Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Пастереллез

Орындаған:
Тексерген:

Орал қаласы 2019ж.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Пастереллез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
І.1. Пастереллез ауырына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6
І.2. Пастереллез ауыруының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ. Патологиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ.1. Пастереллез ауыруының өту барысы және клиникалық белгілері ... ... ..10
ІІ.2. Пастереллез ауыруының алдын алу шараларының ветеринарлық ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе
Пастереллез - мал мен кейбір жабайы жануарлар қаның қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті жүру. Бұл індет ерте заманнан белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігін өткен ғасырдың аяғында 1880 жылы Луи Пастер дәлелдеді. Бұл ғалым осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп, олардың денесінен бөліп алынған микробтарды бірінші болып жасанды қоректе өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп аталып кеткен. Аурудың аса бір көрнекті белгілері өкпенің фибринді қабынуы, тері асты шел мен ет аралық шелдің көлемді домбығуы, кілегей қабық пен сірі қабықтарда көптеген қанталаулар, сондықтан да пастереллезді геморрагиялық септицемия дейді.
Пастереллез ауруына ірі қара, шошқа, қой, үй қояны, құстар және жабайы өгіздер, ешкілер, шошқалар, бұғылар, бұландар, ақбөкендер, киіктер шалдығады. Ауру жас малға және ересек малға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айрықша ересек малда кездеседі. Пастереллалар тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарын үнемі мекендейді. Организмде резистентіліктің әлсіреуі кезінде санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың, аштыққа ұшыраудың, жем шөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан, тағы басқа стресс себептер әсерінен микробтардың патогендігі күшейіп, олар ауру тудырады.
Пастереллез жиі негізгі зардапты асқындырады, мысалы а витоминоздарды, жүдеуді және әр түрлі індетті ауруларды - шошқа обасы, торайлар тұмауы, етқоректілер обасы тағы басқалар. Адамдарға жұғу ықтималдығы да өте жоғары. Бiрақ адамдарға жұғу фактiлерi мен оның клиникалық көрiнiсi әлi толық зерттелмеген. Түбегейлi жiктелуi, дифференциалдық диагноз қою белгiлерi де жоққа тән. Көп жағдайларда бұл ауруға шалдыққандар өлiмге ұшырап жатады.
Пастереллез - ұлпаны зақымдайтындықтан ол емге ырық бере қоймайды. Әсiресе, бұл ауруды антибиотиктермен емдеу нәтиже бере бермейдi. Аурудың жануарлар арқылы адамға жұғуы әбден мүмкiн. Мәселен, өлген жануар денесiн ұстаған адам пастереллез жұқтырып алуы ықтимал. Бұл iндет сирек тарайды. Жануарлардан жұғатын болғандықтан халқымыз бұрынырақта бұл ауруды да оба деп атаған.
Аурудың негізгі көзі - сырқат жануар мен бактериотасымалдаушылар. Адамдар инфекцияны ауру малды, құсты сойып, етін жіліктегенде, оны тазалап, өндеу кезінде, сонымен қатар ауру малдың тырнап, тістеуінен де жұқыруы мүмкін. Пастереллездің жасырын кезеңі 1 - 7 күн. Клиникалық айқындалуына сәйкес пастереллезді 3 топқа бөлуге болады. Терілік түрі (көп таралған түрі ), әртүрлі ауру малдың тырнап, тістеуі нәтижесінде таралады. Ауру қабыну түрінде басталады ( ісіну, қызыару) және денеде субфебрилдік қызу ( 37,1 ден 37,6), айқын токсикалық синдром және қан кернеуі, дененің қызаруы байқалады; - септикалық түрі дене қызуымен буындардың қабынумен сипатталады. Адам денесінде полиморфтық бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Өкпенің қабынуы пневмония, эмиема клиникасына ұқсайды; - жасырын түрінде симтоматикалық белгілері білінбей өтеді. Жалпы алғанда ауру болжамы жайлы, бірақ нерв жүйесі, бүйрек үсті бездерінің тапшылығы анықталған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Пастереллездің алдын- алудағы негізгі және ұтымды тәсіл - жануарларды вакцинациялау. Эпизоотологиялық жағдайға байланысты медика- санитарлық шаралар жүргізіледі, оның ішінде ең мбастысы - ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды күтумен, жануарлар өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме жұмысшыларының жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы үнемі қадағалауда болуы керек.
Аурудың манифестирлеушi белгiлерi болып өкпенiң крупозды қабынуы, терiасты және бұлшықетаралық клетчатканың серозды және кiлегей қабықтарында болатын көптеген қан құйылулары бар ауқымды iсiктер табылады (осы себептерге байланысты бұл ауруды геморрагиялық септицемия немесе гемосептицемия деп аталады).Iрi қара, шошқа, қой және құс атаулы жануарлар арасында көптеп таралады.
Сонымен қоса бұғы, марал, жабайы теке, зубр және қабандарда да кездеседi. Түрлi жастағы жануарларды қамтиды, соның iшнде кәрi жануарларда әжептәуiр көрiнiс алады. Осы тұқымдасқа жататын микроорганизмдер әр уақытта асқазан - iшек трактiсiнiң және тыныс алу жолдарынң кiлегей қабықтарында мекен етедi. Организм тұрақтылығы төмендейтiн белгiлi бiр жағдайларда (азықтандырудың, күтiп бағудың бұрыс болуы, авитаминоздар және тағы басқа стресс факторлар) олар өздерiнiң патогендiгiн жоғарылата алады. Пастереллез Республиканың эпизоотиялық сәттiлiгiне қатер төндiре отырып шаруашылыққа ауқымды экономикалық шығын әкеледi. Пастереллез профилактикасының қиындығы түрлi жағдайлардағы бар вакцинаның пайдаға асуы соматикалық О-антигенге вакциналық және эпизоотиялық пастерелла штамдарының сәйкес келуiне байланысты.
Жануарлардың инфекциялық патологиясындағы этиологиялық маңыздылық екi түрге бөлнедi: Pasteurella multocida және Pasteurella haemolytica (Mannheimia haemolytica). P.multocida жануарладың геморрагиялық септицемиясының, сонымен қоса өкпе пастереллезiнiң қоздырушысы болып табылады. Ол вирусты және микоплазмалық этиологияның респираторлық қабынуына әкелiп соқтырады. P.haemolytica iрi қара және барлық жастағы қойларды пневмонияға шалдықтырып, сонымен қоса жаңа туған қошақандарды септицемияға ұшыратады.
Пастереллалардың бұл екi түрi iрi қаралар мен мегежiндерде түсiк тастау кезiнде, iрi қаралар мен қойларда артрит кезiнде, бұзаулар мен қошақандарда артрит және тағы басқа локальдi процестерде байқалады. Пастереллезбен күресу жүйесiндегi ең басты күресу жолы бұл иммунопрофилактика. Қазргi уақытта ветеринарияда вакциналық препараттардың құрамына, өндiру технологиясына, қолдану әдiсiне және әсер етуiне байланысты сан алуан деген түрлер мәлiм болып отыр.

І. Пастереллез
І.1. Пастереллез ауырына жалпы сипаттама
Пастереллез - сүтқоректiлер мен құстар ауруы болып табылады.Iрi қара малының пастереллез ауруының жiтi және жiтiлеу түрiмен ауырған кезiндегi паталогоанатомиялық өзгерiстерi серозды қабықшаларына көптеген қан құйылулармен, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюымен және iсiнуiмен, геморрагиялық сипаттағы жiтi гастроэнтеритпен сипатталады, бiрақ талағында өзгерiс болмайды. Тiк iшек, жыныс органдары, көкiрек, мойын, бас аумағындағы терiасты клетчаткасы және бұлшықетаралық ұлпалардың iсiнуi де осы ауруға тән белгiлер. Бауыр, бүйрек және бүйректе дистрофиялық өзгерiстер байқалған. Аурудың кеуделiк формасында өкпе аймағында өзгерiстер өкпе аймағында крупозды немесе некротикалық пневмония және плевропневмония өзгерстерiмен айқындалған. Лимфа түйндерi ұлғайған, ылғалды, нүктелiк қан құйылу байқалады.
Қойларды жарып сойғанда жүрек, iшек, лимфа түйiндерiнде, серозды қабықшаларында, бұлшықеттерiнде, терiасты клетчаткаларында қан құйылулар көрнед. Әдетте өкпелер ұлғайып, көгерген, трахеясында көпiрiктi сұйықтық жиналған.
Шошқаларда жарып сою көрнiсi аурудың өту барысына байланысты. Егер ауру жiтi өтсе сiрлi және кiлегей қабықтарында, терiсiнде көптеген қан құйылулар байқалады. Жұтқыншақ және мойын аумағында терiасты клетчаткасының серозды iсiгi, өкпе iсiгi, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы және гиперемиясы да ауру өзгерiстерiне жатады.
Құстарда ауру жiтiлеу түрде өткен кезде өлекселерде өзгерiстер айқындалмаған. Өзге жағдайларда жүрек қабында экссудаттың жиналғаны, ал эпикард астында нүктелiк қан құйылулар көрнедi. Ауру жiтi өтсе терiнiң терең қабаттарында және терiасты клетчаткасында геморрагия болады. Жұмыртқалықтарда, шажырқайда, серозды қабықшаларда, кеудеде түрлi ауқымдағы қан құйылулар болады. Энтерит белгiлерi байқалады. Он екi елi iшектiң қабынуы үлкен көрнiс тапқан. Құрсақ қуысында экссудат болады. Бауыр паренхиматозды зақымдалу жағдайында, сарғыш түстi, тығыз консистенциялы, нүктелiк сұрғылт некротикалық ошақтармен жабылған. Талағында өзгерiс жоқ.
Қоздырғыш организмге түсе отырып қан ағысына енiп вируленттiлiгiне қарамастан септицемия немесе ауру аса жай өткен уақытта түрлi органдар мен ұлпаларда некротикалық - қабынулық процестермен сипатталады. Аурудың жiтi түрiнде бауырдың паренхиматозды қабынуы байқалады. Соның нәтижесiнде оның анатоксикалық қорғаныс қызметi төмендейдi, бұл процесс бүкiл организмдегi зат алмасу процесiнiң бұзылуына келiп соқтығысады. Активтi мезенхима клеткаларындағы антиденелердiң дамуы тежеледi немесе толық тоқтайды. Қоздырғыш гематоэнцефаликалық барьерге тиiспей, тiкелей нерв жүйесiне, кейiн бiрден барлық организм жүйесне пастереллездiк сепсис тудыра отырып енедi.
Пастереллезге қарсы көптеген вакциналар формалинмен инактивтелiнген түрiнде, сорбирленген немесе эмульсиялық препарат түрiнде шығарылады. Бұдан түйiндейтiнiмiз iрi қара, жылқы және шошқа пастереллезiне қарсы инактивтелiнген эмульсиялы вакцина шығаруға болатындығы.
Зерттеудiң маңызы мен тапсырмалары. Берiлген бұл жұмыстың негiзгi мақсаты iрi қара, жылқы және шошқаларда кездесетiн пастереллезге инактивтелiнген эмульсиялы вакцинаны тиiмдi қолдану болып табылады. Бактериялық патология кезiнде ветеринарлық санитарлық шаралар кешенiнде химиотерапевтикалық заттарды қолдану өте тиiмд болып табылады. Өйткенi оның құрамында көптеп антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран және тағы басқа химиотерапевтикалық заттар қолданылады. Бiрақ қолданылатын дәрiлерге микроорганизмдер резистенттiлiгiнiң өсуiне байланысты емдеудiң синтездеушi заттары және бактериялық инфекция профилактикасын даярлауда өте үлкен проблема туындап отыр.
Пастереллез көбiнесе қандайда бiр ауру сырқаттың асқынуы ретiнде көрiнiс табады. Мысалы авитаминоз, түрлi инфекциялық аурулардың себебiнен азып-тозу (шошқа обасы, шошқа тұмауы).
Ғылымда көп уақыт бойы пастереллалар классификациясына зоологиялық тұрғыдан зор ықылас бiлiндi. Сүтқоректiлер мен құстардың әр түрiнде ауруды микробтың өзiндiк түрi шақырады деп есептелiндi. Тек 1939 жылы Розенбуш пен Мергант бұл көзқарасты жоққа шығарып, ауру қоздырғышын Pasteurella multocida-ның өзiндiк түрi ретiнде сипаттады. Пастереллалар тұқымдасында сонымен қоса P. Haemolylica-ның өзiндiк түрi бар, оның iрi қара мен қойды пастереллезге тән ауруға шалдықтырғыш қасиетi бар.
Пастереллез бүкiл әлемге кеңiнен таралған ауруладың бiрi болып есептеледi. Әдетте ол созылмалы түрде өтедi де, ал таралуына қолайлы жағдай туған кезде эпизоотия түрiнде көрiнiс табады.
Қоздырғыш көзi болып ауырып жүрген және ауырып болған - пастереллаларды алып жүрушiлер табылады. Қоздырғыш алып жүру уақыты бiр жылдан астам уақытқа созылуы мүмкiн. Пастереллез қоздырғыштарын сау малдар да алып жүруi мүмкн. Зерттеушiлердiң көбi сәтсiз шаруашылықтардан әкелiнген малдар iшнде жасырын қоздырғыш алып жүрушiлердң болуы деп есептейдi. Сәттi шаруашылықтарда сау малдардың пастереллез қоздырғышын алып жүруi аталып отырған аурудың кенеттен пайда болуына себеп болады. Әдетте осындай аурудың кенеттен пайда болулары ретке келтiрiлiп отырады.
Пастереллалар - жартылаай ауасыбағалы микробтар. Кәдуілгі қоректік орталарда 37° С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс S, бұдыр R және кілегейлі М. Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы есептелінеді.
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida ретінде қарастырды. Бұл тұқымдыстыққа жататын тағы бір дербес түр P.haemolytica сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі. Көңде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін, мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сәулесінен бұл микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90° С температурада 5-10 минутта өледі. Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында бірнеше минутта өлтіреді.

І.2. Пастереллез ауыруының ерекшеліктері
Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралағанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді.
Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі қара мен жабайы күйіс қайыратьгн жануарларда біздің өлкемізде P.multocida В-типі, ал Африкада P.multocida Е-типі қоздырса, құста - P.multoida А-тині қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда P.multocida А-типі және P.haemolytica, ал шошқада P.multocida А және D-типтері мен P.haemolytica қоздырады.
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін. Пастереллезге тән қасиет - сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен өзі қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, әйткенмен де жас төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануар - бұйвол, олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тропикалық елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды маусымда жаппай ауруға шалдығу және өлімге ұшырау 70-100 % арқылы байқалады. Қоңыржай климатгы аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде ауруға шалдығу көрсеткіші 5-50 % кездеседі. Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қоражай, ауа, жемшөп және құрал-саймандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus gallinae және Aigas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың денесінде пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес шаруашылықтарда тышқандар мен егеу-құйрықтар қоздырушының бастауы және тасымалдаушысы бола алады.
Қоздырғыштың негізгі көзі - ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе - сау малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі жолдарының бірі - пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу деп санайды. Шаруашылықтағы сау малдың пастереллалар тасуы аурудын, тез тарауына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.
Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн-жосықсыз орын ауыстыру, мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын пайдалану пастереллездің таралуына ықпал етеді.
Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері қоздырушы микробтың уыттылығы, табындағы малдардын иммундік жағдайы және киімі, қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларының дұрыс, уақтылы жүргізілуіне байланысты болады.

ІІ. Патологиялық өзгерістер
ІІ.1. Пастереллез ауыруының өту барысы және клиникалық белгілері

Өту барысы және клиникалық белгілерi. Қоздырғыштардың вируленттiк қасиеттерi мен ену жолдарына байланысты олардың пастереллез кезндегi инкубациялық кезеңi брнеше сағаттан 3 күнге дейiн созылады. Ауру жiтiеу, жiтi, аса жiтi және созылмалы түрде өтедi.
Iрi қарада аурудың жiтiлеу түрiнде дене температурасының күрт 410С көтерiлуi байқалады, жүрек қызметiнiң бұзылуы, кейде қанды iш өту байқалады. Жануар бiрнеше сағаттан соң жүрегi тез әлсiреп, өкпесi iсiнген симптомдарынан өледi.
Жiтi пастереллез әдеттегiдей iшек зақымдануымен (iшектiк түрi), тыныс жолдарының (кеуделiк формасы) зақымдануымен немесе дененiң түрлi учаскелерiндегi iсiктермен (iсiктiк формасы) сипатталады. Дене температурасы жiтi пастереллездiң барлық түрiнде көтерiңкi.
Iшектiк түрi жас малдарда диареяның дамуымен және жануардың әлсiздiгiмен сипатталады. Нәжiс массаларында қанның болуы жиi кездеседi. Жануарларда шөл, кiлегей қабықтары анемиясы және қажудың дамуы байқалады.
Кеуделiк формасында жiтi плевропневмония белгiлерi байқалады: тез және қиын дем алу, мұрын қуысынан басында серозды, кейiн серозды - iрңдi ақпалардың ағуы, жөтел және пульстiң жилеуi.
Iсктiк формасы аяқ, кеуде, мойын, бас аумағындағы терiасты клетчаткасы және бұлшықетаралық жалғастырғыш ұлпалардың қабыну iсiктерiмен сипатталады. Ауыз қуысының кiлегей қабығы, тiл түйiнi және тiл iсiнген, көкшiл реңктi. Сырылды қиын дем алады. Ауыз шетiнен созылмалы ақпа ағады. Жануарлар жүрек жетiмсiздiгiнiң дамуынан және асфиксиядан өледi.
Буйволдарда жiтiлеу және жiтi түрде, клиникалық белгiлерi iрi қарадағыдай өтедi.
Қойларда жалпы клиникалық белгiлерiне септицемия тән болатын жiтi пастереллез аз кездеседi. Лихорадка, жалпы жағдайының қажуы, жануар денесiнiң алдыңғы бөлiгiнiң терiасты клетчаткасының iсiнуiмен және фибринозды плевропневмониямен сипатталады. Ауру жануар 2 - 5 күн арасында өледi. Аурудың жiтiлеу және созылмалы түрi созылмалы фибринозды плевропневмониямен, кератитпен, сiлекейлi - iрiңдi ринитпен, артритпен және ашығудың дамуымен сипатталады.
Гемолитикалық пастерелладан туындаған қой пастереллезi көбнесе пневмониямен, кейде маститпен сипатталады.
Шошқаларда пастереллез туынды инфекция түрiнде кездеседi. Ол оба, тұмау, тiлме және басқа да ауруларды асқындырады. Шошқалардың бұл аурумен жiтi ауруы сирек кездеседi. Өзiндiк инфекцияға тән геморрагиялық септицемия, өкпе және плевра зақымдануымен сипатталады. Жануар жiтi түрде пастереллез ауруымен ауырған кезде дене температурасы 41-420С дейiн көтерiлiп, ауру шошқалар азықтан бас тартып, сылқ жатады. Жануар аурудың 5-8 күндерi өледi.
Паталогоанатомиялық өзгерстерi. Iрi қара малының пастереллез ауруының жiтi және жiтiлеу түрiмен ауырған кезiндегi паталогоанатомиялық өзгерiстерi серозды қабықшаларына көптеген қан құйылулармен, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюымен және iсiнуiмен, геморрагиялық сипаттағы жiтi гастроэнтеритпен сипатталады, бiрақ талағында өзгерiс болмайды. Тiк iшек, жыныс органдары, көкiрек, мойын, бас аумағындағы терiасты клетчаткасы және бұлшықетаралық ұлпалардың iсiнуi де осы ауруға тән белгiлер. Бауыр, бүйрек және бүйректе дистрофиялық өзгерiстер байқалған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Пастереллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пастереллез ауруы
Ірі қараның пастереллез ауруы
Тауық пастереллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пастереллез сипаттамасы
Ірі қара пастереллез ауруы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Эпизоотияның даму тарихы. Індет ошағы
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер