Көш атты өлеңінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: 1960-70 жылдар поэзиясындағы ұлттық құндылықтар

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 5

І тарау. 1960-70 жылдар поэзиясындағы ұлттық таным . . . 9

ІІ тарау. 60-70 жылдар поэзиясындағы табиғат лирикасы . . . 46

Қорытынды . . . 61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Поэзия - әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. Ол - ежелден зерттеушілердің назарын өзіне аударып келген әдебиет жанрының бір түрі. Сондықтан болар, поэзия туралы зерттеулер әлі толастаған жоқ.

Адам жаны - күй сандық. Поэзияның оған тіл бітіретін сиқырлығы - адам бойындағы не асыл, аяулы, асқақ сезімдердің пернесін баса білетіндігінде болса керек. Ол адамға оның адам деген атына лайық асқар талаптар қояды, сонысымен жүрек отын маздатады, қанат бітіреді, жақсылыққа жетелейді.

Поэзия адам жанында жақсылықты оятқанда, адамгершілік туын көтергенде соның бәрін қас зұлмат қараң дүниеге қарсы күресуге әзір болуға баулиды. Поэзия қай тақырыпта жырламасын - ол махаббат па, бақыт пен азаматтық борыш жайлы ма, ол әр адам баласының өз бойындағы кісілік қасиетін танып білуіне, өзгені де солай тануына ат салысады және әлдебір ұяттан безгендерден өзінің қоғам алдындағы борышы мен міндетін ұмытып, өз жанын өзі жеп тауысып, өмірін зая қылушылардан безіндіреді.

Адамның әлеуметтік белсенділігін, жігерін арттыру атты қашанғы мақсатқа қоса поэзия сол адамның ақыл-парасат кемелдігіне жету мүддесін алға қояды. Сайып келгенде поэзия біздің осы уақытымыздың асыл мақсаты -сегіз қырлы, бір сырлы адам тәрбиелеу биігіне құлаш сермейді. Мәселен, орыс әдебиетінде А. Потебня, В. Сквозников, Г. Гачев, В. Жирмунский, Н. Гуляев, Ю. Лотман еңбектері жарық көрсе, қазақ әдебиетінде де ауыз толтырып айтарлықтай лирика табиғатын танытатын біршама ғылыми еңбектер бар. Атап айтқанда, Ш. Уалиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, Ә. Тәжібаев, З. Ахметов, С. Қирабаев, Б. Кәрібаева, С. Негимов, Т. Шапай, Б. Кәрібозұлы, А. Шәріп, Ә. Қайырбеков, С. Ержанова және т. б.

Әдебиет - ең алдымен тәрбиеші. Ал бұл міндет поэзияға тіпті мол жүктеледі. Сонау эпостан бастап, бүгінгі поэзиямызға дейінгі ғаламат қашықтыққа көктей көз жіберсек, халық өмірінің барлық кезеңдерінде де, екі талай күндерде де тек өлең ғана озып алға шығып отырғанын көреміз.

Негізінен алғанда, 60-70 жылдар поэзиясындағы өркенді, соны сипат ретінде өмірмен өзектестікті, өмірдің өзінен поэзияға тікелей ауысып жатқан реализмнің өзгеше пафосын, шынайы романтикасын айтар едік. Бір кездері барша ақындар жаппай жырлаған дала, қамшы, қымыз, жүйрік, тұлпар дегендер қазір азайғандай. Олар қазір басқа сипат, тың толғамды иеленген. Аталмыш ұғымдар мен атаулар поэзия шығармасында сирек те болса, құнарлы мәндерімен көрінуде. Әрине, ең қиыны нәрсіз сөз, мағынасыз өлең емес пе? Сондықтан да көбінесе шығарманың әр шумағы әр жолының кемшілігіне шұқшия берілгеннен гөрі идеялық тынысына қаншалықты батыл келу тұрғысынан да зер салған жөн сияқты. Нағыз суреткер үнемі «өмірдің жаңа беттерін» ашып отырмағы ләзім.

Поэзия тілі - сиқырлы тіл. Поэзия үшін үрдіс жаңалық, үнемі соны сүрлеу, қиын асу - образдылық. Қолтаңбасы, стилі қалыптасқан ақынның творчествосынан пікірлерге көптеген дәлелдер табар едік. Тіпті бір ақынның бірнеше жинағынан тақырыпқа, ақынның тілдік ерекшелігіне орай, әр қырынан әлденеше қасиеттерінен танылады.

Көптеген ғалымдардың ой-пікірлерін негізге ала отырып, әр ақынның өзіндік жырлау ерекшелігін зерттеу жұмысымызға нысан етіп алдық.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ поэзиясының даму тарихы, оның ұлттық сипаты, әр алуан кезеңдері, уақыттың, табиғи ортаның әсер-ықпалы әдебиеттану ғылымында бұрыннан да жан-жақты айтылып келгенмен, қазақ поэзиясындағы ұлттық таным, ұлттық танымнан бастау алып жатқан көркемдік шешімдер, табиғат құбылыстарының бейнелену ерекшеліктері үнемі зерттеуді қажет етеді. Олай болатыны, поэзия уақыттың өзімен үндес, уақытпен бірге жасасып келе жатқан жанды құбылыс. Ондағы көркемдік таныммен суарылып, ақындардың жеке ой-пікір ауанынан бастау алатын тың поэзиялық шешімдерді танып білу ұлттық көркемдік ойды байыта түсуге ықпал етеді. Диплом жұмысына арқау болып отырған мәселелердің өзектілігін осы жағынан көруімізге болады. 60-70 жылдар поэзиясының кейбір қырлары мен сол кезеңдегі әдеби процесс туралы белгілі ақындар Қ. Мырзалиев, М. Мақатаев, Т. Айбергенов, Ж. Нәжімеденов, Ф. Оңғарсынова, Ж. Молдағалиев поэзиясын зерттеген біраз ғылыми еңбектер жазылды. Солардың барлығында да жаңа ғылыми концепцияларды күн тәртібіне қоюға деген ынта ықылас кең орын алды.

1960-70 жылдары қазақ поэзиясына келген ақындардың өзіндік ерекшеліктері жалпы әлем әдебиетіндегі озық әдеби дәстүрлердің негізінде қалыптасты. Олардың поэзиясындағы көркемдік тәсілдер де әр түрлі сипатта көрінді. Бірақ олардың поэзиясы тым ерте толысты әрі 60-70-жылдары поэзия әлеміне батыл қадам басқан бір топ талантты ақындардың поэзиясы мен шығармашылығы бәсекелестікпен дамыды.

Алдыңғы аға буын өкілдері Кеңес Одағының жетістіктерін ұрандатылған өлең жолдарына арқау етті. Сол кезең тұрғысынан қарағанда заңды да еді. Өйткені, халқымыздың ауыр қайғы, азапты жолдардан кейінгі қол жеткізе бастаған табыстарын жыр жолдарына айналдырып, халықтың еңсесін сол жетістіктермен көтеру керек болды. Ұраншыл тақырыпқа көп қалам тербеуіне тағы бір себеп - тоталитарлық жүйенің идеологиясына де байланысты еді. Кеңес Одағының құрсаулы шеңбері ақындардың еркін тақырыпта жырлауына мүмкіндік бермеді. Үнемі бақылап отырды. Цензураның қатал талабына сай қазақ халқының құндылықтарын, халықтық қасиеттерін танытатын жырлар кеңестік патриоттық тұлғаның бейнесінде көрінді.

1960-70 жылдары Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шаханов, Ф. Оңғарсынова, К. Мырзабеков, О. Сүлейменов т. б. ақындар поэзияда жаңаша ойлау қырын, көркем түсінік қабілеттерін танытты. Кейде қатарлас, кейде өкшелей басып, поэзия әлеміне енген ақындар қатарында Сабырхан Асанов («Тұңғыш», 1963), Әділбек Абайділданов («Аққайың», 1961), Марфуға Айтхожина («Шыңдағы жазу», 1967), Сәбит Баймолдин («Жер мекен», 1966), Сәкен Иманасов («Туған ауыл», 1966), Өтеген Күмісбаев («Тұңғыш», 1964), Дүйсенбек Қанатбаев («Жазира», 1967), Жүсіп Қыдыров («Тұңғыш кітап», 1964), Өтежан Нұрғалиев («Менің махаббатым», 1962), басқа да көптеген ақындар алғашқы жыр жинақтарынан-ақ әрқайсысы өзіне лайық жүгімен, өзіне лайық табиғи болмысымен өнер дүниесіне келіп қосылды.

Бұл ақындар өзінің бойына лайық жүк көтеріп, өз үнін ерекшелеп, айқындап шығуға, өзіне лайық сара жол табуға ұмтылды. Бұл ортада оқ бойы оза шауып, өз еңсесін биіктіктен көрсеткен сарабдал сара таланттар да шықты. Өнер бәйгесінде шабандығымен кейіндеп қалғандары да бар. Бірақ кезінде баспасөзде көрініп, бірнеше өлең жинақтары жарық көргендіктен де есімдерін атап өту орынды .

Диплом жұмысының нысаны. Бітіру жұмысының негізгі нысаны қазақтың өлең өлкесіне өткен ғасырдың 60-70 жылдары келіп, өзіндік үнімен, жеке ізденістерімен нық орын алған, қалыптасып, белгілі тұлғаларға айналған арқалы ақындар поэзиясын қамтиды. Олардың қатарында Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, т К. Мырзабеков, Қ. Баянбаев, т. б.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты - 60-70 жылдар поэзиясындағы ұлттық танымнан бастау алатын белгілерді анықтау, олардың жасалу, берілу тәсілдерін талдау, сондай-ақ табиғат құбылыстарының осы кезеңдегі ақындар шығармашылығында бейнеленуін салыстырмалы әдіс арқылы ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- 60-70 жылдарда өлең өлкесінде жарқырап көрінген ақындар шығармашылығын саралау;

- 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясының ұлттық сипатын, өлең өнеріміздің образ және образдылық, жанрлар жүйесіндегі ұлттық сипат, т. б. мәселелерін қарастыру;

- поэзиядағы ұлттық мінез мәселесі;

- табиғатты, оның көріністері мен құбылыстарын бейнелеу құралдарын анықтау;

- 60-70 жылдар қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасының көркемдік, формалық ерекшеліктерін зерделеу.

Диплом жұмысының дереккөздері. Диплом жұмысына дереккөз ретінде қазақтың белді ақындарының әр жылдарда жарық көрген өлең кітаптары, қазақ поэзиясын зерттеген сыншы ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Поэзия жанры мен оның ерекшелігі, өзге жанрлармен байланысы және айырмашылығы, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы қызметі, поэзиядағы ұлттық таным туралы зерттеу еңбектер жазған; өлең сөздің теориясы, оның бейнелеу принциптері мен ерекшеліктері туралы тұжырымды ой айтқан; тақырыптық - идеялық, көркемдік - эстетикалық ізденістердің мазмұн мен пішінге әсері, поэзиядағы өмір шындығы мен реалистік шарттылықтың қарым - қатынасы, өлең өрімі және оның диалектикалық даму принциптері туралы батыл болжам, түйінді пікір білдірген ғалымдар А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Қабдолов, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Қаратаев, М. Базарбаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, З. Серікқалиев, С. Әшімбаев, А. Егеубаев, Т. Тоқбергенов, Б. Кәрібозұлы, Б. Кәрібаева, Ш. Сариев, С. Ержанова т. б еңбектерімен қатар алыс және жақын шет ел ғалымдарының еңбектерінен туындайды.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. 1960-70 жылдар поэзиясындағы ұлттық құндылықтар

Көркем өнердің ұлттық сипаты, оның кез-келген түрі мен туындысының ұлт өмірінің тікелей жемісі екендігі, ұлт өмірінің тарихи, табиғи, жағрапиялық басқа да жағдайлармен байланыстылығы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бергі уақытта ғана айтыла бастады. Қоғамдық-экономикалық формациялардың тарихында феодализмнің іргесінің шайқала бастауы, оған қарсы демократиялық күштердің өршуі, буржуазиялық қатынастардың күшеюі адамзат тарихында Еуропада ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталса, қоғамдағы белсенді тап буржуазияның көркемөнерде, әдебиетте өз үнін айтуға, өз бейнесін жасауға, өз идеологиясын насихаттауға тырысатындығы, күресетіндігі сөзсіз. Міне, осы тұстан әдебиет теориясы мен эстетиканың тарихында тұңғыш рет әдебиеттің ұлттық сипатына эстетикалық фактор ретінде көңіл бөлу, мән беру басталды.

Көркем өнер мен эстетиканың тарихында көркем әдебиеттің негізгі даму заңдылықтарының бірі деп тануға алғаш талпынғандар романтизм эстетиктері болды.

Көркемөнердің ұлттық сипатының ғана емес, жалпы теориялық қисын-қағидаларының қалыптасуында романтизм теоретиктері: Дидро, Лессинг, Гердер, Кант, Шиллер, Гете т. б. есімдері мен еңбектерінің орны ерекше. Романтизм эстетиктерінің әдебиет теориясы мен эстетиканың негізгі категориясы - ұлттық сипатын көркемөнердің даму заңдылығы, басты белгісі деп тұңғыш танушылар, алғашқы айтушылар болғандығын дәл осы ұлттық сипатты арнайы зерттеген кейінгі ғалымдар да айтып келеді.

Қазақ әдебиеттануындағы әдебиеттің ұлттық сипатына тікелей арналған іргелі зерттеу - И. Ғабдіровтің «О национальном и интернациональном в советской летаратуре» делінетін еңбегі [1. 23б. ] . Ғалым бұл еңбегінде атынан-ақ көрініп тұрғандай, өзінің орыс, өзбек, қырғыз, украин т. б. әріптестері сияқты көркемөнердің, оның ішінде әдебиеттің ұлттық сипатын социалистік реализм эстетикасының жеке проблемасы күйінде яғни ұлттықты әдебиеттің көпұлттық сипатымен бірлікте алып қарастырады. Социалистік реализм эстетикасының талабына сәйкес көркемөнер мен әдебиеттің ұлттық сипатын зерттеуге арналған еңбектердің ортақ кемшілігі - ұлттық сипаттың көп жағдайда көпұлттық сипатқа бағындырыла қарастырылуын қазір айтуға болатын болса, бұндай кемшілік И. Ғабдіровтің зерттеуіне де ортақ екендігін айтуымыз керек. Дегенмен, қазақ ғалымы көтерген мәселесіне басқа әріптестеріне қарағанда нақты келіп отырады.

Қазақ әдебиеттануында әдебиеттің ұлттық сипатын ішінара сөз ететін еңбек - М. Дүйсеновтің «Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі» атты зерттеуі [2. 56б. ] . Ғалым бұл еңбегінде қазақ әдебиеттануында бірінші рет әдебиеттің ұлттық сипатының негізгі категориясы - ұлттық мінез жайын қарастырады. Оны әдебиеттің жеке проблемасы ретінде типтік образ жасау мәселесімен бірлікте алып зерттейді. М. Дүйсенов пайымдауында ұлттық мінез туралы: «сонымен, әр халықтың немесе ұлттың рухани бейнесі мен ұлттық характерінің ерекшеліктерін іздегенде біз ең алдымен сол халықтар мен ұлттардың ұзақ жылдар бойғы тіршілік өзгешеліктеріне, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына т. б. жоғарыда айтылған құбылыстармен байланыстырамыз» немесе «олай болса әрбір ұлт әдебиетіндегі типтік образдар екінші бір ұлт әдебиетіндегі сондай белгілі бір дәуірде өмір сүрген адамдардың типтік образынан айырмасы, өзгешелігі неде жатыр? Дегенде біз ең алдымен, басты шарттардың бірі - тілінде десек, сонымен бірге оның характерінің өзгешелігінде дейміз» [2, 36 б. ] - деп атап айтқан болатын.

Қазіргі қазақ өлеңінің қарқынды дамыған кезеңі 60-жылдарға тұспа тұс келеді. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық мағынасы молайып, мазмұны тереңдеп, поэзияда сонылық артып, жаңалықтарына еркін баруы, публицистикалық сипатының молаюы, ақындарымыздың даралыққа ұмтылуы, ұлттық дәстүр, ұлттық ерекшелік, ұлттық болмысымызды танытатын жырлардың көптеп дүниеге келуі сол кезең жемістері екені даусыз. Қ. Мырзалиевтің: «Кейінгі жылдары қазақ поэзиясының қадыр-қасиеті қаттырақ өсті деп мақтанар болсақ, ол ең алдымен, лирикамыздың құлдырап барып, қайта қалықтап шыққан қыран мінезді лирикамыздың арқасы. Қазірде лирикалық кейіпкер дегеніміздің еңселі, иықты интеллект дәрежесіне көтеріліп, оның арқалар жүгі бұрынғыдан гөрі ауырлап, әлдеқайда көбейіп барады. Ол енді бұрын түсініп келгендей, ғашық жігіт, ғашық қыз немесе жаратылыстың жарқын суретіне қызықтай қараған құмар жан, не болмаса жолдас-жорасы мен жырақта қалған жап-жасыл жастық шағын еске алып, ойға шомып, кейде тіпті бейкүнә көз жасына ие бола алмай жылап та алатын көңілшек кейіпкер ғана емес, есейген от басы, ошақ қасынан біраз қашықтап, бір түтіннің ғана қамын ойлауды әлдеқашан ұмытып, дүйім ел, барша жұрт қамын ойлайтын қайраткер дәрежесіне шейін көтерілген кейіпкер» [3. 113 б. ] деген пікірі 60-жылдардан бергі уақыт аралығын қамтитын өлең өнеріміздің шындығынан алынып айтылған. Қ. Мырзалиевтің лирикалық кейіпкер туралы айтқан бұл толғамдарының ақын тұлғасындағы ұлттық мінезге тікелей қатыстылығын дәлелдеп жатудың өзі артық. Әдебиеттануда әдеби бейнелердің көркемдігін ұлттық мінез дәрежесіне көтерілген деп бағалау ұғымы қалыптасқан. Бұл - әдеби бейненің тұлғалануы мен сомдалуы, жан-жақты әрі шынайы жасалуын бағалау деген сөз. Қазақ өлеңіндегі басты әдеби бейне, негізгі тұлға - ақын бейнесі дегенге келетін болсақ, Қ. Мырзалиев айтқандай, сол бейненің, шынайы қалпы, мағыналы мазмұны, күрделі табиғаты, байыпты болмысы жарқырай көрінген тұс - 60-жылдар поэзиясы екендігін айта отырып, қазіргі өлеңіміздің ұлттық сипаты мен мінезін қарастыруды да сол 60-жылдардан бастаймыз.

Қазақ лирикасының шарықтауы 60-70 жылдармен тұстас келеді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші ғалым Б. Кәрібозұлы: «Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын жайқалта түскені 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмұнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі - публицистикалық сипатының молаюы, ақындардың даралыққа ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы - 1960-жылдардан басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері» [4, 88 б. ] деп баға береді. 60-70 жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың көңілі оқу-тоқуға ден қойған, терең зерделеуге айналған кезең. Сонымен қатар, поэзиядағы алдыңғы буынмен салыстырғанда, бұрынғыдан тақырып аясы кеңіп, ақындардың өлең өрімі кең түрде өріліп, ірі қадамдарымен, көркемдік ерекшелігімен, тақырыптық жаңашылдығымен, ұйқас өрімі, тармақ, бунақ, ырғағымен поэзияға жаңа леп әкелді. Яғни, жаңа кезеңдегі қазақ поэзиясының толыққанды арнасы ретінде дәстүрден жалғасын тауып, жаңашылдыққа бет бұрды.

60-70 жылдары поэзияға келген ақындар өз еңбектерін әлемге паш етті. Белгілі зерттеуші ғалым С. Қирабаев: «Бұл дәуірді лирикалық поэзияның жаңару, сілкіну кезеңі десе де болғандай. Жаңа адам бойындағы тың сапаларды аша отырып, лирика да рухани өсті, пафосын жетілдірді, өлең мәдениетін көтерді» [5, 20 б. ] деп баға берді. Бұл жылдары қадам басқан ақындарымыздың біраз жыр кітаптары дүниеге келді. Атап айтар болсақ: М. Мақатаевтың «Ильич» (1964 ж. ), «Армысыңдар достарым» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976), «Өмір-өзен» (1979), Т. Молдағалиевтің «Студент дәптері» (1960 ж. ), «Кәмила» (1960 ж. ), С. Жиенбаевтың «Сыйлық» (1960 ж. ), «Дала гүлі» (1961 ж. ), Ж. Нәжімеденовтің «Сыбызғы сазы» (1962 ж. ), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Мен туған күн» (1972), Т. Айбергенов «Арман сапары» (1963 ж. ), Ф. Оңғарсынованың «Сандуғаш» (1966 ж. ), Қ. Мырзалиевтің «Ой орманы» (1965 ж. ), «Дала дидары» (1966), «Ақ отау» (1968), тағы басқа да көптеген ақындарымыздың өлең-жырлары кезегімен жарық көріп жатты. Әр ақынның өлең-жырлары да әр түрлі тақырыппен, әр түрлі сезіммен жырланды. Соның әсерінен бұл ақындардың бірі лирик, бірі эпик атанса, келесі бірі салмақты өлең-жырымен ойшыл ақын атанып жатты. Алайда, ақындарымыздың тақырыбы кең болғанымен, өлең-жырларында ұлттық қасиетімізді ашық түрде жырлай алмады. Оған себеп жиырмасыншы-отызыншы жылдары басталған «ұлтшылдық» науқаны 50-60 жылдары да жалғасын тауып жатты. «Өкінішке қарай, кеңес билігі кезеңінде қазақ халқы өз топырағында өнбеген, сырттан таңылған сананың белгі-бедерлерін де ықтиярсыз қабылдауға мәжбүр болды. Әсіресе, «жер үстінің жұмағын» орнатуға уәде берген төңкерістер дәуірінде ұлттық төл таным-түсініктердің тамырына балта шабылды. Өткенді жөнсіз мансұқтау, жаңаға жапатармағай мойынсұну белең алды. Мұның шалығы поэзияға да тиді» [6, 59 б. ] .

Әдеби процесс барынша құрсаулы, шектеулі жағдайда болды. Кеңестік үрейлі идеология ақындардың алдарында көлденең жатты. Ұлттық қадір-қасиетімізді, ұлттық мүддемізді танытатын шығармалар кеңестік тоталитарлық тәртіптің қысымына ұшырап жарыққа шықпай жойылып отырды. Тіпті, салт-дәстүрімізді танытатын хисса-дастандар, айтыс түрлерінің айтылуына, оқылуына шектеулер қойылды. Осындай қысым мен шектеулердің нәтижесінде ақындарымыз ұлттық ерекшелігімізді танытатын жырларын астарлап жеткізуге тырысты. «Ұлтшылдық деген жаладан аулақ болу үшін ақындар айтайын деген ойын айта алмай, кейіпкерлердің арман-тілегі мен сезім-дүниесін, ой-мақсатын айқын ашуға жалтақтады» [7, 71 б. ] . Олардың көк желкелерінде кеңестік қырағы көздер бақылап тұрды. Осындай тарихи тағдыры бар қазақ поэзиясы қаншама қилы кезеңдерге төтеп бере отырып, 60-70 жылдары қайта шарықтай түсті. Бұл жылдары поэзия әлемінде қалам тербеген ақындар әр түрлі тақырыптағы жырларымен қатар халқының ұлттық қасиетін, салт-дәстүрін, ұлттық мінезін, ұлттық сипатын танытатын өлең-жырларды да дүниеге әкелді.

Әр ақын өзінше бір әлем. Бірақ, өлеңнің ұлттық мінезі мен сипаты сияқты күрделі ұғымдардың, поэзия үшін ауадай қажет асыл қасиеттердің әр ақын шығармашылығында әр түрлі деңгейде, дәрежеде көрінетіндігіне зерттеу барысында көзіміз толық жетті. Әдебиетке келуі 60-жылдардан басталған, осы кезеңдегі өлең өміріне белсене араласқан бір топ ақындардың: Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, С. Жиенбаев, Ж. Нәжімеденов, К. Мырзабеков, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Т. Айбергенов, т. б. өлеңдерінде ұлттық мінез оқшаулана көрінеді, ұлттық сипат тайға таңба басқандай анық сезіледі. Бұл - үлкен жетістік, қазақ өлеңінің тексіз, төркінсіз еместігінің дәлелі ғана емес, дәлелденуі.

Ұлттық поэтикалық дәстүр - барша шығармашылықтың асыл діңгегі. Солай бола тұрса да дәстүр дамымай, дәуір мен уақыттың өзгешелігіне орай өз ерекшелігімен көрінбей қалса, дәстүрдің жасампаздығы болмақ емес. 60-шы жылдары әдебиетке келген ақындар шоғыры дәстүрге сүйене отырып, поэзиямызға көп жаңалық әкелді.

Ұлттық мінездің қазіргі қазақ өлеңіндегі бітім-болмысы дегенде, әсіресе, Қ. Мырзалиев шығармашылығының басқалардан оқ бойы озық тұрғанын айтсақ, бұл - жаңалық ашу емес. Ақын «Дала мен қала» өлеңінде:

«Дала менен қалаға,

Ортақ өскен баламын, » -

деп алады да,

«Қарыз алсам біреуден,

Қала құсап аламын,

Қарыз берсем біреуге,

Дала құсап беремін», - [8, 9 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құдайбердіұлы Шәкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ
О. НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Ж. Аймауытұлы поэзиясы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат
І. Жансүгіров лирикасы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz