке деген үміт пен құлшынысты тудыруға қасиетті күш керек. Ондай күшті Елбасымыз қозғап отыр. Нұрсұлтан Назарбаев - елім деп еңіреген, халқым деп жан ұшырған, Ресейдің 70 жылдық бодандығынан құтылып, жетім қозыдай жамыраған елді жетелеп, бүгінгі таңда болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік жасап отырған ел ағасы. Оның «Мәңгілік ел» мен «Ұлттық код» деп аталатын идеялары тәуелсіздігіміздің туын құлатпауды мұрат етіп отыр. Елінің әлемдегі жарқын бейнесін көрегендікпен болжап, Қазақстанның алға қарыштап самғауын жан-тәнімен қалаған тұлғаға барлық халық сеніммен қарайды. Сондықтан, бұл дипломдық жұмыста Елбасының «Мәңгілік ел» және «Ұлттық код» идеяларының «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» сынды беделді басылымдарда жазылған материалдарын саралай отырып, «Ұлттық код» пен «Мәңгілік ел» идеяларының сабақтастығына көз жеткізу. Басылымдардағы тың шығармашылық ізденістер және авторларды анықтау. Олардың шеберлік тәжірибесінен сабақ алу, жанрларды қолдана білу әдісін игеру.
Бұл ретте «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының 2013-2018 жыл аралығындағы біршама сандарына шолу жасалды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде жұмыс тақырыбына орай «Мәңгілік ел», «Ұлттық код» идеяларының қазақ қаламгерлерінің шығармашылығында көрініс табуына барлау жасалынып, жанрларына анықтама беріліп, жан-жақты талдау жүргізілді. Осының негізінде зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Осы тақырыпқа қатысты түрлі маман, ғалымдардың пікірі, толғамдары алға тартылды. Қаламгерлердің журналистік ілкі ізденістері арнайы сөз болды.
Екінші кезеңде мерзімді басылымдардағы «Мәңгілік ел», «Ұлттық код» идеяларының насихатталуы «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Мәңгілік ел» идеясы аясында жарық көрген мақалалардың мемлекеттік маңызы, «Қазақ әдебиеті» газетіндегі поэзиялық, публицистикалық туындылардағы «Ұлттық код» идеясы, «Ана тілі» газетіндегі рухани құндылықтар тақырыбының көкейкестілігі тұрғысында қарастырылды. Жекелеген мақалалардың тақырыбына, проблемасына, идеясына нақтылы тоқталып, жан-жақты баға берілді, ұлттық мүдде мен мемлекеттік ұстанымдарды тоғыстырудағы оң талаптарына, осы тұрғыдағы мол мұраларына шолу жасалынды. Жекелеген авторлардың мақала, материалдарының көркемдік сипаты (тіл өрнегі, стильдік оралымдары) талқыға түсті.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Мерзімді баспасөзде «Мәңгілік ел», «Ұлттық код» идеяларының насихатталуына қатысты жүйелі зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған ой-тұжырымдар, пікірлер оқушылардың, қалың бұқараның мерзімді баспасөзде «Мәңгілік ел», «Ұлттық код» идеяларының насихатталуына қатысты білімін тереңдетуге және оны дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «МӘҢГІЛІК ЕЛ», «ҰЛТТЫҚ КОД» ИДЕЯЛАРЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА
1. 1 Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласының бұқаралық сипаты
«Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті . . . Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» [1] деген болатын.
Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік ел!» [1] - деп Елбасымыз атап көрсеткендей, тәуелсіздігіміз баянды және оның өміршеңдігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр.
Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Мәңгілік ел идеясы, міне, осындай қадау-қадау мәселелерді алға тартады.
Ұлттық идея Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірде жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында одан әрі жалғасын тапты. Мақала «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», оның ішінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы, «Таяу жылдардағы міндеттер» атты тараулардан тұрады. Мақаланың кіріспесінде:
«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» [2] - деп атап көрсетілген.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын СССР-дің құрсауынан шығып, өз жолымызды өртеңнен іздеп, дербес мемлекет ретінде көш түзегенімізбен басталған болатын.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының салынуымен басталды.
Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек - бағдарламалық құжат, бұқараға етене жақын сипатқа ие ерекше еңбек. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтқан.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда.
Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екені айқын. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Бағдарлама әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең бастысы - жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным - өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.
Елбасының: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын» [2], - дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру - баршамыздың парызымыз, оның ішінде халықтың құлағы, көзі және үні болып саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», - екенін атап көрсетті.
«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ» [2], - деуі шешімді пікір.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.
Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі - латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз.
«Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр.
Қоғамдағы осындай саяси үдерістерді баспасөз беттерінде халыққа түсіндіру, насихаттау тұрғысынан жаңаша пайымдауларды қажет етіп отырады. Соның бүгінгі таңдағы маңыздысы - «Мәңгілік ел» идеясынан, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын ортақ міндеттер.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы негізгі басымдықтарды айта келіп, «Туған жер», «әліпби ауыстыру», «100 оқулық», «100 тұлға» қатарлы ерекше бағдарламаларды алға тартты. Бұл ой ғасыр бұрын «жүз жылдық жаңғыруымызға» азық болған Алашорда көсемдерінің көксегені еді. Елбасы соны іске асыруға мүмкіндік жасады.
«Бұрын адам аз, жер көп болған, мұны біздің қазақ өз көзімен көріп отыр. Жердің көп-азына қарамай, жердің һауасына қарай адам баласы мал баққан иә егін салған. Жер көп болып, мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің һауасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстап отырып, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған…» [3, 274] - деп жазады Әлихан Бөкейхан.
Ал Елбасы өз мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?» - деген сұрақ қоя отырып, оған төмендегіше жауап береді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz