Қорқыт Ата жайында аңыздарда жетерлік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата жырларының көркемдік ерекшеліктері

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы бойынша

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ОЙ-ПІКІРЛЕР

1. 1 Қорқыт Ата мұралары туралы замана лебі . . . 6

1. 2 Қорқыт Ата нақыл сөздерінің тақырыптық-композициялық болмысы мен тәрбиелікмәні . . . 22

2 ҚОРҚЫТ АТА ЖЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-СЮЖЕТТІК ҚАТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ ОРНЫ

2. 1«Қорқыт Ата» кітабынің әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі ролі . . . 28

2. 2 Қорқыт Ата жырының поэтикасы мен құрылысының тақырыптық ерекшелігі . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Қорқыт мұраларын ұмыт қалдырмай, жаңаша көзқараспен бағдарлау. Қорқыт Ата бәрімізге бұрынан таныс, көкейімізде жатталып қалған мифологиялық бейне. Дегенмен, осы «Қорқыт» деген есімнің өзі не мағына береді, «Қорқыт» дегеніміз ел аузындағы аңыз ба, әлде тарихта болған шынайы тұлға ма деген сауал көбімізді толғандыра бермейді. Алайда, еліміздің өткені мен кеткенін, аңыздары мен тарихын, әдебиеті мен мәдениетін білу бәріміздің борышымыз. Осы орайда, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай деген сөздері есімізге түседі: «Еліміздің егемендігін, халқымыздың рухани байлығын, табиғи ресурстарымыздың барлығын қорғауға алу абыройлы іс» [1, 1] . Расында да, қазақ елі жер асты қазба байлықтарына ғана емес, рухани байлықтарынан да кем емес. Рухани өміріміздің тарихында тұтас бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным-түсінігін айшықтап көрсететін айрықша тұлғалар болатыны рас. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымды пайымдап, бас-аяғын жинауға әрекеттенер болсақ, оның ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өте алмаспыз. Солардың бірі, бәлкім, бірегейі - түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал Қорқыт Ата.

Қорқыт Ата еңбектері не себепті түркі халықтарының ғана емес барша еуропалық түрколог ғалымдардың қызығушылығын оятқанына қарағанда Қорқыттың оғыз-қыпшақ қоғамдық бірлестігінде өмір сүрген қарапайым шаман қария ғана емес толықтай ашылмаған үлкен құпия өнер иесі екендігін аңғартқандай. Қорқыт есімімен қатар "Ата" деген тіркестің үнемі үлкен әріппен жүретіні бір көзбен қарағанда қызық көрінері анық. Мұндағы "Ата" тіркесі туыстық атаудағы сөз емес барша түркі тайпаларының ғұламасы деген мақсатта айтылады. Бас әріппен жазылуының себебі бір ғана елдің емес, күллі түркі тілдес елдердің ортақ пірі деген мағынада болғандықтан жазылады.

Рухани-әдеби байлықтарымыздың бірі деп Қорқыт Ата мұраларын айта аламыз. Тақырыбымыздың өзектілігі де осы, келешек ұрпағымызды тілін, ділін, әдебиетін, мәдениетін білетін патриоттық рухпен тәрбиелеу. Ал, Қорқыттың еңбектері эстетикалық өнегеге бай. Тақырыптың зерттелу дәрежесіне назар салсақ, Қорқыт Ата - түркі халықтарының барлығына ортақ ұлы ойшыл, қобызшы, жырау. Қорқыт Атаның тарихтан алатын орны ерекше, артыннан өшпес әдеби, музыка мұрасын қалдырған биік тұлға ретінде танимыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Нақты мақсаты - Қорқыт Атаның өнері мен өмірі жайлы ғылымда әр түрлі болжамдарды сейілтіп жан-жақты қарастыру. Оның шығармашылығының қалыптасу арналарын анықтау Зерттеулердің мақсатын айқындау.

Зерттемелердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде X ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға келеді. Ол жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны Су аяғы - "Ер Қорқыт" деп атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша, Корқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі болса қазақ құрамына кіретін қыпшақ руының қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзенінің маңы болса керек. Қорқыт мініп, дүниенің төрт бұрышын кезген, аңызға айналған атақты Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары, яғни нағашылары сыйлаған көрінеді. Қазақ халқының тарихында Қорқыт Ата - елдің ынтымағын нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін қалаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде танылады. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып саналған. Ал, қазақ халкы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған халық, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын аңыз-әңгімелер, тарихи жырларқазақ халықтарының ішінде ауыздан-ауызға тарап жүргені де сондықтан. Қорқыттың әдеби мұралары ғана емес, музыкалық мұралары да баршылық. Өйткені, Қорқыт қобызды алғаш жасап шығарған шебер, ал қобыз дегеніміз - музыкалық аспап. Қорқыттың күйлеріде бар алайда, оның мұрасынан әзірге белгілішығарма саны жиырма шақты. Қорқыттарихта болған өнер иесі. Өз заманының биі, батыры, даңқты ақылгөйі. Сол себепті, Қорқыт әр халық әр түрлі аңыз еткен, алып тұлға. Қорқыт Ата мұралары - жалпы түркі халықтарының ежелгі мәдениетінің, мұрасының ортақ екендігін көрсететін, қазіргі айтылып жүрген рухани мәселелерге мұрындық болатын құнды ескерткіш. Түбі бір түркі халықтарына ортақ жәдігер түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының мәңгі рухани баға жетпес мұралары болып саналады. Қорқыт Ата туралы аңыз бен ақиқаттың ақ-қарасын ажырату жалпымызға бірдей жүктелген ортақ міндет деп білемін.

Қорқытты оқу арқылы ұрпақ өзінің болмысы мен салт-дәстүрін ден қойып, рухани қазыналарды бағалап үйренеді деп ойлаймын.

Біз Қорқыттың мұраларын зерттеу арқылы көне түркі заманына беттеп, түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын, мәдениетін, әдебиетін көріп, біле аламыз. Қорқыт Ата мұраларының ішіндегі ең алыбы - нақыл сөздері. Қорқыттың нақылдары қазақ халқының мақал-мәтелдерімен ұқсас, тәрбиелік мәнді өсиет ететін даналық маржандары. Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор, ұлттық тәрбиеміздің бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық құндылық берері анық.

Дипломдық жұмыстың міндеті: Қорқытты оқу арқылы бүгінгі ұрпақ өзінің болмысы мен салт-дәстүріне ден қойып, рухани қазыналарды бағалауға үйрету. Қорқыт Ата қазақ халқының би-шешендері сияқты дәстүрді бұлжытпай сақтауға, жеті аталық үрдіске мұқият болуға шақырған. Оның себебебі, түркі әлеміндегі туыстық, қандастық жүйені қалыптастыруда әйелдің орны ерекше екендігін түсіндіру, қан тазалығына мән беру. Қан тазалығына жылдар бойы мән берудің себебі неде, «жеті атаға» дейін қыз алысып, қыз берісуге болмайды деген тиымның мәнісі не, деген сауалға Қорқытта жауап берген сыңайлы. Қан тазалығының бірден бір белгісі -текті ұрпақ. Ал, текті ұрпақтан міндетті түрде саналы, білімді адамзаттар пайда болары һақ. Қорқыт атаның бұл өсиеті бүкіл түркі әлеміне таралып, ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Қорқыт заманын келе жатқан шаңырақ көтеруге байланысты «Керегең сөгілмесін», - деп бата берген екен. Шыныменен, шаңырақ көтеріп, үй болу қай заманда да өнегелі іс. Қазақ халқы үшінде шаңырақ құру аса жауапты міндет, сондықтан да «ақ босаға», «алтын босаға», «қара шаңырақ» деп те жатамыз. Қорқыт шаңырақтың шайқалмай берік болғанын аманат еткен.

Қорқыттың әр жыры бір міндетті көздейді ол - тәрбие. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші Қорқыт Ата баланы шыр етіп дүниеге келіп, көз ашқанынан бастап ізгілікке баулу керек деген екен. Ол нақыл сөздері арқылы адамды бірлікке, ынтымақттыққа, жақсы қасиеттерге бейім болуға шақырды. Қорқыттың әрбір сөзі тұнып тұрған - имандылық пен тәрбие. Өз ортасында сыйлы болған Қорқыт Ата бектердің жиынан қалмай, олардың балаларына ат қойған. Ал, баланын атын қою мәртебесіне тек қадірменді адамдар ғана лайық болып есептелінеді. Қамыққан халық әрдайым Қорқыт Атаның кеңесін алып, ақылын тыңдайтын болған. Тәлім-тәрбие беруде Қорқыттың рухани байлықтары таптырмайтын қазына.

Қорқыттың нақыл сөздері де, жырларыда ұрпақты ізгілікке шақырады. Ежелгі түркі өркениетін, жазба есерткіштер мен Қорқыт ата мұраларын зерттеу келешек ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз, сондықтан да, ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің мұрасын жүйелі түрде зерттеп, әлемдік ғылыммен теңдестіру біздің парызымыз.

Дипломдық жұмыстың дереккөздері: Қорқыт Ата жайында әр түрлі кезеңде жарық көрген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері атап айтқанда: Ш. Ибраевтың «Тәңірлік дін өкілі - Қорқыт Ата»,

М. Әуезовтың қорқыттануға қосқан ғылыми еңбектері, Ә. Марғұланның«Ежелгі жыр, аңыздар», «Өткен күнде белгі бар», «Қорқыт ата өмірі мен әфсаналары», «Қорқыт туралы жазбалар» атты жұмыстары, В. Н. Басиловтың «Избаранники духов», П. Н. Боратовтың « Исторические ценности в сюжетах Деда Коркута», С. Қасқабасов «Ажалмен айқасқан адам», В. В. Бартольд аудармалары мен зерттеу жұмыстары, В. Жирмунскийдың «Китаби Коркут и огузская эпическая традиция» атты, Ә. Қоңыратбаев пен М. Байділдаевтың «Қорқыт ата кітабы» және де баспасөз таралымдары - газет, журналдардағы құнды делінген деректерді қолдандым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, 2 тараудан және қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қорқыт туралы зерттулер мен ой-пікірлер

  1. Қорқыт Ата мұралары туралы замана лебі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулеткер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қолжетіп, өзінің өткеніне көз жібере бастаған қазақхалқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені, оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен де жақсы үйлесім тауып отыр. «Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», - дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек болады. Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз»[2, 1] .

Қорқыт ел аузындағы аңыз ғана емес өмірде болған, есімін үлкен әріпттермен жазуға болатын алып тұлға. Оны дәлелдей алатын құнды дерек ол - тарих. Тарихқа үңілетін болсақ, Қорқыт дәуірін көре аламыз. Ғалымдар VIII - XХ ғ. Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде бұл кезеңді «Қорқыт дәуірі» деп атаған:

  • Біріншіден, көне түркілер тарихының «Қорқыт дәуірінде» түркі тайпалары Орта Азияны толықтай жаулауға кіріскен, сондықтан да Қорқыт мұралары бір ғана елдің емес, бүкіл түркі халықтарының әдеби - рухани қазынасына айналып отыр.
  • Екіншіден, Қорқыт дәуірінде Сырдария қалалары қуаттанып, қала мәдениетінің көркеюі. Ал, Сырдария өңірі Қорқыт бабамыздың туған жері.
  • Үшіншіден, Қорқыт өзі өмір сүрген дәуірде түркі халықтарына ақылгөй, дана болған.

Сонымен түркі әлемі және «Қорқыт дәуірі» тақырыбына арналған зерттеулерге келетін болсақ, Қорқыттың сырға толы, құпия өмірі көптеген ғалымдарды толғандырып отыр. Рашид әд-Дин өзінің естіген аңыздарында, Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де

бас уәзірлік қызметте болған дейді. Олар: Дойлы хан, Инал хан, Көл-Еркі, Каңлықожа және Тұман хандар. Хандарға күшті ықпал жасай білгендіктен, олар Корқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған көрінеді. Осы пікірді шығыстың тарихын зерттеуші Әбілғазы да растайды. Әр түрлі аңыз- әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр алуан пікір айтылады. Кейбір деректерде Қорқыт 95 жыл жасаған делінсе, кейбірінде 195, ал кейбірінде, тіпті 400 жасқа келген деген де болжамдар кездеседі.

Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазы “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы жайында айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә. Диваев пен т. б. ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулеріне Қорқыт ата ХІ ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. Марғұланның еңбектерінде ол VII - VIII ғасыр аралығында өмір сүрген деген пікір айтады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім», - деп айтқанына қарағанда, оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималдар пайда болады[3, 5] . Бақсылар әрі ақын, әрі өткен замандарды да жырлайтын, келешектен де хабар беретін ұлы адамдар болған. Қорқыттың бақсы болғанына тағы бір дәлел қолындағы қобызы. Қобыз қазіргі біздің қабылдауымызда жай ғана бір музыкалық аспап қана, ал ұлы болжам келтіруде, ақиқатты тануда абыздың қобызы музыкалық аспап қана емес екі дүние арасындағы дәнекерші-медитациялық құбылыстың құралы болып саналады. Сол себепті де, қобыз әулиелердің аспабы. Бұл жайында Басиловтың да өз айтары бар: «Шаманское ритуальное врачевание - это архаическое форма лекаря. В отличие от современного врача, он владеет опытом психотерапевтического воздействия»[4, 103] .

Қорқыттың бақсылық қасиеттерін дәріптеп жеткізген көне бақсы-жыраулар: Қойлыбай, Балақай, Қарамырза, Нысан абыздар. Ал, Халықаралық түркі академиясының президенті, профессор, академик Ш. Ыбыраев болса: «Менің зерттеуім бойынша, Қорқыт өмірде болған. Қорқыттың, шамамен алғанда, VIII-IX ғасырларда Сырдарияның бойында өмір кешкені анық. Әйтпесе жоқ адамға ескерткіш орнатып, басына белгі қоймайды. Бұл - бір жағы. Екінші жағынан, өмірде болмаған адамнан соншама аңыз тудырып алмайды. Демек, ол - нақты болған адам. Бірақ, ол қазақ даласына исламның енетінінің алдында өмір сүрген кісі. Жалпы, Қорқыт дәуірі тәңірлік ескі наным-сенімнің исламға орын беріп жатқан тұстарына да сәйкес келеді. Себебі ол туралы аңыздардың мазмұны соған меңзейді. Мұнда белгілі бір дәрежеде тәңірлік діннің қағидаларын қорғау бар. Сөйтіп, исламның кейбір қағидаларына қарсы келу байқалады. Мысалы, өлмеудің жолын іздеу, ажалға қарсы тұру деген - исламда жоқ нәрсе. Алдағы уақытта оның тек өмірде болған-болмағанын ғана емес, жырларының да көркемдік ерекшеліктерін ары қарай зерттей беруіміз керек», - деген пікір айтады [5, 78] . Шынында да, Қорқыттың аңыз әлде ақиқат екендігіне көп ғалымдар еңбектеніп, дәлелді пікірлер қалдырды емес пе?! Бір тақырыпты қазбалай бергеннен гөрі Қорқыт Атаның жырларын кейінгі ғалымдар зерттеуге алса "нұр үстіне - нұр" болар еді дер едім.

Қорқыт Ата жайында аңыздарда жетерлік. Сол аңыздарға келсек, Қорқыттың бойында үш түрлі өнер ерекше айқындалады екен:

  • Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы абыз, бақсы. Қорқыттың абыздық, болжалдық қасиеттерін жалғастырғандар: Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз, Әнет баба, Бұқар жырау, Құлназар, Тәтіқара, Майлықожа би
  • Екіншіден - күйші, қобызды алғаш ойлап тауып, қобыз сарынын тудырған өнерпаз. Қорқыттың күйлерін жеткізген атақты күйшілер: әл - Фараби, Кетбұқа, Ер Шегедей; Досжан, Қанқожа Уәлиханов, Өтеболат, Құрманғазы, Ықылас, т. б.
  • Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелейтін әдеби-тарихи мұра. Қорқыт дәстүрі бойынша жыр айтқан жырау-ақындар: Сабырбай, Жанақ, Жұмағұл, Найман бала, Ерімбет жырау, Базар жырау, Абыл жырау, тағы басқалары.

Қорқыт туралы қазақ халқы айтатын аңыздарды, ғажайып әфсаналарды, қария сөздерін жинаған ғалым Ә. А. Диваев. Қорқыттың сәуегейлік істері, өскен ортасы, нақыл сөздері, болжау сөздері, "Қорқыт пен ажал" мәселесі, өлместің жолын іздеуі, Әзірейілмен күресі, өлімнен қашып жүріп, дүниені кезуі, Қорқыттың "Желмаясы" туралы айтылатын аңыздардың барлығын Ә. А. Диваев 1920-1921 жылдар аралығында Жетісу мен Сырдария өлкесін аралаған атақты экспедицияларында жинақтап қайтады. Бұл екі аймақтан Ә. А. Диваев екі жүз қырық дәптер, 8 мың беттік мағлұмат жинады [6, 5] . Олардың көбі шежірелер, тарихи хикаялар, аңыз, ертегілер және дастандар. Бұл байтақ мағлұматтың ішінде 8 дәптер бір ғана Қорқыт туралы аңыздарға арналған, олар: "Қорқыттың өлімнен қашуы", "Қорқыттың бақсылық сарыны", "Қорқыттың Әзірейілмен алысуы" [7, 17] . Түркі халықтарының фольклорындағы аңыз әңгімелердің бірі Қорқыт Атаның туылуына байланысты.

Аңызға сүйенсек, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Толғағы жылына бір рет қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер кезде әлемді үш күн, үш түн бойы қаратүнек қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұрттың бәрінің үрейін алады. Соған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған делінеді. “Қорқыт” сөзінің этимологиясын Ә. Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” [8, 160], - деп көрсетсе, С. Қасқабасов қарама - қарсы мәнде “өмір сарқылды, адам өлді [9, 91] деген мағынаны білдіреді деп санайды[9, 91] . Е. Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “деде, даде” деген сөздерді “жырау, насихат айтушы” деп түсіндіреді. В. М. Жирмунскийдің бір пікірінде, Қорқыт Ата жыршылар мен жырауларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген болжағыш әрі әнші-жырау, ақылгөй болған делінсе, ендігі бір деректе В. Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап - қобыздың иесі, абыз, шаман ретінде қарастырады[10, 90] . Қорқытты ең алғаш зерттеуге ден қойған ғалымдар: Ш. Уәлиханов, В. Вельяминов-Зернов, И. Лерх, Л. Герн, Л. Мейер, Г. Потанин, В. Радлов және т. б. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары кеңінен көрініс тапқан. Халық аузындағы аңыз-әңгімелердегі Қорқыттың бейнесін зерттеген ғұламалар: В. В. Бартольд, Ә. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Жетпісбаев, В. А. Каллаур, И. Кастанье, П. И. Спиридонов, тағы басқалары. Қорқыт адамға өлмейтін өмір іздейді, бақытты ғұмырды, адам өмірінің ұзақ болуын тілейді. Осы оқиға туралы қазақ аңызында былай деген: «Қорқыт еңгезердей биік кісі екен, бойы екі құлаш, бір сүйем, өлгенде аяғы қабірінен шығып жатыпты. Тірі кезінде Қорқыт өлімге мойын сұнбаған, дүниенің төрт бұрышын кезген екен, бірақ еш жерден тыныштық таба алмапты, қайда барса да алдынан қазулы тұрған көр шыға беріпті [11, 110] . Қорқыттың өмір бойы арман еткені өлмейтін, мәңгілік ғұмыр іздеу, сол үшін күресіп, өлімге қарсы тұру. Қорқыт бар өмірін тағдырмен, дүниенің жаратушымен алысу үстінде өткізеді. Өлмейтін өмірді іздеп, тағдырға, өлімге қарсы тұрады. Жас Қорқыттың іздегені - адам баласының өлмей, уайымсыз, еркін өмір сүруі. Өліммен күресуді Қорқыт өзіне бірінші міндет етіп қояды. Өліммен күресу, адам баласына өлмейтін өмір іздеу жолында Қорқыт халықтың қорғаушысы, халыққа жан-тәнімен болысатын, оларға мәңгілік өмірді мұрат еткен кемеңгер бейнесінде суреттеледі. Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңыздарында ұшырасады. Қазақ халқының аңыздарында өлімге қарсы тұратын сюжет осы Қорқыт туралы ғана. Қазақ халқында «Қорқыт пен ажал»деген поэмада бар [11, 98] . Онда аңыз сөзі былай басталады:

Қорқыт қашып ажалдан,

Аңыратты қобызын,

Қобызында көп арман

Тоқсан толғау, әдемі үн.

Желмаясын желдіртіп,

Ілгері басып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата тарихы
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қорқыт ата туралы
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт жыл жасаған қарт данышпан
Қорқыт Ата туралы ақпарат
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
VI-VIII ғасырдағы ұлы ғұламалар
Қорқыт философиясындағы Өмір жӘне Өлім туралы мӘселе
Өмір жырын толғаған ұлы Баба - қобыз сарыны Қорқыт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz