Төлем жіберуші банк
КІРІСПЕ
Күн сайын көптеген субъектілердің сондай - ақ жеке тұлғалар мен материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың жетекшілігімен нарықтық экономикада біршама операциялар жүзеге асады. Әрбір сатылатын зат пен көрсетілген қызметке, қаржылық құралдарға және т.б. төлем төленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының экономикасының қарқынды дамуының нәтижесінде, шетелдік инвеститцияның көлемінің артуының, ақша айналымының ұлғаюының және экономика агенттерінің кәсіби белсенділігінің жоғарылауының нәтижесінде ақша айналымын тиімді ұйымдастыру сөйтіп төлем жүйесінің қызмет етуінің жаңа деңгейге көтерілу қажеттігі магистрлік жобамның өзектілігін айқындайды.
Осы магистрлік жобаны жазу барысында алға қойылған мақсатым - Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі төлем жүйесінің негізгі құрылымдарының талаптарын - сараптау; төлем жүйесі ұғымының маңызы мен мәнін ашу және еліміздегі болашақта жүзеге асырылатын төлем жүйесінің даму болашағының жоспарларын анықтау.
Осы талаптарды орындау үшін, мынадай мақсаттар қойылады:
oo Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
oo Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құқықтық аспектілерін анықтау;
oo Төлем жүйесін ұйымдастырудағы орталық банктер қызметіне баға беру;
oo Төлем жүйесін тәуекелдікпен басқару әдісін қалыптастыру;
oo Қазақстан Республикасында төлемнің пайда болу механизмдерінің мәнін.
Әдетте мұндай міндеттемелер ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде жойылады.
Қолма-қол ақшалар еліміздегі әрбір орталық банктер шығаратын бакнноттар мен (заңды төлем құралы) тиындардан тұрады. Депозиттік ақшалар ұғымы әдетте коммерциялық банктердің клиенттері үшін сақталатын (әдетте тек қана ағымдағы), сондай- ақ, орталық банктердегі өзге банктердің сақтаулы ақшалары мен банкаралық есептемелер үшін пайдаланылатын заңды қалдықтармен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір шаруашылық белсенділіктегі тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.
Осы себепке байланысты материалдық өндіріс саласындағы экономикалық агенттер әдетте түсімдер арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер кезінде ақшамен төленетін тұтынысты өтеу үшін несие беретін банктер сияқты несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер өз кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық қызметін, ал жекелеген жағдайларда уақытша өзгерістер кезіндегі төлем мен ақша түсірілімдерін есептік операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін орталық банктердің қысқа мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.
Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің маңызды бөлігі болып табылуы керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде төлем жүйесіне деген маңызды принциптік сенімді білдіреді. Төлем жүйесіндегі иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты қандай да бір деңгейдегі сенімі болып табылады.
Өзге де маңызды сәттерге жүйенің табиғатына және оның жұмысына деген келісімпаздық жағынан алғанда пайдаланушының тұтынысын көрсетеді. Төлем жүйесі экономикалық нарыққа қатысатындарға жұмыс тәжірибесімен қоса тәуекелділік факторының құрылысын қамтып көрсете алуы керек.
Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді өтеу және оны есепке алу "уақыттық бағаға" тән сипаттарға ие бола алатын ақша құндылығымен үлкен маңызға ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз немесе күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі соған қатысты кідірістің негізінде төлем өтеле ме жоқ па осы жүйеге қатысушыларды ұстап тұра ала ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра алуымен байланысты.
Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі белсенділікті жобалау, басқару мен бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ экономикасы қарқында дамыған елдерінде қызу саяси пікір таласқа айналды. Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен бірге социалистік нарықтық экономикадағы Орталық және Шығыс Еуропамен бұрынғы Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалар мен фирмалардың қаржысын қауіпсіз және тиімді аударуға деген олардың тұтынысын қанағаттандыратын қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге қажетті инфрақұрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.
Мен таңдап алған магистрлік жоба қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы төлем жүйесінің көкейкесті тақырыптарының бірі болып табылады. Тек халық сенімін пайдаланып тиімсіз жұмыс істейтін қаржы жүйесі өзінің сенімділігімен тұрақтылығы арқасында экономиканың шынайы секторында қалыпты қызмет атқара алмауы мүмкін. Тиімсіз әрбір қарапайым қаржылық операцияларды іске асыруға төлем жүйесі еш сенімділік танытпаса, онда ол ешкім сенбейтін күрделі іске айналады, осыған орай қолма-қол әрбір сенімді, тиімді, еш шығынсыз және қауіпсіз төлем жүйесімен оны іске асыратын қаржы ұғымы мемлекетпен жеке тұлғалар өнемі назар аударатын сала болып табылады.
Магистрлік жобаны жазу барысында теориялық - әдістемелік база ретінде отандық және шетелдік жетекші экономистердің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жиынтығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төлем жүйеісі саласындағы, нормативтік - хұқықтық актілері, төлем жүйесіне қатысты семинарлар мен жыл сайын Венада (Австрия) Халықаралық Валюта Қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың методикалық негіздері: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері (заңдар, Қазақстан Республикасының Жарлығы және Қазақстанреспубликасы Министірлер кабинетінің ережелері), сондай-ақ Қазақстанның Бағалы қағаздар Нарығы, Қазақстан Банкілер, Экономикалық шолу, 2015-2018 жылдардағы Альпари журналдарының жарияланымдары.
Жұмыстың құрылымы алға қойылған міндеттерге сәйкес жасалған.Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
1 - тарау Төлем жүйесінің ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
0.1 Төлем жүйесінің мәні
Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми тұлғалардың, оның ішінде орталық банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы - коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында орталық банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін тексереді. Орталық банк коммерциялық банктерді төлем жүйесі ауқымында пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.
Орталық банктің негізгі рөлі есеп айырысу мекемесінің қызметін ұсыну болып табылады. Орталық банкте ашылған шот бойынша есеп айырысуларды жүргізуге қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Орталық Банк арқылы жүзеге асырған жөн.
Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:
oo заң шығарушы база.
oo төлем жүйесінің қатысушылары.
oo төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру әдістері).
oo ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
oo инфрақұрылым және технология (есептегіш техника мен программалық жабдықтау).
Заң шығарушы база- кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттері заңнамаға сай құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.
Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп, жаңарып отыруын талап етеді.
- төлем жүйесінің қатысушылары (тұтынушылары).
Ең алдымен төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл орталық банктің нормативті - құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттармен де анықталады.
Төлем жүйесінің қатысушыларын негізінен үш топқа бөлуге болады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар - олардың күнделікті қызметі төлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді. Оларға банктердің әртүрлі төлем қызметтерін қолданатын жеке тұлғалар және әртүрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ әртүрлі делдалдық және диллерлік компаниялар жатады.
Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға ақша аударымдары және төлемдер сияқты қызмет көрсететін коммерциялық банктер.
Барлық коммерциялық банктердің шоттарына қызмет көрсететін және банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыратын орталық банк.
төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру жолдары.
Ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем құралдарын қолдану қажет. Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға байланысты:
төлемді жүзеге асырудың мақсаты.
нақты төлем құралын қолдану құны.
ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен беру.
төлем сомасының қомақтылығы.
нақты төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.
Бір төлемді бірнеше төлем құралының көмегімен жүзеге асыруға болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен тұтынушының талғамына байланысты болады.
Төлем құралдарын екі топқа бөлуге болады:
кредиттік (несиелік) құралдар.
дебеттік құралдар.
Несиелік құралға төлем тапсырмасы жатады. Несиелік аударымды жүзеге асыру үшін ақша аударушы тұлға өз банкісіне оның есеп шотынан ақша қаражаттарын алып, оны ақша алушы тұлғаның банкісіне аударуға тапсырма береді. Бұл жағдайда төлем құжаттары мен ақша қаражаттары бір бағытта жүреді. Несиелік ақша аударымының үлгісін 1- суреттен көруге болады
Б
Б
А
А
т.қ
Б.Б
Б.Б
АБ
АБ
а.қ.
1 - сурет - Несиелік ақша аударымның үлгісі
Дебеттік құралдар несиелік құралдарға қарағанда көп болады (чектер, төлем тапсырмалары, инкассолық жарлықтар т.б.) Несиелік құралдарды қолдануға қарағанда дебеттік құралдарды қолдану кезінде төлемді жүзеге асыру ақша аударушының бастамасымен жүргізіледі. Бұл жерде ақша алушы оған қызмет ететін банкке ақша төлеушінің шотын дебеттеуге тапсырма береді. Ал ақша төлеуші бұл кезде өзінің банкіне сол тапсырманы, яғни өз есебінен ақша алушының шотына ақша аударуды талап етеді. Бұл жағдайда төлем құжаты мен ақша екі түрлі бағытта жүреді. Мұны 2 - мысалдан көруге болады.
А
А
Б
Б
Б.Б
Б.Б
АБ
АБ
\
2 - сурет - несиелік ақша аударымның үлгісі
Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем құралдары қолданылды.
төлем тапсырма;
төлем талап-тапсырмасы;
тікелей банктік шотты дебеттеу;
инкассолық жарлық;
чек;
вексель;
төлем карточкасы
төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының есеп айырысу шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлемдік тапсырма бойынша ақша аудару тек ақша аударушының есебінде тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау үшін ақша алушының есебіне ақша ақша аударушының есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат болған жағдайда аударылады.
төлем талап-тапсырмасы - ақшаны алушының өз банкісіне құжатта көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы. Бұл талап ақша аударушыға қызмет көрсететін банк арқылы ақша алушының акцепті бар болған жағдайға жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала келісім- шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша аударушыдан акцепт талап етпесе де болады.
банктік шоттың тікелей дебеттелінуі - тұтынушының жүйелі төлемдерін жүзеге асыру үшін қолданылады. Бұл жолмен ақша аудару ақша төлеушінің қызмет көрсетуші банкі оның есебінен ақша жұсалғаны туралы құжат беруіне өз келісім беру арқылы жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе коммуналдық қызмет көрсету компаниясы).
инкассолық жарлық - уәкілеттілігі бар тиісті органдардың ақшаны жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген соманы аударуы туралы жарлығы. Мұндай құжаттарды міндетті түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни себебі және ай заңның қай бабы екені көрсетілуі тиіс.
чек - бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне көрсетілген соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын көрсететін құжат. Чектер дүкендерде көрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін төлем ретінде және қолма қол ақша алу үшін де қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Қамтамасыз етілген чектер чек берушінің банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз етіледі. Ал, қамтамасыз етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмейді.
вексель - біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң нысанды төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы келісімдер бойынша төлем мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі. Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте оңай, вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте төлеуге міндеттеме алып вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген мерзім келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу үшін ұсынады. Вексельдерді санауды (есептеу) екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады.
төлемдік карточкасы - бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең қолайлы жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет көрсетулерге ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады.
Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге дебеттік- кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен кейін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі сыйақы төлейді.
Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.
Дебеттік - несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.
Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз. Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде өте ыңғайлы болып табылады.
Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VІSA белгісі бар карточка тек VІSA төлем жүйесінде ғана қолданылады.
Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магнит жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функционалды болып табылады..
Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.
Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес. Электронды ақшалар микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша аударылады. Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы ақшаның бәрінен айырылады. Ал дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы банкте, оның есебінде сақталады.
Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің әйгілі болуы әр елдің тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы АҚШ және батыс Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады.
1.2 Ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асырудың негізгі механизмдері
Төлем жүйесі - белгілі бір ережеге бағынатын бір банктік шоттан екінші банктік шотқа ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыратын механизм.
Екі банк арасында төлемдерді жүзеге асыру механизмі.
Екі банк арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатымен банктер бір-бірінде корреспонденттік шоттар ашады.
Екі жақты қарым-қатынас орнатылған жағдайда банктер арасында ақша аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
oo төлеушінің банкісінде ашылған ақшаны алушының банкісінің корреспонденттік шотына ақшаны аудару арқылы;
oo ақшаны алушының банкісінде ашылған ақшаны төлеушінің банкісінің корреспонденттік шотынан ақшаны алу арқылы.
Алайда тура қатынас орнату барлық жағдайда мақсатқа сәйкес болмайды, себебі ақшаны басқа банкте орналастыру барысында несиелік тәуекел болуы мүмкін, ал күрделі банктік жүйе жағдайында қатынас есептердің көптеп ашылуы көп қаржыны қажет етеді, бұл банктің өтімділігін төмендетеді.
Осыған байланысты банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктерге бір есеп айырысу банкінің қызметтерін қолданғаны дұрыс. Мұндай банк ретінде коммерциялық немесе орталық банк болуы мүмкін.
Егер мұндай банк ретінде коммерциялық банк болса, онда жоғарыда айтылғандай бұл банк банкротқа ұшырауы ықтимал немесе банк-корреспонденттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін. Егер есеп айырысу банкі уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болса, ол бүкіл төлем жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан көбіне есеп айырысу банкі ретінде орталық банк алға шығады, себебі ол өзінің дәрежесіне сай өз төлем жүйесін несиелік тәуекел мен өтімділік тәуекелге жол бермейді.
Орталық банктің қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу жүйесінің негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар қаржы айналасында әр төлем құратын жеке-жеке өңдеу арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе арқылы ақша аудару банктерге ақшаны нақты уақытта аударуға мүмкіндік береді. Төлемнің аяқталуы сол күні болады.
Жалпы өнім есебі жүйесінде әр төлем құжаты жеке-жеке өңделеді де, ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асырылады. Төрт банк арасындағы осы жүйедегі төлем мысалын қарастырайық.
Бұл мысалда ақша аудару әр құжат негізінде жүзеге асыралыда. Төлеуші банктің есебі дебеттеледі де, алушы банктің есебі несиеленеді. Бұл жағдайда барлығы жалпы сомасы 450 тенгеге тең 9 ақша аударылымы жүзеге асады. Қатысышылардың саны көп болғандықтан ақша аудару қатынас есептері арқылы жүзеге асады.
Орталық банк қатысуымен өтетін клиринг төлемдері арқылы нетто-есеп жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Нетто есеп жүйесінде ақша аудару клирингтің әр қатысушысының таза позициясына негіздеп жүзеге асады.
Клиринг - есеп айырысуға қатысушы тараптардың екіжақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер мен тауарлар үшін қолма қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:
oo валюталық клиринг.
oo банкаралық клиринг.
Банкаралық валюталық клиринг халықаралық төлем келісімдері негізінде жүргізілетін сыртқы сауда мен мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді.
Банкаралық клиринг - елдің заңды тұлғаларының екіжақты ақшалай талаптарын есепке ала отырып банктар арасында есеп айырысу. Банк ісіне хабарлама берудің электрондық жолдарын енгізу және банк жүйесінің белгілі орталықтарында есеп айырысудың көп шоғырлануы автоматтандырылған есеп айырысу палаталарын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Есеп айырысу палаталары дегеніміз магнитті хабар тасушылардың негізінде немесе электронды импульстері төлеу банкаралық жүйесі.
Клиринг екіжақты немесе көпжақты негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Екіжа1 қты клирингте екіжақты есепке алу екі банк арасында жүргізіледі. Мұның нәтижесінде қатысушының біреуі екіншінің есебіне оның дебеттік таза позициясына сәйкес ақша аударады.
Банк А мен банк В арасында екі жақты клиринг жүзеге асырылған соң А банкі В банкіне тек 20 теңге төлеуі тиіс (егер жалпы өнім есебі жүйесі жағдайында болса олар 70, 90 тенге төлер еді). Сол сияқты В банкі мен Б банкі арасында, Б банкі мен Г банкі арасында төленеді.
Көп жақты клирингті жүзеге асыру барысында (біздің жағдайда 4 жақты) клирингтің әр қатысушысының 4 жақты міндеттемесі негізінде клиринг жасалады. Сонымен, әр қатысушы үшін бір таза позиция табылады.
3 - мысал негізінде көпжақты клиринг қалай жүзеге асатынын қарастырайық. Егер банк қабылдап жіберген төлемдер қосындысын алсақ, онда әр банктің таза позициясын тауып аламыз.
Көпжақты клиринг нәтижесіндегі ақша аудару есеп айыру мекемесінде ашылған клирингтік ұйым есебінде жүзеге асады. Клиринг нәтижесінде таза дебеттік позициясы бар банктер есептерінен ақша клирингтік ұйымы есебіне аударылады.
Содан кейін бұл ақшалар клиринг нәтижесінде таза несиелер позициясы бар банктер есебіне аударылады. Бұл мысалда кесте түрінде 1 - кестеде қарастыруға болады.
1 - кесте Банктер арасындағы төлемдер
Төлем жіберуші банк
Төлем қабылдап алушы банк
A
Б
В
Г
А
-
10
90
0
Б
0
-
80
60
В
70
30
-
0
Г
50
40
20
-
Жіберілетін төлемдер жиынтығы (сомасы)
100
140
100
110
Қабылдаған төлемдер сомасы
120
80
190
60
Банктің таза позициясы
20
-60
90
-50
Бұл мысалдан көретініміз жалпы есеп айырысу жүйесімен салыстырғанда клиринг нәтижесінде ақша аудару жалпы құны 220 теңге болып төрт рет қана жүзеге асырылды. Сонымен бірге қатысушы банктер өз есебінде төлемдерді жүзеге асыратын ақшаны сақтау қажеттілігі жоқ. Бірақ бұл жүйенің тәуекелділігі өте жоғары.
Бұл тәуекелділіктерді:
oo заңды;
oo қаржылық;
oo операциялық;
деп бөлуге болады.
Біз солардың негізгілерін- қаржылық тәуекелдер (несиелік тәуекелділік, өтімділік тәуекелі және жүйелік тәуекел) мен операциялық (операциялық тәуекел, алаяқтық тәуекелі, техникалық тәуекел) тәуекелділіктерді қарастырамыз.
Несиелік тәуекел - бұл, төлеушінің өз міндеттемелерін толық көлемде және белгілі бір мерзімде орындай алмауымен байланысты туындайтын алушының тәуекелі. Бұл тәуекел төлем жүйесінің қатысушысына овердрафт немесе овернайт жағдайы ұсынылғанда пайда болады. Сонымен бірге бұл тәуекел егер алушының банкі төлем құжатын алып, сол құжатта көрсетілген сомасы алушы есебіне банкке төлеушінің ақшасы түспей жатып қосып қойса туады.
Өтімділік тәуекелі- ақша аудару барысында өз міндеттемелерін орындай алмауымен байланысты туындайтын төлеушінің тәуекелі. Бұл тәуекел ақша төлеу мерзімі жетіп, төлеушіде жеткілікті сома болмаған жағдайда туады. Бұл тәуекел жалпы есеп айырысу жүйесінде көп кездеседі, сондықтан әр банк өз есебінде қомақты қаржы ұстап отыру керек.
Жүйелік тәуекел - төлем жүйесінің қатысушыларының біреуі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда қалған қатысушылар да өз міндеттемелерін орындамау тәуекелі. Мысалы бір қатысушы банктің өз міндеттерін орындауға жетерлік қаржысы жоқ. Бұл жағдайда қалған банктер сол банктен ақша төсуін күтіп отырады да, олардың өтімділігі азаяды.
Бұл жағдайда барлық банктердің төлемдері жүзеге аспай тұрады, себебі олардың барлығының есебінде қаржы жетпейді. Нетто есеп айыру жүйесінде жүйелік қауіп клиринг нәтижесінде ақша аударуға жүзеге асырғанда туады.
Мұнда клиринг қатысушыларының біреуінің немесе бірнешеуінің дебеттік таза позициясын жабуға қаржылары жетпеуі мүмкін. Бұл жағдайда клирингтің қалған қатысушылары да өз ақша аударылымдарын жүзеге асырылады.
Операциялық тәуекел - төлем жүйесінің қатысушысының қызметкерлерінің өз міндеттерін атқаруда қателік жіберу тәуекелі. Мысалы: компьютерге төлем құжатының реквизитін қате енгізу. Мұндай қателер жиі қайталана берсе тұтынушылар банкке сенімдерін жоғалтуы мүмкін.
Алаяқтық тәуекел - төлем жүйесіне рұқсатсыз еніп, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауда жасанды төлем құжаттарын пайдалану тәуекелі.
Бұл тәуекел негізінен жүйеге жалған хабарлар жіберумен байланысты. Мұнымен күресу үшін криптографиялық қорғаныш құралдары және электронды сандық қолдар енгізілген. Сонымен бірге, алаяқты төлем жүйесінің ішінде кездесуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін төлем жүйесіне кіруге шектеулік қойылады ( код, пароль енгізу) және төлем жүйесіне кіре алатын шектеулі адамдар тізімі болады. Сонымен қатар, жалған төлем құжаттарын пайдалану да алаяқтыққа жатады. Мұны тоқтатудың бірден-бір жолы құжатта қолдың бар жоқтығын анықтау. Сонымен бірге мұндай құжаттарды арнайы қағазға жасайды.
Техникалық тәуекел - бағдарламалы техникалық құралдар мен телекоммуникациялардағы ақауларға байланысты туындайтын қауіп. Бұл ақаулар, яғни, төлем жүйесінің әрекетін жүзеге асыратын бағдарламалы - техникалық ақаулардың салдарынан бүкіл төлем жүйесі тоқтап қалуы мүмкін немесе оның бір немесе бірнеше қатысушылары хабарламаларды алып-жібере алмай қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың бірнеше түрі бар: компьютердің істен шығуы, табиғи апат, өрт, электроэнергияның сөнуі. Бұл ақаулардан қоректендіру блогімен қамтамасыз ету; компьютерлерді табиғи апаттан сақтайтын қолайлы жерге орналастыру.
Бұл сақтандыру шараларын белгілі бір жүйеге бағынуы тиіс, себебі әр шара өзіне қомақты қаржыны қажет етеді. Сондықтан қауіпсіздік сақтау мен сол шараларды жүзеге осырудың коммерциялық мақсаты арасында баланс орнату керек.
Құқықтық тәуекел - төлем жүйесінің әрекетінің ережелері мен атқару тәртібі, сонымен бірге жүйенің қатысушыларының міндеттерімен құқықтары нақты анықталмаған жағдайда болады.
Бұл тәуекел негізінен жүйеге қатысушылардың өз міндеттері мен құқықтарын немесе жүйенің атқару әрекеті мен ережелерін толық түсінбегендіктен болады.
Бұл тәуекелді салық жүйесінің әрекетін жүзеге асыру ережелері мен тұтынушылардың міндеттері мен құқықтары туралы ереже бекіту арқылы жоюға болады. Сонымен бірге әр келісім шартта екіжақтың әр қайсысының міндеттері мен құқықтары және міндеттері орындамаған жағдайда қандай жаупкершілікке тартылатыны анық көрсетілуі керек.
6.3 Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық стандарттары (негізгі принциптері)
Қазіргі кезде қаржылық инфрақұрылымды нығайту арқылы қаржылық тұрақтылықты қолдау бойынша бірқатар халықаралық бастамалар жүзеге асырылуда. "Ондық топқа" кіретін елдердің орталық банктерінің есеп айырысу және төлем жүйелері бойынша комитеті ( Қазақ Банкралық Есеп Айырысу орталығы) жүйелі мәні бар төлем жүйелері үшін маңызды принциптерді жасау арқылы бұл жұмысқа өз үлесін қосып отыр.
1998 жылдың мамыр айында Қазақ Банкаралық Есеп Айырысу орталығы барлық елдердің төлем жүйелерінің қызметі мен құрылымының негізінде болуы керек принциптерді нығайтатын төлем жүйесінің принциптері мен тәжірибелік жағдайын бақылайтын жұмысшылар тобын құрды. Бұл топтың мақсаты - айтылған принциптер қатысында халықаралық консенсунс табу. Оған тек ондық елдердің орталық банктарының мүшелері мен орталық Европалық банк мүшелері ғана емес, сонымен бірге әр түрлі экономикалық деңгейдегі және әр түпкірдегі 11 ұлттық халықаралық банк, халықаралық валюта қоры және дүниежүзілік банк мүшелері кіреді сонымен қатар бұл топ Африка елдерінің, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Азия, Европа және Тынық мұхиты аймағы елдерінің де халықаралық банктерімен қарым- қатынас жасайды.
Тұрақты және нәтижелі төлем жүйелері қаржы жүйесінің тиімді дамуы үшін өте маңызды болып табылады, себебі олар мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қолдап, бекітудің маңызды шартының бірі болып есептеледі.
Жүйелік мәні бар төлем жүйелерінің негізгі принциптері:
Жүйеге барлық заңдылықтарға сәйкес жан-жақты талқыланған нормативтік база қажет.
Жүйенің барлық ережелері мен әрекеттері жүзеге асыруға міндетте болуы керек, ал оларды жүзеге асырудың заңды нәтижесі алдын-ала болжамды болуы керек. Мықты заңды базасы жоқ немесе кейбір заңдылықтары толық түсіндірілмеген жүйе өз тұтынушыларында жүйенің заңдық құрылымын білдіреді, мысалы: әр келісім- шарт, төлем, құнды қағаз, банктің қызметі және басқа да әректтер-бәрі белгілі бір заңдылықтарға бағынуы керек.
Жүйенің ережелері мен әрекетгері жүйе қатысушыларына жүйенің әр қаржылық қауіпке ықпалы туралы нақты түсінік беру керек.
Жүйе қатысушылары, жүйе операторы және басқа да мүдделі жақтар, кейде тұтынушылар жүйеге байланысты қаржылық қауіпті және оларға кім жауап беретінін нақгы білулері керек. Осы фактор жүйенің ережелері мен әрекеттерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ережеде жүйенің ережелері мен заңдық базаның басқа құраушылары арасындағы толық түсінісушілікті қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар қаржылық қауіпке байланысты негізгі ережелер басылып шығарылуы керек.
Жүйе несиелік қауіп пен өтімділік қаупін басқаратын нақгы әрекеттерге ие болуы керек.
Жүйелік мәні бар төлем жүйесінің ережелері мен әрекеттері тек несиелік қауіп пен өтімділік қаупін анықтауда ғана емес, сол қауіптерді басқару функцияларын бөлуде де негізгі роль атқарады. Сондықтан олар төлем жүйесінде болатын қаржылық қауіптерді бақылайтын маңызды механизм болып табылады. Қауіптерді басқаруда аналитикалық (мониторинг, несиелік және өтімділік (ликвидный) қауіптердің анализі) әрекеттермен бірге операциялық әрекеттер де қолданылуы мүмкін.
Жүйе қаржыландыру болған күні толық есеп беруді қамтамасыз ету керек.
Төлем жүйесіне өңделу үшін ақша түсу уақыты мен толық есеп беру уақыты арасында несиелік және өтімділік қауіптері болуы мүмкін. Ал тез және толық есеп беру бұл қауіпті кемітеді. Стандарт бойынша есеп беру қаржыландыру күнінің соңында жүзеге асырылуы керек. Көптеген елдерде ең аз дегенде бір төлем жүйесінің мақсаты осы стандартты озу болуы керек. Бұл үшін өтімділікті бір күнде жүзеге асыратын нәтижелі механизм қажет.
Көп жақты клиринг жүйеге асырылатын жүйе егер бөлек есеп беруге міндеттеме болған бір қатысушы есеп бере алмаса өзінің күнделікгі есеп берулерін уақытында жүзеге асыруға ынталы болуы керек. Көп жақты клиринг жүзеге асырылатын таза (нетто) есеп беру жүйелері кейде бір қатысушы уақытында беру міндетін атқара алмау қаупіне тап болуы мүмкін. Бұл жағдай басқа қатысушыларға ойда болмаған несиелік және өтімділік қысым жасауы мүмкін. Сондықтан мұндай жүйелерге мұндай қауіпті есепке алатын мықгы бақылау тәжірибе бойынша мұндай жүйелер қатысушылардың дефолтына шыдауы керек.
Есеп жүргізу үшін қолданылатын активтер орталық банк талаптарына сай болуы керек; егер басқа активтер қолданылатын болса, олардың несиелік және өтімділік қауіптері нөлге тең немесе өте аз болуы керек.
Көптеген төлем жүйелері жүйе қатысушылары арасындағы аударымдарды жүзеге асырады. Есеп жүргізу үшін қолданылатын актив ретінде көбінде орталық банк есебіндегі ақшалар болып табылады. Сонымен бірге активтердің басқа түрлері де кездеседі, мысалы коммерциялық банкке талапты активтер.
Жүйенің қауіпсіздігі және операциялық сенімділігі жоғары болуы керек, және біркүн хабарламаларды уақытында сараптайтын қосымша процедуралары (іс- әрекеті) болуы керек.
Нарық қатысушылары өз есеп жүргізулерін қаржы нарығында жүзеге асыруда төлем жүйелеріне сүйенеді. Бұл әрекеттердің нақты және ережеге сай дұрыс жүзеге асырылуы үшін төлем жүйесінің операциялық сенімділік және қауіпсіздік жағдайлары өте жоғары болуы керек. Ол уақытта ағыны және технологияның дамуына байланысты болады. Сонымен бірге олармен қатар нәтижелі бизнес әрекеттер мен жоғары дәрежелі пайдаланып төлемдердің дұрыс және уақытында жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Төлем жүйесі ұсынатын төлемдерді жүзеге асыру тәсілдері тұтынушылар үшін қолайлы және экономика үшін нәтижелі болуы керек. Жүйе қатысушылары үшін оның нәтижелі болуы қолайлы есебі олар өз ресурстары басқа жұмысшылары келмейді. Жүйе құрылымы техникалық варианттармен қоса белгілі ресурстардың шығынын үнемдеуді қадағалауы керек. Төлемдік қызмет көрсетулердің құны қызмет көрстеудің саласынан, тұтынушылардың сұраныстарынан және жүйені орындауына байланысты. Барлық талаптарға сай жүйенің тұтынушылары көп болады да, соның әсерінен қызмет көрсетудің құны төмендейді. Жүйе төлемдік қызмет көрсетулер нарығы дамуына ұлттық және халықаралық жағынан (тұрғыдан) дағдылануын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы тиіс.
Жүйенің қатысушылар үшін әділетті және ашық жол ашатын халыққа жарияланған және аиқатты критерийлері болуы тиіс.
Бұл аталған критерийлер төлем қызметінің нәтижелігін ұлғайтып, құнын төмендетуге ықпалын тигізеді. Бұл критерийлер нақгы, дәл болуы тиіс және керек уақытында қатысушыны жүйеден шығарда алуы тиіс. Жүйеге кіру жолының болмауының әр себебінің өзіндік ақиқатты себебі болуы тиіс және олар тәуекелділік критерийлеріне негізделуі керек. Жол ашушы критерийлердің барлығы нақты мазмұндалып мүдделі жақтарға толығымен жеткізілуі тиіс.
Төлем жүйесін басқару әрекеттері нәтижелі есеп беруге міндетті және транспарентті болуы тиіс.
Нәтижелі басқарудың мақсаттарының бірі жүйе өзінің міндеттерін оның қатысушыларына қолайлы етіп орындау. Сонымен бірге ол басшыларда сол міндеттерді орындау үшін қажет құралдармен мүмкіндіктердің болуына қамтамасыз етеді. Басқару әрекеттері төлем жүйесінің басшыларының және басқа да қаржылық қауым алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етуі керек, себебі олар жүйенің жалпы міндеттері мен жұмысына өз әсерлерін (ықпалын) тигізе алулары керек. Осы саладағы жетістік болып басқару әрекетін транспареннті болуын қатысушы жақтар төлем жұмысына әсер ететін қаулылар мен олардың қалай жүзеге асырылып жатжанын біле алады.
Негізгі принциптерді жүзеге асырудағы орталық банктің міндеттері.
Орталық банк өз принциптерін нақты айқындап алып, сосын өз рөлін және саясатын басқа маңызды төлем жүйелеріне мәлімдеуі (хабарлауы) тиіс:
oo орталық банк өзі басқаратын жүйелер оның негізгі принциптерін орындауын қамтамасыз ету керек.
oo орталық банк өзі басқармайтын жүйелердің негізгі принциптерді орындауы бақылауға тиіс, яғни сондай бақылауды жүзеге асыратын мүмкіндікке ие болуы керек.
oo төлем жүйесін негізгі принциптерге сүйене отырып орталык банк басқа орталық банктермен және басқа да кез- келген сондай (ұқсас) ұлтгық немесе шетелдік мекемелермен жұмыс істесуі керек.
Карталық жүйедегі дебеттік аудару кезінде төлеушінің акценті бар төлем құжатының нұсқасы банкіде қалады. Төлемші банк төлем жүйесінің талаптарын негізге ала отырып, өз клиентінің есепшотындағы ақшаны есептен шығарады. Егер төлеуші өз тарапынан бұл есеппен келіспейтін болса, онда бұл жағдайды реттеу ұзақ уақытқа созылатын болады.
Клиенттер төлем шығындарын азайтуды талап ете алады: төлем жүргізуді біршама жылдарға тәуекелді төмендету.
Төлем шығындарының азаюы төмендегідей төлем жүйелерінің үндестігін сипаттайды. Төлем мен көтерме ерме қауіпсіз жалпы жедел мен тәуекелдің төмендігін қамтамасыз етуші. Төлемді уақытылы жедел шоттан дебеттік ақша аудару ең қарапайым түрі және шығыны аз процесс болып саналадызм.
Төлем жүйесі күрделенген механихм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі тиіс. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерін есепке алады. Халықаралық төлем банкінің төлем және есеп айырысу жүйесіндегі комитеті осы қағидаларға бас назар аударады.
Отандық экономистер де осы қағидаларға қатты көңіл бөліп отыр. Алайда,олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма - қол ақшасы есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті өндіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйлерін ұймдастыру мен технологияларды, ұстанымдарды көмегін тигізген құрылғылар да өзгертіле бастады.
Электронды ақшалар жүйесінің сәтсіздігі - коммерциялық банкілердің делдалдығының жоқтығы мен консестустың болмауынан.
Банкілік шотқа қол жеткізу мен төлем жүйесінің негізін электронды технология құрайды. Қағаз құжаттар қолдану мен оларды қайта қарауды банкілер төлем жүргізу процесін өз беттерінше анықтайды. Электрондық жүйеде технологияның қиындығы сонда, банкілердің басшылары төлем технологиясын құру үшін арнайы мамандандырылған программистер қатысады. Субъектілердің басты қызметтері 2 - кестеде көрсетілген.
1 - кесте Төлем жүйесінің субъектілері және олардың қызметтері
Субъектілер
Қызметтері
Жаңа субъектілерді бөлі ерекшеліктері
Дәстүрлі төлемші банк
Қатысушы банкілердің шоты бойынша есеп айырысу
Қатысушы банкілер
Клиенттерге төлем қызметін сату: офистерге қолдау лем көрсету, клиенттермен жұмыс, клиент талабын анықтау, өткізілетін төлем бойынша клиентке есеп беру
Тиімділіктің жоғарылауы, мамандандырылудағы ұстанымдардың төмендеуі
Клиент
Төлем қызметін пайдалану және қатысушы банкімен өзара әрекет
Жаңалар
Оператор
Біріңғай стандарттарды жасау және бақылау, қатысушыға рұқсат беру, келіспеушіліктерді шешу
Ағымдағы операциялық жұмыс пен банкінің есеп айырысу тәуекелінен босауы
Зерртеуші
Бағдарламамен қамтамасыз ету, енгізу және қызмет көрсету
Төлем жүйесі технологиясының дамуы мен бәсекелестігі
Зерттеушілер мен операторлардың қызметін бөлу бәсекелестіктің пайда болуына әкеледі, себебі зерртеушілердің саны көп те, осыған сәйкес олардың қабылдайтын шешімдері әртүрлі. Төлем жүйесі жалғыз болуы да мүмкін және өзінің монополиялық жағдайына байланысты бәсекелестік күреске қатысып отырмаса деген да стимулы болмауы мүмкін. Сонда бәсекелестік электронды технологияларды жасаушылардың саралнамына айналады. Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкестендіру мақсатында, Ұлттық банк 2005 жылы банкілердің клиенттеріне тағайындайтын банкілік есепшоттарының құрылымын реформалауды жалғастырады. Осы жұмыстарды жүргізу шеңберінде шоттың жаңа құрылымы, шоттың жаңа біріңғай құрылымға өту мерзімі мен тәртібі әзірленді.
Халықаралық төлем жүйелері саласында Мемлекет аралық банкіге қатысушы мемлекеттердің қолма - қол есеп айырысу жүйесіндегі жобасын іске қосуға байланысты негізгі мәселелер қарастырылады.
Негізгі орталық орналасқан ауданда техногендік немесе табиғи сипаттағы апаттар туындаған жағдайда төлем жүйесінің жұмысын жедел жаңартуға мүмкіндік беретін сақтық қор орталығын құру қарастырылған. Осыған байланысты Ұлттық банк Астана қаласында Жаңа сақтық қор орталығын құру конпенциясын дайындады. Жаңа сақтық қор орталығын салған кезде оған орын таңдауда, жобалау мен құрылысына қойылатын жалпы талаптарына баса назар аударылды. Жаңа сақтық қор орталығы төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай - ақ Ұлттық банкінің елдегі Ұлттық қорының алтын валюта активтерін басқару жөніндегі стратегиялық маңызды функцияларын орындау бүгінгі банкілік ақпарат жүйелері мен деректер базасын тиісті техникалық деңгейде қолдану үшін пайдаланылады деп болжануда.
Карталық жүйелердегі төлеушілер негізінен - халық, ал алушылар - сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді рәсімдеген кезде, дүкеннің дұрыс қызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын қояды. Осыған орай төлем төлем жүйесінің негізгі сипаттамаларына тоқтала кетсек. 3 - кестеде төлем жүйесінің негізгі сипаттамасы көрсетілген.
2 - кесте Төлем жүйелерінің негізгі сипаттамасы
Жіктеудің факторы
Жіктеу
Ерекшелігі
Кемшілігі
Ақша аударуға қолайлы сомма
Көтерме
Бөлшек
Технология мен қауіпсіздік жағдайы мықты, тәуекелі аз
Шығыны аз
Комиссиялық ақшалар мен шығынның көпшілігі
Қауіпсіз, төлемнің тәуекелі жоғары
Ақша аударудың тәсілдері
Клирингілік
Жалпы
Корреспонденттік шоттағы ақшаның аздығы, өтімділікпен реттеген оңай, шығын аз
Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкіндігі
Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкін еместігі
Корреспонденттік шоттағы ақшаның көптігі, өтімділікпен басқару және үлкен шығындар
Ақша аударуға кететін уақыт
Белгілі уақыт режимі
Бірше сағат
Күнбе күн
Бірнеше түн
Клиененттерге құрмет көрсету
Шығыны аз
Технологияларға қойылатын жоғарғы талаптар мен үлкен шығындар
Клиенттерге қойылатын талаптардың аздығы
Төлем нұсқауын банкіге беру
Кредиттік аудару
Дебетік аудару
Құжаттандырудың қарапайымдылығы мен шығынның аздығы
Ақша алушыға берілетін кепілдік жоқ
2 - тарау Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің дамытудың сараптамасы
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы
Әр елдің төлем жүйесі оның қаржы жүйесінің маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Оның міндеті тұтынушы мен қызмет көрсетуші арасындағы ақша аударымдарды уақытында және нәтижелі болуын қамтамасыз ету. Бұл әрекет экономикалық және қаржылық міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан қаржы нарығы мен банктердің қызмет көрсетулерінің (әрекеттері) нәтижелілігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz