Қаржы жүйесінің қағидаттары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1 Қаржы және қаржы жүйесінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..
1.1 Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні, ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қаржы жүйесінің негізгі буындары және олардың қызметтері ... ... ... ...
1.3 Қаржы жүйесінің негізгі буыны ретіндегі мемлекеттік бюджет ... ... ... .
8
8
18
25
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы мен қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қаржы жүйесінің негізгі буыны- мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Шаруашалық жүргізуші субъектілер қаржысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
32
46
3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту мәселелері мен жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Отандық қаржы жүйесін дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
54
54
57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
75
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
78
Кіріспе
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл -- ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Елдің басты қаржылық жоспары ретіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістер мен шығындар бөліміне талдау жасалды. Ең алдымен көрсеткіштердің өзгеруіне себеп болған негізгі факторлар айқындалды.
Зерттеудің нәтижелері көрсетіп отырғандай, 2015 жылы мемлекеттік бюджет кірістері 4,28%-ға артып 7 634 805 млн. теңге құрады. Бюджет кірістерінің қомақты бөлігін - 64% салық түсімдері құрап отыр. Алайда 2015 жылы салықтық түсімдер 4 883 913 млн. теңге құрап, 4,53% -ға азайды. Мемлекеттік бюджет шығындары 2015 жылы 8 227 097 млн. теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,6 %-ға артты. Мемлекеттік бюджеттің ең қомақты бөлігі - 20,8% әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына бөлініп, 2015 жылы барлығы 1 713 451 млн. теңгені құрады. Білім беру саласынына жұмсалған шығындар 1 364 737 млн. теңгені құрап 0,45-ға артты және барлық қығындардың 16,6% үлесін иемденді. Үшінші орында денсаулық сақтау саласына бөлінген шығындар - 863 899 млн. тенге құрады, өткен жылмен салыстырғанда 0,9%-ға артып, мемлекеттік бюджет шығындарының 10,5%-ын иеленді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржы және қаржы жүйесі ұғымдарының теориялық негізі мен отандық қаржы жүйесінің негізгі буындарына талдау жүргізу арқылы еліміздің қаржы жүйесінің даму алғышарттарын айқындау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
oo Қаржы және қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
oo Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
oo Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
oo Еліміздегі қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
oo Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерін қарастыру;
oo Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.
Зерттеу пәні ретінде отандық қаржы жүйесінің даму ерекшеліктері мен құрылымы қарастырылды.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның негізгі буындары танылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің еңбектері, монографиялары мен баспасөз мақалалары, статистикалық құжаттар қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде қаржы жүйесі саласындағы ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресейлік және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банктің, ҚР статистика агенттігінің ақпараттары, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық мазмұнын, оның атқаратын қызметтері жайындағы мәселелер қарастырылды.
Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымына, яғни мемелекеттік қаржы мен соның ішіндегі мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығындарына талдау жасалады.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және жетілдірудің бағыттары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, дипломдық жұмыс тақырыбының негізін ашатын негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қоладынлған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс 78 беттен, 13 кестеден және 8 суреттен құралған.
1 Қаржы және қаржы жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні, ұғымы және маңызы
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Еліміздің қаржы саласын ғылыми зерттеуде аса елеулі үлесімен танылған отандық ғалым С.Құлпыбаевтың берген анықтамасы бойынша, қаржы - ақшалай қаражаттарды, қаржылық ресурстарды олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин [1, 11 б.].
Тағы бір отандық ғалымдар О.Сәбден мен С.Р.Тоқсанбайдың берген анықтамасына сәйкес, қаржы - мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы [2, 503 б.].
Ресейдің белгілі ғалымы Жуков Е.Ф. өз еңбегіндекелесідей анықтама берген, қаржы - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарауындағы барлық ақша ресурстарының жиынтығы, сонымен қоса олардың құралуы, бөлінуі мен қолданылуының жүйесі [3, 21 б.].
Жоғарыда келтірілген барлық анықтамаларда қаржы ең біріншіден ақша ресурстарының жиынтығы, олардың құралуы, бөлінуі мен қолданылуын білдіретін аса маңызды экономикалық категория екендігі айтылған.
Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы - ақша қатынастарының ажырамас бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Сөйтіп кез келген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кез келген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек қана өзіне тән қасиеттері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.
Қаржының ерекше белгілері: қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепе-тендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес). Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді.
Қаржының қажеттігі тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдаланылады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен болатын экономикалық қатынастар [1, 17 б.].
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жүмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзкарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады.
Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қорыта келгенде, қолдағы қаржы мемлекеттік үлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.
Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған.
Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда тауар деген үғымды білдіреді. Бүл арада теориялық түрғыдан айрықша атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды.
Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды.
Қаржы - ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді.
Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес) [4, 37 б.].
Қаржының қажеттігі тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары - бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары [5, 52 б.].
Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзак эволюциядан өтті. Каржы қатынастарының пайда болуы кезінде каржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекетік бюджетпен шектелді.
Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынгы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын калыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардын комегімен мемлекет өзінің саяси жэне экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржылық қатынастарының жиынтығы;
2) ақшалай қорлардың жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оган кіретін элементтердін (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатгалады: қаржы бір жағынан, өндірістік катынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйсінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінін функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады (сурет 1).
Сонымен бірге жалпы институционалдык тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл каржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалык тұргыдан -- ол мемлекетте іс-әрекст ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шыгармаған жөн.
Қаржы жүйесі
Қосалқы жүйелер
Салықтың
Бюджеттің
Сыртқы экономикалық қатынастардың
Кадрлық қамтамасыз етудің
Нормативтік заңнамалық қамтамасыз етудің
Қаржылық бақылаудың
Қаржыны автоматтандырылған басқарудың
Қаржы жоспарларының, есептің, статистикасы
Қамтамасыз етуші қосалқы жүйелер
Базалық қосалқы жүйелер
Сурет 1. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді (сурет 2).
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.
Қаржы жүйесінің қағидаттары.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Жалпымемлекеттік қаржы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Үй шаруа-шылық-тарының (халық- тың қаржысы)
Мемлекеттік бюджет
Мем-лекет-тік кредит
Мемлекет-тік арнаулы бюджет-тен тыс қорлар
Мате-риал-дық өнді-ріс сфе-расы-ның қар-жысы
Қызметтер көрсету сферасының қаржысы
Респуб-лика-лық бюджет
Жергілікті бюджет-тер: облыс-тардың бюджет-тері, қалалық, аудан-дық бюджет-тер
Мемле-кеттік борыш (ішкі, сыртқы)
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру-дың мемлекеттік қоры, Ұлттық әл ауқат қоры, Ұлттық инновация-лық қор, ҚР Ұлттық қоры
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, қоғамдық ұйымдардың, банк кредит, сақтық, коммерциялық және делдалдық ұйымдардың, мемлекеттік емес (соның ішінде зейнетақы) және басқа субъектілердің (басқару, қорғаныс, құқық қорғау органдаының) қаржысы
Орталықтандырылған қаржылар
Орталықтандырылмаған қаржылар
Сурет 2. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің сызбасы
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі [1, 40 б.].
Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде - залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет [6, 74 б.].
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
oo мемлекеттің бюджет жүйесі;
oo арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
oo мемлекеттік несие;
oo жергілікті қаржы;
oo шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
oo халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
oo мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
oo шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан - бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:
oo біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
oo екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр [1, 42 б.].
1.2 Қаржы жүйесінің негізгі буындары және олардың қызметтері
Мемлекеттің каржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны кажетті акшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады жэне олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік катынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің каржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының каржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің күны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді [7, 32 б.].
Мемлекет (өзінің билік пен баскару орғандары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттык өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңкы каркынмен өсуі мемлекеттің каржыларына тән сипат болып табылады. Бұл кұбылыс XIX ғасырдагы неміс экономисі Вагнердің заңы - Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне карағанда жылдамырак өсуі тиіс.
Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлғіштік түжырымдаманың іс-әрекеті колайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды.
Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нактылы өндіріспен байланысты (мемлекеттік кэсіпорындар, үлттық холдингтер мен компаниялар) каржылык катынастар эрекеті жағдайларында мемлекет каржысының ұдайы өндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілғен түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның адамның өсіп-өнуіне, оның материалдык, әлеуметтік, табиғи және моралдық игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бүл мағынада каржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғүрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-кимылдарының қажеттігінен туындай- тын (10.1 параграфтағы 3,4,5 тармақтар) кұрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бүл: 1) орналастыру; 2) кайта бөлгіштік; 3) тұрактандыру косалқы фүнкциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы коғамдық тауарлар, игіліктер жэне кыз- меттер көрсету рыноктық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру жэне халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі жэне орналастыруы кажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды жекеше және коғамдық тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында қайта бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салык салумен үйлестіретін салықтық трансферттік түсім аркылы;
2. баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды коғамдык шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3. ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы кұралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе өнді рушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық-трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм де тиімділік шығындарысыз емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-эрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары жэне салық салудағы озгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сүранымға ықпал жасайды. Осыған байланысты бұл қосалқы функция каржының ұдайыөндірістік функңиясына барып тіреледі жэне мемлекет жұмылдырған қаржылық ресурстарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестиңиялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін.
Мемлекеттің каржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктердегі бақылау функциясын орындайды.
Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның кұрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың эрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.
Мемлекеттің каржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс цорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдыц кәсіпорындар мен ұйымдардың царжыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялык арналымының аркасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спект- ріне, салалық жэне аумақтық проблемаларды шешуге ыкпал етеді. Экономикалық жэне әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жачпы мемлекеттік (республикалыц) және жергілікті (муниципалдыц) қаржылар болып бөлінеді.
Функциялык арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылык байланыстардың аркасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалык аспектілерде көптеген экономикалык және әлеуметтік үдерістерге ықпал жасай алады.
Егер қаржылык катынастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының қүрылымын шамамен мы- надай түрде көрсетуге болады (сурет 3).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы
Республикалық қаржы
Жергілікті (муниципалды қаржы)
Кәсіпорын-дардың қаржысы
Мемлекет-тік кредит
Бюджеттен тыс қорлар
Бюджет
Сурет 3. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы
1. Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, бірақ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды [1, 44 б.].
Сақтандыру - сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала [8, 45 б.].
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің әдісі.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері:
oo шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
oo қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
oo қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
oo коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қаржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
oo бюджеттік қаражаттар;
oo бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
oo халықың қаражаттары;
oo әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
oo келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген қаражаттар;
oo өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан түскен табыс;
oo мүлікті жалға беруден түскен табыс;
oo мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары [1, 115 б.].
Қоғамдық бірлестіктер - мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
oo әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты қоғамдық ұйымдар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz