ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
ф.ғ.д.,проф.______________Т.Н.Ермек ова
№ ____ __________2019ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың түрленім белгілері
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Орындаған Мукашова А.Т
Ғылыми жетекші
ф.ғ.к.,проф.м.а Кайдарова Г.К
Алматы, 2019
РЕФЕРАТ
Жұмыстың көлемі-69 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны-58
Кесте саны-14
Тірек сөздер: артикуляциялық жасалым, акустикалық айтылым, перцепциялық естілім, үндесім түрленім, үйлесім түрленім, жуан әуезді түрленім, жіңішке әуезді түрленім, іргерлес түрленім , еркін түрленім, аллафон, фонологиялық сипат, фонетикалық талданым, үндесім заңы, фонологиялық қызмет, дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң, үнді дыбыстар.
Мақсаты: Қазақ тілі дыбыстарының түрленім үлгілерінің (аллофондарының) фонологиялық белгілерін анықтап, дауыссыз дыбыстардың фонетикалық (кездесімі, артикуляциялық белгілері мен олардың модель-үлгісі, акустикалық мөлшері мен олардың модель-үлгісі, естілім сипаты) талданымын беру.
Міндеті:
- қазақ тілі дыбыстарының түрленіміне арналған зерттелімдерге шолу жасау;
- қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы дауыссыз дыбыстардың кездесім ретін анықтап тізімдеу;
- қазақ тілінің жасалым қоры (артикуляциялық базасы) негізінде түрленім үлгілерінің сызба моделін беру;
- айтылым (акустикалық) мөлшері негізінде түрленім үлгілерінің көрнекі модельдерін көрсету;
Қолданылатынәдістер:
Зерттеу барысында фонологиялық (айырым белгілер жүйесі) , фонетикалық (жасалым, айтылым, естілім) және модельдеу әдістері пайдаланылды.
Нәтиже:
- қазақ тіліндегі дыбыс түрленімдерінің құрамы анықталып, олардың атаулары тиянақталды;
- дауыссыз дыбыстардың қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы кездесім реті анықталды;
- Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыз дыбыстарының кездесім шебіне лайық фонетикалық белгілері анықталып, олардың өзара айырымортақ жүйесі салыстырма түрде көрсетілді;
Практикалық қолданысы: Зерттеу жұмысының нәтижелері қазақ фонетикасының дыбыс түрленім теориясына, айырым белгілер теориясына, артикуляциялық сипаттама мен талданым саласына, практикалық тұрғыдан айтылым сөздіктер құрастыруға, дыбыс түрленімі жайлы арнайы курстар ұйымдастыруға, қазақ грамматикасын жетілдіруге, көрнекі құралдар мен компьютер бағдарламаларын жасауға негіз болады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕНІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .7
1.2 Қазақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімінің зерттелімі ... ... ... ... ... ... . ..14
1.3 Қазақ тілі дыбыстарының үйлесім түрленімінің зерттелімі ... ... ... ... ... ... . ..17
1.4 Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.1 Қ[-К] дауыссызы аллофондарының кездесімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Қ[-К] дауыссызы аллофондарының фонологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... 2 9
2.3 Қ[-К] дауыссызы аллофондарының фонетикалық талданымы ... ... ... ... ... ...34
2.3.1 Жасалым (артикуляциялық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4
2.3.2 Айтылым (акустикалық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3.3 Естілім (перцепциялық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.4 Қ дауыссызының сөз құрамындағы кездесімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 40
2.5 Ғ[-Г] дауыссызы түрленімінің кездесімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.5.1 Ғ[-Г] дауыссызы түрленімінің фонологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.5.2 Ғ[-Г] дауыссызы түрленімінің фонетикалық талданымы ... ... ... ... ... ... .. .52
2.5.2.1 Жасалым (артикуляциялық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..52
2.5.2.2 Айтылым (акустикалық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
2.5.2.3 Естілім (перцепциялық) сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің әрқайсысының өзіне тән ұғымдары мен атаулары болады. Қазіргі фонетикалық зерттеулердің басты мақсаты-әр түрленімге тән ұғым атаулардың шегарасын ажыратып, жіктеп беруге болады.
Кез-келген тілдің тілдің фонема құрамы тұрақты болғанымен, олардың тілдегі дыбыс көрінісі шексіз болады. Фонема көрінісінің шексіз болуына әртүрлі фонетикалық жағдаяттар себеп болады. Қазақ тілі дыбыстарының сөйлеу үстіндегі түрленімінің құрамы да осындай фонетикалық жағдаяттарға байланысты. Егер фонетикалық жағдаят белгілі болса, онда сол фонетикалық жағдаяттан туындайтын дыбыс түрленімінің мән-мағынасын ашып, оны сипаттап беруге болады. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің басын біріктіріп тұрған заңдылық ашылады.
Қазақ тілі дыбыстарының түрленімі - күрделі фонетикалық құбылыс. Қазақ тілі дыбыстарының түрленім аллофондарының құрамын анықтау теориялық тілтанымның, ал олардың фонетикалық сипаттамасын беру практикалық тілтанымның жаңа зерттелім бағыттары болып табылады.
Қазақ тілі дыбыстарының түрленімі алғаш рет зерттеу тақырыбы ретінде ұсынылып отыр.
Ендеше қазақ тілінің ең бір күрделі саласы болып табылатын дыбыс түрленіміне, оның ішінде шеп дыбыс түрленіміне, арналған зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғарыда келтірілген теориялық және практикалық зәруліктерден туындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілі дыбыстарының түрленім үлгілерінің (аллофондарының) фонологиялық белгілерін анықтап, дауыссыз дыбыстардың фонетикалық (кездесімі, артикуляциялық белгілері мен олардың модель-үлгісі, акустикалық мөлшері мен олардың модель-үлгісі, естілім сипаты) талданымын беру.
Ол үшін төмендегідей міндеттер атқарылады:

- дыбыс түрленім варианттарының айырымортақ белгілер жүйесін талдау;

Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы жасалым ерекшеліктері (тілшіктіл ортасы) өзгеше Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыздары алынды.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында фонологиялық (айырым белгілер жүйесі), фонетикалық (жасалым, айтылым, естілім) және модельдеу әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы . Зерттеудің негізгі жаңалықтары мен нәтижелері төмендегідей:

- Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыз дыбыстарына лайық фонетикалық белгілері анықталып, олардың өзара айырымортақ жүйесі салыстырма түрде көрсетілді;
- дыбыс түрленім белгілерінің жасалым, айтылым және естілім сипаты анықталып, көрнекі бейнеленді;
- қазақ тіліндегі дыбыс топтарының (қатаң, ұяң, үнді, тоғысыңқы, жуысыңқы) өзіндік түрленім ерекшеліктері анықталды;
- дауыссыз дыбыстардың түрленім үлгілерінің фонетикалық қызметі көрсетіледі;
- дауыссыз дыбыстардың түрленім үлгілерінің фонологиялық қызметі анықталады.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының нәтижелері қазақ фонетикасының дыбыс түрленім теориясына, айырым белгілер теориясына, артикуляциялық сипаттама мен талданым саласына, салыстырма-типологиялық ізденістерге қосылған елеулі үлес болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Практикалық тұрғыдан айтылым сөздіктер құрастыруға, дыбыс түрленімі жайлы арнайы курстар ұйымдастыруға, қазақ грамматикасын Дыбыс түрленімі атты жаңа бөліммен толықтыруға, оқу-әдістеме (әсіресе, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде) жұмыстарын жетілдіруге, көрнекі құралдар (артикуляциялық альбомдар т.б.) мен компьютер бағдарламаларын жасауға негіз болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕНІМІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
0.1 Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі
Қазақ тіліндегі дыбыстардың түрленімін қарастыру үшін, алдымен қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтап алу керек болды. Өйткені қазіргі кезге дейін қазақ тілінің дыбыс құрамына деген көзқарас бір арнаға түскен жоқ. Оқулықтар мен оқу-бағдарламасында болсын, ғылыми монографияларда мен мақалалар болсын дыбыс саны әртүрлі аталып келеді. Ал қазақ тіліндегі дыбыс түрленімін сипаттап шығу үшін қазақ тілінің дыбыс құрамы дұрыс анықталған болу керек. Өйткені қазақ тілінің дыбыс құрамы дұрыс анықталмаса, онда дыбыс түрленімінің жүйесі бұзылады.
Қазақ фонетикасының ХІХ ғ. бастау көзінде тұрған Ильминский [1], Мелиоранский [2], Радлов [3, 4] т.б. болса, ХХ ғ. басында А. Байтұрсынұлы [5], Х.Досмұхамедұлы [6, 7], Қ.Кемеңгерұлы [8], Қ.Жұбанов [9] т.б. қазақ фонетикасының зерттелу деңгейін жаңа деңгейге көтерді, қазақ сөзінің төл айтылым үлгісі осы зерттеулерге негіз болды. ХХ ғ. екінші жартысына қарай І.Кеңесбаев [10], Б.Қалиев [11], Ж.Аралбаев [12], Ә.Нұрмаханова [13], С.Мырзабеков [14, 15], А.Айғабылов [16;17] т.б орыс және батыс фонетистерінің іргелі (фундаментал) фонема теориясына сүйене отырып талдап шықты. Аталған ғалымдардың зерттеулері оқулықтар мен оқу бағдарламаларына толық еніп, осы күнге дейін дәрісханаларда пайдаланылып келеді. С.Мырзабеков өзінің көптеген еңбектерінде [18] А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлының еңбектеріне сүйеніп қазақ сөзінің айтылым үлгілеріне қатысты мол мұра қалдырды, қазіргі кезде шәкірттері С.Ақымбек [19] т.б. ғалым салған ғылыми мектеп жолын жалғастырып келеді.
Қазақ тілінің дыбыс түрленіміне келгенде зерттеушілердің тек жуан-жіңішкелікке ғана мән беріп отырғанын креміз. Жуан-жіңішкелікті алғаш аңғарғандардың бірі Н.И.Ильминский болған: Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие [1, б.8] деп жазады. Қазақ сөздерінің құрамындағы үндесім белгілердің алғаш аталып отырғанын көреміз. Кезінде В.В.Радлов түркі тілдеріндегі л дауыссызының екі түрлі жуан-жіңішке болып дыбысталатынына мән беріп, жазуда екі түрлі таңбалап отырған [4]. Бірде дауыссыздың жіңішке вариантын l деп белгілесе, енді бірде оның жуан вариантын ł деп белгілеп отырған және дауыссыздың екі түрлі айтылатынына қарап екі дыбыс дегенге меңзейді. Сол кездегі түркі тілдерін зерттеген ғалымдардың бәріне тән пікір болған.
Алайда өзге дауыссыздардың жуан-жіңішкелік белгілерін жеке-жеке таңбаламаған. Дауыссыздардың үйлесім түрленіміне де мән берілмеген болатын.
В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.):
а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү; к, қ, х, ғ, г, ж, дж, з, й, л, ł, м, н, ң, р, с,
т, б, у(w), п, ш, д
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтағанда да дыбыстардың үндесім варианттарына баса көңіл бөліп отырған. Ғалым қазақ тілінің негізгі әліпби үлгілерін түгендей келіп, өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады [5, б.324]. Сонда қазақ тілінде бас-аяғы 43 дауысты-дауыссыз дыбыс бар деген қорытынды жасайды. А.Байтұрсынұлы жуан-жіңішкелік дауысты мен дауыссызға бірдей тән деп қарап, қазақ тілінде 5 дауысты бар деген қорытындыға келеді.
Бұл жерде де қазақ тілінің дыбыс құрамы үндесім тұрғысынан және де тілдің көлденең қалпына байланысты бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дыбыс белгілері ескеріліп отыр. А.Байтұрсынұлы пікірінің ең басты құндылығы деп үндесім әуезінің қазақ тіліндегі барлық дыбыстарға бірдей тән деп отырғандығын айтамыз. Бұл өзіне дейінгі зерттеушілер мән бермеген тілдік (фонетикалық) құбылыстың қазақ тілі үшін маңызын ашып берген нәтиже болды.
А.Байтұрсынұлы нұсқасы (ХХ ғ. басы):
а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү; б, д, ғ, г, ж, з, қ, к, п, т, с, ш, м, н, ң, л, р,
й, у, х, һ
Қазақ сөзінің үндесім айтылуына сол тұстағы қазақ зерттеушілердің бәрі көңіл аударған. Х. Досмұхамедұлы Бір сөздің жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ-қырғыз тіліндегі әр дыбыстың біресе жуан, біресе жіңішке болып қос айтылуынан [6, б.83] деп түйіндейді. Х.Досмұхамедұлы жуан және жіңішке атылымның артикуляциялық себебін де түсіндіріп өткен: Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан (көмейден) шыққандай болып сезіледі; сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі [6, б.83]. Әрине ол кезде қазіргідей қалыптасқан артикуляциялық ғылыми аппарат болған жоқ, сондықтан да анықтама қарапайым тілмен түсіндіріліп отыр. Ғалым сол дыбыс деп әңгіме тек бір дыбыстың екі үндесім варианты жайлы айтып отырғандығын баса көрсетеді. Оны қазіргі фонетикалық тілмен айтсақ, дыбыстың үндесім аллофоны немесе варианты болып шығады.
Қ.Кемеңгерұлының қазақ тілінің дыбыс құрамын талдағанда фонема атауын негізгі фонетикалық бірлік ретінде пайдаланғанын көреміз. Сонымен қатар қажет деген жерінде кейбір дыбыстардың артикуляциясының сипаттамасын берген.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы зерттеулер негізінен емле мәселесіне арналды. Қазақ тілі дыбыстарын қалай таңбалау және қазақ сөздерін қалай жазу керек деген сұрақтар бірінші кезекте тұрды. Қазақ тілі дыбыстарының трленіміне де осы тұрғыдан мән беріліп отырды. Мысалы,
-қ дауыссызының ғ болып айтылатын тұстарын қалай белгілеу керек (ақ ешкіағ ешкі т.б.),
-ы дауысты дыбысының көмескі естілетін тұстарын қалай белгілеу керек (қырыққырқ т.б.),
-р, л дауыссыздарының алдына дауысты қосып жазу керек пе (ретірет, ласылас т.б.),
-й дауыссызының жеке және тіркес жазылымын қалай реттеу керек (ай, қый, жый т.б.),
-у дауыссызының жеке және тіркес жазылымын қалай реттеу керек (тау, оқу т.б.)
Бұл кезде өзге де кірме дыбыстарды жазып реттеудің жолдары қарастырылып отырды. Сол кездегі басылым беттеріндегі жарияланымдар өте мол болды және емле мәселесіне қатардағы мұғалімдерден бастап, ғалымдарға дейін атсалысқан (проф.О.Жұбаева жинаған қолжазба мәліметтерден).
Толық фонологиялық (фонема) деңгейдегі фонетикалық зерттеуді Қ.Жұбанов еңбектерінен табамыз [9]. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жүйесін әр дыбыс үшін жеке анықтама ретінде беріп, артикуляциялық белгілеріне қарай жарыстыра сипаттап шыққан, артикуляциялық талдаудың нәтижелері кесте түрінде көрнекіленіп отырған.
Өткен ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тілінің дыбыс құрамына деген көзқарас сингармонизм фонологиясы деңгейінде шешіліп үлгергенін көреміз.
Қазақ тіліндегі үйлесім түрленім сықылды күрделі дыбыс түрленімі болса бұл кезде де зерттеу нысанына айналмағанын көреміз.
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ фонетикасы жаңа деңгейге көтерілді, оның басты белгісі ретінде қазақ тілі дыбыстарының әрқайсысына өз алдына артикуляциялық сипаттама беріле бастағаны болатын.
Қазақ тілі дыбыстарының түрленім (вариант) құрамы негізінен қ-к, ғ-г дауыссыздарының артикуляциясына байланысты болды. І.Кеңесбаев Қ мен к бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес [10, б.251] деп, олардың арасындағы артикуляциялық айырмашылықты сөз мағынасын ажыратудың тәсілі ретінде қарастырады, ал қалған дауыссыздардың әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері жоқ [10,б.251] деген қорытындыға келеді. Сол кездегі фонетикалық теория осы қағиданы берік ұстап отырды. Ғылыми еңбектер мен оқулықтарда олар жеке фонема ретінде берілді.
І.Кеңесбаев және С.Мырзабеков нұсқасы (ХХ ғ. екінші жартысы):
а, ә, е, э, ы, і, о, ө, ұ, ү, и, у, я, ю, ё; б, д, ғ, г, ж, з, п, т, қ, к, с, ш,
м, н, ң, л, й, р, у, в, ф, х, ц, ч, щ, һ
Сингармонизм теориясының дамуына байланысты қазақ тілінің дыбыс құрамы үндесім тұрғысынан қайта қарастырыла бастады. Сингармонизм теориясы қазақ тілі дыбыстарының құрамын тек әліпби дыбыстармен (әліпби дыбыстар деп Ә.Жүнісбек қазіргі әліпби тізіміне еніп отырған отырған дыбыстарды атайды) шектеуге болмайтынын көрсетті. А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын жан-жақты зерттей келіп, М.Жүсіпұлы [20, 21] қазақ тілі дыбыстарының айтылым құрамы күрделі екенін көрсетті. Қазақ жазуының негізінде сингармонизм жатқанын және алдағы уақытта да емле-ережеге сингармонизмнің тікелей қатысы болу керектігін дәлелдеп, ұсыныстар жасаған. Сингармонизмен арнайы шұғылданған Ә.Жүнісбек [22] оның екпін, тон тәрізді сөзқұрауыштық қызметінің табиғатын ашып берді. Үнді-европа тілдерінде екпіннің, буын тілдерде тонның тілдегі дыбыстардың басын құрап, сөз етіп біріктіретін қызметі түркі (оның ішінде қазақ тілі) тілдерінде сингармонизмге тән екен. Соған орай қазақ тілінің дыбыс құрамының әуез жіктелімін ұсынды. Сингармонизм тұрғысынан қазақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімін Ж.Нәзбиев ...метод сингармонической сегментации казахской речи... позволяет выявить и описать все проиносительные единицы в казахском языке и провести их сингармоническую интерпретацию [23, 24, б.6 ] талдап шықты.
Фонетиканың әр түрлі саласындағы мамандар үшін зерттеу нысаны ортақ, ол - қазақ тілінің дыбыс құрамы, бірақ әркім өз тұрғысынан, басқаша айтқанда қай тілдік деңгейде немесе қандай құбылыс ретінде талдайды, зерттеудің мақсаты мен міндеті соған байланысты болады.
Ә.Жүнісбек нұсқасы:
а ә п б м
ы і т д н
е қ(к) ғ(г) ң
ұ ү с з р
о ө ш ж л
й
у(w)
Ә.Жүнісбек ұсынған қазақ тілінің дыбыс құрамының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ тілі дыбыстарын тізбектеп емес, негізгі белгілеріне қарай топтап береді. Дауыстыдауыссыздар өзара екі топқа жіктеледі. Дауыстылар жуанжіңішке болып және бөлінеді. Ал дауыссыздар болса, дауыс қатысына қарай үшке бір топталса, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқыжуысыңқы болып тағы жіктеледі. Қазақ тілі дыбыстарының осылай топталу тәсілі олардың жіктелім көрнекілігін арттырады.
Осы кезден бастап экспериментал фонетиканың әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Экспермиентал зерттеулер, негізінен, акустикалық талдаудың тиімді әдісі болды. Акустикалық зерттеулердің басында М.Исаев [25, 26], М.Райымбекова [27, 28], С.Татубаев [29], А.Қошқаров [30], З.Өтебаева [31], В. Шварцман [32] т.б. болды.
Акустикалық талдау мен қатар артикуляциялық талдау да қатар жүрді.
Рентген қондырғысы арқылы алынған дыбыс жасалымының көшірмесін Симонова [33], Исенгельдина [34], Ә.Жүнісбеков [35] еңбектерінен көреміз. Бұлар қазақ тілі дыбыстарының нақты артикуляциясын көрсететін еңбектер болды. Сөйтіп қазақ тілінің сипаттама артикуляциясына экспериментал артикуляция келіп қосылды. Қазақ тілі дыбыстарының жасалым жолдарын көрсететін шынайы рентген сызбалар жасалды.
Тіл дыбыстарының табиғатын бейнелейтін өлшемдердің бірі дыбыстың естілімі болып табылады. Қазақ тіліндегі дыбыстардың перцепциясын зерттеудің нәтижелерін осы саладағы алғашқы ізденістер болып табылатын Ж.Әбуов [36] еңбектерінен табамыз. Тіл дыбыстарын адамның естілім түйсігі қалай қабылдайды соны анықтау нәтижесінде фонетикалық құбылыстардың табиғатын ашуға болатынын түсіндірді. Сөз айтылымына қатысты оның шәкірті М.Әлімбаев [37] алдыңғы ғасыр жазба деректерін талдап келеді. Сол кездегі зерттеушілер қазақ сөзін қалай естісе солай жазып алып отырғандықтан, олардың грамматикалық материал ретінде жинап сөздік ретінде құрастырған қолжазбаларын қазіргі кездегі үнтаспа жазбаларымен қатар қоюға болады деген пікір ұсынады.
Қазақ тілінің интонация жүйесі де экспериментал әдістер арқылы кеңінен зерттеле бастады. Интонациялық зерттеулердің бастамасын Түркпенбаев [38] т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бертін келе қазақ тілінің интонация жүйесі жаңа теориялық тұрғыдан зерттеле бастады. Соның нәтижесінде қазақ грамматикасының интонация бөлімі өзалдына жеке бөлім болып қалыптасты. Бұл саладағы тың нәтижелерді З.Базарбаева [39, 40], А.Фазылжанова [41], т.б. Қазақ тілінің интонация жүйесінің құрылымды бірліктері ретінде З.Базарбаева енгізген интонациялық конструкция атауын ерекше айтуға болады. Қазақ тіліне тән интонациялық конструкцияның 8 түрін ұсынып отыр. Соның нәтижесінде қазақ мәтінін тұтас бірлік ретінде талдап, интонациялық табиғатын көрнекілеп шығуға болатын болды. Интонациялық зерттеулер З.Базарбаеваның шәкірттерінің Т.Кеншінбай [42], Ж.Кеншінбай [43], А.Аманбаева [44], Ж.Жұмабаеваның [45] зерттеулерімен толығып жатыр.
Фонетикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясының айырым-ортақ белгілерін пайдаланып модельдеу әдісі басталды. Бұл бағыттағы зерттеулерге негіз болып отырған Ә.Жүнісбек [46, 47] ұсынған қазақ тілінің артикуляциялық базасы болып отыр. Қазақ тілінің артикуляциялық базасының үлгісі фонетикалық зерттеулердің жаңа бағытын ашып отыр. Мұндағы негізгі теориялық идея кез келген тіл дыбысының негізінде артикуляция жатады. Ендеше фонетикалық зерттеулер дыбыс, дыбыс тіркесі, буын, сөз т.б. деңгейдегі бірліктердің арткуляциясын анықтаудан басталу керек [проф. Ә.Жүнісбектің аудитория және семинар дәрістерінен]. Артикуляциялық база үлгісінде қазақ тіліне тән мүмкін болған жасалым белгілердің бәрі көрнекіленген және олардың толық сипаттамасы берліген. Мұның өзін қазақ артикуляциясының мәлімет қоры деп қараса да болады. Үлгідегі айырым-ортақ белгілердің араласымынан (комбинациясынан) қазақ тіліндегі үндесім, үйлесім, тіркес (іргелес), шеп, сөз тіркес, шегара, сөйлем т.б. түрленімдердің бәрін ғылыми талдап шығуға мүмкіндік туады. Үлгідегі белгілердің араласым саны шексіз десе де болады, өйткені тілдің айтылым мүмкіндігі өте күрделі. Сондықтан кез келген зерттеуші кез келген фонетикалық тақырыпқа артикуляциялық сипаттама мен артикуляциялық үлгіні осы мәлімет қорынан таба алады. Әрі қарай зерттеуші өзінің зерттеу нысанына байланысты артикуляциялық үлгіні зерттеу амалы ретінде пайдаланып кете алады.
Қазақ тілінің артикуляциялық базасының үлгісін пайдаланып жүргізіліп жатқан зерттеулер молайып келеді. І.Оразалин [48], Ә.Бәйімбетова [49] қазақ тілі дыбыстарын жасалу тәсіліне қарай топтап, жуысыңқы және тоғысыңқы дауыссыздарды зерттеу нысаны етті, Ж.Исаева [50] дауыс желбезегінің қатысын ескеріп, үнді дауыссыздарды, Г.Қайдарова [51] буын артикуляциясына бағыттап, Қ.Зәуірбекова [52] зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.
Тіл біліміндегі, оның ішінде фонетика да бар, тілдік құбылыстарды модельдеу әдісі қазақ тіліне пайдаланыла бастады. Әрине бұл әдіс бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Түркі тілдеріне байланысты дауысты дыбыстардың моделін ертеректе М.Черкасский [53] ұсынған. Түркі тілдеріне тән деп есептелетін сегіз дауыстының негізінде сингармонизмнің табиғатын түсіндіретін текше тектес пішіндемелер ұсынған. Соңғы кезде модельдеу әдісін дамытып, оның жаңа үлгілерін қазақ тіліне А.Жұбанов [54] енгізіп, дәріс оқулықтарын ұсынып отыр.
Ал, қазақ тілінің дыбыстарының артикуляциялық моделін талдау амалы ретінде пайдаланып, оның зерттеу нәтижесін А.Жүнісбек [55] еңбектерінен көреміз.
Дауыс желбезегінің қатысын көрсететін Г топтамсасындағы төменгі бірінші түзу сызық дауыс желбезегінің бейтарап немесе тербеліссіз қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы қатаң дауыссыздарға тән [56]. Жоғары қарай екінші толқын сызық дауыс желбезегінің жартылай тербелісін немесе тербеліңкі қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы ұяң дауыссыздарға тән. Жоғары қарай үшінші толқын сызық дауыс желбезегінің мол тербелісін немесе тербелімді қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы үнді дауыссыздарға тән. Жоғары қарай төртінші толқын сызық дауыс желбезгінің толық тербелісін немесе тербелмелі қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы дауыстыларға тән. Сонда дауыс желбезегінің қатысына қарай қазақ тілі дыбыстарының жасалым жіктелімі тербеліссіз (қатаң), тербеліңкі (ұяң), тербелімді (үнді) және тербелмелі (дауысты) болып шығады. Дауыс желбезегінің тербеліс күшіне (еніне) қарай қазақ тілі дыбыстарының жіктелім сатысы тербеліссізтербеліңкітербелімдіт ербелмелі болып шығады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың құрамы мен жүйесін айқындайтын бірден бір жасалым белгі дауыс желбезегінің қатысы екенін көреміз.
Сол жақ тік қанат дыбыстардың жасалымына ерін қатысын (А топтамасы) көрсетеді.
Қазақ тілі дыбыстарының жасалымына ерін қатысы екі түрлі болады. Егер дыбыстардың үндесім (сингармонизм) түрленімін ескеретін болсақ, онда езулік [а, ә, ы, і, е] (А1-3 көрсеткіштері) және еріндік [ұ, ү, о, ө] (А4,5) деп екіге жіктей саламыз, ал егер дыбыстардың үйлесім (ассимилятив) түрленімін ескеретін болсақ, онда езуліктің өзін ашық езулік [а, ә] А1, қысаң езулік [ы, і] (А2)және емеурінезулік [е] (А3) деп үшке, еріндіктің өзін доғал еріндік [ұ, ү] (А4) және сүйір еріндік [о, ө] (А5) деп екіге жіктейміз. Сонда қазақ тілі дыбыстарының жасалымына ерін қатысының өзі бес түрлі болады. Мұның өзі қазақ тілі дыбыстарының жасалымында ерін қатысының маңызы үлкен екенін көрсетеді.
Жоғарыдағы көлденең қанат дыбыстардың жасалу орнын (Е топтамасы) көрсетеді.
Қазақ тілі дыбыстарының жасалу орны ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тіл арты және тілшік болып табылады. Оның ішінде тіл ортасы [ә, і, ү, е, ө] (Е3) мен тіл арты [а, ы, ұ, о] (Е4) дауысты дыбыстарға қатысты болса, ерін [п, б, м, у(w)] (Е1), тіл ұшы [т, д, н, с, з, р, ш, ж, л] (Е2), тіл ортасы [к, г, й, ң] (Е3) және тілшік [қ, ғ, й, ң] (Е4) дауыссыз дыбыстарға қатысты.
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамындағы у таңбасымен белгіленіп жүрген ерін-ерінді, жуысыңқы, тербелімді (үнді) дауыссыз дыбысын орыс тілінің у дауысты дыбысымен шатастыру жиі кездесіп жүргендіктен, оның халықаралық таңбасын жақша ішіне алып, арнайы көрсетіп отырмыз.
Оң жақтағы тік қанат дыбыстардың жасалу тәсілін (Б топтамасы) көрсетеді.
Сөйлеу мүшелерінің қазақ тілі дыбыстарының жасалу тәсіліне қатысы да күрделі болып шықты. Тілдің арқалығы (үсті) мен таңдайдың ара қашықтығына қарай ашық [а, ә] (Б1) және қысаң [ы, і, ұ, ү] (Б2) болып жіктеледі. Сонда дауыстылардың ашыққысаң белгісін дыбыстардың жасалу тәсіліне жатқызып отырмыз. Қазақ тілінің жасалым негізінің фонетикалық заңдылығын сақтайтын болсақ, солай болуы керек. Сөйлеу мүшелерінің екеу ара қалпына қарай жуысыңқы [ш, ж, с, з, л, р, й, ғ(г) у(w)] (Б3-6) және тоғысыңқы [п, б, м, т, д, н, қ(к), ң] (Б7) болып жіктеледі. Жуысыңқының өзі жайылыңқы [ш, ж, ғ, й] (Б4), жиылыңқы (жинақы) [с, з, й, г, у(w)] (Б3), жанама [л] (Б5)және діріл [р] жуысыңқы (Б6) болып тағы төртке бөлінеді. Тоғысыңқы сол бір қалпында қалады.
Кейбір қазақ тілі дыбыстарының үндесім және үйлесім сыңарларының (варианттарының) жасалу орны бір бірінен алшақ жатады. Сондықтан да олар жоғарыда бірде бір топтың құрамында көрінсе, енді бірде екінші бір топтың құрамында кездеседі. Мысалы, ақ, аға, аң, ай сөздерінің құрамындағы қ, ғ, ң, й дауыссыздары тілшік арқылы айтылса, әк, еге, ең, әй сөздерінің құрамындағы к, г, ң, й дауыссыздары тіл ортасы арқылы айтылады. Сондай-ақ ғылым, гүл сөздерінің құрамындағы ғ, г дауыссыздары тоғысыңқы, жоқ, және сөздерінің құрамындағы ж [дж] жабысыңқы (аффрикат) болып айтылса, аға, еге сөздерінің құрамындағы ғ, г дауыссыздары мен ажа, әже сөздерінің құрамындағы ж дауыссызыжуысыңқы болып айтылады.
Дауыссыздардың кестесінде к, г, ң, й жіңішке үндесім дауыссыздар, ғ, г, жуысыңқы үйлесім дауыссыздар және ж жабысыңқы дауыссызы жақшаға алынып берілді. Сонда жақшадан тыс тұрған дауыссыздардың саны 17 дыбыс болып шығады. Үндесім фонологиясы бойынша қазақ тілінде 17 дауыссыз дыбыс бар деген қорытынды осыдан туындайды.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының негізгі жіктелімі 1 кестеде берілген. Қазақ тілінде тіл алды дауыстылар жоқ, сондықтан ол көрсеткіш кестеге ендірілмеді. Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарынің негізгі жіктелімі 2 кестеде берілген. Қазақ тілінде тіл алды және тіл арты дауыссыздар жоқ, сондықтан ол көрсеткіштер де кестеге ендірілмеді. Дауыссыз дыбыстардың жасалымы ерекше сыңарлары жақша ішіне алынып берілді. Және де мақала көпшілік мамандарға арналғандықтан, қажет болған жерінде, дәстүрлі фонетиканың атауын қоса беріп отырмыз.
0.2 Қазақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімінің зерттелімі
Н.И. Ильминский үндесім (үндестік) заңы деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: Закон созвучия по которому и известном слове, сколько бы оно длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий 1, б.14. Бұл жерде сингармонизмнің түркі тілдерін топтаудың белгісі ретінде қабылданғанын көреміз. Үндесім құбылысын тілдік белгі ретінде алған ғалым қазақ тілін осы белгісіне сүйеніп түркі тілдерінің қатарына жатқызып отыр.
Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін көрсетуге тырысқан: Гласные - а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные - п, б, м, уw, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой паре назовем толстою, вторую (и ә) тонкою. Толстые, в отношении степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды остроты русских гласных, напр. те киргизское - русскому тэ 1, б.6. Автор қолданған жуан жіңішке атауларының да сол кезде қалыптаса бастағанын көреміз. Ең бастысы орыс тілінің ықпалымен твердыймягкий атауларының тікелей аудармасын іздемей, толыстыйтонкий атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып, тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр.
Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И.Илминский қазақ тілінде дауыссыздардың да жуан-жіңішке болып айтылатынын аңғарған: Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать им особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр. ат, ет. И так как это определяется системою звуков (ерекшелеген - біз), то мы и не отличили этой двоякости согласных никаким значком 1, б.8. Бұл жерде ғалым пікірінің екі жағын атауға болады. Бірінші, дауыссыздардың жуанжіңішкелігін дауысты дыбыстарға таңып отыр. Өйткені ол кезде сингармонизм құбылысын гармония гласных деп ұғынған. Сондықтан дауыстылардың ықпалын зерттеушілер басым деп бағалаған. Екіншіден, дауыссыздардың жуанжіңішке белгісін тілдің ішкі жүйесінен тауып отыр. Бұл сол кездегі фонетикалық теория деңгейі үшін өте жоғары нәтиже деп қарау керек. Шындығында да, қазіргі зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ, онда дауыссыздардың жуанжіңішкелік белгілері қазақ тілінің құрылымдық ерекшелігін көрсететін бірліктер болып табылады.
Белгілі ғалым В.В.Радлов өзінің неміс тілінде жарық көрген атақты еңбегінде сингармонизмнің фонетикалық сипатын произносятся при одинаковом положении губ и языка 3, б.2 деп берген болса, оның тілдегі қызметін ...причина возникновения гармонии гласных лежит в морфологии и теснейшим образом связана с внутренней формой урало-алтайских языков 3, б.50-51 деп түсіндіреді. Ғалымның фонетикалық қорытындысы түркі тілдеріндегі сөз тіл мен еріннің тұрақты бір қалпымен айтылады дегенді көрсетсе, ал сингармонизмді морфологиямен байланыстыруын оның құрылымдық қызмет атқаратынын көрсеткені деп түсінеміз.
Ал В.В.Радлов қалдырған оның негізгі мұрасына келетін болсақ, ол туралы оның атақты Опыты... сөздігін қайта бастырып шығарушылар былай деп бағалаған еді: Опыт словаря тюркских наречий - итог полувековой работы выдающегося ученого, основателя отечественной школы тюркологии академика Василия Васильевича Радлова (1837-1918) - пользуется всеобщим признанием как единственное в своем роде богатейшее собрание лексики и фразеологии многочисленных живых и древних тюркских языков... материал по многим тюркским языкам и диалектам подчас можно найти только в этом словаре от издательства3. Сол ғасырдағы үндесім құбылысынан жан-жақты мәлімет беретін мол мысалды осы сөздіктен таптық. Жоғарыда айтылғандай, сингармонизмнің бұзылмаған үлгісін сол күйінде қағазға түсірген зерттеушілердің ең беделдісі В.ВРадлов болғанын көреміз. Сондықтан да ғалым мұрасын өзіміздің зерттеу нысанымыз ретінде молынан пайдаланғанымызды айта кетуіміз керек. Оның атақты Сөздігінен қазақ тіліне қатысты аса бай материал табылып отыр. Ол табылған материалдың құндылығы сол кездегі қазақ сөзінің айтылым үлгісі таза ауызекі сөйлеу тілінен алынғандығында деп есептейміз.
Академик В.В.Радловтың теориялық тұжырымдарын проф. К.Ш.Хұсайыновтың еңбегіне 57 сүйеніп талдадық, өйткені В.В.Радлов еңбегінің түпнұсқасын қолға түсіру аса қиын екені зерттеушілерге мәлім. Проф.К.Хұсайынов өзінің алдына қойған мақсаты туралы былай дейді: Цель данной работы - рассмотреть теоретические положения В.В.Радлова, которые имеют непосредственное отношение к истории изучения казахского языка, а также для выявления особенностей развития казахской лексики в советскую эпоху, сопоставить лексические материалы по казахскому языку, собранные В.В.Радловым в начале второй половины прошлого столетия, с фактами современного казахского языка 57, б.4. Біз үшін, бір жағынан, В.В.Радлов еңбегіндегі лексикалық материалдың айтылым үлгісінің маңызы зор болса, екінші жағынан түркі тілдерінің дыбыс құрамын талдаған зерттеу нәтжелері маңызды болып табылады. Ендеше ғалым еңбегінің лексикалық және теориялық талдауларының нәтижелеріне бірдей назар аударуға тырыстық.
В.В.Радлов түркі тілдеріндегі сингармонизмнің артикуляциясын талдай келіп, оның негізгі артикуляциялық көрінісі ретінде өзіндік белгілерді ұсынады, олар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ықшамдалған қалпы, яғни тістен көмейге дейін; ауыз қуысының жартылай қалпы, яни еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни тістен тілдің алдына дейін. Ол туралы В.В.Радлов, разделяя классическую для тюркских языков восьмерку гласных на две группы - лабиализованные и нелабиализованные, последние , на наш взгляд, вполне обоснованно назвал зубными гласными, так как по его описаниям при воспроизведении нелабиальных гласных именно зубы выступают в качестве передней границы рто-глоточного резонатора 57, б.73 деп жазады проф. К.Хұсайынов.
Жалпы түркологияда әбден қалыптасып қалған теория бойынша сингармонизмді гармония гласных деп қарастыру осы еңбекте де толық орын алған. Мысалы, монография авторлары Сингармонизм - организующее средство тюркского слова, средство его цельнооформленности, установления границы слова в тюркском речевом потоке. Определящим элементом в сингармоническом комплексе является гармония гласных, ибо слово состоит из слогов, а основную слогообразовательную функцию несут гласные, которые в сочетании с согласными образуют различные типы слогов в тюркских языках 58, б.438 деп жазады.
Проф. М.Жүсіпұлы Тілдің дыбыс қорын сингармонизм фонологиясының бағытында зерттеу үшін, біріншіден, ізденушінің алдында тұрған мәселелерге функционалдық (динамикалық) көзқарасты қалыптастыру керек; екіншіден, қазақша сөйлеу процесінде дыбысталу дағдысының және қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингармонизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек еді. Ал, бұлардың ұйтқысы - сингармонизм заңы екендігі, сондықтан ол сингармониялық және бейсингармониялық (акцентті-фонемалық) дыбыстау дағдылары мен артикуляциялық базаларды салыстырып зерттегенде айқын байқалады 21, б.7 деп, болашақ зерттеушілердің алдына күрделі мәселе қояды. Егер сингармонизм мәселесін толық шешу керек болса, онда оны жеке бөліп қарамай, басқа тілдердегі өзі тектес тілдік бірліктермен жарыстыра қарастыру керек екенін ұсынады. Сонымен қатар сингармонизмді оның тілдік қызметі тұрғысынан байыптағанда ғана оның табиғатын дұрыс түсінетін боламыз. Басқаша айтқанда Сингармонизм - сөздің фонетикалық және фонологиялық бейнесінің просодиялық таңбасы, сөз құрамындағы барлық дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) қамтиды; сөзді акустикалық және мағыналық жағынан тура қабылдаудың кепілі... Сингармонизмнің тағы бір коммуникативтік қызметі сөздің құрамындағы дыбыстарды біріктіру.
0.3 Қазақ тілі дыбыстарының үйлесім түрленімінің зерттелімі
Қазақ тіліндегі үйлесім түрленім дәстүрлі фонетикада арнайы зерттеу нысаны болмағанымен, бірлі-жарым талданған сәттерін кездестіруге болады. Бірақ ол талдаулардың негізгі мақсаты үйлесім белгілердің құрамы мен жүйесін анықтау емес, сол үйлесім дыбыстар фонема ма, фонема емес пе ? деген сұрақтың жауабын іздеу болып қалады. Мысалы, қ-к, ғ-г дауыссыз дыбыстарының сыңарларының фонологиялық мәртебесі фонема деңгейінде ме, әлде, керісінше, вариант деңгейінде ме деген сұрақтың жауабында бір пікір жоқ. Бір топ ғалымдар [10, 14] артикуляциялық ерекшеліктерін ескеріп, фонема деп қарайды: ...қ, к, ғ, г дауыссыздарын әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады [14, 64], енді бір топ ғалымдар [20, 22] тілдегі фонологиялық қызметін ескеріп, варианттар деп қарайды. Соңғы пікірге орыс және қырғыз фонетистері де қосылады [59, 60, 61].
Екінші топтағы еңбектер қазақ тілінің төл дыбыстарын бөліп қарастырады да, кірме әріптер мен кірме дыбыстарды шығарып тастайды. Соның бір көрнекі үлгісі ретінде соңғы шыққан Қазақ грамматикасын алуға болады [56]. Және бұл бағыттағы еңбектерде төл әліпби дыбыстардың түрленім варианттарына арнайы көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс құрамы сан жағынан әліпби дыбыстардың құрамынан артық болып шығады. Өйткені бір дыбыстың бірнеше әуез түрленімі қамтылады, сөйтіп дыбыс санының мөлшері дәстүрлі зерттеулер нәтижесінен артық болып шығады. Мысалы, А.Байтұрсынұлы қазақ тілі дыбыстарының құрамын 5 дауысты және 17 дауысыз деп алып, олардың жуан-жіңішке үндесім варианттарын есепке алып, қазақ тілінде 43 дыбыс бар деп қорытындылайды. Бұл жерде А.Байтұрсынұлы айтқан 43 дыбыс пен қазіргі 42 әріпті сан жақындығына қарап өзара шатастырмау керек. Бұлар бір-біріне жақындамайтын, басқа-басқа мәселелер. Бұл қазақ тілінің жуан-жіңішке үндесім әуезін есепке алғандағы сан құрамы.
Егер Ә.Жүнісбек ұсынған жолмен қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтайтын болсақ, онда қазақ тіліндегі негізгі дауыстылар 3 (ашық дауысты, қысаң дауысты және құранды дауысты) дыбыс, ал дауыссыздар 17 дыбыс, барлығы 20 дыбыс болып шығады. Енді ғалым қазақ тіліндегі төрт үндесім әуезді есепке алады, сонда 9 дауысты дыбыс, 66 дауыссыз дыбыс, барлығы 75 дыбыс болып шығады [46]. Сонда қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрам саны шығады. Ал, егер, қазақ тіліндегі дыбыстардың үйлесім, шеп т.б. түрленім ретін саралап шығатын болсақ, онда дыбыс варианттары тағы да көбейіп кете береді.
Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны болмағандықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі белгілерін анықтаумен аяқталып отырды. Мысалы, дауыстылар үшін олардың жасалу орны, жақ қатысы мен ерін қатысы жеткілікті болса, дауыссыздар үшін олардың жасалу орны, жасалу тәсілі мен дауыс қатысы жеткілікті болды. Алайда, бұл белгілер дыбыстарды жалпылама сипаттауға жеткенімен, олардың түрленім варианттарын сипаттауға жеткіліксіз еді. Сондықтан да қазіргі қазақ фонетикасында, жалпы лингвистикадағыдай, негізгі және үстеме артикуляциялық белгілер құрамы ендірілді. Оның қазіргі үлгісін Қазақ фонетикасының сингармонизмге арналған бөлімінен көруге болады. Сонан соң дәстүрлі фонетикадағы басы ажыратылмай келген, сондықтан дыбыс анықтамасында араласып жүрген жасалым, айтылым және естілім атаулар жіктеліп берілетін болды. Мысалы, артикуляциялық тіл арты атауы мен естілім жуан атауы бір дыбыстың анықтамасында қатар кездесе береді. Кейде артикуляциялық атаудың орнына естілім атау қолданыла береді. Дыбыс сипаттамасының жүйеге түскен түрі артикуляциялық анықтама (тек артикуляциялық атаулар пайдаланылады), акустикалық анықтама (тек акустикалық атаулар пайдаланылады), естілім анықтама (тек естілім атаулар пайдаланылады) болып шығады.
Бұған ерекше тоқталып жатқан себебіміз бар. Әрі қарайғы дыбыс талдауын Ә.Жүнісбек ұсынған жаңа үрдісті басшылыққа алып, сол ретпен жүргіземіз. Соның нәтижесінде дыбыс варианттарының анықтамасы күрделеніп кетеді. Өйткені дыбыстың негізгі артикуляциялық белгілерінің құрамына үстеме артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық белгілер жалғасады.
Қазақ тілі дыбыстарының үйлесім түрленімі өте күрделі құбылыс болып табылады. Оның үстіне үйлесім түрленіміне арналған зерттеулер өте аз, бірлі-жарым ғана.
Әзірге белгілі зерттелімдер дауыссыздардың жасалым жіктеліміне қарай сараланған [62, 63]. Ал дауыссыздардың үйлесім түрленімінің дауыс желбезегінің (дауыс шымылдығының немесе дауыс жарғағының) қатысына қарай жіктелімі енді қолға алынып отыр [64]. Дәстүрлі фонетикада дауыс желбезегінің қатысын дауыс қатысы деп те атайды. Бірақ дауыс қатысы деген атау акустикалық фонетиканың термині болып табылады, ал біз бірінші кезекте зерттеу нысанын артикуляциялық фонетика тұрғысынан талдап отырмыз.
0.4 Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілері
Кез-келген тілдің фонема құрамы тұрақты болғанымен, олардың тілдегі көрінісі шексіз болады [65]. Фонема көрінісінің шексіз болуына әртүрлі фонетикалық жағдаяттар себеп болады. Қазақ тілі дыбыстарының сөйлеу үстіндегі түрленімінің құрамы да осындай фонетикалық жағдаяттарға байланысты. Егер фонетикалық жағдаят белгілі болса, онда сол фонетикалық жағдаяттан туындайтын дыбыс түрленімінің мән-мағанасын ашып, оны сипаттап беруге болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz