Ақша қаражаттарын басқару саясаты


Соңғы жылдары, әсіресе отандық және халықаралық экономикалардың дағдарыс жағдайында, кәсіпорынды қаржы басқару жүйесінде оның қызметінің шаруашылық нәтижелеріне әсер ететін ақша ағындарын ұйымдастыру мәселеріне көп көңіл бөлінеді. Қаржылық менеджмент дамуымен бұл категорияның практикалық қолдануы кең тара бастады және ғылыми-теориялық аспектіде терең қарастыруды талап етеді.
Шаруашылық операцияларын өткізу жөніндегі көптеген басқарушылық шешімдерді іске асыру ақша қаражатының пайдаланумен байланысты. Ақша қаражаттары - бұл тауарлар мен қызметтерді алуға әрдайым пайдаланылатын активтердің жиынтығы. Олар кәсіпорын үшін жоспарлау, есеп және бақылау, сыртқы ортамен байланыс құралы ретінде көрінеді және шаруашылық әрекеттің маңызды элементі болып табылады. Ақша қаражаттарына кассадағы ақша қаражаттары мен талап ету депозиттері жатады. Ақша қаражаттарының қозғалысы - ол ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Ақша ағындарын басқару айналым қаражатын қажетті көлемін қамтамасыз етуге, ұйымның айналымнан тыс активтерді қаржыландыруға, ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды қалыптастыруға, тұтастай алғанда ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын сақталуына бағытталған.
Ақша қаражаттары айналым активтердің ең өтімді бөлігі болып табылады. Олар өндірістік циклдің бастапқы және соңғы пункттері болып келеді және, еңбек заттарды сатып алу, тауарларды (қызметтер) өндіру және сату және олардаң түсім алуды қамтиды. Пайда алу үшін бағытталған кәсіпорынның шаруашылық қызметі ақшалай қаражаттардың әр түрлі активтеріне аударылуды талап етеді, олар, өз кезегінде, сату процесі ретінде дебиторлық берешекке айналады. Қызметінің нәтижелері қол жеткізілген және түпкілікті болып саналады кәсіпорынға инкасациялау процесі белгілі бір көлемінде ақшалай қаражат әкелсе, сөйтіп, жаңа цикл бастау үшін базасын құрастырса.
Қазіргі жағдайда ақша ағымын басқару қаржы менеджер қызметінің ең өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл келесімен байланысты, объективті әркелкілік түсімдер мен төлемдер, немесе күтпеген мән-жайлар салдарынан шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымдағы міндеттемелер орындалу мәселелері пайда болуы мүмкін. Кәсіпорынның айналым активтерінің ретінде ақшалай қаражаттардың ұқсас жай-күйінің себептерін анықтайтын аналитикалық ақпарат болмауы, нәтижесінде кәсіпорынның толық төлеу қабілетсіздігіне әкелуі мүмкін.
Ақша ағымын басқару кәсіпорынның капитал айналымын тездетудің маңызды факторы болып табылады. Бұл ақша қаражаттарының займдық көзіндегі меншікті және қысқартылған қажеттілігін үнемділік қолдану, операциялық циклдің жалғастыруын қысқарту есебінде жүргізіледі. Демек, кәсіпорынның тиімді жұмысы ақша ағымын басқару жүйесін ұйымдастырудан толығымен тәуелді. Мұндай жүйе кәсіпорының қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларын орындауды қамтамасыз ету және қаржылық пен төлем қабілеттілік тұрақтылықты сақтау үшін құрылады. Мұндай жүйенің объектісі болып әртүрлі қаржылық және шаруашылық операцияларды орындаумен байланысты кәсіпорынның ақша ағымын табылса, ал субъектісі болып қаржылық қызмет және кәсіпорынның құрылымы, операциялар саны және т. б. табылады.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі кәсіпорынды басқаруда ақша қаражаттарын басқару және ақша айналымын оңтайлы басқару аспектілері арасында басты орын алатынында. Бұл кәсіпорынның өтімділігі қаржыны басқаруда бірінші орнына шығуына байланысты. Яғни, кәсіпорынға ең бастысы өзінің міндеттемелерін уақытында өтеу болып табылады. Ол кассалық бюджеттің теңгерімділігін және ақша қаражаттарын инкассациялау мен шығындарын дұрыс болжаудың көмегімен жүзеге асады.
Диплом жүмыстың мақсаты - ақша қаражаттарын жоспарлау және басқарудың теориялық аспектілерін зерттеп және «ПСК Өскемен-Құрылыс» ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау негізінде, оның ақша қаражаттарын басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау.
Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешумен жузеге асырылды:
- ақша қаражаттарының сипаттамасын және олардың топтастырылуын анықтау;
- ақша қаражаттарын басқару саясатының принциптерін анықтап, оның негізгі кезеңдерін ашып көрсету;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
- кәсіпорындағы ақша қаражаттарды басқару жүйесінің жетіспеушіліктерін анықтау;
- кәсіпорындағы ақша қаражаттарды басқарудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде «ПСК Өскемен-Құрылыс» ЖШС алынған.
Диплом жұмысын жазу барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетілген әдебиеттер қоры негіз болды. Сонымен қатар «ПСК Өскемен-Құрылыс» ЖШС-нің нақты мәліметтерінің негізінде талдау және есептеулер жүргізілді.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы - кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару жүйесін қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оны кәсіпорында жетілдіру жолдарын анықтау.
1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық аспектілері
1. 1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорын өтімділігінің үлкенірек деңгейін қамтамасыз ететін жоғарғы үлесті активтердің ең өтімді категориясы болып табылады [1] . Ақша қаражаттары қазіргі кездегі кәсіпорындардың өндірістік-коммерциялық циклінің басындағы сияқты аяғының да негізінде жатыр. Ақша қаражаттары жиі табысты емес активтер деп аталады. Олар төлемақыны төлеу, негізгі қорларды, материалдарды, шикізатты сатып алу үшін, салықты төлеу, қарызды жабу, дивидендті төлеу және т. б. үшін қажет. Сонда да ақша қаражаттары өздігінен табыс әкелмейді.
Ақша қаражаттарының баламалары - алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар болып табылады [2] . Ақша қаражаттарына кассадағы ақша қаражаттары мен талап ету депозиттері жатады (сурет 1) .
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ол ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама қаржы есептілігін пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын пайдалануда кәсіпорынның қажеттерін бағалау үшін негіз береді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді [3] .
Фирманың ақша қаражатының айналымы - үздіксіз процесс (сурет 2) қорының әрбір қолдану бағытына сәйкес қайнар көзі болуы тиіс.
Ақша қаражаттарының қозғалысына ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары болатын баптары арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметінің бөлігі емес, кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттарын басқаруға ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады [4] .
Ақша қаражаттарының баламалары инвестиция мен басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастылуы үшін инвестиция ақша қаражаттарының бұрын белгілі сомасы оңай айналысқа түсуге және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауға тиіс.
КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ
Ұлттық валютадағы ақша қаражаттары
Кассадағы ақша қаражаттары
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар
Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары
Жолдағы ақша қаражаттары
Шетел валютасындағы ақша қаражаттары
Кассадағы ақша қаражаттары
Валюталық шоттағы ақша қаражаттар
Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары
Жолдағы ақша қаражаттары
Қысқа мерзімді ақша салымы ретіндегі резервтік ақша активтері
Қысқа мерзімді ақша құралдары ретіндегі резервтік активтер
Қысқа мерзімді қор құралдары ретіндегі резервтік активтер
Сурет 1. Ақша активтерінің негізгі элементтеріДайын өнімнің қорлары
Аяқталмаған өндірістің қорлары
Шикізат және материалдар қоры
Еңбекақы
Тұрақты активтер
Төленген шоттар
Төлеуге берілген шоттар
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ
Жаңа акцияларды шығару
Басқадай шығындар
Сурет 2. Кәсіпорын ішіндегі ақша қаражатының ағымы
Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламалары анықтамасына оның өтеудің қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз мерзімі болған кезде ғана түседі.
Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады [5] .
Позитивті ақша ағымы дегеніміз кіріп жатқан ақшаның мөлшері (сату, үлестен шыққан табыс, акциялар және басқалары), ал негативті ақша ағымы шығып жатқан ақшаның мөлшері (сатып алу, жалақы, салықтар және басқалары) болып саналады [6] .
Таза ақша ағымы дегеніміз позитивті ақша ағымы мен негативті ақша ағымының айырмашылығы болып табылып, бизнестік ең іргелі сұрақтарына жауап береді.
Кәсіпорынның ақша ағымының жіктелуі келесі негізгі белгілері бойынша орындалады (кесте 1) .
Кесте 1
Негізгі белгілері бойынша кәсіпорынның ақша ағымының топтасуы
- шаруашылық операциялары бөлімі бойынша ақша ағымы
- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің бөлімі бойынша ақша ағымы
- жалпы кәсіпорын бойынша ақша ағымы
- операциялық қызметі бойынша ақша ағымы.
- инвестициялық қызметі бойынша ақша ағымы.
- қаржыландыру қызметі бойынша ақша ағымы
- теріс ақша ағымы
- оңды ақша ағымы
- стандартты ақша ағымы.
- стандартты емес ақша ағымы.
- таза ақша ағымы.
- жалпы ақша ағымы.
- сыртқы ақша ағымы.
- ішкі ақша ағымы.
1 - ші кестенің жалғасы
- ақша ағымының тапшылығы.
- ақша ағымының артықшылығы.
- балансталған ақша ағымы.
- балансталмаған ақша ағымы
- ұзақ мерзімді ақша ағымы.
- қысқа мерзімді ақша ағымы
- ақшалай емес ақша ағымы
- ақшалай ақша ағымы
- ұлттық валютадағы ақша ағымы.
- шетел валютасындағы ақша ағымы.
- тұрлаушы ақша ағымы.
- басты ақша ағымы
- толығымен болжамды ақша ағымы
- толық емес болжамды ақша ағымы
- болжамды емес ақша ағымы
- реттеуге ұшырамайтын ақша ағымы.
- реттеуге ұшырайтын ақша ағымы.
- өтімсіз ақша ағымы.
- өтімді ақша ағымы.
- ресми ақша ағымы.
- көлеңкелі ақша ағымы
- қазіргі ақша ағымы.
- болашақтағы ақша ағымы.
- дискреттік ақша ағымы.
- жиілік ақша ағымы
- қарастырылатын кезең шегіндегі әркелкі уақытша интервалымен жиілік ақша ағымы.
- қарастырылатын кезең шегіндегі теңескен уақытша интервалымен жиілік ақша ағымы.
Ақша қаражаттардың жіктеу топтарын толық қарастырайық:
1) шаруашылық үрдіске қызмет көрсету масштабы бойынша ақша ағымы келесідей бөлінеді:
- жалпы кәсіпорын бойынша ақша ағымы. Бұл жалпы кәсіпорынның шаруашылық үрдісіне қызмет көрсететін ақша ағымының барлық түрлерін шоғырлауға ақша ағымының агрегаттанған түрі;
- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің бөлімі бойынша ақша ағымы. Мұндай кәсіпорынның ақша ағымының дифференциациясы кәсіпорынның ұйымды - шаруашылық құрылымының жүйесіндегі оның басқару объектісінің дербестігі сияқты анықталады;
- шаруашылық операциялары бөлімі бойынша ақша ағымы. Кәсіпорынның шаруашылық үрдісінің жүйесіндегі мұндай ақша ағымының түрін дербес басқарудың алғашқы объектісі сияқты қарастыру керек;
2) шаруашылық түрлері бойынша халықаралық стандарттар есебіне сәйкес ақша ағымының келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:
- операциялық қызметі бойынша ақша ағымы. Ол материалдар мен шикізаттың жабдықтаушыларына ақшалай төлемдерімен; операциялық қызметті қамтамасыз етуші қызметтің жеке түрлерінің сыртқы атқарушымен; операциялық үрдістегі айналысқан және де осы үрдіспен басқарудағы орындаушы қызметкерлердің төлемақысымен; бюджеттің барлық деңгейіндегі және бюджеттен тыс қорларға кәсіпорынның салықтық төлемдерімен; операциялық үрдісті атқаруымен байланысты басқа да төлемдермен сипатталады. Бір уақытта бұл ақша ағымының түрі өнімді сатып алушылардан, қарастырылған халықаралық және ұлттық стандартты есебінің кейбір басқа төлемдері мен артық төленген сомаларын қайта есептеу тәртібіндегі салық органдарынан ақша қаражатының түсімін бейнелейді;
- инвестициялық қызметі бойынша ақша ағымы. Ол нақты және қаржылық инвестициялауды орындаумен, негізгі қаражаттар мен материалды емес активтерді сатумен, ақша қаражатының басқа ағымдары мен инвестициялық портфельдің ұзақ мерзімді қаржылық құралдарын ротациясымен байланысты ақша қаражаттарының түсімі;
- қаржыландыру қызметі бойынша ақша ағымы. Ол қосымша акционерлік капиталды тартумен, ұзақ және қысқа мерзімді несиелер мен займдарды алумен, кәсіпорынның шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландыруды орындаумен байланысты кейбір басқа ақша ағымдары мен өзінің салымдары бойынша пайыздар мен дивидендтерді ақшалай түрінде төлеумен байланысты ақша қаражаттарының төлемі мен түсімін сипаттайды;
3) ақша қаражаттарының қозғалыс бағыттылығы бойынша ақша қаражатының негізгі екі түрін бөледі:
- оңды ақша ағымы. Шаруашылық операциялардың барлық түрлерінен кәсіпорынға ақша қаражаттарының түсімдерінің жиынтығын сипаттайды;
- теріс ақша ағымы. Оның шаруашылық операцияларының барлық түрлерін атқаратынүрдістегі кәсіпорынның ақша қаражаттарының төлемдерінің жиынтығын сипаттайды;
4) ақша қаражаттарының қозғалыс бағыттылықтың вариативтілігі бойынша ақша ағымын келесідей түрлерін ажыратады:
- стандартты ақша ағымы. Оның бағыттылығы бір реттен кем емес ауысатын ақша қаражатының түріне мысалға капиталды ұзақ мерзімді облигациясына инвестициялау болып табылады;
- стандартты емес ақша ағымы. Оның бағыттылығы бір реттен артық өзгеретін ақша ағымының түрін сипаттайды. Мұндай ақша ағымының түріне мысалға капиталды кеңейткеннен кейін оның алынған табысын тұрақты қайта инвестициялаумен қаржылық құралдардың портфеліне инвестициялау болып табылады;
5) көлемді есептеу әдісі бойынша кәсіпорынның ақша ағымының келесідей түрлерін ажыратуға болады:
- жалпы ақша ағымы. Ол қарастырылатын уақыт кезеңіне оның жеке интервалдарының бөлігіндегі ақша қаражаттарының түсімі мен шығындануының барлық жиынтығын сипаттайды;
- таза ақша ағымы. Ол қарастырылатын уақыт кезеңіне оның жеке интервалдарының бөлігіндегі он және теріс ақша ағымының арасындағы айырманы сипаттайды. Таза ақша ағымы көбінде оның нарықтық құнының анықталған қаржылық теңдестігі мен өсу екпіндерімен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің маңызды нәтижесі болып табылады.
Таза ақша ағымының есебі жалпы кәсіпорын бойынша оның бөлімшелерінің жеке құрылымы, шаруашылық қызметінің әртүрлі түрлері немесе жеке шаруашылық операциялары келесі формула бойынша орындалады:
ТАА = ОАА - ТерісАА (1)
мұнда ТАА - қарастырылатын уақыт кезеңіндегі таза ақша ағымының сомасы;
ОАА - қарастырылатын уақыт кезеңіндегі оңды ақша ағымының сомасы (ақша қаражаттарының түсімі) ;
ТерісАА - қарастырылатын уақыт кезеңіндегі теріс ақша ағымының сомасы (ақша ағымының шығыны) ;
6) кәсіпорынға қатысты ақша ағымының сипаты бойынша ол екіге бөлінеді:
- ішкі ақша ағымы. Ол кәсіпорынның шегіндегі ақша қаражаттарының түсімі мен шығының жиынтығын сипаттайды. Бұл түсімдер мен төлемдері кәсіпорынның қызметкерлерімен, мекемелрмен, еншілес құрылымды бөлімшелерімен және т. б. -мен ақшалай қатынастарымен ынталандырылған операцияларымен байланысты;
- сыртқы ақша ағымы. Бұл ақша ағымының түрі шаруашылық серіктестіктерімен және мемлекеттік органдармен оның ақшалай қатынастарымен байланысты кәсіпорынның операциясына қызмет етеді. Осы ақша ағымының түрінің көлемі кәсіпорынның жиынтық ақша қаражатының бөлігін құрайды;
7) жеткілікті көлемінің деңгейі бойынша кәсіпорынның ақша ағымының келесідей түрлерін бөледі:
- ақша ағымының артықшылығы. Ол кәсіпорынның мақсатты бағытта шығындануының нақты қажеттілігін жоғарлатуды орындайтын ақша қаражаттарының түсімі кезінде ақша ағымының осындай түрі сипаттайды;
- ақша ағымының тапшылығы. Ол кәсіпорынның мақсатты бағытта шығындануының нақты қажеттілігін төмендетуді орындайтын ақша қаражаттарының түсімі кезінде ақша ағымының осындай түрі сипаттайды;
8) ақша ағымының өзара байланысты балансталған көлемінің деңгейі бойынша олардың келесідей түрлерін ажыратады:
- балансталған ақша ағымы. Олардың түрлерінің оң және теріс көлемінің арасындағы қамтамасыз етілген балансы бойынша жалпы кәсіпорынның немесе құрылымдық бөлімшелері және де жеке шаруашылық операциялары бойынша жиынтық ақша ағымының осындай түрін сипаттайды. Ақша ағымының жеке түрлерінің арасындағы балансталған байланыс келесідей есептеледі:
ОАА = ТерісАА + ∆АҚҚ (2)
мұнда ∆АҚҚ - қарастырылатын уақыт кезеңіндегі ақша қаражатар қорының өсу сомасы;
- балансталмаған ақша ағымы. Ол жоғарыда қарастырылған баланстық байланысын қамтамасыз етілмейтіні бойынша жалпы кәсіпорынның немесе құрылымдық бөлімшелерімен және де жеке шаруашылық операциялары бойынша жиынтық ақша ағымының осындай түрін сипаттайды. Кәсіпорынның шегінде жалпы балансталған тапшылық сияқты, сондай-ақ жиынтық ақша қаражаттарының артықшылығы да болып келеді;
9) уақыт кезеңі бойынша ақша ағымының негізгі екі түрін ажыратады:
- қысқа мерзімді ақша ағымы. Ол ақша түсімінің бастапқы кезеңінен немесе бір жылдан кем емес олардың толық аяқталуына дейін төлемі бойынша ақша ағымын сипаттайды;
- ұзақ мерзімді ақша ағымы. Ол ақша түсімінің бастапқы кезеңінен немесе бір жылдан артық олардың толық аяқталуына дейін төлемі бойынша ақша ағымын сипаттайды;
10) ақша қаражатын қолдану формасы бойынша ақша ағымының келесідей түрлерін ажыратады:
- қолма- қол ақша ағымы. Ол ақшалай ақшамен тікелей қызмет атқаратын кәсіпорынның ақша ағымының жиынтығының сол бөлігін сипаттайды;
- қолма - қол емес ақша ағымы. Ол қаржылық нарығының әр түрлі несиелік және депозиттік құралдарымен қызмет көрсететін кәсіпорынның ақша ағымының жиынтығының сол бөлігін сипаттайды.
Ақшалай және ақшалай емес ақша ағымының арасында тығыз өзара байланысты. Олар өзінің формасын өзгерте ақшалай және несиелік ақшасы жиі ақша айналымының бір аясынан келесі аяға ауысып отырады;
11) қолданылатын валюта түрі бойынша кәсіпорынның ақша ағымының келесідей түрлерін бөледі:
- ұлттық валютадағы ақша ағымы. Ол сол елдің мемлекеттік органдарымен сәйкестендірілген эмиттенті ақшамен қызмет көрсететін ақша ағымын сипаттайды;
- шетел валютасындағы ақша ағымы. Ол басқа елдердің валютасымен қызмет көрсететін ақша ағымын сипаттайды. Кәсіпорындағы мұндай ақша ағымы ережеге сай, сыртқы экономикалық шаруашылық операцияларын орындаумен байланысты;
12) шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінің қалыптасу маңыздылығы бойынша кәсіпорынның ақша ағымының келесідей екі түрін ажыратады:
- басты ақша ағымы. Ол таза ақша ағымының қалыптасудың жоғарғы деңгейін генерациялайтын қызмет түрлері немесе жеке шаруашылық операциялары бойынша ақша ағымының осындай түрін сипаттайды;
- тұрлаушы ақша ағымы. Ол шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесін қалыптастыруда онша орынды әсер етпейтін маңызды емес көлемі немесе өзінің функционалдық бағытының күшіндегі ақша ағымының осындай түрін сипаттайды;
13) пайда болу болжамы бойынша ақша ағымының келесі түрлерін бөледі:
- толығымен болжамды ақша ағымы. Ол көлем мен уақытты алдын-ала толығымен детерминациялануы мүмкін болатын ақша ағымының осындай түрін сипаттайды. Мұндай ақша ағымының түріне мысал ретінде амортизациялық ағым, қызмет көрсету және несиелік қаражаттарды қайтару және т. б. ақша ағымын айтуға болады;
- толық емес болжамды ақша ағымы. Ол сыртқы ортаның факторынан өзгеруі мүмкін болатынымен байланысты көлем мен уақыт алдын-ала толығымен детерминациялануы мүмкін емес болып табылатын ақша ағымының осындай түрін сипаттайды. Мысалы: өнімді өткізуден түсетін ақша қаражаттары және т. б. ;
- болжамды емес ақша ағымы. Ол кәсіпорынның операциялық, инвестициялық немесе қаржылық қызметінің орындалу үрдісіндегі күтпеген жайдайларымен және де алдын-ала жоспарланбаған операцияларымен байланысты ақша ағымының осындай түрін сипаттайды;
14) басқару үрдісіндегі реттеу мүмкіндігі бойынша бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz