БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«» _ Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д., проф. Т. Н. Ермекова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі буын және оның жасалым белгілері
5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған Идрисова Г. М
Ғылыми жетекші ф. ғ. к., проф. м. а Қайдарова Г. К
Алматы, 2019
РЕФЕРАТ
Жұмыстың көлемі-71 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны-48
Кесте саны-15
Тірек сөздер: буын, артикуляция, айтылым, естілім, буын жігі, дауысты, дауыссыз дыбыстар, акустика, перцепция, қарқын теориясы, буын құрауыштар, үнділік теориясы, жалаң дауыстылар, дыбыстардың жасалымы, буын артикуляциясы, фонетикалық бірлік, ашық буын, тұйық буын, үстеме белгілер, тілдің көлденең қалпы, дауыс шымылдығы, тілдің тік қалпы.
Мақсаты: Буын құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілерінің ғылыми сипаттамасын беру.
Міндеттері:
-буын теориясының тарихына шолу жасау;
-қазақ тіл біліміндегі буынның түрлері мен олардың дыбыс құрамына қатысты пікірлерге талдау жүргізу;
-жалаң және құранды дауыстылардың жасалым белгілерін беру;
-дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілерін анықтау;
-езулік және еріндік дауысты буыннан басталған сөздердің жасалым белгілерін табу.
Қолданылатын әдістер: фонетика-фонологиялық сипаттама, артикуляциялық модельдеу, құралғы (инструментал) әдістер.
Нәтиже:
-буын теориясына артикуляциялық тұрғыдан ғылыми талдау жасалды;
-буын құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілері анықталды;
-буын негізінде оның жасалымы жатыр, сондықтан оның айтылымы (акустикасы) мен естілімі (перцепциясы) қосалқы ұғымдар болып табылады;
-еріндік және езулік дауысты дыбыстан басталған сөздердің жасалымы анықталды;
-буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тізбегінің көрнекі үлгісі ұсынылды;
-қазақ тілінде дауысты тек «буын құрауыш» қызметін атқарады, ендеше буын құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстар фонологиялық тұрғыдан тең мәртебелі бірліктер;
Практикалық қолданысы: Жұмыстың зерттеу нәтижелері қазақ грамматикалары мен оқулықтарының фонетика бөлімін толықтыруға, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіруге, оларды көрнекі құралдармен жабдықтауға тілдік материал болады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІДЕГІ
БУЫННЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 7
1. 1 Жалпы мәлімет . . . . . … . . . 7
1. 2 Қазақ (түркі) тіліндегі буын жайы . . . . … . . . 10
1. 3 Буын орфографиясындағы әліпби қайшылықтары . . . 18
1. 4 Түйін . . . . 20
2 БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛЫМ БЕЛГІЛЕРІ . . . 21
2. 1 Дауысты дыбыстардың буын құрамы мен жүйесі . . . . . . 21
2. 1. 1 Жалаң дауыстылар . . . ……… . . . ……… . . . 21
2. 1. 2 Құранды дауыстылар . . . . 25
2. 1. 3 Еріндік дауысты буыннан басталған сөздер . . . …… . . . …… . . . 27
2. 1. 4 Езулік дауысты буыннан басталған сөздер …… ……. …. …… . . . … . . . 43
2. 2 Дауыссыз дыбыстардың буын құрамы мен жүйесі ………. . … . . . …… . . . 58
2. 2. 1 Жалаң дауыстылы буын құрамындағы түрленімі . . . . . …… . . . 59
2. 2. 2 Құранды дауыстылы буын құрамындағы түрленімі …. . …. … . . . …… . . . 60
2. 3 Түйін . . . . . . … . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ …. . ………. . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . 70
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Буынның қазақ тіліне тән бірегей фонетикалық белгілерін анықтау, буынның тіл құрылымындағы орнын белгілеу, қызметін көрсету, буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық сипатын анықтау . Буынның күрделі теориялық мәселе екенін, ал буынды оқытудың өзіндік оқу-әдістемелік жолы болу қажеттігі буын проблемасына байланысты зерттеу бағыттарының әлі де мол екенін танытады.
Қазақ тіліндегі буын категориясына, оның фонетика-фонологиялық тұрғыдан аса күрделі лингвистикалық бірлік екеніне қарамай, арнайы арналған зерттеулердің саны тапшы. Ғылыми-зерттеу объектісіне айналған бірлі-жарым еңбектерді атауға болады. Алайда, буын түрлері мен буынның дыбыс құрамына арналған анықтамалар жеткілікті. Қазақ тілінің фонетика саласына арналған еңбектерде, қазақ тілінің мектеп пен жоғары оқу орнына арналған оқулықтарында буынға арналған тақырыптар мен тақырыпшалар тұрақты кездесіп отырады. Буын мәселесі тасымалға байланысты да сөз болады. Қазақ тіліндегі буын шегінің оңай табылып, дыбыс құрамының оңай анықталатындығынан болар, буын мәселесі қазақ фонетикасындағы күрделі тілдік мәселе ретінде қарастырылмайды. Буын мәселесі оқу-әдістемелік тұрғыдан оқу-құралдар құрастырғанда да аса елене қоймайды. Осының бәрінің нәтижесінде қазақ лингвистикасында буын қазақ тілінің қарапайым фонетикалық бірлігі деген ұғым қалыптасты. Сондықтан да қазақ тілі оқулықтарында буын туралы мәлімет оның түрлері мен дыбыс құрамы төңірегінде ғана топталған.
Ал жалпы лингвистика тұрғысынан алғанда буын проблемасы өте күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде әлі күнге дейін пікір-талас нысаны болып келеді. Өзге тілдердегі буын мәселесіне көптеген диссертациялар мен монографиялар арналып жатыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті . Буын құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілерінің ғылыми сипаттамасын беру. Алға қойған зерттеу мақсатынан төмендегідей зерттеу міндеттері тарайды:
-буын теориясының тарихына шолу жасау;
-қазақ тіл біліміндегі буынның түрлері мен олардың дыбыс құрамына қатысты пікірлерге талдау жүргізу;
-жалаң және құранды дауыстылардың жасалым белгілерін беру;
-дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілерін анықтау;
-езулік және еріндік дауысты буыннан басталған сөздердің жасалым белгілерін табу.
Жұмыстың зерттеу нысаны - құрамында үндесім-үйлесім буындар бар қазақ сөздерінің топтамасы.
Жұмыстың зерттеу әдістері - фонетика-фонологиялық сипаттама, артикуляциялық модельдеу, құралғы (инструментал) әдістер.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі - қазақ мәтінінің ішкі бірліктерінің құрамы мен жүйесін анықтауға, жалпы және қазақ (түркі) фонетикасындағы буын теориясына, буынның құрамындағы дыбыс тіркесімі мен олардың жасалым (артикуляциялық) ережелеріне, шегара белгілер теориясына, айырым белгілер теориясына қосылған елеулі үлес болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы - зерттеу нәтижелері қазақ грамматикалары мен оқулықтарының фонетика бөлімін толықтыруға, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіруге, оларды көрнекі құралдармен жабдықтауға тілдік материал болады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы
-буын теориясына артикуляциялық тұрғыдан ғылыми талдау жасалды;
-буын құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалым белгілері анықталды;
-буын негізінде оның жасалымы жатыр, сондықтан оның айтылымы (акустикасы) мен естілімі (перцепциясы) қосалқы ұғымдар болып табылады;
-еріндік және езулік дауысты дыбыстан басталған сөздердің жасалымы анықталды;
-буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тізбегінің көрнекі үлгісі ұсынылды;
-қазақ тілінде дауысты тек «буын құрауыш» қызметін атқарады, ендеше буын құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстар фонологиялық тұрғыдан тең мәртебелі бірліктер;
Жұмыстың құрылымы - зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады.
1 ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІДЕГІ БУЫННЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Cөйлеу үстіндегі тілдік мәтінді ұсақ бөлшектерге жіктеу тіл білімінің басты проблемаларының бірі болып табылады. Тілдік мәтін қандай бөлшектерден құралады және ол бөлшектердің тізбек мөлшері қандай болу керек деген сұрақ ертеден-ақ лингвистерді толғандыра бастаған. Осы орайда проф. Л. Р. Зиндер «…сөйлем өз алдына жеке, ең бастысы аяқталған, сөйленім бірлігі болып табылады. Тілдің негізгі қызметі адамдардың өзара қатынас құралы екендігінде болса, өзара сөйлесу тілдің ең кішкене бөлшегі болып саналатын сөйлем арқылы іске асады. Ал бір тұтас сөйлеу мәтіні фонетикалық амалдар арқылы сөйлемге және одан да кіші мағыналық бірліктерге бөлшектенеді» [1, 245 б. ] деп жазған болатын. Бұдан біздің ұғатынымыз тілдік мәтін (сөйленім) белгілі бір майда бөлшектерге таралуға тиіс. Ал тілші мамандардың міндеті әрбір тілдің өзіне сәйкес сол тілдік бөлшектерді табу және оны лингвистикалық тұрғыдан талдап шығу.
Ендеше жалпы тіл біліміндегі ертеден-ақ толық шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі буын болып табылады. Оның тілдегі қызметімен қатар фонетикалық табиғатын сипаттап, дыбыс құрамын анықтап, шегарасын белгілеу дегенге келгенде әлі де ортақ пікір жоқ.
- Жалпы мәлімет
Егер буын тарихын қысқаша қайыратын болсақ, онда проф. М. И. Матусевич талдауына жүгіне салған жөн. Өйткені жалпы тілі біліміндегі буын тарихы мамандарға кеңінен таныс мәлімет болып табылады.
Алғашқы пайда болған теориялардың бірі - "қарқын теориясы": «Экспираторная теория… считает, что при речи воздушная струя выходит не плавно, а идет толчками и каждому толчку соответствует слог [2, 167 б. ] . Бұл теория буын табиғатын сөйлеу үстіндегі артикуляциялық серпінмен түсіндіреді. Әрбір серпін бір буын болып шығады.
Екінші бір кең тараған теория "үнділік теориясы": «По теории сонорности …вершину слога образует только звук, обладающий определенной звучностью» [2, 167 б. ] . Ендеше «Согласно этой теории, речевой поток произносится с последовательными усилениями и ослаблениями звукового ряда. Часть речевого потока, начинающиеся с усиления и кончающася ослаблением, называется слогом. В его вершине (иначе центре) есть звук, называющиеся слогообразующим (или слоговым), который может быть продлен. Перед ним возможен ряд звуков (один или несколько), представляющих непрерывно усиливающуюся цепь, они называются неслогообразующими (или неслоговыми) … После слоговой фонемы может идти звук или ряд звуков, составляющих непрерывно ослабляющуюся цепь, они также называются неслогообразующими…» [2, 169 б. ] . "Үнділік теориясы бойынша әрбір буынның басында салдырдан үні басым дыбыс тұрады. Сөз құрамында үні басым дыбыс қанша болса, сонша буын болмақшы. Үні басым дыбыстың дауысты болуы міндетті емес.
Жалпы фонетикада буын мәселеесі әр қырынан талданып келеді. Соның бірі - буын құрауыштар. "Буын құрауыштар" деп тілдегі буын құрауға қатысатын дыбыстарды айтып отырмыз. Себебі кез-келген тілдегі буын жайын сөз ету үшін алдымен сол тілде буын құрайтын бірлік (немесе дыбыстар) белгілі болу керек. Акад. Л. В. Щербаның пікірінше "Речь наша представляет собой звуковой поток, на слух непосредственно распадающийся с разных точек зрения на различные отрезки большей или меньшей длины, причем самым мелким отрезком является слог. В центре каждого слога имеется фонема, могущая быть болеее или менее продленной без всякого ослабления или усиления и называемая слогообразующей, или слоговой фонемой. Ей может предшествовать группа звуков, которые составляют непрерывно усиливающуюся цепь и которые называются неслогообразующими, или неслоговыми. За слоговой фонемой может седовать ряд звуков, которые составяют непрерывно ослабляющуюся цепь и которые тоже называются неслоговыми, или неслогообразующими" [3, 78 б. ] болып шығады. Ғалым пікірін толық келтіруге тырыстық, өйткені буын құрауыштар дегеннің жан-жақты толық жауабын осы жерден тауып отырмыз. Сонымен тілдегі дыбыстар буынға қатысты екі топқа жіктеледі екен: біріншісі буын құрауға тікелей қатысады немесе буын құрауыштар, екіншісі буын құрауға тікелей қатыса алмайды немесе буын құрауыш еместер. Осы пікірге сүйене отырып олардың қазақша атауын қалыптастыруға да болады: буын құрауыш фонемалар және буын құрауыш емес фонемалар.
Осыған үндес пікірді проф. Н. С. Трубецкой еңбегінен кездестіреміз: "Просодические признаки присущи не гласному как таковому, а слогу. Часть фонем, из которых состоит слог, может быть иррелевантной в просодическом отношении. Как правило, такими фонемами являются согласные. Однако "неслогообразующими" могут быть и гласные. С другой стороны, в ряде языков есть слоги, не имеющие ни одной гласной фонемы, вследствие чего просодическую функцию принимает на себя согласный элемент слога; в таких случаях обычно говорят о "слогообразующих" согласных" [4, 195-196 б. ] . Профессор Н. С. Трубецкой берген анықтамадан да әр тілдің өзіне тән буын құрауыштары болатынын аңғарамыз. Буынның негізін құрап тұрған дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін екен. Ендеше кез-келген тіл үшін буын құрауыш дыбыстардың басын ашып алу ең басты мәселе болып табылады екен. Онсыз сол тілдегі буын табиғатын сипаттап шығу мүмкін болмайтыны анық, бірінші кезекте соған көз жеткіземіз.
Жалпы фонетикадағы буын құрауыштар жайлы ғылыми пікірлердің бәрі осыған саяды.
Ал "буын дегеннің өзі қандай тілдік бірлік болып табылады" деген мәселенің өзі дербес анықтаманы керек етеді. Өйткені тілдегі белгілі бір дыбыс тіркесін буын деп атай салудың еш реті жоқ. Оның лингвистикалық тұрғыдан сенімді анықтамасы болу керек. Бұл жайында проф. Л. Р. Зиндер «Буын - ең кіші айтылым бірлік. Бір кідіріс пен екінші кідіріс арасындағы сөйлеу мәтіні бірі-бірімен тұтасып жатқан буындардың тізбегі болып табылады. Олардың арасында көзге түсерлік жік болмайды, бұл жағынан буын мен дыбыс арасында айырмашылық жоқ» [1, 251 б. ] дейді. Ендеше буын дегеніміз тілдің бүтін айтылатын ең кіші бөлшегі екен. Сөйлеу үстінде буын әрі қарай бөлшектеуге көнбейтін тілдік бірлік болып табылатын болып шықты. Бірақ біз буынды құрамындағы дыбыстарға оп-оңай жіктеп жатамыз. Оның да өз лингвистикалық сыры бар екен. Проф. М. И. Матусевич жоғарыдағы проф. Л. Р. Зиндер пікірін қолдай келіп, былай дейді: «Наша речь в произносительном отношении распадается на минимальные единицы - слоги, которые артикуляционно не могут быть дальше разложены, как бы речь ни замедлялась, членение же речи на отдельные фонемы является результатом лингвистического анализа» [2, 166 б. ] . Буынның бөлінбейтін ең кіші бөлшек екенін пысықтай келіп, ғалым "членение же речи на отдельные фонемы является результатом лингвистического анализа» деуі жоғарыдағы күманның жауабы болып табылады. Біз буынды лингвист маман ретінде ғана құрамындағы дыбыстарға жіктей алады екенбіз, ал айтылу тұрғысынан буын дыбыстарға жіктелмей, бір бүтін болып айтылады.
Тілдегі буын мәселесі акустикалық тұрғыдан да жан-жақты зерттелген. Соның ішінде проф. Л. В. Бондарко еңбегінің орны бөлек. «Тілдің дыбыс құрылымының аса маңызды бөлшектерінің бірі - буын. Сөйлеу желісінен артикуляциялық талданым нәтижесінде бөліп алуға болатын ең кіші айтылым бірлік, яғни ең қысқа үзік буын болып табылады. Сөйлеу үстінде фонеманың көрінісі болып табылатын тіл дыбыстары өзара бірігіп қана айтылады» [5, 122 б. ] деп жазады ғалым. Артикуляциялық тұрғыдан бөлшектенбейтін дыбыс тізбегі буын құрайтын болып шықты, яғни буынды сөйлеу үстінде жеке-жеке дыстарға тарата алмаймыз. Ендігі жердегі қиын мәселе буын шегінің фонетикалық белгілерін тауып, соның арқасында буыннан буынды ажыратып алу болып табылады. Бір қарағанда буын мен буынның ара жігін ажырату қиын емес сықылды. Соған қарамай оны іске асырудың фонетикалық ережелерін табу оңай болмай отыр. Проф. М. И. Матусевич осыған орай былай деп жазады: «Однако, несмотря на то что практически членение речи на слоги не представляет ни для кого затруднений, все же те принципы, согласно которым происходит это членение, т. е. определить границы слога, представляется одной из самых трудных проблем фонетики [2, 166 б. ] . Ғалым өзінің ойын одан әрі тарата келіп, буын жігі мәселесіне деген мынадай қорытынды жасайды: «Буын жігін іздегенде дауыссыздардың әртүрлі қарқынмен айтылатынына сүйену керек. Оның бірінші түрі - бас қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, соңына қарай әлсірей беретін дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның соңында тұрады. Екінші түрі - аяқ қарқынды дауыссыздар, олар әлсіз басталып, соңына қарай күшейе келіп, қарқынды аяқталатын дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның басында тұрады. Үшінші түрі - қос қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, сонан соң әлсірей келіп, соңына қарай қайтадан қарқынды аяқталады. Қос қарқынды (кейде оларды геминаттар деп те атайды) дауыссыздар тек дауыстыаралық шепте орналасады да буын жігі олардың арасындағы ең әлсіз тұсынан өтеді» [2, 170 б. ] . Бұл қағиданы мойындамайтын ғалымдар да бар. Дегенмен, акад. Л. В. Щерба шәкірттерінің ұстанатын басты ережесі осы болып табылады.
Буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұрғыдан өзара кірігуі күрделі жасалым болып табылады. Дыбыстардың негізгі артикуляциясы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатады. Кейбір дыбыстар бастапқы артикуляциясынан айрылып қалуы да мүмкін. Жаңа қосалқы артикуляциялар пайда болып жатуы да мүмкін. Ендеше проф. Л. В. Бондарконың сөзіне құлақ асайық: «…слог - не простая комбинация гласного с согласным, а произносительная единица. Это значит, что при артикулировании слога каждый человек не произносит по отдельности составляющие это слог звуки (гласный и согласный), а определенным образом объединяет их. Эта произносительная общность звуков, их особенно тесная связь между собой, отражается и на их акустических характеристиках: ведь если звуки связаны между собой, то артикуляция каждого из них влияет и на артикуляцию соседнего, а это приводит и к изменениям в звучании» [5, 123 б. ] . Әрбір тілді зерттеп жүрген ғалымдардың басты міндеті осындай күрделі артикуляциялық құбылыстың ішінен сол тілге тән "буын артикуляциясын" тауып, оны сараптап шығу. Сөйтіп сол тілге ғана тән бірегей белгілердің басын ашу керек болады.
- Қазақ (түркі) тіліндегі буын жайы
Қазақ тілінің буын жігіне байланысты проф. Ә. Жүнісбек төмендегідей пікір ұсынады: «Қазақ тіліндегі буын құрылымының талданым нәтижесі буын жігінің неге оңай табылатын себебін көрсетті, оның белгілі бір фонологиялық негізі бар екен. Түркі тілдеріндегі буын жігінің оңай табылатын себебі буын төрт үндесім әуездің бірімен айтылады, сондай-ақ түркі тілдерінде (дәстүрлі фонетикада қалыптасқан көзқарасқа керісінше) буыннан кіші морфема жоқ» [6, 25 б. ] . Сонымен ғалым пікірі бойынша қазақ тіліндегі буынның басты өзгешелік белгісі оның үндесім тұрқында болып табылады. Басқаша айтқанда буын құрамындағы дыбыстар өзара белгілі бір әуез арқылы кірігеді, сөйтіп барып бір буын құрайды. Буын құрап тұрған дыбыстардың арасындағы өзара әуез бірлік қазақ (түркі) тілдерін өзге тілдерден бөлектеп тұратын ерекше белгі. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ тіліндегі буынның әуез белгісі туыстас тілдерді (түркі тілдерін) өзара біріктіріп тұратын типологиялық ортақ, ал туыс емес тілдерді өзара ажыратып тұратын типологиялық айырым белгі болып шығып отыр.
І. Кеңесбаевтың пікірінше қазақ тіліндегі буынның негізі дауысты дыбыс болып табылады, ал дауыссыздар сол дауыстыларға икемделіп тұрады. Ғалым орыс тіл біліміндегі «қарқын теориясын» қолдайтынын білдіреді [7, Б. 66-67] .
Түркі және қазақ тіліндегі буын құрылымын қарастыра келіп акад. А. Қайдаров оның алты түрін атайды және олардың негізінен барлық түркі тілдеріне тән екеніне тоқталады [8, 181 б. ] .
Проф. М. Исаев қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін өзара салыстыра келіп, қазақ тілінің өзіндік іргелі белгісі жайлы Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады» [9, 41 б. ] деген пікірге тоқтайды. Ғалым еңбегінің басты ерекшелігі зерттеу нысаны ретінде жазба мәтінді емес, сөйленім мәтінді алғандығында. Сондықтан зерттеу нәтижелері қазақ тілінің шынайы айтылым тұрқын, жазу ықпалынан бөліп алып, дәл көрсетеді.
Қазақ тіліндегі буын мәселесін сингармонизм тұрғысынан арнайы қарастырған Ж. Нәзбиев болды: «…сингармонизмнен туындайтын буын сапасының сипаттамасына, яғни бірыңғай әуездің физиологиялық және акустикалық көрінісіне көңіл аударамыз. Басқаша айтқанда, біз буын түрлеріне (ашық, тұйық, бітеу) немесе буын құрамындағы дыбыстардың ассимилятив түрленіміне (қатаңдау, ұяңдау …) емес, буынның артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық жалпы сипатына көңіл бөлеміз» [10, 2 б. ] . Бұдан байқайтынымыз автор буынның фонологиялық бірлік ретіндегі сипаттамаларына баса назар аударады. Автор зерттеуі буынның үндестік белгілерін талдауға арналған.
Қазақ тілінің буын категориясына алғаш арнайы көңіл бөліп, оны зерттеу объектісіне айналдырған З. Өтебаева болатын. З. Өтебаева проблеманың зерттелу тарихын өте тәптіштеп және тиянақты саралап шыққан, мол теориялық материалды қамтыған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz