ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті

КӨНЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ

ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ.

.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ . . .

1. 1 «Алып Ер Тоңа », «Оғыз қаған», «Шу батыр» дастандары . . . 5

1. 2 «Көк бөрі»және «Ергенекон» дастаны дастаны . . . 12

2. ДИДАКТИКАЛЫҚ САРЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ (ХІ-ХІІ-ҒАСЫРЛАР) ПЕН ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ПОЭЗИЯСЫ (ХҮ-ХІІІ ҒАСЫРЛАР) АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР, МАЗМҰН, ФОРМА, СТИЛЬ БІРЛІГІ . . . 20

2. 1. Орта ғасыр мұраларының сарыны . . . 20

2. 2. Қазіргі қазақ поэзиясындағы түркілік сарын . . . 28

2. 3. Қазіргі қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр сарыны . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……. . … . . . …. . 65

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Тәуелсіздік әкелген өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана тудырған айшықты оралымдарды осы кезеңдегі ақындар шығармашылығынан айқын аңғарамыз. Тың тыныс, соны серпінді байқаймыз. Әрине, ұзақ жылдарға созылған азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестердің һәм олар туындатқан тарихи оқиғалардың төл поэзиямызға тигізген әсері ерекше екендігі сөзсіз. Диплом жұмысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясыньщ даму үрдістері, қазіргі поэзияның көркемдік тұтастығы мен бейнелеу құралдары, идеялық-мазмұндық ізденістері жан-жақты талдау нысанына айналған.

Диплом жұмысының өзектілігі: Зерттеу жұмысының өзектілігін көне түркілік поэзиялық туындылардың жан-жақты талдап қарастырылуымен сипаттап көрсетуге болады. Сонымен әдебиеттегі дәстүр дегеніміз - «талай жылдарды, тіпті, ғасырларды бастан өткізіп, әдеби даму үстінде қырланып, жұмырланып, сомдала түсіп барып, халықтың саналылық таразысынан, көркемдік талғамынан, әдебиеттану ғылымы мен эстетикалық ақыл-ойдың зерделеуінен өтіп барып, кейінгі дәуірге, келер ұрпаққа көшіп отыратын идеялық-көркемдік тәжірибе болып саналады. Дәстүр өте бай ұғым. Ол адамзаттың өміріне, өнеріне, біліміне қатысты салалардың көбіне тән құбылыс. Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет- ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, «ол заманалардың жемісі, тәжірибелердің нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтар ақыл ойының елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құбылыс Әрине, дәстүр атаулының бәрі бірдей барлық дәуірге ортақ, озық та өрен сипатта бола бермейді.

Өнердегі жаңашылдық деп тың тақырыпты бұрын қолданылмаған, қолданылған күннің өзінде өзгеше әдіспен көркем тіл арқылы суреттеуді, соны мәселеге батыл шешім табуды, шығармалар жасауды айтамыз. Жаңашылдық әрқашан асқан творчествалық ізденістің нәтижесі. Ол өнер өрісін кеңейтеді. Өнердің бұрын қол жеткен табысына, ұлы суреткерлердің тәжірибесіне сүйенбей шығармашылықта ілгерілеу мүмкін емес. Жаңашылдық пен дәстүрдің ұдайы ұштасып отыратыны да осыдан». Әдебиетте, өнерде ерекшеліктерді сақтай отырып қана жаңа заманның талап тілегіне сай шығарма туғызуға болады. Дәстүрдің кейбір тұрақты түрлері бар. Ұлттық психиканың Мінез-құлықтың өзгеруіне байланысты туған алуан түрлі көріністер шығарманың ұлттық сипатын байқатады. Тұрмыстық, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіндегі, адамның айнала өмір өмір тануындағы жаңа ұғым, түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен пішін жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл сәтте кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталуымен қатар, сутеттеу, сомдау, сөз қолдану жағынан жаңа бейнелеу тәсілдері пайда болады. Әдеби шығармадағы тақырып жаңалығы, дүниетанымдағы, көркемдік ойлау жүйесіндегі жаңашылдық бүкіл бейнелеу құралдарына, көркемдік тіл, стиль, өлең ырғағы, жанрлар бір-біріне жаңаша сипат дарыта алады. Көркемдік жаңашылдық тек қана жаңа сөздер, өрнектер, тәсілдер табу арқылы ғана емес, бұрыннан бар бейнелеу құралдарын жаңаша қолдана білетін суреткерлік шеберлігі арқылы да танылады. Жаңашылдық негізі - ойдың саналылығы, өмір құбылыстарын жаңаша ұғып, түсіне білу, сезіну және оған сәйкес туатын көркемдік шеберлік.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - көне түркі поэзиясы мен қазақ поэзиясының көркемдік сипаты мен жанрлық-поэтикалық-мәтіндік ерекшеліктеріне жан-жақты салыстырмалы зерттеу жүргізу. Көне түркі поэзиялық шығармалардың поэтикалық ерекшеліктерін пайымдау, жекелеген ақындар шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихынан алар орнын анықтау.

Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер алға қойылды: Дәстүр дегеніміз бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен іс-әрекеттірінің рухани негізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғасытығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады. Міне, сол себепті Н. Келімбетов ежелгі түрік поэзиясы мен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрген. Сондықтан қазақ әдебиетінің түп-төркінін, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып -білу үшін алдымен халқымыздың бұрынғы соңғы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан тереңірек зерттей түсуді қажет деп білген.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей ой-тұжырымдарға келіп саяды:

Біріншіден, қазақтың өз атымен аталатын фольклоры мен жазба әдебиеті ежелгі түркі әдебиеті, ежелгі түркі ескерткіштерінің табиғи жалғасы, солардың кейінгі кезеңдерге жетілген жаңа үлгілері, тарихи даму нәтижесінде көтерілген асқар биігі екенін дәлелдеу.

Екіншіден, сақтар мен ғұндар дәуіріндегі ерлік дастандары және сонау Түрік қағанаты (VІІІ-ғасыр) тұсында тасқа қашап жазылған Күлтегін батыр, Білге қаған және Тоныкөк жөніндегі жырлар мен қазақтың батырлық жырлары арасында ғасырлар бойы үзілмей, жалғасып келе жатқан байланыс бар екенін ашып көрсету.

Үшіншіден, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Яссауи, Құтб сияқты шайырлар шығармасына өзек болған ислам дінінің гуманистік, адамгершілік идеялары, мораль, этика саласындағы ой-пікірлері бертін келе қазақ жыраулары поэзиясынан өз көрінісін тапқанын, әрі тарихи жағдайда одан әрі дами түскенін әдеби деректер негізінде талдап айту.

Төртіншіден, қазақ поэзиясының мазмұн мен форма, жанр мен стиль жағынан жетіле түсуіне едәуір ықпал еткен назира дәстүрін, осы дәстүрде жазылған бірқатар дастандарды талдап, көркем сөз өнерінің осы проблемасы бойынша өзіндік пікір айтуды мақсат еткен.

Көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын зерттеу, жүйелеу талдау барысында Түркия елінің Н. С. Банарлы, Р. Р. Арат, Нихал Атсыз, Ф. Көпрүлүзаде, А. Инан, И. Кунос сияқты әдебиет пен фольклор зерттеушілердің еңбектерін тиісінше пайдаланылды. Сондай-ақ ежелгі қыпшақ даласының материалдық және рухани шежіресін зерттеген тарихшы ғалымдардың еңбектері де ескерілген. Түйіндеп атқанда, оқырман қауымға ұсынылып отырған осы зерттеудің негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХV-ғасырға дейінгі негізгі арналарын, көркемдік сипатын, тарихи кезеңдері мен өзіндік белгілерін айқындай түсу болып табылады. Ең бастысы ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың жыраулар поэзиясы арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын ғылыми негізде дәлелдеп шығу.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыстың мақсатына орай мынадай әдістер басшылыққа алынды: топтастыру, жинақтау, түсіндіру, әдісі.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ.

ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ.

  1. «Алып Ер Тоңға»дастаны

Әдебиеттегі, соның ішіндегі, поэзиядағы дәстүр жайында тереңірек айтар болсақ, бұл ұғымға поэзияның «әу» деп басталатынбеташарынан бастап, соңғы тынысына дейінгі барша көркемдік құралдар (теңеулер, айшықтау мен құбылтудың түрлері), әдіс-тәсілдер, қалыптасқан түрлер, пішіндер, көркем ұғымдар мен түсініктер кіреді. Бұлардың бәрі де халықтың тіршілігіне, тұрмысына, дүниетанымына көркемдік ойының өзіндік қалыптасуы мен даму дәрежесіне, өзге халықтар әдебиетімен, мәдениетімен байланысына және өзгешелігіне т. б. сәйкес сабақтас өріс алады. сөйтіп, поэзияның ұлттық ерекшелігін де халықтың сипатында танытатын, құрайтын осы белгілер. Олар ұзақ уақыт өмір сүру арқылы өзіне тән барша өзгешеліктерді қалыптастырады, тұрақтандырады, соның нәтижесінде белгілі бір дәстүр дәрежесіне жетеді. Жалпы дәстүр, оның ішіндегі поэзиядағы дәстүр де дамиды, өзгереді, өседі, жаңарады. бірақ бұл үшін көбінесе халықтың тіршілігінде, санасында, көркемдік дүние танымында жаңа бетбұрыс, өзгеріс, даму болуы шарт. соның өзінде байырғы, төл дәстүр аз уақыттың ішінде өзгере салмайды. Ұзақ уақыттың, жалпы қоғамдық дамудың, сондай-ақ, өмірді, ортаны, қоғамды жаңаша тану, бейнелеудің нәтижесінде біртіндеп өзгереді, жаңарады. Яғни, байырғы дәстүрдің іштей түлеуі, біртіндеп жаңа сипатқа көшуі тәрізді өзгерістерді басынан өткізеді. Белгілі бір дәстүрдің белгілі бір тарихи кезеңде өзгеруі мен жаңаруы жалпы ұлттық ұлттық сипатынан айырылуы немесе кенет өзгеше сипатқа ие болуы болып есептелінбейді. Дәстүрдің бірі де, бәрі де ұлттық сипаттың ішіндегі құбылыстар. Олардың барлық жиынтығы ғана ұлттық поэзияның өзіндік дара қасиетін белгілйді. Сондықтан дәстүрдің өзгеруі мен жаңаруы жалпы ұлттық поэзияның арнасында, аясында болып жататын, оның жалпы тіршілік-тынысын, өсу қадамын танытатын, өзгешебелгілерді бойына жинау тәрізді өзгерісін аңғартатын ішкі қалыпты жайлар. Өйткені жалпы халыққа тән, оның поэзиясына лайық түбегейлі ұлттық сипаттар тұтас алғанда сол халықпен, оның поэзиясымен бірге жасайды және аз уақыттың ішінде өзгере салмайды. Сондықтан дәстүрдің жаңруын сөз еткенде дәстүр мен жаңашылдық мәселесін поэзия жанрында арнайы қарастырғанда екеуін бір-бірінен бөліп тастай алмаймыз. Себебі поэзиядағы жаңашылдық мәселесі де осы дәстүрдің қанатының аясынан бастау алады. «жаңашылдық деп кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінен мән мағынасы бай, дәрежесі жоғары, заман талабына жауап беретін, бұрынғы - соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңыздыізденіс-әрекеттерді айтуға болады. Жаңашылдық даму нәтижесінде белгілі бір межеге жетіп, өзі де дәстүрге айналады, келесі сатыда басқа жаңашылдық туып, өрбиді. Дәстүр мен жаңашылдық диалектикалық бірлестікте болады. Оның негізі - ескі мен жаңаның жалғастығы. Әдебиет - қоғамдық құбылыс. Уақыт пен кеңістік аясындағы қоғам өмірі, ондағы адам тағдыры, айналасындағы өмір шындығы мен қарым-қатынасы-бәрә осы әдебиеттің айдынында өмір сүреді. Ал осындағы «поэзия - әдебиеттің көне саласы, бірақ жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы. » [1]

Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде алдымен Түрік қағанаты тұсында өмірге келген Орхон жазба ескерткіштері ойға оралады. Бұлар - Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі данышпан Тоныкөк жайындағы жырлар болып келеді. Автор сақтар мен ғұндар өмірін бейнелейтін «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр», «Оғыз қаған», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенекөн» дастандарын Түрік қағанаты тұсында өмір сүрген түркі тектес ру-тайпалар өздерінің төл туындылары санаған. Міне сол себепті, «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр», «Оғыз қаған», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенекөн» дастандары мен қазақтың «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер тарғын», «Қамбар батыр», «Орақ Мамай» сияқты батырлар жыры арасындағы дәстүр, мазмұн, фора, стиль бірлігін талдап көрсетпекші.

Мұндағы мақсатымыз - түркі тілдес халықтардың, соның ішінде, қазақ халқының да әлемдік әдебиет қорына өзіндік үлес қосқанын дәлелдеп көрсету. Осыған байланысты академик Әлкей Марғұлан мынадай пікір айтқан еді: «қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді. Бұл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығауының өзі бір жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстанған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған ұрпақтары - оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар, керейлер, пешенелер, хазарлар». [2]

«Алып Ер Тоңа» дастаны - ежелгі түркі тайпаларының шежіресін аңыздар мен тарихи деректер негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Бұл дастанның сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана бізге жеткен. Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі батыр шешуші шайқасқа шығардың алдында қорқынышты түс көреді. Алып Ер Тоңаның түс көруіне арналған дастанның жыр жолдарын Фирдоуси өз шығармаларында зор шеберлікпен пайдалана білген. Мұнда: «Афрасиабтың қорқынышты түс көруі» деп аталатын ұзақ жырда:

Қалшылдап, айғай сап оянып кетті

Құлындағы дауысы қиырға жетті.

. . . долы дауыо жұрт зәресін ұшырды

Байрағымды жұлып жерге түсірді.

Жау әскері қарақұрым қаптаған,

Тұран елін аямай-ақ таптаған.

Әр найзаға бір-бір басты іліпті

Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.

Жарқ еткізіәп алмас қылыш жасқады

Қақ ортамнан екі бөліп тастады- деген жолдар бар.

Жаудың келе жатқанын батырдың түс көруі арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлар жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы тайшық батыр да түсінен шошып оянады. Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды көреді:

Мен бір бүгін түс көрдім

Түсімде жаман іс көрдім,

Заманым менің қағынды

Қағынбасқа не қылды?

Құрсаулы қара бура кеп

Қарсы қарап шабынды

Қаланың аузын қан қылды

Қақпаның аузын шаң қылды

Айдарлымды құл қылды

Тұлымымды тұл қылды

Солқылдаған мырзамды

Табанға салып жүн қылды.

Ежелгі түркі ауыз әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрдің сол көне дәуірдің өзінде жазба әдебиеттен жалғасын тапқанын көреміз. Сонымен «Алып Ер Тоңа» дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі-ынтымақ бірлікке үндеу, туған жердің абырой даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. «Алып Ер Тоңа» дастаны - түркі «тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемінде - көг өлшемінде туған». Бұл өлшем бойынша жырдың алғашқы үш жолы өзара ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып отырады. Көне түркі поэзиясының көг өлшемі негізінен а-а-а-б; в-в-в-б; г-г-г-б түрінде болып келеді. Бұған мына жыр жолдары дәлел:

Алп Ер Тоңа өлді му?

Есіз ажун қалды му?

Өзлек өчун алды му?

Емді йурэк йыртулар .

Беглар атын арғұрб.

Қазғу аны түрғұрұб

Меңзі йузі сарғыпаб

Қурқум анар туртулар.

Ежелгі түркі жырларына тән ұйқастың мұндай түрі бертін келе қазақтың ақын-жыраулары поэзиясынан да кең орына алғаны мәлім. Мәселен, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау толғаулары мен Дулат, Абай сияқты ақындардың өлеңдерінде көг өлшемі жиі ұшырайды. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған мұндай жыр өлшемін ұлы абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. Мәселен, Абай «Білімдіден шыққан сөз» өлеңінде:

Әбілет басқан елерме,

Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме?

Түзелмесін білген ез?

«Айтыш-айтшылап» жалынар,

Ұққыш жансып шабынар

Ұқпай жатып жалынар

Ұйқылы ояу бойкүйез - дейді. [3]

Сөйтіп, «Алып Ер Тоңа» дастаны - түркі халықтардың ежелгі ерлік тарихын аңызға айналған шежіре деректер негізінде баяндайтын көне түркі фольклорының дәстүрлі талаптарына сәйкес туындаған қаһармандық жыр.

«Шу батыр» дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақ және ғұн тайпаларының шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. Ғұндардың ерлік эпосына тән көріністерің бірі - батырлың жекпе-жекке шығар алдында дауылыдай буырқанған ашу-ызасын, көңіл-күйін тікелей айтпай табиғатты суреттеу арқылы, параллель жасау әдісімен беру болып табылады. Мысалы:

Ашуланды Көк Тәңірі,

Бетін бұлтпен бүркеді.

Қаһарлы даусы гүрілдеп

Жарқ-жұрқ етіп от шашты

Көлде жүзген қаз, үйрек

Пана таппай шуласты

Бөкен, арқар, киіктер

Жалтақ-жалтақ қарайды.

Жолбарыс пен арыстан

Сүңгіді қалың қамысты

Шайқасқа шықты Шу батыр

Бермеу үшін намысты

Лек-лек жасақ тоғысты

Аспан мен жер қағысты.

Дәл осындай көріктеу тәсілі қазақтың «Ер Тарғын» атты батырлық жырында кең орын алған. Батырдың мертігіп, жан күйзелісіне түсіп жатқан сәті былай бейнеленеді:

Күнді бұлт құрсайды,

Күнді байқап қарасам

Күн жауарға ұқсайды

Айды бұлт құрсайды

Айды байқап қарасам

Түн жауарға ұқсайды

Көгілдерін еріткен

Көлдегі қулар шулайды

Шулағанға қарасам

Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды.

Бойды байқай қарасам

Қол-аяғым көсіліп

Аузы-мұрным ісініп

Алланың хақ бұйрығы маған иаяғанға ұқсайды.

«Шу батыр» дастанында қаһарманның соғыста мінетін аттары мадақталады:

. . . Шу ақ айғырға мініп шапты

Жаулары ажал қапты.

Немесе: Ханзада мінген қараторы ат

Арғы тегі құс еді.

Ал, түрік қағанаты дәуірінде өмірге келген түркі жазба әдібиетінің алғашқы үлгілерінің бірі саналатын «Күлтегін» жырында батырдың майданға мінетін арғымақтары жайында айтылған мынадай жыр жолдары бар:

. . . Күлтегін алып Шалшы ағынға мініп,

Жауға ұмтылды . . . Күлтегін Азман атын мініп Шапты, талқандады. әскерін жеңдік, елін алдық. Бұл екі батыр да шайқас алдында Көк тәңірілен демеу, күш-қуат, едеу сұрап жалбарынады. Екеуі де «аш халықты - тоқ еткенін, аз халықты көп еткенін» ақтаныш етіп айтады. Шу батыр мен Күлтегін батырдың тағы бір ұқсастығы - екеуіне де оқ өтпейді, қылыш шаппайды. Бұл сияқты отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін қасиет қазақтың Алпамыс батырында да бар.

Түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды - «Оғыз қаған» дастаны. Белгілі орыс ғалымы Г. Н. Потанин: «Оғыз қаған белгілі бір тарихи бейне емес, эпостық қаһарман» деген пікір айтады. Сондай-ақ Оғыз қағанды Александр Македонский немесе қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек деп болжам жасаған ғалымдар да бар. Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Ежелгі түркі ауыз әдебиетінің бірқатар көркемдік дәстүрлері қазақтың батырлар жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, Оғыз батырдың дүниеге келуі, қырық күнде ер жетуі, жауға қарсы күресте ерлік көрсетуі, үйленуі секілді көріністер Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Қарабек сияқты қазақ батырларының бейнесін еске алады. Оғыз батырдың дүниеге келуі былай суреттеледі:

Тағы күндерде бір күн

Ай қағанның көзі жарқ етіп

Ер бала туды

Осы ұлдың өңі-шырайы көк еді

Аузы оттай қызыл еді

Көздері қызғылт

Шаштары, қастары қара еді.

Міне ежелгі түркі дастандарында болашақ батырдың өмірге келуінің өзі де өзгелерге мүлдем ұқсамайтын ерекше сипат алады. Тіпті оның бет-бейнесі, балалық қылығы, күш-қуаты, ерлік істері де басқалардан оқшауланып тұрады:

Тілге келе бастады

Қырық күннен соң өсті

Жүрді, ойнады

Аяғы өгіздің аяғындай

Белі бөрінің беліндей

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті жалпы қазақтың емес күллі Түркі жұртынның мәңгі мұрасы
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz