Шардара ауданы географиялық орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Шарипов Алжан Нурланович

Шардара су қоймасының геоэкологиялық жағдайы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5В060900 «Экономикалық және физикалық география»

Нұр-Сұлтан, 2019 жыл.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I . Түркістан облысының физико-георафиялық жағдайына сипаттамасы.

1. 1 Шардара ауданы географиялық орны . . .

1. 2 Жер бедері және геологиялық құрылымы . . .

1. 3 Климаттық факторлар . . .

1. 4 Су ресурсы . . .

II. Шардара су қоймасының геоэкологиялық жағдайын анықтау.

2. 1 Су қоймасының ашылу, зерттеу тарихы . . .

2. 2 Су ауданы, көлемін анықтау . . .

2. 3 Шардара су қоймасының қазіргі геоэкологиялық жағдайы . . .

III.

3. 1 Су қойманың болашағын ГАЖ арқылы анықтау . . .

3. 2 Жақсарту шаралары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

Пайданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша ақпараттар тізімі.

I . Түркістан облысының физико-георафиялық жағдайына сипаттама.

1. 1 Шардара ауданы географиялық орны.

Түркістан облысының жер көлемі 117, 3 мың шақырымды құрайды. Бұл Қазақстан аумағының 4, 3 % бөлігі. Облыс жері негізінен жазықтан тұрады. Сонымен қатар, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Солтүстігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстік тұсында Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара су қоймасы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде Жамбыл аумағымен шектес, оңтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 шақырым көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр. Ал оңтүстік шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаражантау жотасы Тәңіртаудың ең батыс әлемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м) . Қаржантаудың солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы күрт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

Сурет №1. Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық картасы

Шардара ауданы - Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлып есептеледі. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым (облыстың 11, 1%-ын құрайды) . Тұрғындардың саны 79, 3 мың адам (2018) . Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылды. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және 10 ауылдық елді мекен біріктірілген. Аудан жері негізінен Сырдария өзеннің сол жағалауының бойында, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын қоса, аллювийлік жазықта (Шардара даласы) орналасқан. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958 ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзын 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Шардара ауданының тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93, 9%-ын, орыстар 4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин, т. б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60, 7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 км² ге 5, 4 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шардара қаласы (25, 5 мың адам), Көксу (6, 1), Шардара (4, 8), Қоссейіт (4, 5), Ұзыната (4, 3), Қазақстан (4, 3), Целинное (3, 5) ауылдары.

Аудан орталығы - Шардара қаласы. Ол Қызылқұм каналының сол жағалауында орналасқан. Шардара өңірі тарихы мен мәдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекендердің бірі. Аудан орталығы Шардара қаласының атауының өзі ғалымдардың зерттеуінше парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» деген ұғымды білдіреді. Ертеде бұл жер тоғыз жолдың торабы керуен жолдарының түйіскен жері болған. Бір кездері бұл өңірге Шардара құрылысшыларынан бұрын ғалым-археологтар келіп зерттеулер жүргізген болатын. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 5, 2 млрд. текше метрді құрайтын жасанды Шардара су қоймасы орналасқан аумақ, тарихи ескерткіштерге толы ескі шежіресімен ерекшеленеді. Ескерткіштер мәңгілікке су астында қалғанымен, әлі күнге дейін адамзат пен ғылым үшін маңызын жоймаған. Археологтар жасаған алғашқы қадам Шардара су қоймасы құрылысының бастамасы іспетті еді.

1959 - 1963 жылдар аралығында Сырдария өзені ортаңғы ағысының жоғарғы бөлігінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген болатын. Экспедицияны Қазақ КСР-ы ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғалым-археологтары құрып басшылық жасады. Олардың қатарында, қазақстандық ғалымдар М. С. Мерщиев, А. Г. Максимова және олардың мәскеулік әріптестері Б. И. Ваинберг пен Л. М. Левина болды. Қазба жұмыстарының қорытынды нәтижесінде бұл өңірде біздің заманымыздың IV-XIII ғасырларында өмір сүрген Ақтөбе І, Жаушықұм қалашықтары және І-ші ғасыр басы мен IV ғасырға жататын Ақтөбе ІІ мекені болғаны анықталды. Сыр өзені бойынан табылған археологиялық ескерткіштер қатарына Жаман-тоғай, Төребайтұмсық, қорған мазарлары мен Жаушықұм, Ақтөбе мазарлары жатады. Тарихшы ғалымдар дәлелдері, мен дәйектемелер бойынша қазіргі Шардара ауданы орналасқан территория, яғни Сырдария өзенінің ортаңғы ағысынын жоғарғы бөлігі түркі тайпалары мекені болған. Бізге дейінгі жеткен археологиялық және жазба деректерге сүйенсек, Шардара өңіріндегі ескерткіштер біздің заманымыздың VI-VIII-ғасырларында Түрік қағанатына тиесілі болған. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін бұл аумақ Түркеш тайпалық одағы құрамына өтіп, IX-ғасырлардың I-ші жартысында Саманид тайпалары билік құрған. 999 жылы Саманидтер үстемдігі құлауына байланысты түркі династиясының қараханидтер әулиеті өз дәуірін жүргізіп, Ақтөбе қалашығының өсіп, гүлденген кезеңіне жатқызылады. XIII-ші ғасырдың басына моңғол шапқыншылығына байланысты, Сыр өзені бойындағы басқа қалашықтар секілді Ақтөбе қалашығы өзінің тарихи дамуын тоқтатады. Жоғарыда келтірілген тарихи деректер, академиктер В. В. Бартольд, А. Н. Бериштам еңбектерінде және XVI-шы ғасырдың теңдессіз, құнды жазба дерегі болып табылатын Фазаллах ибн Рузбихан ал Исфанидің «Мехманнаме Бұхара» атты кітабында кеңінен көрініс тапқан. Аудан көлемінде орналасқан, бүгінгі күндері тарих тұңғиығына еніп, көне дәуір сырын ішіне бүгін жатқан ескі мекендердің бірі- Сүткент қалашығы. 1900 жылы Н. В. Рудиев және 1949 жылы академик А. Н. Бериштам басқарған ғылыми экспедициялар Сүткент қалашығына археологиялық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде шаруашылығы мен өзіндік даму құрылымы болған, түркі тайпалары мекені екендігі анықталып дәлелденген. Сонымен қатар X-XV ғасырлардағы жазба деректерде де көне Сүткент қалашығында түркі тайпалары тұрғаны жазылады. Шежірелі Шардарада бүгіндей сақталып қалған орта ғасырлық сирек ескерткіштердің бірі- Ұзын-ата кесенесі бүгінгі көнге алыстан мұнартады. Ол қазіргі Ұзын-ата ауылдың округі орталығынан сегіз шақырым қашықтықта орналасқан, XIV-шы ғасырдың соңы мен XV-ші ғасырдың басында дүниеге келген тарихи жәдігер. Ескі деректерге сүйене болсақ Ақсақ Темір әмірімен салынған бұл кесенеде Орта Азияға Ислам дінін таратумен айналысқан, шын есімі Асан-ата аталған әулие кісі жерленген. Асан-Атаның Ақсақ Темірдің жақын кеңесшілерінің бірі болып, сол заманда өмір сүргенін дәлелдейтін деректер академик В. В. Бартольд еңбектерінде де ұшырасады. Ауданның өркениеті дәуіріндегі мағыналы өмірбаяны ресми түрде 1969 жылдан басталады. Ал Қызылқұм өмірін суландыру жолындағы ұлы жорық 1958 жылы тамыз айынан басталады. Сол жылдары Шардара құрылыс басқармасы құрылып, оның бастығы Ә. К. Қасымов бастаған 26 адам қазіргі Шардара қаласы орналасқан Жаушықұмға келіп қоныс тепкен еді. Өз дәуірінде, бүкіл Кеңестер Одағында ерекше маңызға ие болған нысан- Шардара су электр станциясы. Шардара СЭС-ның құрылысы 1967 жылы 15-ші қазанда аяқталып, пайдалануға берілді. Қызылқұм өңірін суландырудың алғашқы кезеңінде, бұл аймақта 60 мың гектарға жуық суармалы жер, ұзындығы 130 шақырым магистральді канал іске қосылды. Аудан негізінен сол уақыттарда еліміздің халық шаруашылығында шешуші маңызы бар дақылдың бірі, күріш өсіретін кеңшарлармен қазір қаракөл қой шаруашылықтары жұмыс істеп, «Шардарақұрылыс» басқармасы, «Қызылқұмсовхозстрой» тресі, құрылыс материалдар комбинаты, Су электр станциясы, Астық қабылдау мекемесі секілді ірі кәсіпорындар мен мекемелер бүкіл одаққа танымал болды. 1970-1980 жылдары аудан одақтық, республикалық социалистік жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Ауданның тұңғыш басшысы болып, аудандық партия комитеті I-ші хатшылығына Қауысбек Тұрысбеков, ал атқару комитетінің төрағалығына Әштар Жолдасов тағайындалды. 1980 жылдан бастап ауданның өнеркәсіп кешенінде тағы бір жетекші сала -мақта өндірісі жедел дами бастады. Қазіргі уақытта Шардара ауданы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған нарықтық экономикаға толық бейімделіп меңгерген аймақ.

1. 2 Жер бедері және геологиялық құрылымы.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар т. б.

Шардара ауданы жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Ауданның қиыр шығысы Сырдария өзені бойында құнарлы шалғынды топырақтарда орналасқан. Ауданның басым бөлігінде жайылы ландшафтары дамыған. Қызылқұм шөлі қысқы жайлауға ыңғайлы, себебі жалпы тұрақты қар жамылғысы қалыптаспайды.

Шардара ауданының егістік жер көлемі 59, 7 мың гектар, ол аудан территориясының 4, 6%, ал ауыл шаруашылығы жерлер көлемінің 25, 06% құрайды. Аудан жайылым мен шабындық кешендерін Сырдария өзенінің маңы және Қызылқұм шөлін алып жатыр. Қызылқұм магистральдық каналы жерлерді егістік мақсатта суғарумен қатар, жайылым кешендерін суландыруға мүмкіндік береді. Каналдың төменгі ағысында суғару арқылы шабындықтар қалыптасқан.

Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы - протерезой тақтатастарынан және құмдастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және девонның жаңартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге, палеозой қатпарлы іргетасы, пермен дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, от төзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәр-мәр түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.

Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан. Олар әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Леңгір кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағында Қаратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті.

Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермикулит бар. Бессазда габброперидотиттер құрамын от төзімді заттар, қағаз резина, парфюмерияға қажетті шикізат - тальктың ірі қоры барланып зерттелген.

Облыстағы құрылыс материалдарының минералды шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас минералдық бояулар ретінде қолданылады.

Сурет №2. Шардара су қоймасының жер бедерінің қабаттары

1. 3 Климаттық факторлар.

Кез-келген аумақтың климаты климат құраушы факторлардың бүкіл қатарының әсерінен қалыптасады. Климаттың қалыптасуына температуралық режимді, ауа массаларының типтерін және олардың қозғалысын, фронтальды үдерістердің дамуы мен атмосфералық жауын-шашынның, жылу мен ылғалдың арақатынасын анықтайтын радиациялық және циркуляциялық жағдайлар негізгі әсер етеді.

Радиациялық фактор. Жер бетінің радиациялық балансының кіріс бөлігінің маңызды элементі жиынтық күн радиациясы (тікелей + шашыраңқы) болып табылады. Жалпы радиация шамаларын бөлуде республика аумағында күн сәулесінің ұзақтығын шарттайтын ендік зоналдылық заңды түрде байқалады, ол солтүстікте 2000 сағаттан оңтүстікте 3000 сағатқа дейін ұлғаяды. Атап айтқанда, Түркістанда күн сәулесі сағат саны 3072 құрайды. Осыған сәйкес жылдық жиынтық радиацияның мәндері Қызылқұм шөлінде 4200-5000 мДж/м²-ден 6700-7200 мДж/м²-ге дейін осы бағытта өседі. Таулы аудандарда жоталардың беткейлері бойынша жиынтық радиация мөлшерінің өзгеруі бұлттылық жағдайларына байланысты. Мысалы, желді баурайларда ең көп лек түзілу деңгейіне сәйкес келетін биіктіктерде жиынтық радиация ағынының айтарлықтай азаюы байқалады (жергілікті климаттық жағдайларға байланысты 1, 5-тен 2, 5 км-ге дейін), радиация ағыны едәуір артады (гляциалды биік тауда 9000 мДж/м-ге дейін) .

Жалпы радиацияның жылдық жүрісіне елдің көп аумағында, оның оңтүстігінде 750-800 мДж/м² жеткенде, маусым максимумы тән. Барлық жерде жиынтық радиацияның минимумы желтоқсан айына келеді.

Жылдық барысында тура және шашыраңқы радиацияның арақатынасы әр түрлі. Жазда шашыраған радиацияның үлесі салыстырмалы түрде аз, шамамен 30%, ал қысқы-көктемгі айларда ол жиынтық радиацияның 50-60% - ына жетеді. Шашыраңқы радиацияның жылдық және айлық сомалары жердің кеңдігіне тәуелді емес және жиынтық радиацияға қарағанда оның шамалары аумақ бойынша аз өзгереді. Мәселен, оның жылдық мәндері оңтүстікте 2000 мДж/м2-ден елдің солтүстігінде 2200 мДж/м2-ге дейін ауытқиды. Ең көп шашыраңқы радиация көктем кезеңіне келеді - сәуір-мамыр. Тауларда бұлттардың максималды пайда болу деңгейінен жоғары шашыраңқы радиация шамасы атмосфералық ауа мөлдірлігінің өсуіне және шашыраңқы бөлшектер санының төмендеуіне байланысты айтарлықтай азаяды. Тек гляциалды нивалды аймақта қар жамылғысынан Күн радиациясын көрсету есебінен шашыраңқы радиацияның айтарлықтай артуы байқалады.

Күн радиациясы энергиясының белгілі бір бөлігі жер бетіне жетіп, осы бет пен ауаның жерге жақын қабатының қыздырылуына жатады. Бұл-жұтылған радиация. Радиацияның басқа бөлігі сәулеленетін бетінен көрінеді. Жұтылған және шағылысқан радиация шамалары арасындағы арақатынас альбедо шамасымен бағаланады. Альбедо төсеніш бетінің сипатына байланысты, сондықтан оның мәндері жыл бойы кең көлемде өзгереді. Қыста альбедоның ең жоғары көрсеткіштері елдің солтүстік жартысына және таулы аудандарға тән, мұнда тұрақты қар жамылғысының болуына байланысты 70-80 % (желтоқсан-ақпан) жетеді. Қыста тұрақсыз қар жамылғысы бар жартылай шөлейт аймақта альбедо 50-70% - ға дейін төмендейді, ал альбедо жоғары мәндерінің кезеңі 1-2 айға дейін қысқарады. Жазда альбедоның ең аз мөлшері елдің шеткі солтүстігінде байқалады, онда олар 16-18% - ға дейін, оңтүстік аудандарда-25% - ға дейін қысқарады. Жазда альбедо шөлді аймақта, әсіресе өсімдіктен айырылған ашық құмды және сазды беттердің кең таралған жерлерінде - 30-35% дейін жетеді.

Тиімді сәуле шығару көлемі солтүстіктен оңтүстікке дейін ұлғаяды, ылғалдылықтың азаюына және шөлдердің үстіндегі бұлттылықтың 1900-ден 2700 мДж/м-ге дейін.

Ауа райы мен климатты қалыптастыру процестерінің бағыты мен қарқындылығы едәуір дәрежеде радиациялық теңгеріммен анықталады. Жылдың көп бөлігі ішінде оның шамасы оң, бұл радиацияның жұтылған үлесінің ұзын толқынды сәулеленуден артық екенін куәландырады. Теріс радиациялық балансы бар кезең оңтүстікте 1-1, 5 ай, солтүстікте 3-4 ай (желтоқсан - наурыз) жалғасады. Алайда, радиациялық баланстың теріс айлық мәні салыстырмалы түрде аз, әдетте 40-80 мДж/м² құрайды. Жылдық баланс барысында оның ең азы желтоқсан айында белгіленеді. Маусым айында оның мәндері барлық жерде 330-380 мДж / м ' тең. Радиациялық теңгерімнің жылдық шамасы солтүстігінде 1500 мДж/м² - ден елдің оңтүстігінде 2100 мДж/м²-ге дейін ұлғаяды.

Айналмалы фактор. Айналмалы процестер атмосфералық қысымның біркелкі таралуымен, төсеніш бетінің әртүрлі физикалық қасиеттерімен, рельефтің сипатымен, ауа температурасымен, радиациялық теңгеріммен және т. б. қоса жүреді. осыған байланысты жұмыс беруші еңбек ақының төмендеіне байланысты заң шеңберінде қандай әрекеттер жасау керек. Жылдың суық мезгілінде Қазақстанның барико-циркуляциялық жағдайлары негізінен азиялық (Сібір) антициклонның Батыс массивімен анықталады. Сондықтан орташа қыста 50% - ға дейін атмосфералық қысымның (1030 мб) және ауа райының антициклоналды режимімен сипатталады. Кейбір қыста аталған барикалық білімнің рөлі күрт өседі, ал басқа қыста, керісінше, айтарлықтай әлсірейді. Антициклонды барикалық түзілімдердің басым болуы қысқы кезеңде ауа райының қалыптасуына елеулі әсер етеді. Қыстың күшейтілген циклондық айналымы және атмосфералық фронттардың жиі өтуі байқалады жоғары қысым массивінің жиі бұзылуы, тәулік ішінде, әсіресе батыс аудандарында температураның 20 °С дейін және одан жоғары күрт ауытқуы байқалады.

Жазда Қазақстанның оңтүстік жартысының үстінде күн радиациясының мол ағымына байланысты ауаның қарқынды қызуы әсерінен атмосфералық фронттардан айырылған ауқымды термиялық депрессия пайда болады. Термиялық депрессия орталығы елдің оңтүстігінен жоғары орналасқан, мұндай жағдайларда оның ықпалымен республиканың орташа жолағы да кездеседі. Жиі депрессия маусым-тамызда байқалады. Оған ашық ауа райы жауын-шашынсыз. Жазда циклоникалық түзілімдердің қайталануы айтарлықтай төмендейді.

Тау-кен рельефі жағдайында ауа-райы процестерінің барысына әсер ететін жергілікті циркуляцияның бірқатар жүйелері туындайды. Олардың ішінде тау жоталары мен биіктіктерге жақындағанда суық фронттарда дамитын толқын түзілу процестеріне аса маңызды орын жатады. Олар жиі ауа райының күрт нашарлауына - бұлттылықтың артуына, жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне әкеледі. Таулы-жазық бриздер ауа райының тәуліктік режимін қалыптастыруға әсер етеді. Бірқатар белгілер бойынша оларға кең тараған, әсіресе Қазақстанның оңтүстік-шығысында, жылы кезеңде жазық-тау бөктеріндегі, шұңқырлы, мұздық желдер, сондай-ақ фендік құбылыстар мен т. б. жақындайды. Олар ауа ылғалдылығы мен бұлттылықтың артуына ықпал етеді.

Ауа температурасы. Радиациялық теңгерімнің солтүстіктен оңтүстікке қарай анық айқындалған өзгерістері осы бағыттағы температураның өзгеруін анықтайды. Қаңтар айының орташа температурасы -19 °С солтүстікте -1+-3 °С дейін. Аумақтың басым бөлігінде қысқы изотерманың кең бағыты бар, ол тау массивтері мен биіктіктерінің әсерінен, оңтүстік-батыстан Каспий және Мургаб циклондарымен жиі жылудың шығуымен бұзылады. Қыста тауларда қарқынды радиациялық шабуылдау, суық ауа ағыны және оның тау бөктерінде және жабық алқаптарда қатып қалуы орын алады, бұл 2000 м биіктікке дейін терең температуралық инверсиялардың қалыптасуына ықпал етеді.

Атмосфералық жауын-шашын. Қазақстанның аумағы биік таулы аудандарды қоспағанда, айқын көрінген аридділігімен ерекшеленеді: елдің барлық ауданы бойынша орташа өлшенген атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері шамамен 200 мм құрайды. Жауын-шашын мөлшері таудың жел беткейлерінде және биіктіктерде ұлғайып, жел астында азаяды. Дала аймағында жылына орта есеппен 250-300 мм Жауын-шашын түседі. Олардың көбеюі орманды-дала аудандарында және Сарыарқаның солтүстік баурайларында байқалады. Орталық Қазақстанның басым бөлігі үшін жылына орта есеппен 125-250 мм Жауын-шашын тән. Жауын-шашынның ең аз мөлшері (шамамен 100 мм) Балқаш маңында және Арал маңындағы Қызылқұмда байқалады. Үстірт Үстірт үстіртінің батыс бөлігінде және Маңғыстауда шамамен 150 мм, ал іргелес шөлдерде - жылына 100 мм-ден 125 мм-ге дейін. Мұнда, әсіресе жазда, жауын-шашын ай сайын болмайды. Мысалы, 1971, 1983 және 1984 жылдары төрт ай бойы (маусым - қыркүйек) Қызылқұм МС - де, ал 1975 жылы алты ай ішінде (сәуір-қыркүйек) жаңбыр тамшылары да болған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу
ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Жер ресурстары туралы түсінік
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Мақтааралдың мақтанышы
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz