Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қорғауға жіберілді
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі,
_____________проф. Т.Н.Ермекова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу жолдары
Мамандық: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Орындаған Аблай Әсем Бақтыбайқызы
Ғылыми жетекші
п.ғ.д. профессор Сүлейменова Жарқынбике Нуайқызы
Алматы, 2019
Реферат
Жұмыстың көлемі-: 60 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 45.
Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, қазақ тіл білімі терминдері, терминдердің жасалу жолдары, лексика-семантикалық, синтаксистік, морфологиялық, калькалау, терминдер түзу қағидаттары, түркілік ортақ терминдер қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
oo қазақ терминологиясының тарихи кезеңдерін, үдерістерін, анықтау;
oo қазақ тіл білімі терминдерінің қалыптасу кезеңдеріндегі өзекті мәселелерді зерттеу;
oo қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдерін айқындау;
oo түркі халықтарына ортақ терминология қалыптастыру мәселелерін анықтау;
Қолданылған зерттеу әдістері: жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, саралау қорытындылау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні: қазақ тіл білімі терминологиясының тарихын бағалай отырып, тілдегі терминге ықпал етуші қозғаушы күштерді анықтау теориялық және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу тіл білімі терминдері бойынша теориялық тұжырымдарды дамытады, түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор қалыптастыру теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың тіл мен терминдерге байланысты материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы грамматика, тіл білімі, түркітану, түркітану тарихы, термин ғылымының тарихы және терминтану пәндерін оқытуда пайдалануға болады.
Нәтиже: қазақ тілі терминологиясының дамуына, қазақ тілі білімі терминдерінің жасалу жолдарын анықтауға, ортақ түркілік терминдік қор қалыптастыру мәселелерін шешуге, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жетілдіруге қалыптастыруға септігін тигізеді. Осы мақсатта тілдегі тіл білімі терминологиясының даму кезеңдері сараланды, даму тарихы сараланып, ерекшеліктері, жасалу тәсілдері айқындалды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақ терминологиясының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7
1.2. Тіл білімі терминдерінің лексика-грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... 14
1.3. Тіл білімі терминжасамының ғылыми қағидаттары ... ... ... ... ... ... .. ...23
2 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Тіл білімі терминдерінің морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2. Тіл білімі терминдерінің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3.Түркілік ортақ терминдер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .58
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.
Ел ішінде саяси өзгеріс болса, ол міндетті түрде терминдердің өзгерісіне әсер етеді. Бұл тұжырым бойынша қазақ терминологиясы қалыптасуына да әртүрлі кезеңдерде саяси өзгерістер өз ықпалын жасап отырған.
Қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу, қалыптасу тарихының кезеңдері бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақ тілі терминологиясының даму кезеңдері алғашқы кезең, дәстүрлі кезең, социалистік кезең және жаңа кезең деп төртке бөлініп түсіндіріліп жүр. Алғашқы кезеңде қалыптасқан терминдер мен термин жасау тәжірибелері дәстүрлі кезеңде ұлттық терминдердің жасалуына үлгі бола алды. Бірақ социалистік кезеңде қазақ тілі бірте-бірте ұлттық терминологиядан алшақтап, терминдер орысшалана бастады. Қазіргі қазақ терминологиясында да қазақ тілінде терминдерді қалыптастыру үлкен қиындықтарға, пікірталастарға ұшырауда. Алайда 1990 жылдардан кейінгі кезеңде ғылым салаларының ұғымдары мүмкіндігінше қазақшалануда.
Тіл білімі терминдері, жасалу тәсілдері, яғни терминжасам қағидаттарына негізделген морфологиялық, синтаксистік, лексика-семантикалық тәсілдерін анықтау қазақ терминологиясын дамытуда маңызды.
Сонымен қатар түркі халықтарына ортақ терминдер құру, оларды дамыту жолындағы қадамдарға қолайлы жағдай жасау және осы негіздегі түсініктерді қалыптастыру, әлем тілдерінде бар жаңа ағымдар мен әдістерді қолдана отырып терминология ғылымының еңбектерін жандандырып отырудың маңыздылығы зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдері.
Зерттеудің пәні - Қазақ тіл білімі терминологиясы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - қазақ тіл білімі терминологиясының тарихи даму үдерістері негізінде терминдердің жасалу тәсілдерін көрсету.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo қазақ терминологиясының даму кезеңдерінде ерекшеліктері және тіл білімі терминологиясының өзіндік даму ерекшеліктері анықталды;
oo қазақ тіл білімі терминологиясының даму кезеңдері нақтыланды;
oo қазақ тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдері көрсетіліп, ортақ түркілік терминдер жасау мәселесі қарастырылды.
Зерттеудің әдістері: зерттеуде жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, жинақтау, қорытындылау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні: қазақ тіл білімі терминологиясының тарихын белгілей отырып, тілдегі терминге ықпал етуші қозғаушы күштерді анықтау, тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдерін белгілеу теориялық және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор қалыптастыру теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың тіл мен терминдерге байланысты материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы грамматика, тіл білімі, түркітану, түркітану тарихы, термин ғылымының тарихы және терминтану пәндерін оқытуда пайдалануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тіл үйрету сабақтарында да пайдалануда тиімділігі бар.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
oo қазақ терминологиясының даму тарихы мемлекетте жүргізілген саяси күштердің, тіл саясатының терминологияға ықпалы күшті болғандығын көрсетеді;
oo тіл білімі терминдерінің жасалу тәсілдері жөніндегі теориялық тұжырымдардың түрлілігі оның күрделі жүйе екендігін дәлелдейді;
oo қазақ тіл білімі терминдерін жасау жолдары мен тәсілдері, сөздік құрамы, бірнеше сөздерден жасалған терминдердің қалыптасуындағы қиындықтар тіл ерекшеліктеріне байланысты.
oo қазақ және түркі тілдеріне ортақ термин жасау түркі тілдерінің терминдік қорын байытады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
0.1. Қазақ терминологиясының даму тарихына шолу
Білім беру және өнер саласындағы алғашқы қадам терминдерден басталады. Терминдер - білім беру және өнер салаларының ауыр жүгін арқалаушы сөздер. Қандай да бір ғылым саласындағы білім беруді тереңдетуде және мамандандыруда терминдердің алатын орны ерекше. Белгілі бір салада ілгерілеу сол саланың мәнін ашатын түсініктер мен ұғымдарға тікелей байланысты.
Әр білім саласының өзіне тән ерекшелігі бар. Қолданылатын сөздерге өзінің мағынасына сай жеке термин сөздерін қалыптастырады. Терминдер - білім беру, өнер, мамандық салаларымен байланысты ерекше бір ұғымның орнына қолданылатын сөздер.
Термин сөзі қазақ тілінде латын тілінен аударғанда terminus сөзінің орысша баламасы termin деген мағынаны білдіреді [1, 20]. Термин - латын сөзі. Алғашында бір заттың шегі, географияда да шекара мағынасында қолданылған; қазіргі таңда көбінесе тіл саласында айтылып жүр, жаңа ерекше бір ұғым мағынасында да қолданылады. Термин көбінесе бір сөзден, кейде бірнеше сөзден де жасалынады. Саясат, экономика деген жай сөздер болып табылады, ал бұл сөздерден құрылған саяси экономика, жаңа экономикалық саясат деген сөздер термин ретінде қолданылады. Терминдер басқа бір заттардың аты ретінде де кездеседі. Терминдер мағынасын өзгертпестен күнделікті жазуда да, жалпы қолданыста да бірдей мағынада қолданылады. Терминдер көбінесе қысқа және нұсқа мағынада болады. Термин - ерекше ұғым, мағынасы бір сөздер, бірнеше сөзден құрылған сөз тіркесі, белгілі бір ұғымның өзгеріске ұшырамаған сөздері мен сөз тіркестері. Бір білім саласына тән түсініктер жиынтығы осы саланың термині ретінде саналады.
Шерубай Құрманбайұлы термин сөзін мағыналық және ұғымдық ерекшеліктеріне қарай былай көрсетеді:
терминдер негізінде сөз немесе сөз топтары болып табылады (кейде сөйлем түрінде де кездеседі);
терминдер негізінде тілдік бірліктер (символ сөз, сан, географиялық белгі, баспа түрінде де кездеседі. бірақ терминологиядағы олардың сәйкес баламасы термин сөздерге қарағанда азырақ);
терминдер - белгілі бір терминологияның мүшесі (А.Реформатский);
термин деген - түсінік атауы;
терминнің міндетті түрде дефинициясы бар.
терминдердің негізгі бөлігі жалпы есімдер, негізінен, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады;
терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
терминдерді айрықша морфологиялық жағынан түбір терминдер, туынды терминдер, тіркесті терминдер деп үш топқа бөледі.
Осыған байланысты Ш.Құрманбайұлы терминдердің грамматика және мағыналық ерекшеліктерін зерттеген [2, 7-8].
Терминдер - әрбір білім беру саласының ортақ шартты белгілері. Бұл шартты белгілер мамандық иелері тарапынан қолданылса кеңінен таралады. Терминдердің білім беру саласына қатысты ортақ қолданысқа ие болуы, сол білім беру саласының жоғарғы деңгейге жетуін қамтамасыз етеді. Ұғымдардың термин ретінде қабылдануы және қолданылуы белгілі бір уақытты қажет етеді [3, 321-322]. Осы уақыт аралығында терминдердің белсенді түрде қолданысқа енуін қамтамасыз ету үшін ортақ күш салу қажет. Ғалымдар мен қоғамды негізге ала отырып, кейбір адамдар терминдер мәселесінде ортақ әрекет ете алса, терминдердің дамуы мен таралуы туралы мәселе туындамайтындығын көрсетеді.
Қазақ тілінің сөз байлығын қалыптастырған біріншіден, ата-баба-ларымыздан мирас ретінде қалған сөздер, екіншіден, бұрынғы заманнан қолданылып келе жатқан моңғол, қытай тілдерінен кірген сөздер, үшіншіден, ислам мәдениетінің шеңберінде араб, парсы тілдерінен кірген сөздер және төртіншіден, жалпы батыс мәдениетіне байланысты соңғы бір жарым ғасыр бойына орыс тілінен қалыптасқан сөздер.
Терминдер бастапқыда жалпы сөздерден айырылмастан жазылып келді. Осыған байланысты өткен екі ғасырдан бері дүние жүзінде және біздің өлкеміздегі даму мен алға жылжушылыққа байланысты мәдени өзгеріс қорытындысы маңызды болып табылады. Себебі соңғы екі жүзжылдықта жасалған ғылыми және техникалық зерттеулердің көпшілігі осы кезеңде жасалған. Қазіргі кезде термин тартыстарының негізінде ғылыми мәліметтер технологиямен сәйкестендіріліп, жаңа заттар өндіретін қоғамдарда, оны алып қолданылған өлкелер арасында, мәжбүрлі термин мен сөз алмасуы жасалған. Мұның алдын-алуды қалаған мемлекеттер тілдеріне енген сөзді немесе аудару арқылы, не болмаса басқа бір сөзбен баламалау жолын ұстанады. Осыны жасау барысында жаңа құрал немесе түсінік (ұлттық) атауымен бірге қабылданса, оны қабылдау қиынға соқпайды. Ал егер ұғым немесе құралы бірден жаңа шет тіліндегі атауымен бірге қабылданып, оған кейін балама ретінде сөз немесе термин ұсынылса, оны қабылдануы қиынырақ болады, кейде тіпті жаңа баламасын қабылдау мүмкін емес болуы мүмкін. Сондықтан жаңа қолданысқа енген ғылыми жаңалық пен құралға сәйкес келетін ұлт тіліндегі жаңа терминнің бірге кіруі өте маңызды.
Тіл - қоғам айнасы. Барлық оқиғаларды тілдің сөздік қазынасынан зерттеу мүмкін. Терминдер де тілдің сөздік қазынасының бір бөлігі болғандықтан, білім және өнер саласында өмір сүрген өзгерістерді зерттеу де мүмкін жағдай. XX ғасырдағы қазақ газеттерінің тілін зерттеген Ө.Айтбаевтың Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы [4, 117-162] атты кітаптың мерзімді басылымдар туралы бөлімінде, әсіресе Айқап, жалпы бүкіл қазақ газеттерінде қазақ тілінің терминдену кезеңіне сәйкес әр түрлі білім, өнер, әдебиет және журналистикамен байланысты еңбектердің болғанын көруге болады.
Қазақ терминологиясының дамуы, оның қалыптасу тарихы, термин жайында жарияланған еңбектер және терминдер сөздігінің барлығының дерлік бір бағытпен дамуы, олардың әр кезеңде бірдей дәрежеде жалғасын таппауына байланысты термин жасау біресе жылдам, біресе бәсең жүргізілді. Мұның екі негізгі себебі бар. Біріншісі, білім, технология және өндіріс саласында ілгерілеу, екіншісі де мемлекетте қалыптасқан тіл саясаты. Ғылыми зерттеулердің артуы, өндірістің өсуі кезеңінде тілге өте көп жаңа түсініктер енді. Оларға ат беру қажеттілігі туындады. Мемлекеттік тіл мамандарының қызметі, білім және өнер салаларында жасаған зертеу жұмыстары терминдік мағыналарға атау беру арқылы, тілдің қоғам өміріндегі қызметі мен рөлін, оның дамуын күшейтіп, ортақ пікірлер мен еңбектердің пайда болуына әкелді. Тіл мамандарының зерттеулері елдегі жүргізілген тіл саясатымен тікелей байланысты жүргізілді, тіпті олардың еңбектерін тіл саясатын анықтаушы жұмыстар деп бағалауға болады. Әсіресе, өткен ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қазақ терминологиясының даму жолы және осы бағыттағы зиялылардың белсенділігі негізгі еңбектерден көрініс тапты [5, 268-271].
Шерубай Құрманбайұлы [6, 117-156], қазақ терминологиясын кезеңдерге бөлуде оның сөз байлығының терминденуін негізге алған. Ербол Әбдірәсілов [7,137-187] болса, Қазақстанда басылып шыққан терминологиялық сөздіктерді негізге алған. Сарқыт Әлісжанов [8, 45- 58], Қазақ терминологиясы: жаңа теориялық тәжірибе атты кітабында Шерубай Құрманбайұлының қазақ лексикасының терминдену кезеңдері еңбегін негізге ала отырып, білім салаларына байланысты қазақ терминологиясының тарихи дамуы мен терминология тәжірбиесін негізге алғанын байқауға болады. Қазіргі қазақ терминологиясының саяси және әлеуметтік дамуына байланысты оның қалыптасуы мен дамуын келесідей кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
:: XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы онжылдығы тілдің дәстүрлі түрде жаңарған кезеңі деп есептеледі.
:: 1910-1930 жылдар арасындағы жаңа қазақ ұлттық терминологиясының қалыптасу кезеңі.
:: 1930-1990 жылдар арасындағы кеңестік терминология кезеңі.
:: 1990 жылдан бастап қазіргі кезге дейінгі терминологияның тәуелсіздік жылдарындағы кезеңі.
Қазақ тілі терминологиясының қалыптасуындағы өткен ғасырлардағы тәжірбиелер Қазан төңкерісіне [9,383-388] дейін жалғасты. Барлық зерттеушілер дерлік осы пікірді қолдайды. Алдыңғы дәуірдегі қазақ газет тілін зерттеген ол газеттің әрбір бетінде әртүрлі білім саласын қамтитын техника, өндіріс салаларына байланысты өте көп еңбектер басылып шыққандығын, бұл еңбектерде білім салаларына байланысты жүздеген түсініктер мен олардың орыс тіліндегі баламалары тура аударылып, оларға балама табу мұқтаждығы пайда болған деп көрсетеді [9, 333-335].
ІІ кезең қазақ халық ауыз тіліндегі, мәдениеті мен дініндегі, сонымен қатар әлеуметтік өміріндегі үлкен өзгерістермен мен қайта құрушылықпен ерекшеленеді. 910-1930 жылдар арасында қазақ елінің зиялы қауымы ұлттық тілдің дамуын негізге ала отырып, білім және өнер салаларына арналған дәстүрлі еңбектерін жаза бастады. Осы уақыт аралығында білім және өнер саласында көптеген еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жармахан Күдерин, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлов сияқты қазақ зиялылары болды.
Қазақ білім және өнер саласын дамыту ісі алғаш 1920 жылы Қазақ Совет Республикасы құрылған кезден бастау алады. Бұл іс сол кезде Қазақ АССР нің Халық білім комиссариаты жанындағы Академиялық орталықпен басқарылып отырды, сонымен қатар осыған байланысты қызығушылық танытқан Қазақ Ғылыми кеңесі де құрылған болатын. Оның бастауы мен 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі жасалды.[10, 94-106 бб.]. Екіншісі 1936 жылдан қазақ әдеби тілінің ғылыми терминдерін жасау және оның жұмысына басшылық жасау үшін Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы (ККСР) Министрлер кеңесі жанына терминологиялық комиссариат құрылып термин жұмыстарымен айналысты [11, 70-71]. Бұл жылдары қазақ әдеби тілі терминдерін жасау ісі үлкен ғылыми қауымдастықтарға жүктелді. ККСР Ғылыми академиясының Тіл және әдебиет институты еңбек етті.
Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілінің терминологиясының дамуы мен қалыптасуының екі жолын көрсетті [2, 152-153]. Ғалым көрсеткендей, біріншісі Алаш зиялыларының жолы, ал екіншісі Совет бірлігі кезеңіндегі жол болып табылады:
1910-1930 жылдары қазақ дәстүрлі тілін қорғау арқылы терминологияны ұлттық тіл негізіне орнықтыруды көздеген Алаш зиялыларының ұстанған жолы. Бұл жолды ұстанғандар Ахмет Байтұрсынұлы мен Елдес Омарұлының терминдер жасау ісін негізге алды. XX ғасырдың отызыншы жылдарына дейін жарық көрген білім, техника, өнер және әдебиет еңбектерінде, оқу құралдарында және термин сөздіктерінде орын алған терминдер осы ережелерге байланысты жасалған.
1930 жылдың басында басталып және 1990 жылға дейінгі аралықта терминдерді ұлттық деңгейде зерттеуге Орыс тілінен үлгі алып КСРО халқының тіліне ортақ, жалпы Совет терминологиясын орнықтыруды көздеген жол болатын [2, 5-6].
А.Байтұрсынұлының қазақ тілі, мәдениеті, тарихы және терминологиясының қалыптасуы туралы жазғандары қазақ терминологиясының негізгі іргетасы болып саналады.
А.Байтұрсынұлының түрік замандастары Зия Гөкалп және Өмер Сейфетдиннің терминдердің жасалуы және шет тілдерден термин алу мәселесіне қатысты пікірлеріне тоқталсақ, екеуі де түрік тілінің мүмкіндіктерін қарастыра отырып, шет тілдерден алынған терминдер мен сөздерді түрік тілінің сөйлеу ережелеріне негіздеуді көрсетеді. Зия Гөкалп ғылым терминдерін жасауда айрықша ұсыныс айтты. Жазушы бұл жөнінде: ғылым атауларын жасаған кезде, түбір сөзбен араб тілінде -йат, -йет жұрнақтары арқылы туркійат, ижтаійат, рухийат, пікрійат, айныйат т.б. жеңіл жолмен ғылым атауларын жасауды көрсеткен еді.
Өмер Сейфетдиннің Жаңа тіл атты мақаласындағы тіл туралы қағидаларында сөз және термин жасауға қатысты: Анадолы түрік тіліне басқа шет тілдерінен, атап айтсақ өзбек, түрікмен, қазақ тілдерінен сөз және ереже алынбауы тиіс деп айтып, бірақ кейін тіл ережелері мен сөзжасам ережелерін жақсы зерттеп, бұл туралы: сөз және термин алмасуға мүкіндік бар, - деп көрсеткен еді. А. Байтұрсынұлы осы орайда қазақ тілінің бүкіл мүмкіндіктерін қарастыра отырып, туыстас түркі тілдерінен сөз және термин алмасу керектігін айтқан еді.
Елдес Омарұлының 1924 жылы ұсынған еңбегінде Қазақша терминдер қазақтың өз тілінде жасалсын делінген. 1926 жылы жарық көрген еңбегінде ең алдымен терминдер мағынасы өзгермеген алғашқы нұсқасында алынуы тиіс және ол қазақ терминологиясының дамуының алғашқы қадамы деп атап көрсетті.
Қазақ терминологиясының қағидаттарын зерттеген ғалым Қ.Жұбанов 1925 жылдың мамыр айында Алматыда мәдениет қайраткерлерінің I жиынында келесі он бір қағидатты ұсынды [12, 17-18]:
Әуелі қазақ зиялыларының I Ұлттық ғылыми конференцияда, кейін 1926 жылы Бакуде Бүкілодақтық түркологтар жиынында халықаралық терминдер мәселесінде қазақ тілінің барлық мүмкіндіктері қолданылғаннан кейін, туыс тілдердің де сөз қорының қолданылу барысында ұлттық терминдердің жасалу қағидаларын шығарды. Нәтижесінде қазіргі таңда қазақ тілінің сөз қорының терминденуде ұтымды қолдану жолдарын көрсетті. А. Байтұрсынұлының осы қағидаларын болашақ ұрпақтар мұра етіп қолданары сөзсіз [13].
1924 жылы қазақ зиялыларының I отырысында А.Байтұрсынұлының ұсынған термин жасаудағы қағидаттары қабылданғаны белгілі. Алайда осы жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері, ғалымдарға ұлтшыл, буржуаз немесе кертартпа, ескі көзқараста қалған деген секілді кінәлар тағылып, қуғындалған болатын. Олардың әрбір ісінің қоғамға пайдасынан гөрі зияны көп деп есептелді. Бұл жағдай қазақ халқының жағдайын XIX ғасырдың екінші жартысында бастап 1930 жылға дейін созылған уақыт аралығында білім, техника, өнер, әдебиет және тіл саласындағы жеткен жетістіктердің барлығын ұмыттыру мақсатындағы әрекеттер басталды.
1930 жылы Совет бірлігінің партиялық мәжілісінде ұлттық тілдегі терминдерді дамыту мәселесі негізгі тақырып болды. Бұл мәжілісте Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) халқының тілінде термин жасаудың негізі ұлттық тіл орнына халықаралық терминдерді қабылдау деп табылып, термин комитетінің құрылуымен аяқталды.
1933 жылы Қазақстанда Термин комиссиясы құрылды. Бұл комиссия құрылғаннан бастап қазақ терминологиясында орталық тарапынан дайындалған терминдерді жасау, тілге қабылдау, оларды қалыпқа келтіру қағидаттарды белгілеу, бірлескен терминдердің емлесін жасау істерімен айналысты. Әсіресе осы кезеңде КСРО-ның анықтаған тіл саясатына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Осы жылы (КСРО) ҒА-ның Техникалық терминдер комиссиясы құрылды. Біраз уақыт өткеннен кейін бұл комиссия Ғылым және техникалық терминдер комиссиясы болып қайта құрылды. Кеңестер одағы кезінде болған өзгерістерді ұлттық мемлекеттерде жалғастыру жұмыстары жүргізілді. Әрине, қазақ терминологиясында орталық тарапынан дайындалған терминдерді, тілге қабылдау, оларды орналастыру қағидаттары, цитатадан алынған терминдер еш кедергісіз толықтай кіре бастады.
1935 жылы мамыр айында бірінші барлық Қазақстанның Мәдени қызметкерлері жиналысында проф. Қ.Жұбанов тарапынан ұсынылған қазақ терминологиясының жаңа қағидалары қабылданды [12, 150]. Осы уақытқа дейін термин жасау, шетел тілдерінен жаңа терминдер қабылдау және қазақ тілінің емлесіне сай жаза білу осы қағидаттарға байланысты дамыды. Бұдан кейін термин жасау, баспаға шығару және сөздіктер дайындау істерін даусыз күшейте отырып, ғылыми терминдерді жасау және даму жұмыстары кезеңнің идеологиясына сай атқарылу керек болды.
Ө.Айтбайұлы еңбегінде Мемлекеттік термин жөніндегі комиссия тарапынан дайындалған Қазақ тілінің терминдері [4, 162-166] сөздігінде терминдер туралы ауқымды ақпараттар берілгенін айтады. Бұған мысал ретінде Қазақ әдеби тілінің термин ғылымы бағытында көрсетілген Мемлекеттік термин комиссиясының (Мәдени қызметкерлердің съезі) жиналысында қабылдаған басты қағидат бір тілден басқа тілге аударылмайтын, әдеби тілдегі сияқты жазылып, айтылып енген терминдер, мысалы, революция, совет, теория, практика, тенденция, конкрет, т.б. аударылмай, осы формада алыну қажеттігі айтылды.
1990 жылы Кеңестер одағы таратылып, одақтың құрамына кірген мемлекеттер бір-бірлеп тәуелсіздіктерін жариялады. Осыған байланысты Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алды. Бұл жаңа кезеңде атқарылатын істер көп болды. Тәуелсіз Қазақстанның тілі, әдебиеті, өнері, білімі, техникасы жаңадан құрастырылуы керек еді. Қазақ зиялылары мемлекетті аяқтан тік тұрғызу, экономикасын жасау, қоғам өмірінің қажетті қызметтерін қалыптастыру басты мәселелерге айналды. Тәуелсіздік арқасында қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі болып жарияланды.
Ш. Құрманбайұлы мемлекеттің ресми тілі қазақ тілі болуын және білім мен өнердің барлық салаларында қажеттіліктерге жауап берілуі үшін социалистік кезеңнің іздерін арқалаған біраз ережелердің өзгертілуін айта отырып, бұлардың ең бастысы қазақ терминдерін қалыпқа келтіру және дамыту қағидаттары болуға тиіс екендігін көрсетеді. Ғалым қағидаттар жайлы: XX ғасыр басында басшылыққа алынған бұл қағидаттары ескіріп қалды деуге ешқандай негіз жоқ. Уақыт талабына сәйкес кейбір толықтырулардың болу мүмкіндігіне қарамастан, сонау 20-жылдары Ахаңдар жасаған қағидаттар, терминологиялық жұмыстарды жүргізуде басшылыққа алатын қағидаттар қалыптастыруда негіз болатындығы күмән туғызбайды, - дейді [14, 46].
Қазақ терминологиясының 1990 жылдан бұрынғы қазақ терминдерінің қағидалары кеңестер одағының тікелей ықпалымен орыс тілінің артықшылығын қабылдату мақсатында жасалынғаны көрініп тұр. Бірақ академик Ә.Т.Қайдаров жаңа термин жасау қағидаларын, қазақ тілінің жаңа термин жасау кезеңінің бағытын, формасын және құрылысын анықтады. Бұл қағидалар 1930 жылдың басында және соңында болған терминдік тәжірибелерді қамтығаны еріксіз көңіл аудартады. Термин түзуге қатысты академик Ә.Т.Қайдаров термин түзудің 11 қағидатын көрсетеді.
Қазіргі кезде терминдер тақырыбында ой қозғап жүрген ғалымдар мен сала мамандарының ұстанған жолдары және пікірлері екі топқа бөлінеді [4,186].
oo Қазақ тілінің өз мүмкіндіктерімен терминдер жасау, оны жасай алмаған жағдайларда шетел тілдерінен термин алу, алынған терминдерді қазақ тілінің дыбыс, құрылыс және мағына ерекшеліктеріне сәйкестендіре алуды қолдайтындар;
oo Термин жасау мәселесінде басқа тілдерден сіңіп кеткен сөздерді өз сөзіндей қабылдап, басқа тәсілдерді аңғармайтын, шетел тілдерінен термин алуға шектеу қоюды еш қаламайтындар;
Шерубай Құрманбайұлы терминдердің жасалуында пайда болған тілдік кемшіліктерді былай деп тұжырымдайды:
oo Тіліміздегі сөз тудырушы жұрнақтар терминжасам барысында орнымен жұмсалмай келеді;
oo Тіліміздің әртүрлі лексикалық қабаттарына жататын сөздер термин шығармашылығында ұғымды пайдаланылмай жатады;
oo Аудару барысында сөз мағынасын түсініп, ұғымның мазмұны мен көлемін ажырата білмеуден туындайтын орашолақ аударма атаулар да термин шығармашылығында орын алып жүрген кемшіліктер қатарына кіреді;
oo Бір ғана ұғымның әртүрлі ғылым салаларында түрліше аталуына жол берілуі де термин шығармашылығында кездесіп жататын кемшіліктердің бірі;
oo Керісінше, бір ғана арнаулы саланың терминологиялық жүйесін құрайтын әртүрлі ұғымдардың ортақ атаумен берілуі де терминжасам барысында кездесетін кемшіліктердің бірі;
oo Бір ғана ғылыми ұғымның оқулықтар мен оқу құралдарында терминологиялық сөздіктерде сол еңбектердің авторларының қалауынша түрліше аталып, жарыспалылыққа шектен тыс көп жол берілуі де термин жасау ішінде көрініс беріп отырған кемшіліктер қатарына кіреді;
oo Бір-бірімен тығыз байланысты ұғым атауларын терминологиядағы жүйелілікті сақтамай аудару да термин қалыптастырудағы кемшіліктердің бірі;
oo Туыстас түркі тілдерінің лексикалық қорында сақталған сөздерді пайдалану, олардың терминжасам тәжірибесін бөлісу мен термин алмасу мәселесі ескерілмей келеді;
oo Қытай, Моңғолия қазақтардың тілдерінде бар сөздерді сұрыптап пайдалану жетіспейді;
oo Аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп қателіктерге ұрыну жиі ұшырасады [6, 168-177].
1.2. Тіл білімі терминдерінің лексика-грамматикалық сипаты
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Тіл мамандары мен терминтанушылардың басым көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
1. Терминнің бірмағыналылығы. Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. Бір таңбаланушыға - бір таңба, бір таңбаға - бір таңбаланушы сəйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. Терминнің бірмағыналығы абсолютті жəне салыстырмалы болуы мүмкін. Бұл талаптың негізінен белгілі бір арнаулы терминология шеңберінде қойылатындығын ұмытпаған абзал.
2. Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы - осы үнем заңының талаптары. Алайда терминологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дəл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде, Термин мағынасының дəлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін жəне сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді. Терминнің қысқалығын: а) лексикалық ықшамдылық ə) тұлғалық ықшамдылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар.
3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сəйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы əдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тəсілдерін пайдалану арқылы туындайды. Салалық терминдердің көпшілігі əр саланың ғалымдарының, практик мамандарының қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тəсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин-сөздер ұшырасып қалып жатады.
4. Тілдік нормаға сəйкес келуі - кəсіби жаргондардың, фонетикалық жəне грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы.
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үсті-үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере бермейді. Бұл талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда мол.
6. Терминде эмоцианалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образдылықты емес, əр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дəлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоциональдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тəн болмауы талап етіледі.
7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн. Кейбір ғалымдардың терминнің үндесімділігі деп атап жүргені осы эстетикалық талапқа сəйкес келеді. Терминнің үндесімділігі - терминге қойылатын бұл талаптың екі аспектісі бар. Оның біріншісі - терминнің айтуға қолайлы болуына байланысты туындайтын орфоэпиялық тұрғыдан жағымды дыбысталуы.
8. Терминнің қолданысқа енгізілгендігі - терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе оның жаппай бірізді қолданылатындығы.
9. Синонимдердің болмауы - терминологиядағы бір ұғымға - бір ғана атау қағидатына сəйкес синонимдердің болмауы талап етіледі. Мінсіз жасалған терминологияға қойылатын бұл талап үнемі орындала бермейді. Алайда терминологияға да синонимділік тəн деп санайтын көзқарастың бар екендігіне қарамастан, терминологияда синонимділіктің болмауы үнемі талап етіліп келеді.
10. Инварианттылық - фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық жəне синтаксистік варианттардың болмауы.
11. Терминнің уəжділігі - термин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мəлімет беруі. Жоғарыда аталған талаптарды терминнің мағынасына, тұлғасы мен қолданысына қарай - семантикалық талаптар (1.мағыналық қайшылықтың болмауы, 2.бірмағыналылық, 3.терминнің толық мағыналылығы, 4.синонимдердің болмауы), терминнің тұлғасына қойылатын талаптар (1.тілдік нормаға сəйкес келуі, 2.терминнің ықшамдылығы (қысқалығы), 3. сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі, 4. инварианттылық, 5. уəжділік) жəне прагматикалық талаптар (1. қолданысқа енгізілгендігі, жатық айтылуы немесе жағымды дыбысталуы) деп үшке жіктеп қарастыру жиі ұшырасады. Негізінен терминологиялық əдебиеттердің көпшілігінде негізінен жоғарыдағы талаптар аталады. Ол үш топтың ішіне жоғарыда біз көрсеткеннен өзге де кейбір талаптарды да қосатын ғалымдар бар. Кейде жекелеген ғалымдар тарапынан бұл талаптардан өзге талаптар да аталып жатады. Мəселен, прагматикалық талаптардың қатарына терминнің қазіргі уақытқа лайық заманауилығы (современность), əлем ғалымдары арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге қызмет ететін халықаралықтығы (интернациональность) жəне кейбір сала мамандарының (медицина т.б.) өздері ғана түсінуге тиіс құпиялығы (эзотеричность) жатады деп санайтын ғалымдар да бар. Терминнің халықаралықтығы (интернациональность термина) - бірнеше ұлттық тілдердегі (кемінде үш тілде) тұлғалануы жақын немесе бірдей жəне мазмұндары сəйкес келетін терминдердің болуы. Терминге қойылатын бұл талапты ұсынушылар оның себебін ғылыми зерттеушілердің оның халықаралықтандыру үрдісінің жанданып, мамандардың халықаралық байланысын жасауға деген сұранысының артуына орай туындап отыр деп түсіндіреді. Екінші қырынан қарағанда, терминологияны халықаралықтандыруға қарсы - деинтернационализация, яғни терминологиялық лексиканың ұлттық сипатын арттыру үрдісі де бар. Əлемнің бірқатар елдері осы бағытты ұстанып тұр. Сондықтан да бұл талапты да терминге қойылатын негізгі талаптар қатарына қосудың негізі берік емес. Терминнің заманауилығы - көнерген терминдерді қолданыстан шығарып, олардың қазіргі заманғы терминдерімен алмастыру арқылы жүзеге асырылатын терминге қойылатын талаптардың бірі. Бірақ терминтанушылардың көпшілігі, бұл талапты міндетті түрде орындалуға тиісті басты талаптарға қоса бермейді. Бұларды Шерубай Құрманбай Қазақ терминологиясы атты кітабында жинақтап көрсетеді.
Қазақ тіліндегі грамматикалық кітаптардың жазылуын, тарихи дамуын қарастыру барысында А.Байтұрсынұлының шығармаларына зер салу керек. А.Байтұрсынұлы - қазақ терминологиясының атасы. 1910-1930 жылдар аралығында термин жасау ісі ұлт тілі негізінде жемісті жүргізілді. А.Байтұрсынұлының XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріндегі орны ерекше еді, ұлттың рухани көсемі бола білген ол халқына қатысты барлық шаруаның, әсіресе қазақ тіліне қатысты мәселелердің көш басында тұрды. А.Байтұрсынұлының Тіл - құрал мен Оқу құралы, Сауат ашқыш (1926), Әліпби (1928) атты балалар мен ересектерге арналған әліппелер мен оқулықтар, әдістеме мәселелеріне арналған Баяншы (1920), Тіл жұмсар (1928) атты мұраларынан басқа әр жылдары жазу, емле, терминология мәселелеріне байланысты жазған мақалалары Айқап, Қазақ, Еңбекші қазақ, Шора, Жаңа мектеп сияқты газет-журналдарда басылып отырған. Осы еңбектер арқылы А.Байтұрсынұлының қазақ жазуы мен емлесі, фонетикасы мен грамматикасы, терминологиясы мен әдістемесінің жүйесі көпшілікке танылды. 1924 жылы Қазақстанның ескі астанасы Орынборда 12-18 маусым аралығында I Ұлттық ғылыми конференцияда А.Байтұрсынұлының термин туралы еңбектерінен мынадай қорытынды жасалды [14, 61]: Қазақша термин сөздіктер мемлекеттің өз тілінен алынсын. Қазақ тілінде сөздіктер жасауда басқа тілден енген сөздер ана тілге түсінікті мағынасында аударылуы керек. Қазақ тілінде табылмаған терминдерді басқа түркі халықтарының тілінен табу керек, өйткені олар мағынасы жағынан ұқсас келеді, ал батыс тілінен болса дәл сол қалпында өзгертпестен енгізілуі тиіс.
Еуропадан енген сөздер бүкіл дүниежүзінде де бірдей термин ретінде қолданылады, бірақ олар қазақ тілі ережелеріне сәйкестендіріліп, бізде де термин ретінде енгізілсін. Одан басқа мағынасы қазақ сөздеріне сәйкестендіріліп екі жаққа да қолайлы болатын сөздік жасалуы тиіс. Қазақ тілінен басқа тілдерден алынған терминдер қазақ тіліне өзгертіліп алынсын.
Қазақ тіліндегі терминдер сол саланың мамандары арқылы тексеріліп, тек қазақ халқы үшін болуы тиіс. Терминдер алдымен тіл мамандарынан тек-серуден өткеннен соң комиссияның тексеруіне жіберіледі, олардың мақұлдаған терминдері сөздіктерге енбестен бұрын халық арасына қолданысқа енуі тиіс. Қолданысқа түскен терминдер ғылыми комиссияның бақылауымен басып шығарылсын.
А.Байтұрсынұлы мұралары лингвистикалық тұрғыда Т.Қордабаевтың А.Байтұрсынов - тіл туралы ғылымымыздың негізін салушы [16], Р.Сыздықтың Термин жасау - Ахмет Байтұрсынұлы көтерген тарихи жүктің бірі [17], Б.Қалиұлының Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері [18], Ш.Құрманбайұлының Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының рөлі [19], Б.Момынованың А.Байтұрсынұлы және лингвистикалық терминдер [20], А.Салқынбайдың А.Байтұрсынұлы терминдерінің мәні [21], Ж.Мұсаеваның Ахмет Байтұрсынов - лингвист [22] және өзге де тіл мамандарының мақалаларында қарастырылған.
А.Байтұрсынұлының 1925 жылы шыққан Тіл құралы қазақ тілінің сөйлем жүйесі мен оның түрлеріне арналды. Осы оқулықта А.Байтұрсынұлы: Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлемнің жаны - сөздердің басты мағыналы болып құралуы (қысқаша айтқанда, сөйлемнің мағынасы) [23, 263-264], - деп, сөйлем құрамындағы сөздердің өзара мағыналық жақтан үйлесуі, сөйлемнің түсінікті болуы сөз табиғатынан шыққан заңдылықтар негізінде, яғни сөйлем жүйесі негізіңде жасалатындығын айтқан. Оқулықтың екінші бөлімінде қазақ тіліндегі сөйлем түрлері айтылуына, құрылымына қарай топталып, арнайы терминдік атаулармен айшықталып, анықтамалары берілген.
Ғалым К.Қарабаева зерттеу жұмысында А.Байтұрсынұлының еңбектерінен теріліп алынған қазіргі қолданыста бар лингвистикалық терминдерді тіл білімінің салаларына қарай топтастырып берді. Ол терминдер барлық оқу құралдары мен оқулықтарда беріледі [24].
А.Байтұрсынұлының фонетика саласына қатысты қазіргі қолданыстағы терминдері: әліпби, әріп, дыбыс, дыбыс жүйесі, дыбыс таңбасы, дауысты дыбыстар, дауыстылар, дауыссыз дыбыстар, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, үндестік заңы, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, үнді дыбыс, буын, бір буынды сөз, екі буынды сөз, үш буынды сөз, төрт буынды сөз, жіңішкелік белгісі.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты бұл терминдер негізінен қазақ-тың төл сөздері арқылы жасалған. Ал, әліпби, әріп кірме терминдері қазақ тілінің ерекшелігіне бейімделіп қолданылған. Терминдік мәнге ие болған әліпби, әріп сияқты кірме сөздер қазақ тілінің ерекшелігіне бейімделіп қолданылып, беретін мағынасы өзі белгілейтін ғылыми түсінікпен тығыз байланыста қолданылады. А.Байтұрсынұлы жасап, ғылыми айналымға енгізген терминдердің барлығы бүгінге дейін өзі бастапқыда атау болған терминдік ұғымдарды ғана білдірмейді. Мысалы, Махамбет Жүсіпұлы А.Байтұрсынұлының фонема ұғымын белгілеу үшін көп жағдайда дыбыс терминін қолданғанын айтады. Ол кезде тілдің дыбыстық қорының таза фонологиялық тұрғыда зерттелмеуі себепті фонема, дыбыс, әріп сияқты терминдерінің ара-жігі бүгінгідей ажыратылмағандығын атап көрсетеді [25, 65].
Лексика саласына қатысты қазіргі қолданыстағы терминдер: тіл, сөз, сөз мағынасы, ұғым, сөз жүйесі, қос сөз.
Морфология саласына қатысты қазіргі қолданыстағы терминдер:
сөз тұлғасы, түбір сөз, туынды сөз, қосымша, қосалқы, жалғау, жалғаулық, септік жалғау, атау тұлғасы, ілік септігі, барыс септігі, табыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, жұрнақ, сөз табы, атауыш сөздер, зат есім, деректі зат есім, дерексіз зат есім, жалқы есім, жалпы есім, сын есім, жай шырай, сан есім, реттік сан есім, есептік сан есім, есімдік, жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, етістік, көмекші етістік, туынды етістік, болымды етістік, болымсыз етістік, етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, шақ, осы шақ, өткен шақ, келер шақ, есімше, көсемше, тұйық рай, ашық рай, шартты рай, қалау рай, жақ, жекеше түр, көпше түр, сыпайы түр, анайы түр, көптік жалғау, ортақ тәуелдеу, оңаша тәуелдеу, үстеу, мезгілдік үстеу, мекендік үстеу, шылау, одағай, емле, демеу.
А.Байтұрсынұлының морфология саласына қатысты авторлық терминдері қатарында көмектес септік атауы жоқ. А.Қоңырова қазақ тіліндегі жеті септіктің бірінің атауы болып табылатын көмектес септік [26, 9] терминін Синтаксис саласына қатысты қазіргі қолданыстағы терминдер:
сөйлем, сөйлем жүйесі, сөйлем түрлері, сөйлем мүшесі, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, тура толықтауыш, пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, қыстырма сөздер, қаратпа сөздер, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, басыңқы сөйлем, бағыныңқы сөйлем, шартты бағыныңқы, төл сөз, төлеу сөз, тыныс белгілері, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, үтір, нүкте, қос нүкте, көп нүкте, тасымал, тасымалдау.
Жалпы алғанда, А.Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімі терминологиясының негізін қалаған ғалым.
Филология ғылымдарының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов - тіл білімінің әр алуан саласында өзіндік із қалдырған ғалым. 1933 жылы құрылған Мемлекеттік Терминология комиссиясының тұңғыш төрағасы болып тағайындалған Қ.Жұбанов қазақ терминология ғылымының іргетасының берік қалануына ат салысты. Профессор Қ.Жұбанов А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі дыбыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, толық дауысты, буын сияқты т.б. терминдерді сол күйінде қабылдап, ал басқа терминдерін жетілдіріп, басқаша атап, өзі жаңадан терминдер жасап шығарған.
Жалпы, Қ.Жұбанов дыбыстарды үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz