Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
МАКЕШЕВА ЕРКЕЖАН ОРАЛГАЗИНОВНА
Филология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін даярланған
Магистрлік диссертация
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ: МАЗМҰНДЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛІ
6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекші: П. ғ. д., профессор Ж. Н. Сүлейменова
Тіл білімі теориясы және әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі: Ф. ғ. д., профессор Т. Е. Ермекова
Норма бақылау ЖООКББ бөлімінің
басшысы: А. Есибаева
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ: Хаттама № ___ «___»
Алматы, 2019 ж
Жоғары оқу орындарында «қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні: мазмұндық-құрылымдық моделі
Мазмұны
1 Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен білім беру мазмұнының әдіснамалық негіздері
1. 1. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
1. 2. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың психологиялық негіздері
1. 3. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың педагогикалық негіздері
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
2 Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың әдістемелік негіздері
2. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен білім берудің ерекшелігі
2. 2. «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың әдістері
2. 3. «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылыми курсын оқытудың тәжірибелік жұмыстарының мен нәтижелері.
Екінші бөлім бойынша тұжырым
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны . . . » анық-айқын көрсетілген болатын. Сол жауапкершіліктің бір сатысы ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды. Тіпті Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да тіл болашағы басты назарда екендігі анық көрсетілген [1] .
Бүкіл әлемдік деңгейде жаһандану үрдісі жүріп жатқандықтан әр ұлт, әр дербес халық өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу, ұлттық ерекшеліктерді қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру мәселесі үлкен маңызға ие болғаны анық. Халықтың ұлттық тілінің дамуы ақпараттар ағынына төтеп беруі және жан-жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынына ілесіп кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді. Әсіресе, қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу процесінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Бұл орайда өзгетілді аудиторияда қазақ тілін оқыту, өзгетілді азаматтарға қазақ тілін меңгертудің маңызы зор.
Мұны меңгертудің мазмұндық жүйесін саралауда сананы дамытуға, әдістемелік сипатын жетілдіруде білімді баланың ішкі мүддесімен үйлес- тіруге басымдылық беру қажеттігі айқындалып отыр. Өйткені білім мазмұнында баланың өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, баланың ұғым-түсініктерін соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, екінші тілді еркін меңеруі, әр түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс жол табатындай қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалық үлкен.
Отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектерін саралап-талдап қарағанда, мынадай әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеленіп көрінетіні байқалады:
- білім беру мақсатының және оның нәтижесінің қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа сәйкестендірілуі;
- баланың өміріне білімді ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу;
- баланың дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, жалпы дамуының тетігі ретіндегі негізгі критерий - білім алушы өзі қол жеткізген білімді қолдану;
- баланың ішкі уәжінің негізі ретінде білімді ұсыну;
- білім жүйесін мәдениет-білім-тарих ұштағанына негіздеу.
Орыс тілді аудиторияларға халқымыздың қасиетті қазақ тілін дамыту, қастерлі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениетін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Республикамызда қабылданған аса маңызды құжаттар «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы», «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы» мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттырып, бағыт-бағдарларын айқындады.
Өзгетілді аудиториларда қазақ тілін оқытуға байланысты шыққан еңбектер баршылық: И. Е. Маманов, Ғ. Бегалин, С. Жиенбаев, Н. Оралбаева, Х. Есенов, С. Хайруллина, Ж. Адамбаев, Т. Аяпова, К. Аяпбергенова, Б. Қ. Ұлмахамбетова, Ж. Елемесова, Ш. Бектұров, А. Бектұрова, Х. Қожахметова, Э. Сүлейменова, Қ. Қадашев, Д. Ақанова, Г. Мұсаева, Ә. Құрысжанова, Ж. Ахмедова, А. Бұлдыбаев, Ф. Ағманова, К. Молдабекова, К. Сариева, Н. Беріков, А. Белботаев, Ш. Құрманбаева т. б. ғылыми зерттеу тақырыптарының арқауы өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытудың теориялық және практикалық мәселелері болды.
Ең алғаш басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға байланысты шыққан оқу құралының бірі - С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, И. Ұйықбаевтің авторлығымен жарық көріп «Қазақ тілі» деп аталды.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету негізгі мәселелердің біріне айналды. Орыс аудиториясында қазақ тілін дамыту мәслеесімен көптеген педагогтар, журналистер, ғалымдар айналысты. Олар бұл мәселені әр қырынан қарап, орыс тілді ортада қазақ тілінде қарым-қатынас дамуына үлес қосуда. Орыс тілде оқытудың әдістемесін жасап, оның құзіреттілікке бағытталуын айқындаған ғалымдар қатарын Ш. Т. Таубаева, Н. Хмель, Ш. Х. Сарыбаев, И. В. Маманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Т. Аяпова, Ш. Бектуров, К. Сариева, А. Жүнісбеков, Ф. Р. Ахметжанова, М. Жанпейісова, Ф. Оразбаева, Қ. Бітібаева сынды зерттеуші-ғалымдар құрайды.
Жоғарыда көрсетілген еңбектердің әр қайсысының өз алдына қойған мақсаттары болғанымен, бұл еңбектерде мектепке дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі көтерілмейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда мектепке дейінгі балаға өз ортасында, тәрбиешісімен, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсе білу талабы қойылмайды. Бұл талапты орындауда баланың сөз қоры, сөйлеу шеберлігі болуға тиіс. Ал қазақ тілін жете түсінбейтін және ол бойынша сөз қоры жетіспейтін бала маңайымен толық қарым-қатынасқа түсе алмайды. Сонымен бірге, орыс тілді балаға қазақ тілінде қарым-қатынасқа түсу деңгейіне жеткізу көп ізденуді керек етеді.
ЖОО-дағы «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні жаңартылған білім мазмұнына сай жүйелеуді қажет етеді әрі қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері дербес пән емес, кіріктірілген бір пән айналасында оқытылады. Бұл мәселенің қажеттілігі мен оны іске асыру арасында, қоғамның талабы мен аталмыш проблеманың педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Олар:
- біріншіден, ЖОО-да «Қазақ тілін» оқыту әдістемесі пәнінің мазмұндық құрылымдық моделінің білім беру бағдарламасы мен стандарттағы берілген ақпараттардың толыққанды қамтылмауы;
- екіншіден, жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін дамытуды нақты ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, эксперименттен өткізіп ұсынылған әдістемелік нұсқаулықтың жеткіліксіздігі;
- үшіншіден, қазақ тілін оқыту барысында баланың маңайындағы нысандардан бастап, бүкіл қоршаған орта заттары мен денелерін пайдалана отырып, олардың қазақша сөздік қорын молайту жағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі;
- төртіншіден, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілінің мәртебесі үнемі қадағаланбауы, оған дәлел қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің кіріктіріліп, бір пән айналасында оқытылуы;
- бесіншіден, баланың күнделікті қолданыстағы актив сөздерін қадағалап, оны сабақ және ойын барысында қолдануына жәрдемдесуге көңіл аз бөлінетіндігі.
Осы аталған мәселелердің шешімін табу, еліміздегі білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жақсарту, ондағы қазақ тілі әдістемесін орынды пайдалана білу жолдарын зерттеу жағдайын одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасайды. Бұл мәселенің қажеттілігі мен оны іске асыру арасында, қоғамның талабы мен аталмыш мәселенің педагогика тарихында бұрын-соңды жүйелі қарастырылмағандығын ескере отырып, біз зерттеу тақырыбымызды « ЖОО-да «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні: мазмұндық-құрылымдық моделі» деп таңдадық. Аталмыш мәселелерді шешу жолдарын қарастыру барысында зерттеу мақсаты анықталды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасу, даму, зерттелуі жайындағы еңбектерді саралай отырып, оның жеке пән ретіндегі мақсатын айқындау, оның мазмұндық және құрылымдық моделін анықтау, жаңартылған білім беру жағдайындағы білім мазмұнына сай қазақ тілін дамыту арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын айқындау және оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну. Зерттеудің нысаны : Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты қорғалған барлық жұмыстар мен оқулықтар. Зерттеу пәні: ЖОО-да «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні.
Зерттеу болжамы: егер, ЖОО-да « Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің сапасын дамыту тиімді жүзеге асырылса, оның әдіс-тәсілдері нақтыланса, қарым-қатынас мәдениетін дамытудың жолдары белгіленсе, онда студенттердің қазақша қарым-қатынас мәдениеті дамиды және қалыптасады, өйткені , қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі білім алушылар қазақ тілін меңгеріп, олардың сөйлеу тілі дамиды, қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін дамыту арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізін саралау;
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін дамыту арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктерін айқындау;
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін дамыту арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік нұсқауын беру;
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту эксперимент арқылы дәлелдеу және оның қортындысы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, педагогикалық мониторинг, эксперимент жүргізу, математикалық статистика ілімі.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасы Н. Ә. Назарбаев- тың «Қазақстан - 2050» жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасы, зерттеу мәселелері бойынша философтардың, педагогтардың және психологтардың ғылыми еңбектері, білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім мазмұнына сай оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтар.
Зерттеудің әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларымен, озық педагогикалық іс-тәжірибелермен танысу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама, диагностикалық әдістер жасау, әдістемелік құралдар (электронды оқулық) дайындау, қорыту және тарату, педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан сараптау.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтті.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде: «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі маңыздылығы айқындалды. Зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсат, міндеттері, болжамы, әдістері т. б мәселелері негізделді. Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен білім беру мазмұнының әдіснамалық негіздері атты бірінші бөлімнің бірінші қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына қысқаша шолу жасалып, теориялық негіздері айқындалды. Қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері нақтыланды, жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілін оқыту, меңгерту мәселелері талқыланды. Философ, педагог, психолог ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ тілі әдістемесінің мән-маңызы анықтайтын ой-пікірлері тұжырымдалды.
Екінші тарау Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың әдістемелік негіздері деп аталып, мұнда студенттерге қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін үйретудің қандай педагогикалық мүмкіндіктері бары анықталды. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлері ұйымдастырылып, қазақ тілін оқыту әдістемесі пәніне байланысты электронды оқу құралының үлгісі құрастырылды.
Қорытындыда: ЖОО-да «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұндық-құрылымдық моделі құрастырылып, студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға байланысты тұжырымдар жасалып, алдағы уақыттағы зерттеу жұмыстарына бағыттар ұсынылды. Жаңартылған білім беру жағдайында ЖОО-да оқытылатын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсын меңгертудің эксперименттік-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері қорытындыланды.
1 Жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен білім беру мазмұнының әдіснамалық негіздері
1. 1. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Қазақ тілі - сөздік қоры мол, өзіндік құрылымы мен жүйесі дамыған, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - біздің асыл мұрамыз, көзіміздің қарашығындай болған аманатымыз және өзіндік тіл ерекшелігі бар кемелденген тіл. Қазақ тілі - қаншама ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол - халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің және ойының, сезімі мен идеясының әрі дүниетанымының көрінісі.
Тіл - әрбір жеке халықтың тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет және өркениеттің даму жолы көрініс табады. Қазақ халқының барлық құнды ойы мен қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - үлкен қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт та бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі әрі тұғырлы белгісі - ана тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - кез-келген ұрпаққа парыз.
Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасына сай жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдарын және тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағдар беру, сабақты нәтижелі бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегі - білім беру саласының басты құралдарының бірі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері негізінде қалыптасып, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Х. Басымов, Ш. Сарыбаев сынды ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретінде толық таныла алмай келді, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында мен бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындым.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі мүлдем соны ғылым болып табылады. Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова 1996 жылы жарық көрген «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулығында қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту тарихын үш кезеңге бөліп қарастырған:
- Қазан төңкерісіне дейінгі кезең
- Қазан төңкерісінен кейінгі кезең
- Қазіргі кезең
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту мәселесі Қазан төңкерісіне дейін басталған. Алайда Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту сол кездегі заман талабына сай пайда болған күрделі мәселелердің бірі болды. Атап айтар болсақ, отаршылдық кезеңінде қазақ ауылдарын басқарған патша өкіметінің билеуші топтары мен шенеуніктері өздері басқарған жергілікті жердің тілін меңгеріп, үйренуі қажет деп есептелді. Бұл мәселе сол кездегі баспасөз құралдарында, яғни «Торғай газеті», «Түркістан ведомосы» газеттерінің беттерінде мақала ретінде талқыланып жүрді. Алайда бұл тұстағы қазақ тілін меңгеру сауаттандыру үшін емес, патша үкіметінің қазақ халқын билеп-төстеп, басқаруы үшін, патша үкіметіне тәуелділігін күшейту үшін тиімді болғандығы сол кездегі баспасөз беттерінде анық айтылып отырған [2] . Бірақ қазақ жеріндегі орыс мектептерінде орыс балалары қазақ тілін оқымаған. Бұл жағдай тек шенеуніктерге қатыты болғанымен, іс жүзінде оған ешқандай жағдай жасалмаған. Сондықтан жоғарыдағы мәселе тек сөз жүзінде қалып қойған болатын.
Миссионерлерлер, әкімшіліктер ұйымдастырған қазақ тілін үйрету үйірмелерінің ісін дамытуда мемлекет тарапынан жағдай жасалмаған, қамқорлық көрсетілмеген.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан соң, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту мәселесі ресми түрде жолға қойыла бастады. Оған дәлел, 1920 жылы қабылданған «Қазақ АССР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы» республикадағы тілдердің барлығының құқықтылығын жариялайды. Дәл осы жылы 22 мамырда Түркістан майданының Реввоенсоветінің «Орыс тіліндегі мектептерде, оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін мәндетті түрде оқыту» Дәл осы жылы 22 мамырда Түркістан майданының Реввоенсоветінің «Орыс тіліндегі мектептерде, оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін мәндетті түрде оқыту» [3] жөніндегі бұйрығы шықты. Бұл кезде іс қағаздардың негізгі дені қазақ тілінде жүргізілді, сондықтан аталмыш бұйрық қазақ тілін үйренуге деген зор әсерін тигізді.
Осы бұйрық негізінде Жетісудың облыстық халық ағарту бөлімі «қазақ (қырғыз) тілі пәні мұғалімдерін даярлайтын және жетілдіріп қайта даярлайтын» көптеген курстар ашуға кірісіп те кетті [4] . Қазіргі Алматы, бұрынғы Верный қаласында Д. А. Фурмановтың бастауымен 150 кісілік қазақ педагогика курсы ашылды. 1920 жылы Д. А. Фурмановтың ұсынысымен Верныйда саяси қызметкерлерді қазақ тіліне үйрететін 6 айлық курс ашылды және бұл курста оқитын азаматтар қатарында идея авторы да болған еді [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz