Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ КӨПТІЛДІК НЕГІЗІ
Дипломдық жұмыс
Қостанай, 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Білім беру саласында музыка сабағында көптілдік білім беру негізі . . . 7
1. 1. Мектепке дейінгі оқушылардың көптілдік білім беру теориясы . . . 7
1. 2. Музыка сабағының көптілдік білім беру үрдісімен үйлесімі . . . 18
2. Мектепке дейінгі музыка сабағының барысында музыка мұғалімінің көптілдікті насихаттауы, практикумы . . . 30
2. 1. Мектепке дейінгі музыка сабағында көптілдік білім беру тәрбиелік мәні, іс-әрекеттердің әдістері . . . 30
2. 2. Музыка сабағында көптілдік жұмыстың практикумы және экспери
менттің негізгі этаптары . . . 43
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Қосымша - «Ана - аса қымбатты жан» сценарийі . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейтестігі: Адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі болып табылатын қымбат дүниесі - оның тілі. Әрбір тіл адам баласының қатынас құралы болуымен қатар, сол халықтың мәдениетін, өркениетін, музыкатік күйін, дүниетанымын бейнелеуде маңызды және шешуші рөл атқарады. Әр тілдің сөз байлығы халықтың рухани өмірін, тарихын, ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесін сипаттау құралы болып табылады.
Тіл - халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы, рухани 15 құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші формасы десек, белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі - халықтың тарихынан алшақ қарауға болмайды.
Қоғамда қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тіл арқылы ұлттық менталитет, ұлттық мәдениет және рухани құндылықтар көрініс табады.
Тіл - мәдениет тасымалдаушысы болса, әрбір мәдениет өзін дүниеге әкелген халықтың немесе қауымның іс әрекетінің нәтижесі болып табылады. Мәдениеттің дамуы мен жүзеге асуы, этностың өмір сүруінің сипаты мен ерекшелігін көрсетеді. Сол себепті, әрбір мәдениет сол халықтың мінез-құлқын, мұраларын, діни нанымдары мен құндылық бағдарларын, дүниетанымдық көзқарастарын көрсетеді.
Көптілділік - бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болады.
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік 22 беретін қажеттілік.
Үш тілде оқыту - заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, музыкатік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі музыкатік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.
Қазіргі таңдағы жалпы музыкалық тәрбиенің басты мақсаты - қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланыстылығын түсінетін эстетикалық және музыкалық танымы дамыған рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталып отыр. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның жас ұрпаққа түрлі де жан-жақты әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі оқушыларға көптілдік білім беруді қалыптастырудың теориялық негізін анықтап, әдістемелік тұрғыдан дәлелдеу, ұсыныстар жасау.
Зерттеу объекті: мектепке дейінгі білім беру мекемесі
Зерттеу пәні: музыка сабағында көптілдік білім беру бағдарламасын үйлестіру арқылы оқушылардың заманауи білімін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тілдердің үштұғырлығы туралы Елбасының халыққа Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру барысындағы іс-шаралардың беталысын зерделеп, нәтижелерін айқындап, келешекте атқарылатын жұмыстарға бағдар жасау.
2. Музыка мұғалімінің жан-жақты, көптілді қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
3. Музыка сабағында музыка мұғалімінің көптілдік қабілетін айқындайтын педагогикалық шарттар жиынтығын анықтау.
4. Көптілдік білім беру ордасында музыкалық әдістемелерді қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: музыкатану қағидалары; жеке тұлғаның ортада бүтін болып қалыптасуы туралы философтар мен психологтардың ережелері; таным теориясы; жеке іс-әрекеті теориясы; дамыта оқыту теориясы; біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы; психологтардың және педагогтардың білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру туралы еңбектері.
Зерттеудің көздері: ҚР білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, есептері, педагогтар, музыкатанушылар мен мәдениеттанушылар ғылыми еңбектері, алдыңғы қатарлы озат педагогикалық тәжірибелер мен автордың өзіндік ұстаздық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: теориялық (философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдениеттану, музыкатану әдебиеттерге талдау, модельдеу, өз тәжірибесіне талдау), эксперименталдық (анықтау, қалыптастыру, бақылау), алынған ақпаратты статистикалық өңдеуден өткізу әдістері (салыстыру, қорытындылау, талдау, өңдеу) оқушылардың музыкаға қызығушылығын қалыптастыруға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламалар, музыка мұғалімдерінің озық тәжірибелерін зерттеп талдау.
Зерттеудің практикалық маңызы:
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрену бойынша Интернет-портал құру;
- мектепке дейінгі білім беру мекемесінде көп тілді білім беру бағдарламасының іске асырылу процесіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін платформалар және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу;
- көптілділікті ендіру технологиясы бойынша курстық іс-шаралар сериясын өткізу;
- көптілді сөздіктер, оқу құралдарын және дидактикалық материалдарын әзірлеу;
- пән мұғалімдері үшін өз тиімділігін растаған күндізгі-қашықтан оқыту түрінде ағылшын тілі бойынша курстық іс-шаралар өткізу;
- мектепке дейінгі оқу орындарында көптілді білім беруді енгізу бағдарламасын енгізу.
Зерттеу базасы: мектепке дейінгі білім беру мекемесі
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА МУЗЫКА САБАҒЫНДА КӨПТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗІМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨПТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ
Еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өміріндегі жаһандық өзгерістер білім беру жүйесінде жаңа музыкатік маңызды бағдарларды туындатты. Бүгінгі таңда білімдік қызмет көрсету нарығына көп ұлтты және көп мәдени ортада белсенді және тиімді әрекеттесуге қабілетті, басқа мәдениеттерді сыйлайтын, түсіну қабілеті дамыған жоғары сапалы мамандар қажет болуда. Осыған байланысты, оқу орнының маңызды міндеттерінің бірі білім беру мазмұнын көп мәдениетті мазмұнда кеңейту, болашақ мамандарға мәдениаралық өзара әрекеттесу үшін әлемдік мәдени мұраларды және шет тілдерін меңгеруге деген талаптарды жоғарылату болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне үш тілде білім беруді енгізу - алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың сөзсіз маңызды қадамы болмақ. Үш тілде білім алу және оны шын мәнінде меңгеру білім алушыларға түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрінен хабардар болуына ықпал етеді. Көпэтносты Қазақстан үшін көптілді білім - бұл оқытудың мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылған, шамаланған үштұғырлы процесі. «Қазақстан әлемде тұрғындары үш тілді қатар қолданатын, яғни қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі - әлемдік экономиканың жетістікті интеграциясы ретінде, жоғары білімді елдер қатарында қабылдануы тиіс», - дейді Н. Ә. Назарбаев [1] .
Көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің сан алуандығы - бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр оны Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан көруге болады.
Білім беру жүйесінің түпкілікті модернизациялану үрдісінде шетел тілдері де алдыңғы қатарлы рөл атқарады. Үштілді білім беруге ұмтылу Еуропалық кеңес елдер тенденцияларына то- лыққанды сәйкес келеді.
Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі - қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті халық үрейлі кейіпте елестетеды және де мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл - ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны - аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақ тілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.
Әбу Насыр әл-Фараби атамыз өз заманында жетпіс тілді жетік меңгерген дейді. Біз сол үшін өзіміздің ұлы тұлғаларымыздан үлгі алуымыз керек. Тарихқа үңілетін болсақ біз заманында қауһарлы елдердің әлсіз елдерді басып алып өзінің саясатын жүргізіп сол елге білімі мен тілін үйреткенін байқадық, кейбір елдер өз тілін ұмытып жоғалтып алса, кейбіреуі көзінің қарашығындай сақтап қалды. Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ демекші, біз өзімізге қазіргі уақытта маңызды құндылықтарымызды бағалай алуымыз және оны ары қарай дамытуымыз ертеңгі ел болашағына зор үлес қосу деп санаймын. Болашақ жастар көп тіл білгеннен ұтылмайды керісінше көп нәрсені талдау, саралау кезінде ұтымды көзқарас жасай алады. Қазақстанды шет елге танытуға да көп көмегін береді.
Қара сөзбен әлемге таңдай қақтырған, әлем әдебиетімен тереземізді теңестірген Абайдың, қазақ қанына ғана тән суырып салма өнерімен талай жырды жырлаған ақын-жыраулардың ұрпағы, біздер, Қазақ жастарына үш тілді жетік меңгеру қиын емес деп ойлаймыз. «Оян қазақ» - деп ұрандаған Алаш азаматтары қаншама түркі тілдерін жетік меңгергені бізге мәлім. 1924 жылы маусымының 12-18 күндері аралығында Қазақ АКСР-нің сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» термин туралы (пән сөздері) баяндама жасаған Елдес Омарұлы былай деген: «Пән сөзді өз тілімізден таба алмаған күнде, не күнделікті қолданған латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда - оны тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек». Бұл жерде айтайын дегенім кез келген шет елдегі кіріспе сөздер аударылмай сол күйінде қалуы керек. Оларды өз тілімізге аударған жағдайда бастапқыда аталатын мәні өзгереді [2, 53б. ]
Ғылыми әдебиетте «көптілді білім беру - бұл білім беру мекемелерінде оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде аудармасыз оқыту» деген ұғым қалыптасқан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі түлек - көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.
Сол Алаштың жаққан тіл арқылы білімді игеру отын сөндірмейік деп, тіл үйренген, білім қуған жастар біз боламыз!
«Көптілділік» кез келген тұлғаның қалыптасуына және болашақта Қазақстан Республикасының жан - жақты дамуына әсер етуі үшін қажетті құралдардың бірі, сонымен қатар, «модернизациялану», «жаһандану» үрдістерін қабылдаудың бірден-бір құралы болып табылады. Қорыта келе, көптілділікті жеке тұлға қылаптастырудың негізі ретінде қарастырып, зияткер тұлға қалыптастыруды заманауи халықаралық деңгейде білім беру кеңістігіне шығатын дара жолдың зерттеу нысаны есебінде санау қажет.
Көптілді тұлға - бірнеше тілді белсенді түрде сенімді қолданатын адам. Көп тілді тұлғаның бір мезгілде бірнеше тілді меңгеріп, адамзат тәжірибесінің музыкатік маңызды «фрагменті» ретінде тіл білімі мен оны үйрену дағдысын, сөйлеу әрекетін нақты көрсете алатын, сондай-ақ тіл мен мәдениетке деген құндылықты тұрғыдағы қатынасына дербес тәрбиеленуі мен дамуы.
Білім беру музыкалық құбылыс ретінде, ең алдымен, ол - объективтік қоғамдық құндылық. Кез келген қоғамның адамгершілік, зиялылық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және музыкатік әлеуеті білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда ол өз кезегінде сол музыкатік қызметтерді жүзеге асыратын қоғамның тарихи ерекшелігіне қатысты. Білім беру - музыкалық даму міндеттерін, қоғамның экономикалық және мәдени деңгейін, оның саяси және идеологиялық сипатын бейнелейді. Ол белгілі бір ғылыми білімдерді, адамгершілік құндылықтарды, мінез-құлық дағды-нормаларын меңгеруге бағдарланған қоғам мүшелерін үздіксіз оқыту және тәрбиелеу қызметін атқарады. Ол үшін білім беру мазмұны икемділік, өзгермелілік, вариативтілік, бейімділік, тұрақтылық, келешектік, сабақтастық, біртұтастық, әмбебаптық сияқты гумандық сипаттарға ие болуы шарт [3, 92б. ]
Білім беру қоғамдағы музыкатік-экономикалық өзгерістерге икемді және өзгермелі түрде бейімделе отырып, өзінің педагогикалық болмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар ол дәстүрлі түрде қалыптасып жататын және бірін-бірі алмастырып жататын білім беру тұжырымдамаларын жалғастырушы да, әрі келешектік сипаты айқын болуға, жастарды өмірге сапалы дайындауға міндетті.
Білім беру мекемелерінің сан түрлілігі жағдайында яғни білім беру жүйесінің құрамдастарының вариативтілігінің жағдайында, үздіксіздігі жағдайында ол біртұтастылығымен ерекшеленеді. Білім беру, сондай-ақ, өзін өзі тануға, өз мүмкіншіліктерін жете білуге, сандық және сапалық тұрғыдан байып отыруға, өзгерістерге жедел үн қатуға ашық жүйе. Білім беру үшін қызмет көрсетудегі өзгерістерге ол әрқашан ашық және дифференциалды болуға ұмтылады. Білім беру жүйесі өзінің сан түрлі мекемелерін адамға таңбайды, яғни оның білім алудағы таңдау еркіндігін шектемейді, керісінше адам жеке білімдік өсу траекториясын өзінің қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай саналы түрде таңдайтын болады. Бұның бәрі, түптеп келгенде, қазіргі білім берудің гумандық, тұлғаға бағдарланушылық бағыттылығын күшейтіп бейнелей түседі.
Көптілді білім беруді дамыту бөлімінің міндеттеріне мыналар жатады:
- көптілді маман дайындаудың әдістемелік, мазмұндық, технологиялық және ресурстық (материалдық-техникалық, мамандар құрамы, ғылыми, оқу-әдістемелік) негіздерін жаңарту және дамыту;
- көптілді білім беруде пәндерді шет тілінде жүргізетін оқытушы-профессорларды қайта даярлау, біліктілігін көтеруін жүйелі жүргізу;
- білімгердің жеке тұлғасының интеллектуалдық, рухани, адамгершілік дамуы және музыкатенуіне ықпал ететін оқу-тәрбиелік шаралар кешенін ұйымдастыру;
- көптілді білім беретін педагогтар еңбегін қолдау мен ынталандыруды арттыру;
- көптілді білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру.
Дамудың жаңаша биігіне көтерілген қазақстандық қоғамда білім адамдық іс-әрекеттің маңызды саласына айналды. Кез-келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ұлттың зияткерлік әлеуетінің қалыптасуымен, қоғамдағы мәдени, рухани-адамгершілік тәрбие деңгейімен анықталады. Мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген, жан-жақты білімді маманды дайындау - заманауи білімнің басты мәселесіне айналып отыр. Қазақстандағы тілдік жағдай - көп ұлттылықта, сан ғасырлық тарихта ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің етене араласуы, уақыт талабы заманауи жағдайда көп мәдениетті және көп тілді тұлғаны қалыптастыруда негізгі әдістемелік қағидалар мен тәсілдердің әзірлену қажеттілігін міндеттеп отыр.
Сол себепті, қазіргі білім беруге қойылатын басты талап - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі [4, 61б. ]
Елбасымыз Н. Назарбаевтың пікірінше, «Қазақстан өзінің көп ұлттылығымен бірегей және мықты. Бұл жерде теңдессіз көп мәдениетті кеңістік қалыптасқан, оның екеуі жетекші болып табылады. Бірі қазақ мәдениетінің және оның құрамдас бөліктерінің, тілінің қайта жаңғыруын көрсетуде. Жоғалтқанымызды тауып, оны қалпына қайта келтірудің объективті процесі жүріп жатыр. Екіншісі, орыс мәдениеті, онда орыс халқының ежелден келе жатқан дәстүрлері мен көп ғасырлық дамуы барысында қалыптасқан мәдениеті. Өз дербестілігімен қолданыста өмір сүріп жатқан мәдени ағымдарды мойындау, олардың өзара толығуын және өзара байып жатқандығына ешкім теріске шығара алмайды, әрине, бұл сіңісіп кету дегенді білдірмейді. Қазақстанның көп мәдениеттілігі - бұл қоғам дамуының прогрессивті факторы. Қазақстан халқының еуразиялық тамыры Шығыстың, Азияның, Батыстың, Еуропаның ағындарын біріктіруге және көп мәдениеттілікті дамытудың теңдессіз қазақстандық нұсқасын жасауға мүмкіндік береді».
Қазіргі таңда көп тілді білім беру көп мәдениетті тұлға қалыптастыру негізіне айналуда. «Көп тілділік» және «көп мәдениетті тұлға» секілді өзара байланысқан түсініктердің студенттердің әлемді жан-жақты тануына, бұған қоса, толеранттылық мақсаттарының қалыптасуына мүмкіндік туғызатын академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ететін жаңаша білім берудің негізіне айналып отырғаны да тегіннен тегін емес. Қазақстанда жүргізіліп жатқан тіл саясаты жөніндегі құжаттардың барлығында дерлік негізгі бағдар бірнеше тілді меңгеру қажеттілігі айтылады. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейімді болуға тиіспіз. Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс».
Мәдениеттер арасындағы байланыстардың қарқын алуы мен жаһандану үдерісі көп мәдениеттілік, түрліше ел өкілдерінің мәдени көп түрлілікке және басқа халықтардың мәдени ерекшеліктерімен төзімді қарым-қатынас жасау аясында әлемдік қауымдастық дамуының жаңа тенденцияларын туындатты. Білім беру мекемелерінде түрлі мәдени, ұлт және музыкатік топтардан жинақталған студенттер білім алады. Кей жағдайларда студенттер арасында өзге мәдениет ерекшеліктерін құрметтемеу жағдайлары, көп ұлтты студенттер топтарының ішінде тұлғааралық қарым-қатынастарда қақтығысу бой көрсетіп жатады. Осы орайда, көп мәдениетті білім беру және тәрбиелеу мәселелерін шешпей отырып, білім беруді жаңарту, Қазақстан Республикасы азаматын тұлға ретінде рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеп, дамыту, бұған қоса, күрделі қоғамдық қатынастар жағдайындағы бүгінгі әлемнің мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттесуге болашақ ұрпақты дайындау міндеттерін белгілеу мүмкін емес [5, 42б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz