Қазақ тіліндегі кірме сөздер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ж. Абдижамиева

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері

5В020500- филология

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі Т. Ермекова

Хаттама № “__”2019 ж.


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері

5В020500- филология

Орындаған: Ж. Абдижамиева

Ғылыми жетекшісі

Ф. ғ. к., проф. м. а. А. Ғ. Сембаева

Алматы, 2019

РЕФЕРАТ

Жұмыстың көлемі - 66 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 45

Тірек сөздер: лексика, кірме сөздер, тілдердің тоғысуы, термин, лингвистика

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі кірме сөздер

Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі ақпараттық технология заманында тілімізге өзге тілден енген сөздерді, неолгизмдер мен тарминдерді зерттеу- тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және латын әліпбиіне өту қарсаңында кірме сөздердің төл тілімізге бейімделуін, орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын саралау өзекті мәсілілірдің бірі болып отыр.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы Диплом жұмысында қазақ тіліне өзге тілден енген кірме сөздердің тілімізге ену жолдары мен әлеуметтік, мәдени себептері айқындалды. Кірме сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері мен орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтары сараланды.

Диплом жұмысының мақсаты. тіліміге өзге тілден енген сөздердің лингвомәдени ерекшеліктері мен лексика-семантикалық сипаттарын айқындау.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні . Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар лексикография теориясы мен практикасы, тарихи лексикология, тарихи диалектология, этнолингвистика, лингво-елтаным, лингво -мәдениеттаным, т. б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дамытуға жәрдемін тигізеді.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттау, салыстырмалы - тарихи және компоненттік талдау әдістері пайдалынылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

КІРІСПЕ

Жұмыстың сипаттамасы. Қазіргі кезде қай ғылым саласы болмасын қоғамдық қызметінің диапазоны едәуір кеңеюіне орай, қазақ тілі лексикалық қоры Қазақстандағы саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерді басынан кешіруде. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасында саяси, мәдени, әлеуметтік қайта қалыптасулармен тікелей байланысты: халықаралық лексика қарқынымен қорды толықтыруда, интенсивті түрде кәсіптік лексика мен терминдік жүйе дамуда, саяси әлеуметтік терминология қалыптасуда, көптеген терминдер мен тілге ерте кезде кірген сөздердің мағыналары кеңейіп, қайта жаңғыруда. Гуманитарлық ғылымдар саласында жалпы қолданыста жаңа сөздер пайда болуда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қазақ тілі мәртебесінің мемлекеттік дәрежеде жоспарлануы да негізгі объективтік себеп болып табылады. Алайда, қазақ тіл білімінде шетел сөздердің толық бейнесін көрсете алатын, әр түрлі семьяларға жататын шетел тілдерінен кірген сөздерді қамтитын, кірме сөздердің толық жүйесін сипаттайтын еңбек әлі күнге дейін жоқ. Өйткені ерекше тілдік бірлік болып табылатын шетел сөздердің белгілерімен мәліметтер бұрын-соңды тіл білімінде зерттелмеген. Көрші елдермен мәдени қарым - қатынастың кез-келген халықтың қалыпты дамуына қажетті екені бәрімізге белгілі. Лексиканы кірме сөздермен, терминдермен, тіпті есімдермен өзара молайту заңды құбылысқа айналды. Әсіресе ағылшын тілін меңгеруге, ағылшын-қазақ, қазақ-ағылшын тілдік қатынастарға кең көңіл бөліп, ағылшын-қазақ тілдік қатынастардың нәтижесін зерттеу - өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі ақпараттық технология заманында тілімізге өзге тілден енген сөздерді, неолгизмдер мен тарминдерді зерттеу - тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және латын әліпбиіне өту қарсаңында кірме сөздердің төл тілімізге бейімделуін, орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын саралау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Кірме сөздер - шет тілінен әр түрлі себептер нәтижесінде қабылдаушы тілге енгізілген сөздер. Олар қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық орамдар. Олар тек лингвистика саласын қамтып қоймай, ғылымдар саласында кеңінен етек жаюда. Ғасыр басында адамзат қоғамы дүние, қоршаған орта туралы заман танымының, ақиқатының бір қырлы, бір сырлы табиғатынан туындап, онтологиялық негіздеріне бағынуда. Сондықтан осы саладағы кірме сөздердің лингвомәдени қырларын ашу бірден-бір өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны - қазақ тіліндегі кірме сөздер

Диплом жұмысындағы зерттеу әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу барысында мынадай әдістер басшылыққа алынды:

  • салыстыру - салғастыру, технологиялық ерекшеліктерді диахронды түрде талдау;
  • грамматикалық құрылымдарды сипаттау, аудару, компоненттік талдау;
  • жүйелеу және статистика әдістері қолданылды.

Лингвистикалық терминдерге тән семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерді айқындау мақсатында жекелеген терминдер мен терминдік белгілерді, сөз тіркестерін талдау, синхрондық сипаттау әдісі қолданылды.

Диплом жұмысының мақсаты - Қазіргі лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі болып, тілдердің өзара байланысы мен өзара ықпалы болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - тіліміге өзге тілден енген сөздердің лингвомәдени ерекшеліктері мен лексика-семантикалық сипаттарын айқындау.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін, зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • тілдердің өзара әсерлерінің ішкі және сыртқы факторларын айқындау;
  • кірме сөздердің тілімізге ену кезеңдері мен қолданылу аясын айқындау;
  • өзге телден енген терминдердің лингвомәдени бағытын көрсете отырып олардың түрлі ғылымдар салаларында қолданылу аясын ашып көрсету;
  • кірме сөздердің төл лексикамызды молайтуға тигізер әсерін анықтау.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында

  • қазақ тіліне өзге тілден енген кірме сөздері тілдік, әлеуметтік, психологиялық, эстетикалық т. б. да барлық ғылым салаларына кең етек жайып, олардың ену себептері анықталады;
  • араб-парсы кірме сөздерінің, руссизмдер және англицизмдердің лингво-мәдени қырлары мен лексика-семантикалық ерекшеліктері және қолданылу аясы анықталды;
  • кірме сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері сипатталады;
  • қазақ тіліндегі кірме сөздердің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтары, жазылу ережелері айқындалды.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Диплом жұмысының нәтижелері тіл біліміндегі лексикология саласы мен аударма теориясы негіздемелерін дамыту мен типологиясын айқындай түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеу жұмысының нәтижелері тіл біліміндегі терминология саласының теориялық негіздемелерін дамытуға септігін тигізеді. Зерттеу барысындағы нәтижелер мен тұжырымдарды «Тілдік қатынастардың негізі», «Жалпы тіл білімі», «Лексикология», «Әлеуметтік лингвистика», «Мәдениетаралық қарым-қатынас» сияқты теориялық, арнайы курстарда қолдануға болады.

Диплом жұмысының материалдары мен дереккөздері.

Кірме сөздердің мағыналарын жан-жақты ашу негізінде салааралық түсіндірме сөздіктер, Ә. Ысқақовтың басшылығымен жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (І-Хтт. ), Э. Д. Сүлейменованың «Тіл білімі сөздігі/Словарь по языкознанию», А. Салқынбай, Е. Абақанның «Лингвистикалық түсіндірме сөздігі», О. С. Ахманованың «Большой словарь иностранных слов», С. К. Ахметованың «Қазақша-ағылшынша сөздік», Н. С. Арапова, Р. С. Кимяпаровалардың «Словарь иностранных слов: актуальная лексика, толкование, этимология», Д. К. Хачатурянның «Словарь иностранных слов. Около 2500 слов», әр кезеңде жарық көрген «Словарь иностраных слов» т. б еңбектер дереккөздер ретінде алынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

  1. Кірме сөздердің зерттелуі

Тіл қарым-қатынас құралы. Қарам-қатынас нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөздер кіреді. Сондықтан кірме сөзсіз «таза тіл жоқ».

Әр халықтың сөз байлығы - оның ұзақ ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, іс-әрекетінің, ақыл-ой жұмыстарының тілдегі көрінісі. Тілдегі сөздер халықтың қарым-қатынас қажетін өтеу үшін жұмсалады. Сөз - адамдардың айналадағы объективті шындықты, заттар мен құбылыстарды, іс-әрекетті, сан-сапаны айырып тани білгенінің көрінісі [1, 108] .

Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым оның тіліндегі сөздік құрам да бай болады деген тұжырым бар. Жалпы қай кезеңде, қандай заман болмасын тілімізде өзгешеліктер, жаңалықтардың болуы - ол заңдылық.

Кірме сөздер (заимствование) деп әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен-жасалған сөздерді айтамыз. Яғни сөздің белгілі дыбыстық түр-тұрпаты мен мағынасы екеуі де өзге тілге қатысты сөздер кірме сөз делінеді [2, 97] .

Көптеген сыртқы жағдаятқа байланысты тіл-тілге «жаңа сөздер» еніп отырады. «Жаңа сөздер» дегеніміз белгілі кезеңдерде пайда болған (қолданысқа түскен) жаңа зат, жаңа ұғым атаулары, жаңа сөз тіркестері, мағынасы жаңарған, яғни мағынасы ауысқан немесе қосымша мағыналық реңкке ие болған бұрыңғы сөздер, сондай-ақ тілде жиі еркін қолданыла бастаған бөгде тілдік сөздер. Бұларды лингвистикалық жаңа бірліктер деп те атайды. Тілдегі «жаңалық» деген ұғымды білдіретін құбылыстар екіге бөлініп қарастырылып жүр: бірі - лексикалық бірліктер: жаңа сөздер, тіркестер, морфологиялық жаңа түзілімдер, екіншісі - грамматикалық жаңа тәсілдер.

Ақпарат ағымдарының артуы, ғаламдық компьютер желісі, интернеттің пайда болуы, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың күшеюі, әлемдік нарықтың, экономиканың, ақпараттың, технологияның дамуы, олимпиадаларға, халықаралық фестивальдарға, сән көрмелеріне қатысу - тілімізге шет тілдері сөздерінің кіруіне себеп болды. Мысалы, зерттеуші К. Ахановтың айтуынша, «Сөздік құрамында басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір - біріне сөз ауыстырады» [1, 152 б] .

Сонымен кірме сөздер дегеніміз - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б. ) . Көбіне белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шетел тілі сөздерің, «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсыбірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема [2, 112] .

А. Қ. Омарова мен А. С. Шыныбекованың «Қазақ тілі» еңбегінде кірме сөздерге мынадай анықтама беріліп, мысалдар келтіріледі: «Кірме сөздер дегеніміз дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер. Ол қазақ тілінің өзіндік сөзжасам тәсілдері емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе енген сөздер. Мұндай сөз ауысулар бір жақты емес, екі жақты болып келген. Түркі тілдерімен басқа тілдер арасында сөз алмасу -ертеден келе жатқан құбылыс. Мысалы, араб-парсы тілдерінен енген сөздер: аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, хабар, әйел, баға, азамат, айуан, кітап, дәптер т. б. [3, 9] .

ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басындағы ғаламдану үдерісінің салдарынан тілде пайда болған кірме сөздерге зерттеушілер үлкен назар аударып келеді. Бұл мәселе Г. Пауль, Л. Блумфильд, У. Вайнрайх, В. В. Радлов, Е. Д. Поливанов, Л. П. Якубинский, Л. П. Ефремов, М. М. Копыленко, К. Аханов, Ю. С. Сорокин, Н. И. Гайдуллина, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған болатын.

Жаңа сөздерді қолданысына қарай бөліп-бөліп тану керек: а) қалың көпшілік қолданатын, яғни бұқаралық ақпарат құралдары - күнделікті баспасөз, радио-телехабарлар, көпшілік қолды білім-ғылым әдебиеттері, оның ішінде мектеп оқулықтары мен оқу құралдары жиі пайдаланатын сөздер және ә) қоғам өмірінің әртүрлі тұстарында: ғылымда, шаруашылық пен өнеркәсіп салаларында, өнерде және тағы басқаларында арнаулы мамандар мен кәсіпкерлер пайдаланатын және қолданыс шеңбері тар (шағын) сөздер. Олар әр алуан құрал-жабдықтар аттары, конструкторлық-инженерлік атаулар мен осы салалардағы іс-әрекеттерді атайтын сөздер болып келеді. Алдыңғы топтағы жаңа сөздерді орыс және европа халықтары тілдерін зерттеушілер бірнеше салаға бөліп қарастырады.

Ал А. М. Қызырова «Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі» атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, әр кәсіпке байланысты саралап, тақылап карастырған: Мәселен: Ақша және ақшамен байланысты ұғымдар: тенге, банкнот, инвестиция, депозит, бондар, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, сом, шиллинг, пенс [4, 88] .

Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: күзетші-секьюрити, басқарма-менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, атқамінер-жокер, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т. б.

Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т. б.

Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворды, аттракцион, крикет т. б.

Спорт: аквалангты пайдаланатын адам - драйвер, культуризм -бодибилдинг, ұзын қашықтыққа жүгіретін адам - стайер, қысқа қашықтыққа жүгіретін адам - спринтер, велосипед - байк т. б.

Ақпараттық жаргон компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: nomіna agents: геймер (компьютерлік ойындарды жақсы көретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, ламер, гамер, т. б.

Хат-жазбалар: майло (компьютер арқылы жіберілетін хат), сайт, файл, е-майл т. б.

Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т. б.

Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: моник(мониторинг), ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т. б.

Компьютер арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет: принтовать ету, логиндау (пароль кіргізу), таймерлеу, кликать ету (тышқанның клавишін басу), Іnternet-браузер, Іnternet-магазин, Іnternet-провайдер, онлайн-сауда, дамп, хост, аудит, гамдеу(game-ойын), виндузда жұмыс істеу (Wіndowsпен жұмыс істеу) т. б. [ 4, 62]

Сонымен қатар монғол, орыс тілдерінен енген сөздер, интернационалдық сөздер, кәсіби терминология, кәсіби сөздер, варваризмдерге де тоқталып мағынасын аша көрсеткен.

Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза төл сөздерден құралмайтьндығы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік кұрамының не бары 30 пайыз шамасында ғана өзінің төл сөздері, ал қалганы өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады. Түркі тілдеріне де көп елдерден неше алуан сан-салалы сөздер ауысып келгендігі белгілі ғана болмаған, екі жақты болған.

Э. В Севортянның пікірінше, аң атаулары, әсірссе, құс атауларының көпшілігі иран тілінен түркі тілдерінен ауысқан [ 5, 112] . Сонымен қатар түркі тілдері араб-парсы халықтарына мынадай ұғымдағы сөздерді бергендігін айтады. Мысалы: ата, ата-ық, адырна, -орда, ақша, елші, адас, ұлы, құрылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ; бұғау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, құл, ұлүс, олжа, өлік, өлекшін, жылқы, қаз, қарга, қарақұс, сұңқар, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын, қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан 1 . Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, атара, аул, балес, башка, болван, ералаш, кабарга, каймак, караул, кишлақ кочевать, кумыс, кунак, очаг, сайгак, серьга, сургуч, табун, тамга, тумак, тюбетейка, урман, чекмень, чий, чубарый, = чулан, тютюн тәрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан. Н. К. Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің лексикасына ғана әсер етіп коймаған, славян фо-нетикасына бір сөзбен айтқанда, жалпы тілінің бүкіл жүйесіне әсер еткен [ 6, 12] .

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы - тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамы (лексикасы) құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.

Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.

Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде мағызы өте-мөте күшті.

Лексикологияның енді бір саласы - салыстырмалы лексикология туыстас сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зертейді. Салыстармалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгерту тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады [ 1, 132]

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология - лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның (семасиологияның) зерттейтін мәселесі - мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе де болады.

Ал кірме сөздер - өзге тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөз ауысу құбылысы үнемі болып тұратын және барлық тілдерге де тән құбылыс. Әрбір тіл өз табиғатында өзіндік даму үлгілерін жасаумен бірге өзге тілдік элементтерді де қолдану арқылы өрісін кеңейтеді. Қай тілдің құрамында болсын басқа тілден енген сөздер көптеп кездеседі. Мысалы, еуропа тілдерінің көбінде грек, латын элементтері көп болса, парсы мен түркі тілдерінде араб сөздері біраз баршылық. Жалпы, белгілі бір тілде басқа сөздердің көп-аздығы ел басынан өткен тарихи жағдайларға байланысты. Түрік иелігінде үш жүз жылдай болып келген балғар тілінде түрік тілінен енген сөздер саны өте көп.

Қазақ тіліне енген кіріме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ-Х ғасырлардан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы енген интернационалдық сөздердің саны өте көп. Араб, парсы тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында, өздерінің бастапқы қалпын мүлде өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп біржолата кірігіп кетті. Мысалы, адам, қоғам, ғалам, ғылым, мәдениет, білім т. б. Осындай құбылысты қазан төкерісіне дейін орыс тілінен енген сөздерден де байқаймыз. Мысалы: болыс, нөмір, сот, қамыт, жәшік, бәтеңке т. б. Кеңестік дәуірде кірген интернационалдық терминдермен кірме сөздер табиғаты біраз өзгешелеу. Орыстандыру саясатының әсерінен орыс тілінен енетін сөздер өзгеріссіз сол қалпында алынуы керек деген қағида қалыптасты. Кірме сөздердің негізінде жаңа сөздерді білдіретін жаңа ұғымдар пайда болды. Ол - халықтардың экономикалық, мәдени қарым-қатынасының негізінде орын алып жататын заңды құбылыс. Ауызша енген сөздер тұрмыс қажетін өтейтін зат атаулары болса, жазбаша енген сөздер ғылыми техникалық, әдебиет пен өнер арқылы енген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Түркі тілдерінен енген сөздер
Түркі тілінен енген кірме сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Қазіргі қазақ, өзбек және түрік тілдеріне ортақ араб сөздерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беріп, салыстыру арқылы аталған түркі тілдерінің даму, қалыптасу тарихындағы алатын орнын көрсету
Араб сөздері құрамындағы дауыстылар мен дауыссыздардың қазақ, өзбек және түрік тілдері заңдылықтарына бейімделіп игерілуі
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz