Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы


топтан құралған командалар істейді. Интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол - бір адам - бір бұқаралық ақпарат құралы ретінде саналады. Оған дәлелдер де өте көп. Бізде салалық сайттар көбейіп келеді. Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігін де байқап отырсыздар.
Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскені баршамызға аян. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады. Бізде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет арасындағы бәсекелестікте таразы басы тең емес. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен күресте интернет журналистикасы жеңіске жетті деп ойлаймыз. Өйткені интернетті алғашқы кезде өсек-аяң ортасы деп қабылдайтын телеарналар, радио, газеттер қазіргі таңда еріксіз жеке сайттар ашуға бел буды. Тіпті арнайы веб-редакция жасақтап, қазір сонымен жұмыс атқарып отыр. Әлемде ақпарат тарату шапшаңдығымен ерекшеленетін онлайн журналистика алға озды. Жыл сайын ақпаратты интернет арқылы алушылар саны көбейіп келеді. Мысалы, 2012 жылы 1, 1 млрд адам жаңалықтарды интернеттен оқып білсе, 2014 жылы оның саны 3, 4 млрд-қа дейін еселене түскен.
Әлемнің көп елдерінде теле, радио, газет-журналдар онлайн режімінде ақпарат таратуға көшті. Бірақ, біздің елде онлайн журналистиканың игілігі толық меңгерілмей келеді. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары жаңа онлайн режимінде жұмыс істеуге толық бет бұрған жоқ. Интернет қауымдастығындағылар бұл жаңалықтарды сол мезетте естіп, біліп, талқыдан өткізіп жатады. Бұл жерде әлеуметтік желілердің (facebook, twitter) қызметі алдыңғы орынға шығып тұр. Оған қоса, телевизия әлемінің жаңа медиамен бәсекесіне көңіл толмайды. Телеарналардың web нұсқаларының жұмысы жоғары деңгейге жете қойған жоқ. Дизайны мен жаңартылу жағын айтпағанның өзінде, ақпарат алуға кедергі көп. Сонымен қатар, қазақ газеттеріне жаңа онлайн режімінде жұмыс істеуді мықтап қолға алатын уақыт келген сияқты. Алыс аймақтарға газет таралып біткенше оның ақпаратының маңыздылығы кеми түседі, ақпарат ескіреді. Ал, газет сайттарының басым көпшілігі - оның қағаздағы нұсқасының көшірмесі ғана. Сонымен бірге, сайт оқырмандарымен өзара диалог жүргізу ісі дұрыс қолға алынбаған.
Интернет контингентінің басты талабы - ақпараттың жаңарып отыруы. Міне, сондықтан, газет сайттарының да жаңартылып отыруының маңыздылығы осы жерден көрінеді. Жаңа медиа кеңістігі жаңалыққа толы. Алайда, бұл кеңістікте де шешілмеген мәселелер шаш етектен. Әсіресе, ұлттық, тілдік мүдде екінші орынға ысырылып қалып жатыр. Интернет кеңістікті ұлт мүддесіне жұмыс істеткізуде әлі де жайбасарлық танытып келеміз. Интернетті тұрақты пайдаланушылардың АҚШ пен Ресей өнімдерін қолданып жүргені жасырын емес. Олар шетелдік компаниялардың қалтасын толтырып отыр. Әзірге бізде қазақ тілінде контент әзірлейтін мамандар тапшы. Ресейлік интернеттің тау бұзардай екпіні тілдік мүддемізді екінші орынға ығыстырды. Ауызекі тілдегі ақсауымыз аздай, интернет әлемі де «жетім сөздерге» толып барады. Бұған көз жеткізу үшін оқырманның өз пікірін қалдыратын форумдар бөлімін бір шолып шықсаңыз болғаны. Әрине, интернет еркін ойдың аймағы. Дегенмен, мұнда жариялылық принципіне кереағар нәрселер көптеп жасалынып жатыр. Интернет журналистиканың дәстүрлі БАҚ орнын баса алмасы анық. Алайда, дәстүрлі БАҚ оқырманға интернеттегі сияқты жылдам әрі ықшам ақпарат таратуды қолға алса, жаңа медиа тұтынушыларын өздеріне тарта алатын еді. Себебі, оқырманның ақпаратты тұтыну тәсілі өзгеріске ұшырады.
Интернет - журналистика - XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіндікке ие болды. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары. Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы - оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды. Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай, блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті, ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып тастауы да мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір - бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады. Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден -бір дәлелі болмақ.
Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал. Жаңа медиа ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Түсінікті де қысқа гипермәтіндер, газет-журнал мәтіндерінің қатталуы, радиотелевизия және баспасөз мұрағаттың қолжетімділігі, іздеу жүйесінің ыңғайлылығы, интерфейстің тартымдылығы бұқаралық ақпарат құралдарын ыңғайлы ете түсті. Жаңа медиа қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуына оң үлес қосуда. Цензураның құрсауын белгілі бір межеге дейін жойды. Интернет БАҚ-тардағы аудиториямен байланыстың оңтайлы әдістерінің болуы ақпарат тұтынушыларының ой мен сөз еркіндігіне мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Диплом тақырыбын ашу үшін зерттеу нысаны ретінде бүгінде елімізге кеңінен танымал cайт-порталдарда жарық көрген материалдардың бір шоғыры сараланып алынды.
Жұмыстың деректік негізі ретінде осы тақырып бойынша әр жылдары жарық көрген кітаптар, әлеуметтік желілердегі, баспасөз беттеріндегі материалдар пайдаланылды. Сондай-ақ ақпараттық сайттар, интернет журналистика жайында жазылған түрлі материалдар да ұдайы назарда болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты ақпарат кеңістігіндегі жаңа ұғымның ұтымды жақтары мен көлеңкелі тұстары, түрлі тақырықтағы танымдық дүниелері мен материалдарына сараптау мен қорытындылау жүргізу негізінде ақпараттық сайттардың қалыптасу және даму жолдарын жаңа заманауи көзқарас тұрғысынан зерделеу болды.
Осы тұрғыда, тәуелсіз қазақ елі өзіндік тұмса тарихын қайта тектеп, таразылап, жаңаша леппен жазып жатқан шақта қоғам өмірінің айнасы қазақ баспасөзінің, оның ішінде жаңа интернет мамандардың қалыптасуы мен даму тарихына барлау жасау, оның бүгінгі тәуелсіздік талаптарына сай, ұлттық ұстаным мен мемлекеттік мүдделерді кеңінен насихаттау барысына ғылыми тұрғыда баға беру барынша өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырыпқа қатысты танымдық дүниелер мол болғанымен, нақтылы зерттеу материалдары соншалықты көп емес. Ал бұл жайт өз кезегінде тақырыптың өзектілігін ғана көрсетіп қоймай, тәуелсіз, егемен елдің рухани игіліктерге қатысты өскелең сұранысынан туындап отырғанын да көрсетеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Қазақстандағы жаңа медиамамандардың шығармашылық белсенділігі мен ізденіс кеңістігі тақырыбына шолу жасалынды;
Ұлттық публицистикаға, оның ішінде бүгінгі қазақстандық ақпараттық технологияларға қатысты жазылған мақала-материалдарға, пікірлерге сараптама жүргізілді, бұл орайда ұлттық болмыс сипаттарына негізделген авторлық ұстаным ерекшеліктері басты назарда болды;
Интернет журналистиканың қазақ қоғамының дамуына, ұлттық руханиат пен жаңа, жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесіне баға беріліп, талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде жұмыс тақырыбына орай Қазақстандағы «интернет журналистика» ұғымының қалыптасуы мен даму тарихына барлау жасалынып, жанрларына анықтама беріліп, жан-жақты талдау жүргізілді. Осының негізінде зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны анықталды.
Екінші кезеңде Қазақстандағы сайт-порталдардың, интернет саласына маманданған журналистер шығармашылығындағы дәстүр сабақтастығы және жаңашылдық сипат үрдісіне талдау жасалынды. Жекелеген интернет журанлистердің мақалаларының тақырыбына, мазмұнына, зерттеу жұмыстарына нақтылы тоқталып, жан-жақты баға берілді, ұлттық мүдде мен мемлекеттік ұстанымдарды тоғыстырудағы оң талаптарына, осы тұрғыдағы мол мұраларына шолу жасалынды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақстандағы интернет журналистердің, мамандардың шығармашылық белсенділігі мен ізденіс кеңістігіне іргелі ізденістеріне қатысты байыпты зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған ой-тұжырымдар, пікірлер оқушылардың, қалың бұқараның Қазақстандағы ақпараттық сайттарға қатысты білімін тереңдетуге және оны дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазіргі қоғамдағы ақпараттық-коммуникативті технологиялардың дамуы
- Онлайн-медианың қалыптасуы мен дамуы
Интернет журналистика - XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіндікке ие болды. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары. Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы - оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды. Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққа ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай, блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті, ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып тастауы да мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір-бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады. Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден-бір дәлелі болмақ.
Қазақстандық интернеттің «туған күні» қашан деген сұрақтың екі жауабы бар. Біріншісі 1991 жылдың көкек айы. Сол жылы «ПАРАСАТ» фирмасы базасында RELKОМ жүйесінің Қазақстандағы алғашқы аймақтық торабы ашылған болатын. Бұл торап UUСР бойынша электрондық пошта кызметін көрсететін. Ал екінші туған күні - Казнет дүниеге келген 1994 жылдың 19 қыркүйегі. Осы күні алғаш рет КZ домені тіркелген еді. Сол жылдың аяғында қазақстандық сайттардың саны 15-ке жеткен [6, 71] .
Интернет-журналистика - дәстүрлі журналистиканың эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды. Қазірде «Навигатордың» аты өзгерген: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр [7] . Осы тұста басылымның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді.
Шетелдік мас-медиа зерттеушілерінің: «Интернет - это социальная
анархия. У системы нет никакого управляющего органа», - деуі тегін емес. [1] Расында да, бас-көзі жоқ ақпарат алаңында не айтылып, не жазылып жатқанын реттеп жатқан ешкім жоқ. Мұның салдарының түрлі жағдаяттарға алып барып жатқаны да мәлім. Ұлтаралық дүрдараздық, діни экстремизм, адам ұрлау, адам саудасы, нәсілдік кемсітушілік, әлеуметтік теңсіздік секілді әлемдік проблемалардың бір ұшы ғаламтормен байланыстырылады. Онымен қоса, түрлі «тәртіпсіз» ақпараттар, көлеңкелі қызметтер, суицидке итермелейтін контенттер тағы бар. Мұның барлығы сұрыпталмастан қазақ аудиториясына сіңіп жатыр. Жаңа медианың дилетанттық, яғни, кәсіби емес журналистиканы қалыптастыруы журналистиканың болмысына нұқсан келтірді. Журналистердің кәсіби абыройы мен жұмысына кедергі келтіретін көзқарас қалыптасты. Блоггерлер, оқырман-авторлар журналистиканың тілдік, стильдік мән-мағынасын төмендетті. Публицистиканың эмоционалды-экспрессивті деңгейі әлсіреп, мәтіннің көркемдігі мен мәні, мазмұндық жүйесі арзандады. Ғаламтор тілі деген атауды иемденген «подокаффтық сленг» қазақтілді ақпарат кеңістігіне де теріс әсер етті. Тілдік нормалардан тыс немесе сленгтік мәтіндер қазақ тілінің күш-қуатын одан әрмен әлсірете түсті. Бұл ана тіліміздің тазалығы мен прогрессивті дамуын тежейтін жайт. Онсыз да мемлекеттік тіліміз тұғырына қона алмай отырған бүгінгі таңда ғаламтордағы қазақ тіліне мұндай кері әсері − «жығылғанға жұдырық». Германиялық RTL-дің бас редакторы Петер Клэппель: «Интернет жақсы журналисті ұшпаққа шығарады, жаман журналисті шыңырауға түсіреді» деуінің шындығы бар. Себебі, жаңа медианың соны мүмкіндіктері арқылы жетістікке жетіп журген журналистер аз емес. Интернет журналистің аудиториямен байланысын одан әрмен тереңдетіп, жан-жақты етеді. Ақпарат жинаудың белгілі бір айла-тәсілдерін меңгерген журналистке интернет таптырмас құрал. Ал, шыңырауға түсіретіні жалған ақпаратқа әуес, жалаң сөзге құмар, қабілет-қарымы төмен журналистердің сорына бітуі де мүмкін. Қазіргі кезде оқиға орнын барламай-ақ редакцияда отырып, интернет-ресурстарына арқа сүйейтін журналистер қаншама. Авторлық құқыққа қол сұғушылық, шығармашылық ұрлық (плагиаттық) жолмен өзгенің еңбегін пайдаланып, соңынан араздасып жататындар да жиі кездеседі. Жоғарыда айтылғандай, интернет-журнализм журналист кадрлардың кәсіби сауатсыздығы мен білімділігін қажет етпейтіндіктен, бұл салада сауатсыздық дендеп барады.
Жаңа медианың дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы туралы түрлі пікір бар. Өйткені, соңғы кезде дәстүрлі мас-медианың өзінде ғаламтордың тілдік ерекшеліктері мен ақпараттың берілу формасына еліктеу бар. Мәселен, интернет тіліндегідей қысқа да нұсқа жазу, лид мәтіндер, визуалды ақпараттарды мейлінше мол беру үрдісі дәстүрлі БАҚ-ға да үйреншікті болып барады. Кейбір мамандардың пікірінше, жаңа медиа дәстүрлік БАҚ-қа бәсекелес емес, оның жаңа технологиялық жалғасы, жаңа формаға енген трансформациясы деп қарастырған жөн десе, басқа сарапшылар жаңа медиа күндердің күнінде дәстүрлі БАҚ-оның ішіндегі баспасөзді уақыт көшінен ысырып тастауы да ғажап емес: «Газет оқу 1975 жылға дейін туылған ұрпаққа тән. Олардың қатары мол болып тұрғанда, газеттер өмір сүре береді. Мүмкін, ақпарат құралы ретінде болмас, бірақ, қайталанбас бірегей өнім түрінде қалады, «басты газет оқырманы» - билік. «Билік жасарған сайын, газеттер де оған қызықсыз болып қалмақ» (www. aіkyn. kz) . Ал, шынтуайтына келгенде, медианарықта анағұрлым сапалы, бәсекеге қабілетті және ары қарай дами алатын БАҚ қалуы бек мүмкін.
Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады. Яғни, бір мезетте дыбыс, бейне, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер беруге болады. Дәстүрлі ақпарат құралдарында яғни, газет-журналдарда сайт редакциясында бір редактор атқаратын қызметті жеке-жеке топтан құралған командалар істейді. Интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол - бір адам - бір бұқаралық ақпарат құралы ретінде саналады. Оған дәлелдер де өте көп. Бізде салалық сайттар көбейіп келеді. Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігі де анық байқалады.
Қазіргі таңда әлемдік Айталық, ақпараттық технологиясы жоғары деңгейде дамыған Батыс елдерінде «Маss Меdia» және «Маss communication» деген атаулар тұрақты қолданылатыны мәлім. Қазіргі күні әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 факторды зерттеушілер анықтаған. Атап айтқанда:
- жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары) ;
- бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда) ;
- орталықтандырылу немесе конгло-мерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды) ;
- ұқсастырылуы немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері) [8, 126] .
Қазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық.
Жаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр? Бүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ, онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндігі туып отыр. Сонымен қатар, медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау журналистикасы т. с. с. бағыттарға бөлінді. Мұның бәрі қазақ аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар қабылдауға және жеткізуге, өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады. Мысалы, телекөрермендер кабелдік телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыр. Қазақстанда бүгінде 9 миллион адам Интернет қызметін пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінеді екен. Мұның бәрі ақпараттық жаһанданудың қаншалықты жоғары қарқынмен жүріп жатқанын айғақтайтын шынайы көрініс [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz