Жабайы алма повесть


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Сапарбекова Данагүл
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
С. Мұратбековтің шығармаларындағы балалар психологиясының тілдік көрінісі
5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № __ « » 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., проф. Ермекова Т. Н.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы : С. Мұратбековтің шығармаларындағы балалар психологиясының тілдік көрінісі
5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған Сапарбекова Д.
Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., профессор м. а. Абдирасилова Г. Қ.
Алматы 2019
РЕФЕРАТ
Жұмыс көлемі - 69 бет.
Пайдаланылғын әдебиеттер саны - 43.
Кесте саны - 5
Тірек сөздер:
Мақсаты: Rөркем әдебиеттегі, өнердегі ілгері-кейінгі көркемдік, тілдік жүйенің сөз болу жайына барлау жүргізіп, терең негіздеріне үңілу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар салып, нақты мысалдар арқылы С. Мұратбеков шығармаларының көркемдік, тілдік ерекшелігін ғылыми саралау.
Міндеттері:
- Сайын Мұратбеков рухани құндылыққа айналуының басты себептерінің бірі - көркемдік келісімде екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне, бейнелік күшінің толыға түсуіне қаншалықты үлес қосқанын саралау;
- Сайын Мұратбеков шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;
- Сайын Мұратбеков туындыларындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы, адам бейнесін жасаудағы көркемдік жүйе шеберлігін сараптау;
- Сайын Мұратбеков тіл байлығының жүйесін, тілдік бейнелі көркемдегіш құралдардың қолданылуын, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу шеберлігін анықтау.
Қолданылған әдістер: саралау, сипаттау, лексика-семантикалық талдау, когнитивтік-концептуалдық талдау әдістері қолданылды.
Нәтиже:
- Кейіпкерлердің мінез-құлқын ашудағы тілдік шеберлігіне, психологизм, сонымен қатар көркем бояу өрнектерін талданды;
- Метонимия, метатеза, тұрақты тіркес, диалог, одағай, халықтық мақал-мәтелдер, нақыл сөздер т. б. көркемдік құралдарды қолдануда талдау жасалды;
- Балалар психологиясының тілдік көрінісін ашылды.
Практикалық қолданысы: зерттеу нәтижелерін жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстар мен семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Практикалық тұрғыдан ақынның тілдік тұлғасын зерттеу оның өлеңдерінің мәтінін тереңірек түсінуге көмектеседі, диплом материалдарын сөздік құрастыру барысында пайдалануға болады.
1. 1 С. Мұратбековтің «Жабайы алма» повесінде көтерген
мәселелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Көп ұлтты әдебиетіміздің гүлдеп тұрған мәуелі бағында Сайын Мұратбековтің жас талдай желкілдеп бой көтерген тамаша прозасы бітік шығып, алыстан көзге түсіп, көз тартары сөзсіз».
Ғ. Мүсірепов
Ұлы ақынымыз Абай негiзiн салған көркем жазба әдебиетiмiз ұдайы дамып, айдынын кеңейтiп келедi. Өткен ғасырда болған сұрапыл соғыстан кейiнгi кезеңге де көркем әдебиетiмiз кейiнгi толқын - тың күштермен толығып, мықтап дами түстi. Бұл толқын сапында тың дарын иелерi - Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза-Әлi, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Зейнолла Шүкiров, Ақан Нұрманов, Қалихан Ысқақ, Жайсаңбек Молдағалиев сынды туасы бөлек, өрнегi өркендi, тiлi құнарлы дарындар ерекше көзге түсiп, халық құрметiне бөленгенi белгілі.
Солардың қалың тобынан жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың шығармашылығы жөнiнде.
Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Құйқалы жер - Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген. Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Демек, ауыл тақырыбын өзек етiп, жазушының Жыр төгуiнiң негiзi мен түп тұғыры осында жатса керек.
Соғыс жылдарындағы ауыртпалықтар мен қиындықтарды Сайын, өз көзiмен көрiп, сол тiрлiкке қоян-қолтық араласқан қаламгер. Жазушыны қоғамдық орта, ел-жұрт тәрбиелейтiнi аян. Бұл ретте де Қоңырдың ежелгi тарихы өте бай өңiр. Мұнда Жоңғар жойқыны, Ұлы Отан соғысы жылдарында халық батыры Шынқожа, Найзагер сынды азаматтар ел қорғаудың асқан үлгiсiн көрсеткен. Қазақтың аса көрнектi ақыны Ғали Орманов пен Сайын Мұратбеков сол халық батыры Шынқожа баһадүрдiң ұрпағы болады. Сондай-ақ, осы Ешкiөлмес, Қоңыр тауларының бөктерiнде атақты Қойлыбай күйшi-қобызшы күңiренте күй төккен, атақты ақын Бiржан сал мен сара сөздiң шеберi Сара Тастанбекқызының айтысы да осы қызыл тобылғылы, Қоңыр тауының баурайында Ешкiөлместе өткенi белгiлi. Ұлы ақын Iлияс Жансүгiров осы өлке жайлы «Арынды менiң Ақсуым» деп жыр төккен.
Тарихи зерде ғой, зерттеушiлерге керек болар, әйгiлi Қапал батыр осы саумал ауалы Қоңырда жоңғарлармен соғыста ерлiкпен қаза болған. Оның ата-тегi ұлы жүздегi Дулат атадан тарайтынын жақсы бiлемiз. Сол Қапал батырдың зираты Қоңыр ауылының шығысында қоян жонындай бұлтиып жатыр. Осы Қызыл Қоңыр тобылғылы Қоңырда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов әйгiлi Құлжа сапарын бастаған. Осындай тарихы бай, құйқалы өңiр Қоңырда Сайынның дарынды жазушы болып өсуi әбден заңды болса керек. Әрi сол өткен ғасырдың елуiншi жылдары партияның ХХ съезi болып, ерiк-жiгердi, ой-сананы бұғаулап ұстаған сталинизмнiң темiр қақпанына тосқауыл қойылған - Жылымық кезеңi келгендi. Және сол кезде бүкiл одақта деревенская прозаға - ақын өмiрiне бетбұрыс жасалған едi. Сол бетбұрыстың шуағы қазақ әдебиетiн де дүр сiлкiндiрдi. Жазушы Сайын Мұратбеков мiне, осы кезеңде батыл еңбек етiп, өз өрнегiн, тың серпiнiн таныта бiлген жазушы, көркемсөз зергерi.
Жазушының алғашқы кiтабы «Ауыл оты» - оқырманды елең еткiзiп жақсылық нұрын, жандүниенi жаңғыртатын жылылық шуағын ала келдi. Бұдан кейiн жазушы «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «Кәмен-тоғай», «Дос iздеп жүрмiн», «Қалың қар» деген кiтаптарын, тамаша хикаяттарын қалың оқырманға ұсынды.
Сайынның туындылары - оқиға желiсiнiң шыншылдығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен бiр сөзбен айтқанда, табиғи нанымдылығымен ерекшеленiп, оқырманын баурап отырады. Қазақ ауылының қиын кезеңiн шынайы бейнелеп, полотнолық ғажап шығармалар жазған бақытты жазушыға «Жабайы алма» атты кiтабы үшiн мемлекеттiк сыйлық берiлдi. Сайын Мұратбеков қоғам қайраткерi ретiнде де абыройлы, үлкен қызметтер атқарған қаламгер. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнде жауапты қызмет атқарды. «Жазушы» баспасының директоры, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бас редакторы бола жүрiп, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң депутаты болып сайланды. Жазушы Сайын Мұратбеков жас қаламгерлерге қамқорлық көрсетiп, ұстаздық етуде де үлкен азаматтық өнеге, тәрбие ұсынды.
С. Мұратбековтің өзіндік қолтаңбасы бар, оның кең ауқымды ұлттық колориті, лирикалық сыршылдығы, философиялық тереңдігі, психологиялық көріністері жағынан жоғарыда аталған орыс жазушыларынан ғана емес, шығармаларына ауыл өмірін арқау еткен қазақ қаламгерлерінен де ерекшеленіп тұрады. Бұл жазушының барынша мол игерілген объектіге (ауыл өмірі) ешкімді қайталамауға тырысқан дара тәсілімен келуінде болып отыр. Әрине, жоғарыда аталған авторларды да басқалармен шатастыра қою қиын, оларда да творчестволық даралық бар. С. Мұратбековтің олардан басты ерекшелігі - ол өзіміз күнде көріп жүрген елемейтін құбылыстарды терең философиялық ойлар үшін пайдаланады. Сөйтіп, «микроәлем» арқылы «макроәлемге» шығады.
Шығармаларында орталық тұлға ретінде әрқашан бойына жайсаң қасиеттерді жинаған жақсы адам типі жүреді. Соның рухани байлығы, жандүние сұлулығымен сезім шынайылығы, көңіл тазалығы мен мұрат биіктігіне баса назар аударылады. Осыларға қарап, оның негізгі тақырыбы адамгершілік, ар ождан мәселесі десек қателеспейтін сияқтымыз. Жазушының, «Дүниенің өткіншілігі кімді де болса ойландыруға тиіс. Сондықтан әркім-ақ адамдар арасындағы осы бір аумалы төкпелі қарым-қатынасқа, парыз бен қарызға, ізгілікке өз тарапынан үн қосуда мақсат етсе күнделекті тірлігіміз әлдеқайда шуақты болар еді» [1, 35] деген сөзі де осыған саяды.
С. Мұратбеков әңгімелерінің кейіпкерлері - өмірден өз бақытын өздері іздеген қарапайым еңбек адамдары, егін өсірген дикандар, астық таситын арбакештер, қой баққан шопандар, жер жыртқан механизаторлар, сауыншылар, тіпті шөпқора мен әртүрлі қоймалардың күзетшілері немесе студент жастар, ғалымдар, мұғалімдер т. б. болып келеді.
Суреткер осы кейіпкерлерінің бойындағы саналы қасиеттерді тап басып танып оны жалаң насихатқа айналдырмай табиғи шынайы қалпында терең сезімдер арқылы өрнектеп береді. Осы ретте Л. Толстойдың «суреткер өз ғасырының жоғары білімі дәрежесінде болуы тиіс, ең бастысы - жеке бастың қамы үшін тіршілік етпейді, барлық адам баласының өмір тіршілігіне белсене араласуға тиіс» деген сөзі еске түседі.
Ол қым-қиғаш сюжет, елден ерек характер де іздеп жатпайды. Әдеттегі өмірдің өзіндей қарапайым сюжетті өзінің шұрайлы тілімен, көркемдік тәсілдерімен жеріне жеткізе суреттеп береді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлердің адам жанына неғұрлым жақын тұратындығы, күнделікті өмірде өзімізбен араласып бірге жүретіндей, сыры осындай шынайы қасиеттерінде болса керек.
Әдебиет сыншысы И. Крамовтың «С. Мұратбеков талант табиғатты жағынан өз көрген-білгенінен өмір тәжірибесінен тысқары тұрмайтын жазушылар санатынан» дегенінде шындық бар. Өмір жолындағы оның жұмысшы, мектеп мұғалімі, журналист, студент т. б. сияқты атқарған қызметтері шығармаларына әсер етіп өмірлік материал болғаны даусыз.
Қаламгердің «Мен өмірде көрген білгенімді ғана жазамын» [2] деуі осының дәлелі. Жазушы кейіпкерлерінің характері айқын, эстетиқалық талғаммен сұрыпталған типтік бейне дәрежесінен көрінуінің басты себебі де осында болса керек. Сондықтан да оның туындылары өміршең, оның дүниелері уақыт өткен сайын жаңа қырымен, жаңа сырымен ашыла, құлпыра түседі. С. Мұратбеков шеберлігінің көзі де - осы өмірдің өзімен біте қайнасуында жатса керек.
Шағын жанрда маңызды мәселелер көтеріп, соны образдар жасау, өмір құбылыстарынан күрделі түйіндерін түрлі характерлер арқылы айшықтап беру жазушының табиғи талантын, қажыр-қайратын, оның өмірмен байланысын, суреткерлік шеберлігін қажет ететіні сөзсіз.
С. Мұратбеков - жазушыға қойылар осы талаптардың үдесінен шыға білген қаламгер. Ол көркем әдебиеттің табиғатын, оның ішінде әңгіме мен повесті бүкіл болмысымен, жүрегімен сезіп, жаратылысын терең түсінеді.
«Жабайы алма» повесінен қаламгердің балалық шағындағы сол бір ауыр күндердің мұңды елесін, соғыс зардаптарының жаңғырығын байқауға болады.
С. Мұратбеков бұған дейін оқушы қауымға әңгіменің, шағын повестің шебері ретінде танылып келген еді. Мына көлемді шығармасын жазуда да сол бұрынғы тәжірибесін, жетістіктерін мол пайдаланғанын аңғаруға болады. Повесть желісінде бір ауылдың тұрмыс тіршілігі, сол ауыл тұрғындарының қарым-қатынасы, бет-бейнелері сипатталып, әрі барлығы лирикалық кейіпкердің атынан баяндалғанына қарамастан бұл туынды әңгімелер немесе шағын-шағын повестер циклына келіңкірейді. Бірақ, бұдан автор ұтпаса ұмтылмаған, қайта суреттелер әрбір оқиғаға әр қырынан келіп, мол, терең қамтуға мүмкіндік алған.
Соғыс тек қана майдан шебіндегі өмір мен өлім айқасқан қиян-кескі ұрыс, атыс-шабыс емес, бүкіл елдегі көп қарым-қатынастарды өзгерткен, ел басына неше түрлі қиыншылық, зобалаң тудырған алапат. Тұрмыс жүдеулігінен, тапшылық салдарынан әр түрлі психологиялық проблемалар, моральдық түйіндер пайда болған. Шығармада соғыс ауыртпалығына тап болған ауыл адамдарының қиын-қыстау кезеңдегі тіршілігі, тағдыры өмір шындығын дәл көрсететін детальдар, уақыт психологиясы өзгерткен характерлер, терең психологиялық оралымдар арқылы жан-жақты суреттеледі. Жазушы бала кезінде өзі көріп білген өмір шындығын сана елегінен өткізіп, өнер шындығына, көркем шығармаға айналдырған. Онда да жазушы публицистикалық емес, реалистік әдестің мол мүмкіндігіне сүйеніп оқиға болмасын суреттеуде лирикалық реализмді таңдаған.
Суреткер қарапайым адамдардың тағдырын, бейнет зейнетін, мұңы мен зарын, жасөспірім Қанаттың атынан қарапайым стильмен шебер баяндап берген. Аумалы-төкпелі заманда адамдардың тартысқа түскен тағдырын суреттегенде жазушы тұлғасы тіпті көрінбейтіндей, автор кейіпкерлерімен қосыла отырып, түрлі характерлердің жан сарайындағы иірімдерге сыршыл табиғатымен, басқа да көркемдік компоненттермен жол табады.
Повесте балалығына, жастығына қарамастан уақыт сынына төтеп берген жасөспірімдер, көкіректері сағынышқа, қайғы мұңға тола жүріп күні-түні еңбек еткен қыз-келіншектер, кәріліктерін ұмытқан кемпір-шалдар, ауырдың асты жеңілдің үстімен жүретін арамтамақтар бәрі де бар. Шығармадағы колхоз бастығы Нұғыман, бригадир Бағила, Тоқтар мен Нәзира, Қанат және оның достары, Байдалы мен Тұржан, Әжібек т. б. барлығы да ауылда бар, күнделікті өмірде ұшырасатын «таныс бейтаныс» бейнелер. Шығармада лиризм мен трагизм ұштасып жатады. Көпшілігінде юмор, мысқыл арқылы жазушы қайғылы жағдайлардың өзін лиризммен өрнектейді. Езуіңе еріксіз күлкі үйіретін оқиғалардың астарында, үңіле қарасаң, трагедия жатады. Бұл жазушы жасаған адам образдарының жүйесіндегі соны ізденістердің молдығын байқатады. Повесть кейіпкерлерінің өмірі осылайша бір қайғы, бір қуанышқа, бір үміт, бір өкінішке тола жүріп күрделі қиын болмысымен кеңінен көрініс табады. С. Мұратбековтің «Жабайы алма» повесі Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл адамдарының тұрмыс тіршілігін, соғыс әкелген зардаптың ащы шындығын көркем суреттеген шынайы әдеби шығарма.
Тақырыптың өзектілігі 60-70 жылдардағы ұлттық прозаның дамуын, көркемдік ізденіс жолын тану үшін уақыттағы өзге жазушылардың шығармаларымен бірге С. Мұратбековтың туындылары да жан-жақты қарастырылу қажет. «Жабайы алма» повесі тіл тұрғысынан осы уақытқа дейін терең жан-жақты зерттелмеген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - көркем әдебиеттегі, өнердегі ілгері-кейінгі көркемдік, тілдік жүйенің сөз болу жайына барлау жүргізіп, терең негіздеріне үңілу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар салып, нақты мысалдар арқылы С. Мұратбеков шығармаларының көркемдік, тілдік ерекшелігін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
- Сайын Мұратбеков рухани құндылыққа айналуының басты себептерінің бірі - көркемдік келісімде екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне, бейнелік күшінің толыға түсуіне қаншалықты үлес қосқанын саралау;
- Сайын Мұратбеков шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;
- Сайын Мұратбеков туындыларындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы, адам бейнесін жасаудағы көркемдік жүйе шеберлігін сараптау;
- Сайын Мұратбеков тіл байлығының жүйесін, тілдік бейнелі көркемдегіш құралдардың қолданылуын, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу шеберлігін анықтау;
- Сайын Мұратбеков тілді байытар тәсілдердің қолданылу жүйесін, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ақынның қалай қолданғандығын, ақынның поэзиясындағы айшықты сөздердің орынын, ақынның тіл шұрайын, сөздік қорын жете саралау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы .
- С. Мұратбековтің «Жабайы алма» повесіндегі жазушының сюжеттік - композициялық ерекшеліктеріне тоқталу;
- Кейіпкерлердің мінез-құлқын ашудағы тілдік шеберлігіне, психологизм, сонымен қатар көркем бояу өрнектерін талдау;
- Метонимия, метатеза, тұрақты тіркес, диалог, одағай, халықтық мақал-мәтелдер, нақыл сөздер т. б. көркемдік құралдарды қолдануда талдау жасау;
- Балалар психологиясының тілдік көрінісін ашыла түсетіндігіне, кейіпкерлердің оқушысына жақындай түсетіндігін ескерткен абзал.
Зерттеудің негізгі әдістері. Жұмыс барысында сипаттама жасау, жүйелеу, контекстуалдық талдау әдістері мен оларды түсіндіру, салыстыру тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысын жазу барысында Сайын Мұратбеков шығармалары көп томдық толық жинағы (3-том, Алматы, «Жалын баспасы» 2013ж) алынды.
Зерттеу нысаны: Диплом жұмысымның басты нысаны - жалпы жазба әдеби тілдегі С. Мұратбеков повесінде алатын орнын, идеялық эстетиқалық қызметін талдап, анықтау. Автордың қазақ әдеби тіліне қосқан үлесін айқындау, «Жабайы алма» повесіндегі тілдік көркемдік бояу өрнектерін тауып талдау.
Ғылыми жұмыстың теориялық-методологиялық негізі ретінде А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Т. Әлімқұлов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, М. Қаратаев, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп, С. Негимов, А. Егеубаев, А. Еспенбетов, З. Жұмағали, Ж. Дәдебаев, Т. Жұртбай, Б. Майтанов, Д. Ысқақұлы, Б. Әбдіғазиұлы, Д. Қамзабекұлы, Р. Тұрысбек, М. Хамзин, Т. Есембеков, Қ. Алпысбаев, т. б. зерттеуші ғалымдардың тікелей және жанама қатысы бар сындарлы зерттеулері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I ЖАЗУШЫ ПОВЕСТЕРІНІҢ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ХАРАКТЕР МӘСЕЛЕСІ
1. 1 С. Мұратбековтің «Жабайы алма» повесінде көтерген мәселелері
Сайын Мұратбеков шығармалары туралы бұрын да аз жазылмағандығы анық. Болашақта да жазыла беретіндігіне сенімдіміз. Өйткені Сайын Мұратбеков қай ұрпақтың өкіліне болмасын, өз айтары бар жазушы, үлкен қаламгер. Ақындық сөз саптаспен айтсақ, есімі қазақ әдебиетінің тарихына ендігі бас әріптермен жазылып қойған бірегей. Жазушылырымыздың бірі әдебиетте бала кезінде сүйсініп, тамсанып оқыған дүниелеріңнің уақыт өте келе әсер-қуаты көмескеленіп, кеми бермейтіндігі бар. Қайта бір қолыңа ұстағанда, өгейсініп қаласың. Кемшін тұстары көзге ұрып тұрады. Бұл да бір балалық шақтың бәрін оқысам, бәрін білсем деген қомағай қызығушылығымен оқылып қолған дүние болған екен дейсің де қоя саласың.
Ал Сайын Мұратбеков шығармалары ше? Сайын Мұратбеков қаламынан туған дүниелер, қаншама жылдар белесінен қайта оралып соғып жатқанымен, сені кеудеңнен қақпайды, жатсынбайды. Бәлкім, бұл сенің жан дүниеңнің де бір бөлігі осы қаламгер туындыларды көрініс тауып жатқандығынан болар. Сонымен, қаламгердің оларды боямасыз, шынайы бере білуінде. Осы бір бір қарағанда қарапайым көренетін әңгіме - повестердің сенің жүріп өткен өмір жолыңның, ащылы-тұщылы тағдырыңнын ақ-қарасын бағамдар ар таразысы да бола алмайтындығында. Бұл біздің тұтас Сайын Мұратбеков шығармашылығы туралы пікіріміз. Ал жекелеген туындыларына тоқталсақ ше? Пәлсафаның ыңғайына кетіп жалқыдан жалпыны тануға талпыныс жасасақ. Бір жағы, жазушының жақында ғана «Атамұра» баспасының жеке кітап болып шыққан «Жабайы алма» повесі бізге осындай мүмкіндіктің ретін келтіріп те отырған секілді. «Жабайы алма» повесть. Бала көзімен зерделеген соғыс жылдарындағы ауыл өмірі. Қысқаша осы. Ал таратып айтар болсақ . . .
«Тау бөктері тұтасқан жабайы алма болатын. Соғыс жылдары біз, жас балалар, қалың бөргезеге қол - аяғымызды қызыл-ала жоса ғып жырғызып, ұзақты күнге алмадан алма таңдап, сол бөктерде тентіреп жүруші едік. Қышқылтым ақ алма тістегеңінде мұз шайнағандай қаршылдайтын. Сәлден кеін тісті қамап, қалатын да зар қақтырып бастырмай тастайтын Сонда да жейтінбіз. [3, 39] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz