Бағалау нәтижесін ескере отырып, оқытуды түрлендіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.

Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді.

«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т. б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.

«Критериалды бағалау» термині оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Бұл терминді ең алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған.

Критериалды бағалау - оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісінде қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Зерттеу оқушылардың оқу бағдарламасының түрлі салаларында және олардың оқушы ретінде дамуының түрлі деңгейлерінде ненің жетістік болып саналатынын ұғынуы қаншалықты маңызды болып табылатындығын көрсетеді. Бұл мұғалімдердің «ниеттерін, үміттерін, мақсаттарын, міндеттерін» және оқытудың «табыс критерийлерін» оқушыларға жеткізуінен тұрады. Егер оқушылар өз оқулары үшін көп жауапкершілікті өздеріне алса, онда олар не оқып жатқандарын, табысты оқудың не екенін және олар табысқа жеткендігін қалай түсінуі мүмкін екендігін білуі тиіс. [3, 6б]

Бұл оқытудың айқын ниеттерін/мақсаттарын және табыс критерийлерін пайдалану үдеріске қалай ықпал ететіндігі сияқты. Алайда олар әдетте жалпылама әдістермен жасалатындықтан, олар өз беттерінше жеткілікті емес. Оқушылар өзінің немесе бөтен жұмыстың мәтініне байланысты не ескерілетінін түсінуі тиіс. Олар критерийлерді бірден түсінбеуі мүмкін, бірақ нақты мысалдарды үнемі талқылау оқушыларға сапаны түсінуді дамытуға көмектеседі. Осы дипломдық жұмыстың негізгі логикалық құраушылары:

Мақсаты: 8 сынып оқушыларын «Тұрақты ток» тарауына жаңа критериалдық бағалау жүйесіне үйрету, өзін-өзі бағалауға бейімдеу. Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Міндеттері: Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту, жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін - өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарады. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Бүгінгі күнгі жаңартылған білім беру бағдарламасына сай критериалды бағалау мен кері байланыс орнатуды анықтау жұмысымның өзектілігі болып алынады.

Жұмыстың тәжірибелік мәні : жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағалау жүйесі - критериалды бағалау.

Жұмыстың мaқсaты: Тұрақты ток бөлімін оқытуда 8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау критерилерін құрастыру тиімділігі. Осы мақсатқа жету жолында келесі міндеттер тұрады.

Зерттеудің міндеттері:

- физика сабағында оқушылардың білімін критериалды бағалауды анықтау.

- дұрыс бағалауды жолға қойып сынып ішінде кері байланысты орнатуды айқындау.

Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жaлпы білім бepeтін мeктeп oқyшылapын oқытy.

Диплoмдық жұмыcтың пәнi физикa пәнiн тepeңдeтe оқытy.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тaрaудaн, қорытынды және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

1 ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ТҰРҒЫСЫНАН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

1. 1 Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару - оқутушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.

Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім берудің, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Олай болса, білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

К. Д. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» екендігін атап көрсеткен. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім сабақтың тиімді өтуіне, оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау түрлерін оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталуы қажет. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі, оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыруы керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта демократиялық атмосфера қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісіне көңіл бөле ұйымдастырылуы қажет. Сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан туындаған әртүрлі мәселелер бойынша мұғалім бағыт-бағдар беруші бола білуі керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. [1, 26-29б]

Сондықтан да «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, балалар қоғамының зерттеушілері А. Н. Лутошкин, Л. И. Уманский, М. И. Рожкова, Е. В. Горохова өз еңбектерінде оқушы бойында қалыптасуы қажет мынадай қасиеттерді атап көрсеткен:

  • құзіреттілік - өзі белсенділік танытып отырған істі білуі;
  • белсенділік таныту;
  • ұсыныс жасай алу;
  • ашықтық - басқалармен қарым-қатынас жасай алуы;
  • ойлай білуі - негізіне жете білу, басты мәселені ажырата алу;
  • табандылық - ерік-жігер таныта білу, істі аяғына дейін жеткізе білуі;
  • өзін-өзі ұстай білу - өз сезімін, әрекетін қиын кезде бақылай алу;
  • аңғарымпаздық - елеусіз нәрсені көре білу;
  • ұйымдастырушылық көрегенділігінің болуы - өзге адамның ішкі әлемін түсіне білуі;
  • жұмысқа ұйымдастырушылық қабілеті - өзіне жауапкершілік ала білуі, т. б. [5, 15б]

«Баланы оқыту мақсаты - оны мұғалінің көмегінсіз әрі қарай дамуына қабілетті ету» деген Э. Г. Хаббардтың пікірін құптай отырып, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында олардың сыни ойлай білу мен ұмтыла білу қабілетін ашуға тырысуымыз қажет. «Кез келген білім егер оқушы бойында ұмтылыс пен өз бетінше ізденіс қалыптастырмаса, өлі болып қалады. Оқушыны тек ойлауға ғана емес, сонымен бірге қалауға да үйрету керек» деген Н. А. Умов.

Н. Ә. Назарбаевтың білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алуы, оны - мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауыда осының айғағы. [11, 20б]

Ал қазіргі білім беру үрдісінде үлкен проблемалы мәселелердің бірі - оқушы жетістігін бағалау ғана емес, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағаның ықпалы туралы мәселе болып отыр.

«Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үрдісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі болып табылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі жүйесі «нормативті бағытталған» тәсілге негізделген. Бағалауда мұғалім оқушының пән бойынша тоқсан барысында алынған барлық бағаларын орташа арифметикалық негізде қабылдайды, мұғалімдердің субъективті шешім қабылдауы негізінде үшке бағаланған оқушылардың үлесі жоғары болып отыр. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы, білім саласындағы және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтардың болуы, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер, осы жүйені басқарудың сиапты арасындағы қайшылықтар мен қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі себепті бұрынғы қалыптасқан жүйе өз міндетін бүгінгі күні толық атқара алмай отыр деуге негіз бар. Сол себепті бағалау жүйесінің өзгеруіде заңды құбылыс. Сондықтан да қазақстандық білім беру үрдісіне критерийлер негізіндегі бағалау жүйесін енгізу қажеттілігі туындап отыр. [8, 60-63б]

Мектептегі бағалауды жаңартудың мақсаты - оқушылардың бағаларын мазмұнды, объективті, дифференциалды ету. Білім алушының құзыреттілігін дамытуғы, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру.

«Критериалды бағалау» термині оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үрдісті сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, барлық қатысушыларға алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар үрдіс. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлар құрылады. Әрбір дескрипторлар арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзіреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталған. Ал дәстүрлі білім беру жағдайында баға қою үшін анық критерийлер жоқ болғандықтан, әдетте, бағалар мұғалімнің еркімен қойылады, оқушылардың оқу жетістіктерін басқа оқушылардың оқу жетістіктерімен салыстырады, ағымдағы бағалау - мұғалімнің жүйелі түрде бағаны тіркеу арқылы үнемі жүргізіп отыратын бағалауы арқылы қойылса, қорытынды бағалаудың нәтижесі оқушының барлық бағаларының арифметикалық ортасы негізінде қойылады. Бағаны сандық түрде қою ақпараты аз бағалауға әкеледі, мұндай бағалау нәтижесінде оқушы өзінің даму бағыттарын айқындай алмайды. Олай болса, қолданыстағы білімді бағалау жүйесіне міндетті түрде радикалды өзгертулер енгізу аса қажет.

Демек, қазіргі таңда білім беру үрдісіне критерийлерге негізделген бағалау жүйесін енгізу өте маңызды мәселе болып отыр. Ол өз кезегінде мұғалімдердің бағаны көтеріп қоюларына тосқауыл болады. бағаларды жоғарлатуға жол бермейді және ата-аналар үшін оқушылардың үлгерімі жайында есептерді барынша түсінікті етуге ықпал етеді, әділ болып табылады, берілген модель шеңберінде субъективті стандарттарға негізделудің орнына шынайы және алдын ала мәлімденген мақсаттарға бағытталған объективті стандарттар бойынша оқушылардың үлгерімі салыстырылады, бұл мұғалідерге өздерінің жоғары немесе төмен баға қоюды таңдауын негіздеуге көмектеседі, оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерге негізделген күтілетін нәтижелермен салыстыру арқылы бағалайды. [7, 6-9б]

Қазіргі таңда критерийлерге негізделген әдістер Қазақстан территориясында және жетекші жеке мектептерде, соның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептерде қолданылады.

1. 2 Критериалды бағалау жүйесі - оқушылардың білімін бағалаудың тиімді құралы

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:

  • бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы (бағаның субъективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы -бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы) ;
  • оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
  • білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар;
  • әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары - құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.

Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.

Критериалды бағалау жүйесі жоғарғы сынып оқушылары үшін қолайлы, өйткені осы жастарда балалар ерекшеленуге құштар болады, яғни оқушының белсенділігін арттырады. Оқудағы оқушылар арасындағы сайыс-жарысты ұйымдастырады, стимул береді.

Критериалды бағалау - білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін - алдын-ала анықталған, бірлесіп жасалған, барлығына белгілі критерилермен салыстыру процесі.

Нақтылы бағалау - білім сапасын арттырудың кепілі.

Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттау;
  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
  • білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
  • әр-түрлі жұмыстардан алған бағаларды диференциалдауға болады (өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т. б. ) ;
  • қалыптастырушы бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
  • ең соңғы оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын алуға қол жеткіземіз.

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

  • қалыптастырушы бағалау (күнделікті) ;
  • нақтылы бағалау (негізгі/қорытынды) ;
  • оқушының күнделікті білім алуының сапасын;
  • күнделікті жұмыс жасау;
  • білім алуда күнделікті олқылықтарды түзеу;
  • қорытынды бағалауда есепке алынбауы.

Критерийлі бағалау білім сапасын арттырады.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт бірлестігін айқындауға жеткізетін жаңа педагогикалық технологияларының бірі - критерийлі бағалау. Бұл оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданатын кез келген қызметті сипаттайды. Аталған ұғым екі аспектіні, оқудағы бағалау және оқу үшін бағалауды көздейді. Бағалаудың түрлі нысандары оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталып, бағытталады. Оқушылар арасында түсініктік және ұжымдық қарым-қатынас орнатып, сенімсіздікті жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Критерийлер оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Қазіргі заманғы білім сапасы білім алушының келешектегі түрлі мәселесін шешуге қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесіне байланысты. Бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, анықталған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс. Бағалау кезінде оқушы үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.

Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Аталған жүйе Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Мұны енгізудегі мақсат - оқыту сапасын жоғарлату, мектеп бітірушілер білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критерийлі бағалау міндеттері оқушылардың сабақтың әр бөлігінде дайындық деңгейін анықтауға, бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті мен даму жетістігін бақылауға, білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, түрлі жұмыс барысында алған бағасының әділдігіне көз жеткізуге, оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға, сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген. Бағалаудың басты қызметі ынталандыруға, белсенділікке, түзетуге, дамытуға құралса, ұстанымдары нақтылық, әділдік, жүйелікті көздейді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларына жататын оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Тәжірибелік маңызына тоқталсақ, тек оқушы жұмысы бағаланады, орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгімен салыстырылады, оқушы өз жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады. Критерийлі бағалаудың мұғалімдер үшін маңызы сапалы нәтижеге әкелетін іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға, сабақ беру сапасын арттыруға, оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға, бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға, оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге байланысты өрбиді. Ал оқушылар үшін танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға, табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге, сыни ойлауына, еркін ой айтуына, өзінің білімін көрсетуге септеседі. Ата-аналар үшін баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға, оқуындағы табысты бақылауға және оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік береді. [19, 241б]

Критерийлі бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттауға, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге жеткізуге, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтауға, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Сонымен бірге құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтауды, оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын қалаймыз. Мұның барлығы мектепте оқыту сапасын жоғарлатуда, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіруде тиімді.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Атап айтқанда, білу, түсіну, қолдану, сын тұрғысынан ойлау, талдау, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті, тілдік, жеке жұмыс және топта жұмыс істеу, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік, шығармашылық дағдылары.

1. 3 Оқу үшін бағалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту нәтижелері
Оқу үрдісінде оқушыларды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері
Оқытуды бағалау және оқуды бағалау
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Оқыту технологиясын топтастыру
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
Оқытуды бағалау жүйесінің дамуы
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Тиімділікті бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz