Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде музыка сабағында көпмәдениетті білім беру негізі

Қостанай, 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

  1. Музыка сабағында көпмәдениетті тәрбиелеудің теориялық мәні . . . 7Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде көпмәдениетті білім берудің писхологиялық-педагогикалық негіздері . . . 7Көптілді білім беру үрдісінде көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың мүмкіндіктері . . . 18
  2. Мектепке дейінгі мекемеде балаларды көптілді білім беру үрдісіндегі әдістемесі . . . 33Мектепке дейінгі мекемеде музыка сабағында көпмәдениетті білім беру әдістері . . . 33Оқушылармен тәжірибелі-эксперименталды жұмысының нәтижесі . . . 45

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Қосымша - «Жасыл көктем мерекесі» сценарийі . . . 62

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда өркениет жаһандық дамуды басынан өткерген кезде біздің еліміз де тәуелсіздігімізді баянды етуде күрделі тарихи кезеңдерден өтті. Еліміздің алдында әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыда шешімін табатын мәселелер тұр.

Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемедер әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік тудыру, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасауда.

Елбасы Н. Назарбаев: «Мәдениет қазіргі заманғы еңбек адамына қарай бетбұрыс жасауы тиіс!» - деп көрсеткен бағдарлама елдің мәдени игілігін еселеудегі негізгі құжат болып табылады [1] .

Мәдениет - адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы; қарым - қатынас нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында: «Жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек» - деді [2] .

Соңғы кездері Қазақстандағы өзгерістер басты міндеттерінің бірі - заманауи мектепке дейінгі мекеметің тәрбие жүйесінде оқушылардың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыру болып табылатын білім беру саласын реформалауын іске асырды.

Осыған байланысты оқушыларға тәрбие және білім беруде «мәдениет адамы - өзгермелі әлеуметтікмәдени ортада әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарына бағдарланған, шығармашылықпен өзін өзі жүзеге асыруға, адамгершілікті өзін өзі реттеуге және бағдарлануға қабілетті еркін, рухани тұлға» моделіне бағыттаудың рөлі артып отыр.

Көпмәдениетті тәрбие бірнеше педагогикалық қағидаларда қиылысатындығын атап өткен жөн: - адамдық құндылықтарға және жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; - түрлі нәсілдердің, діндердің, этностардың және т. б. әлеуметтік топтардың бар екендігін ұғындырып тәрбиелеу; - төзімділікке, өзара ынтымақтастыққа дайын болуға тәрбиелеу.

Көпмәдениеттілікке тәрбиелеудің негізгі функциясы басым ұлттың тәрбие мен оқытудағы жүйелері және және нормалары арасындағы, сондай-ақ этникалық азшылықтағы қарама-қарсылықтарды жою болып табылады. Этникалық топтардың өзара бейімделуі, этникалық көпшіліктің мәдени диктаттан бас тартуы болжанады.

Көпмәдениетті тәрбиенің функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады: - мәдениеттердің көпқырлылығы мен олардың өзара байланысы туралы 31 пікірді қалыптастыру; - тұлғаның өзін жұмыс істету үшін мәдени көпқырлылықтың маңыздылығын ұғынуы; - мәдени өзгешеліктерге позитивті қатынаста болуға тәрбиелеу; - толеранттылық пен өзара түсіністік негізінде түрлі мәдениеттер өкілдерінің өзара әрекеттестік дағдылары мен ептіліктерін дамыту.

Көпмәдениетті тәрбие мақсаттың 3 бағытын көздейді, оларды «әр алуандық», «теңдік» және «бірлес» ұғымдарымен белгілеуге болады: 1) мәдени көпқырлылықты құрметтеу және сақтау туралы; 2) білім алуға және тәрбиеге тең құқықты қолдау туралы; 3) жалпыұлттық саяси, экономикалық, рухани құндылықтар ерекшеліктерінде қалыптастыру туралы.

Дипломдық жұмыста көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың жолдары баяндалды және оқушылардың жалпықазақстандық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі көрсетілді.

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі мекемеке дейінгі оқушыларына музыка сабағында көпмәдениетті білім беру теориялық негізін анықтап, әдістемелік тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: білім беру ордасында көптілдік мәдениетті қалыптастыру жүйесі.

Зерттеу пәні: музыка сабағында көпмәдениетті білім беру дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің міндеттері:

  • мәдени көпқырлылықты құрметтеу және сақтау туралы; жалпыұлттық саяси, экономикалық, рухани құндылықтар ерекшеліктерінде қалыптастыру туралы;
  • мектепке дейінгі мекемеке дейінгі білім беру ордасында музыка сабағында көпмәдениетті білім беру әдістерін қалыптастыру;
  • тәжірибелік жұмысты жүргізу, оның нәтижесін қортындылау және әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: музыкатану қағидалары; жеке тұлғаның бүтін болып қалыптасуы туралы философтар мен психологтардың ережелері; таным теориясы; жеке іс-әрекеті теориясы; дамыта оқыту теориясы; біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы; психологтардың және педагогтардың білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру туралы еңбектері.

Зерттеудің көздері: ҚР білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, есептері; педагогтар, музыкатанушылар мен мәдениеттанушылар ғылыми еңбектері, алдыңғы қатарлы озат педагогикалық тәжірибелер мен автордың өзіндік ұстаздық тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, музыкатану, мәдениеттану еңбектерге тарихи-педагогикалық талдау жасау, оқушылардың музыкаға қызығушылығын қалыптастыруға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламалар, музыка мұғалімдерінің озық тәжірибелерін зерттеп талдау.

Зерттеу базасы: мектепке дейінгі мекемеке дейінгі білім беру ордасы

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МУЗЫКА САБАҒЫНДА КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПИСХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған қуатты мемлекеттердің біріне айналып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласы да өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу үшін адамзат тәжірибесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді өз білім беру жүйесіне енгізе отырып, дамудың жаңа сатыларына көтеріліп келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болғандығын, Қазақстанның жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналып отырғандығын» атап көрсетеді. Олай болса, этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтауда маңызға ие жас ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Осыған байланысты, көпмәдениеттілікке қатысты білім беру мәселесі өзекті бола түсуде [3]

Біріншіден, қазіргі қоғамның ерекшелігі болып табылатын елдер мен халықтардың жақындасуы, олардың өзара ықпалдастығының күшеюі, әлемде жүріп жатқан жаһандану.

Қазіргі қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын мәдени жаһандану үдерісінің дамуы көбіне жоғары білім жүйесінде мамандар даярлау мәселелерінің қалай шешілетіндігіне байланысты. Мысалы мамандардың мәдениет аралық қатынастардың түрлі саласында түрлі деңгейдегі өзара қарым-қатынасқа түсе алуы мәселесі.

Жаһандану қарама-қайшылықты құбылыс бола тұра, дамуға бағытталған білім беру салаларының алдына кезек күттірмейтін міндеттерді қояды.

Бұл дегеніміз жас ұрпақты көп мәдениетті орта жағдайына дайындау. Олардың түрлі әлеуметтік топтармен, ұлттармен, діни сенімдері бөлек адамдармен қарым-қатынасқа түсе білу және әріптестікте бола білу дағдыларын қалыптастыру міндеті. Сондықтан әлеуметтік - мәдени келіспеушіліктердің алдын-алуға және оны реттеудің жолын іздеуге және табуға қабілетті, шыдамдылық таныта алатын көпмәдениетті тұлға қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады.

Диалог жүргізе білу үшін қажетті көпмәдениеттілік туралы айтқанда, өзге мәдениеттің адамын түсінуге, оны сол күйінде қабылдауға, қиын жағдайда қолдауға, сонымен бірге өз мәдениетіңді байыта түсуге мүмкіндік туады [4, 32б. ]

Тек көпмәдениетті игерген тұлға ғана жаһандану үдерістерін бәсеңдететін фактор әрі жаһанданудың жағымсыз ықпалына қарсы тұрудың тиімді құралы болады деген қорытындыға келеміз.

Екіншіден, біліктілік арттыру институтында жүргізілетін педагог қызметкерлерді кәсіби дайындауда білім саласы мамандарының кең мағынасындағы кәсібилікті игеріп шығуларын мақсат етіп қойған жөн, яғни, кәсіби қажетті білімдер мен дағдыларды игеруге бағытталып қана қоймай, кәсіби маңызды тұлғалық сапаларды қалыптастыру және жетілдіру болып отыр.

Осыған байланысты педагог қызметкерлердің білімдерін жетілдіре отырып, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту маңызды орын алады [5, 19б. ]

Қазіргі педагог мамандардың білімдерін жетілдіріп, көпмәдениетті тұлға ретінде дамыту үшін негіз болатын философиялық, психологиялық, педагогикалық ойлардың жиынтығы бар.

«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» - деп Елбасымыз атап өткендей, бүгінгі күні тек оқушыны біліммен ғана қаруландырып қоймай, оның жалпы мәдени, тұлғалық және танымдық дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бүгінігі қоғамның жалпы мәдени бола түсуімен байланысты.

XXI ғасырдың маңызды сипаты - жаһандану және ақпараттандыру. Елдер мен халықтардың жақындасуы, өзара әлемнің қалыптасуы жүріп жатыр. Елдердің өзара ықпалдастығы шеңберінде экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнайды. Сонымен бірге ана тілімен, мәдениетімен байланыстар сақталып, тұлғаның көпмәдениетті қоғамға шиеленіссіз енуі мен көпмәдениетті кеңістікке бірігуі іске асады.

Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, кросс-мәдениетті қоғамға бейімделуге, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет [6, 3б. ]

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

2) мектепке дейінгі мекеме пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

3) еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:

  • өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;
  • жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;
  • дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.

Қазақстан тарихы пәні арқылы көпмәдениетті тұлға қалыптастыру үшін қажетті үлкен тәрбиелік мәні бар материалдар жеткілікті. Оқушы ұлттық мәдениетін, тарихын игеру барысында өз халқының мәдениетіне тұлғалық қатыстылығын сезіне алады, ұлттық ұқсастықтарды айырады. Осыған байланысты оқушылардың бойында көпмәдениетті тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру қазақстан тарихын оқыту барысында да жүзеге асырылады.

Көпмәдениетті тұлға - бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу - бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады [7, 148б. ]

Бұл аталған мәселенің өзегінде мұғалім тұрады. Мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге дайындау ісінде басты рөлге ие болады. Оқушылардың бойында төл тарихына, туған өлкесіне, бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда мұғалім дайындығының рөлі зор.

Оқушының жоғарыда аталған қызығушылықтары Қазақстан тарихын, өлке тарихын оқытқанда, ғылыми-зерттеу, жоба жұмыстарын жүргізу кезінде жүзеге асады.

Бұл туралы Бауыржан Момышұлы «Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал» деген.

Қазіргі жаһандану заманында әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің дербес өмір сүруі мүмкін емес жағдайында, жаңа құзыреттілік тұрғысынан білім берудің мақсаты мен міндеттерін қайта қарастыру кезінде көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігі туындады.

Көпмәдениетті тұлға дегеніміз - көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүре алатын, өз халқының мәдениетін білетін, қастерлейтін, өзге мәдениеттерге құрметпен қарай алатын, елдегі басқа халықтармен ынтымақтастықта өмір сүруге бейім азамат [8, 232б. ]

Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. Қазіргі таңда білім беру саясатының негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті ұлт, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға - көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған адам.

Елбасының стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында «Қазіргі заманғы қазақтар ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс», - деген болатын. Міне, осы сөздерден кейін көп түрлі мәдениеттердің тұрақты даму жағдайында, полиэтникалық білім ортасында оқушылардың көпмәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі арта түсті [9, 296б. ]

Көпмәдениетті тұлға тәрбиелеуде әдебиет сабақтарының маңызы өте зор. Себебі, әдебиет - сөз өнері. Сөз адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. Әдебиеттің шыншылдығы мен көркемдігі артқан сайын тәрбиелік, өнегелік мәні күшейе түседі. Сондықтан да әдебиет, бала өмірінде, түсінігінде, сана-сезімінде ауқымды орын алады.

Қазіргі заманғы көпмәдениетті қоғамның сұранысынан әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаттары туындайды. Тұлға-ұлт-адамзат - бұл адамзаттың бірлескен мәдениет құрамы ретінде анықтайтын алғашқы ұғымдар. Жалпы адамзаттық ұғымдар - шығармашылықтың басы. «Жекеленген мәдениет болмайды, олар бір-бірімен қарым-қатынаста», - деп Леонид Андреев («Роза мира») айтқан болатын. Өз ұлтының, өз шығарушысының құндылығы бола тұра, әр мәдениет өз ерекшелігін сақтап, басқа мәдениеттерге әсер етеді. Ол туралы академик Д. С. Лихачев былай деген: «Шын мәніндегі патриоттық дегеніміз, рухани өзі толыға отырып, басқаларды толықтыру». Өнер ұрпақтар арасында, халықтар арасында, әр мәдениет өкілдері арасында қатынас жасайтын құрал. Яғни, өнердің негізгі функциясы - тұлғаға тәрбиелік және эстетикалық әсер етуден басқа, мәдениеттердің өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігі [10, 57б. ]

Біз, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекеме-интернатта жұмыс істейміз. Мемлекеттік тілде оқитын оқушыларымыздың тоқсан пайызға жуығы интернатта тұрып оқиды. Олардың барлығы ауылдардан келіп оқитындар. Оқушылардың жартысына жуығының психикалық дамуы тежелген. Оқушыларымыздың оқуға деген ынталылығы толық қалыптаспаған. Психикалық үрдістерін дамытып, түзетіп отырамыз. Олар: аз және көп уақытқа дейін есте сақтау, логикалық, көрнекіліктік-бейнелік ойлау, ықылас. Сол себептен осы оқушылардың даму ерекшеліктерін ескеріп, түзете жасалған жалпы білім бағдарламасы бойынша сабақ береміз. Мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемедегі білім беру үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сол себептен мектепке дейінгі мекеме-интернатымызда оқушыларымыздың білім беру барысымен қатар көпмәдениеттік тәрбиесіне аса зор көңіл аударамыз.

Сонымен, мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемеде әдебиет сабақтарын жүргізу маңызы мен мақсаты мәдениеттік сөйлесім, негізгі орын алатын заманауи көмәдениетті қоғам талабына байланысты. Сөйлесім түсінігі әдебиет курсының негізгі болып танылады. Бұл жерде оқушылардың тарихи мәдениет, әлемнің тарихи-мәдениеттік бейнесі бар сөйлесімін айтамыз. Олар оқушы танымы мен ықыласында пайда болады. Оқушылар кітапты тарихи-мәдени ойлау түсінік сөйлесімі, шектестік арқылы түсінуге үйренеді. Тек сөйлесім үрдісі кезінде ғана кітапты түсінуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан да сабақ жүргізудің негізгі түрі мұғалімнің кітап туралы әңгімесі, не мұғалімнің кітап түсіндіруі емес, шығарманы түсінуге бағытталған оқушылар мен мұғалім арасындағы - кітаппен жұмыс, сөйлесім.

Сөйлесім әр оқушының өз оқыған мәтіні туралы ойымен бөлісуден басталады. Өз сұрақтарын қояды. Кітаптағы кездескен қызықты не ерекше оқиға туралы айтады. Әр ойлар туындап, әртүрлі талас, пікір туады. Кітаппен жұмыс сол сұрақтарға жауап іздеу жұмыстарымен жалғасады. Бұл жұмыс арқылы мәтін талданып, түсінік беріледі. Мәселені талдаған кезде басқа да сұрақтар тууы мүмкін.

Мұғалім сабақ барысында сөйлесімді ұйымдастырып, жүргізеді. Әр оқушыға сұрақты, ойды, бейнені, мәселені анықтауды түсініп, көңілде ұстап тұрып, айтуға көмектеседі. Ол оқушының ойын сабақтың талқылау мәселесіне айналдырады.

Мұғалім сөйлесімге қатысудың бірі. Ол оқушыларды тарихи мәдениетпен, жанрмен, кітаппен, автормен таныстырады. Оқып жатқан шығарманы тарихи-мәдени және әдебиеттік құрамына ендіреді. Ол өз оқыған шығармасына деген ойын кітаппен жұмыс кезінде оқушылармен ұстанып, дамытады. Мәтінді оқыған кезде оны терең түсіну үшін тарихи-мәдени түсіну ойымен таныстырып, әдебиеттану мен мәдени түсініктерді енгізеді. Осы кітап не мәселе туралы ойланғанда сөйлесім барысына ақын, ғалым сияқты жаңа қатысушыларды ендіреді [11, 49б. ]

Осы сияқты ұйымдасқан түрде өткен жұмыс барысында оқушылар бір-бірін тыңдауға, басқа адамның ойын түсінуге, өз ойын тереңдетуге үйренеді. Осындай жағдайда көпмәдениетті сөйлесім өзара толығатын сөйлесімге айналады.

Психикалық дамуы тежелген оқушылардың қазақ әдебиеті сабағы мен сыныптан тыс іс-шаралар барысындағы көпмәдениеттік сөйлесім жағдайына тоқталайық.

Жұмыс барысында алға қойған мақсаттарымыз:

-ұлттық әдет-ғұрыптар мен қазақтандық, әлемдік мәдениет негізінде шығармашылық өзіндік дамып, этномәдениеттік және адамзаттық өзіндік танылуға қабілетті жанжақты, үйлесімді тұлға қалыптастыру;

-түлектерді мемлекет және заманауи даму жағдайында өмір сүруге дайындау, өзіндік даму мүмкіндіктерін, әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін кеңейту, өмір сапасын арттыру;

-білім беру үрдісін дамыту, ашық көпмәдени және көптілді әлемде жауапкершілікті, нәтижелі, кәсіби іс-әрекетке дайын оқушыны тәрбиелеу;

-оқушылардың байланысты ауызекі және сөйлеу тілдерін дамыту.

1. Әдебиеттен көпмәдениеттік тәрбие беру құралының бірі - фольклор шығармалары. Халық ауыз әдебиетін оқыған кезде кейбір халықтардың дәстүрлері салыстырылады. Оқушылар орыс халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, құрылымын, белгісін түсінген кезде, олар іс жүзінде ертегі әлемі мен құрылым заңының бірізділігіне көздері жетеді. Ұлт ертегілері мен орыс халықтарының ертегілерін оқыған кезде оқушылар өз ұлттық нәсілдеріне қарамастан барлық халықтар бақытқа ұмтылып, мейірбандық, өзара көмек, еңбекқорлық, ақылдылыққа ұмтылатыны туралы шешімге келді. Үй тапсырмасы ретінде жақсы, жаман қылықтарын салыстыру, жоғары адамгершілік қасиеттер туралы сөздік құрау берілді [12, 71б. ]

2. Жоғары мәдениетті, толерантты тұлға қалыптастыру үшін ежелгі қазақ, орыс шығармаларына көңіл бөлінеді. Мысалы: «Игорь полкы туралы сөз» орыстың, «Ер Тарғын» қазақтың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Тәрбиенің түрлері
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz