Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Сақ Данагүл Үсенбайқызы
Қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану жолдары
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ«5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № «» 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі, ф. ғ. д., проф.
Ермекова Т. Н.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫТақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану жолдары
«5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған: Сақ Д. Ү.
Ғылыми жетекші, п. ғ. м., аға оқытушы: Сатбекова А. А.
Алматы, 2019
Реферат
Жұмыстың көлемі : 68 бет
Пайдаланған әдебиеттер саны : негізгі әдебиеттер - 22, қосымша әдебиеттер - 23.
Тірек сөздер : дидактика, темп, таным, ойлау, логикалық ойлау, анализ, синтез, классификациялау, индукция, дедукция, белсенді әдіс, дәстүрлі әдіс, талдау, тәжірибе, жаңа технология, шығармашылық, құзырлылық, қабілет, көрнекілік әдісі, графикалық көрнекіліктер, бейнелеу құралдары, түрлі көлемдік құралдар, блокты кесте.
Зерттеудің мақсаты: қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби қызметіне бағытталған көрнекі оқытудың дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдар пайдаланудың бүгінгі таңдағы әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Осы мақсатқа жетуде төмендегідей нақты міндеттер жүзеге асырылады:
- Қазақ тілін оқыту үрдісінде көрнекі құралдарды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
- Тіл материалдарын меңгертуде көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау;
- Жаңа материалды түсіндіруде техникалық құралдарды (компьютер интерактивті тақта) пайдаланудың тиімді жолдарын белгілеу.
Әдіс-тәсілдері: Аталған зерттеу жұмысын жазу барысында салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, топшылау әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының жаңалығы:
- Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдардың түрлерін анықтау;
- Көрнекі құралдарды пайдаланудың ғылыми негіздерін белгілеу;
- Көрнекі құралдардың сабақ сапасын арттырудың рөлі айқындалады.
Практикалық қолданысы: Зерттеу жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5-6
- Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдарҚазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдаланудың педагогика-психологиялық негіздері . . . 7-18Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекіліктің түрлері . . . 18-28
2 Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері
2. 1 Көрнекілік әдіс-тәсілдері мен оларға қойылатын талаптар . . . 29-38
2. 3 Сюжетті суреттерге қарап мәтін құрау . . . 38-41
2. 4 Блокты кестелер және оны пайдалану жолдары . . . 41-49
2. 4 Есім сөздерді меңгертуде көрнекі құралдарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері . . . 49-64
Қорытынды . 65-66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67-68
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Бүгінгі таңда жүріп жатқан эканомикалық пен ғылыми-техникалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдында әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұның өзі Отанымыздың өркендеп дамуы мен әлемнің алдыңғы қатарлы озық елдер қатарына қосылуымен, жасампаздықпен ойлай алатын қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай, білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын пайдалану жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі
« . . . білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін тілдік фактілерді жалаң күйде емес, қатысымдық тұрғыдан меңгеру керек», - деген болатын.
Мектептегі оқыту үрдісіне қоятын негізгі талаптардың бірі - оны көрнекі етіп жургізу. Сабақты көрнекі етіп, нақты бейнелерге сүйене отырып жүргізу жайындағы пікірлер тек бүгінгі күннің еншісінде емес, бұдан бұрын да, атақты педагогтар үлкен мән берген. Кейінгі кезде бұл пікір дидактиканың негізгі ұстанымдарының біріне айналып отыр.
Көрнекі түрде оқытуды түрлі мағынада пайымдауға болады. Көрнекі оқытудың өзі негізгі мәні сабақ материалын түсінікті етіп жүргізу үшін, тиісті құралдар пайдаланып немесе тәжірибе қою арқылы өткізу болып табылады.
Сабақтың барысында көрнекіліктерді жиі қолданудың басты мақсаты баланың ой-өрісінің әлі қалыптаспағандығына, нақты бейнелерге сүйенуді қажет ететіндігінен болады. Әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланудағы мақсаты - сол бейнеленген нәрселерді ұғындыру емес, белгілі материалды түсіндіруде тірек ретінде қолданылуында болып отыр. Өйткені жас ерекшелігіне байланысты көрнекі тіректерге сүйенбейінше өз бетімен оқу тапсырмаларын меңгере алмайды. Мұның себебі балада абстрактілі бейнеге қарағанда нақты бейнені қабылдауға жеңіл болғандықтан, негізінде белгілі бір тілдік ұғымның түсінікті болуы соған сүйенетіндігінде.
Көрнекіліктің аса маңыздылығына байланысты жалпы білім беретін оқу бағдарламасында сабақ барысында пайдалануы талап етіледі.
Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде сабақ материалын көрнекі құралдар арқылы түсіндіруде (Я. Я. Зарина, А. В. Усова, М. М. Муканов, А. Жапбаров, т. б. ) еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл зерттеулердің көпшілігіне бір жақтылық сипат тән. Әсіресе, мектепте қазақ тілі материалдарын меңгертуге арналған көрнекіліктер арқылы сапасын арттыру мәселесі күні бүгінге дейін талап деңгейінен көрінбей келеді десек қателеспейміз. Міне, сондықтан көрсетілген көрнекілікті жою арқылы мектепте қазақ тілі пәнін оқыту сапасын арттыру мәселесін зерттеу таңдалған тақырыптың көкейкестілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны. Болашақ қазақ тілі пәні мұғалімінің сабақ материалын түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдалану жүйесі.
Диплом жұмысының мақсаты - қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби қызметіне бағытталған көрнекі оқытудың дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдар пайдаланудың бүгінгі таңдағы әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Жұмыстың методологиялық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы Заң», жалпы білім беретін мектепте мемелекеттік тілді дамытудың тұжырымдамасы, таным теориясы және ғылым логикасы, белгілі психология, логика және лингвистика мамандары мен әдіскерлердің еңбектері құрайды.
Диплом жұмысының міндеттері;
- Қазақ тілін оқыту үрдісінде көрнекі құралдарды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
- Тіл материалдарын меңгертуде көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау;
- Жаңа материалды түсіндіруде техникалық құралдарды (компьютер интерактивті тақта) пайдаланудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің болжамы: тіл материалдарын меңгерту сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану үдерісінде, біріншіден, оқушылар пән материалдарын оңай игереді, екіншіден, мұғалім оқушыларға материалды меңгертуді жеңілдетеді, үшіншіден, пәнге деген қызығушылығы артады, төртіншіден, білім сапасын арттырады.
Диплом жұмысының пайдаланған зерттеу әдістері: оқыту үрдісінде қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану мәселесіне арналған еңбектері талдау әдісі арқылы зерделеніп, зерттеу жұмысымызға бағыт-бағдар алынды.
Диплом жұмысының ұсынатын жаңалығы;
- Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдардың түрлерін анықтау;
- Көрнекі құралдарды пайдаланудың ғылыми негіздерін белгілеу;
- Көрнекі құралдардың сабақ сапасын арттырудың рөлі айқындалады.
Диплом жұмысының құрылысы: диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар
1. 1 Қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдаланудың педагогика-психологиялық негіздері
Көрнекі оқыту дегеніміздің өзін түрлі мағынада түсінуімізге болады. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып, өткізуге кейде мүмкіндік те болмайды. Сондықтан көрнекі оқытудың басқа түрлері де кездеседі.
Көрнекі оқытудың бұл соңғы түрі сабақта өтілетін жаңа материалдарды оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі оқытудың осы түрі де, оқушылардың сабақ меңгеруінде негізгі рөл атқарады. Өйткені мұғалім күрделі оқу мазмұнын оқушыларға жеткізу үшін ол жаңғыртады. Солайша жаңа мазмұнды оқушының бұрынғы білгендерін байланыстыра отырып, мұғалім оның білмейтінін білуге жетелейді [1, 116] .
Көрнекі оқытудың осы түріне сәйкес сабақта оқушылардың тыңдау процесін қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ туады. Себебі тыңдау процесі - бақылаудың бұл ерекше түрі. Сыныпта меңгеріп, ондағыларға сабақ материалын тыңдаттыру, негізінде, мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Тыңдау дегеннің өзі - ойланып толғанудың жемісі. Егер мұғалім айтайын деген ойын жүйесіз немесе асығып тез айтып кетсе, онда оқушылар зер салып, тыңдауға қанша тырысса да, ұстазының сөзіне толық еріп отыра алмағандықтан, оған түсіне алмайды. Себебі оқу мазмұнының бір бөлшегі тура ойлағанша кейбір оқытушылар айтайын деген ойын аяқтап та қояды. Осыдан шығатын қорытынды: сабақ баяндаудың өзінше белгілі бір темпі болуы керек.
Темп дегеніміз - сабақтың жүргізілуінің жай не шапшаң келуі. Уақытты үнемді пайдалану үшін, сабақты жылдам өткізу ұтымды болғанымен, оның өзінше мөлшерлері болуы қажет. Мәселен, оқу мазмұнын тыңдаттырып, оқушыны ойландыру үшін асықпай, сабақтың ең маңызды жерлерін аса ескертіп отыру қажет. Сондай-ақ оқушылардың сабақты тыңдауына жағдай туғызу үшін, сыныпта мұғалімнің дауысы үнемі бір жақтан естілуінің де маңызы зор [2, 212] .
Оқушылардың тыңдау процесін ұйымдастыруда мұғалім дауысының қандай болып келуінің ерекше мәні бар. Мұны түсіну үшін мынаны ескерген жөн. Әдетте, белгілі бір нәрсені басқа бір нәрсемен шатастырудың басты себебі бұлардың бірінің екіншісіне ұқсас келуінен. Сол сиақты сабақтағы мұғалімнің дауысы бір сарынды (монотонно) келіп, мазмұнның бір жері екіншісіне айқын естілмейтін болса, онда оқушылар не нәрсенің негізгі, не нәрсенің екінші дәрежедегі мәселе екенін ажырата алмайтын болады. Сондықтан дауысты түрлендіріп отыру - оқушыларды меңгеріп, сабақ тыңдаттыруға жұмылдырудың негізгі тәсілі. Мұғалім өзінің айтып тұрған сөзінің ішінен бір жерін өзге нәрселерден өзгешелеу етіп атап көрсеткісі келсе, онда ол көтеріңкі дауыспен айтады немесе сөз арасында «Мынаны еске алыңдар», «Осыны бұрынғылармен салыстырыңдар», - деп те ескертуіне болады. Сол сияқты, егер дауысты бұрын көтеріңкіреп сөйлеп, кейін баяулатып жіберсе, осы да оқушылардың назарын өзіне аударып, айтылып тұрған материалға зер салып тыңдауға мүмкіндік тудырады. Оқу мазмұндарын сөз арқылы түсіндіріп, нақты етіп баяндаудың әсері үлкен болса да, егер оқушы бұл мәселеге түсінбесе, онда толық нәтижеге ие болмағаны. Мәселен, оқушы берілген мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол сабақта қамтылған мазмұнның нақты көріністерімен берік ұштастырмағандығынан болып отыр. М. И. Сеченов бұл туралы бір сөзінде адам баласына өз тәжірбиесіне сүйенбеген бір ойдың да тууы мүмкін емес деген еді. Оның айтуынша, тіпті ғылым жетістігі деп есептейтін жаңа ой пікірлердің бәрі де, нақты бейнелердің негізінде болмақ. М. И. Сеченовтың бұл пікірі оқушының оқу материалын қандай жолмен ұғынатынын түсінуге мүмкіндік береді. Өйткені оқушы ұғымдардың бәрін де нақты бейнелердің, көрнекі оқытудың негізінде іске асады [3, 324] .
Оқытудың көрнекілік К. Д. Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдар емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу болып саналады. Көрнекілік әдісімен оқушыларды өз бетінше байқауға, үйренуге негіздейді.
Объективті шындықты білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Оқу материалы сезім мүшелерінің неғұрлым көбісінің қабылдауымен қабылданған болса, ол туралы соғұрлым толығырақ және нақтырақ түсінік пайда болады. Көрнекіліктің психологиялық мәні осында.
Сөз арқылы (2-сигнал жүйесі) оқушылар оқу материалын ақылға тоқиды, қорытынды шығарады, жинақтайды (абстрактілі ойлау) . Бірақ 2-сигналдық жүйе, бірінші сигналдық жүйе арқылы және сонымен байланысты ғана мағынаға ие болады. Бірінші және екінші сигналдық жүйенің өзара байланысы осында көрінеді. Нәрсені көрсету сөзбен, түсіндірумен, әңгімемен қатар жүргізіледі.
Сөз бен көрнекілікті қалайша ұштастыруға болады деген сұраққа Л. В. Занков зерттеу нәтижелеріне қарағанда, негізінде оның мынандай төрт түрі бар.
1. Оқушылар көрнекілікке назар сала отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз бетінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті бақылаған кезде неге мән беруге бағыт беріп отыру.
2. Көрнекілік мазмұнын мұғалімнің өзі баяндап шығады. Яғни, балалар мағлұматтарды көрсетілген нәрселерден алмайды, мұғалімнің әңгімесінен алады.
3. Мұнда көрнекілікті бақылау нәтижесінде алынған мағлұматтар мен осы жөнінде бұрыннан білетіндеріне сүйене отырып түсіндіру. Бұл жағдайда оқушы білімді көрнекіліктен ғана алмай, өзінің бұрынғы білетіндеріне де сүйенеді.
4. Төртінші жағдайда мұғалім көрнекіліктен жинақталған мәліметтер бойынша ой қорытындысын жасауға ұмтылады. Балалардың ескермей, мән бермей кеткен жерлерін ұстаз өзі толықтырып, шәкірттері қорытынды жасай алмаған жағдайда өзі түсінікті түрде баяндап береді.
Біздің ойымызша оқушыларды бақылампаздыққа үйретуде осы тәсілдердің ішінен сөз бен көрнекіліктерді ұштастырудың бірінші түрі негізгі рөл атқарады. Себебі әдістердің осы түрлі көрнекіліктерді оқушылардың өздеріне бақылаттырып, барлық мағлұматтарды өз беттерінше жинақтау дағдыларын қалыптастырады. Оқушы осы тәсіл арқылы бақылампаздыққа ие болып, көрнекіліктің бірден көзге көрінбейтін қасиеттерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктерді дұрыс пайдалануға, төмендегідей бірнеше талаптар қойылады. Мысалы, көрнекі құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда көрсетіліп, содан соң оқушылардың көңілін оған бөлмеу үшін жиналып тасталады. Сыныпқа әкелген көрнекі құралдарға бала қызығып, мақсатпен мән беріп бақылаудың орнына жай қызығушылықпен қарайды да, сабақтың нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар, сабақта көрнекіліктерді үнемі көрсетуге әуес келе бермей оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып және оларды бірінен соң бірін алмастырып отыру керек. Сабақты осылай етіп түсіндіріп отырудың тиімді екені мынадан:егер мұғалім оқу мазмұнын үнемі сөз арқылы түсіндіруге сөз арқылы әуес болса, онда балалар санасының бір орталығының қатты қозуының салдарынан, ол тежеуге айналып, тез шаршайды. Ал сабақ материалы үнемі алмасып, сабақтың бір бөлігі сөз арқылы баяндалып, өзге жерлері көрнекілікпен ұштастырылып отырса, онда мидың бір алыбы ғана қозып қана қоймай, басқа орталықтары да кезекпе-кезек қозып, оқушылар іске ұзақ мерзім шаршамайтын болады.
Қорыта айтқанда, көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулитын дидактикалық күрделі принцип. Көрнекіліктің қамтамасыз етілуі қоршаған орта мен заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түсінігі күрделеніп қалыптасады.
Оқушылардың тілін дамыта оқыту Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев, А. Алдамұратов, Е. Абақан, т. б. еңбектеріне сүйеніп зерттеледі.
Зерттеу жұмысында Ш. Құдайбердиевтің таным үдерісінің ерекшеліктері жайлы пікірі құнды деп танылды. Оның дәлелдеуінше, «Адамның тану процесі екі кезеңнен тұрады. Оның біріншісі - сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес жатады. Түйсік - дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесі сапалы әрі нәтижелері болуы оның дұрыс түйсіктене алуына байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау - адам танымының екінші баспалдағы» [4, 320] - деген Шәкәрім Құдайбердиевтің психологиялық көзқарастары, ғалым-тілші С. Рахметованың балаға тілді меңгерту барысындағы еңбектеріндегі ой-пікірмен сабақтасып жатады. Ғалым өз еңбектерінде тілді меңгертуде адамның таным үдерісін түйсіну, қабылдау, ес, ойлау, қиал деп ретімен бөліп көрсетеді. Профессор С. Рахметованың ұсынған таным үдерістері жазылым әрекетінің психологиялық негізін анықтауға арқау болады.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» кітабында: «Ойлау - ұғым, хұкім, һәм ой түзеулерді жасаумен болады» [5, 521] - дейді де олардың өзін іштей бірнеше тармақтарға тарата отырып қарастырады.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың ойлау әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Оқушылардың ойлау әрекетінің даму дәрежесін анықтауда мынаны ескерген жөн: ойлаудың дербестігі, оқу материалын берік ұғыну, ойлаудың жаңа жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы. Өйткені жазылым санада туып-қалыптасқан ойды, айтылып отырған сөзді түйсініп қабылдау және ұғыну үдерісі болып табылады.
Тіл мен ойлаудың өзара қатынасы - ертеде философтарды бірден-бір ойландырған мәселе. Бұның айғағы Платонның «Кратилі» - тілдің танымдық құралы екендігі жөнінде сөз қозғалған ең алғаш философиялық талдауы. Тіл жөніндегі Платонның тәржімелеуінің негізгі - атаулардың қоршаған ортаны танып-білу танымдық құрлымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл -үдерістің ең жоғарғы сатысы байқап бағдарлап, мән-мағынасын түсіне танып білу болып саналады. Плотонның тілдің танымдық қызметін қарастырмай, табиғи белгі тұрғысынан қарастыру қөзқарасының қалыптасуынан деп тұжырым жасауға болады. Ал үндітанушы ғалымдардың пікірі бойынша, үнді философы Анандавардханидың (IX б. ә. ) іліміндегі семантикалық өзгерістердің сипаты, ойлау мен тіл арақатынасы (ойдың пайда болуы мен сөзбен жеткізу арақатынасы) мәселелері бойынша айтқан ойлары қазіргі кезде де өз құндылығын жоймаған.
Қытайдың конфуционалдық ілімін қарастырсақ, бір заттың мағынасын түсіну үшін оның алғашқы идеялық болмысына, «идеалдық» мағынасына, «дұрыс» атауларына оралу ғана сол заттың белгілі болуына жол ашады деп түсіндіреді. Ежелгі қытайлық «И Чинг» («Өзгерістер кітабы») тұжырымдамасында адамның ойлау, таным үдерісін бір-біріне қарама-қарсы «Ян» (позитивті) және «Ин» (негативті) екі плюстік өлшем арқылы сипаталғандығын айтады. Мұсылмандық қайта өрлеу кезеңі болып саналатын Х ғасырда Абу Хайан тілдің кез келген элементтің маңыздылығын айта келе, тілсіз ешқандай да ойлаудың болмайтындығы негізінде тіл мен ойлаудың өзара тығыз ара қатынасы туралы пікір айтқан. Бертін келе тіл мен ойлау мәселесі Лейбництің (форманың мағына берудегі рөлі), И. Кант пен Г. Фреге еңбектерінде сөз болған. Соңғысының мағына теориясы жоғарыда атап өтілген Анандавардханидың семантикалық іліміне ұласады.
Сонымен, сонау Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық үдерісіндегі тілдің алатын өзіндік рөлі мәселелері әлі күнге қазіргі заман ғылымы болып табылатын таным теориясының нысаны болып табылады.
Ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары бір-бірімен байланысты қатар жүргізіледі. Бұл жөніндегі Н. И. Жинкин: «Овладение письменной речью происходит медленно, на базе через посредство устной речи. Достижение в письме перестраивают и устную речь учащихся», - деуі соның дәлелі [7, 312] . В. Г. Ананьев пікірі де соны қуаттайды: «Устная речь создовая готовность к усвоенную письменной, сама принимает иной вид на основе письменной» [8, 75] . Олай болса, жазба тіл ауызекі тілдің негізінде жетіле отырып, өзінің де құрылымдық ерекшелігі әрқилы дамиды. Бұл мәселе сөйлеудің екі түрі де - тіл мен ойлаудың танымдық білігінің нәтижесінде ғана нәтижелі болады. Қазіргі заманғы танымдық (когнитифтік) ғылым өзінің бастауын ежелгі дәуірден алады, өйткені танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау ықылым заманнан пікірталас тудырып келген түсініктер. Бұл, сайып келгенде, танымдық ғылымның ең маңызды да, басты мәселесі классикалық мәсел - тіл мен ойлау екендігін айқындай түседі.
«Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині алғашқы белгілі бір ақпаратты қабылдайды, оны белгілі бір електен өткізе, мида сақтай отырып, қажет кезін оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу үдерісін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығы айқындау үшін енгізілген. Бұл, жалпы айтқанда, танымдық ғылым - адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріп, біздің санамызда «жазылып», менталды, яғни танымдық үдерістің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай «жазылу» жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасында қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz