Өлкетану деректерін жинақтау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
Ә. Е. Жұмабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабақтарында өлкетану деректерін пайдалану әдістемесі
5В01000 -« Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
бойынша
Орындаған: Г. Аппазова
Ғылыми жетекші :
қауымд. профессор, п. ғ. к Г. Т. Сәдуақас
Алматы, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ӨЛКЕТАНУ ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш оқытуда өлкетану деректерін пайдаланудың зерттелу жайы . . . 7
1. 2 Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері . . . 14
2. 2 Дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін қолданудағы озат іс-тәжіибелер . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты - мектепте білім алып жатқан жас өскелең ұрпақты ой-өрісі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсатына ұлттық мәдениетті ұлықтауды жатқызып: «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету» керектігіне баса назар аударады [1] .
Туған жерді құрметтеу, туған өлкені аялау, ұрпақты өз жерін, өз елін сүюге тәрбиелеу - кез-келген мемлекеттің ұлттық саясатының негізгі діңгегі. Сондықтан өлкетану мәселелеріне ұлы ойшылдардың көне түркі жазба ескерткіштеріндегі тәлім-тәрбие идеяларында, Қорқыт Ата, Ахмет Иассауи, Асан Қайғы, Бұхар жырау мұраларындағы тағылым мәселелерінде, Әл-Фарабидің педагогикалық және психологиялық идеяларында, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Т. Шонанов және т. б. педагог ғалымдардың еңбектерінде ерекше мән берілген.
Демек, бастауыш сыныптарда өлкетану деректерін оқыту бүгінгі мемлекеттік құжаттарда көрсетілген талаптарды орындау болып табылады. Оқыту үдерісінде қолданылған өлкетану жұмысы - оқушылардың туған өлкесі туралы білімдерін байытатын және олардың бойында дүниетанымдық, елтанымдық, азаматтық ұғым мен дағдыларын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Жас өскелең ұрпақтың эмоционалдық, интеллектуалдық, күш-жігері мен адамгершілік қасиеттері қалыптасуының және жас адамның өзін қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасы, өзара іс-қимыл жасауы арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін кешенді құрал.
Оқыту үдерісінде туған өлке, туған қаладағы белгілі адамдар, ғалымдар, өнеркәсіп орындары, тарихи жерлер, отбасы тарихын, табиғи т. б. деректі мысалдармен түсіндіруге болады, себебі оқытуда нақты деректерді ұғынудан оқушы санасында белгілі түсінік қалыптасады, ойлау логикасы артады, танымдық қызығушылығы дамиды. Өлкетану деректерін оқытудың ерекшелігі, қоршаған ортаның нақты заңдылықтарын және оны ғылыми тануды есепке ала отырып, табиғи зерделеу мүмкіндігі оқушының тұлға ретінде тұтастықта дамуына мүмкіндік тудырады. Әрбір оқушының өз өлкесінің тарихын танып білуі өмірлік көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз. Сондықтан бастауыш сыныптарда өлкетану деректерімен танысу бала бойында елжандылық сезімдердің қалыптасуымен қатар Қазақстан елінің патриоттарын дайындауда тиімді болады.
Бастауыш мектепте оқыту үдерісінің заңдылықтары педагог ғалымдардың А. Байтұрсынов [2], М. Жұмабаев [3], Ж. Аймауытов[4], Ю. К. Бабанский [5], Б. М. Есипов [6], М. И. Скаткин [7], И. Я. Лернер [8], М. И. Махмутов [9], Ғ. Бегалиев [10], С. Жиенбаев [11], Т. Шонанов [12] т. б., сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы психологтар: Т. Тәжiбаев[13], М. Мұқанов[14], Қ. Жарықбаев[15], Л. С. Выготский [16], С. Л. Рубинштейн [17], П. К. Анохин [18], Д. Н. Богоявленский [19], П. Я. Гальперин [20], Н. А. Менчинская [21], В. В. Давыдов [22], В. А. Крутецкий [23], В. А. Пономарев [24], еңбектерiнде кеңiнен талданған.
Өлкетану деректерін оқыту үдерісінде қолдануды әр қырынан зерттеген С. Қ. Қалиев [25], С. Ғаббасов [26], С. А. Ұзақбаева [27], Ж. Ж. Наурызбай [28], К. Ж. Қожахметова[29], Р. А. Абузяров [30], Т. Айтжанова [31], А. М Текесбаева [32], М. С. Маженақова [33], Г. Қ. Тұрабаева [34], А. Ж. Бекмағамбетов [35], Б. Қ. Шаушекова [36] және т. б. ғалымдардың еңбектері бар
Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде оқыту үдерісінде өлкетану деректерін қолдануды дамыту мәселесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық көзқарасын қалыптастыруды өлкетану деректерін пайдалану негізінде жүзеге асырудың әлі де болса өз шешімін таппай отырғандығы зерттеу жұмысымызды «Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін оқыту әдістемесі» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып дүниетану сабақтарындағы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардың дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін оқыту әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптардың дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін пайдаланудың әдістемелік негізін ұсыну
Зерттеудің міндеттері:
1) Дүниетану сабақтарында «өлкетану» ұғымының мәнін анықтау, өлкетану деректерін пайдалану жөніндегі педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге тақырып тұрғысынан талдау жасау;
2) Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін пайдаланудың өлкетану деректерін пайдаланудың ұтымды әдіс-тәсілдерін айқындау;
Зерттеу әдістері: педагогикалық, әдістемелік еңбектеріне талдау, озат мұғалімдер тәжірибесін анықтау, бақылау.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы іс-әрекет ілімдерін қамтитын таным теориясы және жеке тұлғаның танымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар негізге алынды. .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында өлкетану деректері негізінде оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.
-оқушылармен жүргізілетін сабақтағы және сабақтан тыс өлкетану жұмыстарын жүргізудің тиімді формалары мен негізгі әдіс-тәсілдері ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін пайдаланудың әдістемесі ұсынылады.
- өз өлкесіне байланысты әдеби-тарихи деректер арқылы оқушылар туған жерін, Отанын сүюге, өзге этномәдениетті құрметтеуге үйренеді және шығармашылық жұмыстарында қолдана алады;
-Өлкетану деректерін пайдалану әдістемесін бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттер өз іс-тәжірибелерінде пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ӨЛКЕТАНУ ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш оқытуда өлкетану деректерін пайдаланудың зерттелу жайы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» мақсаттары мен міндеттерінде «Білім берудің басты құндылық басымдығы − мәдени және экономикалық гүлденудің негізінде тұлғаға, Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтатын маңызды рухани және адамгершілік категориялары ретінде елжандылыққа, білім берудің гуманистік қағидаттары: бірлікке, теңдікке, өзара ықпалдастыққа және төзімділікке беріледі», -деп көрсетілген. Жеке тұлғаның түрлі өмір жағдаяттарында өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату, орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беретін; мәдени және шығармашылық істерге қатысу, тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және бағалай білуі де стандартта айшықты бейнеленген [37] .
Мемлекеттік құжатта көрсетілген міндет үлкен жауапкершілікті артады. Бұл міндетті шешу үшін, ең алдымен, бастауыш мектепте оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін жетілдіріп, олардың шығармашылық қабілетін дамытатындай болуы қажет.
Бастауыш сынып дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін оқыту мәселесінің тарихынан сөз қозғағанда, алдымен ауызға, әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласұғын, Асан Қайғы, Бұхар жырау, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоций, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев секілді ойшыл ғалымдар түседі. Бұл ғұлама ғалымдар туған өлкені балаларға таныту арқылы олардың Отанға сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту мәселесі тұрғысында маңызы мен мәні жайында жоғары пікірлер мен ой-тұжырымдар айтқан
Мысалы, әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал, тәрбие − білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі . . . »-деген ұстанымдарды басты қағида ретінде ұсынды. Ғұлама ғалым тек білім арқылы ғана толыққады адам қалыптасатыны айта келе, еңбегінде «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды», - деп, туған жердің қадір-қасиетін асқақтатады [38] .
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т. б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбиелік мәні жоғары тұжырымдары жетерлік[38] . Мысалы, «Білім - інжу, түбінде - анық, қойма сан»; «Ақыл, білім ең әз нәрсе, күшті нық, егер болса, істет, ұшып көкке шық»; «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, білім-жарық, нұрын саған шашатын»; «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, еш қарақшы, ұрыға да тоңалмас!» деген білімді насихаттайтын сөздерімен қатар, туған жерге, өлкеге байланысты «Туған жерің түсіне кіреді», «Кімнің жерін жерлесең, Соның жырын жырларсың» және т. б. сөздері туған өлке туралы деректердің маңызы жоғары екенін көрсетеді.
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және теориялық тұрғыдан талдау негізінде бұл тек сөздік, немесе тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған [38] . Сондықтан оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі − орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі − «ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған» ірі тұлға. Сонымен қатар сөздікте біршама туған жерге байланысты мақал- мәтелдер де берілген. Атап айтқанда, «Бөтен елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол», «Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне» мақал-мәтелдері өскелең ұрпақты туған жерді құрметтеуге, сүюге неше ғасырдан бері тәрбиелеп келеді.
Туған жер туралы ой-пікірлер қазақ халқының жыраулары мен шешендерінің шығармаларында көптеп орын алады. Мысалы, Асан Қайғының:
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ел қадірің не білсін!
Көшіп-қонып көрмеген,
Жер қадірің білмесін!
толғауында жер қадірі мен ел қадірі жоғары бағаланған [38, 26] .
Мұндай толғаулар Қазақ халқының егемендігі үшін күрескен Бұхар, Үмбетей, Сыпыра, Ақтамберді жыраулардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Бұл жырлар ұрпақты өз елін қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеген. Қазақ халқы бала тәрбиесін «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»-деген қанатты сөзіне сидырған. «Отан» деген ұлы ұғымның отбасынан, өзі тұрған аймақтан басталатынын ғұлама жыраулар бала санасына жастайынан сіңірген. Ата-бабамыз қазақ даласының еркіндігі мен елінің дербестігі үшін жан аямай күресті. Олардың ерлігі бүгінгі күнге жыр, дастан, күй болып жетті.
Қазақ халқының атамекені − халқымыздың ерте заманнан бері мекендеген жері, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе жатқан кең байтақ жері. «Атамекен» дегенде көз алдымызға айдын шалқар көлдер мен мөлдір бастау қайнар бұлақтар, сарқырай аққан тасқынды өзен, жасыл желек жамылған тоғайлар, ұланғайыр далалар келеді. Жердің тарихы − Қазақстанның тарихы, баланың өмір жолының хронологиялық тарихы. Мұның өзі өлкетану деректерінің маңыздылығының жоғары екенін дәлелдейді.
Қазақ халқының өлкетану деректерін алғаш жинаған кемеңгер ғалым − Ш. Уәлиханов. Ғалым туған өлкені зерттеу ісімен айналысып, қазақ халқының тарихына, фольклорына, тұрмыс-салтына байланысты көптеген жәдігерлерді жинап, бастырған. Ғалым туған өлкені тану тұрғысында былайша ой қорытады: «Халық шығармашылығының қай түрінде де табиғат құбылысының әсері болатыны анық. Халық табиғаттың әсем құбылыстарын жырға, күйге, ою-өрнекке түсіргенде, алдымен кәсіптік қажеттілігін ойластыра отырып, жарастық, әсемдік жағына да баса көңіл бөлген» [39] .
Бастауыш сыныптардың дүниетану сабақтарында өлкетану деректерін пайдалану мәселесін талдау ең алдымен «өлкетану» ұғымының мәні мен ара жігін терең түсініп алуды қажет етеді.
Өлкетану ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика география, тарих және т. б. ғылымдар өз тұрғысынан зерттейді.
Өлкетану деректерін пайдалануға арналған зерттеу жұмыстарын сараласақ, онда «өлкетану» ұғымын түсіндіруде көптеген авторлар белгілі бір тұлғалар туралы деректер жинау ғана емес, сонымен қоса бір факторлардың екінші факторға әсерін анықтау, яғни сол жердегі өмірдің және табиғаттың кешенді көрінісін беру екенін дәлелдеуге ұмтылады.
Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру - оқу-тәрбие үдерісінің негізгі талаптарының бірі. Белгілі ғалым-географ А. С. Барков өлкетануды «кіші елтану» деп қарастырып, «Өлкетану − бұл мазмұны мен зерттеу әдістері жағынан әр түрлі, бірақ өзінің жеке әдістері жағынан өлкені ғылыми және жан-жақты тануға жетелейтін ғылыми пәндер жиынтығы»-деп тұжырымдайды [40] .
Педагог-ғалым А. М. Текесбаева: «Өлкетану - мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған өлкесінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала, облыс өлке, Қазақстан) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиенің өмірмен, қоршаған дүниемен тығыз байланыста қарастыруға жағдай туады» дей келе, өлкетану жұмыстарының обьектісі жөнінде төмендегідей түсіндіреді. «Өлкетанудың зерттеу обьектісі: табиғат, жер, территория, сол жердің халқы, тарихы, шаруашылығы, өнері мен мәдениеті» [32] .
Қазақстанда мектептегі өлкетанудың алғашқы дамуына Т. Шонанов белсенді атсалысып, өзінің «Мектепте аймақтану жағырафия оқыту әдісінің жемісі» т. б. еңбектерінде өлкетануды оқыту мен тәрбие құралының бірі ретінде көрсетеді[41] . Ол туған өлкесін білмейтін адам, дүниені білмейді деп тұжырымдайды. Педагогика ғылымының даму тарихында С. Аржанов, Д. Жаринов, Р. Зеленский, К. Строев, Ә. Бейсенова, С. Жортанов т. б. оқу-тәрбие үдерісінде өз өлкесінің тарихын, табиғатын зерттеуде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін, әдістемелік тұрғыдан жан-жақты қарастырған.
Педагог Г. Қ. Тұрабаева өлкетану ұғымы туралы былайша ой қорытады: «Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттер жасамау - өлкетанудағы ең басты бағыт болып табылуға тиіс. Оны біз мектеп табалдырығынан бастап, жоғарғы оқу орындарында, ірі өндіріс орындарында іске асыруға тиіспіз. Сөйтіп, табиғаттың байлығын адамның игілігіне жаратуды ғылыми негізге көшіру қажет» [34] .
Педагог М. С. Маженақова «Өлкетану қай кезде де мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып қала береді. Ол оқу материалын нақты фактілермен толықтыру арқылы оқу процесін қызықтыруға әсер етеді, теориялық білімнің түйсікті қабылдауына әсер етеді, мектепті өмірмен байланыстырады. Бүгінгі күні өлкетану материалдарының танымдық қызметті белсендірудегі орны айқындығы дәлелденген кезде өлкетану материалдарын оқу пайдалану, әрбір мұғалімнің міндеті болып табылады» [33] .
Демек, өлкетану - туған өлкенің тарихын, салт-дәстүрін, жырлары мен аңыздарын тануға бағытталған жұмыстар жиынтығы. Сонымен, «өлкетану» ұғымын тек адам баласының туған жерін тануға арналған танымдық әрекеттерінің жиынтығы деп түсінуге болады.
«Өлкетану» ұғымына түрлі мағына беруге болады. Негізгі зерттеу объектісі − жер, территория, табиғат, аймақтың халқы, тарихы, шаруашылығы, өнері мен мәдениеті. Бұлар түрлі саладағы ғылымдардың объектісі, сондықтан оларды зерттеуде түрлі әдістер қолданылады.
«Өлке» − өлкетану әдістерінің жалпы зерттеу объектісі. Біздің пікірімізше «Өлке» − ұғымы - шартты, оның мазмұны зерттеу мақсатына сай ашылады.
Жоғарыда келтірілген педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, өлкетану туралы біз:
біріншіден , өлкетану - «өскен ауылы» ұғымына қарағанда кең ұғым, бұл Отанды тану дегенді білдіреді;
екіншіден , адам табиғатсыз, вакуумда тумайды, адамның жеке тұлғалық қабілеттері қоршаған ортамен қарым-қатынаста, іс-әрекет барысында қалыптасады;
үшіншіден , өз өлкесін, туған жерін сүйген азамат өзіндік пікірі бар, саналы, танымдық іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға деген тұжырым түйіндедік. .
Кемеңгер педагог Т. Шонанов: «Туған өлкесін білмейтін адам дүниені білмейді»-дей келе, мектепте «өлкетануды» насихаттау формасын және өрісін кеңейту керек, яғни өлкетану өсіп келе жатқан ұрпақтардың өз Отанын ойша емес, нақты сүюі үшін аса қажет» -деп жазды[41] .
Ж. Аймауытовтың бүкіл еңбектерінде ана тілінің тәрбие құралы екендігі, тәрбиенің ұлттық сипатта болуы, ұлттық мектепте ұлттық сипаттағы тәрбие жүйесі болу қажеттігі туралы ойлары жүйеде көрініс тапқан. Ж. Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» атты кітабында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, еңбек пен өнер арқылы балаға өнеге көрсетудің ұтымдылығына, туған жер тәрбиесіне, кең тоқталады, себебі адам тәрбиесінің жемісі екендігін айтқан. Ол бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. «Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт − жас күнінде көрген өнеге». Ол өнеге туған жердің салт-дәстүрі мен әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген дұрыс тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп, атамыз қазақ тауып айтқан[42] .
Бүгінгі күні мектепте өлкетану жұмыстарының жай-жапсары туралы М. С. Маженақова былайша ой топшылайды: «Мектеп өлкетануында екі қарама-қайшы бағыт қалыптасқан: Біріншіден - оқу-тәрбие өлкетану материалдарының орнын бағаламаушылық болса, екіншісі - асыра бағалау болып есептелінеді. Бұл екі тенденция да кері. Ең бастысы, біздің ойымызша, мектеп практикасында өлкетану материалдарын пайдалану оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жетілдіреді деп түсінуге болады» [33] .
Педагог-ғалым А. Бекмағамбетов өлкетану деректерінің оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі маңызы жөнінде былайша пікір білдіреді: «Өлкетану құндылықтары арқылы оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруда нақты айғақтың, деректер, тарихи құжаттардың шындықты дәлелдеп отыратынын айта келіп, өлкетану құндылықтарының бүгінгі мазмұнын патриоттық тәрбиемен байланыстыру аса қажет. Патриотық тәрбие беруде арқау болатын өлкетану құндылықтарының негізгі мазмұны мынадай мәселелерді қамтығаны жөн деп санаймыз:
- Өлкенің тарихы;
- Өлкенің табиғаты және қорлары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz