Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТ

Факультет: Индустриалды-технологиялық

Мамандық: Органикалық заттардың химиялық технологиясы

http://ainig.kz/logotip.jpg

Өндірістік практика бойынша есеп

ТОО «АНПЗ»

Орындаған: Сейтпеева Алтынай

Практика жетекшісі: Джусипкалиева А. Н

2017 жыл

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Қазақстанның кен ресурстары
  • Атырау мұнай өңдеу зауыты
  • Атырау МӨЗ тарихы, құрылымы
  • Атырау МӨЗ шығаратын өнімдері
  • «Қазмұнайгаз»

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Мен, Сейтпеева Алтынай 29-шы мамырдан 29-шы маусым аралығында ТОО «АНПЗ» мекемесінен тәжірбиеден өттім. Өндірістік тәжірибеден өту барысында мен тәжірибе басшысы Джетпискалиева С маған алғаш күнен бастап мекемені таныстырды. Онда түрлі құрылғылармен таныстырып, озімнің мамандығыма байланысты көп нарсені түсіндіріп, оқулықтар берді. Ең алғаш рет қауіпсіздік ережесімен таныстып, өндірісте жүріп көп нарсені білдім. Әртүрлі реагенттермен, дизелді отынның, автобензин сапасын Perkin Elmer, Varian фирмаларымен қамтылған хроматографтарында сынақтың хроматографиялық әдістерімен бақылауды үйрендім.

Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. анпз.jpg

Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы- Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.

Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты -Қазақстандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының жоспарлы тапсырмасы негізінде 1943 жылы басталды. Зауыт құрылысы соғыс уақытының аса қиын жағдайында жүргізілді. Зауыттың техникалық жобасын американдық "Баджер и сыновья" фирмасы жасады. Ал оған түзетуді КСРО мұнай өнеркәсібі халық комиссариаты № 1 мемлекеттік тресінің жобалаушы ұйымы жүзеге асырды. Жергілікті жағдайға ыңғайлау жұмысгарының авторлары "Эмбанефтьпроектінің" жобалаушылары болды. анпз (2).jpg
Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна мұнай болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дисгиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық вариант бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлықжәне қазандық отындарын шығарумен айналысгы. Батыс Қазақстан аймағының дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллятты өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарайбастады.
Өткен ғасырдың 60-жылдары жаңа технологиялық қондырғылар салу арқылы мұнай өңдеу көлемін арттыру бағыты ұсталды. 1969 жылдан бастап 2006 жылды қоса зауытта мұнайды бастапқы өңдеу ЭЛОУ-АВТ-3, каталитикалық риформинг ЛГ-35-11/300, баяу кокстеу, мұнай коксын қыздырып шынықтыру, техникалық азот шығару, бензинді сутекпен тазарту және изомерлеу, дизель отынын сутекпен тазарту және парафинсіздендіру, сутек тазарту және шығару, түйіршіктеу блогы бар күкірт шығару қондырғылары салынып, пайдалануға берілді.
Зауыт 65 жыл ішінде отындық мақсатта мұнай өнімдерін шығаратын осы заманғы озық кәсіпорынға айналды. Мұнай өңдейтін барлық технологиялық қондырғыларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру жөнінде көлемді жұмыстар жүргізіліп, жылдық қуатты 5 миллион тоннаға дейін өсіруге қол жеткізілді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі.

Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Тарихы:

  • Зауыт құрылысы 1943 ж. 14 сәуірде басталды. АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды.
  • 1945 ж. алғашқы өнімін берді. Тікелей айдау, риформинг, термиялык крекингілеу қондырғылары іске қосылды, крекингілеудің газофракциялау қондырғысы жұмыс жасай бастады,
  • Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды.
  • 1969 ж. тамыз айында зауытта жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн. тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты.
  • 1980 ж. баяу кокстеу қондырғысы іске қосылып, қазақстандық тұңғыш кокс алынды.
  • 1987 ж. бұрынғы “Гудри” қондырғысында уайт-спирит шығаратын өндірістің 1-кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды.
  • 1989 ж. бері зауытта мұнай коксын қыздыра шынықтыратын қуатты қондырғы жұмыс істейді.
  • 1993 ж. акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
  • 2003 ж. бастап зауытты қайтадан жарақтау жұмыстары басталды, бұл науқан «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының арасындағы нысанды «толығымен дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелінген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92 %-ға жететін болады, зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Евро-2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай-ақ шығаруға қол жеткізеді.

Өнімдері

Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған “Афол” сұйығы өндіріледі.

Құрылымы

Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:

  • мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;
  • .

нпз 2.jpg

  • мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;

  • шикізатты гидротазалаудан өткізе отырып катализдік риформингтеудің ІІГ-35-ШШ/300-95 қондырғысы;
  • гудронды баяу кокстау қондырғысы;
  • мұнай коксын әбден қыздыру қондырғысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы
Өнеркәсіп кешендері
Атырау облысының экономикалық потенциялы
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Мұнайтранспорт кешенінің тиімді қызмет ету негіздері
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай­химия саласының қазіргі жай-күйін талдау
Химия өнеркәсібі
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz