Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасы
ОӘЖ Қолжазба құқығында
- ӨМІРБАЙ ФАРИЗА АСҚАРБАЙҚЫЗЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Магистр академиялық дәрежесін алу үшін даярланған
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
6М020500-«Филология»
Алматы 2019
ТҮЙІНДЕМЕ
Зерттеу жұмысының көлемі - 94 бет.
Зерттеудің негізгі идеясы мен тұжырымы: Қазiргi кезде қазақ, ағылшын халықтарының тiлдерiнде әлi зерттеле қоймаған мәселелер аз емес. Солардың iшiнде әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi - мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеуге бағышталған еңбектер. Сондықтан халықтың мәдени дүниесін дәрiптейтiн бұл тұрақты тiркестердiң тiлдiк табиғатын тану үшiн жүйелi зерттеу жүргiзудiң қажеттiлiгiнде күмән жоқ.
Жаңа ғасырдың басынан бастап қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердiң лексикалық, семантикалық және синтаксистiк жақтары ғана емес, сонымен бiрге көркемдiк ерекшелiктерін, олардың тiларалық ұқсастық деңгейлерiн, әр тiлдегi өзiндiк айырмашылықтары да қарастырыла бастады. Дегенмен, мақал-мәтелдердің осы ерекшелiктерiн, олардың тiлдiк басқа да мәселелерiн қамтыған еңбектердiң аздығы байқалады. Осы ақиқаттың өзi бiздiң тақырыбымыздың өзектiлiгiн дәлелдей түседi.
Сондай-ақ мақал-мәтелдерді қазақ, ағылшын тілдеріндегі жеке-дербес жаңа бір саласы - паремиологияның нақты зерттеу нысаны ету, оларды ұлттардың рухани мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен, ділімен сабақтастықта қарастыру. Яғни мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық және когнитивтік бірлікте қарастыру.
Зерттеудің жаңалық дәрежесі: Жұмыста қазақ пен ағылшын тіл білімі қоры мен рухани қазынасын молынан пайдалана отырып, олардың жан-жақты қырларын анықтап, таныту мақсатында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық, этномәденилік тұрғыда зерттеліп, олардың жұмсалу шеңбері, ішінара тақырыптық топтары қарастырылды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасып, пайда болуы тұрғысынан ұқсастықтары зерделенді;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің уәждік сипаты көрсетілді;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінде қалыптасқан халық даналығының өзіндік ерекшеліктері де анықталды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің құрылымының көркемдік образдылығы, бейнелік көріністері, құрылымы талданды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінен «Адам» концептісінің құрылымы толық ашылды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Қазақ, ағылшын тілдеріндегі м ақал-мәтелдер халықтар арасындағы этномәдени үрдістердің нәтижелерін тіларалық қарым-қатынастар арқылы анықтаудың сенімді жолдарының бірі болып саналады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ана тіліміздің бай, көркем тіл екенін біз өте жақсы білеміз. Сол себепті ана тіліміздің ауыз әдебиетінде қалыптасқан, ойып тұрып орын алған ата-бабаларымыздың нағыз ақыл иелері данагөй болғандарын сипаттайтын мақал-мәтелдердің үш тілде қолжетімді болуы қажет. Сондықтан тіліміздегі мақал-мәтелдердің өзге орыс, ағылшын тілдерінде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, еліміздің дамуына балалық үлесімізді қоссақ дейміз.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде тіліміздің еңсесі күн санап көтеріліп келеді. Еліміздің салт-дәстүрлері қайта өрлеп, ауыз әдебиетіміз құнды бола түсті. Жалпы халыққа түсінікті мақал-мәтелдеріміздің салмағы арта түсті. Өткенімізден қол үзіп қалмас үшін Елбасымыз барлық жағдайды жасап беріп отыр. Осындай жағдай жасалып отырған елімізде тек білімімізбен ғана басқа елдерге танымал болатындығымызды дәлелдеу ғана қалғандай.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі деп нақты ашық айтқан.
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл.
Орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Мемлекеттік тілді - дамытамыз.
Орыс тілін - қолдаймыз.
Ағылшын тілін - үйренеміз.
(Н. Ә. Назарбаев)
Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз дәрежесiнде атқара береді. Әсiресе, егемендiк алған көптеген халықтардың әдеби тiлдерiнiң бүгiнгi кемелденген кезiнде тiлдiң атқаратын қызметi орасан зор, себебi тiл неғұрлым кемелденген болса, тiл мәдениетi, сол тiлдi дүниеге келтiрген халық менталитетi де соғұрлым жоғары болмақшы. Ал бұл әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын лексикалық категория -мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр сыңары саналатын мақал-мәтелдер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұн тұрғысынан алғанда да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитеттің тілдегі ерекше мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал-мәтелдер қазақ этносына тән дүниетаным мен тарихи сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімнің, өркениетінің, мәдениетінің - барша болмысының бұлағы.
Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған мазмұны түрліше сан түрлі тақырыпты қамтумен қатар, адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларды кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазiргi кезде қазақ, ағылшын халықтарының тiлдерiнде әлi зерттеле қоймаған мәселелер аз емес. Солардың iшiнде әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бiрi - мақал-мәтелдердi жан-жақты салыстыра зерттеуге бағышталған еңбектер. Сондықтан халықтың мәдени дүниесін дәрiптейтiн бұл тұрақты тiркестердiң тiлдiк табиғатын тану үшiн жүйелi зерттеу жүргiзудiң қажеттiлiгiнде күмән жоқ.
Жаңа ғасырдың басынан бастап қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердiң лексикалық, семантикалық және синтаксистiк жақтары ғана емес, сонымен бiрге көркемдiк ерекшелiктерін, олардың тiларалық ұқсастық деңгейлерiн, әр тiлдегi өзiндiк айырмашылықтары да қарастырыла бастады. Дегенмен, мақал-мәтелдердің осы ерекшелiктерiн, олардың тiлдiк басқа да мәселелерiн қамтыған еңбектердiң аздығы байқалады. Осы ақиқаттың өзi бiздiң тақырыбымыздың өзектiлiгiн дәлелдей түседi.
Сондай-ақ мақал-мәтелдерді қазақ, ағылшын тілдеріндегі жеке-дербес жаңа бір саласы - паремиологияның нақты зерттеу нысаны ету, оларды ұлттардың рухани мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен, ділімен сабақтастықта қарастыру. Яғни мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық және когнитивтік бірлікте қарастыру.
Бiздiң зерттеуiмiздiң өзектiлiгi бұлармен ғана шектелмейдi. Жоғарыда аталған ғылыми жұмыстар қазақ, ағылышын халық мақал-мәтелдерiн зерттеуге арналған. Мақал-мәтелдер әрбiр халықтың ауызекi тiлiндегi өзiне ғана тән ерекшелiктерге ие, құрылымы ықшам, образдары бейнелi тiркестер. Осы мәселелерді ескерсек, мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға бағытталған терең зерттеулердің құндылығы даусыз.
Демек, тіл және ұлттың бірлігін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік әрі этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыра отырып, олардың астарындағы ұлттық болмысты айқындау, тіл арқылы ұлттың тарихи санасын, мәдениетін таныту жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.
Мақал-мәтелдер қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасқанынан бері, сол ұлтпен біте қайнасып, жасап келеді. Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз.
Мақал-мәтелдер -сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім.
Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э. Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т. б. жұмыстарында қарастырылған.
Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі.
Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар - Н. Барли, А. Дундэс, А. Крикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тэйлер, Г. Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.
Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын сипаттау;
- фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдердің арақатысын қөрсету;
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- ММ-дер мен нақыл сөздердің арақатысын айқындау;
- ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;
- ММ-дердің жасалуындағы этнолингвистикалык уәждерді, көрсету;
- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін көрсету;
- ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік мағынасын, варианттылығын талдау;
- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
- этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
- қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;
- тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө. Тұрманжановтың, М. Аққозиннің, Б. Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П. Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A. P., Mackin Rand Mc. Caig I. K., Taylor A., Whiting B. J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson
G. L., Linda and Roger Flavell, A. B. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.
Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Жұмыста қазақ пен ағылшын тіл білімі қоры мен рухани қазынасын молынан пайдалана отырып, олардың жан-жақты қырларын анықтап, таныту мақсатында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық, этномәденилік тұрғыда зерттеліп, олардың жұмсалу шеңбері, ішінара тақырыптық топтары қарастырылды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасып, пайда болуы тұрғысынан ұқсастықтары зерделенді;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің уәждік сипаты көрсетілді;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінде қалыптасқан халық даналығының өзіндік ерекшеліктері де анықталды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінің құрылымының көркемдік образдылығы, бейнелік көріністері, құрылымы талданды;
- Қазақ, ағылшын мақал-мәтелдерінен «Адам» концептісінің құрылымы толық ашылды.
Зерттеу жұмыстың теориялық маңыздылығы. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің табиғаты аз зерттелініп келе жатқандықтан, тілдік мәселелердің біріне жатады. Олар тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық бірлік ретінде этностың ұзақ тарихи даму барысында қалыптасқандықтан біршама ғылымдар саласына - тарихқа, этнологияға, этнолингвистикаға, лингвомәдениеттанымға, фразеологияға, этнопедагогикаға, философияға, логика мен психологияға тікелей қатысты. Сондықтан да аталған ғылымдар саласының ілімін дамытуға өзіндік үлесін қосады. Мақал-мәтелдер категориясы мағынасы мен қызметін толықтырып, оны теориялық тұрғыдан дамытуға бағыт-бағдар нұсқайды.
Зерттеу жұмыстың практикалық мәнділігі. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі м ақал-мәтелдер халықтар арасындағы этномәдени үрдістердің нәтижелерін тіларалық қарым-қатынастар арқылы анықтаудың сенімді жолдарының бірі болып саналады.
Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсатына орай, дәстүрлі сипаттамалы, тарихи-этимологиялық талдау, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды. Кейбір атаулардың тілдік мәнін халықтық ұғым-түсініктерге сүйене отырып, сипаттау үшін этнолингвистикалық тәсілге де көңіл бөлінді. Халық даналығының «әрі ақыл, әрі нақыл түріне», көркем де бейнелі сипатқа ие болуын, қолданыс барысында «әрі нұсқа, әрі қысқа» түрінде жеткізілген мақал-мәтелдерді салтырмалы түрде зерттелді.
Магистрлік диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Мақал-мәтелдердің этномәдени және когнитивтік сипаты
1. 1 Ағылшын, орыс мақалдары және олардың қазақ тіліндегі баламалары, құрылысы, ерекшелігі, маңызы
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруға маңызды және шешуші рөл атқарады. Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұңы мен тұрмыстық жағдайы көрініс табады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақалдарсыз тілдегі ұлттың нақышты, дүниенің тілдік ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.
Белгілі ғалым Ә. Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдердің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен ма, ынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [1, 142-6]
Тіл білімін зерттеуде бір ғылымның құзырында кейде бірнеше ғылымның тоғысу процесін зерттеу мәселесі туындайды. Солардың біріне мақал-мәтелдер категориясы жатады. Оның басты себебі халықтың мәдениеті, өмір-тіршілігі ұқсас, тілі ортақ этностардың болмысында міндетті түрде бір-біріне әсерін тигізу, өз ықпалын жасау процесі байқалып отырады.
Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.
Мақал - мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Мысалы, «Қой шелді болмай, төлді болмайды». Осындағы сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. «Шелді мен төлді» ойымен де, үйлесімімен де іштей үндестік тауып тұр. Оның орнына майлы, сезім деген баламаны алсақ, мақал бүкіл шырай - көркінен, мән-мағынасынан айрылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды. Сол сияқты басқа сөздерді де өзгерте алмайсың. Олар осы бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие. Екінші бір мысал. «Ер дәулеті - еңбек». Мұндағы негізгі ой - еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы еңбек болған соң, мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық тағы да басқа сөздерді ала алмайсың. Онда мақал поэтикалық қасиетінен айрылады. Мақал - мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап та кетіп отырады. Бірақ одан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан келмейді. Мысалы «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенде шығады сөзі қалып қойған, бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz