Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алып еңсемізді көтергелі де біраз жыл өтті. Енд,і әр саланың осыған дейін атқарып келген еңбегін бағалайтын уақыт жетті. Қортынды шығарып, кемшін түсіп жатқан жерлерімізден сабақ шығару қажет. Сол сияқты еліміздің спорт саласы, соның ішінде спорт журналистикасы да жиырма бір жылдың ішінде қарқынды, қарыштап, қанат жая дамып кетпесе де, әлемдік тенденциядан, үдерістен көшін қалдырмады. Бұл әрине, біздің теле, интернет журналистикасына тиесілі сөздер. Ал қазақтың спорт баспасөзі сонау 1959 жылдан бері дамыл таппай, ел игілігіне қызмет атқаруда. Дегенмен, бүгінгі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мерзімді, мерзімсіз басылымдарға уақыт көшіне ілесу қиынға соқты. Әсіресе, спорт тақырыбында қалам тартып жүрген журналистерге оңай емес. Себебі, газет аптасына бірақ рет жарық көрсе, интернет беттерінде жер шарының екінші бөлігінде орын алған кезкелген жарыс сол сәтте әлемге тарап жатыр. Әрине, таяқтың қос ұшы болады. Мұндай жағдайға тек интернет пен дамыған заман ғана емес, мазмұны мен безені үйлесім таппай, оқырманға ақпаратты дұрыс тарата алмай жатқан басылымдардың өздері де кінәлі. Осы тұста, мен мәселелердің анық қанығына жету мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын Қазақстандағы спорт журналистикасының сараптамалық бағыты деп алдым.
Зерттеуімнің көкейкестілігі: Тәуелсіз елдің әнұраны өзге елде тек екі жағдайда ғана шырқалады. Біріншісі, өзге мемлекетке сол елдің президенті барған кезде және халықаралық егемен елдің атынан сынға түскен спортшы жеңіске жеткен жағдайда. Осыдан ақ спорттың халықаралық аренада еліміздің абыройын қаншалықты асқақтататыны байқалып тұр.
БАҚ. Түрлі халықаралық бәсекелерде еліміздің төл спортшылары бақ жарып жатқанын бұқара халыққа дер кезінде, сапалы, мазмұнды жеткізе білсе жас ұрпақтың бойында қызығушылық, еліктеушілік, ең бастысы патриоттық сезім оянады. Осы тұрғыдан алғанда, спорт ақпараттарын тарататын БАҚ өкілдеріне жүк түсіп тұратыны белгілі. Тек қана жеңіске жеткен спортшының есімін ғана айта салмай, өзге елден келіп, біздің елдің атынан қатысып жатқан келімсек спортшыны асыра мақтай беруге болмайды. Мәселенің екінші жағын ойлауы қажет. Тыңдап, естіп, оқып ақапрат алып жатқан аудиторияға журналистің берген ақпараты қалай әсер ететінін де ойлап, болашақты ойлағаны абзал. Сол себепті, мен ұзақ уақыт бойы қандай да бір жарыс туралы, оның қортындысы туралы отандық түрлі БАҚ өкілдерінің ақпаратты қалай тарататынын байқадым, Бір жарыс, бір чемпион жайлы әңгімені әр телеарна, әр газет, әр радио және журнал әр түрлі береді. Яғни бұрмаланған, жалған ақпарат та таралып жатады. Сол себепті, ақпараттың толыққандыәрі шынайы болуы маңызды.
Зерттеу мақсаты: Спорттық ақпараттар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарын зерттей келе, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап,кәсіби тұрғыдан баға беру.Спорттағы саңлақтарымыздың ерліктері арқылы жас ұрпақ бойына елдік, отансүйгіштік қасиеттерін БАҚ күшімен қалыптастырудың ғылыми теориялық жақтарын айқындау. Сападан гөрі санға, рухани өнімнен гөрі тауарға қызмет етіп жатқан кейбір БАҚ өкілдерінің қателіктерін ашып көрсету. Спорт журналистикасындағы сараптамалық бағыттың қолданылуын айқындап, даму деңгейін анықтау. Мақала тақырыбы, мәтін мазмұны және тақырыпашар суреті үйлеспей жататын баспасөз құралдарының кемшіліктеріне кеңінен тоқтала отырып, сапа деңгейін анықтау.
Зерттеу міндеттері: Дипломдық жұмыс барысында спорт басылымдарының, сайттарының, телебағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктеріне кешенді талдау жасау. Соын ішінде сараптамалық бағдарламаларды талдау. Спорт тақырыбында жарық көрген кітаптардың мазмұндық жағын зерттей келе, оның жас ұрпақ бойына беретін үлгі өнегесін ғылыми тұрғыда айқындау.
Спорт журналистерінің шеберлік деңгейін анықтап, сол арқылы тілші қызмет ететін баспасөз құралына, өзге ақпарат құралдарына сыни тұрғыдан бағасын беру.Түрлі жарыстарда жеңіліп я болмаса төменгі орын алып қалып жатқан спортшыларымыздың шама шарқын ескере отырып, объективті болмаған тілшілерге сыни пікір айту. Спорт кітаптарына енген ұмытылып бара жатқан саңлақтарымыз жайлы деректерді зерттей келе, оның шындықпен қаншалықты жанасатынын ғылыми тұрғыдан қарастыру.
Тақырыптың зерттелуі. Белгілі спорт журналисі, жазушылар одағының мүшесі Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз өз заманында спорт тақырыбын біраз зерттеп, спортқа тың қазақша терминдер енгізген болатын. Ал бүгінгі таңда Ғалым Сүлеймен, Темірхан Досмұхамедов сынды ағаларымыз көбіне көп спорт тақырыбында әдеби тұрғыдан қалам тартып жүр. Дегенмен олардың еңбектері белгілі бір спортшыға, атақты жарыстарға арналады да, нақты бүгінгі таңдағы спорт журналистикасының жай күйі сөз болмайды. Сол себепті, менің дипломдық жұмысым бүгінгі спорт ақпарат құралдарының ара жігін ашып, мазмұнын талдауға арналғандықтан соны дүние деп қарастырған жөн.
Зерттеу жұмысымның материалдық көздері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу әдістері: Спорт тақырыбында жарық көретін барлық ақпарат құралдарына газет, журнал, кітап, радио, теледидар арналарына талдау жасау, зерттеу, танысып шығу, саралау, салыстыру, айқындау, анықтау, тұжырымдау, қорыту әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Кейбір сайттардың мақала мазмұны мен тақырыпашар суреті үйлеспей жататыны анықталды. Орыс тілді тілшілердің материал сұранысқа ие болуы үшін болмашы жәйтті желеу еткен мақаланың тақырыбын айғайлатып қоятындары анықталды. Кейбір тілшілердің түрлі спорт түрлері мен спортшыларға обьективті көзбен қарамай, содан барып, оқырман қауымға жалған ақпарат тарататыны анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сілтемелерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының материалдық көздері, әдістері теориялық негіздері туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалады.
Қазақстандағы спорт журналистикасын кешегісі мен бүгінгі жаңалықтары туралы бірінші бөлімімде айтылады. Бірінші бөлім екі тараудан тұрады. Қазақстандық спорттық бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстандық спорт саласының майталмандары.
Екінші бөлімде спорт журналистикасының сараптамалық бағыты туралы талқылаймын. Ол екі тараудан тұрады. Спорт журналистикасының сараптамалық бағытының қалыптасуы және қазіргі кездегі сараптамалық бағыттың даму деңгейі.
Қортынды бөлімінде жалпы тұжырымдамалар жасалады. Спорттың сараптамалық бағыттың қаншалықты қолданып жүргені баяндалады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы спорттық материалдардың сапасы жақсы болса сол арқылы бұқаралық спортты дамыту жайлы ұсыныс айтылады.
Бірінші бөлім
Қазақ спорт журналистикасы кеше, бүгін,ертең.
Біз журналистика негізін Орхон Енесей жазбаларымен байланыстырамыз. Себебі, ол жазбаларда әдебиет те, публицистика да кездесіп жатады. Мысалға жұрт коментарий тарихын Аристотель мен Юрий Цезардан бастау алған дейді. Өйткені олар Эллада елінде өз кәсібінің білгірлері болған. Аристотель сол заманның озық философы әрі алғашқы ұстазы десек, біздің Әл фараби бабамыз екінші ұстаз саналады. Осы негіздерге сүйенсек, қазақ спорт журналистикасының бастауын да сонау батырлар жырымен байланыстыруға болады. Мысалға, ...Жаяу сүйреп көкпарды, Не қылғаның, қарағым?.. Батырлар жыры, 237-б, І том, Алматы - 2000 . Бұл жырдан қазіргі ұлттық спортымыздың басты ойындарының бірі көкпарды көреміз. Сонымен қатар, осы кездегі садақ тарту, теңге ілу, нысанаға дәл тигізу деген терминдерді батырлар жырынан да байқаймыз.
Жалпы спорт журналистикасы ақырындап дами бастаған уақытта термин ретінде қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі, яғни, ертегілер мен батырлар жырындағы сөздер қайта жаңғырып қолданысқа енді. Мысалға: садақ, найза. Демек, алысқа бармай, атауды жер көктен іздемей, терминдерге баламаны халық ауыз әдебиетіне бай еліміздің фалькрорлық шығармаларынан қарастырған тиімді болмақ. Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс. Ертегілер мен батырлар жырынан басқа да спорт түрлерінің сипаттамсын кездестіре аламыз. Мәселен, белдесу, жамбы ату, аударыспақ, күш сынасу және ат жарыстыру сияқты тағы өзге көп түрлері әңгімеленіп жатады. Ол тек жырланып қана қоймай, өте керемет үлгіде әспеттеліп әсерлі сиатталады.
Спорт түрлерінің көбеюі мен дамуы жылқы жануарының алғаш қазақ даласында қолға үйретілуімен де байланысты. Сол заманда жылқыны қолға үйреткен ата бабаларымыз ұлы далада үстемдікке ие болған. Жылқы қолға үйретілгеннен кейін шауып бара жатқан аттың үстінен садақ тарту жетіліп, садақтың құрылымы да өзгеріп, қуаттылығы артып, ыңғайлы бола түскен.
Қылыш пен найзаны да ең алғаш түркі халқы ойлап тапқанын ескерсек, бүгінде кейбір спорт түрлерінің қалыптасуына түркі тайпалары ықпал еткен деуге толық негіз бар. Сонымен бірге, алты мың жыл бұрын жылқы мінген қазақ елін, Қазақстанды ат спортының отаны деп мақтана аламыз. Бұның бәрі сол кездің спортының қалыптасу кезеңі, терең тарихы депқарастырамыз. Яғни, қазіргінің өзін тарихпен ұштастыру деуге болады. Бұл әлі де болса зерттеуді қажет ететін ғалымдардың болжамдары, тұжырымдары.
Енді негізгі мақсат қазақ спорт журналистикасының газет журналдарда пайда болуын баяндасақ. Қазақ жерінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында газет журналдар шығарыла бастады. Осы газет журналдарда қазақтың ұлттық ойындары туралы көлемі шағын болса да материалдар жарияланып отырған. Бұл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды. Рас, арасында телекомментаторларға байланысты фактілердің болғанынан хабарымыз бар. Белгілі спорт журналисі, бүгінде марқұм Өмірзақ Жолымбетов алғашқы спорт комментаторы кім? деген сұраққа қатысты Айтбай Хангелдиннің есімін ұлықтауға тырысады. Ол сол кездегі Түркомолдың тұңғыш және соңғы жетекшісі Ғани Мұратбаев 1928-1929 жылдары Ташкенде Қазақ футбол командасын құрып, Айтбай сол командада ойнағанын, ара-тұра радиоға жүгіріп келіп, репортаж жүргізіп кететінін айтады. Бұл - қазақ спорт комментаторлығының да жасын ұзартатын фактілердің бірі.
Ал спорт журналистикасы 1959 жылдардан бастау алады. Сол кездегі спорт баспасөзі жақсы дамыды. Мысалы Қазақ спорты газеті. Бұл республикалық апталық спорт газеті 2009 жылдың 30 желтоқсанынан бастап шығады. 2009 жылдың 15 желтоқсанында министірлікте тіркелген. Газет аптасына бір рет, 1000 данамен жарық көрді. Онда әртүрлі айдарлармен спорттық материалдар жарияланды. Мақалаарға қойылған тақырыптар да ерекше болған.Айдарлары толықтай болмаса да өзгеріп отырды. Аймағы мықты ел - айбынды ел, Бесқұрлықтағы бәсекелер, Жарыс көрігі - намыс тағы сол сияқты айдарлар қойылған. Аймағы мықты ел- Айбынды ел айдарында отандық спортшылардың жетістігі, футболдан ел біріншілігі, спорт басқармаларында болған жаңалықтар беріледі. Осы сияқты баспасөз құралдары саласында өзіндік орны бар, тамыры сонау тың игеру жылдарынан бастау алатын тағы бір спорт басылымы Sport газеті. 1959 жылдан бері жарық көретін газетті бұл күнде белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы басқарады. Бұл күнде қазақ спортына жанашырлық танытып жүрген жоғарыда аталған Қазақ спорты мен Sport апталықтарын салыстырсақ, әр басылымның өзіндік ерекшеліктері, ұқсастықтары мен өз айдарлары бар. Қазақ спорты газетінде әр санында өзгермей жарық көріп отыратын мақалалардың тақырыптары да, мазмұны да мәнді болатын. Газетте мықты спортшылармен және олардың бапкерлерімен жүргізілген сұхбаттар да жиі жарияланып тұратын.
Спорт газетінің тарихына толығырақ тоқталсақ. 1959 жылы қаңтарда екі тілде басылатын Спорт газеті жарық көрді. Бұл Қазақстандағы тұңғыш спорттық кәсіби басылым. Қазақ спорт журналистикасының даму жолына түсіп, жалауы желбіреген кезең осы жылдардан басталады. Газет алғашқы жылдары бас редакторсыз шығарылады. Дегенмен, бұл қазақ спорт журналистикасы үшін ең елеулі құбылыстардың бірі. Ұмытылмас тарихи оқиға. Сол газет ұжымы осы күнге дейін қазақша спорт басылымдарының қара шаңырағы саналады.
Дегенмен, Спорт газеті оқырман арасында бірден танымал басылым болып кете алмады. Себебі, 1970-1986 жылдары Лениншіл жас газетінде Сейдахмет Бердіқұлов редакторлық етіп, осы газеттің дәуірі жүріп тұрған кезең болатын. Лениншіл жас газетінің Сейсенбілік спорт беті еркін жазылатын талдамалық мақалаларымен ерекшеленетін. Газеттің беделі жастар және зиялылар арасында да жоғары еді. Газетте әбден зерттеуден өткен, әсерлі әрі жанды материалдар жарияланатын. Себебі, ол кезде Лениншіл жастың спорт бөлімінде білікті журналистер қызмет етті. Мысалға: Орысбай Әбілдаев, Қыдырбек Рысбеков, Қалдарбек Найманбаев, Несіп Жүнісбаев, Жарылқап Бейсенбаев сияқты мықты журналистер қатары болды. Бірақ, Спорт газеті де қалыс қалмады. Жеке газет болғандығымен ерекшеленетін Спорт газетінде де білікті мамандар аз емес еді. Мұнда да өз ісінің білгірлері, талантты спорт журналистері жұмыс істеді. Олар: Дендербай Егізов, Сматбек Төребеков, Жүсіп Хисымов, Ғалым Сүлейменов, Бейсен Құранбеков, Сайын Тұрсынов, Амангелді Сейтханов. Газет нағыз қызу жұмысқа кірісіп, тасы өрге домалаған кезең Несіп Жүнісбаевтың бас редакторлыққа келуімен байланысты. Несіп Жүнісбайұлы қазақ спорт журналистикасының атасы атанған Сейдахмет Бердіқұловтың шәкірті еді. Осы ретте не себепті Сейдахмет Бердіқұлов қазақ спорт журналистикасының атасы атанды? Сонда осыған дейін спорт тақырыбында қалам тербеген жазушылар мүлдем болмаған ба деген сұрақ туындауы мүмкін. Болған, әрине болған. Дәлел ретінде Қалқаман Әбдіқадыровтың Қажымұқан, Сәбит Мұқановтың Балуан шолақ, Сәкен Сейфулиннің Бандынықуған хамит әңгімелерін келтірсек болады. Алайда, бұл туындылармен қазақ спорт журналистикасы кәсіби биік деңгейге көтеріле алған жоқ. Ал, Сейдахмет Бердіқұлов болса, қазақ спорт әдебиеті мен қазақ спорт журналистикасында елеулі еңбектер жазып, кәсіби тұрғыда қазақ спорт журналистикасының негізін қалады. Тек қалап қана қоймай, оны жоғары дәрежеге жеткізуге зор үлес қосты. Міне, сондықтан да Бердіқұлов қазақ спорт журналистикасының атасы саналады.
Бір Бердіқұлов бешпетінен шыққан журналистер тек спорт саласында ғана емес, жалпы журналистикада мыңдап саналады. Сондықтан болар, спорт тақырыбын жазатын үздік журналистерге тағайындалған жүлде де С.Бердіқұлов атында. Жұмыр жерде теңбіл доп (А., Жазушы (1968), Аспаннан шұға жауған күн (А., Жазушы (1975), Арбаған мені бір сиқыр (А., Жалын, 1987) тағы басқа кітаптарының атауларының өзі бүгінде газеттерде, телерадио арналарында айдарға айналып, жұрт аузында мысал болып қалыптасып кетті.
Қазіргі күні сол Бердіқұловтың шәкірті Несіп Жүнісбаев қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы тәрізді. Мұндай адамдарды тарихта шежіреші дейді. Біздің сөз саптауымызда бұл қазақ спортының шежіршісі. Әу баста қазақ спорт көсемсөзінің қаранары әрі дара нары Сейдахмет Бердіқұловтан қалған жүкті жалғыз емес, бүгінде қазақ спорт журналистикасының тарихшысы атанып жүрген Қыдырбек інісімен бірге көтерісіп келеді. Бірі шежіресін шетінен жіліктеп, бірі тарихын қопарып, түгендеп жүр. Оннан астам спорт тақырыбына жазылған кітаптың авторы. Ауылдан шыққан алыптар (1986), Мексикадағы футбол тойы (1988), Футболмен тыныстаған Испания (1989), Олимпийский маршрут (1999, 2002) атты еңбектері кітапсүйер қауымның үй-ішін көріктендіріп тұр. Бірі олардың маңайында, бірі жеке-дара шауып жүрген қаншама таланттарымыз бар. Сонау бір советтік кезеңде Қайсар атты тұңғыш А4 пішімді футбол газетін шығарған Серік Пірназарды біреу біліп, біреу білмес. Қазір қазаққа қатысты халықаралық жарыстардың бірінен қалмайтын Егемен Қазақстанның бәйгеторысы Бақтияр Тайжанды кім білмейді?! Қазақтың қара сөзіне сұлу бейнелі өлең құдіретін байлап жіберген ұлы ақындарымыз секілді спорттың ресми тілін ойнатып жүрген қара, дара баланың бірі осы Бақтияр. Осында отырған Нұрғазы Сасаев, Бекен Қайратұлының әрқайсысы бір тарих. Ат арылтып Тараздан келген Марат Ахметов те, қазақ қыздарынан спорт журналистикасын серік етіп қана қоймай, бүгінгіше, жаңаша жазуға бет бұрған Динара Ысқақ та, Назерке Сұлтанбек те елге танылған тұлғалар. Қазақ спорты газеті туралы. Бастапқыда басылым жауапты хатшының бақылауымен Бас редакторсыз жұмыс істеп жүрді. Араға үш жыл салып, яғни 1962 жылы газет тізгінін танымал спорт журналисі Саматбек Төребеков қолына алып, басылымның жаңа тынысы ашылғандай болды. Төребеков Спортқа 1982 жылға дейін басшылық етті. Сол жылы ол кісінің қазасынан соң тұңғыш спорт басылымына бұған дейін ҚазТАГ-та абыройлы қызмет етіп келген Амангелді Жақсыбеков бас редактор болып тағайындалды. Газеттің сұранысқа ие болғандығын оның таралымы Орталық комитеттің органы болып табылатын Правда газетінің таралымынан әлдеқайда жоғары болғандығынан да аңғару қиын емес. Мұны спорт комментаторы әрі газетке тұрақты мақала жазып тұрған Рабат Жәнібеков растайды. Оқырман санын арттыру үшін Правда спортқа көңіл бөліп, бет арнады дейді Р.Жәнібеков. Спорт саласына жаңа басшылықтың келуімен 2011 жылы Спортқа қайта жан бітіп, тамырына қан тарады. Газет бетінде тәжірибелі журналистер мен жастарға да қатар орын берілді. Спорт жаңа деңгейге көтерілді. Лондон, Сочи олимпиадаларынан тұщымды ақпараттар таратылып тұрды. 2014 жылы елімізде газеттер жекешелендіріле бастағанда Sport та өз құрылтайшысы - спорт ведомоствосынан кетуге мәжбүр болды. Соңғы жылдарда ел спортының дамуына үлес қосып жүрген Қазақ спорты басылымы қаржылық қиындыққа тап болып, 2016 жылы спорттың мүддесі үшін жұмыс істейтін екі басылым біріктірілді. Cөйтіп қазақ спорт журналистикасының қарашаңырағы болған бұрынғы Sport газеті Қазақ спорты деп аталды. Жаңа құрылтайшының арқасында мемлекеттік қаржыландырудан алыстап, тағдырдың талайында қалған Қазақ спорты - Спорт газеттері нарық заңына бейімделіп, жаңа белестерге беттеп келеді. Бүгінде құрамында Төлеубек Қадырмоллаев, Мәдина Асылбек, Бек Төлеуов, Арсен Нұртазин, Оңдасын Елубай, Мәулетхан Ақсанов секілді тәжірибелі және Арайлым Темірханова, Бақытбек Қадырұлы сынды талантты жастар еңбек ететін берік ұжымға айналды. Қазақ спорты өз оқырмандарымен әр аптаның сейсенбісінде қауышып келеді. Айтары жоқ, әзірге газеттің таралымы он мың данаға жете қоймаса да, бұл басылымның қарышты қадамы көңіл қуантады. Әсіресе, Жаһан жаңалықтары, Аймағы мықты ел - айбынды ел!, өмір - дода, Таразы, Ала доп айшықтары, Алаштың ұлы - намыстың құлы, Жарыс көрігі - намыс, Заманынан озып туған, Топжарған айдарларымен беріліп жүрген мақалалар мен топтамалардың айтар ойы, көтеріп жүрген жүгі салмақты. Түрлі-түсті суреттерімен, ерекше безендіруілімен шығатын газеттен спортсүйер қауым өз іздегенін оңай табады. Сондай-ақ спорт әлемінің бүгінгі мен бұрынғы спорт саңлақтарының өмір жолдары да ешкімді жалықтырмайды. Намыс отын маздататын әр мақала оқырманға үлкен ой салады, түрлі сезімге бөлейді. Жаһанда болып жатқан спорт жарыстарының ішінде жүргендей сезінесің ӛзіңді. Әр мақаланың тілі жеңіл, жатық оқылады. Міне, бүгінгі Қазақ спортының аяқ алысы осындай дейді газетіміздің тұрақты оқырманы әрі белгілі журналист Орынтай Көмеков. Бүгін газет ұжымының алдында қиын да күрделі мәселелер тұр. Ол орындалмайтын, жүзеге аспайтын мәселелер емес. Басылым қызметкерлері бұл жағдайдан да жол тауып, қиналмай өтетініне сенімді. Ең бастысы, спорт тақырыбына қалам тербейтін жастардың көбейіп келе жатқаны. Бұл - қазақ спорт журналистикасының болашағы жарқын деген сөз.
Ал телевизиядағы алғашқы қазақ тіліндегі спорт хабар 1966 жылы 16 қаңтарда тұнғыш эфирге шыққан. Оны телевидение басшылары республика комсомол ұйымымен бірлесіп шығарды. Бұл хабарды жүргізуге танымал жаттықтырушы Қабден Байдосов тартылды. Бұл редакцияға тұрақты жұмысқа Қазақ радиосының комментаторы Сұлтанғали Қаратаев келді. Орысша хабарларды жүргізу Владимир Тольчинскийге тапсырылды.
Қазақ тілді маманды бірде Шалабаев өзімен бірге Мәскеуге ала кетті. Сол жерден Орешкин деген операторды тауып беріп, VI Жазғы Бүкілодақтық спартакиадаға қатысып жатқан Қазақ спортшыларын түсіртті. Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтың, Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың, Амангелді Fапсаттаров пен Аманжол Бұғыбаевтың спорттағы жетістіктері мен бейнесі көгілдір экранға солай шықты. Олардан басқа Қазақтан шыққан тұңғыш баскетболшы Апатаеваның, семсерлесуші Асықбаеваның шеберліктеріне көрермен тәнті болды.
Оператор Орешкин тек түсіріп бермеді, төраға Шалабаевтың тапсырмасымен 16 миллиметрлік пленканы жуып, шығарып және монтаждап Сұлтанғали Қаратаевтың қолына ұстатты.
Қазақстандық спорттық бұқаралық ақпарат құралдары
Қазіргі кезде спорт жаңалықтарын барлық жерден кездестіруге болады. Мәселен кез келген арнадан спорт жаңалықтарын хабарлап жатады, немесе жаһандағы спортқа қатысты оқиғаларды әр түрлі сайттардан оқып білуге, әлеуметтік желіден онлайн күйінде тамашалауға мүмкіндік бар. Онлайн режимінде көру алдымен арналарда ашылғанымен қазіргі кезде сайттардан және жекелей әлеуметтік желіні қолданушының парақшасынанда тамашалауға болатын дәрежеге жетті. Айтпағым, қазір ақпарат таратудың қанша көзі, тармағы болса, сонша спорттық мағлұматтарды тарататын құралдар бар. Ол: телеарналар, радио, газет журналдар, ғаламтор, әлеуметтік желілер және әрине болған оқиғаны жинақтап, қортындылап құнттап басып шағаратын кітаптар мен оқулықтар. Диплом жұмысымның басында спорт журналистикасының жалпы газет арқылы тарап бастау алғанын айтып өттім. Енді әр ақпарат құралына жеке жеке тоқталсам деймін. Алдымен дәстүрлі ақпарат тарату құралдарын тізбектеп шықсам. Яғни, газет журналдар мен теледидарға, радиоға назар аударайық.
Қазір елімізде қанша газет журналда спорттық ақпараттар жазылады? Оның қаншасы тек спорттық басылым болып саналады?
Енді жаңа медиа түрлерімен таратылатын мәліметтер туралы толығырақ талқылайын. Яғни Қазақстанда қанша сайт спорттық ақпараттарды жариялайды және қанша сайт тек спорттық оқиғаларды хабарлау үшін құрылған? Бірнешеуін тізбектеп жазып өтейін. Сол сайттардың қанша ақпарат тарататын жолы бар? Одан кейін әрине әлеуметтік желідегі материалдардың таралу жылдамдығының артықшылығы мен шынайылығына баса назар аударып қарастырамын. Жеке парақшалардың жариялаған мәліметтерінің өзектілігі қаншалықтыдеген сұрақтарға жауап іздеймін. Сілтеме қайда қаратылып жасалады, ақпарат көзі бастауы не?
Ендігі мәселе спорт журналистикасының интернеттегі жағдайы,таралуы туралы болмақ. Заман көшінен қалмай, спорт журналистикасы да Ғаламтор желісінде қарыштап дамып келеді. Бұл тіпті басқа саладан гөрі спорт әлеміне өте қолайлы және орайлы десек те болады. Өйткені спорт әлемінде жаңалық өте көп, өзгеріс жеткілікті. Әр түрлі деңгейдегі ойындар мен додалар, жарыстар мен сайыстар, кездесулер мен матчтар бір-біріне іркес-тіркес өтіп жатады. Соның бәрін кешктірмей, дер кезінде жариялап отыруға Интернет өте ыңғайлы болып отыр. Интернеттің (немесе электронды басылымның) басты артықшылығы мен ерекшелігі - ақпарат пен жаңалықтарды тәулік бойы жарыққа шығарып отыру мүмкіндігінде. Спортшылардың жетістіктері мен жеңістерін буы бұрқыраған күйінде жариялауға болады. Әрі басты кейіпкерлермен жедел түрде тілдесіп, оны да жарықа шығарып отыруға мүмкіншілік бар. Осы ретте айрықша атап өтуге тиіспіз, Интернет арқылы тың ақпаратты әр қилы құрылымда түрлендіріп таратуға болады. Атап айтқанда - мақала, сурет, кесте, аудиофайл, бейнефайл (видеофайл) түрлерінде... Яғни қандай да бір ақпаратты мақала ретінде жазып қана емес, сол адамның өз дауысымен таратуға, оқырмандардың көзбе-көз тамашалауларына да (визуалды ақпарат жариялауға да) мүмкіндік бар. Яғни мультимедиялық мүмкіншіліктері мол. Қазір біздің елде де осының бәрін стадиондар мен спорттық кешендерден тікелей таратуға мүмкіндік бар. Нақтырақ айтқанда, рингтегі жекпе-жектерді немесе стадиондағы матчтарды сол жерде отырып-ақ жазуға болады. Тек ноутбук немесе смартфоныңыз болып, ғаламтор желісіне қосыла алсаңыз болды. Әрі бұл мүмкіндікті көптеген әріптестеріміз аса жоғары деңгейде пайдаланып жүр. Қазір тіпті басқа құрлықтарда бақ сынап жатқан қыз-жігіттерімізбен де тікелей байланысуға мүмкіндік көп. Ол үшін өзіңізге қажетті спортшымен телефон немесе әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары арқылы тікелей байланысқа шығып, яғни тілдесіп немесе хабарласып, өзіңізге қажетті ақпараттарды алып отыруға болады. Ауызекі тілмен айтқанда, араға адам салмай, спортшының өзімен тікелей байланысып отыруға болады. Спорт журналистикасының даму ерекшеліктерінің өзін әр қырынан талдауға болады. Мәселен, техникалық өзгешеліктері де - өз алдына бір төбе. Ал мен журналист ретінде стильдік (стилистикалық) ерекшеліктеріне атүсті тоқталып өтсем деп едім. Өзім күнделікті жүзеге асырып отырған жұмысыма байланысты өз ойыммен және көз жеткізген тәжірибеммен бөлісіп көрсек... Электронды басылымдарға салатын (жариялайтын) мақала (ақпарат) неғұрлым ықшам және мейілінше мазмұнды болуы керек. Абзацтарды көп қолданған жөн, мәтіннің бірнеше бөлікке бөлініп, оқуға ыңғайлы болғаны жақсы. Дастархан басында кесек етті де турап жейміз ғой. Сол секілді мақала да сонда тез оқылады. Ал тақырыптың маңызы мен мәні өте зор. Мақаланың көп оқылуы да - тақырыпқа байланысты. Тақырып мақаланың мазмұнын ашып тұруы керек. Әрі оқырман көңілін өзіне аудара аларлықтай болуы тиіс. Ең бастысы, тақырып ақпаратты мәтінде болғаны дұрыс. Себебі, Ғаламторда іздеу (іздестіру) сайттары бар. Сол сайттар арқылы бір оқиғаны (футбол ойынын, бокс жекпе-жегін) іздеген адам сіздің мақалаңызға түсуі керек. Мысал ретінде, футболдан 2012 жылғы Қазақстан және Ирландия құрамалары арасындағы ойынды алайық. Бұл ойында біздің футболшылар бір доп айырмасымен жеңіп жатып, 1:2 есебімен ұтылып қалған. Қонақтар екі голды да соңғы минуттарда соққан болатын (88-інші және 90-ыншы минуттарда). Сөйтіп жеңісті уыстарынан шығарып алған болатын. Сол кездері Соңғы минуттар синдромы деген тақырып аса өзекті болған. Тіпті сәнге айналған десек те болар... Өйткені, сол жылдары біздің футболшыларымыз матч соңында титықтап қалып, көбінесе соңғы минутарда сан соғып қалып жүретін. Иә, Соңғы секундтар синдромы немесе Матч соңында сан соғып қалдық десек, бұл газет-жорналдар үшін тәп-тәуір тақырып болар еді. Ал электронды басылымдар үшін Қазақстан құрамасы Ирландия футболшыларынан ұтылып қалды немесе Қазақстан құрамасы Ирландия футболшыларына соңғы секундтарда есе жіберіп алды деген тақырып - әлдеқайда ұтымды. Себебі, іздестіру сайттарынан бәрі де Қазақстан - Ирландия деп іздейді. Сол ойын жайлы қажетті ақпарат іздеген адамдар басқаша іздемейді ғой... Мәселен, журналист әріптестеріңіздің бірі мақала жазып отырып, сол матчтағы голдарды кімдердің соққандығын нақтылап алғысы келеді. Сондай-ақ жанкүйердің де сол матчтың нақты есебін ұмытып қалып, іздей бастайтындары болады... Тіпті бірнеше жылдан кейін дәл сол кездесу жайлы нақты мәлімет іздегендер де сіздің мақалаңызды тауып алатын болады. Сөйтіп, мақалаңыздың оқылуы әлдеқайда арта түседі. Мақалаға салынған суреттің астына да (егер бірнеше сурет салынса, олардың әрқайсысына) Қазақстан - Ирландия - 1:2 деп жазып қою керек. Оның да пайдасы - ұшан-теңіз. Себебі ғаламторда сурет іздеушілер де өте көп. Олар да сіздің мақалаңызға тап болатын болады. Қандай да бір кесте салсаңыз да, дәл солай байлап қоюды ұмытпаңыз. Тегтер ретінде қолданылатын түйінді сөздер де сол үшін қажет. Оларды да ешқашан естен шығармау керек. Бұл тек футболға ғана емес, барлық спорт түрлеріне қатысты. Мысалы, Қуатты соққысымен сұлатып салды деген тақырыптан гөрі Данияр Елеусінов Маркос Мохиканы нокаутпен жеңді деген мәтіндегі тақырып өтімді болуы әбден мүмкін. Яғни тақырып ақпаратты үлгіде болуы керек. Әрі тым қысқа да, тым ұзақ та болмауы керек. Іздестіру сайттары келте және шұбалаңқы тақырыптарды да ұнатпайды.
Осы ақпарат құралдарындағы сөздің қолданысына, материалдың берілу әдісіне үңілсек, бірнеше қателіктер тауып жатамыз. Дұрыс бұрыстығы туралы да саралайын. Үйдің қабырғасы кірпіштен немесе арнайы блоктардан қаланса, кез келген мақала мен очерктің қабырғасы сөзден құралады. Қазақтың сөзі өте бай. Өкінішке қарай, сол көл-көсір байлықты игере алмай жатырмыз. Сөз спорт журналистикасы жайлы болғандықтан, ақпарат құралдарындағы сөз қадірі туралы да айта кетсем.Біздің кейбір әріптестеріміз миллиондаған көрермен мен тыңдарманның алдында сөз қадірін түсіріп жатады. Футбол комментаторының соққы бағыттады деген сөзін мен түсінбеймін дейді тататат. Шынымыен де футболшы допты шірене тепкен сәтте комментатор: соққы бағыттады, дейді. Қазақ мұндайда қатты тепті, оқыстан ұрып жіберді, жантая бере тартып жіберді, қиялай ұрды, дүңк еткізді, қайқайта тепті... деуші еді. Біздің кей комментаторлар тілі қазақша шықпаған бала тәрізді соққы бағыттады деуден жаңылар еместігін айтып күйінеді тататата. Осы сияқты мамандардың көңілі толмайтын тіркестердің бірі кейінгі кезде кей журналистер мен спорт мамандары қолданып жүрген Елдос Сметке ұтылдытіркесі. Елдос Сметтен ұтылды деудің орнына Елдос Сметке ұтылды, дейтін болып жүр дейді тататата. Шынымыен де бұл кәдімгі орысшаның тікелей аудармасы тәрізді. Бұлай кете берсек, дүние жүзінің белді ғалымдарын мойындатқан ана тілімізге обал болады. Тағы бір сорақы тіркес: доп Исламханның аяғында деудің орнына доппен Исламхан дейтін орыстан адасып келген жетім күшіктей бір сөзді эфирге, интернетке шығарып жібердік. Cосын футбол, хоккей матчын тек кездесу деп айтатын жігіттер бар. Кездесу тоқсан минут тартысатын, кей сәттерінде жалын шарпығандай сезімге бөлейтін бәсекенің атауы емес. Екі адам жолықса - кездесу, ағаңды арнайы іздеп барсаң - кездесу, атақты спортшының салтанатты кешіне барсаң - кездесу. Ал жиырма екі адам үш ұпай үшін жанталасқан тартыс - бәсеке, тартыс, сайыс, екі команда арасындағы футбол майданы, бүгінгі аламан, бүгінгі дода, алаңдағы айқас, десе жарасатын тәрізді. Кездесу бірнеше миллион адамды арбап алған ойынның табиғатын ашпайды, характеріне келмейді, тым жайдақтау. Сосын теледидар мен басқа да ақпарат құралдарында құмырсқадай өріп жүрген бір тіркес - орын алды деген сөз. Орыстан тікелей көшіне салған тіркес. Қолданысы орысша, табиғаты орысша, бай қазақ ауылына аяқ астынан кіріп алып орнын таппай жүрген келімсек тәрізді. Немесе қазақша киініп алып, өзгенің тілінде сайрайтын біреу тәрізді. Аталарымыз: болған жағдайды солай болды, қуанышты жағдай болды, сол тойдың үстінде мынадай қызық болды, ана жігіт келісімен қызыққа кенелдік, т.т. дейді. Ал біздің кейбір адамдар қалың бұқараның алдында сол тойдың үстінде мынадай қызықты жағдай орын алды, ана жігіт келісімен қызықты жағдай орын алды дейді. Біреуге күйе жағудан аулақ болйын. Дегенмен әділ сынға әділ көзбен, түсіністікпен қарағанымыз дұрыс. Егер қалың қазақтың алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін болсақ, онда сол қазақтың алдында сөзге абай болғанымыз жөн болады. Ұзақ уақыт отарлықта болған біздің халықтың ең қастерлі дүниесінің бірі - ана тілі. Қалам ұстаған ағалар, тілге туған баласына қарағандай қараса ұлттық намыс деген сол болмақ. Жандос Айтбайұлы, Ермұхамед Мәулен секілді жақсы комментаторлар бар. Алайда әліде болса серпін, жаңашылдық даму жетіспейжатады. Совет одағы кезінде Мәскеудің орталық теледидары комментаторларды эфирге оңайлықпен шығармайтын. Владимир Маслаченко екі жыл арнайы дайындықтан кейін ғана одақ жанкүйерлерінің алдында сөйлей бастады.Бізге де сондай сүзгі, сондай қатаң талап керек. Мысалы, Қазақстан ұлттық арнасы эфирге шығатын жастарды сынап көру үшін тәжірибелі журналистерден алқалы топ құрса, тамаша болар еді. Осы топтың сынағынан сүрінбей өткен талапкерді ғана комментатор кабинасына жіберу керек.
Енді жалпы өңірдегі журналистика жайын айтсақ. Өйткені бірден спорт журналистикасына келетін адам жоқ. Алғаш қоғамдық-саяси басылымдарда қаламын ұштап, кейіннен барып бір салаға қызығушылығы артып, соны зерттей жазуға ден қояды. Мәселен спорт саласы. Өңірде ресми басылымдарда жұмыс істесем деген ниет басым жас журналистерде. Өйткені ол жақта әлеуметтік пакет, тұрақтылық бар. Тиісінше ертеңгі күнге деген сенім бар. Екіншіден, ел ішінде оны әкімнің газеті дейді бір ауыз сөзбен. Демек , егер бас редактор батылдық танытса, жалтақтамай өткір мақалаларды өндіртіп жазуға болады. Сынағаны үшін күйіп кетемін ба деп қорықпайды. Өйткені газеттің ар жағында әкім, қала берді мемлекеттік саясат тұр. Бұл, өз кезегінде, танымалдылыққа жол ашады. Ал енді спорттық басылымның, спорт журналистикасының мәселесіне келсек. Мысалы, Жамбыл спорты газетінің жарық көргеніне он жыл толды. Онға толған баланың қабырғасы қатайып, қақсоққа теңселе қоймайтын болса,осы бала әлі де әлжуаз. Қадамы нық емес.О баста газетті коммуналдық меншік нысаны ретінде ашылмақ болған. Яғни құрылтайшы мемлекеттік мекеме болса, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған басылым ретінде сөзі өтімді болады деп үміттенген. Алайда оған заң мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін амалсыздан жекеменшік болып ашылған. Жекеменшік газеттің артында жеке тұлға тұр. Яғни жалғыз адам. Мемлекеттік саясат болса да, мемлекет тұрған жоқ. Спортқа салынған қаржының қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін, саланың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін еткен еңбектері өз деңгейінде еленбейді. Жергілікті билік мүлде көмектеспейді, қолдамайды деп айтудан аулақпын, әрине. Облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан қолдау бар. Бұл да қолдау ғой. Бірақ, спорттық басылым өзінің әлеуетін сарқа пайдалануы үшін, спорт пен саламатты өмір салтының қоғамға мейлінше пайдасын тигізуі үшін бұл аз.Насихаттау ісіне мемлекеттік көзқарас жетіспейді. Әйтпесе жекенің аты - жеке.Жеке тұлға өзінің жеке мүддесін көздеуі мүмкін көптің түсінігінде. Сын жазсаң одан астар іздей бастайды. Сыны - шын ғой деген ешкімнің ойына да келмейді. Осы фактор не үшін спорттық басылымдардың адымы ашылмай отырғандығын, тиісінше спорттық журналистиканың дамымай отырғандығын түсіндірсе керек. 2008 жылдан бастап жарық көретін спорт газетінің әлі күнге дейін таралымы 1000 данадан сәл ғана асады. Мемлекет басымдық берген саясатты алға тартса да ештеңе өнбейді. Мәселен, Елбасымыз дағдарыстарға қарамай қыруар қаржы бөлген спорт саласын насихаттауға тиісті басқарма тарапынан соқыр тиын да қарастырылмаған. Он жылдан астам уақыт шығып жатқан спорттық газеттің барынан бейхабар спортшылар да бар. Өкінішке қарай бұл - шындық. Ең сорақысы, саналылық танытпаған кейбір сала мамандары спорт пен саламатты өмір салтын насихаттауды - мемлекет басшысы басымдық берген сала деп емес, жекелеген тұлғаның мүддесі деп түсінеді. Елбасының Дені сау ұлт - жалпыұлттық міндет деген сөздеріне тиісті деңгейде мән беру жағы, жұмсартып айтқанда, ақсап жатыр. Мен, өз басым спорт журналистикасы спорттық оқиғалардың басталғаны мен аяқталғанынынан, әлдебір спортшының жеңгені, я жеңілгенінен ақпараттандыратын дүниені спорт журналистикасы дей алмаймын. Спорт саласына дендеп кіре алмай спорт журналистикасы бізде даму үстінде деп айтуға тіл қысқа. Біздің өңірде ғана емес, барлығына тән деп ойлаймын спорт саласы өз қазанында өзі қайнап жатқаны. Ешкім тұмсығын тыға алмайды. Жағымды жаңалықтарын ғана дайындап тұратын, тек жақсы қырымнан көрінсем деп келте ойлау басым. Саланың дамуы үшін, спорттық журналистиканың дамуы үшін спорттық материалдардың қажеттілігін туындату керек. Бір нәрсені астын сызып айта кеткім келеді. Саламатты өмір салты мен спортты насихаттау үшін спорт алаңшаларын салып тастасақ жеткілікті деп ойлайды жергілікті басқарма. Мүлде олай емес. Спортпен айналысуды сәнге айналдыру үшін, спорттағы проблемаларды ашып көрсетіп, қоғамға қозғау салатын БАҚсыз мақсатқа жете алмасымыз - анық. Менеджментті өз деңгейінде игере алмай жатыр осылайша өңірлік басылымдар. Дейтұрғанмен, оқырманды тарту үшін түрлі жобаларды жүзеге асырылып жатады. Бірақ пәлендей тиімділігі болмай тұр. Одан кейін мөлдіретіп жазған мақалаңды бір миллионнан астам тұрғыны бар облыстың тек 1%-ы ғана оқыса, жазған дүниең жетім қалмай ма? Пайдасы қаншалықты? Тұрғын халықтың денсаулығы - әлеуметтік мәселе. Спорт - ел абыройын көтеретін сала. Ал, бұндай өңірлік басылымдар қаржыландырылуы жағынан да, моральдық қолдау жағынан да қамқорлыққа бөленуге әбден қақысы бар.
Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін деген сөзді халқымыз ерігіп отырып айта салған жоқ. Сөз ұқпайтын жақыны күйдірген соң ащы дауысы шығады да. Қазақ спорт журналистикасы өз үйіміз. Кәсіпқойлық жағынан мықтымыз ба, әлсізбіз бе, сыншысы - халық, Бір-бірімізге болар елдің балалары бір-бірін батыр дейді деген желеумен, жерге тигізбей аспандатып мақтай берсек ешқашан өспейміз. Дұрыс сын адамды ширатады, жақсы арнаға түсіреді. Біздің айтпағымыз көк сандықтағы комментатор әріптестеріміз туралы болмақ. Жамандау, яки, аяқтан шалу ойда жоқ, болашақта жақсы болсын, әр сөзін ойланып айтсын дегендік. Көк сандықтың алдында телміріп отырған миллиондаған жанкүйерлердің жүйкесін жүндей түтпесін дегендік. Басқаларды қайдам, өз басымызға Амангелді Сейітханның жарыс жүргізгені ұнайтын. Телевидениеге қазақы еркіндікті осы Амангелді алып келді. Басқа жұрттың иірімдерін пайдаланған жоқ, айтатыны қазақы кеп. Дауысы да еркін, әзілі де жарасымды, ойы да толымды, суреттеулері де сәтті. Бірақ, осы інімнің бір кемшілігі, өзін-өзі қызықтап отырып, кейде жүргізіп отырған жарысынан шығып кетіп, талай адырды жалғыз өзі шиырлап кететіндігі. Бүгінде Амангелдіге еліктеушілер көбейіп келеді. Сол сияқты еркінсимін, жақсы сөз табамын деп отырып, жарыс көріп отырған жанкүйерлерді ойсыз, мәнсіз сөздерімен әбден мезі етеді. Сөзіміз жалаң болмас үшін бірер мысал келтірелік. Қазақстан Президенті Кубогі үшін бокстан халықаралық турнир аяқталды. Әлемнің әр түкпірінен келген сайдың тасындай жігіттердің арасынан қазақтың шоқпар жұдырық жігіттері дараланды. Қуандық. Қатты қуандық. Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңісті қолдан, болмаса жолдан алған ала тақиялы ағайындардың сайлап әкелген боксшыларының бірде біреуі жеңіс тұғырына шыға алмай, дүние кезектің мәнін ұқты. Айтпағымыз ол емес еді. Спорт жайында ала қағазды шимайлап жүргеннен кейін бе, сол жарысты тамашалап отырғанда екі-үш рет қалта телефонымыз шылдырап мазаны алды. Тоқетері, телефон шалған адамның қазақ тілінде жүргізген комментаторға өкпесі қара қазандай. Домбырам не дейді, мен не дейміннің кері. Бұрын да естіп жүрген кеп қой. Бокс, күрес түрлерінен тікелей репортаж жүргізіп жүрген әріптестерімізге сын көп айтылады. Бокс бір жақта, комментатор бір жақта дейді. Онысына келісеміз енді. Расында, солай. Алысқа ұзамай кешегі боксқа оралайық. Қазақ тіліндегі жүргізушінің өзіміздің боксшыларға жанкүйер екендігі аңғарылады. Жақсы-ақ. Бірақ қарсыласының да соққыларын көріп отыру керек қой. Біздің боксшы үш-төрт мәрте соққы жасап, біреуі таза тиеді. Ал комментаторға бақсаң, үш соққысы да дөп тиген. Қарсыласы бокс қолғабын жаңа киген мәнжубас емес, мә, ұрсаң ұра бер дейтіндей. Осылай есіп отырып бір кезде комментатордың маторы қызып кетеді. Екі боксшының айла тәс ілдері, ұрыс мәнері жайында қалады, ол бір жайтты қаузап, бокс көріп отырған жанкүйерлердің жүйкесін жүндей түтеді. Біздің комментатор оған да қыңбайды, отырып алып шарша алаңда жан беріп, жан берісіп жатқан боксшыға қалай ұрыс салудың жайын үйрете бастайды ғой ит жыныңды құрыстырып. Аты-жөнін атамай-ақ қоялық, осы әріптесіміздің ерекше дарынына өз басымыз ризамыз. Бұрыннан бар жағдай. Халықаралық турнирді жүргізіп отырады. Француз әлде ағылшын боксшысы раунд аяқталған соң өз бұрышына барады. Секундант-бапкері ауызы-ауызына жұқпай ұрыс тактикасын қалай өруді түсіндіруі мүмкін. Осыны біздің комментатор былай деп айтып жатыр деп сөзбе сөз айтып береді. Мұндайда әлемнің барлық тілін білетін вундеркинд пе деп қалғандайсың. Саққұлақ екендігі рас. Әйтпесе, ринг бұрышында айтылып жатқан сөздерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz