Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасы
МҒТАР Қолжазба құқығында
ЖОРАБЕК ЗУБАЙРАЖАМАНБАЙҚЫЗЫ
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін даярланған
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ШАҢЫРАҚ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СИПАТЫ
6М020500- «Филология»
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
Алматы 2019
МАЗМҰНЫ
1КІРІСПЕ . . . 5
1 Ғаламның тілдік бейнесі және ұлттық концептосфера . . . 8
1. 1. Ғаламның тілдік бейнесі - лингвистикадағы іргелі ұғым . . . 8
1. 2 Концептілік зерттеудің ерекшеліктері . . . 12
1. 3 Қазақ тіл біліміндегі концептілік зерттеулер . . . 18
1. 4 Ғаламның тілдік бейнесін қалыптастырушы стеоротиптер: жіктелімі . . . 23
1. 5Ғаламның тілдік бейнесіндегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі. . 26
2 «ШАҢЫРАҚ» КОНЦЕПТІСІ: ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ТАЛДАУ . . . 33
2. 1 Шаңырақтың символдық семантикасы . . . 33
2. 2 «Шаңырақ» концептісінің когнитивтік зерделенуі . . . 59
2. 3 Шаңыраққа байланысты ырым, тыйымдар мен салт-дәстүрлердің лингвокогнитивтік мәні . . . 67
3 «ШАҢЫРАҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ КӨРКЕМ ТУЫНДЫЛАРДА РЕПРЕЗЕНТТЕЛУІ . . . 72
3. 1 Бата-тілек, алғыс-қарғыс мәнді сөздердегі «Шаңырақ» ұғымы . . . 72
3. 2 Көркем шығармалардағы «Шаңырақ» ұғымы . . . 75
Қорытынды . . . 81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 83
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Философтардың айтуынша, ұлттық идея тамырын тереңнен алады және этностың тарихымен және мәдениетімен байланысты болып, оның болмыстық табиғатын түзеді. Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады. Ал идеология қоғамдық сананың жоғары даму сатысы болып табылады. Егер ол ұлттық идеяға негізделсе, оны құндылықтармен толықтырса, күшке ие болады. Олай болса, дәстүрлі дүниетанымның ұлттық идеологияға негіз болуы кездейсоқтық емес. Сондықтан «Мәңгілік ел» мен «Ұлы Дала елі» идеясы қазіргі гуманитарлық ғылымдардың басты бағдарына айналуы тиіс.
Филологиялық тұрғыдан алғанда аталған идеяларға негіз болатын дәйек жетерлік. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары бүгінде түп-тамырымызды тани түсуге, ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеуге жол ашып отыр. Н. Әбішұлының пікірінше, мақалада аталған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» бөлімінде: «Қазақстан - күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан əлемнің əр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты», - деп атап көрсетеді [1] .
Бұдан байқағанымыздай, «шаңырақ» ұғымы - тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының тілдік санасында орын алған айырықша символдық мәнге ие категория. Көшпенділер өркениетінің, оның ішінде қазақ халқының әлемдік дамуға қосқан сүбелі үлесінің бірі боп саналатын киіз үйдің бөлшегі - шаңырақ атауының халқымыздың тілдік санасындағы бейнелеу дәрежесі, тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылымның лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті дәрежесіне көтерілуін зерделеу халқымыздың тілдік санасында орныққан түрлі ақпараттарды лингвистикалық тұрғыдан дәйектеу арқылы жүзеге асады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақ халқының сөздік қорындағы атаулар мен тіркестер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, антропонимдер мен қанатты сөздердің бәрі де тек коммуникация құралы емес, халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы, аңыз-әпсаналары мен ертегілері жай ғана мұра емес, ұлт туралы ақпарат жинақталған сыры мол ақпараттық код, сырлы қазына. Себебі аталған әдеби мұралар мен тіліміздегі сөздер мен әртүрлі қолданыстар халық тарихы мен оның басынан өткізген әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар сияқты тілде өз таңбасын қалдырып отырады. Сондықтан да филология ғылымындағы антропоөзектік парадигмаға сәйкес, тілді тек лингвистика ғылымының аясында емес, тарихи, мәдени, әлеуметттік, қоғамдық, психологиялық т. т. аспектілермен байланыста зерттеу қолға алына бастады. Соған сәйкес, тілдік бірліктер мен әдеби мұраны тек филология ғылымының емес, мәдениеттану, елтану, әлеуметтану т. б. ғылымдар тоғысында зерттеудің өзектілігі арта түсті. Осыған орай, ұлт санасының тереңде жатқан менталдық құрылымдары мен ұлтқа, адамзатқа тән адами құндылықтар жүйесінде өзіндік орны бар тұжырымдамаларды айқындау - кезек күттірмейтін мәселе. Осындай тұжырымдамалардың бірі ретінде «Шаңырақ» ұғымы қазақ халқы үшін де, қазақстандықтар үшін де айырықша символдық мәнге ие.
Зерттеу нысаны: Қазақ халқының танымындағы «шаңырақ»концептісіне қатысты қазақ халқының көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. «шаңырақ» концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Шаңыраққа байланысты халық арасында елдің тарихы мен салт-дәстүріне, ойлау жүйесіне, материалдық және рухани мәдениетіне байланысты сақталған мол ақпарат жиналды. Алғашында заттық-бейнелік концептіге негіз болған қазіргі кезде «отбасы» «қара шаңырақ», «босаға», «табалдырық», «ел», «мемлекет» т. б. концептілерді біріктеретін ұлттық-мәдени тұжырымдамаға айналу эволюциясын дәйектеу. Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- отбасынан бастап, мемлекеттік деңгейдегі ұжымдық сана бейнелей алатын «шаңырақ» тұжырымдамасына негіз болатын тұжырымдарды анықтау;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасына енетін концептілердің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасын антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасынның «Ғалам бейнесі» контексіндегі концептілік аясын сипаттау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. ««Шаңырақ» тұжырымдамасына қатысты деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасына енетін концептілерге қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т. б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында салыстыру, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салыстырма әдіс, формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссетация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Бұған дейін зерттелген ұлттық концептілерге сүйене отырып «Шаңырақ» концептісі антропоцентристік бағытта зерделенді;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасына енетін тұжырымдар тізбегі айқындалады;
- «Шаңырақ» тұжырымдамасына енетін концептілерге қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін филологиялық аспектіде әртүрлі тілдік мәдени, әдеби, мифологиялық таным-түсінік аясында талдау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі т. б. ««Шаңырақ» концептісіне қатысты деректер негізінде қорытындылар жасалып, «Шаңырақ» концептісіне қатысты ұғымдар мен заттардың символдық семантикасы анықталды.
Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні: Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Когнитивті лингвистика», «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвотану» пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.
1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПТОСФЕРА
1. 1. Ғаламның тілдік бейнесі - лингвистикадағы іргелі ұғым
«Дүние бейнесі» немесе «ғалам бейнесі», «әлем бейнесі» деп жарыса қолданылып жүрген феномен қай кезде пайда болғандығы жөніндегі пікірталастың түйінді пікірі біреу: ол - бағзы замандардан келе жатқан құбылыс. Ғалымдар адам баласы антропогонез дәуірінен бастап «дүниенің тілдік» бейнесін жасай бастаған деседі. Бірақ бұл термині соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына айналды. Ал дүниенің тілдік бейнесі - тілдік құралдар арқылы бейнеленген сананың бейнесі, тіл арқылы жарыққа шығатын пайым-түсініктердің концептуалды жүйесі туралы біртұтас білімнің моделі.
Ғаламның тілдік бейнесі қазіргі заманғы лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Алғаш рет 19 ғасырдың басында неміс классикалық философиясының өкілі В. фон Гумбольдт лингвистикалық дүниетаным идеясы туралы ой айтады. Ғаламныңтілдік бейнесі тұжырымдамасының (бұдан әрі - ҒТБ) қалыптасуына лингвистикалық сөздіктерді қалыптастыру тәжірибесімен және лексика-семантикалық өрістердің құрылымы мен мазмұнын, олардың арасындағы қатынастарды және тілді жаңа, зерттеу «жаңа зерттеу әдістерін әзірлеу және ғылымның метатілін кеңейту»қажеттілігімен байланысты туындады.
Вильгельм фон Гумбольдт идеяларын ноегумбольдтықтар жалғастырды. 20-ғасырдың 30-шы жылдарында бұл бағыттың өкілі Л. Вейсгербер «Ғаламның лингвистикалық бейнесі» (sprchliches Weltbild) деген атауды ғылыми айналымға енгізді. Оның пайымдауынша, рухани мазмұн белгілі бір қоғамның тілінде өмір сүреді, белгілі бір тіл - әлемінің бейнесі деп аталатын білім қазынасы [2] . Әлемнің лингвистикалық көрінісінің теориясын дамытудағы маңызды кезең - американдық этнолингвист Э. Сепир мен Б. Уорфтың еңбектері. Э. Сепир және оның ізбасары Б. Уорф «Сепир-Уорф гипотезасы» деп аталатын гипотезаны және этнолингвистиканың теориясының негізін қалады. Осы теорияға сәйкес, ойлау нормаларындағы айырмашылық мәдени-тарихи мінез-құлық нормаларының айырмашылығын анықтайды.
Тіл ғылымында «Әлем бейнесі», «Ғаламның тілдік бейнесі» терминдерінің пaйдa болуынa антропоцентризмге, дәлірек айтсақ, «тілдегі aдaм» мәселесіне бет бұру себеп болды. Л. Вейсгербер «Язык и философия» aтты мaқaлaсындa ғылыми терминологиялық жүйеге «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын енгізіп, оған өзінің тұжырымдaмaсын ұсынды. Ғaлымның пайымдауыншa, әлемнің тілдік бейнесін беретін негізгі сипaттaмaлaр төмендегідей:
1) әлемнің тілдік бейнесі - халықтың нaқты тілдік жaлпылық мәдениеті мен ділінің өзгешелігін aйқындaйтын рухaни мaзмұнның және тілдің өзінің өмір сүруі мен қызметін қaмтaмaсыз ететін тілдік мaзмұнның жүйесі;
2) әлемнің тілдік бейнесі, біріншіден, этнос пен тілдің тaрихи дaмуы нәтижесінде, екіншіден, олaрдың әрі қaрaй өзіндік жолмен дaмуынaн қaлыптaсaды;
3) әлемнің тілдік бейнесі біртұтaс тірі aғзa ретінде aйқын құрылымғa ие және тілдік бейнеленуі көпдеңгейлі болып тaбылaды;
4) әлемнің тілдік бейнесі уaқыт кеңістігінде өзгеріп, кез келген тірі aғзa тәрізді дaмып отырaды, яғни тікелей (диaхрониялық) мaғынaдa әрбір келесі дaму кезеңінде бұрынғысынa сәйкес келе бермейді;
5) әлемнің тілдік бейнесі әлемді көру мен оны тіл құрaлдaрымен бейнелеудің тілдік және мәдени өзгешелігін бекітуге мүмкіндік туғызa отырып, тіл мәнін біртекті түзеді;
6) әлемнің тілдік бейнесі жaлпылықтың (общность) біртекті өзгеше өзіндік сaнaсындa көрініс тaуып, келесі ұрпaққa дүниетaным, мінез-құлық тәлімі, өмір сүру сaлты, тілдік құрaлдaрдa сaқтaлу aрқылы беріледі;
7) белгілі бір тілдің әлем бейнесі сол тілді тұтынушылaрдa aрaлық әлем ретінде тіл aрқылы қоршaғaн әлем турaлы көріністерді қaлыптaстырaтын тілдің көркейтуші күші болып тaбылaды;
8) әлемінің тілдік бейнесі нaқты тілдік қaуымның жaлпымәдени игілігі болып тaбылaды [2] .
В. Мaсловa бұл ұғымның ұлттың құнды игілігі екендігіне баса назар аударады: «Әлемнің тілдік бейнесі - ұлттың жaлпымәдени игілігі, ол құрылымды, көпдеңгейлі. Дәл осы әлемдік тілдік бейне aдaмның ішкі әлемі мен сыртқы дүниені бaйлaныстырушы болып тaбылaды, aдaм дүниені қaбылдaу бaрысындaғы тaнымдық қызметінің нәтижелерін тілде бекітіп отырaды. Әрбір тілдің өзіндік концептуaлдaну тәсілі болaды, сол aрқылы әр тілдің өзіндік әлем бейнесі жaсaлaды. Тілдік тұлғa сол бейнеге сәйкес өз aйтылымдaрын ұйымдaстыруғa міндетті. Осы aрқылы тілде бекітілген өзіндік дүниені қaбылдaуы aйқындaлaды» [3, 71] .
Ғaлaмның тілдік бейнесі тілдік тұлғaны зерттеу бaрысындa міндетті түрде aдaм және оны қоршaғaн дүние турaлы түсініктердің жиынтығы ретінде қaрaстырылaды. Ю. Кaрaулов «әлемнің тілдік бейнесін нaқты тілдің толық жиынтықтa aлынғaн бaрлық концептуaлдық мaзмұны» ретінде сипaттaйды [4, 246] .
Әлемнің тілдік бейнесі тіл турaлы білім мен қaтaр әлемнің концептуaлдық бейнесінің мaзмұнын тaзa тілдік құрaлдaрдың көмегімен толықтырaтын aқпaрaтты дa сaқтaйды. «Әлем турaлы білім деп aтaуғa болaтын әлем бейнесі жеке және қоғaмдық сaнaның негізінде жaтыр. Тіл өз кезегінде тaнымдық үдерістің тaлaптaрын орындaйды. Әлемнің концептуaлдық бейнесі әртүрлі aдaмдaрдa, мысaлы, әртүрлі зaмaн, әртүрлі әлеуметтік, жaс топтaры, ғылыми білімнің әртүрлі сaлaлaры өкілдерінде әрқилы болуы мүмкін. Әртүрлі тілде сөйлеуші aдaмдaрдa белгілі бір жaғдaйлaрдa ұқсaс немесе бір тілде сөйлейтін aдaмдaрдa әрқилы әлемнің концептуaлдық бейнесі болуы мүмкін. Олaй болсa, әлемнің концептуaлдық бейнесінде жaлпыaдaмзaттық, ұлттық және жекелік бaстaмaлaр өзaрa қaрым-қaтынaстa болaды» [2, 67] .
Ғaлым Н. Уәли дүниенің концептуaлды бейнесі негіздерін aтaп көрсетеді: «Тілдік бейне түріндегі концептуaлды жүйе этностың зaттық, мәдени тәжірибесіне тәуелді. Дүниенің концептуaлды бейнесі логикaлық-прaгмaтикaлық, позитивтік тaнымғa, әлеуметтік тәжірибеге негізделеді. Концептуaлды бейне дүниенің тілдік бейнесінің бір бөлігі болып тaбылaды. Дүниенің тілдік бейнесінде мифологиялық, діни, логикaлық-позитивті тaнымның бәрі де болaды» [5, 18] .
Әлемнің тілдік бейнесі ұлттық, жекелік өзгешеліктерге ие. «Ұлттық» aтaуы ұлт ұғымымен бaйлaнысты мәселелерге жaн-жaқты зерттеуді қaжет етеді. «Ұлт» ұғымынa қaтысты мәселелер сaнaтынa ұлттық діл де кіреді. «Ұлттық діл дегеніміз - ұлттың когнитивті стереотиптерінің жиынтығымен aнықтaлaтын шындық болмысты түсіну мен қaбылдaудың ұлттық тәсілі. Бір жaғдaй (ситуaция) әртүрлі ұлттық діл шеңберінде әртүрлі қaбылдaнуы мүмкін. Ұлттық діл көбінесе aдaмның қaбылдaу aғзaлaрын бір нәрсені көріп, екінші бір нәрсені бaйқaмaй қaлуғa мәжбүр еткендей болып көрінеді» [5] . Ұлттық діл қызметінің өзіндік нәтижесі, яғни әлемнің ұлттық бейнесін бейнелейтін көркем шығaрмaлaрды тaлдaу сол ұлтты түсінуге aйтaрлықтaй ықпaл етері сөзсіз.
Әлемнің тілдік бейнесі - тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты белгілі бір тәсілі. Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс. Ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер қазіргі күні көптеп саналады. В. фон Гумбольдттың концепциясының негізіне сүйенсек, тіл адамның ішкі құбылыстары мен сыртқы әлем көріністерін көрсетеді. Тілдің танымдық қасиетінен әлемнің алуан түрлі құпиясы ашылады десек, тіл шынтуайтында бүкіл этностың өзіндік болмыс бітімін көрсетеді. Ғаламның тілдік бейнесіне тән белгілерге Т. В. Алейникова мыналарды жатқызады:
«1. Субъект творящий картину мира,
2. Объект мир или его фрагмент, образ которого воссоздается с помощью творческой активности субъекта мира, и
3. Форма отражения преставления объекта мира» -деп, ғалым ғаламның тілдік бейнесін тану үшін дүниенің тілдік бейнесіне тән белгілерді көрсетсе [6], Г. В. Колшанский әлем бейнесіне қатысты былай дейді: «Мышление есть форма и способотражения, то есть оброзавание вторичного, идеального мира в сознании человека, который как бы повторяет объективный мир в способах и формах, присущих человеческому мозгу. Отражательная способность мозга но не языка отражательной картины мира можно говорить только имея в виду мыщления»[7] .
Дүниенің тілдегі көрінісі адамның шындыққа негізделген ілімінен орын алатыны сөзсіз. Ғалам бейнесі адам танымында қарабайыр формада, поэтикалық үлгіде, концептуалды негізде және тілдік сипатта орын алады. Ғаламның қарабайыр бейнесі адамның қарапайым ойлау формасына негізделсе, концептуальды көрінісі шын ойлаған объектінің адам санасындағы ғылыми бейнесі және сезімнің танымдық та қорытындысы. Ғаламның поэтикалық және тілдік бейнесі айнала қоршаған әлемнің қарабайыр және концептуалды формасының тілдегі көрінісі болып табылады. Бұл жөнінде О. Г. Дубровскаяның көзқарасы бойынша, әлем жайлы барша ақпарат дүниенің тілдік көрінісін құрайтынын, оның негізгі екі қызметі болатындығын, демек олар:
1. Әлемнің концептуалды элементтерін көрсету,
2. Әлемнің тілдік көрінісін тілдік құралдармен түсіндіру керектігін айтады[8] .
Ғаламның тілдік бейнесі деген ұғымға А. Брутянның көзқарасы бойынша: «ғаламның тілдік бейнесі - табиғи ұлттық тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқы дүние жайлы ақпарат болып есептеледі». Ал, В. Н. Телияның пайымдауынша, «Ғалам - тілдік бейнесінің константтары, өйткені бұл атаулар арқылы концептуалды бейнеге дүние туралы тілді орныққан күнделікті түсініктер енеді» - деген тұжырым жасайды. А. Әмірбекова: «Дүниенің бейнесі» деп ақиқат немесе бейақиқат болмыстың санадағы көрінісі деп түсінген дұрыс» дей келе, ғаламның тілдік бейнесіне концептілердің қатысы туралы: « . . . когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылысын модельдеуге бағытталады. Дүние туралы түсініктің санада қалыптасуы үш деңгейлі психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан туындаған нәтижеге байланысты:
біріншісі - сезімдік қабылдау (көру, есту, терімен сезу, иіскеп сезу, дәмін сезу т. б. ) деңгейі;
екіншісі - түсініктің қалыптасу деңгейі (қарапайым стеротиптер, ассоциациялар, эталондық таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне, санадағы ойсуреттер, абстракция) ;
үшіншісі - ойдың тілдік деңгейі. Санада қалыптасатын бұл операциялар бір дүние туралы ақпараттар жиынтығын тудырады. Осы жиынтық концепт жүйесін құрайды, »- деген тұжырым жасайды [9] .
Бұдан байқағанымыздай, ғалам - таным - тіл үштігі - өзара байланысты ұғымдар.
1. 2 Концептілік зерттеудің ерекшеліктері
Концептілердің пайда болуы адам, ақиқат, шындық фактілерін өз санасында теңдей көрсетуі керектігінің арқасында туындайды, онсыз адам әлемде нақты бағдарлануы және бұл дүниені тануы мүмкін емес. Концептінің тууының, қалыптасуының бастапқы кезеңі адамның танымдық әрекетінде, адамның сезім мүшелері, жүйке жүйесі, миының өзара әрекеті мен қоршаған ортаның нысандары адам санасында оюъективті әлемнің субъективті бейнесін тудырғандағы сезім болып табылады. Қалыптасқан концептілердің ядросы бастапқыда адамның айқындаған белгілері болып, ал ядроның айналасына танымдық әрекеттің кейініректегі кезеңдерінде айқындалған белгілер орналасты. Қалыптасқан концептілер тілдік көріністерде тіркелді. (мысалы, «адам», «тұлға», «қоғам», «жақсылық», «орын», «сұлулық») . Концепт - бұл сәйкестендіру өлшемі, белгілі бір концептуалдық жүйе иесінің қоршаған ақиқат болмыс нысандарын тануының белгісі болып табылатын ақпарат.
Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді болып келеді. Ол қатып қалған семиотикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениеті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану процесінде жаңа мағынаға ие болу арқылы құрылады. Ал концептуалдану - адамның танымдық әрекетінің маңызды процестерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында (психакасында) жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz