Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

А. Құмарбек

Тақырыбы: Қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілері

5В020500- филология

Алматы - 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі Т. Ермекова

Хаттама № “__”2019 ж.


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілері

5В020500- филология

Орындаған: А. Құмарбек

Ғылыми жетекшісі

Ф. ғ. к., проф. м. а. А. Ғ. Сембаева

Алматы - 2019

РЕФЕРАТ

Жұмыстың көлемі - 61 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 44

Тірек сөздер: түр-түс, концепт, өріс, стиль, әлемнің тілдік бейнесі, поэзия.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілері

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде колоративтік концептілерді зерттеуге арналған жетерлік, бірақ қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілерінің қолданылуы, олардың стильдік ерекшеліктері тұрғысынан әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы қазақ тіліндегі түр-түс ұғымдарымен жасалған күрделі аталымдардың шығу төркінін, қалыптасу жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы тілдік таңбалардың мәні анықталды.

- түр-түс негізді күрделі атауларда аталым үдерісінің қалай жасалатынын, қалай қалыптасатынын қазақ халқының мифтік түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы анықталды;

- поэзиядағы түр-түс концептілерінің қолданылу ерекшеліктерін анықталып, стильдік қызметі сараланды;

Диплом жұмысының мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілерін танымдық негізде түсіндіру, олардың тілдегі стильдік, этнолингвистикалық ерекшеліктерін саралау.

Диплом жұмысының практикалық мәні . Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттағы зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін ұлттық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған дәрістерде, жоғарғы оқу орындарында «Қазақ тілінің семантикасы», «Сөзжасам» пәндерін, когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған арнаулы курстарды жүргізуде, зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді әртүрлі сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттау, синтездеу, салыстырмалы және компоненттік, концептуалдық талдау әдістері пайдалынылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Тіл - тек қоғамдық құбылыс емес, философиялық және психолиялық құбылыс. Сонлықтан оны бірнеше ғылымдар тоғысында қарастырғанда ғана, тілдік құбылыстардың мән-мағынасын жете түсіне аламыз.

Бүгінде тілдік материалдарды қоғаммен, әлеммен, адамдық факторлармен байланысын зерттеу, зерделеу - қазіргі қазақ лингвистикасында да, әлемдік лингвистикада маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан, қазақ тіл білімін когнитвитік- концептуалдық тұрғыдан зерттеу және әдіснамалық негізін саралау үшін, оны әртүрлі бағыттағы ғылымдар тоғысында қарастыруды қажет етеді.

Әлемдік лингвистикадан бастау алатын когнитивтік зерттеулер бүгінгі күні қазақ тіл ғылымында да өзінің жемісін беруде.

Бүгінгі күні қазақ тіл білімінде тілдің табиғатын адам болмысымен, тұрмыс-тіршілігімен және оның таным-түсінігімен бірлікте талдаған, тіл және таным ұғымдарын жан-жақты териялық тұрғыдан зерттеген еңбектер аз емес. Өйткені бұл - заман талабы.

Ақиқат өмірді қабылдауды, түйсінуді және оның заңдылықтары мен қыр-сырын саралау, соның нәтижесінде алынатын ақпараттар мен мәліметтерді тілдік қор ретінде жүйелеу тілдің жүйесін, құрылымын және тілдік бірліктердің табиғатын жан-жақты талдауға, түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тілдік бірліктерді философиялық, логикалық және психологиялық қағидалар негізінде зерттеу, тіл ғылымының үздіксіз дамуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда қазақ тіл біліміндегі концептуалдық зерттеулерді саралау, тілдегі ұғымдық бірліктерді - концептілерді жүйелеу, оларды когнитивтік парадигма тұрғысынан жіктеп, жүйелеу - қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Қазақ тіл білімінің тарихын тілтаным мәселесімен байланыста қарастыру, соның негізінде жекеленген ұлттың, этностардың тілтанымдық тұжырымдамасымен танысу, сол арқылы қазақ халқының тіліндегі ұлттық құндылықтарға мән беру, оларға тіл біліміндегі жаңа бағыттар аясында қарастыру - қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдарды зерделеуге, оларды әлемнің тілдік бейнесіндегі тілдік материалдың бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының өзектілігі. Әр халықтың тілін сол халықтың ұлттық болмысының, санасы мен салтынан тыс бөлуге келмейді. Әрбір ұлт өзін қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды, дүниені, ғаламды өзінің таным-түсінігіне, дүниені қабылдауына байланысты қабылдайды, тілінде бекітеді. Адам баласы өзін қоршаған шындық пен дүниедегі алуан түрлі құбылыстармен және олардың сапалық сипаттарымен тіл арқылы танысып, тіл арқылы сіңіреді. Тілдік сана арқылы түйсініп қана қоймай, тіл мен ойдың диалектикалық бірлігінің негізінде ақпаратты өзінше түйсініп, талдап, жаңа сапада қайта жаңғыртады, өңдейді, қорытады және баға береді. Соның нәтижесінде әр тұлғаның өзінің тілдік санасы мен тәжірибесі қалыптасады.

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі тың мәселелердің бірі - қазақы танымға сай түр-түс концептілері тілдік сана, таным, түр-түстердің таңбалық және символдық сипаты тұрғысынан кешенді зерттеу. Қазақ тіл білімінде колоративтік концептілерді зерттеуге арналған жетерлік, бірақ қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілерінің қолданылуы, олардың стильдік ерекшеліктері тұрғысынан әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілерінің этнолингвистикалық ерекшеліктері

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ поэзиясындағы түр-түс концептілерін танымдық негізде түсіндіру, олардың тілдегі стильдік, этнолингвистикалық ерекшеліктерін саралау. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:

- Қазақ тіліндегі түр-түс ұғымдарымен жасалған күрделі аталымдардың шығу төркінін, қалыптасу жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы тілдік таңбалардың мәнін анықтау.

- Түр-түс негізді күрделі атауларда аталым үдерісінің қалай жасалатынын, қалай қалыптасатынын қазақ халқының мифтік түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы дәлелдеу.

- Поэзиядағы түр-түс концептілерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтап, ашып көрсету.

- Ақындардың шығармашылығында түр-түс концептілерін қолданудағы ерекшеліктерін, поэзиядағы түр-түс аталымдарының этнолингивистикалық сипатын айқындау;

Зерттеудің дереккөздері . Жұмыстың тілдік деректері - «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-10 т., 1974-1986), І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Ф. Р. Ахметжанова мен Қ. Т. Қайырбаеваның «Түр-түске байланысты тұрақты сөз тіркестері» (2000) . Сондай-ақ, қазақ тіліндегі көркем әдебиет туындылары мен мерзімді баспасөз беттерінен мысалдар алынды.

Диплом жұмысындағы зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының барысында жинақтау, талдау, салыстыру, уәждемелік, семантикалық талдау, когнитивтік талдау әдістері пайдаланылды. Сөзжасам, аталым, уәждеме, когнитивтік теориялар, ғылыми тұжырымдар, танымдық лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының қағидалары басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:

- түр-түс негізді күрделі атауларда аталым үдерісінің қалай жасалатынын, қалай қалыптасатынын қазақ халқының мифтік түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы анықталды;

- поэзиядағы түр-түс концептілерінің қолданылу ерекшеліктерін анықталып, стильдік қызметі сараланды;

- ақындардың шығармашылығында түр-түс концептілерін қолданудағы ерекшеліктері, поэзиядағы түр-түс аталымдарының этнолингивистикалық сипаты айқындалды;

-поэзиядағы түр-түс концептілерінің жаңаша қолданыстары, жаңа мағына жасаудағы түр-түс ұғымдарының танымдық қызметі анықталды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттағы зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін ұлттық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған дәрістерде, жоғарғы оқу орындарында «Қазақ тілінің семантикасы», «Сөзжасам» пәндерін, когнитивтік лингвистика мәселелеріне арналған арнаулы курстарды жүргізуде, зерттеу барысында талдау жасалған тілдік деректерді әртүрлі сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Диплом к іріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. қазақ тіліндегі концептілердің зерттелуі

1. 1 Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі

Адам санасында дүниенің бейнесін қалыптастыруда адамның сезіну, қабылдау, түйсіну, түсіну және ойлау, өзінше ұғыну сияқты барлық психикалық әрекеттері қатысады. Сол арқылы танылған дүниенің бейнесі дүниені танудың алғышарты болып табылады Ал, әрбір әлеуметтік жүйеде, әрбір қоғамның өркениеттік даму барысында дүние бейнесі өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылып отырады. Олар негізгі концептілік және сезімдік қабылдаулары негізінде жеке адамның танып түсінген деңгейі дәрежесінде болады. Қоғам дамып, дүниенің қасиеттері одан әрі таныла бастаған сайын дүние бейнесінің мазмұны да өзгеріп отырады. Демек, ақиқат дүниенің бейнесі бір қалыпты құбылыс емес.

Адам санасындағы ақиқат дүниенің бейнесі тілдік таным арқылы қалыптасып, сараланып тілдік қорды құрауға қатысатыны сөзсіз. Тілдік қорды танымдық, антропоөзектік бағытта зерттеудің маңыздылығы күннен күнге артып отыр. Себебі, адам мен тілді бірлікте зерттегенде ғана ішкі мағыналық формасындағы өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік туады [1, 37] . Тіл білімі мен оның салаларының тарихы тереңде жатыр. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бастап тіл білімінде тілдің түрлі ғылым салаларымен байланысы тоғысында көптеген жаңа бағыттар қалыптасты. Соның ішінде тілдік құбылыстар мен заңдылықтарды адамның санасы, болмысы мен танымы барысындағы өзіндік психикалық және танымдық қабілеттеріне байланысты зерттеулер жүргізіп, соған сәйкес жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданыла бастады.

Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде тілді осы жаңа бағыттардың негізінде зерттеліп, қазақ тілінің құрылымдық және жүйелік, басқа да сипаттары мен қызметтерін айқындауға жаңаша тұрғыдан саралауға мүмкіндік туды. Тілді антропоцентристік парадигма тұрғысынан зертетудің негізгі мақсаты - тілдік субъектінің дүниетанымдық ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде семиотикалық жүйе ретінде көрініс табуын зерттеп, анықтау. Жаңа бағыттар тек қазақ тіл білімде ғана емес, жалпы әлемдік тіл біліміне үлкен өзгерістер әкелді. Тіл біліміндегі дәстүрлі зерттеулердің шеңбері кеңейіп, тілді адамның әлеуметтік ортасы мен ойлау әрекеті, олардың арасындағы байланыс тұрғысынан терең зерттеуге жол ашылды.

Тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулердің негізгі мақсаты - тіл тілдік ақпаратты қабылдау, өңдеу, интерпретациялау және жадыда сақтауға қатысты өзгешеліктерді зерттеу болып саналады.

Әлемнің адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуын Н. Я. Марр, А. А. Потебня. Н. Хомский, Н. Д. Артюнова, А. Вежбицкая, Ю. С. Степанов, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия сияқты тұлғалар қарастырған.

Олардың тұжырымдары тілді философия, психология, мәдениеттану ғылымдарының тоғысында қарауға арналған. Бүгінде бұл зерттеулердің қатары толығып, тілдік мәселелелерді логика, психология, лингвомәдениеттану, этнопедагогика сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы қарастыру, толықтыруларға байланысты еңбектер қатары күннен күнге көбейіп келеді.

Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, зерттек жүргізіп жүрген ғалымдар - Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Э. Сүлейменова, Р. Сыздықова, Ә. Қайдар, Н. Аитова Е. Жанпейісов, Қ. Жаманбаева, Б. Момынова, Г. Спанасова, Ф. Қожахметова, Н. Әмірбекова, Ж. Саткенова. Тілші ғалымдар тілді лексикология, этнолингистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып, тіл біліміндегі жаңа салалардың дамуына өзіндік үлестерін қосуда.

Бүгінгі этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану сияқты жаңа ғылыми бағыттардың зерттеу нысаны - тілді индивитпен, ұлттың дүниетанымымен, мәдениетімен, тарихымен байланысты қарастыру

«Тіл көрнекті болу үшін дерексіз нәрсе, деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек», [2, 154б. ] - деген А. Байтұрсынұлының тұжырымы тілдің табиғаты мен қызметін, құдіретін танытады.

Сондықтан, адамның ой-өрісіне, әлемді қабылауына, түйсінуіне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнеленеді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Тілдегі ұлттың мәдени көрінісін анықтауда тиімді тәсілдердің бірі типологиясы әртүрлі тілдердегі (қазақ, орыс, ағылшын) дүниенің ақиқат бейнесін бейнелеудегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау болып саналады. Бұл салыстырулардың терең танымдық құрылым деңгейі кең тілдік білім аясында жүргізілуі «тіл мен таным» , «тіл мен мәдениет» сабақтастығын айқындауда және оның қазіргі заманға сай өзгеріп, дамуының үрдісін тануда маңызы ерекше.

Тіл - қоғамдағы қатынас құралы ретінде қоғамның ажырамас бөлігі, қажеттіліктердің бірі. Тіл - тек дүниені тану құралы ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың негізін қалайтын ұлттық рухтың, ұлттық мәдениеттің көрінісі. Тілдің құдіретті күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі[3, 65]

Сондықтан, тіл ғалам туралы білімді сыртқа көрсетіп қана қоймайды, ғұмырнамалық тәжірибенің түпсанада бедерленіп, үздіксіз сұлбалануына және оның айқындалуына, ұрпақтан-ұрпаққа жетілуіне қалтқысыз қызмет етеді. Демек, тілді жаңа ғасыр баспалдағында жаңа теориялық-танымдық үрдісте қарастырып, зерттеудің қажеттілігі туып отыр.

Қоғам мен ғылымның қазіргі тынысына сәйкес дамуы тіл біліміне ықпал етіп, лингвистикада жаңа бағыттар мен салалар пайда болуда. Тіл ғылымындағы жаңа бағыттар мен ағымдар тың ізденістерге жол ашады.

Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі жүйеде зерттеліп келеді. Біріншісі - құрылымдық, екіншісі - антропоөзектік.

Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде гендерлік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика, лингвопсихология, паралингвистика сияқты жаңа салалардың ғылыми негізін зерделеп-тануға ықпал етті. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілсіз қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып дамуы - арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.

Адам тілінің конститутивтік табиғаты шартты түрде екі қағидаға негізделеді: біріншіден, адамның танымы ешқашан толық болмайды, ол қоғам өзгеруімен бірге толығып, өзгеріп отырады.

Тіл мен адамды байланысын былай көрсетуге болады: адамның тілі мен ойлауы; тіл мен адам физиологиясы; тіл және сана; тіл мен мәдениет; тіл мен қоғам; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу объектісі, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Тіл білімінде бұған дейін тілді антропологиялық бағытта ғана қарастырып, оның ішкі әдістемелік бағыттары ретінде мына салалар үстірт қаралып келді:

1. Әлеуметтік лингвистика - тіл мен қоғам байланысын қарастыратын тіл біліміндегі жаңа бағыт.

2. Психолингвистика - тіл мен тұлғаның өзара байланысындағы индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуын зерттейді

3. Лингвомәдениеттану - тілді тіл мен сол тілде сөйлейтін ұлттың мәдениетінің өзара байланысы тұрғысынан, ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, тіл арқылы ұлттың мәдени ерекшеліктерін зерттеуді қарастыратын сала.

4. Этнолингвистика - тілді ұлттың тарихымен, халықтың рухани мәдениетімен, ұлттың менталитетімен, халықтың шығармашылығымен, болмысымен бірлікте зерттейтін сала.

5. Паралингвистика - (грекше parа - маңы және лингвистика) -хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы [4, 42] .

Когнитивті лингвистика, метафораның когнитивті теориясы-ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және ассоциациялық өрісі арқылы айшықталады. Сөздің семантикалық және ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың ішінде когнитивті және прагматикалық мағыналардың элементтері суреттеледі. Біз бұдан “мәдени концепті” деп танылатын лексема концепті құрудағы өзінің лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық қатынасы бар және семантикалық өрісі қомақты атау.

Д. С. Лихачев, В. Айрапетян, И. Д. Арутюнова, В. А. Маслова, А. Я. Гуревич, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. В. Колесов, А. Вежбицкаяның еңбектерінде “концепт” терминіне теориялық тұрғыдан жан-жақты қамтылған. Мысалы, Н. Д. Арутюнованың мәдени концептілер жайлы пікріне тоқталып өтейік: ” . . . Каждое из этих слов обладает своими зоканами, сочетаемости, своим лексиконом, фразеологий риторикой и шаблонами, своей областью референций, и поэтому, описывая и анализирую “язык” каждого культурного концептамы открываем доступ и соответствующему понятию” [3, 3] .

Концептілік мәнге ие доминант сөздердің терминдік мағынасы әр ғылым саласында түрліше болады. Адам баласы күнделікті өмірде жан, тән, өмір, өлім, жақсылық, жамандық, ар-ұят т. б сөздерді қолданса да, олардың мағынасын ашып тереңіне ой жүгіртіп, оның мәнін анық түсіндіре алмауы мүмкін. Ол сөздердің беретін мағынасын, ұғым-түсінігін түсіндіру адамның тілді білу деңгейіне тәжірбиесіне қарай түрліше болады.

Концепт болатын сөздердің беретін ұғымын, мән - мағынасын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық ұйымдардың, бір этностың я болмаса бір ұлттың, халықтың ой - өрісінің, сана - сезімі, өзіндік дүниеге деген көзқарасы айқындалады. Концептілік мәнге ие болған доминанттар рухани мәдениеттің басты-басты ұғым түсініктерін оның элементтері ретінде таңбалай отырып, олардың тілдегі мән-мағынасын барынша қамтиды. Рухани мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын мазмұнын, түсінігін анықтау жаңа үстеме мән-мағынаның ашылуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік береді.

Концептілік мәні басым негізгі сөздер - ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі, сонымен бірге оны түсінудің негізі болып саналады. Бұл мәселе туралы тілші ғалым А. Вежбицкая: “Каждый язык национально спецефичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп көрсетеді [5, 27] .

Кейбір ғалымдар “концептілік мәнге ие доминант сөз” -деген терминді ұсынады. Демек, доминант сөздер тіл арқылы дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар мәдениетті қабылдап, ұғынуға ықпал етедіі. Бұндай сөздердің жаңа мағыналарының пайда болу механизмдерін танып білу арқылы сол мәдениет жайлы көптеген ақпараттар алынады. Концептілік мәнге ие доминант сөздерді талдау - ақиқат дүниенінің тілдік бейнесін тануға сипаттауға, ұлттық мәдениеттің дамуы, оның бүгінгі жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Р. С. Сүгірбекова: «в этом смысле термин “концепт» уместен и представляется довольно удачным :в одном термине концентрируется и принципы анализа слова с точки зрения его культурной значимости, и принцип анализа культуры посредством изучения ее найболее существенных понятии” -деген пікір айтады. [5, 12]

Н. Д. Арутюнованың пікірінше: «мәдени концепт» - философиялық, этикалық тұрғыдан ұқсас терминдер. Бұндай сөздер таңбалайтын ұғымдарды философиялық этикалық ғылыми зерттеулер қарастырады. Әйтседе ондай сөздер кез-келген тілдің актив сөздік қорына енеді, яғни сол тіл иесінің әрбіреуіне түсінікті мағынада жасалады дегенойын қуаттауға болады [6, 117-129] .

В. А. Маслованың пайымдауынша мәдени ақпараттар тілдің номинативті бірліктері арқылы төрт тәсілмен беріледі, олар: ”мәдени концептілер”, “мәденисемалар”, ”мәдениая”, “мәдени коннатациямен”.

Мәдениеттің басты концептері концептінің негізгі (ключевыми концептами культуры) тек жеке тілдік тұлға емес, сонымен бірге лингвомәдени таным тұрғысынан жалпы қоғамдағы экзистенционалды (англ existential “имеющий”(выражающий) значения бытия) мағыналы әлем бейнесінің негізі болып табылатын тілдік бірліктерді айтады және мәдениеттің негізгі концептісіне ар, тағдыр, күнә, заң, бостандық, азаматтық, егемендік т. б дерексіз атауларды жатқызады. [7, 51]

Д. С. Лихачевтың пікріне сүйенсек, «концептілер адамның санасында белгілі бір мағынаға сілтеме ретінде және адамзаттың жалпы тілдік тәжірибесіне тарихи, ғылыми, әлеуметтік, прозалық, поэтикалық нұсқаушы ретінде пайда болады [8, 6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz