Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3-8

I тарау Қ. Мұхаметхановтың өмірбаяны және әдеби мұрасы9-31 бет

ІІ тарау Қ. Мұхамедханов-әдебиет зерттеушісі 32-62бет

Қорытынды63-64бет

Әдебиеттер тізімі 65-66бет

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ қоғамының көркем ойы саналатын рухани мұраларымызды тану, зерттеу ұлттық сананы байытып, болашақ ұрпағымыздың сөз өнерін қастерлей отырып, ой-парасатын биіктетері сөзсіз. Кеңес дәуірі кезінде қазақ халқының рухани байлығы біршама айтылғанымен, көптеген ұлттық қазыналарымыз жайында сөз қозғауға мүмкіндік болмады. Жасанды түрде қолдан тұншықтырылып, тасада қалдырылып келді. Қазақ әдебиетінің тарихы ұлттық мүдде тұрғысынан қарқынды зерттеле бастаған бүгінгі таңда рухани құндылықтарымызға жауапкершілікпен қарап, жекелеген тұлғалардың қызметі мен шығармашылық мұраларына талдау, зерттеу жүргізіп, тиісті бағасын беріп, ғылыми айналымға енгізу міндеті жаңа маңызға, жаңа сапаға көтерілді. Зерделеу мен зерттеу нысаны да жаңа арнаға бет бұра бастады. Қоғамдық көзқарастың жаңаруы әдебиетіміздің ақтаңдақ беттерінен саналатын әдеби мұраларды тың серпіліспен зерттеуді қажет етеді. Осы негізде жаңаша пайымдаулар жасалып, ұлттық рухани мүдде тұрғысынан тың толғамдар түйінделді. Шәкәрім Құдайбердіқұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбаев, Көкбай Жанатаев, Уәйіс Шондыбаев, Мағауия Құнанбаев, Тұрағұл Құнанбаев, Төлеу Көбдіков, Мұқа Әділханов, Баймағамбет Айтқожаұлы, Тайыр Жомартбаев сынды Абайдың ақын шәкірттері халқымен қайта қауышты. Мұралары ел игілігіне айналып, ғылыми жүйеге түсе бастады.

Ғұмыр кешкен заманы бір, алаш деген тілегі ортақ, қаламгерлік мұраты ұқсас ақын-жазушыларды танып-білудегі зерттеушілер ұстанымы мен мүдде-пайымынан әдебиеттану ғылымы дамиды. Заман ағысына қаймықпай қарсы жүзіп, қазақ әдебиетінің күрделі кезеңдері мен жетістіктерін басынан өткен керген әрі даму бағытын анықтаған қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі -

Қайым Мұхамедханов. Бала жасынан ұлт зиялыларының ақыл-өнегесінен сусындаған Қ. Мұхамедханов қазақ әдебиетін зерттеу ісіне өлшеусіз үлес

қосты. Іргелі ғылым саласы саналатын абайтанудың өркендеу ісінде Қайым Мұхамедхановтың еңбегі елеулі. М. Әуезовтің кеңесі бойынша 1940 жылдан бастап Абайдың ақын шәкірттерін зерттеу мәселесімен шұғылданып, ақын шәкірттерінің әдеби мұраларын жинақтап, ғылыми негізге түсіріп, ұлттық құндылықтарын нақтылады. Халқымыздың рухани мұраларына баға беруге мүмкіндік бермеген тоталитарлық жүйенің жымысқы мақсаты - халықтың тарихи жадынан қара үздіріп, өткенін ұмыттыру. Кеңес заманының осындай пиғылына қайшы келетін «Абайдың ақын шәкірттері» деген ұғымды тиянақтағаны үшін Қ. Мұхамедхановқа жазықсыз жала тағылып, бас бостандығынан да айырылды. «Абайға өмірінің ақырына дейін қызмет етем» деген ғалымдық сертінің үдесінен шығып, адам төзбес қиянатқа, қорлыққа шыдып бақты.

Абай шығармаларының текстологиясын зерттеу Қ. Мұхамедхановтың бастамасымен жүзеге асқан әдебиеттегі соны үрдіс еді. Абайдың ақындық мектебінің Шәкәрім, Әріп, Тұрағұл, Көкбай сынды дарынды шәкірттері халық жауы ретінде танылғанда, Абай шығармаларының мәтін түзу мәселесі туралы сөз қозғаудың өзі әдеби ерлікпен пара-пар іс болды. Абай шығармаларының текстологиясын зерттеу Абайтану ғылымының үлкен тарауы екені анық. Осы ғылым саласы Абай шығармаларының канондық мәтінін жүйелеуден басталады десек, Қ. Мұхамедханов абайтану ғылымының көш басынан табылмақ. Бүгінгі күнде Қайым Мұхамедханов негіздеген мәтін Абай шығармашылығының бірден-бір жүйеленген, толық мағынасындағы текстологиялық тиянақты үлгісі болып табылады.

Абайтану ғылымынан өзге де қазақ әдебиеті тарихына қатысты сын-зерттеулері Қайым Мұхамедхановтың зертеушілік аясының, ғалымдық

қарым-құлашының кеңдігін даралайды. Тарихы бағзы заманнан тамыр тартатын халық ауыз әдебиеті, оның рухани құнарынан өскен бүгінгі әдебиетіміздегі дау тудырып жүрген мәселелердің тарихи әділетіне жетуге зерттеушінің сын-зерттеу мақалалары маңызды ой, құнды пікірімен сипатталады.

Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуіне тың екпін қосып, әдеби өмірге белсене араласқан Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық мұрасының жанрлық қыры мен мазмұндық сыры әр алуан.

Қ. Мұхамедхановтың мәнді мұрасының бір саласы - өлеңдері. Қайымды ақын ретінде танытатын туындылары азаматтық рух биіктігімен, тақырыптық кесектігімен дараланады. Қазақ ССР-нің тұңғыш Әнұранында елдікті, ерлікті дәріптейтін ұлт болмысының ашылуы-Қайым қаламының құрамына ғана тән қасиет. Қазақ даласының Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 75 жылдық шығармашылық мерейтойына арналған Одақтық ақындар мүшайрасында Қ. Мұхамедхановтың «Жамбыл» атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды. Өз заманында ақындық биік тұғырдан көріне білген автордың шығармашылық қуаты ұлтжандылық пен шыншылдықтан нәр алады.

Шығыс және батыс әдебиетінің жауһарлары саналған туындылардың терең иірімдеріне үңіле отырып, сол әдебиет үлгілерінің көркемдік табиғатын солғындатпай ана тілімізде сөйлету аудармашыларға мол жауапкершілікті міндеттейді. Қазақ әдебиетінің маңызды саласы саналған көркем аударма өнерінің өркендеу жолы Қ. Мұхамедханов есімімен тікелей байланысты. Аудармашы Қ. Мұхамедхановтың тәржімалары да өзіндік зерттеуді, заман талабына сай баға беруді қажет етеді.

Қ. Мұхамедханов қаламынан туған пьесалары драматургия саласындағы

өзіндік орнын айқындап, оның драматург ретіндегі шығармашылық қырын белгілейді. Тарихи тақырыпқа жазылған «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай»

сынды пьесалары- тарихи шындықты көркемдік шешіммен өре білген туындылар.

Қ. Мұхамедхановтың ғылыми және шығармашылық мұрасы туралы мерзімді баспасөз беттерінде біраз аталғаны болмаса, арнайы ғылыми түрде жүйелі назарға алынған жоқ. Қ. Мұхамедхановтың қазақ әдебиеттану ғылымындағы келелі істерін ескере отырып, оның әдеби мұраларын, зерттеу еңбектерін уақыт тынысымен бірлікте алып қарастыруды диссертациялық жұмысымыздың басты міндеті етіп алдық. Сол себептен де, біз Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылық жолын жан-жақты қарастырмақпыз. Осы мақсатты міндетке жету үшін 1938 жылдан бері мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген ғалымның шығармаларын, жеке мұрағатындағы деректерді, мұрағаттану орталықтарында сақталған құжаттарды жинап, өзара салыстырып, жүйелі түрде жан-жақты зерттеуді нысана етіп алдық. Сол арқылы ғалым тұлғасын сомдап, шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, ғылыми айналымға енгізу зерттеудің өзектілігін танытады. Жалпы алғанда, Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылық мұрасы ғылыми негізде тұңғыш рет зерттеу нысанына айналып отыр.

Абайтанушы, текстолог, ақын, аудармашы, драматург, ұлағатты ұстаз Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы ғылыми тұрғыда арнайы зерттелмеген. Біздің еңбегіміз осы орайда алғашқы зерттеулердің қатарына жатады. Қ. Мұхамедхановтың баспа жүзінде 1981 жылы «Комиссар Ғаббасов» деген атпен пьесаларының топтама жинағы жарық көрді. Ал, ғалымның зерттеушілік бағытын айқындайтын, зерттеу еңбектерні 1959 жылы «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» және «Мағауия Құнанбаев» (өмірі мен шығармашылығы), 1993-97 жылдары «Абайдың ақын шәкірттері» және 1995 жылы «Абай мұрагерлері» жарыққа шықты, ал 2005 жылы Қ. Мұхамедханов деген атпен көп томдық шығармалар жинағының 1-4 томдары баспа жүзін көрді.

Қайым Мұхамедхановтың абайтану ғылымының қалыптасуына сіңірген еңбегі, ақындық, аудармашылық шеберлігі, драматургия саласында жеткен жетістіктері, ұстаздық озық тәжірибесі жайында пікірлер мерзімді баспасөз беттерінде жарияланғандығын айта кетуіміз орынды. Мәселен, әр жылдары Ы. Дүйсенбаев, Ғ. Сармурзин, М. Мырзахметов, М. Сұлтанбеков, Қ. Ергөбек, Қ. Жүсіпов, А. Еспенбетов, Т. Жұртбаев, Н. Алексеев, Д. Сейсенұлы тағы да басқа зерттеуші ғалымдар, қаламгерлердің Қ. Мұхамедхановтың өміріне қатысты әр деңгейде жарияланған мақалалары оның шығармашылық ғұмырнамасын, қайраткерлік, суреткерлік тұлғасын тануда маңызды сипатқа ие болмақ.

Қ. Мұхамедхановтың зерттеушілік қырларын ашып тану мақсатында атқарылып отырылған бір алуаны-оның әр жылдардағы еңбектерін жинақтап, кітап етіп шығару. Бүгінгі күнге дейін Қайымды танудағы атқарылған

еңбектер ғалым мұраларын насихаттау, жинақтап жариялау сынды деңгейде тұр. Қ. Мұхамедхановтың мұралары Семейдегі Абай қорық-мұражайында, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында, Қ. Мұхамедхановтың балаларының қолында сақталған. Мүмкіндігінше сол материалдардың барлығымен танысып, сараптап, зерттеу еңбегімізде пайдаландық. Бүгінде ғалымның барлық мұраларын жинақтап, ғылыми түсініктер беріп, көп томдық жинақ етіп шығару жоспарланып отыр. Осындай игі мақсаттың толайым жемісі

ретінде «Алаш мұрасы» сериясымен 2005 жылы шыққан көп томдық шығармалар жинағының 1-4 томдарын атауға болады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының басты мақсаты, негізгі нысаны Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиеті тарихын зерттеудегі еңбегі, сонымен қатар әдеби мұраларының ұлттық дүниетанымын, көркемдік ерекшелігі мен жанрлық сипатына қарай талдау жасау. Осы негізде әдеби мұрасына лайықты баға беріп, қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орнын белгілеуге талпыныс жасалды. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық кітапханасында, Ұлттық кітапханада, Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапханада, Семей қаласындағы Абайдың республикалық тарихи-мәдени, әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының қолжазба қорында, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында, Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихы құжатнама орталығында сақталған материалдарды саралап, жүйелеп, ғылыми зерттеу нысанына айналдыру;

  • Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық өмірбаянын ғылыми жүйеге түсіріп, көпшілік оқырманға ұсыну;
  • Қ. Мұхамедхановтың лирикалық шығармаларының өлшем-өрнектерін, сөз қолдану ерекшеліктерін саралай келе ақындық, даралық қырларын ғылыми тұрғыдан бекіту;
  • аударма жанрына қосқан үлесін айқындау;
  • драма саласындағы табыстарын нақтылау;
  • абайтану ғылымының қалыптасуына қосқан үлесін саралау;
  • Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу;

Абай шығармаларын текстологиялық тұрғыдан зерттеуге сіңірген үлесін сараптау;

  • Қазақ әдебиеті тарихына қатысты сын-зерттеу мақалаларында көтерілген мәселелердің өміршеңдігі мен ұлттық құндылық ретіндегі бағасын нақтылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Қ. Мұхамедхановтың шығармашылық мұрасы естелік мақала көлемінде болмаса, арнайы зерттелмеген тың тақырып ретінде зерттеудің ғылыми

жаңалығын негіздейді. Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей мәселелерден көрініс табады:

  • Қ. Мұхамедхановтың шығармашылық ғұмырбаянын тұңғыш рет жан-жақты ғылыми тұрғыда жүйелеу;
  • Қайым Мұхамедхановтың өміріне қатысты деректер алғаш рет мұрағат құжаттарымен нақтыланып, ғылыми айналымға енгізу;
  • Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері мен поэмаларына талдау жасау;
  • драмалық туындыларына әдеби талдау;
  • аударма жанрының дамуына қосқан еңбегі саралау;
  • абайтану ғылымының қалыптасуына, дамуына қосқан үлесі, Абайдың ақын шәкірттері мұраларын жинақтап, ғылыми айналымға енгізудегі ғалымның өзіндік ұстанымдарын айқындау;
  • мәтінтану саласындағы жетістіктерін зерттеу объектісіне ендіру;
  • әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған сын, зерттеу мақалаларын сұрыптап талдау.

Осындай сараптаулар мен ғылыми тұрғыда жүйелеу тұтаса келіп бітіру жұмысының ғылыми жаңалығын құрайды.

Бітіру жұмысының құрылымы

Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес жұмыс екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру жұмысының негізгі мазмұны

Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі мен зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңызы, сарапталуы, құрылымы сөз болды.

І тарау

Қ. Мұхамедхановтың өмірбаяны және әдеби мұрасы

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы «Заречная Слободкада» (қазіргі Жаңасемейде) дүниеге келді.

Ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері.

Қазақ ССР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; 1000-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Адам болмысы мен танымының қалыптасуы нәр алып сусындап өскен ортасымен тығыз байланыста болмақ. Есейген ортасының рухани құнарлы болуы - адам болашағының ғибратты болмағының кепілі. Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кеңесетін ордасы болды. М. Сейтқұлов - аса мейірімді, білімді, жомарт, алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Сейтқұлов ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың алғашқы үш онжылдығында қазақ халқының рухани дамуына ықпал етті. Ол көптеген қолжазбалар мен тарихи өлең-жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Мұхаметхан Сейтқұлов 1937 жылдың 2 желтоқсаны күні түнде атылды. Кейін ақталған. М. Сейтқұловтың үйіне Абай, Шәкәрім, Абай шәкірттері, белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлер жиналатын. Үйдің үлкен залының бір бөлігін мазмұнға бай кітапхана алып тұратын, мұнда көптілді әлем классикасы, жаздырып алынған және әр жерден әкелінген сол заманның газет-журналдары болды. Қайымның әкесі қазақ, орыс, татар, араб тілдерінде оқитын және аса жомарт адам еді. [11, 31-32] Ауқатты әке Семей қаласында шығып тұрған газет-журналдарға демеушілік қызмет жасайды. Сейтқұловтың қаржыландыруымен «Сары-Арқа» газеті, 1918 ж. бастап Ж. Аймауытов және М. Әуезовтың редакциясымен «Абай» журналы шығарылатын. Әлихан Бөкейханов Семейдің солжағалауында өткен жиында қалаға бастапқы «Алаш» атауын қайтару туралы мәселе көтерген кезде, Сейтқұлов оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» атауын қайтаруды нақтылы дәлелдермен қорғаған. Осындай заманалар мен дәстүр жалғастығының мысалдары аз емес. Бұл жөнінде Қ. Мұхамедханов естелегінде былай дейді: «Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Шәкәрім, Көкбай, Иса, Әміре, Мұхтар, Халел Ғаббасов, Мәннен Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты»[1, 25-26] . Қ. Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оны биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді. М. Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатова әкелерінің дос болғанын еске алады. 1911 жылы Сейтқұлов Міржақып Дулатовты кепілдік салып, тұтқыннан босатады. Ал Шәкәрімнің белгілі фотосуреті Сейтқұловтың үйіне келген кезде түсірілген. Сонымен бірге, Сейтқұлов Шәкәрімнің қамаудан босап шығуына көмектеседі.

Туған үйдің жылуы, қоршаған ортасы, білім өрісі өзінің елі мен жерін шынайы сүйетін, сондай-ақ ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауды ниет еткен тұлғаны қалыптастырды. Қайым әкесінің жазушылар мен композиторлар, халық ақындары, өнер адамдарымен жақын байланысын байқады. Алаш зиялылары Семейдегі (Заречный слободкада, ескі атауы «Алаш») Сейтқұловтың үйін кездесу орны ретінде таңдады. Алты жастағы Қайым әкесінің үйінде алғаш рет М. Әуезовты көрді, ол мұнда жиі қонақта болатын. Қайымның әкесі М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» және т. б. пьесаларының алғашқы репетициясын жасауға қолайлы жағдайлар жасады.

1937-жыл. Қараша. Рамазан айы. Мұхамедханның отбасы да ораза ұстаған. Бір күні, сәресі сәтінде, есік алды дабыр-дұбырға толып кетті. Әлдекім есікті тоқпақтады. Үш кісі баса-көктеп кіріп келіп, отағасына мылтық кезеп: «Тұрыңдар! Сендер тұтқындалдыңдар!» деп ақырды. Қару-жарақты топ ес жиғызбады, әкелі-балалы екеуін тұтқындап алып кетті. Қайымды ертеңінде босатты, ал әкесін алып қалды. Мұхамедханнан көпке дейін хабар-ошар болмады да, әйтеуір, күндердің бір күнінде әлгі «сұсты» кабинеттегілердің: кеңеске дұшпан мұсылман діншілдері тобының мүшесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы 10 жылға сотталып, хабарласу, хат жазу құқы жойылып, Сібірге айдалды деген «сәлемі» келді. Сейітқұловтар отағасының тұтқындалған соң үш күннен кейін атып тасталғанын бертінде, 1990-жылы ғана біле алды. Қайда жерленгені беймәлім. Үйінде фотосуреті де қалмады (бәйбішесі Мақыпжамалдың ғана суреті кейін табылды) . Тұтқындалғанының ертеңінде бүкіл мүлкі, қағаздары, кітапханасы тып-типыл етіліп тәркіленген болатын. Ойраны шыққан отбасында Мұхаңнан қалған жалғыз белгі - КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының 1989-жылғы көкек айының 25-і күні «Репрессия құрбандарына қатысты шындықты қалпына келтіру» жарлығының 1-бабы негізінде Мұхамедхан Сейітқұлұлы ақталды, деген бір жапырақ қағаз ғана.

Иә, ол «жаңалық» бертінде болды. Оған дейін, сол 1937-жылы, қара қақпан Қайымға да құрылды. «Халық жауының» баласы институттан дереу қуылды. Гәзеттер: «халықтың жауы болған бай баласы адал еңбекшілердің ортасында жүруге тиіс емес!» [3, 36-37] деп қиқулады. «Әшкереленген» Қайым жұмыс іздеп сенделді: темір жолда вагоннан жүк түсірді; көмір тасыды . . . шеті қылтиған жұмыстың ешбірінен бас тартпады, арланбады. Бар ойы өзіне қарап қалған ағайындарын, туыстарын асырап-сақтау болды. Институтқа қайтадан қызметке орналаса алғанына дейінгі аралықта көп жыл өтті . . .

Қайым жас кезінен әкесінің достары берген тапсырмаларды орындайтын - мысалы, Ыдырыс Мұстамбаевтың тапсырмасы - кітапты араб харпімен, көркем жазумен көшіру немесе түрлі тілдерге аудару. Қайым өзінің алғашқы өлеңдерін үйге келген әкесінің достарына оқитын. М. Сейтқұлов 1921, 1928, 1932 және 1937 ж. ж. қуғын-сүргінге және тәркілеуге ұшырады. М. Сейтқұловтың үлкен ұлы Қайымға отбасын асырау үшін 15 жастан бастап көп жұмыс істеуге тура келді. Ол кемежайда жүк тасушы, жұмысшы, кадр бөлімі қызметкері, мәдениет қызметкері, мұғалімдік қызмет атқарды. Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін, Семей пединститутына түсіп, 1941 жылы экстернмен аяқтайды. Қайым 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады. Үздік педагог-тәлімгер өмірінің 60 жылдан астамын жастарды тәрбиелеу және білім беру ісіне арнады.

Әкесі тұтқындалғаннан кейін Қайым Педагогикалық институттан қуылады. Сол кезде жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Шәкірт ұстазына өмірінің соңына дейін адал болды. Адамдарды жақсы танитын М. Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. М. Әуезов Қайымды Абай туралы роман-эпопея жазу барысында түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады. Ол бұл кезде Алматыда еді, ал нақтылайтын жағдайлар тек шалғай ауылдардағы ақсақалдармен әңгіме кезінде, мұрағаттарда, түрлі қалаларға хат жазып, хабар алмасу арқылы ғана нақтыланатын.

1930-жылдардың аяғында Абай мұрасы, оның шәкірттері мен ізбасарларына жойылып кету қаупі туды. Абай Сөзі бұрмаланды, шығармалары ғылыми тұрғыда зерттелмеді. Қолжазбалары мен жеке заттары жоғалды, өмірінің куәгері болған қариялар азайды.

М. Әуезов қазақ мәдениетінің елеулі бөлігін сақтауға бағытталған бірқатар тапсырманы өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды:

  • Абайдың тұңғыш Мұражайын ашуға негіздеме қалау
  • Абай шәкірттері мен ізбасарларының мектебін құру және сақтау
  • Ойшыл-ақынның құнды сөзін текстологиялық талдау әдісімен сақтап қалу үшін барын салды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы
Абай мұрасы
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz