Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Мамандығы: 6М012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
НОҒАЙ ҰЛЖАН НҰРЖАНҚЫЗЫ

Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық дамуы мен қалыптасуы

6М012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., проф. м.а Г.К.Қайдарова

Кафедра менгерушісі: ф.ғ.д. профессор Т.Н.Ермекова

Қорғауға жіберілді: Хаттама № __ _______________

Алматы, 2019 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛІМІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Қазақ тілі дыбыстарының үндесім (сингармониялық) артикуляциясы...7
1.2 Қазақ тілі дыбыстарының тіркесім артикуляциясы ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
1.3 Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... 13

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТӨЛ ӘЛІПБИ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЫЛҚ ЗЕРТТЕЛІМІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық талданымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 А.Байтұрсынұлы анықтаған қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2.1 Үндесім (үндестік) заңының артикуляциялық сипаты ... ... ... ... ... ... .27
2.2.2 Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . .35
2.3 Проф.Қ.Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

3 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰРАМА ӘЛІПБИ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛІМІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
3.1 І.Кеңесбаевтың фонетикалық талданымының артикуляциялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
3.2 С.Мырзабековтың фонетикалық мұрасының артикуляциялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
3.3 Б.Қалиев еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82
3.4 Ж.Аралбаев еңбектеріндегі дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...99
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1

КІРІСПЕ

Теориялық фонетиканың даму барысында, қазақ фонетикасының құрылымы да күрделене бастады. Қазіргі қазақ фонетикасы үш саладан құралады: жасалым (артикуляциялық), айтылым (акустикалық) және естілім (перцепциялық) фонетика. Әр саланың өзіне тән ғылыми аппараты (ұғымдары мен атаулары) және зерттеу әдістері бар. Аталған фонетика салалары қазақ тілі дыбыстарын өз тұрғысынан талдап, өзіндік белгілерін анықтап беріп отырады. Алайда жасалым атауының фонетикалық қолданысқа толық еніп болмағанын ескеріп, көбінесе артикуляциялық атауын пайдаланып отыратын боламыз.
Фонетикалық зерттеудің ең басты әдісі артикуляциялық зерттеу әдісі болып табылады. Өйткені қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауда да, әрбір дыбыстың жасалым анықтамасын беруде де негізгі өлшем артикуляциялық белгі болып табылады. Соның нәтижесі - фонетиканың дербес саласы ретінде артикуляциялық фонетиканың өзалдына бөлініп шығуы.
Осымен байланысты тіл дыбыстарының жіктелім топтарының негіздемесі артикуляциялық белгілер болып табылады да, кез-келген фонетикалық зерттелім дыбыс артикуляциясын анықтаудан басталады.
Артикуляциялық белгілер тілдердің, соның ішінде қазақ тілінің, бірегей жаратылысын анықтайтын басты өлшем болып табылады. Өйткені тіл мен тілдің өзара табиғи айырмашылығы сол тілдердің артикуляциялық базасынан басталады. Сондықтан тілдерді таптастырудағы артикуляциялық өлшемнің маңызы үлкен, себебі артикуляциялық базасы бірдей екі тіл болмайды.
Артикуляциялық талданым жеке дыбыстардың ғана емес, дыбыс тіркестерінің, буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, мәтін деңгейінің зерттеу әдісі болады. Жеке дыбыстармен қатар буын, сөз құрауыштардың (буын, сөз просодикасы) фонетикалық табиғаты артикуляциялық фонетика арқылы анықталады. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі дыбыс түрленім (үндесім, үйлесім) үлгілерінің құрамын артикуляциялық фонетика арқылы ғана тиянақтап шығуға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Артикуляциялық фонетика дербес лингвистиканың зерттелім саласы болғандықтан, оның өзіне тән ғылыми аппараты (ұғымдар мен атаулар) болады. Ендеше артикуляциялық атауларды өзге фонетика салаларынан (фонология, акустика, перцепция) тән ұғымдар мен атаулардан бөліп алу өз алдына жеке жұмыс болып табылады.
Артикуляциялық талданым нәтижелері оқу-әдістеме құралдарының негізі болып табылады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері қазақ тілін өзге тілді аудиторияда үйрету үшін де маңызды құрал болып табылады. Өйткені өзге тілді аудиторияда сабақ беретін мамандардың теориялық дайындығының негізі артикуляциялық талданым болып табылады. Қазақ тілі дыбыстарының айтылымын дұрыс қалыптастыру үшін екі тілдің (тіл үйренушінің ана тілі мен қазақ тілінің) дыбыстарының арасындағы артикуляциялық айырмашылықты жетік білу керек.
Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесінің зерттелімін бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Әр кезеңнің өзіне тән теориялық ұстанымы мен практикалық қажеттілігі, сондай-ақ зерттеу әдістері болды.
Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесінің тарихи кезеңдердегі талданымының ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ фонетикасының бүгінгі қалпының сипаттамасын беру, кірме таңбалардың дыбыс мәнін анықтау, дәрісханаларды көрнекі құралдармен қамтамасыз ету т.б. теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін, бірінші кезекте, артикуляциялық фонетиканың әр дәуірге тән зерттелім нәтижелерін біліп алу қажет. Қазақ артикуляциялық фонетикасының даму және қалыптасу зерттеліміне арналған тақырыптың өзектілігін жоғарыдағы аталған теориялық, практикалық мәселелердің ғылыми шешімін табуға арналғандығы көрсетеді.
Зерттеу нысаны - қазақ тілін зерттеушілердің әр кезеңдегі артикуляциялық зерттелім талданымы.
Зерттеу пәні - қазақ тілінің артикуляциялық базасы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық даму және қалыптасу кезеңдеріне ғылыми теориялық және ғылыми практикалық талдау жасап, қазақ артикуляциялық фонетикасының дербес пән ретіндегі қалыптасу желісін анықтау.
Ол үшін төмендегідей міндеттер атқарылуы тиіс:
- қазақ тілінің дыбыс құрамының зерттеліміне ғылыми-теориялық талдау жасау;
- зерттеу кезеңдерінің теориялық деңгейлерін анықтап, практикалық жетістіктерін көрсету;
- қазақ тілінің артикуляциялық базасын талдап, оның құрамды бөліктерін арнайы дәйекшелеу ;
- қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтаудағы артикуляциялық фонетиканың маңызын көрсету;
- дыбыс тіркесінің құрамды бөліктерінің артикуляциялық тұтастығын сипаттау;
- морфема құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұтастығын сипаттау;
- қазақ тілінің зерттелім кезеңдерінде сөз құрауыштарға (сөз просодикасына) берілген анықтамаларға артикуляциялық талдау жасау;
- қазақ тілі артикуляциялық фонетикасының әр кезеңге тән даму деңгейлері талдау;
Зерттеу әдісі. Фонетикалық (артикуляциялық) талдау мен модельдеу әдісі.
Зерттеудің дерек көздері. Қазақ фонетикасының әр зерттелім дәуіріне тән жасалған ғылыми-практикалық еңбектер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- қазақ тілтанымында артикуляциялық фонетика өз алдына дербес пән ретінде зерттеу нысаны екені көрсетілді;
- қазақ тілі дыбыстарының дамуы мен қалыптасу кезеңдері артикуляциялық фонетика тұрғысынан талданып, ғылыми практикалық шолу жасалды;
- қазақ тілі дыбыстарының құрамы артикуляциялық талдаудың нәтижесінде анықталып отырғандығы айқындалды;
- әр кезеңге тән теориялық талданым қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық даму деңгейімен тікелей байланысты екендігі көрсетілді;
- артикуляциялық фонетиканың өзге фонетика салаларымен ара қатынасы анықталып, зерттелім маңызы көрсетілді;
- тіл бірліктерінің (дыбыс тіркесі, буын, морфема т.б.) артикуляциялық тұтастығының белгілері анықталды;
- артикуляциялық фонетиканың ғылыми аппараты тиянақталып, атаулар құрамы сарапталды;
- әр дәуірге тән талданым нәтижелерін мазмұнына қарай атау ұсынылды:
- фонемалық артикуляция: қазақ тілі дыбыстары фонема ретінде талданды;
- үндесім артикуляция: қазақ тілі дыбыстары үндесім (сингармонизм) заңына сәйкес талданды;
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің тарихи фонетикасына, артикуляциялық фонетиканың қалыптасуына, артикуляциялық анықтамалар мен артикуляциялық белгілер теориясының тиянақтала түсуіне өз деңгейінде қосылған теориялық үлес болып табылады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Қазақ тілі оқулықтары мен оқу-құралдарының фонетика бөлімін толықтыруға, оқу-әдістеме үлгілерін жетілдіріп, көрнекі құралдармен қамтамасыз етуге нақты тілдік материал болады.
Зерттеу жұмысының мақұлданымы мен жарияланымы. Диссертацияның мазмұны мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген ғылыми басылымдар мен конференция материалдарында жарияланды. Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім кезеңдері және олардың қалыптасуы ҮІІІ Құрышжанов оқулары дәстүрлі халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция (Алматы, 31 қаңтар 2018), С.Мырзабеков қазақ тілі дыбыстарының зерттелімі жайында профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың 80 жылдығына арналған Ұлы даланың тілдік және рухани кеңістігі өткені мен бүгіні атты халықаралық ғылыми конференция (Алматы, 29 наурыз 2018 ж), Қазақ тілі дыбыстарының жаңа кезеңдегі артикуляциялық талданымы Құрышжанов оқулары атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференциясында (Алматы 2018), Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жасалымы жайында профессор Б.Қалиұлы Қалиевтің 80 жылдығына арналған Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Алматы, 25 қаңтар 2019 ж), Қазақ тіліндегі дыбыстар түрленімінің зерттелінімі V халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумында (Алматы, 11-13 қазан 2018 ж), Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық талданымы Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы Филология ғылымдары сериясы (Алматы 2019, №2 (68).
Диссертациялық жұмыстың құрылымы -зерттеу жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛІМІ
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық зерттеліміне шолу жасау алғаш жүргізіліп отыр. Артикуляциялық талдау жұмыстың кейінгі бөлімдерінде жан-жақты талданатын болғандықтан, бұл бөлімде дыбыс құрамының зерттеліміне көңіл бөлінді.
Қазақ (түркі) тілі дыбыстарының талданым тарихы тілдің дыбыс құрамын анықтаудан басталады. Ал дыбыс құрмын анықтаудың басты әдісі, бірінші кезекте, дыбыстың артикуляциясына негізделіп отырады. Сондықтан да қазақ тілінің дыбыс талданым тарихы оның артикуляциясын зерттеудің тарихы болып табылады. Өйткені тілдің дыбыс құрамы дегеніміз - белгілі бір тілге тән саны шектеулі дыбыстардың артикуляциялық бірлігі.
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық бірлігі қазақ тілінің төл дыбыстарының (дауысты, дауыссыздар) өзара үйлесімді жасалым белгілерінің жүйесі (системасы) арқылы анықталады. Зерттеушілер қазақ фонетикасының зерттелім кезеңдеріне (ерте кезең, алғашқы кезең, орта кезең, жаңа кезең) сай теориялық танымы мен практикалық ұстанымдарынан туындайтын артикуляциялық нәтижелерге қол жеткізіп отырды. Ендеше қазақ фонетикасының зерттелу тарихы қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық талданым тарихы болып табылады. Дыбыс артикуляциясы артикуляциялық фонетиканың нысаны болғандықтан, оның бастау, даму және қалыптасу, сондай-ақ болашағы жайлы мәлімет жинап, саралап шығуды қажет етеді.

1.1 Қазақ тілі дыбыстарының үндесім (сингармониялық) артикуляциясы

Қазақ (түркі) тілінің іргелі заңдылықтарының бірі - үндесім (сингармонизм) болғандықтан, фонетикалық зерттеудің де негізі үндесім артикуляциясы болу керек. Сондықтан да зерттеушілердің бәрі қазақ (түркі) тілі дыбыстарының талданымы дауыстыдауыссыз дыбыстарды үндесім әуезіне (жуанжіңішке, еріндікезулік) жіктеуден бастайды.
Қазақ (түркі) сөздерінің үндесім айтылымы жайлы басты деректерді ХІХ ғасыр ғалымдарының еңбектерінен іздеуге тура келеді. Себебі зерттеушілер өздерінің еңбектерін тілдің тікелей естілімін бақылау арқылы жазды: қалай естісе, солай жазып алып отырған. Тілдің естілім үлгілері И.И.Ильминский 1, В.В.Радлов 2; 3 б., П.Мелиоранский 4, т.б. еңбектерден табылады.
Алғашқы қазақ грамматикасының авторы И.И.Ильминскийдің тілді ел арасында жүріп зерттеудің маңызы жайлы: ...в нашей ученой литературе есть только весьма не много кратких, отрывочных заметок о киргизском наречий. Изучить его можно только среди киргизов 1, 5 б. деп жазады. Ғалым қазақ сөзінің дұрыс және таза үндесім артикуляциялық үлгісін тек ауызекі сөйлеу тілін бақылау арқылы ғана қағазға дәл түсіруге болатынын ескертіп отыр. Н.И. Ильминский үндесім (үндестік) заңы деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: Закон созвучия по которому в известном слове, сколько бы оно длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий 1, 14 б..
Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін көрсетуге тырысқан: Гласные - а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные - п, б, м, уw, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой паре назовем толстою, вторую (и ә) тонкою. Толстые, в отношении степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды остроты русских гласных, напр. те киргизское-русскому тэ 1, 6 б.. Автор қолданған жуанжіңішке атауларының да сол кезде қалыптаса бастағанын көреміз. Ең бастысы орыс тілінің ықпалымен твердыймягкий атауларының тікелей аудармасын іздемей, толстыйтонкий атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып, тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр. Артикуляциялық (жасалым) фонетиканың ғылыми аппаратының (тілдің көлденең қалпы) орнына перцепциялық (естілім) фонетиканың ғылыми аппараты (жуанжіңішке) қолдана бастағаны да осы кез болу керек. Зерттеушілер үшін артикуляциялық деректен гөрі перцепциялық деректің (дыбыстың жуанжіңішке естілімі) түйсінімі жақын болған.
Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И.Илминский қазақ тілінде дауыссыздардың да жуан-жіңішке болып айтылатынын аңғарған: Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать им особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр. ат, ет. И так как это определяется системою звуков (ерекшелеген - біз), то мы и не отличили этой двоякости согласных никаким значком 1, 8 б. Бұл жерде ғалым пікірінің ерекше жағын атауға болады. Алғаш рет артикуляциялық көмей (гортанные) атауын пайдаланады. Дауыссыздардың жуанжіңішке артикуляциясын дауысты дыбыстардың артикуляциясына бағындырып отыр. Гармония гласных теориясының бастау көзі де осы кезден басталған болып шығады.
Қазіргі зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ 5; 6; 7; 8 онда дауыссыздардың жуанжіңішкелік белгілері қазақ тілінің құрылымдық ерекшелігін көрсететін бірліктер болып табылады.
В.В.Радлов түркі тілдеріндегі сингармонизмнің артикуляциясын талдай келіп, оның негізгі артикуляциялық көрінісі ретінде өзіндік белгілерді ұсынады, олар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ықшамдалған қалпы, яғни тістен көмейге дейін; ауыз қуысының жартылай қалпы, яни еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни тістен тілдің алдына дейін.
Артикуляциялық қалыптар:
- ауыз қуысының толық қалпы, яғни еріннен көмейге дейін:
- ауыз қуысының ықшамдалған қалпы, яғни тістен көмейге дейін:
- ауыз қуысының жартылай қалпы, яғни еріннен тіл алдына дейін:
- ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни тістен тілдің алдына дейін:
Дауыссыздардың үндесім артикуляциясы жайлы әзірбайжан ғалымы проф. Киязимов сингармонизм в тюркских языках распростряняется не только на гласные, но и на согласные 9, 94 б. деген тың пікір қосты.
Проф. Ж.Әбуовтың пікірінше, сингармонизмге деген жаңа және шын мәніндегі шынайы көзқарас қазақ тіл білімінде толық қалыптасып болды деуге болады 10.
Проф. М.Жүсіпұлы ...қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингармонизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек 11, 7 б. дейді. Басқаша айтқанда Сингармонизм - ...сөз құрамындағы барлық дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) қамтиды 11, 107 б.. Ендеше қазақ сөзінің артикуляциясы тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс айтылады.

1.2 Қазақ тілі дыбыстарының тіркесім артикуляциясы
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркесі күрделі артикуляциялық құбылыстардың бірі болып табылады: дыбыс тіркестерінің артикуляциялық сипаты. Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерін зерттеуге көп еңбек сіңіріп, арнайы еңбектер [12; 13; 14; 15] жазған проф. С.Мырзабеков дыбыс тіркесіне Дыбыстар тіркесі - тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл - халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің (қаруының) жемісі, нәтижесі [15, 81 б.] деп анықтама береді. Ғалым берген анықтаманың болашақ зерттелімдерге нұсқау болатын екі тұсына арнайы тоқтауға тура келеді. Дыбыстардың бірімен-бірі қатар тұру мүмкіндігі - біздің зерттеу нысанымыз тұрғысынан қатар тұрған екі дыбыстың артикуляциялық үйлестігі. Егер екі дыбыстың арасында артикуляциялық үйлесім болмаса, онда ол дыбыстар тіркес құрай алмайды. Ендеше, дыбыс тіркестері тілдегі буын, сөз, сөз тіркесі тәрізді тұрақтаған, оны бұзуға болмайтын қалпы бар айтылым үлгі болып табылады.
Дыбыс тіркесінің артикуляциясы жалпы фонетика тұрғысынан да қаралады: проф. Л.Р.Зиндер: Наличие соответствующего приспособления, адаптации, звуков в одном языке и отсутствиие его в другом, относительное постоянство особеностей каждого языка в этом отношении... находит себе объяснение в устойчивости артикуляционной базы, в передаче фонетических особенностей от поколения к поколению [16, 234 б.] дейді. Дыбыс тіркестері жайлы орыс және өзге тілдер лингвистикасының тәжірибесін барласақ, бұл мәселенің жан-жақты және молынан қаралғанын көреміз. Проф. Р.И.Аванесов өзінің Русское литературное произношение деген еңбегінде орыс тіліндегі дыбыс тіркесіне көп орын берген [17, 128-152 б.] Ағылшын тіліндегі дыбыс тіркестеріне байланысты дыбыс түрленіміне проф. Торсуев бірнеше еңбек арнаған [18, 19 б.].
Ерте дәуір зерттеушілеріне тән жаңсақтық негізінен жарты дауыстылардың дауыстылармен тіркесіне байланысты кездесіп отырады. Оның себебін қазақ тілінің қысаң дауыстыларының айтылымы мен жарты дауыстылардың айтылымының бір-біріне өте ұқсас келетінінен болса керек. Біріншіден, олардың артикуляциясы өзара жақын, екіншіден, артикуляциясы жақын болған соң, олардың естілімі де өзара жақын болады. Сондықтан олардың тіркес құрамындағы дыбыстардың жігін ажырату өзге тілді зерттеушілер үшін қиындық туғызатыны сөзсіз. Соның нәтижесінде аралық дыбыстарды аңғармай қалып, айтылымын сәйкес келмейтін қайшы тіркестер құрастырып жатады.
Қазақ тіліне тән дыбыс тіркестерінің бастау көзін көне түркі жазуынан табуға болады. Мысалы, нк, нқ, лп, ңг, нт т.б. дыбыс тіркестерінің үлгісін кездестіреміз [20, 21б.]. Мұндай дыбыс тіркестері қазіргі қазақ тілінің дыбыс құрамына жат емес. Тіркесім дыбыстар сыңарларының жасалу орнына қатысты артикуляциялық үйлесімі жиі кездеседі. Мысалы, тіл үшы н дауыссызының тілшік ң дауыссызымен алмасымы: бір сыңарының артикуляциялық алмасымы нк - ңк; екі сыңарының да артикуляциялық алмасымы нқ- ңғ.
Қазақ жазуын қалыптастыру мақсатында өткен ғасырдың 20-30 жылдарында еңбек еткен қазақ зиялыларының еңбектерінің артикуляциялық зерттелім үшін маңызы зор. Алайда дыбыс тіркесімі нақты артикуляциялық тұрғыдан қарастырылған жоқ. Мысалы, Е.Омаров қосымшалардың түбір сөзге жалғану ерекшеліктерін кестелеп көрсеткен, негізгі артикуляциялық заңдылықтардың бәрін қамтылған, бірақ тіркесім үлгілерін естілім тұрғысынан түсіндірген: қатаң мен ұяң тіркесі кездеспейтінін, ал кездесе қалған жағдайда біреуінің екіншісіне икемделіп (қатаңдапұяңдап) барып тіркесетінін айтады [23, 27 б.]. А.Байтұрсынұлы қатаң мен ұяңның дыбыс тіркесін құрай алмайтынын атайды [24, 178 б.], артикуляциялық тұрғыдан тіркес құрамына кірікпейтін дыбыстардың Х.Досмұхамедұлы түбір сөз ішінде қосақталып келмейтін баса көрсетеді, бұл әсіресе кірме сөздерге қатысты: Қазаққырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп... келмейді... жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбыстарды қазаққырығыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа аударады. Молламолда, үмметүмбет... [25, 97 б.] деген қорытынды жасайды.
Бұл айтылғандарды сипаттау барысында артикуляциялық деген атауды жиі пайдаланып отырмыз, өйткені жазуда дыбыстардың артикуляциялық тіркесімі ескерілмейді.
Жалпы түркілік артикуляциялық заңдылықтың бірі қазақ тіліне де тән: В казахском языке стечение согласных в начальной позиции слова не встречается [26, 66 б.]. Бұл заңдылық жайлы мәліметтерді өзге түркі тілдеріне де қатысты кездестіреміз [27, 29 б.]. Сондықтан қазақ тілінде сөз басында дауыссыздар тіркесінің артикуляциялық талданымын іздеудің керегі жоқ.
Сөз құрамындағы дыбыстың артикуляциялық қалпын акустикалық зерттеулердің нәтижелері көрнекі көрсетеді, сөздің басқы буынындағы қысаң дауыстылар артикуляциялық редукцияға қатты ұшырайды: ...узкие гласные... характеризуются неустойчивостью и способностью к редукции. ...они редуцируются вплоть до полного исчезновения [28] деп жазады проф. Б.Қалиев. Дауыссыздырдың редукциясына арналған монографиясында да осы фонетикалық жайтқа арнайы тоқталады [29]. Мұндай редукцияны сөз басындағы дауыссыздар мен қысың дауыстының артикуляциялық тіркесімінің нәтижесі деп қарау керек: к[і]сі, к[і]ші т.б.
Қазақ тілінің дауысты дыбыстарына байланысты еңбегінде проф. Ә.Жүнісбек қысаң дауыстылардың нөлдік редукциясы бар екенін, алайда дауыстының артикуляциясы жоғалып кетпейді, дауыстының нөлдік (өшік) варианты (глухой вариант) ретінде сақталатынын айтады [30, 78 б.]. Сонда дауыстының дауыс қатысына байланысты белгісі (дауыс желбезегінің тербелісі) жоғалады, ал қалған белгілері (тілдің көлденеңтік қалпы) сақталады. Өшік дауыстылардың тілде жиі кездесе беретіндігі жалпы фонетикадан белгілі: Полное оглушение гласного возможно, по-видимому, только в положении между глухими согласными..; в такой позиции оно наблюдается... в тюркских языках [16, 227 б.] деп жазады проф. Л.Р.Зиндер. Дауыстының өшік болып айтылуы ертеден байқалған фонетикалық құбылыс болып тыбылады және оның басты себебін қазақ тіліндегі дыбыс тіркесімінің артикуляциясынан іздеу керек болады.
Профессор Б.Қалиевтың пікіріне сүйенетін болсақ, онда дауыстының нөлдік редукциясына қарамай, оның фонологиялық орны мен естілімі сақталады екен. Ендеше қазақ тілінде өшік дауыстылардың негізгі артикуляциясы сақталады.
Қазақ тілі дыбыстарының кездесіміне жан-жақты тоқтала келіп проф. М.Жүсіпұлы В казхском языке к регрессивной ассимиляции относятся следующие позиционные чередования: нң, нм, зж, зс ... Черодования нң происходят в результате влияния на н заднеязычных ғ, г, қ, к: нң (сынғышсыңғыш), сенгішсеңгіш... [31, 122 б.] деп, мәселені дыбыс алмасымы тұрғысынан қарастырып отырғанымен, қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің құралуына тікелей қатысты. Ең бастысы ғалым қазақ тілінің материалын жазба мәтін түрінде емес, ауызша айтылым үлгісінде қарастырып отыр. Және Сочетания с переднеязычным носовым н (нқ, нк, нғ, нг) не встречается ни внутри корневой морфемы, ни на стыках морфем [31,123 б.] дейді. Бұдан біз дыбыс тіркесін артикуляциялық шынайы зерттелім деп түсінеміз. Проф. М.Жүсіпұлының өзге еңбектерінде де қазақ сөзінің артикуляциялық үлгісінің жан-жақты талданғанын көреміз.
Қазақ тіліндегі артикуляциялық дыбыс тіркестерін олардың тілдегі қызметі (функциясы) тұрғысынан талдап шыққан проф. А.Айғабылов болды [32; 33 б.]. Дыбыс тіркестерінің артикуляциялық үлгісі морфонологиялық құрылымның бірлігі ретінде қарастырылды.
Проф. А.Айғабылов Дыбыс (фонема) тіркесті, негізінен, сөйлеу тілінің нормасымен қарастырылғанда ғана оң нәтижесін таппақ. Жазбаша текстер мен сөздіктерді пайдаланғанда әріп тіркесінің өзгешелігін ажырата алмасақ, көп тіркесімнен қателесеміз. Әсіресе, морфологиялық принциппен жазылатын сөздер айтылуымен сәйкес келе бермейді деп, зерттеу әдісінің жөнжобасын бірден дұрыс ашып алады. Мұның өзі қазақ сөзінің айтылымын артикуляциялық (жазба емес) тұрғыдан мойындау керек екендігін, артикуляцияның маңызы зор екендігін көрсетеді.
Қазіргі фонетикалық зерттеулерде проф. С.Мырзабеков атаған дыбыс түрін, яғни артикуляциясын ажыратпау - қм, мл, нб, сш, шс т.б.; үндесуін дұрыс түсінбеу - бс, бш, бп т.б.; әріп пен дыбысты дұрыс ажыратпау - ру, йу, жу, жуу, бй т.б. жиі кездеседі. Қазақ тілінің тұрақты проблемасына айналған жазылымайтылым төңірегіндегі теориялық ой-түйіндерін арнайы сөздікпен тиянақтады [14].
Күнделікті сөйлеу үстінде (артикуляциялық жағдайда), оқу-әдістеме барысында қазақ сөзінің жазылымы мен айтылымы қатар келе жатыр. Қазіргі кезде сөздің жазылымайтылым үлгілерінің ара жігін ажыратып отырудың өзі қиындап барады. Ендеше сөздің айтылымы оның жазылымының жетегінде кетіп қалмау үшін мезгіл-мезгіл орфоэпиялық сөздіктер шығып тұрады [34; 35; 36; 37; 38]. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктерін құрастыру ісі үнемі даму үстінде, бірте-бірте жетіліп келе жатқанын көрсетеді.
Аталған еңбектер қазақ сөзінің айтылым (артикуляциялық) үлгісін сақтап сөйлеуді реттеп отырады. Осындай іс-шаралардың жиынтық қорытындысы ретінде Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі шықты [39]. Сөздікте 61 500 сөздің (75 мыңнан аса сөз оралымдары) жазылымы мен айтылымы қатар қамтылған. Дыбыс тіркестері деп артикуляциялық тіркестерді атайтын болғандықтан, Сөздіктің зерттеушілер үшін орны ерекше болмақ. Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің нақты айтылым үлгілері осы еңбектен табылады.
Сөздік әріп тіркестерінің артикуляциялық мәнін өз алдына көрсетуден бастап, сөз ішіндегі және екі сөз жігіндегі айтылым тіркестердің артикуляциялық құрамын анықтаумен аяқталған. Оның жартысына жуығы емле жаңсақтығынан болып жатқан артикуляциялық сәйкессіздіктер: ия, ию, ие, ру т.б. Тіптен бір ғана и әрпінің жазба тіркесі сегіз түрлі айтылым тіркеске сай келетінін құрастырушылар мысалымен көрсеткен [39, 8 б.]. Орфоэпиялық сөздіктің сөзтізбесіне негіз болған Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі [40]. Екі сөздіктің қатар шығуы зерттелім нысандарының мүмкіндігін кеңейтіп отыр.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері ...қазақша сөйлегенде (не дауыстап оқығанда) сөздерді табиғи түрде дұрыс дыбыстай білуге... [41,122 б.] тікелей қатысты екенін проф. Р.Сыздықова сөз сазы деп атайды. Сөз сазы, яғни сөзді дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтары жайлы еңбектерінде Сөз сазы дегеніміз - сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады [41,130 б.] деп түсінік береді. Сонда сөз сазы сөйлеу үстінде сөз, сөз тіркесі, тыныс топтар (ритмикалық топтар), сөйлем құрамындағы дыбыстарды дұрыс артикуляциялау болып шығады.
Сөз сазының қазақы болып шығуының негізі дыбыс артикуляциясына барып тірелетінін ескерсек, зерттелім нысанының зерттеушілер назарынан түспей отырғаны сондықтан.

1.3 Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық құрамы
Дыбыс артикуляциясы мәтіннің құрамды бір бөлігі деп қарайтын болсақ, онда ол мәтінге тән артикуляциялық заңдылықтар болып шығады. Ендеше дыбыс артикуляциясы естілім (перцепция) және әуен (интонация) салаларының да зерттеу нысанына айналу керек. Мысалы, сөз құрамындағы дыбыс артикуляциясының жеке-жеке естілім талданымы жүргізіліп, естілім сипаттамасы алыну керек. Оған қазақ тілтанымында перцепциялық зерттеудің негізін қалаған проф. Ж.Әбуовтың еңбектері негіз болады [42, 43 б.]. Ал интонация деңгейінде артикуляциялық талданым болса, интонацияны қазақ тілінің академиялық грамматикасының дербес саласы етіп қалыптастырған проф. З.Базарбаева [44; 45; 46] мен ғалымның шәкірттері [47; 48; 49] бар.
Қазақ фонетикасында дыбыс артикуляциясын үндесім (сингармонизм) [50; 51] және үйлесім (ассимиляция) [52; 53; 54; 55; 56] тұрғысынан зерттеудің жеткілікті тәжірибесі бар.
Ендеше қазақ тіліндегі дыбыс артикуляциясы бір ғана жасалым (артикуляциялық) талдаудың емес, естілім (перцепция), әуен (интонация), үндесім (сингармонизм), үйлесім (ассимиляция) т.б. зерттеу түрлерінің зерттелім нысаны болады.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтаудың негізгі дәйегі дыбыс артикуляциясы болғанын ескерсек, әр кезеңге тән дыбыс құрамына қарап, қазақ тілінің артикуляциялық ерекшелігін (артикуляциялық базасын) сол кезеңнің зерттеушілері қалай танығанын көреміз. Ол үшін қазақ фонетикасының даму кезеңдеріне тән анықталған дыбыс құрамын көрнекі тізбелеп салыстырып шығамыз. Оның реті (жоғарыдан төмен қарай): ерте кезең - В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.); алғашқы (бастау) кезең - А.Байтұрсынұлы нұсқасы; орта кезең - акад. І.Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең - Қазақ грамматикасының нұсқасы:

а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү; к, қ, х, ғ, г, ж, дж, з, й, л, ł, м, н, ң, р, с, т, б, у(w), п, ш, д
а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү; б, д, ғ, г, ж, з, қ, к, п, т, с, ш, м, н, ң, л, р, й, у, х, һ

а, ә, е, э, ы, і, о, ө, ұ, ү, и, у, я, ю, ё; б, д, ғ, г, ж, з, п, т, қ, к, с, ш, м, н, ң, л, й, р, у, в, ф, х, ц, ч, щ, һ

а, ә, ы, і, е, ұ, ү, о, ө, п, б, м, т, д, н, қ (к), ғ(г), ң, с, з, р, ш, ж, л, й, у

Егер осы салыстырма көрнекіліктің сандық дәрежесін шығаратын болсақ, артикуляциялық дыбыстардың құрамының әр кезеңге тән шамасын байқаймыз (1.1-сурет).
Қазақ тілінің дыбыс құрамының ең көбейтілген кезі үшінші кезеңге тура келіп тұр.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтағанда да дыбыс артикуляциясының үндесім варианттарына баса көңіл бөліп отырған. Ғалым қазақ тілінің негізгі әліпби үлгілерін түгендей келіп, өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады [24, 324 б.]. Бірде жуан, бірде жіңішке дегенді дыбыс артикуляциясына жүгініп айтып отыр деп түсінеміз.
Х.Досмұхамедұлы жуан және жіңішке айтылымның артикуляциялық себебін де түсіндіріп өткен: Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан (көмейден) шыққандай болып сезіледі; сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі [25, 83 б.]. Қ.Кемеңгерұлы кейбір дыбыстардың артикуляциясының сипаттамасын берген.
Сол кездегі басылым беттеріндегі жарияланымдар өте мол болды және меле мәселесіне қатардағы мұғалімдерден бастап, ғалымдарға дейін атсалысқан (О.Жұбаева жинаған қолжазба мәліметтерден).

(1- ерте кезең, 2-алғашқы (бастау) кезең,
3-орта кезең, 4-жаңа кезең)
1.1-сурет - Дыбыс құрамының әр кезеңге тән
салыстырма көлемі
Қазақ тілі дыбыстарының түрленім (вариант) құрамы негізінен қ-к, ғ-г дауыссыздарының артикуляциясына байланысты болды. І.Кеңесбаев Қ мен к бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес [10, 251; 57; 58; 59 б.] деп, олардың арасындағы артикуляциялық айырмашылықты сөз мағынасын ажыратудың тәсілі ретінде қарастырады, ал қалған дауыссыздардың әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері жоқ [57, 251 б.] деген қорытындыға келеді.
Осы кезден бастап құралды (инструментал) фонетиканың әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Инструментал зерттеулер, негізінен, акустикалық талдаудың тиімді әдісі болды. Акустикалық зерттеулердің басында М.Исаев [60; 61 б.], М.Райымбекова [62; 63 б.], С.Татубаев [64 б.], А.Қошқаров [65], З.Өтебаева [66], В. Шварцман [67] т.б. болды.
Акустикалық талдау мен қатар артикуляциялық талдау да қатар жүрді.
Рентген қондырғысы арқылы алынған дыбыс жасалымының көшірмесін Исенгельдина [68], Ә.Жүнісбеков [30] еңбектерінен көреміз. Бұлар қазақ тілі дыбыстарының нақты артикуляциясын көрсететін еңбектер болды. Сөйтіп қазақ тілінің сипаттама артикуляциясына инструментал артикуляция келіп қосылды. Қазақ тілі дыбыстарының жасалым жолдарын көрсететін нақты рентген сызбалар жасалды.
Фонетикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясының айырым-ортақ белгілерін пайдаланып модельдеу әдісі басталды. Мұндағы негізгі теориялық идея кез келген тіл дыбысының негізінде артикуляция жатады. Ендеше фонетикалық зерттеулер дыбыс, дыбыс тіркесі, буын, сөз т.б. деңгейдегі бірліктердің арткуляциясын анықтаудан басталу керек [69]. Бұл бағыттағы зерттеулерге негіз болып отырған қазақ тілінің артикуляциялық базасы болып отыр. Сондықтан кез келген зерттеуші кез келген фонетикалық тақырыпқа артикуляциялық сипаттама мен артикуляциялық үлгіні осы мәлімет қорынан таба алады. Әрі қарай зерттеуші өзінің зерттеу нысанына байланысты артикуляциялық үлгіні зерттеу амалы ретінде пайдаланып кете алады.
Қазақ тілінің артикуляциялық базасының үлгісін пайдаланып жүргізіліп жатқан зерттеулер молайып келеді. І.Оразалин, Ә.Бәйімбетова қазақ тілі дыбыстарын жасалу тәсіліне қарай топтап, жуысыңқы және тоғысыңқы дауыссыздарды зерттеу нысаны етті, Ж.Исаева дауыс желбезегінің қатысын ескеріп, үнді дауыссыздарды, Г.Қайдарова буын артикуляциясына бағыттап, Қ.Зәуірбекова зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.
Тіл біліміндегі, оның ішінде фонетика да бар, тілдік құбылыстарды модельдеу әдісі қазақ тіліне пайдаланыла бастады. Әрине бұл әдіс бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Түркі тілдеріне байланысты дауысты дыбыстардың моделін ертеректе М.Черкасский [70] ұсынған. Түркі тілдеріне тән деп есептелетін сегіз дауыстының негізінде сингармонизмнің табиғатын түсіндіретін текше тектес пішіндемелер ұсынған. Соңғы кезде модельдеу әдісін дамытып, оның жаңа үлгілерін қазақ тіліне проф. А.Жұбанов [71] енгізіп, дәріс оқулықтарын ұсынып отыр.
Ал қазақ тілінің дыбыстарының артикуляциялық моделін талдау амалы ретінде пайдаланып, оның зерттеу нәтижесін А.Жүнісбек [72] еңбектерінен көреміз.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық түрлері дәстүрлі фонетикада арнайы зерттеу нысаны болмағанымен, талданған сәттерін кездестіруге болады. Бірақ ол талдаулардың негізгі мақсаты үйлесім белгілердің құрамы мен жүйесін анықтау емес, сол үйлесім дыбыстар фонема ма, фонема емес пе? деген сұрақтың жауабын іздеу болып қалады. Мысалы, қ-к, ғ-г дауыссыз дыбыстарының сыңарларының фонологиялық мәртебесі фонема деңгейінде ме, әлде, керісінше, вариант деңгейінде ме деген сұрақтың жауабында бір пікір жоқ. Бір топ ғалымдар [57; 73 б.] артикуляциялық ерекшеліктерін ескеріп, фонема деп қарайды: ...қ, к, ғ, г дауыссыздарын әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады [15], енді бір топ ғалымдар [74] тілдегі фонологиялық қызметін ескеріп, варианттар деп қарайды. Соңғы пікірге орыс және қырғыз фонетистері де қосылады [75; 76; 77; 78].
Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны болмағандықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі белгілерін анықтаумен аяқталып отырды. Мысалы, дауыстылар үшін олардың жасалу орны, жақ қатысы мен ерін қатысы жеткілікті болса, дауыссыздар үшін олардың жасалу орны, жасалу тәсілі мен дауыс қатысы жеткілікті болды. Алайда, бұл белгілер дыбыстарды жалпылама сипаттауға жеткенімен, олардың түрленім варианттарын сипаттауға жеткіліксіз еді. Сондықтан да қазіргі қазақ фонетикасында, жалпы лингвистикадағыдай, негізгі және үстеме артикуляциялық белгілер құрамы ендірілді. Оның қазіргі үлгісін Қазақ фонетикасының сингармонизмге арналған бөлімінен көруге болады. Онда қазақ дыбыстарының үндесім әуезінің артикуляциясына байланысты, мысалы, жуан-жіңішке әуезді ұғымды беру үшін ілгерінді-кейінді атауы ендірілді. Сонан соң дәстүрлі фонетикадағы басы ажыратылмай келген, сондықтан дыбыс анықтамасында араласып жүрген жасалым, айтылым және естілім атаулар жіктеліп берілетін болды. Мысалы, артикуляциялық тіл арты атауы мен естілім жуан атауы бір дыбыстың анықтамасында қатар кездесе береді. Кейде артикуляциялық атаудың орнына естілім атау қолданыла береді. Дыбыс сипаттамасының жүйеге түскен түрі артикуляциялық анықтама (тек артикуляциялық атаулар пайдаланылады), акустикалық анықтама (тек акустикалық атаулар пайдаланылады), естілім анықтама (тек естілім атаулар пайдаланылады) болып шығады.
Әзірге белгілі зерттелімдер дауыссыздардың жасалым жіктеліміне қарай сараланған. Ал дауыссыздардың үйлесім түрленімнің дауыс желбезегінің (дауыс шымылдығының немесе дауыс жарғағының) қатысына қарай жіктелімі енді қолға алынып отыр. Дәстүрлі фонетикада дауыс желбезегінің қатысын дауыс қатысы деп те атайды. Бірақ дауыс қатысы деген атау акустикалық фонетиканың термині болып табылады, ал біз бірінші кезекте зерттеу нысанын артикуляциялық фонетика тұрғысынан талдап отырмыз.
Артикуляциялық жіктелім кестелерді зерттеушілердің өздері ұстанған талдау ретіне қарай құрастырып отырдық.

Түйін.

Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім тарихы тілдің дыбыс құрамына деген пікірдің түрлі-түрлі екенін көрсетті. Зерттелім кезеңдерін төмендегідей ретпен дәуірлеуге болады: ерте кезең - В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.); алғашқы (бастау) кезең - А.Байтұрсынұлы нұсқасы; орта кезең - акад. І.Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең - Қазақ грамматикасының нұсқасы. Ерте кезеңгі (ХІХ ғ.) зерттеушілер қазақ тілін тікелей естіпбілу арқылы бақылағандықтан, қазақ тілінің төл дыбыс құрамын негізінен қоспасыз дұрыс анықтаған. Қазақ сөзінің жуанжіңішке әуезді болып айтылуына байланысты оның құрамындағы дыбыстардың да жуанжіңішке болып айтылатынына көңіл бөлген. Сонымен қатар, қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық кейбір айтылымдарын өз алдына жеке дыбыс ретінде қабылдаған, мысалы, ж дауыссызының дж түрінде аффрикат болып айтылыуын, л дауыссызының жуан сөздердің құрамындағы кейінді (жуан) артикуляциямен айтылымын өз алдына дербес дыбыстар деп қараған. Оның үстіне қазақ тілінің дыбыс құрамын дәл анықтағанымен, сөздердің жазылымындағы ій, ұу дыбыс тіркестерін бір таңбамен белгілеу жиі кездеседі. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясы арнайы талданбай, олардың артикуляциялық анықтамасы дыбыстың естіліміне қарап, батыс тілдерінің ұқсас дыбыстарына балап беріледі.
Алғашқы (бастау) кезеңде қазақ тілінің төл дыбыс құрамы дұрыс анықталған. Жазуда белгіленбесе де, дыбыстардың жуанжіңішке артикуляциясы жайлы толық мәлімет берілген. Жуан дауыстыларды негізгі дыбыстар қатарына қосып, олардың жіңішке айтылымын қосалқы дыбыстар ретінде арнайы таңбаламаған. Қазақ сөзінің өзіндік әуезімен айтылымын сақтап сөйлеу және жазу жайлы алғаш ұсыныстар жасалған. Қазақ тілінің артикуляциялық белгілеріне атау беріліп, жіктелім кестелерін құрастырған. Бірлі-жарым кірме дыбыстар (х, һ) ескеріліп, оларға арнайы таңба берілген және жазуда да ескерілген. Жартылай дауысты деген атаумен кейде й, у, кейде й, у, р, л дауыссыздары өз алдына жіктелген. Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтау мен оларды таңбалау сингармонизм заңына лайық жүргізілген. Қазақ тілі дыбыстарының әліпби құрамы мен олардың сөз құрамындағы жазылымы арасында қайшылық болған жоқ. Соның арқасында сөздің буын, тасымал, морфологиялық құрылымы бір-біріне сай шығып отырды.
Орта кезең қазақ тілінің жазылымы мен айтылымына орыс тілінің емле-ережелерінің ықпалы күшейген кезге тура келді. Сондықтан да тілдің дыбыс құрамы да, сөздің айтылымы да қайшылық өзгерістерге ұшырады. Тілдің дыбыс құрамының саны өсіп кетті, сондай-ақ жазылым үлгісінің жаңсақтығына байланысты сөздің айтылым әуезіне нұқсан келіп жатты. Орыс тілінен енген кірме дыбыстардың артикуляциялық анықтамасы сол орыс тіліндегі үлгісі бойынша қабылданып жатты. Ал шын мәнінде, кірме дыбыстардың айтылымы қазақ тілінің орфоэпиялық үлгісіне сай икемделіп отырды. Жаңа кезең тұсында қазақ тілінің төл дыбыс құрамы анықталып, кірме әріптер мен кірме дыбыстардан арылды. Төл дыбыстар өз алдына, кірме әріптер мен дыбыстар өз алдына сараланды. Қазақ тілінің төл дыбыстарының артикуляциясын сипаттау үшін, алғаш рет қазақ тілінің артикуляциялық моделі ұсынылды. Соның нәтижесінде қазақ тілі дыбыстарының негізгі, үндесім және үйлесім (түрленім) құрамы анықталып, әрбір дыбыстың артикуляциялық сипаттамасы нақты берілді. Артикуляциялық анықтама артикуляциялық модельмен (пішіндемемен) көрнекіленіп отырды. Кірме дыбыстардың төркін артикуляциялық анықтамасы мен қазақ тіліндегі икемделген артикуляциясы өзара салыстырылып көрсетілді. Фонетикалық талданымның негізі ретінде артикуляциялық талданым қалыптасты. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясын жан-жақты қамтитын ұғымдар мен олардың атаулар жүйесі жасалды. Сөйтіп қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық ғылыми аппараты зерттелім амалы ретінде ұсынылды.

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТӨЛ ӘЛІПБИ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛІМІ
2.1 Орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық талданымы
Қазақ тілі дыбыстарының фонетикалық сипаттамасына артикуляциялық талдау жасауды орыс зерттеушілерінің еңбегінен бастауға тура келеді. Оның себебі зерттелім кезеңдерінің ретіне (хронологиясына) байланысты болып отыр. Артикуляциялық анықтаманың қарапайым үлгілері мен олардың атауларын сол кезеңдегі еңбектерден кездестіреміз. Сондықтан да ертедегі орыс зерттеушілерінің еңбектерін қазақ артикуляциялық фонетикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі
Ұяң дауыссыздардың түрленім жүйесі
Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытудың тиімді әдістері
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры
Дыбыс үндестігі
Пәндер