Ботай қоныс мекені



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжі

РЕФЕРАТ

Пән бойынша:Қазақстан тарихы
Тақырыбы:Ботай мәдениеті

Баға: Орындаған:
ББ-118 тобы студенті.
Нурбахыт Айсулу
Тексерді:Жалмаганбетов Р.И


Екібастұз 2019
Жоспары:
Кіріспе: Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің ерекшеліктері
Негізгі бөлім:
1. Ботай - жер атауымен бірге жеке адамның да атымен байланысты.
2. Бұл мәдениет жайлы бірінші рет мәлімет ұсынған Есләмбек Зәкіриянов
3. Ботай қонысын ашқан ғалым

4. Ботай қоныс мекені

Қорытынды: Ботай мәдениеті - еліміздегі ең ежелгі мекеннің бірі және бірегейі.

Ботай мәдениеті.Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасармен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.
Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.
Энеолит дәуiрi мәдениеттерi ескерткiштерi Маңғыстау өңiрiнде Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата ескерткiштерiнен белгiлi.
Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық - экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.
Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында - Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды - б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені - 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылғанбалшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы - шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық - түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.
Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.
Бірақ далалық энеолит қауымының өз ішінде де мәдениет бір мезгілде қалыптасқан жоқ және даму мен өзара ықпал етудің түрлі деңгейінде болған.
Тегінде Еділ бойын және Жайық Ертіс өзендерінің аралығындағы мал шаруашылығы қалыптасқан екі орталықты атап өтуге болады.
Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады. Жалпы жұрт қабылдаған қабылдаған кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б Ү мыңжылдықтың аяғымен ІҮ ғ басына да байырғы тұрғындардың көршілермен интенцивті байланыстары немесе солтүстік пен оңтүстік - шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән. Бірінші толқын Еділ - Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ес.керткіштермен көрсетілген. Бозащы түбегінде Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең елеулі тұрақ Бозащыда көшпелі құм өңіріндегі Шебер елді мекенінің маңынан табылды.
Ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп жұмыатқа сияқты ,жабық түрде істелген. Ыдысқа ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек жасалған. өрнектеу үшін негізінен тарақ сияқты қалып пайдаылған.
Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтармен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды. Соңғылары теңіз қабыршақтарының қабығынан жасалған.
Табиғат сұлулығымен қоса көне тарихты қойынына алып жатқан Айыртауда әлемнің назарын аудартқан Ботай мәдениеті деген атпен танымал жер бар. Ол Иман Борлық өзенінің жағасында орналасқан. Ботай - жер атауымен бірге жеке адамның да атымен байланысты екенін ғалым Ә.Шалтықов өзінің жазған кітаптарында бірнеше тарихи деректерді келтіріп, дәлелдеп кетті. Ботай мәдениетінің Андрон мәдениетінен де ары жатқанын айтып, тарих тереңіне сүңгіп, болашақ ұрпақ үшін маңызды айғақтарды алып шықты.

Жалпы, Ботайдың әкесі өз кезегінде Абылайханмен қатарлас, оның жақын серігі болған екен. Он сегізінен-ақ хан жасағымен бірге, жауға қарсы шауып, ерен ерлігімен танылған. Әкесі Досан Абылайханның Петербургқа жіберген елшілігін бастап барып қайтқан. Бұл құжаттар қазіргі Шоқан Уәлихановтың мұражайында тұр. Ботай Айғаным ханшамен көрші болған екен. Кіші жүз ханы Кенесарының көтерілісіне кіші баласын жіберген. Өмірден түйген-білгені көп, көзі ашық көкірегі ояу Ботай бабамыз отаршылдық әрекеттерге ашық түрде қарсылық білдіріп, патшаға бас имеген. Халықтың басын қосып, жер үшін күрес жүргізіп, елдікті биік қойып, нағыз азаматтылығымен көзге түскен. Енді міне, Ботай атауына "мәдениет" сөзі қосарланып, тек еліміз үшін емес, әлем үшін де үлкен маңызға ие тарихи орын болып отыр.
Бұл мәдениет жайлы бірінші рет мәлімет ұсынған ХХ ғасырдың 70 шы жылдарындағы өлкетанушы, тарих пәнінен дәріс берген Есләмбек Зәкіриянов болды. Ол өз шәкірттерін Ботай ауылының көне жұртына апарған кезде, шашылып жатқан тарихи жәдігерлерге куә болған. Яғни, мал сүйектерінің қалдықтары, аңшылыққа қолданған құрал-сайманның бөлшектерін, тастан, балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтарын ұшырастырып, бұлардың бостан бос жатпағанын сезіп, облыс мұражайына апарып береді. Міне, осыдан кейін-ақ, бұл жерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы
Энеолит
Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым
Энеолит дәуірі
Орталық Ферғана аймағыдағы мәдени мұралар
Тас ғасырының кезеңдері
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Ерте тас ғасыры
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
Пәндер