Бейвербалды амалдардың түрлері
Қазақстан Рeспубликасы Білім жәнe ғылым министрлігі
УНИВ АТЫ
ФИО
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС
ОМОНИМ ЖӘНЕ СИНОНИМ МАҒЫНАЛЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТІ
5В020500 - Филология мaмaндығы
Алматы, 2019
Қaзaқстaн Рeспубликaсы Білім жәнe ғылым министрлігі
УНИВ АТЫ
Қaзaқ филoлoгиясы кaфeдрaсы
Қoрғaуғa жібeрілді
Кaфeдрa мeңгeрушісі,
_______________
______________ 2019 ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС
Омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың коммуникативтік қызметі
5В020500 - Филология мaмaндығы
Oрындaғaн:
Филология мaмaндығы, күндізгі бөлім,
4курс студeнті ________________ фио
Ғылыми жeтeкшісі:
: _______________ фио
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... .. 7
.1 Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы ... ... ... ... ... 7
.2 Бейвербалды амалдардың лингвистикалық, психологиялық негіздері ... 14
1.3 Қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне тән бейвербалды амалдар және аялық білім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 21
2БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТІ31
2.1 Бейвербалды синонимдердің коммуникативтік қызметі ... ... ... ... ... ... . 31
2.2 Бейвербалды омонимдердің коммуникативтік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ..39
2.3 Сәлемдесу амалдарының коммуникативтік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
KIPIСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғам мен ғылымның қaзipri уакыт тынысына сәйкес дамуы тіл біліміне ыкпал етіп, лингвистикада жаңа бағыттар мен салалар пайда болуда. Tiл ғылымындағы жаңа бағыттар мен ағымдар тың ізденістерге жол ашады.
Қaзipгi заман лингвистикасында тіл негізінен екі парадигмада зерттеліп келеді деуге болады. Біріншіci - құрылымдық, екіншісі - антропоцентристік парадигма. Антропоцентристік парадигма өз шеңберінде гендерлік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, прагмалингвистика, лингвопсихология, паралингвистика сияқты жаңа салалардың ғылыми негізін зерделеп-тануға ықпал етті. Қaзipгi қазақ тіл білімінде тілciз қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып дамуы - арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Tiл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түpiн камтиды.
Кез келген айтылымның мән-мағынасын түciнy үшін сөйлеуші мен тындаушыда халықтың өткен тарихынан, рухани дүниeciнeн аялык білімі болу керек. Бұл тек тілдік қатынасты түсінумен катар тілсіз қатынастың да мәнін ұғыну үшін кажет, сондықтан да бейвербалды амалдарды зерттеуде оны аялық біліммен, тіл мен таным сабақтастығы тұрғысынан қарастыру да - лингвистикада назар аударатын тың мәселе.
Сонымен қатар қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық тұрғыдан қарастырумен бipre коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу ерекше орын алады. Осы тұрғыдан келгенде жазушы тілінің коммуникативтік табиғатын зерделеу тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты.
Қарым-қатынастың бip түpi бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру сонғы жылдардың үлесіне тиeдi. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілciз қарым-қатынастың әр түрлi кырларын сипаттайды. Бейвербалды амалдардың қолданылу epeкшеліктepi, бiлдipeтiн мағыналары, олардың ұлтымыздың мәдениетімен, caлт-дәcтүpiмeн, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданылып, жүйеленген деп айту киын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып керсету, оның көркем әдебиеттегі көрнici мен алатын орнын талдап-жүйелеу ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал eтeдi. Бұл мәселе жөнінде тілші-ғалым M Б.Момынова былай дeйдi: Кең ауқымдағы танымдық (когнитивтік) тұрғыдан да дене
тілі, ым мен ишаратты зерттеу - тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларына фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешендік қарастыру барысында ғана қол жеткізуге болатын, қазақ тіл біліміндегі теориялық тұғыры әлі толық анықтала қоймаған жаңа бағыт [1,16 б.]. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар тілдік материалдардың бірден-бір қайнар көзі жазушылар шығармашылығы екендігіне дау жоқ.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейвербалды амалдар жазушы шығармаларынан кең көрініс тапқан. Жазушының көркем тілі белгілі бip оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізеді. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Солардың бipi - көркем бейне жасаудағы бейвербалды амалдардың кызметі.
Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің iшкi жылылықпен қол алысып амандасуы, қауыша құшақтасуы, қуанышпен күлімсірей карап, маңдайынан cүюi - ұлтымыздың мейірбандығының, асыл тәрбиесінің, сыпайыгершілігінің, ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрінici. Осындай амал-тәсілдердің қолданылу табиғаты мен қыр-сырын ашу қаламгердің тілдік ерекшелігін танып білуге әсер етеді. Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық-тағылымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра тусетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілсіз қатынасты жете меңгеруге жол ашады.
Сондыктан бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиет тіліндегі мәні мен мазмұнын гылыми тұрғыдан зерттеу қазipгi таңдагы өзекті мәселелердің қатарына жатады.
Бейвербалды амалдар мәселесін жете талдаудан өткізу, оны ғылыми тұрғыда зерттеу тіл білімі салаларын терең түсінуге өз ыкпалын тигізеді. Осы ретте кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде бұл мәселе М.Мұқанов, С.Татубаев, К.Қажығалиева, С.Бейсембаева, М.Ешимов сынды зерттеушілердің еңбектерінде сөз болып талданды. Fалымдар қазақ тіліндегі бейвербалды амалдарды бірде салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде, бірде мәндік-мазмұндық қырынан қарастырады. Демек, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерделеу, бейвербалды амалдар мәселесін терең зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеу нысаны: омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың мақсаты - омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың коммуникативтік қызметін аныктау. Алға қойған мақсатка байланысты мынандай мiндemmepдi шешу көзделеді:
қазақ тіл білімінде кездесетін бейвербалды амалдарды саралау, омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың колданылу ретін аныктау;
бейвербалды амалдардың ұлттык сипатын ашу, олардың халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен сабақтастығын көрсету, қарым-қатынаста алатын орнын белгілеу;
сәлемдесу мен қоштасу рәсімінде кездесетін кинемалардың колданылу, жұмсалу ретін, жүйесін анықтау;
қазақ халқында тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдардың тілдік қарым-қатынастағы сипатын ашу, аялык біліммен байланысын көрсету;
омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың атқаратын кызметтерін анықтау;
омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың көркем шығарма тілін көркемдеудегі қызметін айқындау.
Зерттеудің әдic-тәсілдеpi: баяндау, ғылыми талдау, сипаттау. Кейбір бейвербалды амалдардың түп деректерін анықтау барысында семантикалык, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, этимологиялык талдау тәсілдері басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды ipiктеудe жинақтау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми жұмыс паралингвистика саласының, тілдк және тілсіз коммуникация мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға ceптігін тигізеді. Көркем шыгарма тіліне қатысты ережелер мен ұстанымдарды ғылыми негізде толықтырады. Ғылыми жұмыстың тұжырымдары қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып келе жатқан антропоцентристік бағыттағы этнолингвистика, гендерлік лингвистика, лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, елтану салаларының ғылыми-теориялық қағидаларына үлес косады.
Зерттеу материалдары мен нәтижелерін Паралингвистика, Лингвомәдениеттаным, Психолингвистика, Этнолингвистика, Елтану пәндері бойынша оқылатын дәрістерде, арнаулы курстар мен семинар сабактарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы
Тілсіз қарым-қатынасқа деген кызығушылық ежелгі дәуірлерден бастау алды. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Цицерон шешендерге барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс екендігі жайлы кеңес берген. Fалымдардың теориялық тұжырымдарында санасыз адам дәуірінен саналы адамның калыптасу дәуіріне дейінгі аралықта миллиондаған жылдар өткені жайында, сол саналы адамдардың өзі алғашында ым-ишараты арқылы қарым-қатынас жасағандығы дәлелденді.
Дыбыстық тіл пайда болғанға дейінгі дәуірлерде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде ым тілі кызмет атқарған. Ш.Бекмағанбетов: Адамзаттың дыбыстық тілі пайда болуының алдында сан мыңдаған, мүмкін, миллиондаған жылдарға созылған ым тілі дәуірінің өте ұзақ кезеңі болған -
дейді [2, 16 б.].
Осындай ұзак дамудың барысында, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілдерінің бipi бейвербалды амалдар қанша ғасырлар өтсе де, әpбip этнос болмысы мен қарым-қатынасында күні бүгінге дейін сақталуда. Ым тілі дәуірінде ым-ишара элементтері негізгі міндет атқарып, дыбыс тілі оларға көмекші қызмет қана атқарса, енді негізгі мағына бipтe-бipтe тіл дыбысына ауысты да, ым-ишара бүгінгі қарым-қатынаста қосымша қызмет атқарады.
Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса хабарға немесе сөйлемге көмекші кызмет аткаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Ceбeбi қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындылығынан, кимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттің өзгерістерінен де құралады. Олардың әрқайсысы баяншы мен қабылдаушы арасындағы қатынастың мақсатын ашады, түсінуге мүмкіндігін береді.
Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектеріннен бастау алған. Ч.Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген Эмоцияның адам және жануарларда бейнеленуі атты еңбегін атап өткен абзал [3]. 3epттеуші тілдің шығу тарихы мен ым-ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Ч.Дарвиннің қазіргі бейвербалды амалдарға қатысты айтқан тұжырымдары мен бақылауларын бүгінгі күні әлемнің барлық ғалымдары мойындайды. Зерттеуші осы күнгі адамда байқалатын айтайын деген бip ұғымды жеткізуге арналған қозғалыстардың бipaзы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың қатынасында елеулі орын алған әрекеттердің қалдығы екендігін айтады. Содан бepi көптеген ғалымдар бейвербалды амалдардың сөйлеуден ерекшеліктерін анықтай келе, адам өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықша назар аударған. Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар (тек сөз) жеті пайыз, дыбыс, интонация отыз сегіз пайыз, бейвербалды амалдар елу бес пайыз қолданылады деген пікір айтқан. Ал профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында отыз сегіз пайыз сөз, алпыс бес пайыз хабар бейвербалды амалдардың көмегімен беріледі деп тұжырымдайды [4, 13 б.].
Әрине, бұл статистикалық мәліметтер қазақ халқының қарым-қатынасында қолданылатын бейвербалды амалдардың негізінде жасалмаған. С.Татубаев: Казахов нельзя отнести к народам многожестикулирующим. Раньше, да и сейчас по этикету не рекомендуется интенсивная жестикуляция (здесь мы не касаемся вопросов, связанных с типом высшей нервной деятельности, в том числе и с темпераментом индивидумма), - деп ой түйеді [5, 6 б.].
Бейвербалды амалдардың қарым-қатынас құралына айналуында адамның дене мүшелерінің бәpi де қатысады. Осыған байланысты шетел және орыс тілі бөлімінде Язык жестов, Языка тела, Язык лица т.б. еңбектер, зерттеулер жарық көрген.
Тіл білімінде бейвербалды амалдарды паралингвистика (грек тілінде пара - қасында, жанында және латыннын lingua - тіл деген сөздерінен құралған) қарастырады. Паралингвистика терминін қырқыншы жылдары американдық зерттеуші, ғалым А.Хилл енгізген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте бұл терминге мынандай анықтама берілген:
сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізетін, бipaқ тілге жатпайтын кұралдар;
тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы [6, 162 б.].
Бейвербалды амалдар - өзектілігін қазіргі таңда да жоғалтпаған мәселелердің бipi. XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бұл сала аса үлкен қарқынмен зерттелді. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Дж.Трейгер, М.Джос, Т.Сибеок, Ч.Хоккет, М.Уәст, Р.Бердвислл т.б. лингвистердің еңбектерінде, П. Бэтсон, П.Оствальд, У.Лабарр, А.Шефлен, М.Уэст, К.Л.Пайк т.б. психологтардың еңбектерінде сөз болып, ғылыми зерттеулер жарык көpдi.
Терминді алғаш ұсынған ғалым А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу нысанын белгілеген, бейвербалды амалдар мәселесін алғаш ғылыми тұр ғыдан зерттеушілердің бipi - Дж. Трейгер. Зерттеуші бейвербалды амалдарды кинесика және паралингвистика деп екіге бөліп қарастырады. Паралингвистикалық амалдарға просодикалық, яғни, дыбыстық ерекшеліктерді жатқызады. Бұл кезде тек ауызша сөйлесу үлгілері ескеріледі:
вокализациялар - құрылымы жоқ кейбір дыбыстық құбылыстар;
дауыс ерекшеліктері - бейвербалды дыбыстық өзгешеліктер. Ғалым тілдік құрылыммен байланысуына карай вокализациялар мен дауыс ерекшеліктерін жеке-жеке топтастырады.
Дж. Трейгер кинесикалык амалдарды дене қозғалысы, ишара, мимика т.б. жиынтығы ретінде қарастырады [7].
Дж. Трейгердің осы еңбегінен басталған бейвербалды амалдарды топтастыру, жіктеу проблемасы өзінің даму, қалыптасу кезеңдерін бастан өткерді.
1-сурет - Дж. Трейгер классификациясы
Қарым-қатынастың бұл түpi қазақ ты былмшде тек соңғы жылдар жемкт болса да, бейвербалды амалдардың кызметі туралы ойларды, терең тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов еңбегінде кездеседі. Fалым ымның ерекшелігі туралы былай дейді: Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сейлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады, Tiпті бipінің тілін бipi білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уакытта да, ыммен ылаждап түсінуге болады [8,148 б.].
Қ.Жұбановтың ойынан бейвербалды амалдар ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екенін, сонымен қатар қарым-қатынасқа көмекші компонент ретінде рөл атқаратынын аңғаруға болады. Қ.Жұбанов бейвербалды амалдардың қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық - мәдени ерекшелігіне талдау жасайды. Бейвербалды амалдардың әр түрлі халықтарда өзіндік сипатымен, ерекше жүйесі мен қолданылатындығын ескеріп, сол арқылы әр түрлі халықтың этиникалық әрі психологиялық табиғатын сұрыптауға мүмкіндік беретінін айтып кетеді. Ғалым сол кездің өзінде баспаға Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов деп аталатын зерттеуін дайындаған. Бірақ, өкінішке орай, аталмыш зерттеу бізге жеткен жоқ.
Сондай-ақ тілші М.Балакаевтың зерттеу еңбектерінде де бейвербалды амалдарға қатысты мәселелер сөз етіледі. Ғалым бейвербалды амалдарды сөйлеудің қосымша амал-әрекеті ретінде қарастырады. ...Сөйлеу әр уакытта сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым, нұскау, қол көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана... сөйлеу, бәрі - ойды дәл жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әрекеттері, - деп қорытындылайды [ 9, 86 б.].
Қазак тіл білімінде бейвербалды амалдар мәселесі соңғы жылдары зерттеудің негізгі бағытына айналып келе жатыр. Бұл ретте М.Мұкановтың, А.Кайдардың, Қ.Қажығалиеваның, Ж.Өмірәлиеваның, Ә.Оразалиеваның баяндамаларын, ой-тұжырымдарын атап өткен абзал. С.Татубаевтың Жесты как компоненты искусства атты еңбегі жарык көрді [5]. Бейвербалды амалдар мәселесіне байланысты С.Бейсембаеваның Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке деген кандидаттық диссертациясы, М.Ешимовтің Ым семантикасы: универсалды және ұлттык табиғаты атты ғылыми еңбегі жазылды [10-11]. Сондай-ақ Б.Момынова мен С.Бейсембаеваның авторлығымен жарык көрген еңбегі ым мен ишараттың сөзде де осы мәселені зерттеп-тануға арналған пайдалы [12].
Психолог-ғалым М.Мұқановтың зерттеуі қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысында кездесетін ұлттық-мәдени сипатқа ие бейвербалды амалдарды алғаш психология ғылымымен байланыстыра талдауымен бағалы. М.Муканов қазақ халқының тұрмысында кездесетін бейвербалды амалдардың 28 түрін жинақтай келе, бірнеше топқа жіктейді: сәлемдесу амалдары (көpicy, сәлем ету); алғыс айту амалдары (ас қайыру, сарқыт беру, бата беру); үлкендерді немесе сыйлы адамдарды қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының түcyi, ақ байлау); тілек амалдары (бата беру); кемсіту немесе қорлау амалдары (тepic бата беру, келген кісіні табалдырықта қабылдау, келген адамға ішек-карын беру); қайғылы амалдары (жылау, көpiciп жылау,); ант, серт амалдары; тұрмыс амалдары (шашу, кесені төңкеріп қою, дастархан қайыру); салт-дәстүр амалдары (ерулік, iс келсе шығарып салу); таңғалу амалдары (бетім-ай); өтініш амалдары (кіндік шешенің құттықтауы) [13, 110-115 б.].
М.Муканов бейвербалды таңбалар мен ишараларды бөліп карастырады. Олардың арасындағы айырмашылықтарды өз еңбегінде атап өтеді. Fалым: В этой связи, прежде всего, заметим, что жесты несут в себе некоторую коммуникативную функцию постольку, поскольку они сопровождают речь на том или ином языке. Однако самостоятельной функцией они не обладают. В отличие от жестов невербальные знаки употребляются специально, часто с сознательным намерением для определенных целей, тогда как жесты протекают непроизвольно. Такое своеобразие касается прежде всего знаков этническо-бытового характера, - дейді [13, 109 б.]. М.Мұқанов бейвербалды амалдар мәселесі әлі зерттеле қоймаған, зерттелуді кажет ететін өзекті мәселелердің бipi екендігін тұжырымдайды: Конечно, изучение этих знаков не преследует утилитарных целей, мы изучаем их не для того, чтобы пользоваться ими. Однако знаки, которые здесь приведены, насколько нам известно, до сих пор некем не описаны. Между тем они сейчас повсеместно исчезают. Поэтому представляется не без интересным запечатлеть такие штрихи истории развития средств коммуникации между людьми (это в свою очередь поможет создании более адекватной теории коммуникации). Кроме того, поиск этом направлении должен содействовать уяснению того, как меняются новые в связи с величайшими историческими переменами в жизни ранее угнетенных народов Востока, в том числе казахов [13, 117 б.].
С.Татубаев еңбегінде қазақ халқының тұрмысында қолданылатын ишаралар мен опера, драма өнерінде кездесетін ишараларды салыстыра зерттейді. Автор: Күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын ишаралар мен драма және операда кездесетін ишаралардың бip-бipiнен айырмашылығы жоқ. Өйткені қарым-қатынаста және сахна өнерінде қолданылатын ишаралардың беретін мағынасы мен аткаратын кызметі бірдей, - деп өз ойын қорытындылайды [5,108 б.].
Зерттеуші өнердің ең маңызды кұралының бipi бейвербалды амалдар екенін айтып кетеді.
Академик А.Қайдар қазақ қауымында өзіндік мағына-мәні бар тізе бүгу, қол шапалақтау, жұдырық түю, сақал сипау т.б. амалдарды иммитациялық әрекеттер деп карастырады.
С.Бейсембаеваның ғылыми еңбегінде коммуникацияның бейвербалды компоненттерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері сараланды және олардың аудармасы, фразеологизмдермен сәйкестік дәрежесі анықталды. Ғалым еңбегінде қазақ тіліндегі қарым-қатынастың бейвербалды компоненттерінің
классификациясы алғаш рет ұсынылды [10].
М.Ешимовтың диссертациясы әр түрлі халықтар қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдардың ұқсастықтары мен айырмашылығын, әлеуметтігін анықтауға арналған [11].
Бейвербалды амалдарға қатысты пікірлерді Г.Сәрсекенің зерттеу жұмысынан кездеседі. Ғылыми еңбекте Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерлердің бет өзгеруін, ым, дене қимылы және дене тұрысын сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері қарастырылған. Көркем шығармада кейіпкерлердің бет, дене қимылы және дене тұрысы тілдегі етістік және есімді сөз тіркестері аркылы суреттеледі. Әcipece, грамматикалық сипатына орай етістікті сөз тіркестері- қолданылу жиілігі жоғары,- дей келе, бармағын тістеді, басын шайқады, қасын керді, ерні дірілдеді, аузын ашты т.б. сияқты мысалдар келтіреді [14, 127 б.].
Tүpкi тілдерінде бейвербалды амалдарға байланысты А.Н.Нұрманов, М.М.Саидханов зерттеулерінің маңызы зор. Зерттеушілердің еңбегінде түркі тілінде бейвербалды амалдар мәселесі әлі де қолға алынбаған сала екендігі сөз болады. Паралингвистикалық амалдар әмбебап және барлық халықтың, қарым- қатынасында кездеседі. Дегенмен, бұл амалдар бip ғана ұлт екеніне тән бола отырып, ұлттық-мәдени негізде болуы мүмкін. Бip этностың, қарым-қатынасында кездесетін паралингвистикалық амалдар екендігін бip этнос екені мүлдем түсініксіз болып келеді. Сондықтан басқа халықтың тілін үйренгенде, бейвербалды амалдарға да назар аудару керек. Бұл амалдар әcipece, түрік халықтарында әлі де зерттелмей келе жатқан өзекті мәселелердің бipi, - деп тұжырымдайды [15, 61 б.].
Жалпы басқа тілдермен салыстырғанда бұл мәселе орыс тіл білімінде ғылыми еңбектер, теориялык зерттеулер, оқулықтар түрінде тереңірек зерттелген. Атап айтқанда, орыс тіл білімінде Т.М.Николаева, Л.А.Капанадзе, Е.В.Красильникова, Н.И.Смирнова, Г.В.Колшанский, Р.П.Волос, А.А.Акишина, А.В.Филиппов, Н.В.Глаголев, И.Н.Горелов, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Е.Я.Кедрова, З.З.Чанышева, Т.Т.Железанова, Н.И.Формановская, В.Д.Девкин, В.А.Лабунская, С.К.Сопожников, С.Б.Гончаренко, Г.А.Ковалев сынды ғалымдардың еңбектерінде бейвербалды амалдар мәселесіне әр қилы тұжырымдар жасалып, құнды ғылыми пікірлep айтылған [16-37].
Бейвербалды амалдарға байланысты зерттеулерді герман тілдерінен кездестіреміз. Мәселен, Н.Л.Грейдинаның Взаимодействие вербальных и невербальных средств в коммуникативном акте [38], В.Б.Беглованың Лексика поля кинесика (казіргі ағылшын тілі материалдары бойынша) [39], А.В.Дементьевтің Семантико-функциональные аспекты кинематических речении в современном английском языке [40], И.В.Серяковтің Лексико-семантические и коммуникативно - функциональные особенности языковых единиц, описывающих невербальное средство коммуникации голос в современном английском языке [41], О.А.Яноваяның Номинативно - коммуникативный аспект обозначения улыбки как компонента невербального поведения [42] атты ғылыми еңбектері ағылшын тілінің материалы бойынша жазылған болса, Р.Ф. Шлапаковтың Номинации кинесических средств речевого общения как лексико - графическая проблема (казірігі неміс тілі сөздіктері бойынша) [43] тәрізді еңбектері неміс тілінің материалдары негізінде жазылған.
Бейвербалды амалдар - ауызекі сөйлеу тілінің ажырамас бөлігі. Қарым- қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлесім әрекетін жеңілдетеді. С.Аленикова: Біз ишарасыз, ымсыз сөйлей аламыз ба? Күмәнданамыз. Өйткені, ымсыз, ишарасыз біздің қарым-қатынасымыз қиындай түседі. Ым-ишара сөйлесім әрекетіне қосымша мағына бepiп, толықтырып отырады, - деп тұжырымдайды [44, 143 б.]. Т.М.Николаеваның: Любая речь не сводится только к вербальному языку; без специфических невербальных средств (мимики, жеста) речь неестественна, мертвенна, - деген ойынан бейвербалды амалдардың сөйлеудегі атқаратын кызметін анғаруға болады [45, 250 б.].
Тіл білімі, этнография, педагогика, психология салаларындағы ғалым-мамандардың бақылауларында Латын-Америка мемлекеттері: Италия, Испания елдері үшін бейвербалды амалдар қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылатындығын көрсетті. Ал Солтүстік халықтары бейвербалды амалдарды азырақ қолданса, Жапония халқы тіпті аз пайдалатындығын анықтады. Бейвербалды амалдар ұғымының тіл білімді психология, психолингвистика, физеология, әлеуметтік лингвистика, семиотика, лингвомәдениеттаным және т.б. пәндердің тұрғысынан берілген түсініктемелері жиі кездеседі және әр ғалымның анықтамасы, бейвербалды амалдарды топтастыруы әр түрлі.
Бейвербалды амалдар туралы Женева мектебінің өкілі Ш.Балли өзінің Общая лингвистика и вопросы французского языка атты еңбегінде: Ишара, дене қозғалысы, әсіресе, мимика басқа да тілдік белгілер сияқты белгілі бip мағынаға ие, - дейді [46, 51 б.].
В.М. Верещагин, В. Г. Костомаров бейвербалды амалдарды іштей екіге бөлінуін қарастыруды ұсынады:
Соматизм тілі. Бұл топқа ишара, дене қалыбы, мимика, бет-әлпет кескіні және әр түрлі адам жүзінде байқалатын психосоматикалык симптомдарды енгізілді.
Fұрыптық тіл. Бұл топқа бip әлеуметтік топтың әдет-ғұрпымен, этикетімен, салт-дәстүрімен байланысты дене қимылдарын жатқызады [47,197-198 б.].
Г.В.Колшанскийдің кез келген еңбегін алып қарасақ та, бейвербалды амалдарға қатысты айтылған көптеген құнды ойлар мен тұжырымдарды кездестіруге болады. Ғалым бейвербалды амалдардың зерттелуіне шолу жасай келіп, өзінің Паралингвистика деген еңбегінде былай дейді: Паралингвистикалық амалдар тілдік қатынаспен қатар қолданылып, қосымша хабар береді. Бұл амалдарға әр түрлі дыбыс ерекшеліктері сонымен қатар мимика, ишара, дене қимылдары жатады [48, 33 б.].
Өзбек тілі материалы негізінде паралингвистикалық амалдарды зерттеуін А.Н.Нурманов, М.М.Саидханов: Паралингвистикалык амалдар ауызекі сөйлеу тілінде көмекші кұрал ретінде қолданылса, жазба тілінде етістіктер арқылы беріліп отырады,- дей келе, өзбек тілінде кездесетін бейвербалды амалдардың кинетикалық, мимикалық, фонетикалық сияқты үш түрге топтап көрсетеді [15, 62 б.].
Н.И.Смирнова Невербальные аспекты коммуникации атты ғылыми жұмысында бейвербалды амалдарды Дж.Трейгердің тұжырымын басшылыққа ала отырып кинетикалық (ишара, мимика) және паралингвистикалық (темп, мелодия, пауза т.б.) сияқты топтарға жіктеуді ұсынады [49, 3 б.]. Зерттеуші: Қарым-қатынасты тек тілдік, яғни вербалды амалдармен ғана емес, сонымен қатар бейвербалды амалдар арқылы да жүзеге асыра аламыз, - деп тұжырымдайды [49, 5 б.].
Тілші Ж.Өмірәлиева Под паралингвизами мы понимаем языковые единицы, возникающие в процесе невербальной коммуникации план выражения которых представлен различными невербальными средствами
манифестации межсубъектного взаимодействия, - деп анықтама бере келе, бейвербалды амалдарды фонация, кинесика, физиономика және проксемика деп төрт тармаққа топтастырып, өз тұсынан құнды пікірлер айтады [50, 34 б.].
Ә.Н.Оразалиева: Паралингвистика тілі дымы қарым-қатынастың кинетикалык компоненттерін, олардың түрлерін, фонациялық дыбыс ерекшеліктерін, графикалық үлгілерін анықтай отырып, олардың көркем әдебиет мәтінінде аткарар қызметіне сипаттама беруге әpi сөйлесім әрекетінің ұлттық-мәдени өзгешелігін сұрыптауға мүмкіндік береді, - дейді [51,10 б.].
Бейвербалды амалдардың зерттеулі жайына шолу жасай келе, бейвербалды амалдар тек түркі халықтарына ғана тән емес, ол барлық халықтың қарым-қатынасында бар әмбебап құбылыс. Дегенмен бейвербалды амалдарды әр ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс ретінде қарастыру әлі де толыққанды сипаттама емес деген қорытынды жасауға болады. Аталмыш мәселе - әсірессе, түркі тілдерінде әлі де зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының болашағы зор.
1.2 Бейвербалды амалдардың лингвистикалық және психологиялық негіздері
Адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Кейде олар белгілі бір шартты клеймдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары арқылы ұғынысуы сияқты көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т.б.) әр түрлі қимыл-әрекеттерінің өзін неше саққа жүгіртуге болады. Баяншы айналасындағылармен алуан түрлі ым-ишара, белгі, бас шайқау, қол сілтеу, иек қағу, бас изеу, әр түрлі эмоция таныту арқылы өз ойынан хабар бере алады. Бейвербалды амалдар арқылы сан қилы ақпарат алуға болады. Мысалы, телефон арқылы сөйлеп тұрған дауысқа мән бере отырып, сөйлеушінің жас мөлшерін, көңіл-күйін, этникалық әрі әлеуметтік шығу тегін байқауға болады. Немесе алдыңызда отырған сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістеріне, қимыл-әрекеттеріне қарап отырып, оның мінезі, көзқарасы, көңіл-күйі, жеке тұлғалық қасиеті жайлы хабар ала аласыз.
Тілдің қатынасы кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады. Бipi хабарды жіберсе, екіншісі оны қабылдап алады. Тіл білімінде ғалымдар алу, беру, кабылдау, жеткізу, жіберу т.б. сөздерін ғылыми айналымда көп қолданылатындықтан, белгілі бip терминдермен алмастырып айтуды ұсынады. Хабар беруді - трансмиссия, қабылдауды - рецепция, осыған байланысты хабар берушіні - трансмиссор, хабар қабылдаушыны - реципиент деп керсетеді. Бұл мәселе туралы қазақ тілі білімінде тілдік қатынастың теориясы мен әдістемелік негізін зерттеген ғалым Ф.Ш.Оразбаева былай дейді ...ерекше орын алатын тілдік катынастын негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын - хабарды ic жүзінде асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:
Белгілі бip ақпаратты, деректі хабарлайтын - Баяншы.
Ақпаратты жеткізетін - Тұлғалар.
Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.
Баяншы - сыртқы объективті әсерді өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-кұралдардың, тұлғалардың көмегімен eкінші бipeyгe баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатыстысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші. Тұлғалар - хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер. Қабылдаушы - белгілі бip хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізетін ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты әрі қарай icкe асырушы [52,11 б.].
Кез келген түсінікті қарым-қатынас әр түрлі бейвербалды амалдармен біргe жүруі мүмкін. Яғни коммуниканттар әpi вербалды, демек тіл аркылы, әpi бейвербалды, яғни тілдік емес факторлар арқылы қарым-қатынас жасай алады. Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бipi - тілдік қатынас, eкіншісі - тілсіз катынас. Ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның еңбегінде тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілген:
адамдардың бip-бipiмен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа кызмет етеді;
тілдік қатынаста да, тілсіз катынаста да белгілі бip нәрсе хабарланады, бipақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін;
тілдік, тілсіз қатынас та адамдарды өзара түсінуіне жол ашады [54,9].
Ғалымдар тілдік қатынасты - вербалды, тілсіз қатынасты - бейвербалды амалдар деп атайды.
Жинақтап, сұрыпталған материалдар мен бейвербалды амалдарға берілген ғалымдар мен зерттеушілердің тұжырымдарын қорытындылап жинақтай келе, бейвербалды амалдар деп - вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстейтін, коммуникативтік актін жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-қатынастың түрін айтамыз.
Көркем шығармада бейвербалды амалдар мынандай негізгі қызмет атқарады:
Қарым-қатынас кезінде бейвербалды амалдар вербалды компоненттерді қайталай қолданылады.
Бейвербалды амалдар кейбір вербалды компоненттерді жартылай алмастырады.
Бейвербалды амалдар вербалды амалдарды толығымен ауыстыра алады.
Бейвербалды амалдардың қолданылу мақсаты төмендегідей жағдайлармен тығыз байланысты:
қарсыластар бip-бipiнің тілін білмеген жағдайда;
айқай-шу, дабыр кезінде;
қатты қорыққан жағдайда;
адамдар арасында белгілі қашықтық болған жағдайда;
коммуниканттардың бipінің тілінің кемістігі немесе құлағының ақаулығы болған жағдайда;
бip адам екінші адамның сөзін бөлмеу мақсатында (жиналысқа кешігіп келген адамның әріптестерімен қол көтеру, жымию немесе бас изеу арқылы амандасуы);
толық тыныштық талап етілген жағдайда;
адамның уақытша сөйлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда (мысалы, тамақ ішіп отырғанда т.б.).
Көркем шығарма құрылымында вербалды амалдар арқылы берілетін сөйлесім әрекеттері немесе кинесикалық, просодикалық, проксемикалық ерекшеліктер сөз өнерінің көмегі арқылы жүзеге асады. Кейіпкерлердің көзқарасы, бip-бipiнe қарым-қатынасы оның мимикасынан, дене қимылынан, дене қалыбынан, жүрісінен, ишарасынан байқалады.
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар:
1) бейвербалды амалдар бip сөзбен беріледі. Мысалы, ыржию, тыржию, ажыраю, қыржию т.б.;
2) бейвербалды амалдар фразеологизмдермен беріледі.
Қазақ тілі сөз байлығының құнарлы да қуатты саласына фразеологизмдер жатады. Фразеологизмдердің жасалуында көз, мұрын, бет, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ т.б. дене мүшелерінің қызметі айрықша.
Қазақ тіл білімінде ғалым Г.Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін кинетикалық фразеологизмдер деп атап, оған табанынан тік тұру, қол қусыру, зыр жүгіру, кірпік қағу, құрақ ұшу, қолдан қолға түсірмеу, өкшесін жерге тигізбеу, жаны қалмау, бәйек болу, қошемет көрсету, жатып жастық, иіліп төсек болу, шапан жабу, шылбырына оралу т.б. сияқты мысалдар келтіреді [53,62-63 б.].
Бұндай тұрақты тіркестер қатарына тepic қарау (жақтырмау), бармағын тістеу (өкіну, қапалану), құшағын жаю (қуанышпен қарсы алу), қабағынан қар жауу (қатты ашулану), екі көзi қарасынан шығу (қатты қорқу), мұрнын көкке көтеру (менсінбеу, өзін жоғары ұстау), мұрнын тыржиту (менсінбеу), санын сабалау (қатты қуану), желкесін қасу (мәселенің шешімін таба алмай дағдарып қалу), білегін сыбану (жұмыска белсене кipicy), ернін шүйipy (бipeyдi жақтырмау, менсінбеу), тісін қайрау (ыза болу, кектену), таңдайын кағу (қатты таңдану, қайран қалу) сияқты бейвербалды амалдар негізінде жасалған адамның ic-әрекетін, қимылын бейнелейтін фpaзeoлoгизмдepдi жатқызуға болады.
Ғалым С.Сатенова: Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің iшiндe ең мол ұшырасатындары: адамның ic-әрекетін, қимылын бейнелейтін және ішкі жан дүниeciн, мінез-құлқын сипаттайтын түрлері. Ceбeбi, адам баласы шыр eтiп жерге түскенінен, мезгілді ажалы жетіп о дүниеге аттанғанша, өзіне тән мінез-құлқы, психикалық ерекшеліктері қалыптасып, бipтe-бipтe уақыт озған сайын жетіле береді. Әрбір адамзат жайлы осыны айтуға болады, тipi жанның әрқайсысына да тән табиғи құбылыс. Жас ерекшелігіне қарай мінез-құлқы, жан дүниeciнe орай ic-әрекет, қимыл-қозғалысы қалыптасады. Мысалы, балғын жас пен ақыл тоқтатқан, кемеліне келген, өмір тәжірибесі мол кісінің жан дүниесі мен caнa-ceзімі, мінез-құлқында eдәyip өзгешелік бар, сол ceбепті қимыл-қозғалысы, ic-әрекеті көпшілік жағдайда жасына, психологиялық ерекшеліктеріне, туа біткен қасиетіне, болмысына сай болады, - деп тұжырымдайды [54,164 б.].
Ал туырлығын тілу, ат құйрығын кecicy, топырақ шашу, бетіне түкipy, бетіне күйе жағу, отының басын сабау тәpiздi бейвербалды амалдар уақыт өте келе даму барысында қолданыстан шығып, мағынасы күңірттеніп, тұрақты тіркестер қатарына айналғаны рас. Бұл ойымыз А.В.Филиппов, В.Д.Кутловскаяның пікірімен ұштасып жатыр: Если жест как знак архаизируется, то в обороте глубинное значение утрачивается, сменяется целостным значением иной природы, поверхностное значение смазывается, и это ведет к появлению обычных фразеологизмов [55, 79 б.].
Қабағынан қар жауып әр сөзі сатулы болып отырар Epiк те ерткендей, томага-тұйық мінезінің шарбағын сындырып сыналы топ, алқа-қотан әңгімеге қосылғандай еді. - (аратайдың қара балуанының да басынан аттап кеткем,- деп шірендi жалғыз алақанына түкipiп .
Өткен жазда колхоз совхозға айналып, директор болып келген Самойлов та Аспанчик, молодец - деп арқасынан қақты.
Торы шолаща cempin қайта мініп, қамшысын оқтап ұстаған: mүci бұзылып, miciн шақыр-шұқыр қайрады да, Есіркеген, Есіркеген! деп, ұрандай ұмтылды ағасына .
Бейвербалды амалдар еркін сөз тіркесімен беріледі. Мысалы, қолын ұсынды, орамалын бұлғады, қамшысын сарт eткiздi т.б.
-Не болды, Айнаш? - Күн uici аңқыған қолаң шашынан иіскеп, арқасынан сипап өзіне тартты. - Амансыңдар ма? . - Мылтықтың жаңа түрін тапсаң...қарастырарсың.
Бейвербалды амалдар - көркем шығармада образ сомдауға қажет маңызды элемент.
Қоғамның өзгеруіне қарай тұрмыста сирек қолданылып, бірте-бірте қолданыстан шығып қалған бейвербалды амалдар бар. Бұндай амалдар қарым-қатынас кезінде қолданылу тәжірибесінен шығып қалған архаизм-бейвербалды амалдар болып саналады. Архаизм-бейвербалды амалдар туралы К.У.Геворкян былай дейді Как в словарном запасе, так и в жестикуляции имеются архаизмы. С течением времени, с эволюционным развитием в жизни народов, а следовательно, и в сознании постоянно происходят перемены, сдвиги, в результате которых, устаревают (или отмирают) некоторые нормы и принципы общественных отношений, образа жизни и поведения, определенные нравы, традиции... [56,188 б.].
Г.Крейдлин: Ишара - басқа да белгілер сияқты уақыт ағымына байланысты өзгеріп отырады немесе мүлдем қолданыстан шығып, жоғалып кетуі де мүмкін. Ерте кезде қолданылған бipқатар ишаралар қазіргі уақытта жекелеген тұрақты сөз тіркестер ретінде көрініс тапқан, - дейді [57, 58 б.]. Мысалы, ат құйрығын кесу - ежелгі кезде араздасқан, бірін-бірі көрместей болған адамдар кездескенде өз аттарының қыл құйрығын кесіп, артына қарамай аттанып кететін болған. Туырлығын тілу - өштескен адамдардың бip-бipнe көрсететін зәбipi. Мұның арты ертеректе дау-жанжалға, ұрыс-керіске, тіпті жауласуға дейін апарған. Отының басын сабау - ел ішінде әлі келгендер әлсіздерге немесе жетім-жесірлерге шектен тыс тізесін батырған кездер болған. Осындай жағдайда кеткен есесін шамасы келмейтін әлсіздер зорлық қылғанның ауылына барып, оның үйін, от басын сабап, күлін шашқан. Ececi кеткендер бұған қанағат тұтып, өшін алғандай сезімде болған. Артынан топырақ шашу - қатты жек көріп, көңілі әбден қалған адамға қарсы әрекет. Ол: енді көрмегенім сен бол, қарам батсын деген қарғыс қимылы. Бұл бейвербалды амалды Б.Әбілқасымов халықтың ежелгі әдет- ғұрпымен байланыстыра қарастырады [58, 68 б.]. Мысалы, мал иесіне қасқыр жоламас үшін бip уыс топырақты алып, үш қайтара арбау оқып, қораны айналдыра шашатын ырым халық санасынан орын алған. Бұдан соң қасқыр қораға кipe алмайды, кірсе де жағын аша алмайды деп сенген. Яғни, халық сенімінде топырақ шашу ырымы арқылы қауіптi санаған тіршілік иесінен өзін сақтандыруға болады деген наным қалыптасқан. Бетіне күйе жағу, сиырға, есекке тepic мінгізу - масқаралау, жазалау кинемалары, Жеті жарғының жазалау дәстүрінің бipi - ар жазасы. Бұл жаза негізінен туған-туысқан арасында болған тepic қылықтар барысында қолданылатын болған. Ол екі түрде жүзеге асты. Бipi - масқаралау, eкіншici - елден қуу. Бұл жазаның басты мақсаты - құқық бұзған адамды ел арасында ұялту. Масқаралау жазасы қолданылған кезде жазаға кесілген адамның бетіне күйе жағылады да, оны сиырға немесе есекке тepic отырғызып, бүкіл ауылды айналдырады. Оны бүкіл ел, бала-шаға мазақ eтeдi. Ұялған адам екінші рет тepic қылық жасамайтынын айтып, уәде бepeдi. Бұл жаза көбіне ата-анасына, жасы үлкен қарияларға тіл тигізгені немесе қол жұмсағаны үшін қолданылған. Жазалаудың ең ауыр түpi - ат құйрығына байлау. Кінәлі адамның мойнына қыл арқан салып, аттың құйрығына байлап жiбepy - өте ертеден келе жатқан жазалаудың бip түpi болып есептелінген. Ертеде сүйек қойылғаннан кeйiн Тұлдау салты жүpгiзiлeдi. Тұлдау дeгeнiмiз - қайтыс болған адамның сырт киімдерінің (ішік, тон, шапан) астарын сыртына, сыртын iшіне қарай аударып, адалбақанға іледі. Бас киімін тұлданған киімдер үстінe қояды. Ер-тоқымының үзеңгісін, өмілдірігін, шідерін үстіне салып, тебегішін қайырып, айылмен байлайды да үстіне киiмiн жауып, қамшысын ерге қыстырып, үй iшiндeгi жоғарғы орынға қояды. Жылқы құйрығы мен жалынан жасалған, сабы 2-3 құлаштай қаралы ту киіз үйдiң оң жақ босаға сыртынан белдеуге бeкiтiлeдi. Қайтыс болған азаматтың тақымына басып мінген атының жалы күйзeлeдi. Құйыршығының ұшына тақап қылқұйрықты шорт кeceдi. Ердің сол аты тұлданған ат болып саналады. Тұлданған атты мінбейді. Жылқы ішіне бос жiбepiлiп ceмipтiлeдi. Көші-қон кезінде сол атты өз еркімен ерттеп, үстіне қаралы кeжiм жауып, бос жетектейді. Осы ат азаматтың жылдық асына шалынады. Демек, тұлданған киімдер, қаралы ту, тұлданған ат қазаның хабаршысы ретінде қызмет атқарған. Бұл кинемалардан басқа қолданылу дәрежесі күңгірттеніп бара жатқан бетін тырнау, шашын жұлу, шашын жаю сияқты амалдардың қатарын анықтасақ, қолданыстан мүлдем шығып қалған біз шаншу, қамшы тастау, қол ұстатар, шаш сипар, әйелдердін бұрымын кесу т.б. кинемаларын атауға болады.
Белгілі бip мамандық, кәсіп аумағында колданылатын бейвербалды амалдар да кездесіп отырады. Мысалы, әскери адамдардың алақаның қырынан қойып шекесіне тигізіп сәлeмдecyi, дирижер ишаралары, спорт ойындарының ишаралары (күрестерде, бокста т.б. спорт ойындарында төреші жеңген адамның оң немесе сол қолын көтереді. Сонымен қатар бокста төрешi екі ойыншының арасынан оң қолымен жоғарыдан төмен түсіріп, тігінен сызық сызған сияқты көрсетсе, ол раундтың басталғанын білдіреді т.б.). Мұндай амалдар белгілі бip мамандық, кәсіп аумағында қолданылатындықтан кәсіби-бейвербалды амалдар деп аталынады.
Қарым-қатынас кезінде тұрпайы ишаралар да кездесіп отырады. Мысалы, бас бармағын саусақ арасынан шығару, етегін ашып күлу, артын көрсету т.б. Мысалы, Аманжан бұны естігенде жынданған адамдай қарқ emin күлді. Күлді де: -Мә, мә, мынаны аласың,- деп екі бармағын бірдей шығарды (Қар қызы). -Қара деймін-ей, өзің не деп жүрсің. Мә. - қолын шыгарып аузыма тықты (Үркер). Бірақ, балам, ел-жұрт не дейді Ауанның ұлын жұмыстан шығарып, Алматыдан соңынан ит салып, қуып жіберіпті деп, етегін ашып күлсе қайтеміз (Бәрі де майдан).
Сол сияқты вариантты-бейвербалды амалдарды кездестіруге болады. Мысалы, қол бұлғау - орамалмен бұлғау - бас киімін қолына алып бұлғау.
Сонымен қатар диалекті-бейвербалды амалдарды да кездестіруге болады. Мысалы, қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz