ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

2 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . .

2. 1 Шымкент қаласының әкімшілік аумақтық құрылымы және жер санаттары бойынша құрамы . . .

Шымкент - Қазақстанның үшінші мегаполисі . . .

3 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . .

3. 1 Шымкент қаласын аумақтық жоспарлау мен ұйымдастыру және дамыту бағыттары . . .

3. 2

КІРІСПЕ

Жeр өндiрiстiк фактор ретінде қай мемлекетте болмасын шаруашылық қызметіндe eрекше орын алaды. Қала аумағы жер ресурстары өндірістік күштердеің елеулі бөлігін орналастыру үшін бизнес ғана емес, сондай-ақ қала халқының тұтастай тіршілігі үшiн кеңістік ретiнде қызмет етедi. Қалалық және қала маңы жер ресурстарының азып-тозуы және жердiң ластануы, қала аумағындағы жасыл көшеттердің жойылуы, қала шекарасынан тыс ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi тұрғын және жол құрылыстарына бөліп беруді болдырмаумен қатар экологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін аумақтың географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қаланың Бaс жоспaрын сәйкес қала аумағы жер ресурстарын тиімді пайдалануда геоақпараттық жүйелерді қолдану әдістемесімен жетілдіру қажеттілігі туындауда. Таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолдану нәтижесінде қалыптасқан жүйе- геоақпараттық жүйелер болып табылады. Бүгінде геоақпараттық жүйелер әлеуметтік- экономикалық және табиғи процестер мен құбылыстарды негіздейтін, олардың өзара байланыстырып, болашақта даму қарқынын болжайтын, шешім қабылдау арқылы басқаруды жүзеге асыратын негізгі ғылым болып саналады. Сол себепті, қала аумағы жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірыңғай база қалыптастыру арқылы жер ресурстарын пайдалану тиімділігінің әлеуетін арттыруға қол жеткіземіз.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда бекітілген жер салығының мөлшері жердің кадастрлық құнынан тәуелсіз негізде, топырақ бонитет балының көрсеткіштері бойынша анықталады. Жер ресурстары тиімді пайдаланылмаған, оны өңдеудің тәртібі бұзылған, жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Жер Кодексінде жерге меншік құқығы және оны пайдалану құқығын жою сынды өзге де жазалау шаралары ғана қарастырылған. Нарықтық экономика жағдайында топырақ құнарлығын сақтауға, жерді тиімді пайдалануға ынталандыру үшін бұл шаралар жеткіліксіз.

Жалпылау негіздемесінде үнемсіз пайдаланылған жағдайда тек қана жазалау шараларын қолданып қоймай, сондай-ақ жерге ұқыптылықпен қарауды ынталандыру қажет. Өйткені топырақ құнарын қалпына келтіруге байланысты шаралар қолдануға айтарлықтай ұзақ уақыт пен қыруар қаражат мөлшері жұмсалады. Осы орайда әрбір жер пайдаланушы өзінің қарамағындағы жер учаскесін нысаналы мақсатына сай тиімді пайданудың тиісті шаралары мен талаптарын бұзбай сақтай білуі маңызды. Десек те, бүгінгі таңда елімізде қала аумағы жер ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелері жеткіліксіз зерттелген және экономикалық- географиялық ғылыми әдебиеттерде аз қарастырылған. Қала аумағы жер ресурстарын пайдалану барысында бірыңғай геоақпараттық жүйелерді қолдану әдісі қазіргі жер ресурстарын пайдалану жүйесін өзгерту үшін жер қатынастарында заманауи экономикалық географиялық тетіктерді құрастыруға, аумақтың тұрақты дамуына, жергілікті жерлердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың өмір сүру жағдайын оңтайландыру мақсатында табиғат пен қоғамның өзара байланысуына мүмкіндік береді.

Жер қатынастарын реформалау, қала аумағы жер ресурстарын басқару жүйесінде қазақстандық үлгіні қалыптастыру қажеттілігіне байланысты жер ресурстарын пайдалануда Қазақстан Республикасы қалалық агломерациясында қалыптасқан жер ресурстарын пайдалану жүйесінің салдарын айқындау және жер ресурстарын басқару жүйесінде жаңа әдістемелік аспектілерді құрастыру өзекті болып отыр. 2018 жылдың 5-маусымында Елбасы жарлығымен Шымкент қаласына республикалық қала деңгейі беріліп, облыс құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы жағдай «Шымкент қаласының деңгейінің өзгеруіне байланысты жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау» тақырыбын таңдауға негіз болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қала аумағы жер ресурстарының елімізде қабылданып жатқан реформалардың салдарынан жалпы жағдайының өзгеруін бақылай отырып, жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және даму бағыттарын құрастыру арқылы жер ресурстарын басқару әдістерін талдау. Сондай-ақ, Түркістан облысы Шымкент қаласын зерттеу нысаны ретінде қарастыра отырып, Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде жер қорларына шолу жүргізіп, геоақпарттық жүйелердің көмегімен қала аумағы жер ресурстарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін анықтайтын база құрастыру.

2. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Шымкент қаласы - Түркістан облысының оңтүстік орталық аумағында орналасқан, территориялық аймағы бойынша Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Бүгінде, Шымкент қаласының аумағы 4 аудан, 40 елді мекеннен құралған, сондай-ақ қаланың соңғы он жыл ішіндегі әлеуметтік экономикалық өрлеу қағидаттарын, демографиялық өсімін ескере келе, қала шекарасы 13, 1 мың гектардан 40, 0 мың гектарға дейін, ал 2012 жылғы қаланың Бас жоспарына сәйкес 40, 0 гектардан 2014 жылғы 117, 0 мың гектарға дейін ұлғайып, қала маңына жақын орналасқан елді мекендер қала шекарасына қосылып, демографиялық өсімге өзіндік әсерін тигізіп отыр. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша бүгінгі Шымкент қаласының даму жағдайындағы құбылысты аумақтық дамытудың халықтың тіршілік етуі мен өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастырумен бірге, агломерациялық процестерді тиімді басқару үшін бас жоспарды қайта қарап, оған сәйкес өзгерістер енгізуге мәжбүр ететін қалалық даму процесінен агломерациялық даму процесіне өту кезеңі ретінде қарастыруға болады. Осы алғышарттар негізінде Шымкент қаласының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03. 09. 2012 жылғы №1134 қаласының Қауласымен бекітілген Бас жоспарына сәйкес Шымкент қаласын жақын маңдағы қалалар мен елді мекендерді қамтитын бірегей орталық ретінде дамыту көзделіп отыр

Шымкент қаласы республика төңірегіндегі 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі қалалардың бірі ретінде ерекшеленетін, Еуропаның оңтүстік-шығыс Азиямен, сонымен қатар алыстағы шығыс елдеріне бағытталған көлік магистральдарының қиылысындағы тиімді географиялық аумақта, Қазақстан Республикасының Орта Азиямен тоғысқан торабында орналасқан бірегей қала. Қазіргі таңда Шмкент қаласы Түркістан облысының жалпы жер аумағының 1, 0% құрайтын Қазақстан Республикасының сауда және мәдени, өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Шымкент қаласындағы жұмыспен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорын орталықтары, ғылым және медицина саласындағы басқа да қызмет көрсету нысандарының негізгі бөлігі қала орталығында шоғырланғандықтан республикадағы урбандалу деңгейі бойынша ірі қалалардың үштігіне кіреді. Өңірде салыстырмалы түрде халықтың тығыздығы жоғары және демографиялық өсімі айтарлықтай тұрақты. Шымкент агломерациясы аумағында 1, 6 миллионға жуық адам бар.

Елбасы «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясында «Инфрақұрылымдық ұшталған агломерацияның, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту - маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар - Астана мен Алматы, одан соң Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады., сапалы білім беру медицина және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетеді» деген болатын. Осыған сәйкес 2014 жылы 17 қаңтарда мемлекет басшысы жоғарыда аталған халыққа жолдауында Шымкент қаласының қаржылық мүмкіндігін жоғарылату мақсатында, агломерация статусы берілетінін мәлім етті. Президенттің осы тапсырмасы шешімінде Шымкент қаласының аумағы 40, 0 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайып, 2014 жылы «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесін құру туралы» ереже төңірегінде жаңа Қаратау ауданы құрылды, ал 2018 жылдың 19-маусымында №702 Қаулыға сәйкес Шымкент қаласын республикалық маңызы бар миллионер қала деп таныды. Осыған орай Түркістан облысының орталығы деп Түркістан қаласы тағайындалды.

Қала аумағындағы аудандардың жер көлемі 2018 жылғы есепке сәйкес суретте көрсетілгендей: Абай ауданының жер көлемі - 49 702 гектар, Әл Фараби ауданының жер балансы - 14 378 гектар, Еңбекші ауданының аумағы - 20 669 гектар, Қаратау өңірі - 33 484 гектарды қамтиды. Шымкент қаласының территориялық бірлігі заманауи талаптарға сәйкес, Сайрам Төлеби және Ордабасы аудандарынан қосылған 40 елді - мекеннің, нақты айтқанда, 145 мың тұрғынның «қалалық» атануы нәтижесінде Шымкент қаласының - республика аумағындағы ең ірі агломерациялық орталық қалалардың бірі болып республикалық деңгейдегі қала атануына серпін берді.

Шымкент қаласы бойынша, қала шегіне қосылған Ордабасы ауданының пайыздық көрсеткіші 9%, Сайрам ауданы 55462, 13 гектар ер үлесі сәйкесінше 73%, ал Төле би ауданының қала маңына қосылған жер үлесі 18% құрайды. Есептік көрсеткіштерге сәйкес Сайрам ауданынан қосылған жер үлестері өзге аудандармен салыстырғанда басым болып тұр.

Шымкент қаласының әкімшілк аудандық бөлінісі 4 ауданға жіктеледі, осыған сай аудандардың шекаралық бөлінісі төменде көрсетілген

- Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы: Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі төртінші ауданмен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Төле би, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Батыс және солтүстік-батыс бөлігі Сайрам, Ордабасы аудандарымен шектеседі.

-Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Шығыс бөлігі Еңбекші ауданымен шектеседі. Оңтүстік-шығыс және оңтүстікбөліктері Төлеби ауданымен шектеседі. Батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі төртінші ауданмен шектеседі.

- Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндеорналасқан. Солтүстік-шығыс бөлігінде төртінші ауданмен, оңтүстік-шығысбөлігі Төлеби ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс және батыс бөліктері Әл-Фараби ауданымен шектеседі.

-Шымкент қаласы Қаратау ауданы Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктері Сайрамауданымен шектеседі. Шығыс бөлігі Төлеби ауданымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері Еңбекші ауданымен шектеседі. Оңтүстік бөлігі ӘлФараби ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Батыс бөлігі Ордабасы ауданымен шектеседі

Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы №41/283-5с бірлескен қаулысына және шешіміне сәйкес Шымкент қаласын құрайтын аудандардың шекаралары айқындалды. Қала аумағына қосылған Ордабасы, Сайрам; Төле би аудандарының территориялық бірлігі 8-суретте көрсетілген. Осыған байланысты аталған аудандардан Шымкент қаласының шекарасына енгізілген елді мекендерге:

-Сайрам ауданы бойынша: Сайрам аумағынан - Сайрам, Испиджаб, Қызылсу елді мекендері және ауыл шаруашылық алқаптары: Бадам аумағы бойынща - Бадам, Ақтас-2, Айкөл, Орманшы елді мекендері және ауыл шаруашылық алқаптары; Мәртөбе аумағы бойынша - Мәртөбе елді мекені және ауыл шаруашылық алқаптары; Қаратөбе аумағы бойынша - базарқақпа, Тұрдыабад, Бадам - 1, Абдулабад елді мекендері және ауыл шаруашылық алқаптары; Жұлдыз аумағы бойынша - Шапырашты, Өтеміс елді мекені және ауыл шаруашылық алқаптары;

- Төлеби ауданы бойынша: Қазығұрт аумағынан - Жыланбұзған, Маятас, Елтай, Тоғыс, Айнатас елді мекендері және ауыл шаруашылық алқаптары; Кемеқалған аумағынан - Текесу елді мекені және ауыл шаруашылық алқаптары, Ақжар аумағынан - Ақжар елді мекені және ауыл шаруашылық алқаптары

-Ордабасы ауданы бойынша: Бадам аумағынан - Алтынтөбе, Көкбұлақ елді мекендері және ауыл шаруашылық алқаптары кіреді.

2018 жыл 1 қарашадағы көрсеткіштік есептерге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жер балансының жер санаттары

Атауы
қала шекарасы өзгергенге дейін, га
өзгергеннен кейін, га
Ауытқу, (+; -)
Атауы: Барлық жер қоры, о. і.
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 40 080, 0
өзгергеннен кейін, га: 116 280, 0
Ауытқу, (+; -): 76 200, 0
Атауы: Елді мекен жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 20 255, 0
өзгергеннен кейін, га: 38 244, 0
Ауытқу, (+; -): 17 989, 0
Атауы: Өнеркәсіпктік, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық емес саланың жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 3 392, 0
өзгергеннен кейін, га: 6 247, 0
Ауытқу, (+; -): 2 855, 0
Атауы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 191, 0
өзгергеннен кейін, га: 171, 0
Ауытқу, (+; -): -20, 0
Атауы: Орман қорының жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 439, 0
өзгергеннен кейін, га: 4 340, 0
Ауытқу, (+; -): 3 901, 0
Атауы: Су ресурстарының жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 621, 0
өзгергеннен кейін, га: 1 520, 0
Ауытқу, (+; -): 899, 0
Атауы: Босалқы жерлер
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 851, 0
өзгергеннен кейін, га: 3 539, 0
Ауытқу, (+; -): 2 688, 0
Атауы: Ауылшаруашылық жерлері
қала шекарасы өзгергенге дейін, га: 14 331, 0
өзгергеннен кейін, га: 62 219, 0
Ауытқу, (+; -): 47 888, 0

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіпорындары шаруашылық механизмінің жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен, сыртқы орта факторларының (тұтынушылардың іс-әрекеті, нарықтық коньюктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы т. б. ) әлсіз талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз шарттарда әрекет етіп келеді. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулер өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығының дамуынан мемлекеттік азық- түлік қауәпсіздігі және халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы өзгереді. Шымкент қаласы бойынша 10-суретте көрсетілгендей ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жалпы ауданы: егістік жер көлемі - 39 700 гектар, оның ішінде жайылымдық жер көлемі - 19 438 гектар, шабындық жер көлемі - 244 гектарды құраса, 1 635 гектар көлемінде - көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер - 1 611 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірісі Түркістан облысының өзге аудандарында шоғырланғандықтан Шымкент қаласындағы облыстық ауқым бойынша ауылшаруашылық өнім көлеміндегі үлестік көрсеткіші 4, 7 құраса да, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнім көрсеткіштерінің өсімі артуда. Қала аумағында 2018 жыл ауылшаруашылық өнімнің жалпы көлемі 2016 жылмен салыстырғанда көлемі 1, 8 артқандығы байқалады.

3-кесте

Шымкент қаласы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі млн. Теңге

Көрсеткіштер атауы
2014 ж
2015 ж
2016 ж
2017 ж
2018 ж
Көрсеткіштер атауы: Ауыл шарауашылығының жалпы өнім көлемі, млн теңге
2014 ж: 4221, 7
2015 ж: 11 724
2016 ж: 20 755, 8
2017 ж: 22 737, 0
2018 ж: 26 331, 0
Көрсеткіштер атауы: Мал шаруашылығы, млн теңге
2014 ж:

1 412, 9

(үлесі

33%)

2015 ж:

5 004, 0

(үлесі 42%)

2016 ж:

9 299, 8

(үлесі

44, 8%)

2017 ж:

11 886, 7

(үлесі

52, 2%)

2018 ж:

15 634, 2

(үлесі

59, 4%

Көрсеткіштер атауы: Өсімдік шаруашылығы, млн. теңге
2014 ж:

2 549, 7

(үлесі 67%)

2015 ж: 6 718, 4 (үлесі 58%)
2016 ж:

11 456, 0 (үлесі

55, 2%)

2017 ж:

10 194, 5 (үлесі

44, 8%)

2018 ж:

12 721 (үлесі

39, 1%)

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қоры 2014 жылы Шымкент қаласының Бас жоспарға сәйкес қала аумағына Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандарынан қосылған жер үлестері есебінен 40, 0 мың гектар егістік жер қорларын құрайтын 13, 1 мың гектарды 63, 2 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, үш ауданнан ұосымша 2 541 агроқұрылымдар 2014 жылға дейін қала аумағында жұмыс жасаған 188 агроқұрылымдарға қосылып, нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлеміндегі мал шаруашылығ мен өсімдік шаруашылығының үлестері бірдей болып, агроқұрылымдардың жалпы саны 2 539 бірлікке жетті. 4-кестеде көрсетілгендей, қала халқы негізінен облыс аудандарынан және өзге де импорттан келетін тауарлармен қамтамасыз етілсе де, ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар артықшылықтарға ие.

Шымкент қаласы ауылшаруашылығы бойынша 2018 жылдағы негізгі көрсеткіштері

Аудан қала атауы
тапсырмалар
орындалуы
%
№: 1
Аудан қала атауы: Шымкент қаласы ауылшаруашылық өнімнің жалпы көлемі, млн. т
тапсырмалар: 24 860
орындалуы: 12 275, 7
%: 42
№: 2
Аудан қала атауы: Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі,
тапсырмалар: 108
орындалуы: 263, 4
%: 108
№: 3
Аудан қала атауы: Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %
тапсырмалар: 104
орындалуы: 102, 9
%: -
№: 4
Аудан қала атауы: Егістік жердің игерілуі, мың гектар
тапсырмалар: 36, 7
орындалуы: 36, 7
%: 100
№: 5
Аудан қала атауы: Жылыжай шаруашылықтарын дамыту, гектар
тапсырмалар: 13
орындалуы: 11, 94
%: 88, 0
№: 6
Аудан қала атауы: Тамшылатып суғару әдісін ендіру, гектар
тапсырмалар: 226
орындалуы: 200
%: 94
№: 7
Аудан қала атауы: Қарқынды бау жеміс, шаруашылығын дамыту, гектар
тапсырмалар: 15
орындалуы: 20
%: 125
№: 8
Аудан қала атауы: Терең қопсыту әдісін ендіру, мың гектар
тапсырмалар: 4, 4
орындалуы: 4, 4
%: 100
№: 9
Аудан қала атауы: Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бірлік
тапсырмалар: 3
орындалуы: 12
%: 342
№: 10
Аудан қала атауы: Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, бірлік
тапсырмалар: 77
орындалуы: 43
%: 64
№: Мал басының ұлғаюы
№: 11
Аудан қала атауы: Ірі қара мал, мың бас
тапсырмалар: 66, 4
орындалуы: 72, 3
%: 106, 6
№: 12
Аудан қала атауы: Қой-ешкі, мың бас
тапсырмалар: 119, 1
орындалуы: 122, 1
%: 103, 2
№: 13
Аудан қала атауы: Жылқы, мың бас
тапсырмалар: 7, 8
орындалуы: 7, 3
%: 88, 1
№: 14
Аудан қала атауы: Құс, мың бас
тапсырмалар: 644
орындалуы: 635
%: 98, 7
№: Мал шаруашылығының өнімдерін арттыру
№: 15
Аудан қала атауы: Ет (тірі салмақта), мың тонна
тапсырмалар: 10, 3
орындалуы: 6, 5
%: 69
№: 16
Аудан қала атауы: Сүт(тірі салмағы), мың тонна
тапсырмалар: 70, 1
орындалуы: 36, 7
%: 52, 1
№: 17
Аудан қала атауы: Орташа сауылған сүт, л
тапсырмалар: 2 203
орындалуы: 987
%: 44, 7
№: 18
Аудан қала атауы: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алынатын ІҚМ, бас
тапсырмалар: 162
орындалуы: 236
%: 138
№: 19
Аудан қала атауы: «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал, бас
тапсырмалар: 207
орындалуы: 320
%: 165, 2
№: 20
Аудан қала атауы: «Құлан» бағдарламасы бойынша алынатын жылқы, бас
тапсырмалар: 63
орындалуы: 94
%: 144
№: 21
Аудан қала атауы: Мал бордақылау алаңдарын салу, бірлік
тапсырмалар: 53
орындалуы: 56
%: 110
№: 22
Аудан қала атауы: Жанұялық сүт фермаларын салу, бірлік
тапсырмалар: 36
орындалуы: 39
%: 103
№: 23
Аудан қала атауы: Құрама жем өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру/мың тонна
тапсырмалар: 43
орындалуы: 43
%: 100
№: 24
Аудан қала атауы: Жеміс- көкөніс өңдеу кәсіпорындарын ашу, бірлік
тапсырмалар: 1
орындалуы: 1
%: 100

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылық өнім көлемінің құрылымы оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 2015 жылғы 41, 0%-дан 2017 жылы 52, 5%-ға дейін көтерілсе, өсімдік шаруашылығының үлесі керісінше 2015 жылғы 58, 0%-дан 2017 жылы 44, 4%-ға дейін төмендеуі 2014 жылдан бастап қала шекарасының ұлғаюына байланысты болып отыр. Әсіресе, қала шекарасына қосылған елді мекендердегі ауылшаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан мал шаруашылығы саласында қалада шаруашылық саласын рентабельді жұмыс жасауына және кәсіпкерлерді ынталандыруға ықпалын тигізетін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша бірнеше мемлекеттік қолдай механизмдері іске асырылады.

3. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

3. 1 Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлаудың ғылыми негізі

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерді пайдалануды жоспарлауды мемлекет жүзеге асыратындығы анықталғандықтан, жерге орналастыруды жоспарлау өзі мемлекеттік іс болып табылады. Сондықтан, әртүрлі меншіктік және басқару нысандары жағдайында жерді пайдаланудың әртүрлі нысандары пайда болды:

- мемлекеттік жерді жоспарлау;

- Кеністіктік жоспарлау жоспарлау;

- аймақтық пайдалануды жоспарлау;

- муниципалитеттердің жерге орналастыруды жоспарлауы;

- ұжымдық кәсіпорындар үшін жерді пайдалануды жоспарлау;

Елді мекен жерлерін ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру іс-шаралары облыстың бекіткен қала құрылысы мен жер аумағының функционалдық бөліністері көрсетілген Бас жоспардың негізінде жүзеге асады. Жер пайдалануды жоспарлау объектілері әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтары, территориялық аймақтар, жер учаскелері, осы аумақтардың бөліктері, зоналары мен аудандары, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің жерді пайдалануына және жерге орналастыруына жатады.

Жер пайдалануды жоспарлау жерді, ауыл шаруашылығындағы құнды жерді сақтау және т. б. жерді тиімді пайдалану және құнарлылығын арттыру секілді жерді пайдалануда тәртіпті қалпына келтіру шараларының мемлекеттік жүйесінің бүкілін қамтиды. Жер пайдалануды жоспарлау жөніндегі жұмыс ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мәдениетін жетілдіру, жерді қорғауда маңызды рөл атқарады.

Жер пайдалануды жоспарлау қамтиды:

- республикалық және аймақтық бағдарламалар схемаларын пайдалану және жер ресурстарын қорғау, жер пайдалануды жоспарлау схемаларын қорғайды және болжамдардың дамытуды басқарады;

- жергілікті әкiмшiлiк - аумақтық шекараларды белгiлейді;

- жаңа және бұрыннан бар құрылымдардың жобаларын жасау, жер пайдалану және жер пайдалану жер учаскесінің қолайсыздығын тәртіпке келтіру, жер учаскелерін бөлу, жер учаскесін иелену және пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарды дайындау;

- шаруашылық аралық жер пайдалануды жоспарлау жобаларын, басқа да жобаларды жасау мен жердI пайдалану мен қорғауға байланысты шаралар;

- бұзылған жерлерді қалпына келтіру, топырақтың эрозиядан, селдерден, көшкіннен, тұздану, су тасқынынан қорғау жөніндегі жұмыс жобаларын әзірлеу, ауыл шаруашылық жерлерін жақсарту, жаңа жерлерді игеру;

- ерекше экологиялық, рекреациялық және консервация режимдері бар аумақтардың орналасуын және шекараларын белгілеуді негіздеу;

- қалалық шектерді, ауылдық елді мекендерді және ауылдық елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту; ауыл шаруашылық мақсатындағы бұрынғы жер ресурсын жетілдіріп, жаңасын құру ауыл шаруашылықтық емес жерді алып кәсіпорын меншігіне беру топографиялық-геодезиялық, картографиялық және топырақты агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да ізденіс жұмыстары.

Жер пайдалануды жоспарлау

шаруашылықаралық және шаруашылықішілік жер аумағын ұйымдастырудың кешенді жобалары

жер пайдалануды жоспарлау жүйесінің ғылыми негізі

жерді тозудан қорғау, қалпына келтіру және басқа да жұмыстар бойынша бір кезеңді жобалау схемалары

жер игеру, егістік аумағын айналымға енгізуді жақсартудың технологиялық жобалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдары
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Бизнес - жоспардың қаржылық тарауын талдау
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқарудың тиімділігін арттыру (ОҚО және Түркістан қаласы бюджеті мысалында)
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz