Күлтегін туралы жыр


Көне түркілік әдебиет дәстүрі және әдеби көркемдік шешім
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Негізгі бөлім.
Көне түркілік әдбиет дәстүрі және көркемдік шешім . . . 5-7
- Күлтегін мен Тоныкөк жырларындағы әдеби дәстүр іздері . . . 17-31
- Көне түркі жазба ескерткіштері мен эпостық жырлардың ұқсастығы . . . 32-51Көнетүркілік жазбалардың зерделенуіндегі көркемдік шешім . . . 52-73Жазба ескерткіштердің графикалық мәні мен поэтикалық сарыны . . . 74-84
- Қорытынды . . . 85-86
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 87-93
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Орхон жазба жәдігерліктерінің композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүрін байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған (Күлтегін ) және (Тоныкөк) жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.
Европа мен орыс әдебиетінде ерте уақыттан көне руна жазбаларының зерттелуі қолға алынып, сара жолға қойылған. Әдебиет - халық өмірінің айнасы болса, халықтың дәстүріне, дамуына тигізетін оның әсері орасан зор. Осыған орай көне дәуірдегі әдебиетті түсініп, талдау үшін біз ең алдымен сол әдебиетті тудырған халықтың өзімен танысып, олардың өмірі жайлы деректерге молырақ көңіл бөлгеніміз абзал. .
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Руна жазбаларындағы адамдардың құлиеленушілік қоғамның талабына сәйкес бұрынғы туысқандық ұйымдастыру арқылы басқару жүйесі жарамады. Осыған орай, адамдар рулық санадан босатылып, олардың жеке еңбегі, жеке иелігі, еркіндігі бірінші орынға шығуы тиіс еді. Әрине, бұл жағдайда мифологиялық көзқарас адамдардың талаптары мен қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Сондықтан мифтен гөрі шынайы көзқарас танытқан тарихи адамдарға бағыт-бағдар ерекше болды. Диплом жұмысының негізігі мақсат-міндеттері де осында.
Магистрлік жұмыстың зерттеу нысаны. Көне руна жазбаларының қазақ әдебиеті үшін маңызы ерекше. Түркілердің ұлы бабасы Бұмынның төңіректің төрт бұрышын өзіне қаратып хандық құрғаны, одан кейінгі замандарда хандықтан айырылып, халықтың төрт құбылаға шашылып кеткені, елсіз, төрсіз болғаны, халықтың жүдеп-жадап, кедейшілікке ұрынғаны сөз етіледі. Бұл кездегі адамдар табиғаты, дүниетанымы табиғат құбылыстары да бір-бірімен туысқандық қатынаста болады дегенге негізделді. Демек, бар әлемнің жаны бар және олар да белгілі бір ретте туысқандық, дәлірек айтсақ, ғарыштық әмбебап қауымдастықтан тұрады деп ұқты. Құлиеленушілік яғни, көне түркі жазбаларының туындаған тұста оның идеологиясына келсек, бұл ұғым өзгерек. Жұмыс нысаны осы тұсты қарастырады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші. Күлтегін ескерткішіндегі жазу екі бөліктен тұрады. Оның бірі - кіші жазу, ал екіншісі -үлкен жазу. Ғылымда олар «Кіші Күл тегін» және «Үлкен Күл тегін» деп аталады. Осы ескерткіштердің мазмұны мен зерттелу жайы және ескерткіштерді зерттеген ғалымдардың еңбектері дереккөздер ретінде алынды.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Ежелгі, көне ағымдардың бірі - филологиялық мектеп дәстүрін ұстанған оқымыстылар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп, бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне, қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт тексті бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді, жеке сөздер, тіркестер, қолжазбалар тарихын бажайлайды. Филологиялық мектептің историография, библиография, текстология үшін маңызды кейбір табыстары болғанын айту ләзім” - дей келе, “Тарихи салыстыру мектебі яки компаративизм ағымының Россияда туын көтерген адамдар - А. Веселовский, В. Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип - салыстыру. Дүние жүзінде капитализмнің дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, бір ел мен екінші ел, бір халық пен екінші халық жақындай түсті, жерге, байлыққа, қызығуымен қатар, әдебиет нұсқаларына да назар аударылды.
Компаративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап, форма мәселесіне, сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Әдебиеттің әлеуметтік маңызына, эстетикалық сипатына бұл әдіс те терең бойлай алған жоқ” - дейді.
Яғни, қазіргі тұста компаративистердің осы күйіне қарап, проблемалық мәселені алдыға тартады. Оны шешу алдағы уақыттың еншісінде болса, тарихи салыстыру мектебі, яғни компаративизм термині, қазақ әдебиеттану ғылымында кейінгі он, он - бес жылдың ішінде ғана ауызға алынғаны жасырын емес. Бұл терминнің өзі әлемнің әдебиеттану ғылымында өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана кеңінен пайдаланыла бастады. Қазiргi ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты әдебиеттану ғылымында да түрлi терминдер мен атаулардың пайда болуы заңды да. Сондай терминнiң бiрi, әдебиет саласының бір бөлiгiне айналған, көне дәуірдегі әдеби мұраларды танудағы жоғарыдағы аталған әдеби компартивистика болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Көне түркілік әдебиет дәстүрі және әдеби көркемдік шешім
Руникалық жазбаларының мазмұны, сюжеті, әдеби-көркемдік шешімі туралы айтқанда Ғұбайдолла Айдаровтың: «Руна ескерткіштері қатарына VІ ғасырдың аяғы мен VІІ ғасырдың бас кезндегі Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған (Могилян), Күлтегін, Тонуқуқ, Мойын чор, Суджа және т. б. ескерткіштер жатады» деген [ 1, 9-б] .
Енді төменде сол руникалық ескерткштерінің кейбіреулеріне оның ішінде руникалық жазбаларының мазмұны, сюжеті, әдеби-көркемдік шешіміне тоқталып өтелік.
Солардың бірі - Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші. Жазба нұсқа Орхон ескерткіштерінің ішіндегі ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түркі қағанатын қалпына келтірген Елтеріс (Құтлығ) қаған мен оның әйелі Ілбіге қатын жөнінде.
Моңғолияның Өвөрханғай аймағы, Уянга сұмынының орталығының оңтүстік-шығысында 17 шақырым Маньт-бүрд тауының солтүстік етегінде орналасқан. Аймақ орталығы Арвайхээр қаласынан 30 шақырым. Уянга сұмынының жанынан шығысқа қарай Таримал өзені ағады. Оған кішкентай Маньт бұлағы келіп құяды. Маньт бұлағы мен кешеннің арасы 300 м. Онгин кешені мен Таримал өзенінің арасы 5 шақырым. Таримал өзені атақты Онгин дариясына құяды. Зерттеушілер бұл кешенді осы өзеннің атымен «Онгин ескерткіші» деп атаған. Ал, Фин-угор қоғамының зерттеуші, саяхатшылары Таримал өзенінің атымен «Тарималийн хушо» (Таримал ескерткіші ) деп атаған. Орыс ғалымы П. К. Козлов «Тараэлэн хушо» («Тарималийн хөшө» дегеннің бұрмаланған түрі) деп [2, 114б] жазған.
Кешенді ең алғаш Н. М. Ядринцев 1891 жылы тауып, ұстындағы мәтіннен эстампаж алып, бірнеше мүсінтастарды фотоға түсіріп В. В. Радловтың қолына берген[3, 89 б] .
Онгин ескерткіші мәтінінің ұзын-ырғасы төмендегідей: 1. Ұлы бабасы Бұмынның төңіректің төрт бұрышын өзіне қаратып хандық құрғаны, одан кейінгі замандарда хандықтан айырылып, халықтың төрт құбылаға шашылып кеткені, елсіз, төрсіз болғаны, халықтың жүдеп-жадап, кедейшілікке ұрынғаны, алып ұлдары тас балбалға айналғаны сөз етіледі.
2. Ақыры жоғарыдан ұлы Тәңірінің жарылқауымен ел болғандығын айта келіп, Құтлұғ Елтеріс Қапаған қағанмен билігін іске асыру үшін өмірге келгенін мәлімдейді.
3. Ел-етміш-явғудың ұлдары Ышбара Тамған-чор явғу, оның інісі билік құрған (Білге) Ыщбара Тамған тархан ұрпақтары 65 атаға жеткенін, өздерін сол бір атаның ұрпақтары екенін баяндайды.
4. Кешен иесі Теңіркен Баға-Тархан Қытайдың солтүтігінде мекендейтін Оғыз ішіндегі Жеті ерендер жауласқан кезде соларды бағындырып, Түрік қағанатының қол астында ұстап, ел еткендігі үшін қағаннаттың сол қанат басшысына тағайындалып, әкімшіліктік шен «шад» лауазымын алғаны жайында дерек береді.
5. Осылайша бағы өсіп тұрған заманда тоғыз оғыздың бегі қағанатқа қарсы шығып жауласады. Сонда бұл кешен иесі тоғыз оғыздар жағына шығады. Осылай беделден айырылады. Елде бүлік етек алады. Бектер өзара жауласады (Бұл арада Қапаған өлген соң оның ұлдары мен Күлтегін арасындағы оқиғаны меңзейді) .
6. Осылайша ел бүлініп тұрғанда бұрынғы райынан қайтып, Білге қағанды ойлап, алаңдап, оған қызмет етуге бел байлап, қарсы болғандардың ебтеріне (күрендеріне) шабуыл жасап, бетін бері қаратады.
7. Өзінің қандас, ет жақын інілеріне, бауыр-балаларына Елтеріс қағанның аруағы алдында адал болу керектігін айтып, Білге қағанды жақтап, соны қолдап, түрік тағын аман алып қалу парыз екенін дәлелдеп, ақыл-кеңес беріп үгіттейді. Сөйтіп Білге қағанға қызмет еткенін, жоғалтқан атақ-даңқына қайта ие болғанын сөз етеді.
8. Оның ұлу жылының шілде айында қайтыс болғанын хабарлай отырып, киелі кешенін орнатуды мойнына алып, қазына-мүлкіне ие болғанын мәтін жазып отырған ұлының атынан мәлімдейді.
Кешен кімге арналған? Оның аты кім? Міне осы сұрақ ғасырдан астам уақыт ғалымдары сенделтіп келді. В. В. Радлов, С. Е. Малов Елтеріс қаған кешені деп таныса, А. Н. Бернштам Қапаған қағандікі дегенді айтты. Г. Клосон Алп Элетміш кешені деп дәлелдейді, В. Войтов Онгин мәтініндегі Алп-Элетміш қытай жылнамаларына Дусифу деген атпен белгілі болған қайраткердің түрікше аты дегенді айтады. Оның пікірінше бұл екі есім бір-ақ адам, Дусифу (Дуси-бег) - Елтеріс қағанның ортаншы інісі. Түрік қағанатының төлес қанатының басшысына тағайындалғандықтан «явгу» лауазымын алған. Ескерткіштегі кешен иесінің өмір жолы тым күрделі болғандықтан, мәтін мағынасы да тым күрделі. Шешімін бірден тап басып тауып айту өте қиын. Десе де мен В. В. Радлов, С. Е. Малов, Г. Клосон сияқты әйгілі түріктанушы ғалымдардың пікірлері өте орынды.
Өйткені:
1. Елді ел етуші басшы әр қағанатта бірнеше адам болғанымен, оның біреуі ғана «ел қағаны» болады. Бірінші түрік қағанатында Бұмын қаған ғана «Ел» сөзін қосып атаған. Бұмыннан басқа Істемі, Мұхан, Таспар, Хелилердің біреуінде ондай лауазым болмаған, әрі болуға да тиісті емес еді. Екінші, Түрік қағанытында Құлұғ-явғуға «Елтеріс», Біріккен түрік қағанытында Тур-айынға «Ел етміш» лауазымы берілген. Байырғы түрік қағанатты алғаш орнатушыға ғана «Ел» сөзі қосылған лауазым берген. Дусифу (қыт. ) Елтеріс Құтлығқа көмекші болғаны болмаса, қағанатты орнатушы, елді ел етуші емес.
2. Онгин мәтінінің 4-жолындағы сөйлем «Ел-етміш явғудың ұрпақтары Ышбара Тамған Тархан, Ышбара Тамған чур явғу, оның інісі Білге Ышбара-Тархан ел билегендер еді, олардың кіндігінен тарағандар барлығы 65 атаға жеткен. Осы екі атаның баласы едік дегенді» мәтінде қадап көрсеткен.
3. Мәтінде (5-жол) «ganym baya tenirken - Әкем Баға Теңіркен» деп тасқа қашап қалдырған. Онымен қатар қағанатпен жауласқан Оғыз ішіндегі Жеті-ерен (жеті-ру) тайпасын бағындырғандығы үшін, әрі оны түрік қол астында ел етіп ұстағандығы үшін әкімшіліктік «шад» лауазымы берілген. Сөйтіп оның толық атақ-лауазым - «Баға Теңіркен шад». Міне, киелі орын осы адамға арналып қойылған.
4. Ескерткіш ұстынның жоғарғы жағындағы ашина түріктердің рәмізі болған «серке» таңбасы және ұстынды тасбақаның бейнесі қашалған іргетасқа қондырып отырғызған ерекшеліктері Баға Теңіркен шадтың қаған тұқымынан шыққан адам екндігіне дәлел бола алады. Онымен қатар жоғарыдағы Ел-етміш Явғудың ұрпақтары болғандығы туралы мәлімет Баға Тәңіркен шадтың қаған тұқымының ақсүйектер әулетінен екендігіне қосымша дәлел. Бұл арадағы Ел-етміш явғу отырғаны қайраткер Бұмын-қаған болуы мүмкін.
Ел-етміш явғу кім? Жоғарыда айтқанымыздай, 716 жылға дейін түрік қағанатында «Ел»лауазымы Құтлұғ явғу, Бумын қаған екеуіне ғана берілген. Қытай жылнамасының 84 бума, 49-баянында «Ел-қаған Бұмын» деп белгілеген. Демек түрік ішінде бұл лауазымды «Ел-етміш қаған Бұмын» деп атаған болу керек. Осы Ел-етміш (Бұмын) қағанның екі ұлынан тараған ұрпақтар Баға Тәңіркен шадтың заманында 65 атаға жеткендігін Онгин ұстынына жазғанын жоғарыда айттық. Бұл аталардың үрім-бұтақтары екінші Түрік қағанатын орнатушы Құтлұғ Елтеріс қаған, оның інілері Қапаған(Мочжо-Бөгу-чор), Дусифу явғулар. Қапаған тоғыз-оғыздың байырқулықтарына қапияда басын алдырғаннанкейін қағанат ішінде тақ таласының бүліншілігі басталды. Қапағанның үлкен ұлы Тоңа-тегін ( Tung-o teie) Бесбалықта мерт болып, кіші ұлы Инелі ( Fu-ku) қаған хан тағына ие болу үшін күреседі. Ел екіге бөлініп, қағанат қақ жарылады. Бір жағында Инелі -қаған, екінші жағында Күлтегін. Міне, осы кездегі бүліншілікті Онгин ұстынында «buzyunca - бүліншілік» деп атаған. Жеті-ерендерді (жеті-ру) басқарып тұрған Баға Теңіркен шад алғашында толқып, қай жағын қолдарын білмей қатты қиналған. Жаңылысқан да болар, ол арасы мәтінде айқын емес. Дей тұрғанмен, Онгин жазуының 10-жолында «ekin ara ja yy bolmys - бектер өзара жауласты» - деп жаза отырып, бұларға араласпайтынын мәлімдейді. Сөйтіп тұрып, Білге қағанға алаң болып тұрғанын жасырмайды. Күш Күлтегін жағына ауып, Білге қағанның беделі жүріп тұрғандықтан, әрі түрік тағын аман сақтап қалу үшін соңынан Күлтегін, Білге қағандар жағына шығуға шешім қабылдайды. Ол туралы Онгин мәтінінің 10-жолында анық жазылған. Онда: «Біз кезінде Елтеріс қағаннан бөлінбеген едік, теріс бұрылмаған едік» - деп аруақты еске ала отырып, « . . . Білге қағаннан бөлінбейік, азбайық» - деп туған-туыс, аға-бауыр, ұлдарына ақыл-кеңес беріп, Білге қағанға қызмет ететінін, әрі күш-қуатын арнайтынын жазып қалдырған. Сондықтан да Ел-етміш Бумын қағанды еске алып, оның екі ұлы Ышбара Тамған Тархан-чор, явғу Ышбара Тамған-тархандардан тараған, қаны бір, жаны бір ұрпақтар екенін айтып, ынтымаққа шақырады. Ол аз десеңіз, кешенге қойылатын бірінші балбал кешен иесінің қолымен өлтірілген аруақтың мүсіні болуға тиісті еді. Алайда осы дәстүр бұл жерде бұзылған. Баға Теңіркен шадқа арналған Онгин киелі кешенінің бірінші балбалына Ел-етміш Бұмынның кіндігінен тараған ұрпақ, екі Ышбара Тарханның балбалы шаншылған. Бұнысы бір жатырдың ұрпағы бір-біріңе қанжар жұмсап шабуылдап ұлы бабаларың «қос Ышбара Тарханды екінші рет өлтірдіңдер» дегенді айт ып тұрғандай.
Баға Теңіркен шад ұлу жылы өлген. Жылдығына дейін киелі орынды (байырғы түрікші - joya) орнатуға тиісті. Ол 716, 728 жылғы ұлу жылдарына дөп келеді. Мәтіннің Баға Теңіркен шад Елтеріс Құлтұғ пен Қапаған қағандарға қызмет ету үшін өмірге келгендігін мәлімдей отырып, Білге қағанға күш-қуатын беруге келіскенін анық жазып қалдырған. Олай болса Білге қағанға еңбек етіп үлгірсе де, көңіл көншитіндей қызмет ете алмаған сияқты. Юілге қағанның хан тағына отырған жылы 716-жыл. Кешен иесі Баға Теңіркен шад осы жылы қайтыс болған. Сондықтан да Білге қағанға байланысты мәлімет жоқтың қасы. Кешенді орнатушы - Баға Теңіркен шадтың ұлы. Демек, оның аты мәтінге түспеген. Баға Теңіркен шад зерттеуші В. В. Войтовтың ұсынып отырған Дусифу явғу (To-si-fu yabyu) болуы мүмкін [4. 45-50 бб. ] . В. Войтовтың ұсынысы орынды. Тек қана Алп-Элетміш дегені шындыққа келмейді.
Дусифу явғу, Ел Төресі Құтлұғ қаған мен Қапаған қағанның ұрпақтары Білге қаған, Инелі қағандардың шайқасы кезінде хан тұқымының ішінде ақылшы болуға құқылы жалғыз адам. Ъан ұрпақтарын керістірмей, келістіруге тиісті адамның әдепкіде жаңылғаны көрініп тұр. Байырғы түріктердің кешен орнату дәстүрінің кейбір жора-жосынын бұзып, баба балбалын Баға Теңіркен шад кешеніне қойдыруы осыған дәлел бола алады. Онгин кешеніндегі екінші ескерткіш ұстын тағы да осы әулеттің хан тұқымына арналған. Оның дәлелі - ұстын басында тұрған ашина әулетінің символы. Үшінші ескерткіш ұстын - аналық әулет қайраткерінің атына қойылған. Өйткені ол ұстынның ірге тасында жолбарыстың рельефі бар. Жолбарыс- аналық әулеттің символы.
Мәтіннің12-жолындағы ең соңғы «Sub jer tenri ot(ledi) - су, жер, тәңірі өтінді» деген сөйлем осы кешен иесіне немесе мәтін жасаушыға байланысты аса бір үлкен құпияның ішке бүгіп тұрғандай.
Ғ. Айдаров: «Орхон ескерткіштері ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі - Күлтегінге арналған ескерткіш. Күлтегін - Құтлұғ (Ілтеріс) қағанның кіші ұлы. Жазбада тарихи оқиға баяндалады. Онда Шығыс түркі қағанат мен оның құрамына інген көптеген түркі тайпаларының тарихи деректер берілген»[1. 4 б] .
Мырзатай Жолдасбеков: «634-635 жылдары Түркі қағанаты (шекарасы Іле өзені болып) Батыс және Шығыс Түркі қағанаты деп бөлінген. Ескерткіштер түргеш-бұлардың бес аймағы, он оқ халқының бір бөлігі еді деген сөз бар». Ендеше олар кейін қазақ халқының құрамына кірген арғын, керей, уақ, алшын, найман одағының жалпы аты болу керек. Түркеш дулаттың бір тайпасы екені анық, оны ғылымдар мойындаған. Бірақ оның Орхон түріктерімен туыстығы ауызға алынбаған. Ал енді Орхон түріктерінің бір кезде Ілеге қайтып келгендігін еске алсақ, онда олардың қазақ халқының көне тайпаларынан екеніне де көз жетті деп ойлаймыз»[5. 34-б] .
Күлтегін ескерткішіндегі жазу екі бөліктен тұрады. Оның бірі - кіші жазу, ал екіншісі -үлкен жазу. Ғылымда олар «Кіші Күл тегін» және «Үлкен Күл тегін» деп аталады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүрін байланысы болса керек. Біз әңгіме етіп отырған (Күлтегін ) және (Тоныкөк) жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.
Немат Келімбет: Тасқа қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни құлыптастағы әрбір қатар жазуды бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ, ұзыннан-ұзақ етіп құлыптасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол жазудың өзі - бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемне, яғни бір топтамаға, циклға қамтылған сөйлемдерден тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші циклға беріліп жатады. Бір цикл көлемі жағынан - руналық жазудың бір жолына шамалас болып келеді» [6, 18 б] .
Егер «Үлкен Күл тегін» Түркі ордасы тарихының негізгі бөлігі болса, «Кіші Күл тегін» жазуды мерзімі жағынан кейін тұрғанына қарамай осы тарихтың кіріспе бөлімі іспеттес. Бұл кіріспе бөлім Көк Түрікке арнай айтылады, кейінгі бөлімде баяндалған тарихтың сабақтары жинақталып, қорытылып, тұжырымдалып айтылады да, келесі сөзді - «Үлкен Күл тегінде» «Ел тұтқысы» («Ел өсиеті») деп атайды.
Кіші жазу. Ол 13 жолдан тұрады. Мұнда алдымен Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған (Могилян) жөнінде біраз сөз болады. Оның таққа отырғандығы, батыс пен шығыс, солтүстік пен оңтүстік арасындағы халықтарға, әсіресе тоғыз оғыз бектеріне, өз тумалары мен жақындарына жасаған үндеуі баяндалады.
Теңрі тег теңіреді болмуш Теңгрідей тәңіріде болған
Түрік Білге қаған бұл кезде Түрк Білге қаған бу өдке отырдым.
олуртым. Сөзімді түгел естідіңдер,
Сабымын түкеті өсідгіл, кейінгі іні-жиенім, оғланым,
оғланым,
бірікі оғушым, будыным. бегі тайпам, халқым.
Көптеген түркі тайпалары, Білге қаған ел билігін өз қолына алғанша, тұрмыстық қиындығына шыдамай, әр жаққа бытырап көшкен еді. Білге қаған мемлекет басына отырғаннан кейін, енді олар Білге қаған маңына қайта жиналып, ел бола бастайды. Қағанның ұйғаруы бойынша олардың астанасы енді Өтүкен тауы болды.
Өткен йыш олурсар, ште буң йоқ - Өтүкен тауында отырса, елде мұң (қайғы) болмас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz