Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Когнитивтік лингвистика - тіл мен сана арасындағы қарым-қатынасты, танымдық үрдістерде әлемді концептуализациялау мен категориялау рөлін, адамның жеке танымдық қабілетін тіл мен адамның тәжірибесін үйлестіріп, олардың өзара әрекеттесу формаларының қарым-қатынасын зерттейтін лингвистиканың жаңа бағыты.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселесі - тілдік коммуникация моделін жасау. Когнитивтік лингвистика тұрғысынан таным дегеніміз - бұл концептілердің туындауы мен өзгеру процесін қамтитын күрделі құрылым. Сондықтан да когнитивтік лингвистикада концепт ұғымы маңызды зерттеу нысаны болып табылады. Концептілер біздің санамыздың және дүние туралы білімдердің жиынтығы ретінде таныла отырып, философияны, когнитивтік лингвистиканы, психологияны, лингвомәдениеттануды және өзге қоғамдық ғылымдардың зерттеу бағыттарымен тығыз байланыста қарастырылады.

Қазақ лингвистикасында когнитивтік лингвистиканың дамуына Э. Д. Сулейменова, Ж. Манкеева, Н. Ж. Шаймерденова, Э. Оразалиева, Қ. Жаманбаева, Б. Момынова, С. А. Жиренов сынды зерттеушілердің зерттеу еңбектері зор ықпал етеді.

Жұмысымызда ең алдымен, зерттеуге негіз болатын теориялық білімді айқындап алу мақсатында когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде қалыптасудағы ерекшеліктері мен негізгі ұғымдарына талдау жасалып, тіл білімі салаларында сөз етілді. «Отбасы» концептісінің семантикалық өрісін зерттеу арқылы қазақ халқының жақындық, туыстық қатыстарын, оның ерекшеліктерін, өмір сүру ортасы мен тұрмысы жайында мағлұмат алуға болады. «Отбасы» концептісін лексикадағы семантикалық байланыстар арқылы қарастырған жөн. Отбасы ұғымының қалыптасуындағы ұлттық ұжымның сан ғасырлық тарихи - мәдени тәжибесіндегі рухани әлемімен астасу арқылы анықтайтын когнитивті лингвистикамен сабақтастыра отырып зерттеу жұмысын жүргізу.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Қ. Жаманбаева т. б. ) . Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г. Снасапова, Ш. Елемесова, Ф. Қожахметова, М. Күштаева, Қ. Қайырбаева, Н. Аитова, А. Әмірбекова, Ж. Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.

Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т. б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.

Ал мәңгілік тақырыптардың бірі - отбасы мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы отбасына қатысты зерттеулерде кездеседі. Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.

Ұлттық таным қорын тіл арқылы жинақталған « отбасы» концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ отбасы» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.

Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «отбасы» концептісіне қатысты туыстық қатыстар, қазақ отбасының таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. «отбасы» концептісін дәлелдейтін деректер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Отбасының қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвокогнитивтік бағытта айқындау, отбасы концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

- «отбасы» концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;

- отбасының « Ғалам бейнесі» контексіндегі концептілік аясын сипаттау ;

- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. « отбасын» сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;

- отбасына қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;

- «отбасы» концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;

- «отбасы» концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т. б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. синхронды және диахронды сипаттау, этнолингвистикалық, лингвомәдени, этимологиялық, компоненттік талдау, жүйелеу, салғастыру, салыстыру әдістері.

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 «ОТБАСЫ» КОНЦЕПТІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы

Тіл адам үшін қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын механизм ғана емес, ақиқат әлем туралы аппарат беретін саналы құбылыс.

Тіл - ұлтымыздың қазынасы, халық тілі - сол халықтың шынайы болмысының айнасы. Қазіргі лингвисиканың дамуында тіл «өз ішінде және өзі үшін» ғана қаралмайды, ол адам әрекетінің танымында қызмет етуші жаңа парадигмалық қырынан көрінуде.

Тілдің ішкі құрылымдық негіздерін, дүние-танымдық табиғатын ашу үшін тек тілдік ізденістердің жеткіліксіздігі анық. Тілді филологиялық, психологиялық, логикалык, әлеуметтік және ұлттық танымдық тұрғыдан зерртеу қажет. Осы тұрғыдан тіл туралы онтологиялык зерттеуді сол тілде сөйлейтін халықтың ұлттық ой-санасының, тілінің қалыптасуымен байланыста қарау мәселесі сөз болмақ. Когнитивті лингвистика тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді модельдерін айқындайды, адам танымы мен тип арасын зерттейді. Қaзіргі лингвистикада кеңінен сөз болып келген когнитивті парадигма адамның тілдік санасында қалыптасатын тілдік құрылымдарды логикалық, философиялық, психологиялық, әлеуметтік негіздерде когнитивтік модельдер ретінде көрініс беруде.

Қазіргі қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық ғылым тұрғысынан ұлттық мәдениеттік құндылықтарды бейнелейтін ұлттық лексикадағы тіл мен ұлт біртұтас деген қағидаға тоқталуда. Сонымен қатар, тілдік деректердің терең құрылымы кешенді сипатта зерттелуде. Жаңа кезеңдегі жалпы тіл білімінде тілдік танымдық тегіне ерекше мән беріліп зерттелуі тілтанымның, ойлаудың байырғы формасы - адамға тән танымды зерттеу қажеттілгіне әкеледі. Адам баласына ғана тән тіл мен сөйлеуде өмір шындығы, сан ғасырлық таным түсінігі ғұмырлық тәжірибе жинақталған. Адам өмірінде таным тарихының сабақтаса зерттелуімен бipгe оның танымдық негіздерін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бар.

Когнитивизмнің маңызды ұстанымдарында адам жөнінде - әрекет етуші, белсенді қабылдаушы және ақпарат өндіруші ретінде баян етіледі. Ал когнитивті ғылымның өзі адам миындағы менталды процестерді басқаратын жалпы ұстанымдар туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән жоғарғы формасы - оның ақыл-ойы, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. «Адам және тіл» мәселесі соңғы уақытта мол өзектілкке ие болуда, өйткені тілде сәйкестендіре, адекватты зерттеу ici оның өз шегінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бip ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгенде ғана мүмкін болмақ, ceбeбi тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады. Яғни тіл - тек заттық, ұғымының аты ғана емес, ол халықтың белгілі бip кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемсі, сол себепті тіл әлеуметік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейілгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген кажеттілгі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымда да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өpici мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдік құнарын да «адам және тіл» аясына сыйғызады [1] .

Когнитивистикада адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен ic-әрекеттер ғана емес, олардың ментальдық репрезентаңиялары (ішкі көріністері, модельдері), тілдегі когнитивтік модель ретілдегі символдық түрлері, адамның страегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде ic-әрекеттерді туындатады, яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-тұрысы мен қызметі бойынша зерттелінеді. Тіл когнитивтік құрылымдардың көмегімен (ментальдық көрініс) дүние туралы білмдерді конецептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық бейнесін көрсетіп, түсілдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі (рубрикатор) болып табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен вербалдану тәсілдерінің мазмұнын құрайды. Сөйтіп тіл мен тілдік бірлілтерді зерттеудегі когнитивтік лингвистика тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке (собственно) когнитизмнің адам санасындағы ментальдық процестерді басқаратын жалпы принңиптері туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ак, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады.

Когнитивтік лингвистика тіл білмін зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз оған дейінгі этнолингвистикалық, дәстурлі, құрылымдық, лингвомәдени, соңиолингвистикалық парадигмаларды жоққа шығармайды.

Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өpici арта түсетіні - заңды құбылыс. Осымен байланысты санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез-келген объектісінің денотаты мен ситуациялары тіл аркылы санада таңбаланып сақталады және сол дүниені таныту үшін жұмсалады. Ал суреткер танымында ақиқат дүние үзтігінің тілдік қолданыста кездеспейтін, яғни тіл арқылы санада тіркелмеген, ерекше денотаттары, ситуациялары кездесіп отырады. Сондықтан қазіргі тіл білміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі, біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білмнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау.

Когнитивтік лингвистика - тілдің когнитивті құрылымы ретінде, когнитивтік құрал-ақпараттарды репрезентациялау (қалыптандыру) және трансформациялауда қызмет атқаратын таңбалар жүйесін қарастыратын лингвистикалық бағыт. Соның негзінде, когнитивтік лингвистиканың озекті мәселесі - білім алмасу негізі ретінде тілдік коммуникация моделін құру. Когнитивтік лингвистика тұрғысынан тану - бұл концептілердің туындауы мен өзгеру процесі. Сондықтан когнитивтік лингвистикада концепт маңызды зерттеу нысаны болып табылады. Конңептілер біздің санамыздың және дүние туралы білімдердің жиынтығы ретінде таныла отырып, философияны, психологияны, когнитивтік лингвистиканы, лингвомәдениеттануды және өзге қоғамдық ғылымдарды зерттеу саласымен тығыз байланысы зерттеледі. Когнитивті сөздікте: «Когнитивтік лингвистика дегеніміз тілдегі когнитивтік механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпараттарды репрезентациялау, кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт» деп көрсетеді. Когнитивизм туралы В. А. Маслова: «Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальды репрезентациясын білмнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық таңбаларын айқындау керек» [2] .

XX ғасырдың ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоңентристік парадигмаға базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жургізіледі. Осының нәтижесілде
Еуропада XX ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, қанатын кеңге жая туседі. Осыдан қазақ тіл білміндегі
когнитивтік лингвистиканың зерттелуіне негіз боларлық зерттеулердің бар екендігін көруге болады. Қазіргі кезеңде теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді санамен, мәдениетпен және тілді қолданушылардың тәжірибелік
кызметімен тығыз байланыстыру қажеттілігі тіл білімінде жаңа бағыттардың
қалыптасуын талап етеді.

XXI ғасыр баспалдағында тілді коммуникативтік және гносеологиялық қызметтерін ғана зерттеу жеткіліксіз. Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық. Академик Ә. Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары [3], профессор Г. Смағұлованың фразеологизмдерге қатысты айтқан пікірлері қазақ тіл біліміндегі лингвистиканың қалыптасуына негіз болды [4] . Осы сала бойынша Қ. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» атты монографиясы секілді іргелі еңбектерді атауға болады [5] . Профессор
Ж. Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің негіздері» атты ғылыми мақаласында когнитивтіқ лингвистикадағы тілдік бейнелеуштік қызметінің зор екендігін
атап көрсетеді, ұстанымдарын айқындайды [6] . Ғалым Б. Момынова «Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика» деген еңбегінде когнитивтік бірліктердің
көріністену, репрезентациялану ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырады [7, 57-59] . Демек, «тілдік таңбаның мағынасы туралы сөз болғанда, тілдік таңбаның бойында қандай концептуалдық немесе когнитивтік жасалым, әлем туралы мәліметтер тасқынынан қандай ақпарат шоғырланды деген көзқараспен келуіміз керек» деген тұжырымға келген жөн[9] .

Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы концептіге когнитивтік терминдердің қыскаша сөздігінде «жадының, ментальды қордың, тұжырымдау жүйесінің әрі адам санасында көрініс табатын бүкіл әлемнің мазмұнды да белсенді бірлігі»деп атайды [8, 245] .

Адамның танымдық ерекшелігін сипаттайтын концептілік жүйе қазіргі лингвистикалық, ғылымда 3 түрлі негізде айқындалуда: адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени құндылыктар жекелеген концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәлелденеді (ІС. С. Степанов) ; тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бip ғана құрал деп есептеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде қарастырады. Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова сияқты ғалымдар концепт сөз мағынасынан туындамайды, ол адамның жеке және халықтық тәжірибесінің сөз мағынасымен қақтығысуының нәтижесі болып табылады деп дәлелдейді.

Дәстүрлі лингвистикаға қарағанда когнитивті лингвистика когнитивтік құрылымдар немесе когниция құрылымының тілмен өзара байланысын көрсетіп, түсіндіреді. Дәстүрлі лингвистикада тілдік жүйеден тыс шығу лингвистикалық норманы бұзу деп табылса, когнитивті лингвистикада лингвистиканың шеңберін кеңейтудің қажеттілігі мойындалды, ceбeбi адамның ойлауы мен түсінігінде жасырынып жатқан халықтық ерекшеліктеріне тән ұлттық және тарихи тілдік жүйедегі өзіндік құбылыстарды түсіндіру мүмкін емес, яғни әлемнің ұлттық cypeтi болады да оның негізінде әлемнің ұлттық тілдік көрінісі жинақталады [8, 39-44] .

Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, оның бағыттары мен ұғымдарына алғаш көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Когнитивті лингвистика тіл жүйесінің заңдылықтарын онтологиялық жағдайдың когнитивтік амалмен мағына бepyiн, тілдің лексика-фразеологиялық және синтаксистік жүйесінің ішкі бірлігін көрсетіп, әлемдік көзқарас пен мәдени факторлар позициясы арқылы анықтауға мүмкіндік беретін бағыт ретінде қалыптасуда. Тіл бірліктерін семантика-прагматикалык зерттеу XX ғасырдың екінші жартысында жаңа деңгейге қадам басты. Шетелдік лингвистиканың ішінде когнитивистиканың қатарына жататын А. Вежбицкийдің семантикалык пириметтер концепциясын (1999), М. Минскийдің фреймдер теориясын (1979), Ә. Роштың прототип теориясын (1973, 1977), Р. Лангакердің кеңістік (когнитивтік) грамматикасын (1992), Ч. Филлмордың септік грамматикасын (1999), Дж. Р. Лакоффтың когнитивтік метафора теориясын (1998, 1990), Т. А. Ванн Дейктің дискурс теориясын (1989) және басқа да жаңа бағыттарын атап өткен жөн. Гарвард университетінде профессор Дж Бруннер Дж Миллермен бірлесіп когнитивтік іс зерттеу орталығын ашқан болатын. Бұл орталықтың жұмысы когнитивтік лингвистика ғылымының негізі қалануына біршама үлес қосты деуге болады.

Жалпы алғанда адам танымына деген қызығушылық ертеден-ақ басталған. Когнитивтік зерттеулерде басты мәселе сол тілде сөйлеушілердің өмірлік тәжірибесі рухани, мәдени білімі тұтас түрде әлемдік тілдік бейне ретінде көpiнic беретіндігі айқындалады. Когнитивтік лингвистика адам мен адам танымын құрастыратын тілді зерттеуді мақсат етумен қатар лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика) және мәдениеттану, философия, математика, психология пәндерімен ұштасады. Бұл пәндермен бipгe когнитивтік лингвистиканың зерттеу әдістері мен ортақ зерттеу нысанасына тілдің қызметі жатады. Тіл мен танымның сабақтасқан бірлігі адамның психофизиологиялық қабілетіне және одан туындайтын әрекетіне қатысты сұрыпталады. Психология мен когнитивті лингвистика сөйлеуші адам психикасындағы өтілетін процесті, тіл мен мидың арақатынасын қарастырады. Тілдік таным жады, ойлау, қабылдау сияқты психологиялық ұғымдарға тікелей қатысты. Тілдің санада құрылуы семантикалық жақтан оның ақпарат сақтау мүмкіндігіне тәуелді XXI ғасырдағы классиктер А. А. Потебня, Г. Штайналь, В. Вундт және тағы басқа да есімдер тіл ғылымындағы психологизм мәселесімен қатар меңгеріледі.

Ф. де Соссюр тіл тарихы мен ұлт тарихының байланысын байқап, бұл екеуінің сабақтастығы тілде бейнеленетін, ал тіл ұлтты байланыстыратынын көрсетіп, тілдің әлеуметтік, психологиялық табиғатын дұрыс таныған. «В языке народ выражает себя полнее и многостроннее, чем в чем-либо другом -не только в последнем своем положении, но не исторически. Все, что есть у народа в его быте и понятиях, и все, что народ хочет сохранить в своей памяти, выражает и сохранят языком» [10] - деп мәдениеттің тіл әлемдегі көрінісін бағалайды.

Когнитивтік жүйелер және олардың рөлі жайлы айтысты ұйымдастыруда орыс тілінің мамандары соңғы жылдары едәуір табыстарға қол жеткізді. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистиканың мәселелері Е. С. Яковлева, Ю. А. Сорокин, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия, А. П. Бабушкин, А. Н. Баранов, В. А. Маслова және басқа да зерттеушілердің еңбектерінен табылады. Мұнда когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі сөз болады. Ресейде «Новое в зарубежной лингвистике» журналының XXIII томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық көреді, 1995 жылы «Язык и интеллект» атты когнитивтік лингвистикаға қатысты жинақ шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Когнитивті лингвистика және терминалогия
Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
Лингвистикалық практика
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Тілдің танымдық қасиеті
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz