Электронды ақпарат құралдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ж. Жасыұзақ

Тақырыбы: Электрлнды БАҚ прагматикалық -коммуникативтік жүйесі

5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Алматы -2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі Т. Ермекова

Хаттама № “__”2019 ж.


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Электрлнды БАҚ прагматикалық -коммуникативтік жүйесі

5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Ж. Жасыұзақ

Ғылыми жетекшісі

Ф. ғ. к., проф. м. а. А. Ғ. Сембаева

Алматы - 2019

РЕФЕРАТ

Жұмыстың көлемі - 65 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 40

Тірек сөздер: фразеологизм, концепт, соматизм, өріс, тұрақты тіркес

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Электронды ақпарат құралдары

Диплом жұмысының өзектілігі. Электронды БАҚ дискурсының коммуникатвитік және прагматикалық сипаты үнемі әрі үздіксіз байланыста болады. Диплом жұмыында қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары материалдары бойынша тілдік зерттеу негізінде алғаш рет қазақ тіл білімінде кешенді түрде және антропоөзектілік үрдісте қарастырылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы - бүгінгі электронды БАҚ бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал болғандықтан оның бүкіл қызметі мен нәтижелерін медиа-мәтідерге прагмаикалық-коммуникативтік тұрғыдан талдау жасалды;

- электронды БАҚ таза ақпараттық қызмет атқаратын қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның, бүтіндей бір басылымның саяси-идеологиялық ұстанымының көрсеткіші ретінде қолданылатындығы дәлелденді;

- қазіргі қазақ БАҚ жиналған тілдік материал негізінде қазақ баспасөзінде шығармашылық, тақырыптық, прагматикалық коммуникативтік еркіндіктің орын алып келетіндігі айқындалды;

Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының мақсаты - қоғамдағы өзгерістерге байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ электронды баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді прагматикалық-коммуникативтік сипаттарын анықтау және сол арқылы тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні . Диплом жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары бүгінгі қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, социолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, стилистика, лингвомәдениеттану ғылымдарының дамуына өзіндік ықпал етеді деп санаймыз.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттау, салыстырмалы - тарихи және компоненттік талдау әдістері пайдалынылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Диплом жұмысының сипаттамасы. Ең алғаш ХХ ғасырдың екінші жартысында әскери мақсатта құрылған ғаламтор өз өрісін кеңейту барысында көпшілік қолданысындағы құралға айналды. Құрал дейтін себебім, қажетті деректердің барлығы болмаса да денін таба алатын мүмкіндігі бар. Ал алғашқы адамдардың тасқа қашалған мәліметтері түрлі кезеңдерден өтіп түрі мен түсін өзгерткені белгілі. Қолданысқа қалам, қағаз еніп хат, хабар, бұйрық, үкім, құжаттар мен заңдар жазыла бастағанда олардың бұқара қолданысына көшу тәсілдері пайда болды. Тарих қойнауындағы бірінші мемлекеттерде бұл мәселенің мән жайын өз тұсында жетік меңгерді. Осылай Ежелгі Рим немесе сол кезеңдерден кейінгі һәм бұрынғы алап империялардың алаңдарынан бастау алған дәстүрлі БАҚ жаңалықтарды желілік түрде жылдам жинауға жағдай жасайтын интернет келген кезеңде, көлеңкеде қалғаны рас. Сондай-ақ қоғамдық қолданыстан толық қалмаса да жаңа толқынның тасасында тұрған газет, журнал, радио, теледидар әлеуметтік қажеттілікті аз қамтитын ақпатар арналарына айналары сөзсіз. Осыған орай жалқы мақсаттан жалпы міндеттерді атқарушы арна болып қалыптасқан ғаламтордың болашағы қандай, оған салалас келетін дәстүрлі БАҚ бағыттарына деген сауалдар атлған тақырыпқа арқау болды.

Диплом жұмысының өзектілігі. Электронды ақпарат құралдары қоғам өміріндегі күрделі әлеуметтік, саяси, мәдени, қоғамдық, экономикалық мәселелерді көтеретін, көпшіліктің пікірін қалыптастыратын насихат пен үгіттеудің қуатты түрі болып табылады. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ тіліндегі БАҚ құралдарының тілі айтарлықтай өзгерді, мазмұндық тың өзгерістер, шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуы байқалды. Бұқаралық сананың заман өзгерісіне байланысты жаңа деңгейге көтерілуі электронды БАҚ-қа қойылатын талап пен оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретінде талғамының да өзгеруіне әкелді.

Электронды БАҚ тілі антропоөзектіліктің негізгі ұғымдарының, адамның білім аясы мен коммуникативтік үдерістің қосындысы деп пайымдаған дұрыс. Ал адамның білім аясы мен ментальды санасын сабақтастыру дискурсты соңғы кездері когнитивті негізде қарастыруды талап етіп отыр. Электронды ақпарат құралдары бір жағынан, өзінің мақсаты мен діттемі жағынан прагматикаға бағытталса, екінші жағынан, коммуникацияға қатысушылардың ментальді үдерісіне, танымы мен қабылдауына бағытталған. Электронды БАҚ дискурсының коммуникатвитік және прагматикалық сипаты үнемі әрі үздіксіз байланыста болады. Диплом жұмыында қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары материалдары бойынша тілдік зерттеу негізінде алғаш рет қазақ тіл білімінде кешенді түрде және антропоөзектілік үрдісте қарастырылды.

Дипломн жұмысының зерттеу нысаны коммуникациялық үдерістерді жүзеге асыратын және тарататын, электронды бұқаралық ақпарат құралдары тілінің коммуниктативік және прагматикалық сипаттары.

Диплом жұмысыынң зерттеу пәні қазақ тілді электронды басылымдар беттеріндегі саяси дискурстың прагматикалық және коммуникативтік жүйесі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - қоғамдағы өзгерістерге байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ электронды баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді прагматикалық-коммуникативтік сипаттарын анықтау және сол арқылы тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • қазіргі тіл біліміндегі БАҚ құралдары тілінің зерттелуіне шолу жасай отырып, боның өзге салалармен байланысы анықтау, БАҚ тілінің негізгі ұғым категориялары мен теориялық мәселелерін анықтау;
  • электронды БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік үдерістерді айқындау - медиа-мәтіндерде қолданылатын тілдік бірліктерді сапалық, мәдени тұрғыдан саралу;
  • электронды медиа-мәтіндердің берілу тәсілдерін, олардың тілдік және бұқаралық санаға әсер етуі мүмкіндіктерін зерттеу;
  • электронды қазақ медиа-мәтінінің тыңдарман, оқырманға әсерін, мәтін талдау арқылы саралау;

- электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оның өзекті категориялары - адресант пен адресаттың рөлдерін сөйлеу актілерінің деңгейлерінде қарастыру;

Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері . Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, прагматикалық талдау, эксперименттік сауалнама әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Бүгінге дейін құрылымдық лингвистика тұрғысынан бірнеше ғылыми еңбекте қарастырылған баспасөз тілі жұмысымызда электронды ақпарат көздерін антропоцентристік тұрғыдан, яғни оқырманға әсер етуші ақпарат кеңістігінің көрінісі ретінде қарастырылғандығында. Сонымен қатар жазба мәтіндегі тілдік және бейтілдік құралдар оларды пайдаланушы субъектілердің мақсат-мүдделері мен прагматикалық интенциясын жеткізуші тәсілдер ретінде қарастырылды. Осындай прагмалингвистикалық талдау нәтижесінде төмендегі өзекті мәселелер бірінші рет өз шешімін тапты:

- бүгінгі электронды БАҚ бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал болғандықтан оның бүкіл қызметі мен нәтижелерін медиа-мәтідерге прагмаикалық-коммуникативтік тұрғыдан талдау жасалды;

- электронды БАҚ таза ақпараттық қызмет атқаратын қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның, бүтіндей бір басылымның саяси-идеологиялық ұстанымының көрсеткіші ретінде қолданылатындығы дәлелденді;

- қазіргі қазақ БАҚ жиналған тілдік материал негізінде қазақ баспасөзінде шығармашылық, тақырыптық, прагматикалық коммуникативтік еркіндіктің орын алып келетіндігі айқындалды;

- БАҚ тілінде қолданылатын тілдік тәсілдерге, троптардың қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасалды;

- электронды газет мәтіндерінде қолданылатын авторлық неологизмдер тілдік қайталамалар, метафоралар сынды тілдік бірліктерге талдау жасалды;

- медиа-мәтіндегі бейвербалды амалдардың қолданылуы сараланып, БАҚ тілінің мәдениеті, адресат пен адресанттың тілдік этикетінің деңгейі қарастырылды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары бүгінгі қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, социолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, стилистика, лингвомәдениеттану ғылымдарының дамуына өзіндік ықпал етеді деп санаймыз.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, анықтамадан, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы диссертациялық жұмыстың көлемі . . . бетті құрайды.

І БАҚ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің зерттелу тарихы
Соңғы жылдар еншісінде жаһандану үдерісінің жандануына тікелей әсерін тигізген ғаламтордың дәстүрлі БАҚ пен бір қоғамда қатар қызымет етуі. Сондай ақ аталған ақпараттық арналардың бірін бірі толықтырп, өзара бәсекелестіктің проблемаларын зерттеу. Жұмыс тақырыбының өзектілігі ақпараттың әлемдегі рөлінің күннен-күнге артып келе жатқандығы және ақпараттық қауіпсіздіктің кез-келген жоғары дамыған мемлекеттің ұлттық қауіпсізідігің ажырамас саласына айналғандығымен байланысты. Негізі тереңде жатқан журналистиканың мән-маңызы туралы қазақ еліндегі аталған бағыттардың негізін салушылардың бірі М. Барманқұловтың тұжырымы басты бағытқа арқау бола алады. Соңғы жылдарғы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын «ақпараттық төңкеріс» деп атаған Д. Г. Балуев өз еңбектерінде ақпаратқа анықтама беріп, ақпараттық төңкеріс нәтижесінде мемлекеттің рөлінің өзгеретіндігін ескертеді. Оның пікірінше ақпараттық революцияның салдарының бірі - иерархиялық құрылымдардың рөлінің төмендеуі. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар халықаралық қақтығыстардың жаңа түрлерін тудырғанын атап өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралының рөлі қандай қоғамдық құрылыс, саяси жүйе болмасын маңызы зор. Саяси түсіндірме сөздіктің анықтамасы бойынша, бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер [1, 108 б. ] . Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі электронды БАҚ-тың рөлі зор. 1840 жылы француз ғалымы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Олай деп атауы да жөнді. Қазіргі уақытта электронды БАҚ-тың алар орны мен ықпалы айтарлықтай. Электронды БАҚ-тың көмегімен әлеуметтік-қоғамдық ортада үгіт-насихат, шындық болмыс халық назарына ұсынылып отыр.

Дәстүрлі БАҚ-тың қарқынды дамуы - баспа, радио, теледидар, әлемдік жаһантор - Интернеттің пайда болуы мен таралауы - бірыңғай ақпараттық кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда болуына алып келді. Осының бәрі тілдік қолданыстардың ерекшелігіне, тілдегі өзгерістердің сипатына ықпал етпеуі мүмкін емес. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралы оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды - радио), әрі тыңдауға әрі көруге болатын (аудио - визуалды - теледидар) болып үшке бөлінеді. Әлемдік жаһанторды, яғни Интернетті төртінші түріне де жатқызып жүргендер бар.

БАҚ визуалды, аудиалды, аудиовизуалды болып үлкен үш топқа бөлінеді. Бұлардың бәріне ортақ негізгі қызмет:

- белгілі бір факт, уақиға, мәселе жөнінде жұртшылыққа ақпарат беру;

- факт, уақиға жөнінде түсінік, баға беру;

- танымдық, тәрбиелік, ағартушылық мазмұнда ақпарат бере отырып, жұртшылықтың (оқырмандардың, тыңдармандардың, көрермендердің) білім қорын молайтуға ықпал жасау;

- жұртшылықтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси көзқарасына әсер ету. БАҚ-тың бұл функциясы әсіресе саяси-әлеуметтік акциялар кезінде күшейе түседі;

- геоденистік ақпарат беру, яғни жұртшылықтың көңіл-күйін көтеретіндей ақпарат беру [2, 207 б. ] .

«Бұқаралық қатынастың екі түрлі аспектісін бажайлауға болады. Біріншісі - заттық-логикалық, фактуалды, атап айтқанда, интеллектуалдық, дескриптивті, объективті, концептуалды фактуалды ақпарат. Бұлар қарым-қатынас жасаушылармен, ситуациямен байланысты емес. Екіншісі - прагматикалық, атап айтқанда, бағалауыштық, субъективті ақпарат. Бұл ақпараттың кызметі (функциясы) реципиентке әсер ету, ықпал жасау және коммуникатор сөз арқауы болып отырған зат, құбылыс, уақиғаға өзінің қатысын (көзқарасын) білдіру болып табылады» [2, 241 б. ] .

Ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты пайда болып, ақпарат таратудың біртіндеп күрделенген түріне айналған БАҚ-тың түрлері аудиалды және аудиовизуалды түрлері болып табылады. Қазақ тіл білімінде радио және теледидар тілін арнайы зерттеген еңбектер қатарына Г. А. Машинбаеваның «Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері» атты кандидаттық диссертациясын, М. М. Увайсованың «Жарнама тілі: лингвопрагматикалық аспект» кандидаттық диссертациясын, С. А. Асанбаеваның «Жарнама саласындағы мемлекеттік тілді қолданудың социолингвистикалық өзекті мәселелері» атты кандидаттық диссертацияларын жатқызсақ болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидар хабарларының тілі туралы жазған мақалалар көбейіп келеді. Кейбір жазушылар хабар айдарын жүргізетін тележүргізушілерге сын айтып, тілдік ерекшеліктерінде диалектикалық қолданыстар басым екендігін, тілдік норманы, яғни әдеби норманы сақтау керектігі мәселелері жөнінде жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Мемлекетіміздің тіл саясатын дұрыс бағытқа бұру БАҚ-тағы ең пәрменді ақпарат құралы теледидар арқылы жүзеге асады.

Теледидар тілін зерттеу қызық да күрделі мәселе, өйткені теледидар құрылымы түрлі жанрларды қамтиды. Телехабарларда белгілі бір жанрды қолдану үрдісі адресант пен адресаттың қатысуына қарай жүзеге асады. Теледидарда адресант - мәтін - адресат факторы да өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тележүргізуші телехабарды жүргізген кезде адресат факторын, ол қалай қабылдайды деген мәселелерді үнемі есепке алып отыруы қажет. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы теледидардың маңыздылығы туралы ғалымдардың пікірлері бар. Мысалы, А. Юровский «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда теледидар басым жағдайға адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен таныса алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-әрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мәні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», - деп жазды [3, 56 б. ] . Мерзімді басылымдармен салыстырғанда радио тілі мен теледидар тілінде ұқсастықтар басым.

Мерзімді басылымдар тілі - жазба тіл. Аудио және аудиовизуалды БАҚ түрлері - ауызекі немесе ауызша сөйлеу тілі. Ғалым Ә. Болғанбаевтың тұжырымдауы бойынша: «Газет - әдеби тілдің бірінші баспалдағы. Барлық өнегелік пен шеберліктің шыңдалып, таралатын жері де осы» [4, 169] . Ал ғалым Б. Момынова «Газет - жалпыхалықтың ақпарат құралы, сондықтан ондағы кез келген материал кез келген оқырманның жасына, кәсібіне, мәртебесіне қарамастан тез түсіне алатындай болып жазылуы тиіс. Сондықтан да газет беттерінде халыққа таныс емес терминдер, кәсіби сөздер, жаргондар мейлінше сақтықпен қолдануы жөн. Сөз қолданысқа қатаң қарау газеттік-публицистикалық стильдің тағы бір ерекшелігін, атап айтқанда, жалпыға түсініктілігін қамтамасыз етеді», - деп баспасөз тілінің ерекшелігін атап өтті. «Қазіргі қазақ мерзімді баспасөз тілі - коммуникативтік қызметі жағынан үлкен аудиторияны қамтитын беделді жазба нұсқаларының бірі, сондықтан да ол сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің бірден-бір доминант үлгісіне айналып отыр» [5, 175 б. ] .

«Газет - біріншіден, қоршаған ортаны түсініп білуге көмектесетін құрал, екіншіден, адамдардың саяси білімділігінің, іс-әрекетінің белгілі бір оқиғаға баға бере алуының деңгейі мен ерекшелігін көрсететін, сонымен қатар әлеуметтік құндылықтарды, дәстүрлерді, саяси қарым-қатынастарды реттейтін өлшемдердің мазмұны мен сапасын, саяси мәдениеттілікті ашып көрсететін саяси мәтін, үшіншіден, өзінің лингвистикалық ерекшеліктерімен айқындалатын тілдік көрініс» [5, 55 б. ]

Радио мен теледидар тілінде нормадан ауытқудың түрлері мен типтері басымырақ. Атап өтетін болсақ, нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың какоземия, фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану, сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру, амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, сонымен қатар, нормалардың логикалық, онтологиялық, этологиялықтүрлерін қолдану жиі кездеседі.

Теледидар бүгінгі күнде дамып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші салаларының біріне айналды. Бұл бір күннің, я бір жылдың нәтижесі емес, теледидар тарихындағы әрбір талант өз үлесін аяусыз қосты. Телехабарлар тілін лингвопрагматикалық аспектіде зерттеп, кандидаттық диссертация жазған ғалым Г. А. Машинбаева «бұл салаға қатысты жазылған ғылыми зерттеу жұмысы әзірге біреу ғана. Д. З. Ғаббасованың ток-шоудағы теледидарлық диалогты қазақ және неміс тілдерінде салыстырмалы түрде талдап, теледидар тілін бір ғана жанр аясында қарастыруы теледидар тілін зерттеудің алғашқы қадамы болып табылады », -дейді [6, 3б. ] . Ал ғалым, Н. Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің негіздері » тақырыбындағы докторлық диссертациясында «публицистикалық дискурс және сөз мәдениетіне» ерекше көңіл бөлген [3, 205] .

Телехабарлар тілінің зерттелу тарихына шолу жасамас бұрын, «телевизия»сөзінің пайда болу тарихына зер салайық.

«Телевизия» сөзінің пайда болғанына тура бір ғасырдан сәл-ақ асыпты. Дәлірек айтқанда бұл термин 1900 жылғы 18 тамызда Парижде өткен IV Халықаралық Бүкіләлемдік Париж көрмесі аясындағы электротехникалық конгресте жария болды. Оны ойлап тапқан әрі ғылымға енгізген орыс инженері Константин Дмитриевич Перский «Қашықтықтан көру жайында»атты өзінің француз тіліндегі баяндамасын «телевизион» деген сөзбен бастаған. Бірқатар шетелдік тарихшыларды бұл жағдай, яғни «телевизия» сөзінің авторы жалғыз Перский екенін еріксіз мойындатуға мәжбүр етті. Содан бастап жаңа термин күні бүгінге дейін жер бетінің біраз тілдерінде қолданылып келеді. [7, 21б. ] .

Бұдан бір ғасырдан бұрын «телевизион» сөзі пайда болып, ал теледидар көру әркімге арман болса, бүгінгі күнде теледидар бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше бір түрі ретінде сипатталып, жан-жақты зерттелуде. В. Егоровтың «Терминологиялық сөздігінде» «телевизия» ұғымына мынадай түсінік береді: «Телевидение-создание и массовое распространение аудиовизуальной информации в определенной системе взаимодействия с аудиторией. Под аудиовизуальной информацией понимается любое предоставление в распоряжение населения или отдельных лиц средствами телевизионной техники знаков, сигналов, надписей, изображений, звуков или иных сообщений, не носящих характер частной корреспонденций. В понятие «телевидение» входят трансляций, передача или прием знаков, сигналов, изображений, звуков или сведений любого рода посредством проводной связи, оптических систем, радиотехники или иных электромагнитных систем» [8, 92б] . Бұл пікірден соң теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды түрі екенін білеміз.

Теледидар дегеніміз - айналамыздағы болып жатқан жаңалықтарды, әлемдік елеулі оқиғаларды жеткізетін маңызды құрал. Тележурналистика саласын зерттеуші ғалым С. Масғұтов былай деп жазады: «Телевизия арқылы асқар биік шыңдардың ақ қар, көк мұзын, Ай мен алыс планеталардың бедер- бейнесін, микроорганизмдердің тіршілік тынысын-бәрі- бәрін көруге болады. Ол үшін атқа мініп, алыс сапарға аттанып, айшылық жол жүрудің қажеті жоқ. Небір кереметтердің бәрі - өз - өзінен алдыңа келіп, алақаныңа қонғандай болып жатады. Көгілдір экранның сиқырлы сыры осындай.

Қазақ теледидарының тарихында қалған Қадыр Дәуітов, Марат Барманқұлов, Құсман Игісінов, Сұлтан Оразалин, Сағат Әшімбаев, Амангелді Жақсыбеков, Ғаділбек Шалахметов, Жанна Ахметова, Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейбіт Құсанбек өздері өмір сүрген қоғамның көкейкесті мәселелерін хабарларының өзекті тақырыбы етсе, Ләзиза Аймашева, Мәриам Айымбетова, Тыныс Өтебаев, Бақытжамал Ерманова, Рәбиға Аманжоловалар қазақ телевизиясының дамуына үлестерін қосып, дикторлық мектепті қалыптастырды. 1958 жылы қабырғасы қаланған қазақ теледидарына бүгінгі күні 55 жыл толып отыр. Осыған орай теледидар тілі, оның тарихы тың зерттеулерді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық басылымдардың ерекшелігі
Электронды оқулықты пайдалану
Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Орындалды бағдарламалық құралдар
Интернеттің Қазақстан сегментіндегі электрондық оқыту құралдары
Электронды басылымдар
Электронды оқулық дәріс
Интернет журналистиканың даму сипаты және Қазақстанның ақпараттық кеңістігі
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz