Критериалды бағалау жүйесінің маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ тілі білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Төлен Үкі Мұсақызы

Оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесі

(8-9 сыныптар)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B020500 - Филология мамандығы бойынша

4-курс, 4 жылдық

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ тіл білімінің

теориясы мен әдістемесі

кафедрасының меңгерушісі

профессор Т. Н. Ермекова

« »2019 ж.

Оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесі

(8-9 сынып)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: Төлен Ү. М.

Ғылыми жетекші,

п. ғ. д., профессор Сүлейменова Ж. Н.

Норма бақылаушы,

ф. ғ. к, доцент Отарбекова Ж. К.

Алматы, 2019

Реферат

Жұмыстың көлемі -: 62 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны : 30.

Тірек сөздер : критериалды бағалау, орта мектеп, білім беру мазмұнын жаңғырту, қазақ тілі, қалыптастырушы, жиынтық бағалау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - 8-9-сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесі.

Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Критериалды бағалау жүйесінің маңызын анықтау;
  • Критериалды бағалаудың өзекті мәселелерді зерттеу;
  • Критериалды бағалаудың түрлерін саралау;
  • 8-9-сынып оқушыларының қазақ тілінен алған білімін бағалау жүйесі

Қолданылған зерттеу әдістері: жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, саралау қорытындылау, тұжырым жасау, тәжірибе жасау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні : Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні : Критериалды бағалау жүйесін анықтау дидактикада, оқыту әдістемесінде теориялық (теория) және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың практикалық материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту, қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары теориясын оқытуда пайдалануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тіл үйрету сабақтарында да пайдалануда тиімділігі бар.

Нәтиже: Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін критериалды бағалау жүйесі орта мектепте білім мазмұнын жаңартудың негізгі құралы болып табылады. Білім сапасы оқушының өмірге, қоғамға бейімділігін қалыптастырады, олардың функционалдық сауаттылығын арттырады. Қазақ тілі сабағаныда 8-9 сынып оқушыларының білімін қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арқылы білім сапасын көтерудің маңыздылыңы - аталған пәннің барлық ғылым негіздерін меңгеруге негіз болатындығында.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Критериалды бағалау жүйесінің маңызы . . . 7

1. 2. Критериалды бағалаудың түрлері . . . 19

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ:ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫРЛАРЫ

2. 1. Қазақ тілі сабағында критериалды бағалауды ұйымдастырудың

психологиялық-дидактикалық негіздері . . . 39

2. 2. Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін критериалды

бағалау:тәжірибелік сабақтар үлгілері . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Қазіргі әлемде білімнің қоғамдағы барлық саладағы ілгерілеуді қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Білімнің негізгі және ең ұзақ сатысы ретінде мектеп білімінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің түйінді сәті болып отыр, оған әр азаматтың және тұтас қоғамның келешектегі өмірлік табыстылығына байланысты.

Оқушылардың және олардың ата-аналарының әрбір индивидумның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын толыққанды білімге құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасаған маңызды. Оқудың нұсқалары мен әдістерінің көптүрлілігі көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы объективті ақпаратпен ілесуі тиіс, оны білім алушылардың жетістіктерін бағалау үрдісінде айқындауға болады.

Бағалау үрдісін қайта қарастырудың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтижелерінің объективтілігін және қазақстандық мектеп түлектерінің ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда. Қазақстанның «PISA (Programme for International Student Assessment- Оқушылардың білімін бағалаудың халықаралық бапғдарламасы) - 2009» нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, Қазақстан Республикасында Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде.

Ең алдымен бастауыш мектептің бірінші сыныбында ресми білім алу бірінші сынып оқушыларының мектепке жайлы бейімделуі үшін бағалаусыз оқыту қағидаттары негізінде құрылған. Іс жүзінде бастауыш мектеп білім алушыларының жетістіктерін бақылаудың және бағалаудың балама жүйесі табысты қолданылуда. Білім алушылардың, соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының да жетістіктерін бағалаудың ұтымды нұсқасы критериймен бағалау жүйесі болып табылады. Бұл - ортаңғы буын сыныптары үшін негіз болды.

Зерттеу тақырыбымызға сәйкес «Қазақ тілі» пәнінен 8-9 сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практикалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстарын өсу динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл мәселе дидактикада өзекті болып табылады.

Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес ұпайлық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ.

Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың орта мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді. Бұл мәселе зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Зерттеудің мақсаты - 8-9-сынып оқушыларының білімін критериалды бағалау жүйесі.

Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Критериалды бағалау жүйесінің маңызын анықтау;
  • Критериалды бағалаудың өзекті мәселелерді зерттеу;
  • Критериалды бағалаудың түрлерін саралау;
  • 8-9-сынып оқушыларының қазақ тілінен алған білімін бағалау жүйесі

Зерттеудің нысаны. Критериалды бағалау жүйесінінің жүзеге асуы.

Зерттеудің пәні - критериалды бағалау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Критериалды бағалау жүйесінің даму кезеңдері анықталды;
  • Критериалды бағалау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері анықталды;
  • Критериалды бағалаудың түрлері нақтыланды;
  • Критериалды бағалау жүйесінің жүзеге асу жолдарының ерекшеліктері, 8-9-сыныпта қазақ тіліне қатысты құрылуы мазмұндық қырынан ашылды.

Зерттеудің әдістері : зерттеуде жинау, түсіндіру, статистикалық талдау, жинақтау, қорытындылау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні : Критериалды бағалау жүйесін анықтау дидактикада, оқыту әдістемесінде теориялық (теория) және тәжірибелік зерттеулер үшін маңызды. Теориялық жағынан зерттеу қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясын жетілдіруге үлес қосады. Жұмыстың практикалық материалдарын жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту, қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары теориясын оқытуда пайдалануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, тіл үйрету сабақтарында да пайдалануда тиімділігі бар.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Критериалды бағалау жүйесінің маңызы

Жаңартылған мазмұндағы оқу пәндері бойынша білім мазмұны білім алушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуіне бағытталған, бұл тек белгілі бір білім көлемін алу ғана емес, сонымен қатар оларды оқуда және өмірлік мәселелерді шешуде қолдана білу, яғни білім алушыларда функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Отандық орта білім беру мазмұнын жаңарту жөніндегі шараларда қазіргі өмірде кеңінен қолданылатын дағдыларға баса назар аударылады. Жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, бұл дағдылар білім алушыларға оқу және өмірлік сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» мынадай әрекет түрлерін қамтиды:

  • білімді шығармашылықпен қолдану;
  • сыни ойлау;
  • зерттеу жұмыстарын орындау;
  • АКТ пайдалану;
  • тілдік дағдыларды қоса алғанда, коммуникативтік қарым-қатынас тәсілдерін қолдану;
  • топта және жеке жұмыс істей білу.

Жаңарту жағдайындағы бағдарлама оқу жетістіктерінің өнімділік сипатымен ерекшеленеді, ал оқу процесі әрбір сабақта «білім алу» бойынша білім алушылардың белсенді әрекетімен сипатталады. Бұл жағдайда оқушы -таным субъектісі, ал мұғалім - білім алушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырушы болып табылады.

Әрбір оқушы жасына және табыстылығына қарамастан, жеке тұлға ретінде қабылдануына ұмтылу қажет. Оқу мақсаттары оқушы мен мұғалім үшін ортақ болған кезде білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісі болып табылады.

Осыған қол жеткізу үшін білім алушының дамуына қолайлы достық орта құру маңызды болып табылады.

Жаңартылған мазмұн бойынша оқу пәндерін оқыту мыналарды қамтамасыз етеді:

  • энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруден ақпарат алу тәсілдерін үйретуге бағытталған оқытуға баса назар аудару;
  • серіктестік пен дербестікке қабілетті тұлғаның өзін-өзі реттеуі;
  • ақпаратты өз бетімен табу, талдау және тиімді пайдалану білігін қалыптастыру;
  • оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын оқу процесінің дәстүрлі ұйымдастырылуынан алшақтап, білім беру салалары бойынша анықталатын және іс-әрекет аспектісін көрсететін күтілетін нәтижелерге назар аудару, яғни білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «синтездейді», «бағалайды».

Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында озық тәжірибелерді, сабақ беру мен оқытуда, бағалау жүйесінде жаңа технологиялар мен тәсілдемелерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытуда әртүрлі цифрлық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік өзара іс-қимыл, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, «мұғалімдермен алмасуды» пайдалануды кеңейту, мектепте пәндерді оқытуда жаңа технологияларды қолдану бойынша шеберлік сағаттарын өткізу қажет.

Жаңа стандарт құзыреттілік тәсілдемеге негізделген, сәйкесінше, оқу бағдарламаларының құрылуы өзгертілді: біз мұғалімнің үйренгеніндей міндетті түрде меңгеруге тиісті материалдың белгілі бір көлемін емес, күтілетін нәтижелерді көздейміз. Бұл оқушының қабылдауының өзгеруін, оқытудағы авторитарлықтан ынтымақтастыққа көшуді білдіреді.

Бүгінгі мектеп оқушылары - ұлттың зияткерлік әлеуеті және оларға еліміздің болашағы тәуелді. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік үрдістер мектеп білімінің мазмұнын жаңартудың жедел қарқынын талап етеді.

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хатта: «Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады», -делінген [1, 21] .

Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту процесі білім алушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқыту процесінде оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 саласы бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негізделеді және білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды.

Оқыту мақсаттары күтілетін нәтижелер түрінде ұсынылып отыр. Әрбір бөлімшелерге дәйекті түрде енгізілген оқыту мақсаттары, мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының өз бетінше бағалауының негізгі функциясы - өзін прогрессивті түрде тану және өзінің үнемі оқуға деген қабілеттерін дамыту. Оның мақсаты - оқушыны өз қабілеттерін шындыққа сүйеніп бағалауға, оны өз жетістіктерін қадағалауға, оқуда белгіленген мақсаттарын түсінуге, өзіне өз оқуындағы мақсаттарды белгілеуге үйрету. Өз бетінше бағалау жолымен оқушы өз жетістіктерін, өзінің оқу және жұмыс қабілеттерін бақылап, талдауға алады. Бұл жағдайда оқушыға мұғалім тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады [2] .

Мысалы, Финляндия мектебіндегі оқушылар жетістігін бағалаудың уәжді функциясын да атап өткен жөн, ол оқушы мен оның ата-аналарының назарын оқушының не білетініне және не істей алатынына аударады. Жетістіктерді бағалау оқушының оң бейнесін, ең алдымен, оның өзі үшін қалыптастыру үшін қызмет етеді, бұл оны жаңа оқу міндеттерін орындауға ынталандыруы мүмкін [3] .

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту мақсаттарымен жоспарланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген нақты критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Осыған байланысты білім алушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алшылардың жұмыстарымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудан тұрады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін педагогтер мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті, жыл бойы сұрақтар туындады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:

- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;

- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;

- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды.

Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс [2] .

Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға ынталандыруға, біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған

Критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді.

Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады.

Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді.

Білім алушылардың ата-аналарына бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналар үшін практикалық тренинг немесе шеберлік сыныптары өткізіледі.

Мұғалім ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Мұндай жағдайда, ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады.

Ата-аналарға бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылар үшін қолайлы білім ортасын құруға ықпал ететінін түсіндірудің маңызы зор.

Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген кешенді әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануы керек:

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, 2017 жылғы 6 маусым № 265 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) ;
  • «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
  • Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдама.

Әдістемелік нұсқаулықтар, жинақтар мен басқа да материалдар мектеп кітапханаларында бар, олардың nao. kz, smk. edu. kz сайттарынан табуға болады.

Оқытудағы ілгерілік туралы деректер жинау үшін әр сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Оны ағымдағы немесе қалыптастырушы бағалау деп те атауға болады.

Кесте -1. -Критериалды бағалаудың қағидаттары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Критерийлік бағалау жүйесі
Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау технологиясын қолдану негізіндегі білім үдерісін ұйымдастырудын ерекшелігі
Критериалды бағалау қағидаттары
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуда критериалды бағалаудың тиімілігі
Оқушыны критериалды бағалауды негізі қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz